Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

 

 

КАФЕДРА: «ГИГИЕНА-1, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ВАЛЕОЛОГИЯ»

 

 

 

 

 

 

 

 

  С Ө Ж

ТАҚЫРЫБЫ: «Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі»

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

                                                      Орындаған: Сырлыбекова А.Ж.

                                                      Тобы: 103 «А» ФК

                                                      Қабылдаған: Тайжанова М.А.

 

 

 

 

 

 

                                       

                                        ШЫМКЕНТ-2013

 

 

                                                ЖОСПАР:

 

І. КІРІСПЕ.

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

 

1. Антропогендік факторлардың жануарларға әсері

2. Әртүрлі техногендік  әрекеттердің сипаты мен салдары

3. Қазақстанның  өсімдік ресурстары

4. Қоршаған  орта  факторлары және олардың өсімдіктер  мен жануарлар  дүниесіне әсері

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

 

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. КІРІСПЕ.

 

   Қоғамның әлеуметтік  гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық  прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды  болмаған ауқымда дамуы адамның  табиғатқа араласуын күшейте  түседі. Соңғы онжылдықтарда өндіріс  пен ауыл шаруашылығының қарқынды  дамуына, қалалардың жедел бой  көтеруіне байланысты табиғи  кешендердің өзгеруі өсімдіктер  мен жануарлар әлемінің азаюына,  олардың өспей кеміп кетуіне  әкеліп соқтыруда. 

   Жаңа елді мекендер  мен ірі қалалардың, мұнай мен  газ өткізу жолдарының, электр  тасымалдау жолдарының, автомагистральдар  мен теміржолдардың тез қарқынмен  салынып, бой көтеруі, өзендер  ағысын артық реттеу, тың және  тыңайған жерлерді игеру табиғи  шөп өсетін өңірдің азая түсуіне  жол ашты. Осының барлығы ең  соңында биологиялық түрлердің  жоғалуына әкеледі. Сондықтан,  дәл қазір табиғатты қорғау  қажеттілігі ерекше шиеленісе  түседі.

   Қазақстан флорасы әртүрлі таксондардың (түрлер, туыстастық және т.б.) құрамы мен саны бойынша, сондай-ақ географиялық жағынан да, атап айтқанда, табиғи-климаттық аймақтар мен жоғарғы белдіктер бойынша да айтарлықтай өзгерістерге ұшырай бастады. Далалар мен шөлді аймақтардың жазық бөлігінде флораның әртүрлілігі мен өзіне тәнділігі батыстан шығысқа қарай, ал таулы жүйелерде солтүстік шығыстан (Алтай) оңтүстік батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай көбейеді.

   Қазақстан аумағында өсімдіктердің 6000-ден астам түрлері, 5000-ға жуық саңырауқұлақтар, 485 қыналар, 2000 астам балдырлар, 500 жақын мүк тәрәздәлер түрлері тіркелген. Жоғары өсімдіктердің құрамында дәрілік, азықтық, техникалық, тағамдық, әсемдік, ағаштық-бұталық өсімдіктері бар. Негізгі емдік шөптер (80%) ресурстары Іле жотасында, Боралтай тауында, Алтайда, Тарбағатайда таралған.

   Қазақстан фаунасын  санау омыртқалы жануарлар бойынша  ғана аяқталған, оның жеке кластары  бойынша фаунистикалық мәліметтер жинақталған. Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың (Vertebrata) 835 түрлері тіршілік етеді, соның ішінде: сүтқоректілер-178, құстар-489 (олардың 396 осында ұялайтын, қалғандары не қысқа келеді, немесе көктем мен күзде келеді). Жорғалаушылар-49, қосмекенділер-12, балықтар-114.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

 

1. Антропогендік факторлардың жануарларға әсері

   Антропогендік әсердің салдарынан көптеген жануар түрлерінің саны азайды және олардың тіршілік ету ортасы қысқара бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1978 жылы бекіткен Қазақстанның қызыл кітабы осы құбылысты өте көрнекі көрсетеді. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша оған омыртқалы жануарлардың 125 түрі (15%) және омыртқасыздардың 96 түрі (олардың 85 түрі буынаяқтылар) осы кітапқа енгізілген.

