Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы және Біріккен Ұлттар ұйымынағы орны


Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

 

Астана, 2010

Реферат

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы және Біріккен Ұлттар ұйымынағы орны

Орындаған                                   Сулейменова З. Тексерген                                     Оспанова Б.А.

 

 

Жоспар:

    1. Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстанның мүшелігі
      1. Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
      1. ШЫҰ-ның құрылуының алғышарттары
      2. ШЫҰ-ның құрылымы
      3. Ынтымақтастығының бағыттары
      4. Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы
    1. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы орны мен рөлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шанхай ынтымақтастық  ұйымы (ШЫҰ)- субаймақтық халықаралық өзара қорғаныс ұйымы. Оның 2001 жылы Қытай, Ресей,Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшыларымен негізі қаланған. Өзбекстаннан басқа, қалған мемлекеттер 1996—1997 ж.ж. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан арасында жасалған әскери саладағы сенімді күшейту және шекаралар аймағындағы қарулы күштерді қысқарту туралы келісім негізінде құрылған Шанхай бестігі ұйымының мүшелері болды. 2001 жылы Өзбекстанның қосылуымен ұйымның атауы өзгертілді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жалпы  территориямы Еуразия территориясының 61 % құрайды. Оның жалпы демографиялық потенциалы- жер шарының ¼ бөлігі, ал экономикалық потенциялы АҚШ-тан кейінгі екінші орындағы қытай экономикасын қосады. Ресми жұмыс тілдері- орыс және қытай. Ұйымның штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.  

 

ШЫҰ-ның құрылуының алғышарттары

Шанхай бестігінің ынтымақтастығының  негіздері 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда қабылданған «Шекара аймағындағы  әскери саладағы сенімді күшейту  туралы» Келісім және 1997 жылы 24 сәуірде  екінші мәскеу кездесуінде қол қойылған «Шекара аймағындағы қарулы күштерді қысқарту туралы» Келісімде қаланған болатын. Бұл екі келісім шекаралық  аудандарда әскери саладағы өзара сенім  механизмдерінің негізін қалап, мүше-мемлекеттердің арасында ашықтық, блоктарға қатыспаушылық және үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмауға негізделген серіктестік қатынастардың орнауына мүмкіндік берді.   

«Шанхай бестігі» 1996 жылы Орталық  Азия мемлекеттерінің осы ауданның халықаралық терроризмнің, діни экстремизм мен этникалық сепаратизмнің  белсендетілуінен пайда болатын  перманентті тұрақсыздықты болдырмауға  бағытталған реакциясы деп те атауға болады. Негізгі бірігуші фактор ретінде бес мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірген «Солтүстік альянс» пен «Талибан» қозғалысы арасында болған Ауғанстандағы азаматтық соғысты атауға болады. Ресей және Қытай үшін бұл Орталық Азияда өзге әлемдік күш орталықтарының ықпалы мен экспансиясына қарсы өздерінің төңіректерінде орталықазиялық мемлекеттерді біріктіру мүмкіндігі болды.  

Шанхай бестігінің келесі жыл сайынғы  саммиттері Мәскеуде (1997 жыл), Алматыда (1998 жыл), Бішкекте (1999 жыл) және Душанбеде (2000 жыл) өткізілді.

Бішкек саммитінде «Шанхай бестігі» мүшелері ықпалдастықты бағыттардың  кең спектрі арқылы дамыту көзделді. Осыған байланысты министрлер мен эксперттік топтардың кездесулері негізіндегі  ықпалдасудың тұрақты механизмдері жасалды. Бұл жаңа халықаралық ұйымның  алғашқы белгілері еді. Әрбір  мемлекет тағайындатын ұлтық координаторлардың  институты пайда болды. Шекаралық  қылмыстармен күресу үшін «Бішкек тобы»  жабдықталған болатын. 

