Қазақстанның су қоры және оны тиімді пайдалану
Тақырыбы: «Қазақстанның су қоры
және оны тиімді пайдалану»
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Қазақстандағы су қоры
1.1. Су- тіршілік көзі
1.2. Су ресурстары
1.3.Тұщы судың қоры
2.Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорау
2.1.Судың ластануы
2.2.Судың мұнай және тағы басқа заттармен ластануы
2.3.Ластанған суларды тазарту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су- баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі.
Су адам және жануарлар денесінде қажетті түрде кездесетін құрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарлар эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондақтан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікеле әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25 % азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т.б.) тек суда өмір сүреді.
Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюйын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады.
Сондықтанда, сапалы тұщы судын болуы- адамның денсаулығы мен жануарлардың өсуі олардың өнімділігін көтерудегі басты шарттың бірі.
Халық шаруашылығында қажетті тұщы су көзі тек қана адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, жер суаруда да, өнеркәсіпті дамытуға да, барлық технологиялық процестерді жүзеге асыруда да пайдаланылады.
Дүниежүзілік
су қорларының ластануы бүкіл адамзат
қауымын аландатып отыр. Бұл мәселе
Қазақстанға да тән. Судың ластануы
көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін
бүлдірумен аяқталады.
1. Қазақстандағы су қоры
1.1. Су- тіршілік көзі
Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.
Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған жерасты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.
Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:
- су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;
- су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;
- суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;
- су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.
Қазіргі
кезеңде халықты сумен
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
- Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса;
- Жерасты сулары шөлмектерге және басқа да ыдыстарға құйылып, оларды сату коммерциялық пайда көзіне айналса;
- Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдаланғанда;
- Температурасы жоғары жерасты сулары жылу және ыстық су көздері ретінде пайдаланылғанда.
Жерасты суларын “Арнайы су пайдалану Рұқсатын” алу арқылы пайдалану мынадай жағдайда іске асырылады:
- Ауызсу және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералдарды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланылатын жерасты суларын өндіру мөлшері тәулігіне 50 мьң гектар текше метрден кем болса;
- Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай мен газ өндіру барысында жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді қүрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыратылатын жерасты сулары пайдаланылғанда;
- Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-түрмыстық, дренаждық әрекеттерден пайда болатын жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы қатпарына күшпен тарату үшін.
1.2.Су ресурстары
Табиғат
байлықтарының ішінде судың орны
ерекше.Сусың жер бетінде
Жер шарының су қорын мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты және атмосфера суы құрайд. Оның мөлшері шамамен 1,5 млрд км3. Жер шарында,ы барлық судың 94,2% тұзды су. Ол жер көлемінің 70 % -алып жатыр.
Аралдың тартылып бара жатқаны ешкімге құпия емес.
Егер Арал деңгейі 1 метр төмендесе ауданы 10 % ауалды. Соңғы жарты ғасырдан аз- ақ астам уақытта. Аралдың оңт- шығыс етегінен 300 арал пайда болған. Амударияның құяр тұсы соңғы 30 жылда теңізге қарай 20 км сұғынып кеткен. Мұндай құбылысты Сырдарияның құяр сағасынан да байқайға болады. Егер адам баласы тағдырына тікелей араласпаса Аралтеңізінен айрылып қалуымыз мүмкін.
Елайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен- күнге тартылуына себепші болып отыр.
Сондықтан
жерді суландыру мәселесін
Ластану- су тапшылығының негізгі бір себебі. Өндірістердің, тұрмыстық мекемелерді тазаланбаған суларын таза су аалабтарына құюынан ластанады. Егістікке себілген ұлы химикаттар мен тыңайтқыштар сумен жуылып, су алқаптарын ластайды.
Ұсақ
өзендерді сақтау үшін су қорғау аймақтарын
құрудың мәні зор. Су қорғау аймағы
деп, белгілі бір ауданды судың
ластануына, азаюына қарсы арнайы
ереже қабылданған жерді
Сондақтан
да су жағалауларын жасыл келекке айналдыруымыз
керек. Және де суды қорғау әрбір пенденің
өз өмірі үшін жасалатын іс.