       

Жойылып кету қаупі төнген түрлер саны

Ел

Барлығы

Қызыл кітапқа енгізілгендері

Іс жүзінде жойылғаны

Қауіп төнген күйде

Шартты орнықты күйде

Қазақстан Республикасы

594

297

71

101

125


 

   Сирек кездесетін (реликті) жануар ақбөкен (Saiga tatarica) ХХ ғасырдың басында жоғалып  кетуге жақындағанда ғалымдардың  қажырлы түрде күш салуы арқылы  аман қалған еді. Қазіргі уақытта,  оның саны өсіп-өну арқылы қалыпты  өндірістік деңгейге жету үшін 2005 жылға дейін ақбөкен аулауға  мемлекет тарапынан тиым салынған.

   Қазақстан су флорасы  мен фаунасының күйіне ауыл  және коммуналдық ластану және  эвтрофикация үрдістері кері  әсер жасауда. Тұрғындар санының  өсуі өзендер мен өзен алаптарын  антропогендік түрлендіріп, су  жүйелерінің қирауына соқтырады.  Сулық ортаның химиялық заттармен  ластануы су флорасы мен фаунасының  маңызды топтары өкілдерінің  қырылуына және тіршілігі бұзылуына әкеліп соғуда.

   Су нысандарының (көлдер, өзендер, су қоймалары) экологиялық жүйесі

деградациялануы осылар есебінен болады:

  • Химиялық және биологиялық (балық түрлері басқа жақтан әкелінген) ластану;
  • Органикалық қалдықтармен ластанудан болған су қоймаларының эвтрофикациясы;
  • Суаруға өзеннен су алу және өзеннің суы ағысын реттеу;
  • Биоресурстарды қолдануға бүкіл ел бойынша бақылау нашарлағанда;
  • Бирациональдық өндіру (шаруашылыққа құнсыздарын аз ұстап, құнды түрлерін артық ұстау) салдарынан биоценоздарды сапалық қайта құру.

   Бұл жағдай су  флорасы мен фаунасы үшін қауіп  төндірді, балықтар бірлестігі құрамының  бұзылуына, судың физика-химиялық  қасиеттерінің су организдерінің  тіршілік ету жағдайларын, балықтар  қоныс аударуы мен уылдырық  шашуын нашарлатты, су қоймаларының  биоөнімдік мүмкіндіктерін төмендетті.

   Қазақстан Республикасының  Қызыл Кітабына балықтардың түрі  енді.

   Үш категориядағы  800 биологиялық нысандардың (күйреуге жақын қауіптілер; қауіп төнгендер–орташа мерзімді; душар болатындар-ұзақ мерзімді әрекеттігі) қауіп төнгендердің ең көп санды нысандардың басымы тауда тіршілік ететіндері (228 түр) және нағыз орташа шөлдерде (151 түр) тіршілік етеді. Онда бірақ экожүйелер мен түрлер саны бар, олар қорғауды және аялап күту тәртібін қажет етеді.

 

Балық аулау (тонна)

Ел

1990

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

Қазақстан      

42800

-

Орташа бір жылда 43300

36680


 

Жойылып кету қаупі бар балықтар түрінің  саны

Ел

Барлығы

Қызыл кітапқа енгізілгені

Іс жүзінде жойылғаны

Қауіп төнген күйде

Шартты тұрғылықты күйде

Қазақстан

27

14

2

3

10


 

2. Әртүрлі техногендік әрекеттердің сипаты мен салдары

   Биологиялық әртүрлілікке техногендік әсер етудің сипаты мына дәреже бойынша анықталады: күшті, орташа, әлсіз; зоналық әрекеті бойынша (аралы); жиынтық кешені бойынша бағаланады.