2001 жылы кездесу Шанхайда өткізілген  болатын. Осы кезде бес мүше-мемлекет  құрамына Өзбекстанды қосып, ұйым  Шанхай ынтымақтастық ұйымы болып  қайта құрылды. Осы ұйымды құру  туралы Декларация 2001 жылы 15 маусымда  қабылданды. ШЫҰ қабылдаған алғашқы құжаттар қатарына «Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларация», «Терроризм, сепаратизм мен экстремизммен күресу туралы Шанхай конвенциясы» және «Өзбекстанды «Шанхай бестігіне» қосу туралы ортақ шешім» кірді.

ШЫҰ-ның бұрынғы КСРО территориясындағы  өзге аймақтық құрылымдардан айырмашылығы- бұл оның құрамына ТМД елдерінен  басқа Қытайдың да кіруі. ШЫҰ-ғы бақылаушы-мемлекеттер: Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан. 2008 жылдың наурызында Иран ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болу ниетін білдірді.

ШЫҰ құрылымы

ШЫҰ Хартиясының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін келесі органдар құрылған болатын:

  • Мемлекет басшылары кеңесі (СГГ)
  • Үкімет басшылары кеңесі (СГП)
  • Сыртқы істер министрлері кеңесі (СМИД)
  • Министрліктер мен ведомстволар жетекшілерінің мәжілісі
  • Ұлттық координаторлар кеңесі (СНК)
  • Аудандық антитеррористік құрылым (РАТС)
  • Хатшылық- Бас хатшымен басқарылатын, тұрақты жұмыс жасайтын әкімшілік орган (2007 жылдан бастап Бас хатшы Қазақстан өкілі Б.К.Нұрғалиев)

 

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық

ШЫҰ әрекеттері алғашында тек Орталық  Азияда террористік актілерді, сепаратизмді және экстремизмді тоқтатуға бағытталған  өзара ішкі аудандық әрекеттерден тұрған.

Осылайша 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған терактқа байланысты алты мемлекет басшысы осы террористік актіні сынаған құжатты жариялап, әлемдік  қоғамдастықпен бірге терроризммен күрес жүргізу ниетін білдірді.

Келесі жылы 23 мамырда Астанада болған құқық қорғаушы ведомстволар басшылары мен арнайы қызмет басшыларының кездесуінде «Аймақтық антитеррористік  құрылым туралы ШЫҰ мүше-мемлекеттер  арасындағы Келісім жобасы туралы шешім» қабылдайды.Сонымен қатар осы  келісімнің жобасы дайындалып, антитеррористік  құрылымды тез арада іске қосу мақсатымен өзге құжаттарды дайындауды жеделдету ұсынылды. Осы жылдың 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында  ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының кездесуінде Аймақтық антитеррористік  құрылым туралы Келісімге қол  қойылды.

2006 жылы 21 сәуірде ШЫҰ әлемдегі  терроризмнің қаржылық негізі  болып тұрған халықаралық наркомафиямен  күрес жобасын жариялады. 2007 жылы 1 қазанда ШЫҰ Бас Хатшысы Болат Нұрғалиев ауған бағытындағы наркоэкспансиямен күреске ерекше көңіл бөле отырып, ұйымға мүше мемлекеттерді нашақордың заңсыз айналымына қарсы күресте ынтымақтастықты белсендетуге шақырады. 

Ұйымның құрылуынан бастап, мүше-мемлекеттер  бірқатар ортақ антитеррористік  оқуларды өткізген. Алғашқысы 2003 жылы тамызда өтті. Алғашқы фазасы Қазақстанда, ал екіншісі Қытайда өткізілген.

 

Экономикалық ынтымақтастық

ШЫҰ алғашында шекараларды өзара  қорғау мақсатымен құрылуына қарамастан, оның іс-шаралары бірден экономикалық бағыттылыққа ие болды. Жұмысының алғашқы  айларында, Алматыда болған үкімет басшылары  кездесуде аймақтық сауда-экономикалық серіктестігін, ШЫҰ дамытылу мәселесі мен өзге жағдайларды талқылай келе, ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің үкіметтері арасында аймақтық экономикалық серіктестік  пен сауда мен инвестициялар саласындағы қолайлы жағдайларды жасау процесін бастау туралы Меморандумға қол қойылды.

