Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар
Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар
Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.
Конституция елдің
негізгі заңы ретінде елдің мемлекеттік-
Осы белгіге сәйкес ғалымдар мемлекеттердің негізгі үш басты тобын көрсетеді:
Бірінші топта халықаралық шарттар сол мемлекеттің ұлттық құқығымен тең деңгейде қолданылатын мемлекеттер (АҚШ, Франция, Швейцария және т.б.).
Екінші топтағы мемлекеттерде халықаралық және ұлттық заңнама және басты соттық тәжірибе қатаң түрде халықаралық және мемлекетішілік құқықтың аражігін айырады (Англия, Ұлыбритания басқарып ортырған Достастық қатарындағы мемлекеттер).
Үшінші топта жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мемлекеттік құқықтан жоғары тұрады (ГФР, Италия) /1,15 бет/. Мысалы: ГФР Конституциясында мынадай ережелер бар: «Халықаралық құқықтың жалпы нормалары федерация құқығының құрамдық бөлігі болып табылады. Олар заң алдында артықшылыққа ие және федералды аумақтың тұрғындары үшiн құқық және мiндеттердi тiкелей тудырады».
Қазақстан кеңестік
дәуірде халықаралық
Барлық халықаралық міндеттерді мемлекет толықтай өз мойнына алып отырды, бұл жүкті жекелеген республикаларға артпады. Егер колониядан босаған африкалық мемлекеттерге өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін әділетсіз халықаралық шарттарды денонсациялап, жою маңызды рөл атқарса, 1990-жылдары тәуелсіздік алған бұрынғы посткеңестік республикаларға, соның ішінде Қазақстанға мұндай қадам жасаудың қажеті болмады, себебі республика Кеңес Одағының құрамында және қорғауында болды. Сондықтан «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында көрсетілген мемлекеттің дамуының стратегиялық міндеттері постколониялық елдердің әлемдік тәжірибелеріне қарағанда мүлдем басқа болды және Ұлы держава құлағаннан кейін Қазақстанда орын алған саяси-экономикалық жағдай көрсетілді. Алайда бұрынғы одақтас республикалардың да ұлттық егемендігінің толықтай құрылуы өте қиын жағдайда жүріп жатты.
Қазақстандық
1993 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституцияны қабылдауынан бастапқы кезең. Төртінші кезеңнің конституциялық заңнамасының қалыптасуы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты. Бұл кезең, ғалымның айтуынша, әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Белгілі ғалымдардың ұлттық құқықтық жүйені кезеңге бөлу мәселесіне аса назар аударуы оның қиын екенін және оны дамытудың бір мәнді еместіктерін, соған қоса оның қалыптасуы мен әбден жетілдіруінің мәселелеріне әртүрлі жолдардың бар екендігін куәландырады. Жалпы жоғарыда келтірілген кезеңге бөлудің екеуінің де өмір сүруге толық құқығы бар және халықаралық құқықпен тығыз байланысты қазіргі ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан басталатындығын құжаттар куәландырады . Алайда 1990 жылдың 25- қазанындағы «ҚазКСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» 14-тармағында Қазақ КСР өзін өз мүддесі аясында сыртқы саясатты айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың қызметіне, оныңішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелеріне қатысуға құқығы бар халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде жариялаған. Мұнда негізінен мемлекеттің экономикалық егемендігі жарияланды. Соған сай республика еркіндік және теңдік қағидаларын ұстана отырып, тиімді шарттар негізінде шетел мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын құрып, өзінің сыртқы экономикалық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
Осылай Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.
Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.
Қазақстан өз егемендігін
алған сәттен бастап, қайнар көзіне
қарамастан, халықаралық міндеттемелерді
сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей
сипаттағы халықаралық әдет-
Тәуелсіз Қазақстанның
1993-жылғы алғашқы
Конституцияның 97-бабының 21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды». Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет» делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген «конституция алдындағы акт» болып саналды деп есептейді /8/.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.
Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.
«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі» делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.
Көлемі үлкен
емес Конституциялық Заңның «Қазақстан
Республикасының халқы мен
Посткеңестік ғылыми
жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының,
мысалы Д.Г.Гусейноглының «
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.
1995 жылғы Конституцияда «Адам және азамат» бөлімі екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.
1993 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы
мен оны дамыту үшін
Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.
4-баптың 3-тармағындаРеспублика
бекiткен халықаралық
1969 жылғы 29-мамырдағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 2-бабы 1-тармағының в-тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттің халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше нысандары бар: ратификациялау, қабылдау, бекіту, қосылу.
Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» заң күшіне ие Жарлығына сәйкес шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын: 1. Қазақстан Республикасының атынан (мемлекетаралық шарт); 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан (үкіметаралық шарт); 3. Министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдар атынан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдар атынан (ведомствоаралық шарт) жасалады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдары атынан жасалады.
Егер де Қазақстан
Республикасының халықаралық
Ережеде «жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтар» ұғымы халықаралық-құқықтық сипаты жоқ мынадай құжаттарда белгiленген мiндеттемелер мен өзара түсiнiстiктi бiлдiредi:
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының
шет елдерге сапарлары мен
шетелдiк делегациялардың
Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бiрлескен құжаттар;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кездесулерi мен келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған хаттамалар, меморандумдар, ноталар, хаттар мен тапсырмалар;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының шет елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, шетел компаниялары мен фирмаларының басшыларына жеке жолдаулары және хаттары.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 7-сәуірдегі
№1361 заң күшіне ие жарлығына сай
Ереже «Қазақстан Республикасы мүшесі
болып табылатын халықаралық
ұйымдардың шешімі» түсінігіне құрылтай
құжаттарына көрсетілген
Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет жоғары деңгейде қол қойылған мемлекетаралық шарттарды жүзеге асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты даярлайды және оларды әрi қарай орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. Бақылаудан алып тастауды не iс-шаралар жоспарын орындауды жұмыс барысындағы бақылауға көшiрудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған ретте оның мiндетiн атқарушы адам жүзеге асырады.
Конституцияның 54-бабының
7-тармағы Парламентке
Кей елдерде ратификация өзінен өзі ұлттық құқыққа белгілі бір өзгерістер енгізбейді, себебі ратификациялау актілері мен оған заң күшін беру бір бірінен ажыратылған (Франция, Италия, Бельгия және т.б.). Басқа елдерде конвенцияны ратификациялау фактісі конвенцияны автоматты түрде ішкі құқықтың бір бөлігі етеді (Аргентина, Мексика және т.б.). Алайда екі жағдайда да арнайы заңдық актінің қабылдануын қажет етуі мүмкін. Бұл ішкі құқыққа өздері орындалмайтын, яғни ұлттық заңнамаға енгеннен кейін тиімді әрекет ету үшін оларды жүзеге асыратын арнайы шараларды қабылдауды талап ететін.халықаралық нормалар енгенде ғана жүргізіледі.
Жалпысаяси сипаттағы нысандағы ұйымдасқан құқықтық шаралар жүргізумен (жаңа органдардың құрылуы, заңдық актілердің және т.б. қабылдануы) байланысты емес шарттар туралы сөз қозғалғанда шарттың орындалуы жөніндегі арнайы мемлекетішілік актінің қабылдануы қажет етілмейді.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» Жарлығы Конституцияның халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ережелерін одан әрі дамыта отырып, 10-баптың 1-тармағында:«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялауды Қазақстан Республикасының Парламенті іске асырады» деп көрсетті. 14-бап ратификацияның екі сатысын көрсетеді: 14-баптың 1-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау, Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұсынылған халықаралық шарттарды қарастыру және соған сәйкесінше заң қабылдау құқығын береді. 2-тармағы ратификацияланған грамотаға Қазақстан Республикасының Президентінің қол қоюын қарастырады.
Құқық нормасы — бірнеше реттік әрекет ережесі. Сондықтан жат нормалар егеменді ұлттық құқықтық жүйеге бейімделіп, оның құрамдас бөлігі болу үшін, басқалармен сәйкес болу үшін мемлекеттің қолдауына ие болуы тиіс. Басқа қоғамдық қатынастардан тыс жеке реттелетін қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, тәжірибеде екінші нормалармен келісілмеген бір норманың қолдану мүмкін емес. Сондықтан да халықаралық-құқықтық ереже оның орындалуы мемлекетішілік қатынастарда қажет болғанда ғана ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуі тиіс /15, 65б./. Басқаша айтқанда, барлық құқықтық жүйе, барлық нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы, соның ішінде ұлттық құқықтық жүйеге енгізілген халықаралық құқықтың нормалары үйлесімді түрде бірге жұмыс жасауы керек. Тек сонда ғана «заңдар соғысынан» немесе көбіне кездесіп отыратын «заңға тәуелді актілердің агрессиясынан» (егер соғыс терминологиясын қолданса) құтылуға болады.