   Биоәртүрлілік үшін  ластанған өзендердің, өнеркәсіптік  агрегациялардың және көршілес орнласқан ракета-ядролық сынақ полигондарының трансшекаралық әрекеттері қауіпті. Басқа сыртқы елдерден технологиялардың әкелуі және экологиялық ауқымы мен карантиндік қауіптілігі бағаланбай биотаны интродукциялаудың тәуекел қаупі бар.

   Республикада биоәртүрлілік  үшін ішкі ұауіп төндіретіндер  мыналар:

  • Арал теңізі бассейнінің, Семей ядролық полигонының және басқа жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының күйретушілік (кризис) жағдайлары;
  • Мұнай өнеркәсіптері, өнеркәсіп кешендері (Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау және т.б.) ракеталық сынақ полигондарының Байқоңыр-Бетпақдала ауданы;
  • Көптеген жас экожүйлердің ландшафтық қалыптаспаушылығы, өзін-өзі өндірудің жоғалуы, экожүйелер өнімділігі мен түрлік популяциялар санының төмендеуі; Урбанизацияда, құрылыста, өзендер суалуында, жерлер жыртылуда түрлер мен экожүйелердің құртылуы (немесе қысқаруы мен әлсіреуі);
  • Табиғатты зиянды түрде балансталынбай пайдалану және биологиялық ресурстарды игерудің нормативтері болмауы;
  • Стихиялық апаттар, соның ішінде құрғақшылық, аяздар мен кенет суық түсулер, өрттер, селдер, тау көшкіндері.

   Республикадағы техногендік  әрекеттердің ең көп жиынтығы  фауна мен флора әртүрлілігіне  тура қауіп төндіретін мұнай  өнеркәсібі дамыған Солтүстік  Каспий маңайында білінген. Павлодар-Қарағанды  өнеркәсіптік кешені әсер ететін  аймақта және Оңтүстік Қазақстан  өнеркәсіптік өңдеу кешенінде  қауіптілік дәрежесі аз емес.

   Республика аумағының  6% әскери-космостық нысандар, бұрын  орналастырылған ядролық полигондар  алып отыр. Ірі жолдар 27 млн.кв.км, электр тасымалдау жолдары 458 мың км созылды. Дамбалар, суару  каналдары, су қоймалары биотүрлілікке  қомақты түрде әртүрл і жаңаша әсер етеді.

   Биологиялық әртүрлілікті  сақтау бойынша шешімдер қабылдау  үшін, әрекеттің нақтылы түрлері  үшін өңдеп шығарған ШРЕК өзгертетін, бір қатар техногендік әрекеттерге  биологиялық әртүрліліктің жауап  реакцияларын анықтау және олардың  жиынтық эффектісін табу қажет.  Өнеркәсіптік жүктемелер көтерген  аудандарда бұзылған жерлерде  (экожүйелерде) реабилитациялық шаралардың болмау факты биоресурстар жоғалу тәуекелі қорқынышты сигналы болып қызмет етеді.

   Антропогендік әрекет  салдарынан зооценоздар құрылымы  өзгереді; жануарлардың түрлік құрамының  өзгеруі мен жалпы санының  азаюымен қатар эврибиоттық өзгергіш  түрлер (олардың ішінде көбісі  ауыл шаруашылығының зиянкестері)  көбірек бола бастады. Ірі өнеркәсіптік  қалаларда, әскери полигондардың  аумақтарында және пайдалы қазбалар  өндіру аудандарында фауналар  елеулі өзгерістерге ұшырады.  Даланың шөлге айналу құбылысына  қарсы жасаған адам қызметтерінің  кейбір түрлері фауна жағдайына  қолайсыз әсер жасады. Мысалы, артезиандық  құдықтармен суландыру шөлдің  түрін өзгертеді, көптеген шағын  көлдер пайда болады, бұрғыланған  жерден өзінен-өзі сулар ағады. Осындай суаттарға жануарлар жиналады, бұл браконерьлікті оңайлатады және күшейтеді. Жолдар салу, құбырлар, электр тасымалдау жолдарын жүргізумен байланысты құрылыс жұмыстары фаунаға үлкен әсер жасайды. Олар табиғи ландшафтарға бөтен элементтер енуіне жағдай жасайды, олардың аборигендік фаунаға қолайсыз әрекеттері болуы мүмкін.