Келесі жылы мамырда Шанхайда экономика  мен сауда министрлерінің алғашқы  кездесуі өтті. Қатысушы жақтар ресми  түрде экономика мен сауда  министрлерінің кездесулерінің және сауда  мен инвестициялар саласындағы  қолайлы жағдайларды жасау механизмі  жүзеге асырылды. Мәжілістің нәтижесі ретінде Меморандум протоколы және сыртқыэкономикалық және сыртқысаудаға жауапты министрлердің алғашқы кездесуі нәтижелері бойынша ортақ құжат жарияланды.

2003 жылы қыркүйекте ШЫҰ мүше-мемлекеттері  үкіметтерінің басшылары 20 жылға  бағытталған Көпжақты сауда-экономикалық серіктестік бағдарламасын қабылдады. Ұзақ мерзімді мақсат ретінде ШЫҰ-да еркін сауда зонасын құру, ал қысқа мерзімді мақсат ретінде ауданда тауарлар ағымын көбейту қарастырылды. Серіктестік энергетика, көлік, ауыл шаруашығы, телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау салаларын қарастырады. Серіктестікті дамыту бойынша әрекет жоспары 2004 жылы 23 қыркүйекте қабылданды.

2005 жылы 26 қазанда ШЫҰ мәскеу  саммитінде ұйымның бас хатшысы  Чжан Дэгуан ШЫҰ-ның ортақ энергетикалық  жобаларға, соның ішінде мұнай-газ  секторын дамыту, көмірсулар мен  су ресурстарын бірге пайдалануға  көп көңіл бөледі деп жариялады.  Осы саммитте сонымен қатар  ШЫҰ болашақ жобаларды қаржыландыру  мақсатында банкаралық бірігуі  қарастырылды.    

 

Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы шеңберінде жүзеге асырған іс-шаралары

Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы басталуына байланысты 2010 жылы 13 шілдеде  Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың арасында саяси консультациялар өтті.

Консультациялар барысында тараптар Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық  ұйымына төрағалығы кезіндегі негізгі  басымдықтары және Қазақстан бастамашысы  болған Ұйымның түрлі саладағы негізгі  іс-шараларын айқындайтын ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер  жоспарын талқылады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек  көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың шеңберінде  екіжақты ынтымақтастық  және өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде 2010 жылы 23 шілдеде Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахтиер Исламовтың арасында саяси консультациялар өтті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мәселесі мен Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды.

Келіссөздер қазақстандық тараптың Ұйымға мүше барлық мемлекеттермен өткізетін  консультациялар циклінің жалғасы болды.

Сонымен қатар, Нұрлан Ермекбаев Өзбекстан  Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норовпен ЕҚЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері және ӨР Сыртқы істер министрінің  орынбасары Анвар Салихбаевпен ауған  мәселесі бағытындағы ынтымақтастық  бойынша кездесу өткізді.

 

 

 

Біріккен Ұлтар Ұйымы  және Қазақстан Республикасы: екі  жақты қатынастар және ынтымақтастықтың перспективалары

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толық құқықты мүшесі болды (БА 46/224 шешімі). Мүшеліктің алғашқы жылдары Қазақстан үшін мейлінше күрделі еді, өйткені, бұл ел осының алдында ғана өзінің тәуелсіздігін алған болатын, және ол кезде Қазақстанда халықаралық дипломатияда жеткілікті тәжірибесі де бола қойған жоқ, сондай-ақ қаржылық және адами ресурстардың жетіспеуі орын алды.

Бүгінде, тәуелсіздік алғаннан бергі  жылдарда Қазақстан басқа елдермен көп жақты қатынастарды жақтайтын  Біріккен Ұлттар Ұйымының сенімді мүшесі болып табылады, сондай-ақ халықаралық  аренадағы маңызды қатысушыға айналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы  өз жұмысын 1992 жылы 5 қазанда Президент  Нұрсұлтан Назарбаев пен сол  кездегі БҰҰ-ның Бас Хатшысы  Бутрос Гали арасындағы Келісімге қол  қойылғаннан кейін, 1993 жылдың басында  бастады. Қазақстанда БҰҰ-ның әралуан  агенттіктері елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуы саласында көмек  көрсете отырып, жұмыс істеуде. Олар демократиялық басқару идеяларын  ілгері апара отырып, техникалық қолдауды, жергілікті әлеуетті дамытуды және тұрақты даму жолына өтуді қамтамасыз етеді.