Халықаралық конвенция ережелерінің маңызды бөлігін өз бетінен орындалмайтын нормалар құрайды. Оны келесі сөз тіркестері көрсетеді: «мүше-мемлекеттер міндетті», «мемлекеттер шара қолданады» және т.б. Халықаралық құқық ғылымында қалыптасқан пікірлер бойынша мемлекеттің сот және басқа да органдары қызметінде осындай нормаларды қолдануы үшін халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға алдын ала имплементациялау қажет. Осыған байланысты С.В.Поленина құқыққолданушы органдар өз бетінен орындалмайтын конвенциялар ережелеріне сілтеме жасай ала ма және, ең бастысы, халықаралық конвенцияның өз бетінен орындалмайтын ережелері ұлттық заңнама нормалары алдында басымдықты пайдаланады ма деген сұрақтарды қояды. Жасап отырған алдау нәтижесі халықаралық-құқықтық құжатты мемлекеттің ресми тануға қатысты арнайы шараларды жүзеге асырмай-ақ халықаралық құқық нормаларын іске асыруы мүмкін екендігін көрсетеді және жоғарыда аталып өткендей, бұл көбінесе инкорпорация мен рецепция дәрежесінде болуы мүмкін.
Заңнамада «тікелей» қолдану туралы, халықаралық құқық нормасының «тікелей» әрекеті туралы жиі айтылады. Мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 3-бабының 8-тармағында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстің кеңістікте қолданылуының өзгеше ережелері белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады».
Нормалардың бір – біріне қайшы келуі және келіспеуі құқықтық реттеудің бұзылуына әкеліп соғады және соған орай оның тиімділігін ел көлемінде ғана емес, халықаралық құқық тәртібінде де төмендетеді. Заңгер-практиктерге жиі өзгеріп отыратын заңнаманың кей тұстарын көру қиынға соғады, ал кейбір жаңа нормативтік құқықтық актінің (әсіресе, заңға сәйкес актілер) пайда болу сәтін байқап та үлгермейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейтін халықаралық шарттардың ратификациялануының мүмкіндігі әбден аз десе де болады. Себебі Негізгі Заңда халықаралық-құқықтық қызметтің негізділігі мен оның дәлдігіне жауап беретін мемлекеттік органдардың шегі көрсетілген.
1995-жылы 30 тамызда
Конституция қабылданғаннан
Халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігіне кепіл болатын, оларды «сүзгіден» өткізетін Парламент мен Конституциялық Кеңес бар. 54-баптың 1-тармағына сәйкес «Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы 1) заңдар қабылдайды, …7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 2-тармақшасы); Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 3-тармақшасы); Бұл жағдайда Конституцияның 73-бабының 2-тармағына сәйкес «тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады». Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде өз шешiмiн шығарады. Егер мәселе кейiнге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне енгiзiлмейдi (74-бап, 1-тармақ).
Егер Республика Конституциясына қайшы келетін халықаралық шарт ратификацияланып қойған болса, соның нәтижесінде белгілі бір қайшылықтар туындаса, Конституцияны қорғауға үшінші билік — сот билігі шығады. Ол Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады (76-бап, 2-тармақ). Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады (76-бап, 2-тармақ). Соттардың
Халықаралық құқық барлық жағдайда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан бұлтарыссыз, сөзсіз басымдығын талап етпейді. Әрбір мемлекет өзі үшін халықаралық құқық пен өзінің ұлттық құқығы арақатынасының деңгейін, тәртібін, нысанын орнатады. Міне осы жағдайда мемлекеттің егемендігі көрінеді. Дегенмен, халықаралық шартқа кіргеннен кейін, өзіне белгілі бір міндеттерді ала отырып (барлық шарт бойынша немесе бір бөлігі бойынша), мемлекет оларды адал орындауға міндетті. Міне осыдан мемлекеттің халықаралық аренадағы өркениетті тәртібі көрінеді.
Осылай, Қазақстан Республикасының Конституциясы жеткілікті мөлшерде Қазақстан Республикасында халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді және сыртқы жағымсыз әсерлерді жоюға кепілдік береді.

- Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі
- «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні
- Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы және Біріккен Ұлттар ұйымынағы орны
- Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
- Қазақстанның экологиялық жағдайы
- Қазақстанның экологиялық проблемалары
- Қазақстанның экологиялық проблемалары
- Қазақстанның саяси жүйесі
- Қазақстанның су қоры және оны тиімді пайдалану
- Қазақстанның сыртқы саясаты
- Қазақстанның сыртқы саясаты
- Қазақстанның табиғаты
- Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл
- Қазақстанның темір жол қатынасы