   Қазақстанда антропогендік  қызметтің қарқындылығы нәтижесінде  жануарлардың мекендеу орындары  азаюда. Сонымен бірге қалыптасудағы  антропогендік ландшафтар аумақтарында  бастапқы табиғи экожүйелер бұзылады, ол түрлердің көбінің құрып  кетуімен қатар жүреді.

   Тіршілік ету орнының  негізгі өзгеруі территорияларды  ауылшаруашылық және өнеркәсіптік  игеруде, елде мекендер мен  әскери полигондар салғанда, автрмобиль  жолдарын, ирригациялық және басқа  құрылыстар салғанда болады. Қалалық  өнеркәсіп құрылыстарын салу  салдарынан 35 млн.га жер ауылшаруашылық  егіс айналымынан шығарылған. Жер  жырту (31 млн.га), флора, фауна аймақтары  түрлері аралдарының және экожүйелердің  қысқаруы 65 млн.га асты. Өнеркәсіптік өңдеулерде және пайдалы қазбалар өндіруде экоцид болады.

   Адам әрекетінен  болған тіршілік орнының аздап  өзгеруі, ортаның жергілікті және  жаһандық ластануымен, түрлерді  іріктеп алумен, ылғалдану тәртібінің  өзгеруімен, өртенумен, продуценттердің биомассасы азаюымен, түрлердің шеттен кіруімен байланысты.

   Таулық далалар  өсімдіктері де қомақты өзгерістерге  ұшырады, өйткені жыртылмаған  жер бөліктерінде шөп шабылады, мал жайылады. Іле Алатауының  биік тауларындағы 123 ассоциаларының 50%-нде трансформалану болған.

   Тау баурайын ауылшаруашылық  қарқынды игеру және урбанизация  нәтижесінде жер бетіндегі өсімдіктер  өте күшті бұзылады. Қазақстан  жерінің өзіне тән эфемероидтық-жусандық, жусан шөлдер іс жүзінде жойылды  деуге болады. Қаратау тауларындағы  аса бірегей табиғат бірлестігіндей (Spireantus schrenkianus) және Шу-Іле тауларындағы (Niedzwedzkia semiretchenskia) бүгінгі жағдай үрей туғызады, олар қорғалатын аумақтар сыртында және мал жайылатын жерлерде орналасқан.

   Өзеннен су жіберілмеуіне  байланысты алап өсімдіктері  деградациялануда және көп түрлі  жануарлардың тіршілік орнына  жарамай қалуда.

 

3. Қазақстанның өсімдік ресурстары

   Биосфераның барлық  өзара байланысқан-элементтерінің, оның кәдімгі бірлігі-экожүйе  мен биогеоценоздың негізі, жердің  нәзік өсімдік қабаты антропогендік  әрекетке шыдамайды. Аумағының  басым бөлігін экстрааридтік  климаттық жағдайлардағы жазықтар  алып жатқан Қазақстанда өсімдіктер  жамылғысының анторпогендік өзгерістері  өте анық білінеді. Малдың үзбей  жайылуының, дәрілік шөптердің шикізаты  өндірілуінің, таулы ормандарды  жаппай кесу және бақылаусыз  жер жырту нәтижелерінде өсімдіктер  бірлестігінің едәуір конвергацияға  ұшырағанын байқамыз.