Қазақстанның соңғы 10 жыл ішіндегі даму прогресі халықаралық қоғамдастыққа  жақсы мәлім. Егер осыдан 10 жыл бұрын  бір адамға шаққандағы ЖІӨ 1425 АҚШ  долларын құраса, 2007 жылдың аяғында  ол $7000-ды құрады. Егер 10 жыл бұрын  БҰҰ Даму Бағдарламасының адами  даму индексі 0,709 немесе 93-ші орынды құрайтын болса, ал бүгінде ол 0,794 немесе 73-ші орынды иеленді. Егер 10 жыл бұрын  Қазақстан Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның бәсекенің Жаһандық индексінде аталмаса, енді бүгінде Қазақстан онда 56 орынды еншілейді.

 

Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүше болған уақыт ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы (БА) және Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС) тәрізді БҰҰ-ның басты  органдарының жұмысына белсене араласып келеді. Мысалы, 1994 жылы Қазақстан БА-ның 49 Сессиясының Вице-президенті болды. Қазақстан тұрақты даму, халықты  қоныстандыру және дамыту, әйелдер  мәселесі, әлеуметтік даму жөніндегі, есірткі заттар бойынша, және т.б. Комиссиялардың мүшесі болды. 2006 жылы 2 қарашада Қазақстан  ЭКОСОС мүшесі ретінде сайланған  бірінші Орталық-Азиялық республика болды.

Қазақстан сондай-ақ БҰҰ-ның ерікті қорлары мен бағдарламаларының  жұмысына да белсенді түрде қатысуда. 1998-2000 жылдары Қазақстан ЮНИСЕФ Атқару Кеңесі мен ЮНЕП басқарушылар Кеңесінің  мүшесі болды. 1999-2001 жылдары Қазақстан  ЮНЕСКО Атқару кеңесінің вице-Президенті лауазымын иеленді және 2005 жылдан Қазақстан БҰҰ ДБ/ЮНФПА Атқару кеңесінің мүшесі болып табылады.

Қазақстан үшін маңызды көптеген мәселелер  сондай-ақ БҰҰ-ның назары мен жұмысының  нысаны болып табылады. Қазақстан  тәуелсіздік алмастан көп бұрын, 1978 жылы өткен БДҰ және ЮНИСЕФ-тің  бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету жөніндегі Алматы конференциясы  бүкіл әлемді бастапқы медициналық  жәрдемге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстың бастамасы  болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін  көп кешікпей, 1992 жылы қазанда Қазақстанда  тәуелсіз және плюралистік БАҚ-қа жәрдемдесу жөнінде ЮНЕСКО-ның халықаралық  конференциясы өтті. 2003 жылы тамызда Қазақстанда теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің проблемалары жөнңнде бірінші Халықаралық министрлік конференциясы өткізілді, соның нәтижесінде Алматы декларациясы және Іс-қимыл бағдарламасы әзірленді, бұл теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің проблемалары бойынша халықаралық қоғамдастық үшін айқындаушы құжаттар болып табылады. 2007 жылы мамырда Алматы қаласындағы Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) 63-ші мерейтойлық сессиясы өтті, онда негізгі назар Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарына (МДМ) аударылды. Аталған бастама Қазақстанның өңірде көшбасшы болып табылатындығын және халықаралық дипломатияда бітістіруші ретінде әрекет ете ататындығын тағы да дәлелдеп отыр.

2000 жылы мыңжылдықтың Саммитінде  Президент Назарбаев мыңжылдықтың  Декларациясына қол қойды, сол  арқылы Қазақстан Мыңжылдықтың  Даму Мақсаттарына жету жөнінде  өзіне міндеттеме алды. Іс жүзінде  Қазақстан Мыңжылдықтың даму  мақсаттарының мәртебесі туралы  есепті 2002 жылы өңірде бірінші  болып жариялаған ел болып  табылады.