Жер
бетіндегі әр түрлі мақсаттарға
пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама
мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда,
ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі
су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса
да аздық етпейді, бұл жердегі проблема
– ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда,
ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы
судың мол қорында емес, оның химиялық
құрамы қандай элементтерден тұратындығында.
Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға
болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау
ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз
күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде
бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа
түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су
жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы
қазбалар сияқты бағалы және шектеулі
ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі
түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын
мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай
дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның
өркендеген заманында таза суды оңай құртып
немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі
кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер
асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне
табиғи және техногендік процестер зор
ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан
облысының Созақ ауданындағы жер асты
сулары уран өндірудің технологиясына
байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың
денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен
қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде
далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген
тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің
арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын
алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына
қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге
орасан зиян келтіріп, шығынға батырады.
Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи
таза суды жарамсыз етіп отыр.
ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.
Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады, Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.
Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы – халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.
Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз. Гидрогеологтарымыз республика бойынша, тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар, 494 жер асты су көздерін баяғыда тауып қойған. Мәселе сол суды жер бетіне шығарып, халыққа жеткізуде. Мысалы, Қызылорда облысында су тапшы дейміз, қате пікір. Жер асты суын 120-150 метр жерден шығаруға болады. Суы да жақсы, жері де жұмсақ, Алматының тас араласқан жерін бұрғылаудан Қызылорданың құмын бұрғылау 5 есеге оңайға түседі. Тек қаржы керек.
Дүние
жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион
адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі
аурулардан көз жұмады екен. Бұл
әлемнің шартарабында болып жатқан
соғыстар мен қақтығыстарда қаза
болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан
ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды.
Республикамызға гидрологиямен тікелей
айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп,
жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік
құрылым керек.
2.Су ресурстарын
тиімді пайдалану
және қорау
2.1.Судың
ластануы
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
- физикалық ластану жылу- қзу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.
2.2.Судың мұнай және тағы басқа
заттармен ластануы
Су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза- қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері- жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді.
Су қорына аса қауіп туғызатындар мұнай, фенол, пестицидтер, түсті металдардың күрделі химиялық қосылыстары.
Әсіресе, мұнайдың суларды ластаудағы зияны шексіз. Себебі оның құрамында әр түсті зиянды нәрселер көп. Жаңа мұнай- газ көздерін игеруге байланысты мұнай тек ғана суларды емес, бүкіл ортаны ластайтын өте қауіпті нәрсеге айналып отыр. Мұны Каспий манында орналасқан мұнай- газ байлықтарын игеруден анық көруге болады. Орал облысындағы Қарашығанақ, Атырау облысындағы Теңіз мұнай- газ байлықтарын игеруге кезінде көптеген жердің ластанғаны байналады. Бұл жерлер ауыл шаруашылықтық маңызы бар, көп жыл өнім беріп келе жатқан массивтер. Мысалы, Қарашығанақта жер асты мұнай газының қысым күшімен аталып кету нәтижесінде, оның айналасында бірнеше грифон пайда болған. Атырау облысында Теңіз мұнайы бір жыл бойы жанып айналасындағы ауылдарға зиян келтірді.
Мұнай
су көздерін жұқа пленкамен жабады
да, оған оттегінің өтуіне кедергі
жасайды. Оттегі болмағандықтан тірі организмдер
қырылады. Қазіргі кезде сулардың
мұнайдан шегетін зияны ұшан- теңіз.
Біздің республикамыздың Орал, Ақтөбе,
Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай-
химия өнеркәсібі, жаңа кәсіпорындарының
ашылуына байланысты тез қарқынмен дамып
келеді. Егер бұл өндіріс орындарын пайдалануда
экологияны сақтаудың барлық жолдары
пайдаланылмаса, ол ауа бассейінінің ғана
емес, су, жер ресурстарына да үлкен зиян
келтіретін болады. Мысалы, химия өнеркәсібінің
өнімі- кір жуғыш синтетикалық ұнтақтың
суда аз мөлшерінің болуының өзі судың
дәмін өзгертеді, суды көбіктендіреді.
2.3.Ластанған суларды тазарту жолдары
Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға енген жоқ.