   Эпидемиялық түрлер-бұлар  республика аумағында ғана кездесетін  немесе шектелген жерде ғана  шығатын өсімдік түрлері. Қазақстанда олардың саны 600 астам. Жоғалып кетуіне нағыз қатер төнген түрлерге эндемдер мен қолайсыз жағдайда қалған (жер жыртылуына, мал жайылымына айналған өсімдіктер өсетін жер орындары) кең тараған түрлердің аралдық популяциялары.

   Қазақстандағы мал  шаруашылығын өркендетудің ғасырлар  бойы қалыптасқан дәстүрлеріне  сәйкес мал азғындық (жайылым  мен шабындық) өсімдіктер жалпы  жасыл шалғынның негізгі көзі  болып саналады. Республикадағы  жерлердің ауданы 188 млнғга жер  құрайды. Табиғи мал азығындық  жерлер 178 млн. га жер ауданында  сақталған. Табиғи жайылымдар  алатын жер ауданы 172 млн.га жер  құрайды. Шабындықтар Республикада 5.8 млн.га, ол жалпы жер ауданының  2% болады. Таулық азықтық жерлер 7599,1 мың гектарды алады, олардың ішінде 7212,3 га-жайылымдар, ал 279,9 мың га шабындықтар болады. Қазақстан аумағында өсетін 6000 өсімдіктер түрінен, олардың пайдалылығы туралы мәліметтер 1200 түріне ғана бар, ол 20% құрайды.

   Қазақстанның бай  өсімдік дүниесі бірқатар құнды  азықтық шөптердің көзі болады, оларға дәнді дақылдар тұқымдасынан шыққандар: селеу, бидайық сияқтылар жатады.

   Азықтық жағынан құрғақ шөл климатты және топырақ тұздылығына төзетін әжірек, ақ қамық, бидайық, еркек шөп, қарашағыл, бозшағыл сияқты өсімдіктер өте құнды. Жабайы өсетін қосжарнақтылар ішінде азықтық құны аса жоғары бірқатар өсімдіктер бар: сары, көк жоңышқа, сиыр жоңышқа, чина, түйе бұршақ. Әртүрлі шөптер тобында құнды азықтық шөптердің: жусанның, изеннің, бұйырғынның, кобрезияның, айланшөп таранның көптеген түрлері ең үлкен үлесін құрайды.

   Негізгі  азықтан  басқа, көп өсімдіктер  малдарға  өзін-өзі емдеу аздаған  мөлшердегі қоспалар түрінде керек. Мал шаруашылығының өнімдерін жақсартатын түрлердің 50-ден астамы  белгілі. Зире, богород шөбі, жұпаргүл, жалбыз, түймешетен, цикорий, жусан,  ақбас жусан аздап қосқанда (азыққа 5% дейін) малдың шөп жеуін жақсартады. Әртүрлі шөптің кейбір түрлері болмауы қойлардың тұқымдылығын төмендетеді. Ащы жегенде мал глисттерден тазарады. Ауаның, судың, топырақтың ластануымен байланысты өсімдіктердің биологиялық фильтр ретіндегі ролі артады. Фитонцидтер бөліп шығаратын өсімдіктер белгілі.

   Қазір,  әзірше  Қазақстанда қандай дәрілік   шөптердің қанша өсетіндігін   айту қиын, өйткені жыл сайын   олардың тізімі арта түсуде. Олардың саны 500-ден кем емес, бірақ солардың 50 түрі ғана шикізат есебінде қолданылады. Жүрек-тамыр ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың 80% өсімдік тегінен шыққан заттар.

   Қазақстанда Шымкенттік  ірі химия–фармацевтік зауыт  бар. Зауыт өсімдіктік  шикізатпен  ғана жұмыс істейді.  Қазақстанның  оңтүстігінде өсетін  цивтарлық  жусаннан (ламиндер) сантонин  алынады,  зауыт одан басқа ондаған   дәрілік препараттар шығарады.