Қазақстанның өз әлеуеті бойынша  әлемде төртінші орын алатын ядролық  арсеналдан өз еркімен бас тартуы, және ядролық сынақ полигонын  жабуы баға жетпейтін аса маңызды  факт болып табылады. Бұл ядролық  қару қауіпті қатер болып қалып  отырған бүгінгі таңда ерекше құнды.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болған жылдарда «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының бірінші ұзақ мерзімді басымдығында белгіленген принциптерге негізделген  белсенді сыртқы саяси ұстанымды  иеленетіндігін көрсетті. Атап айтқанда, басқа елдермен көп жақты қатынастарды белсенді жақтаушы ретінде әрекет етеді. Осы басымдықтың 3-ші құрамбөлігінде халықаралық ұйымдардың рөлі туралы, және бірінші кезекте, БҰҰ рөлі жөнінде  айтылады. Қазақстан БҰҰ-ны бейбітшілік  пен қауіпсіздік үшін бірден-бір  және ең маңызды халықаралық орган деп біледі. Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: «Қазақстан БҰҰ-дан соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті бірден-бір халықаралық органды көре отырып, оның рөлі мен беделін көтеруге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады» (Президент Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында сөйлеген сөзі, 25 қыркүйек 2007 жыл).

Экономикалық әл-ауқат пен бүкіл  әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті  қолдауға жауап беретін ұйым ретінде  БҰҰ-ға мүдделілік өсіп отырған жағдайда Қазақстан соңғы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайту үшін бірқатар шараларды қабылдады. Мысалы, Қазақстан  БҰҰ-ның қорлары мен бағдарламаларының  жұмысына штаб-пәтер деңгейінде де, сондай-ақ елдің деңгейінде де белсенді қатысуды бастады. Қазақстан төтенше  жағдайларға көмектесетін орталық  қоры үшін донор болып табылады, ол дүлей апаттардан кейін адамдарды  бірден құтқару үшін өмірлік қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді. Ондай көмектің ауқымы әзірге соншалықты үлкен болмаса да, әсіресе елдің көлемінде алғанда, а) аталған үрдіс жалғасатын болады, және б) ондай көмектің ауқымы көбейеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, Қазақстан өз елінен тыс жердегі, мысалы,Ауғанстандағы және Орталық-Азиялық республикалардағы, әлеуметтік және экономикалық дамуға қолдау көрсеттін жаңа донор болуға деген ниетін мәлімдеді. Қазақстан БҰҰ-ға алға қойылған міндеттерді орындау үшін мәселе қоя алады.

Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының  бекітілуін, оның Азиядағы өзара ықпалдастық  пен сенім шаралары жөніндегі  кеңестің (АӨСШК) ағымдағы төрағалығын, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық  ұйымындағы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтағы және өзге де өңірлік  ұйымдардағы маңызды рөлін, сондай-ақ Қазақстан Перзидентінің БҰҰ-ға арнап ұсынылған бірқатар маңызды бастамаларын назарға алатын болсақ, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымын, сондай-ақ БҰҰ-дағы өзінің рөлін нығайтуды жалғастыра беретіні анық. ҚР Президенті 2007 жылдың қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында өзінің сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсеткен болатын:

«...Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде, жауластыққа үйлесімді, төзімділік пен руханилықты қарсы қоятын болсақ, шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұндай ұғыну үміт ұялатып, болашаққа сенімді нығайтады. Осы үмітті нығайтуда Біріккен Ұлттар Ұйымы айрықша рөл атқарады... Қазақстан БҰҰ-дан соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті бірден-бір халықаралық органда көре отырып, оның рөлі мен беделін көтеруге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады».  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Фельтхем «Настольная книга дипломата»
    2. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ресми сайты
    3. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігінің ресми сайты (www.mfa.kz)
    4. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми сайты
    5. Дипломатия жаршысы журналы, 4(14) 2007 ж.




Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы және Біріккен Ұлттар ұйымынағы орны