Әрине суларды тазартудың бұдан басқа да жаңа әдістері алға қарай шығуы мұмкін. Бірақ, қаншама жетілдірілген әдістер шыққанымен, ластанған суды мүлтіксіз бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес.
Суларды тиімді пайдалану және олардың тазалығы сақтауда республикамызда көптеген жағымды тәжірибелер бар. Әсіресе, көп жылдар бойы суармалы егіншілікпен шұғылданып келе жатқан аудандардың пайдалы істерін пайдалана білген жөн.
Енді
еліміздегі су қорын сақтау мен дамытуға
қатысты не тындырылып отыр дегенге
келейік. Бұл орайда алдымен, 2002 жылы
Үкімет қаулысымен еліміздегі су қоры
мен су шаруашылығы саясатын дамытудың
2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын,
ол бойынша еліміздегі су қорын сақтау
мен үнемді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы
саясатының ұзақ, орта және жақын мерзімдерге
арналған бірқатар жоспарлары түзілгенін
айта кеткен жөн. Осы орайда өткен маусым
айының басында Қазақстанның суда жүзетін
құстардың негізгі тіршілік көзі саналатын,
халықаралық маңыздағы саз-батпақты жайылымдықтар
жөніндегі Рамсар конвенциясына қосылуының
Үкімет тарапынан заңдастырылуының маңызы
зор десек болады. Яғни осы қосылу арқылы
енді елдегі жоғарыдағыдай жайылымдықтарға
халықаралық деңгейде мән беріліп, фаунасы
мен флорасын сақтауға үлкен септігі тиюі
тиіс. Дегенмен де, сөз басында айтып кеткендей,
жобасы жаңа жасалып жатқан Ұлттық жоспардың
директоры және Су қорлары жөніндегі құзырлы
комитет төрағасы Әмірхан Кеншімовтің
айтуынша, бүгінге дейін Қазақстандағы
су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама
жасалмапты. Терең зерттеуді қажет ететін
бұл күрделі мәселе енді ғана қолға алынып
отыр екен. Ендеше, Қазақстанның аграрлы
ел екенін, қазірдің өзінде судың ең көп
тұтыну үлесінің: 76,5 пайызы ауыл шаруашылығына
тиесілі екенін еске тұтсақ, бізге суға
қатысты саясатта сақ болмасқа әрі асықпасқа
болмайды.
Қорытынды
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықаралық іс екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы- «Су ішетін құдығына түкірме, кейін одан су ішерсің»- дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану, сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз.
Осыған орай су және басқа табиғат ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар қарарлар мен қаулылар да баршылық. Солардың ішінде соғы жылдары жарық көрген Каспий теңізін, Еділ, мен Жайық өзендерін, Балтық пен Қара теңізді, Байқал көлін қорғау жөніндегі қаулылардың маңызы ерекше.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- судың мұнай және тағы басқа заттармен ластануын зерттеуі.
Бұл жұмыста су қоймаларының негізгі түрлері көрсетілген. Су ресурстары және олардың ластануы топтары.
Төртінші
бөлімде ластанған сулар қалай механикалық,
химиялық, биологиялық түрлерімен тазартылу
жолдары көрсетілген.
- Қ.Ә.Әлімбетов. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері. Алматы, Экономика,2000
- А.Баешов. Экология негіздері. Түркістан, Яссауи университеті, 2000.
- Ә.С.Бейсенова. Экология. Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы.
- С.Каженбаев. Табиғат қорғау. Алматы, Ана тілі, 1992ж.
- Ғ.Сағымбаев. Экология негіздері. Алматы, 1995
- Aikyn_KZ.htm
- www_akimvko_gov_kz
- www.egemen.kz

- Қазақстанның сыртқы саясаты
- Қазақстанның сыртқы саясаты
- Қазақстанның табиғаты
- Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл
- Қазақстанның темір жол қатынасы
- Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар
- Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі
- Қазақстанның пайдалы қазбалары
- Қазақстанның пайдалы қазбалары
- Қазақстанның пайдалы қазбалары
- қазақстанның салық саясаты
- Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі
- Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі” бесплатно!
- Қазақстанның саяси жүйесі