   Қазақстанда  бірқатар аса құнды дәрілік  шөптер өседі, соның ішінде  эфедра (жыл сайын 1000 тоннаға дейін  шикізат дайындалады), Рихтер тұздығы  және сферофиза, тянь-шаньдық көктемгі жалынгүл, үлкен және биік андыз, торжеміс тегеурінгүл,  шәйқурай, сабынды түбір, итмұрын, қалақай, ит ошаған, жалбыз, долана, алтын түбір, марал түбірі және т.б.

   Медицинада  және  халық шаруашылығында жан   жақты қолданылуы және өнімділігі  бойынша алаптарда өсетін жабайы  өсімдіктер ішінде бірінші орындардың  бірін қызыл мия алады. Қызыл   мия Қазақстанның Сырдария, Жайық,  Іле, Шу, Қаратал өзендерінің алаптарында   өседі. Қызыл мия түбірінде  көп пайдалы заттар, соың ішінде  глицирризин және глициррет қышқылдары  бар. Қызыл мия түбірі және  одан алынған экстракт металлургияда,  темекі, химия, тамақ және кондитер  өндірістерінде қолданылады және  экспорт өнімі болады. Қызыл мия көптен экспорт затына айналған, шетелге шығару қажеттілігі 70-75 мың тонна құрады. Қызыл мияның  өсіп тұрған табиғи қоры 130 тонна, бірақ бұл қор дұрыс қолданбағандықтан тез азаюда.

   Қазіргі  уақытта  ең жақсы зерттелген  пайдалы  өсімдіктер тері илеуге  қажет  өсімдіктер. Тері қатайтатын  өсімдіктер  қоры Қазақстанда  терінің  иін келтіретін экстракттар   алыну үшін ірі шикізаттық  база болады. Мысалы, тамырлық иіндіктердің (татар рауғашы, бұқар тараны  және Максимович рауғашы) ірі  шикізаттық қоры Арал мен Балқаш  маңайларында бар.

   Қазақстанда  алкалоидты (172 түрі), глюкозидті (132 түр), сапонинді  (500 түр) емдік едәуір  мөлшері  табылған. Жабайы өсетін  дәрілік  өсімдіктер ішінде медицина  мен халық шаруашылығы үшін  эфирмайлы өсімдіктердің ерекше  мағынасы бар. Қазіргі уақытта  ТМД елдері өнеркәсібі 40 шақты  атаулар бойынша эфирлік май өндіреді. Осының үлкен бөлігін парфюмер-косметологиялық өнеркәсіп қолданады. Осы топтың құрамдық  бөлімдері (цитарль,евгенол,ионон)  хош иісті заттар синтездеу  үшін шикізат болады. Анис майы  қақырық тастау үшін, жалбыз майы  тыныс жаңарту және антисептика  үшін қолданылады. Эвкалипт майы  анық антисептиктік қасиеттерімен  сипатталады және тыныс жолдары  ауруларында қолданады. Жалбыз  майының ең басты құрамдық  бөлігі болатын ментол ауырғанды  басады және антисептика құралы ретінде қолданылады және валидол құрамына енеді. Евгенол мен тимолдық дезинфекциялық қасиеті бар және тіс дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады.

      Баршаға   мәлім, эфир майлары тамыр ауруларын,  қауіпті ісіктерді, зәр жолдарының  тас ауруларын емдеу үшін қолданылады.  Оның үстіне, олар тамақ өнеркәсібінің   әртүрлі салаларында кең қолданылады,  сондықтан оған сұраныс көп.  Мысалы, кориандр жемісі балық,  ет, консерві, тамақ концентраттық  және нан пісіру өнеркәсіптерінде  қолданылады. Зире жемісін өндіруде, эфир майлық шикізатта болатын  ұшатын заттар және эфир майлары  ликер-арақтық өнеркәсіпте қолданылады.  Аздаған мөлшерде кейбір эфир  майлары бояу-сыр және оптика  өндірістерінде пайдаланылады.

   Эфир  майлары өздерінің  физикалық  қасиеттерімен өсімдіктерге  пайдалы:  олар жылу шығаруды  азайтады; олардың буы өсімдік  бөліктерін  қоршап, олардың қызуы  мен тоңазуын  реттейді. Эфир буларымен  қаныққан  ауа қабаты өсімдікті  қоршағанда, ол ылғал шығаруды  азайтады. Осылай, егер 50г суға эфир майының 1 тамшысын тамызғанда, булану 6,6 % азаяды. Гүлдердің эфир майы бунақтыларды тартады, олар гүлдердің тозаңдануына себеп болады.

   Іле Алатауы   жоталарының солтүстік беткейлерінде   және тау баурайы жазықтарында, Шу-Іле тауларында 200-ге тарта эфирмайлы өсімдіктер түрлері табылған. Олардың 24-і жоғары және орташа майлы.  Оларға жататындар: тянь-шань шыршасы – Picea tianshanica Rupr; қара арша – Juniperus Sabinal; жаужұмыр – Ferula dschaudschamur Eng; Kor.

   Көшпенділер  жаужұмыр  тамырын ұнтақталған  түрінде  тамаққа қолданған. Жаужұмырда  клетчатка – 13,4%, крахмал –  57,4 %, сахароза – 10 %, моносахаридтер  – 2,9 %, май – 5-6,7 % барлығымен  сипатталады.

   Дәріханалар  үшін  дайындалатын дәрілік өсімдіктер  ішінде Қазақстанда қомақты мөлшерде  кездесетіндері; қырықбуынды қылша,  өрістерде бұталар арасында, орман алаң қайларында, шатқалдарда, өзен арналарында – шәйқурай, өзен  жағаларында шатқалдарда – шырғанақ, өгейшөп. Олардың кең жайылып етек алған жерлері Жамбыл, Іле,  Қаскелең аудандары. Кәдімгі және  ащы жусан арамшөп ретінде мекенжайлар жанында, жол бойында, өзен алаптарында, тау жоталарында барлық өсімдіктер арасында кездеседі.  Бөрі қарақат шатқалдарда, тау өзендері жиектерінде, тоғайларда, Іле өзені жағаларының бүйрат  құмдарында кең тараған.

   Қазақстанның  оңтүстігінде (Шымкент, Жамбыл, Алматы  облыстары)  әдетте арамшөп ретіндегі   жабайы сәбіз, тыңайған жерлерде, тау баурайындағы жазықтықтардан  далалық белдеуге дейін кең  тараған. Сәбізде эфирмайлар мөлшері  әртүрлі экологиялық жағдайларға  тәуелді кең шектікте өзгереді. Мысалы, эфир майының қомақты мөлшері сортаңды топырақта өскен жабайы сәбізде байқалған.

   Жабайы  сәбіз майы  ертеден бері дәрі  ретінде  қуыратын және тұздық  экстракттар  дайындауда қолданылады;  парфюмер, тамақ өнеркәсіптерінде  қолданылады.

   Жемістері  ұнтақталған  түрде халық медицинасында   асқазан ауруларында қолданылады,  бүйрек-тас ауруын емдеуде қоспалар  құрамына кіреді.

   Жемдік, эфир-майлық  және дәрілік, өсімдіктер  ретінде  жусан тегінің барлық  түрлерінің  мағынасы зор. Қазақстанда  кездесетін 81 жусан түрінен Іле Алатауы мен Шу Іле тауларында 29-ы тараған.

   Шикізат  ретінде  кешенді қолдану үшін  парфюмерлік,  медициналық және  тамақ өнеркәсібі  үшін эфир  майын алуда жусан  кең қолданылады.  Қалған жусан  массасы сүрлем  түрінде малға  жем болады немесе  жемдік ашытқылар  үшін бастапқы  шикізат бола  алады.

   Көптеген өсімдіктерден  алынатын емдік дәру заттар  мен препараттар арасында флавоноидтар, кумориндер үлкен мағынаға ие  болуда, ол олардың терапевтік  әрекетінің өте кең спектрімен  түсіндіріледі. Флавоноидтер алу  үшін Қазақстанда өсетін өсімдіктерден  ең зор болашағы бары альпі  термопсисі, сүттіген, Кароли ырғайында;  кумариннен шығатындардың (іш  өткізетін, ыстық төмендететін, гормонольдық, ісікке қарсы әрекеттері бар)  ең көп мөлшері кейбір жусандарда, қара андызда, мыңжапырақта байқалған.

 

4. Қоршаған  орта факторлары және олардың өсімдіктер мен жануарлар  дүниесіне әсері

   Соңғы  жылдары  қоршаған ортаның әр  түрлі  факторларының өсімдіктердің  өсуіне, жетілуіне және химиялық  құрамына әсерін зерттеуге көп  көңіл бөлінуде. Қоршаған ортаның  алуан факторларының ішінде геохимиялық  фактор ерекше қызығу тудырады, өйткені топырақтағы химиялық  заттар мөлшері мен өсімдіктердің  кейбір биологиялық белсенді  заттарды өндіріп шығаруы арасындағы  байланыс айқындалған. Топырақтың  химиялық құрамы өсімдіктердің  әрекетті заттарының биогенезінде  қатысушы ферменттердің белсенділігіне  әсер етеді. Сондықтан ферменттердің оптимальдық синтеза топырақтағы химиялық заттардың белгілі мөлшерде шоғырлануына байланысты. Осылай, топырақтың артық тұздануы болғанда және онда улы тұздар болғанда аз тұзды топырақпен салыстырғанда қызыл мияда глицрризин қышқылының мөлшері төмендейді.

   Жүрек  гликозидтерін  өндіретін дәрілік  өсімдіктер  марганец, молибден, хромды қалаулы  сіңіретіні, алколоидтар өндіретіндері  – мысты, марганецты, кобальтты,  кумариндерді, флавоноидтарды және  антроценнен шығарылатындарды өндіретіндер  – мысты, витамин өндіретіндер  – марганецты, мысты және полисахоридтерді  өндіретіндер – маргонецты, хромды, сапонин өндіретіндер – молбден  мен ванадийды таңдап сіңіреді.

   Трансаминдеу  үрдістерінде металдар рөлі туралы  мәселе жабулы түрінде қалуда. Осылай, мысалы триптофан трансаминазасына  қатысты, тамат өсімдіктерінің  иондары , және әсіресе Zn және Co ферментті ингибиция жасайды. Ni мен Cr молшылығы және В жеткіліксіздіге күнбағысқа ингибациялық та, мутагендік те әрекеті болады.

   Күнбағыстың  полифенол  оксидазасының белсенділігін   никельдің, хромның, бордың жоғары  дозалары күшейтеді. Күнбағыс  ферментті белсенділігінің күшеюі  қышқылданған фенолдар жинақталуы  қостайды. Фенолдар көптеген физиологиялық және молекулярлық-биохимиялық үрдістердің күшті бұзылуларына әкеледі, солардың ішінде нуклеин қышқылдарының, ДНК синтезделуі, хромосомдардың құрылымдық біртұтастығынан болады.

   Мыспен  байытылған  биогеохимиялық провинция  жағдайларында  және жемдерде  мыстың жоғары  мөлшері болғанда  қойларды бауыр  циррозы кең  тараған, ксантооксидоза  белсенділігі  мен құрамы бұзылады. Магний, никель, стронций және барий  молшылығы фонында кобальт пен  марганец жеткіліксіз биогеохимиялық  провинцияларда өсімдіктердің химиялық  құрамында ауытқулар байқалады.  Жануарларда фосфор-кальцийлік алмасу  бұзылады, белоктар синтезі, көмірсулар  мен А витамині азаяды, бауыр  мен бүйрек зақымдалады.

Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі