Бағалау әдістері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Кәсіпорынды 3 тәсілмен бағалау.
- Сатуды тікелей салыстыру тәсілімен бағалау.
- Табыстық тәсілімен бағалау.
- Шығындық тәсілімен бағалау.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Кәсіпорын құнын бағалаудың бірнеше ондаған әдістемелері бар, олар мамандармен, әдетте, табыстық, салыстырмалы және шығындық тәсілдерге топталады.
Табыстық тәсіл.
Болашақ табыстың
ағымдағы құынын анықтауға негізделген
кәсіпорынды бағалаудағы
- табысты капитализациялау әдістемесі;
- ақша ағымдарын дисконттау әдістемесі.
Салыстырмалы (нарықтық) тәсіл.
Кәсіпорынды бағалауға салыстырмалы тәсіл әдістемелері бағаланатын кәсіпорын құнын салыстыратын кәсіпорын құндарымен салыстыруға негізделеді. Салыстырмалы тәсілге келесі әдістемелер жатады:
- капитал нарығы;
- мәмілелер (сатуды салыстырмалы талдау әдістемесі);
- салалық коэффиценттер.
Негізгі қорларды бағалауға салыстырмалы (нарықтық) тәсіл бағаланатын обьекті құнын басқа салыстыратын қорлар құнымен салыстыруға және сәйкес түзетулер енгізуге негізделген. Оны қолданғанда келесі әдістер қолданылады:
- сатуды тікелей салыстырмалы талдау әдісі;
- жалпы ренталық мультипликаторды қолдану;
капитализацияның жалпы коэффицентін қолдану;
Мүліктік тәсіл кәсіпорын активтерін талдауға негізделген. Мүліктік тәсілдің барлық әдістемелері кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін бағалау үшін қолданылады.
Мүліктік (шығындық) тәсіл өзіндік қорлардың құнын анықтау үшін обьект құрылысына шығындар мен осы обьект тұрған жер учаскесінің нарықтық құны мен қоса онтайлы бағыт болатындығына негізделген.
Негізгі қорларды
бағалауға шығындық тәсілді
- қозғалмайтын обьект тұрған жер учаскесінің нарықтық құнын анықтау;
- негізгі қорлардың ауыстыру құны мен қалпына келтіру құнын есептеу;
- қорлардың тозуының барлық: табиғи, функционалдық және сыртқы түрлерін есептеу;
- негізгі қорлардың қалдық құнын анықтау.
Сатуды тікелей салыстыру тәсілімен бағалау.
Меншікті бағалауға салыстырмалы тәсілдің ерекшеліктері болып құнның қорытынды шамасының, бір жағынан, ұқсас компанияларға тиесілі акцияларды сатып алу-сатудың нарықтық бағасына, басқа жағынан, нақты жеткен қаржылық нәтижелерге бағытталуы табылады.
Ерекше көңіл келесілерге бөлінеді:
- салыстырмалы
тәсілдің теориялық
- ұқсас кәсіпорындарды таңдау талаптарына;
- маңызды баға
мультипликаторлардың
- құнның қорытынды
шамасын қалыптастырудың
- мультипликатор
шамасын таңдауға, аралық нәтижелерді
салмақтандыруға, түзетулер
Бағалаудағы салыстырмалы (нарықтық) тәсілде активтердің құндылғы жеткілікті құрылған қаржылық нарық бар болғанда қаншаға сатылуы мүмкін екендігімен анықталады деп болжанады. Басқаша айтқанда, бағаланатын кәсіпорын құнының ең мүмкін шамасы нарықпен тіркелген ұқсас фирманы сатудың нақты бағасы болуы мүмкін.
Салыстырмалы тәсілдің қолданылуын, сонымен қатар нәтижелі шаманың объективтілігін дәлелдейтін теориялық негізі болып келесі негізгі жағдайлар жатады:
- бағалаушы бағыт
ретінде нарықпен нақты
- салыстырмалы
тәсіл альтернативті
- кәсіпорын бағасы
оның өндірістік және қаржылық
мүмкіндіктерін, нарықтағы жағдайын,
даму болашағын көрсетеді.
Салыстырмалы
тәсілдің негізгі артықшылығы болып
бағалаушының ұқсас кәсіпорындарды
сатып алу-сатудың нақты
Сонымен қоса салыстырмалы тәсілдің бірқатар мәнді жетіспеушіліктері бар:
- есептеу үшін
негіз болып өткен кезеңде
болған қаржылық нәтижелер
- ол тек бағаланатын объекті бойынша ғана емес, бағалаушымен ұқсас деп танылған фирмалар бойынша да жеткілік жан жақты қаржылық нәтижелер болғанда ғана мүмкін. Ұқсас кәсіпорындардан қосымша ақпарат алу күрделі процесс болып табылады;
- күрделі түзетулерді,
қорытынды шамаға және аралық
есептесулерге қатаң
Негізгі қорды бағалауға салыстырмалы тәсіл бағаланатын объект құнын басқа салыстырылатын қорлар құнымен салыстыруға және сәйкес түзетулер енгізуге негізделеді. Оны қолданғанда келесі әдістер пайдаланылады:
- сатуды тікелей салыстырмалы талдау әдісі;
- жалпы ренталық мультипликаторды қолдану;
- капитализацияның жалпы коэффициентін қолдану.
Сатуды тікелей салыстырмалы талдау әдісі – сату-сатып алу нақты мәселесінің сәйкес қорының сипатын талдаудан және оларды бағаланушы объектімен салыстырудан тұрады. Бағалаудың берілген әдісі ауыстыру қағидасыне негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда соңғы уақытта сатылған салыстырылатын объект талданады, бағаланушы және салыстырмалы объектіл арасындағы айырмашылық бағасына түзетулер енгізіледі.
Сатуды талдау әдісін жүзеге асырғанда келесі технология қолданылады:
- сәйкес нарықта салыстырылатын объектілердің жақындағы сатылымдары анықталады;
- мәмілелер туралы ақпарат сенімділігі тексеріледі;
- әр салыстырылатын объекті мен бағаланушы объект арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, салыстырылатын объект бағасына түзетулер енгізіледі.
Салыстырмалы объектілердің
Мәмілелер туралы мәліметтер тексерілуі және расталуы қажет. Мәміле бағасын растау мәміленің нақты бағасының шамасына сенімді болу үшін қажет, өйткені «екіншілік нарықта» жиі азырақ шама көрсетіледі, ал мәміленің нақты бағасы жоғары.
Салыстырылатын объекті
Түзету мөлшерін анықтаудың негізгі әдістері – жұптық сатуды талдау, элемент құнын регрессивті талдау және есептеу. Қандай да болмасын сипаттама бойынша түзету шамасын анықтау әдістерінің бірі жұптық сатуды талдау деп аталады және салыстырмалы сатулардың бірнеше жұбын талдау мен салыстырудан тұрады. Екі біртекті объект сатылуын жұптық деп атайды. Оларда тек бір сипаттама ғана ұқсас емес. Оны салыстырылатын объектінің нақты бағасына түзету ретінде бағалау мен қолдану қажет.
Регрессиялық талдау математикалық формулаларды пайдалануды қарастырады:
C=b*x
мұндағы, C – объектінің есептелетін құны
b – салыстыру бірлігіне алынған коэффициент
x –
бағаланушы мәлімет үшін
C=b*x+a+d+…+n
мұндағы, а ,d... n – оң немесе теріс түзету коэффициенттері
C=A+b+d+...+n
мұндағы, A – қандайда бір базалық шама
C=A-(100+b+d+...+n)
мұндағы, в,d...n - 100% қосылатын немесе шегерілетін %-дық түзету коэффициенттері. Әр
коэффициент бір-бірінен
Қозғалмайтын мүлік
С = Σ ai * x i n
мұндағы, ai – регрессия коэффициенті,
x i – қор құны тәуелді факторларды сипаттайтын әртүрлі айнымалылар.
Алайда бұл модельдерді
Ол қозғалмайтын мүлік пен басқа қорлардың дамымауы жағдайында орын алады.
Салыстырылатын объектілердің бағасын түзету ақша бірліктерінде, пайыздарда, жалпы топтастыруларда және кумулятивтік пайыздық түзетулерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақшалай түзетулер – бұл әр салыстырылатын объектінің сату бағасына қосылатын немесе одан алынатын сомалар.
Пайыздық түзетулер нақты ақша
сомаларын анықтауға қиын болғанда
қолданылады. Әдетте пайыздық шамалар
уақытқа, мәмілені қаржыландыру ерекшеліктеріне
және орналасуына түзетулерде
Кумулятивтік пайыздық түзетулер барлық жеке пайыздық түзетулерді көбейтумен анықталады.
Объектілерді салыстыру үшін жиі түсімнің сату бағасына (жалпы ренталық мультипликатор) не таза табыстың бағаға (капитализацияның жалпы коэффициенті) қатынасы қолданылады.
Салыстырылатын объектілердің сату бағасына түзетулер енгізу салыстырылатын объектілер арасындағы салыстыру элементтерінің барлығы анықталып, айырмашылықтар бағаланғаннан кейін жүзеге асырылады. (пайыздарда немесе ақшалай бірліктерде).
Егер салыстырмалы элемент бағалау
объектісіне қарағанда жақсы
болса, онда түзетулер минус таңбасымен
алынады (теріс түзету). Ал егер теңестіру
объектісі салыстырмалы объект элементтен
бағалауға қарағанда нашар
Жалпы ренталық мультипликатор көмегімен объект құнының есебі. Бұл объектіге табыс әкелетін және жалға берілетін объектіге қолданылады. Осы әдіспен құнды есептеу былай жүреді: алдымен объек үшін жылдық жалдық ставка анықталады, одан кейін осы нарық секторы үшін жалпы ренталық мультипликатор есептеледі, соңғы нәтижесінде тиімді жалпы мультипликаторға жалдық ставка көбейтіледі.
Бизнестің негізі
болып, оның бөлінбес мәні болып меншікті
иеленуден табыс алу болып
табылады. Сондықтан меншіктің қандай
болсын объектісі нарықтық қатынастың
барлық субъектілерін табыс алудың
көзі ретінде қызықтырады. Табыс
алу – экономика аяларының
басым бөлігінде әрекеттің
Сондықтан
инвестициялау объектісі
Бағалау объектісімен алынатын табыс көп болған сайын оның нарықтық құны да жоғарырақ болады. Табыстық тәсілде бағалаудың күту қағидасы айқынырақ көрінеді. Сондықтан табыс алынуы мүмкін уақыт ұзақтығы да үлкен мәнге ие болады. Мұндай тәсілдің барлық мағынасы – осы болашақ табыстарды ағымдағы құнмен есептеу.
Бағалауға табыстық тәсіл екі әдістен тұрады:
- таза табысты капитализациялау әдісі;
- ақша ағымын дисконттау әдісі.
Табысты капитализациялау әдісінің (немесе
тікелей капитализация
Негізгі қор құны келесі формула бойынша анықталады:
Қ = Д/К
мұндағы, Д – қор пайдаланудан түскен таза жылдық табыс;
К – капитализация коэффициенті.
Таза табыс – бұл қолда бар түсімнен қорларды қолдану бойынша барлық шығындарды шегергеннен кейін бағаланатын қорларды қолданудан алынған күтілетін жылдық таза табыстың есептелген шамасы.
Таза табыс есебін объектіні
пайдаланудан мүмкін пайданы анықтаудан
бастау қажет. Потенциалды жалпы
түсім - бағаланатын объектіде
жүзеге асатын негізгі әрекет түрінен
және қосымша қызметтен түсетін
түсімнің күтілетін жалпы мөлшері.
Потенциалды жалпы түсімді
Қорды пайдалану бойынша шығындар: тұрақты, операциялық және резерв деп бөлінеді. Тұрақты шығындарға, мысалы, мүлікті сақтандыруға аударымдар жатады. Операциялық немесе қолдану шығындарына қорды қолдану бойынша, табыс ағымын қолдану бойынша және қызмет көрсету бойынша шығындар жатады. Қозғалмайтын объект үшін эксплуатациялық шығын құрамына мыналар жатады:
- объектіні басқаруға төлем;
- қызмет көрсетуші қызметкерлерге еңбекақы және сыйақы;
- жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыру;
- коммуналдық төлемдер (электр жарығы, газ, телефон, су);
- объектіні ұстауға шығындар;
- жөндеуге, жарнамаға, банктік қызметтерге шығындары, көлік шығындары.
Резервтерге жиһаз, асхана жабдықтарын, ыдыс-аяқ және т.б. жабдықтарды сатып алуға шығындар кіреді.
Барлық тұрақты, эксплуатациялық шығындар және резервтер өндірістік өзіндік құн құрамына кіреді. Объектіні өндіруге шығындар берілген шығындар тізіміне жатпайды, өйткені олар амортизациялық аударымдар құрамына кіреді.
Таза операциялық шығындарды есептеу
үшін табыстар мен шығындар туралы
есеп беру жасалады. Оған негіз бас
бухгалтерлік кітап, пайдалар мен шығындар
туралы есеп беру, төлемдік ведомостер,
накладнойлар, келісім-шарттар және
басқа да бухгалтерлік құжаттар. Табыстар
мен шығындар туралы есеп беру бағалау
күнінен кейінгі бірінші
Капитализация коэффициенті таза табысты
объект құнына айналдыратын параметрді
білдіреді. Мұнда негізгі қорды
қолданудан алынатын таза пайда және
қорды сатып алуға жұмсалған
негізгі капиталдың өтелуі ескеріледі.
Осы екі құраушыны ескеретін
капитализация коэффициентін
Әлемдік тәжірибеде капитализация коэффициентін есептеудің келесі әдістері жиі қолданылады:
- тікелей капитализация әдісі (тікелей салыстыру әдісі);
- байланысқан инвестиция қарыз және меншікті капитал әдісі;
- байланысқан инвестиция жер және ғимарат әдісі;
- кумулятивтік әдіс;
- Эллвуд әдісі.
Тікелей капитализация әдісімен капитализация коэффициентін анықтау ұқсас қорлар бағасы (Б) және оларды қолданудан алынған таза табыстар (ТТ) туралы нарықтық мәліметтерді талдауға негізделеді:
К= ТТ/Б
Байланысқан инвестиция қарыз және меншікті капитал әдісі. Қор сатып алу үшін белгілі бір пропорциядағы қарыз және меншікті капитал пайдаланғанда қолданылады. Капитализацияның жалпы ставкасын былай анықтайды:
Кжалпы = Ккр*Укр+Кмен.к(1-Укр)
мұндағы,
Укр – қарыз капиталының
(1-Укр) – меншікті капитал үлесі;
Ккр –
қарыз капитал құраушысы (
Кмен.к
– меншікті капиталға
Байланысқан инвестиция жер және ғимарат әдісі. Оны мүліктік кешеннің әр компонент құрылыс пен жер учаскесі бойынша капитализация ставкасын нақты есептеу мүмкін болғанда қолданады. Капитализацияның жалпы ставкасының есебі осы әдіс бойынша келесі формуламен анықталады:
Кжалпы =Қжер*Кжер+Қғим*Кғим
мұндағы, Қ жер – мүліктік кешеннің жалпы құнындағы жердің пайыздық құны;
Кжер – жер нарығы үшін капитализация ставкасы;
Қғим –
мүліктік кешеннің жалпы
Кғим – ұқсас ғимаратқа капитализация ставкасы.
Кумулятивтік әдіс ерекшелігі – екі коэффициенттің біреуі – пайыз ставкасы (неиелі капиталға табыс ставкасы) жеке компоненттерге бөлінеді. Осы компоненттерді қосу жолымен пайыздық ставка есептеледі.
Эллвуд әдісі – бұл
Кжалпы = Кмен.к+И/Б*Кипотека+ + α – β • К фп
мұндағы, Кмен.к – инвестицияға және капитал қайтарымына табысты қосатын меншікті
И – ипотекалық несие мөлшері;
Б – объект бағасы;
Кипотека
– ипотекалық коэффициент,
Кқ – қорды иеленудің
ставкасындағы қор өтеу
Ипотекалық коэффициент
Кипотека = Кмен.к+ Аипот*Кқж – И
мұндағы, Аипот – болжанатын жылға амортизацияланатын ипотекалық несие бөлігі;
И – ипотекалық тұрақты.
Дисконтталған ақшалай
ағымдары әдісімен анықталған бизнестің
нарықтық құны инвестормен талап
етілетін табыс ставкасы бойынша
дисконтталатын берілген бизнестен
алынатын табыстың болжамдық бағасы.
Нәтижесінде, ақшалай қаражаттарды
әрекет ететін кәсіпорынға тек жұмсалған
қаржаттарды ғана қайтарып қоймай,
болашақта пассивті әдісті (банкке
салу) қолданудан да көбірек табыс
әкеледі деген мақсатта салу. Бұл
әдіс объектіні қолдану немесе оның
мүмкін сатылуы әкелетін болашақ
табыстардың ағымдағы құнын анықтау
үшін қолданылады. Дисконтталған
ақшалай ағымдары әдісін қолдана
отырып, объектінің негізделген нарықтық
құнын анықтауды бірнеше
- Ақшалай ағым үлгісін таңдау
- Болжамдық кезең ұзақтығын анықтау
- Өткізуден жалпы түсімді ретроспективті талдау және болжау
- Шығындарды талдау және болжау
- Инвестицияларды талдау және болжау
- Болжамдық кезеңнің әрбір жылына ақша ағымының шамасын есептеу
- Дисконт мөлшерлемесін анықтау
- Болжамдықтан кейінгі кезеңде құн шамасын есептеу
- Болжамдықтан кейінгі кезеңде болашақ ақша ағымдарының және құнның ағымдағы құнын есептеу
- Қорытынды түзетулерді енгізу.
Шығындық тәсілімен бағалау.
Кәсіпорын құнын бағалаудың бірнеше әдістері бар, олар көбіне мамандармен мүліктік, табыстық, салыстырмалы деп үш топқа топтастырылады.
Мүліктік тәсіл кәсіпорын
- Кәсіпорын активтерін жинақтау;
- Түзетілген баланстық құн (немесе таза активтер әдістемесі);
- Ауыстыру құнын есептеу
- Жою құнын есептеу
Мүліктік тәсілдің барлық әдістері кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін бағалау үшін қолданылады.
Кәсіпорынды бағалаудағы табыстық әдіс шегіндегі әдістемелер болашақ табыстың ағымдағы құнын анықтауға негізделген, оған:
- табысты капитализациялау әдісі;
- ақша ағымдарын дисконттау әдісі.
Кәсіпорынды бағалаудың салыстырмалы
тәсілінің әдістемелері сол сияқты
басқа кәсіпорындармен
- капитал нарығы;
- мәмілелер (сатуды салыстырмалы талдау әдістемесі);
- салалық коэффициент.
Олар бөлек-бөлек
Негізгі қорлардың құнын бағалау
технологиясы сегіз деңгейден тұрады,
олардың әрқайсысы кезекті
Негізгі қорлардың құнын бағалау сатылары:
1. Мәселені анықтау;
2. Негізгі қорларды алдын ала
зерттеу және бағалауға
3. Мәліметтерді жинау және
4. Жер учаскесін бағалау;
5. Негізгі қорлардың құнын
6. Әртүрлі тәсілдермен алынған нәтижелерді байланыстыру;
7. Баға туралы есеп беруді және қорытынды жасау;
8. Баға туралы баяндама.
Негізгі қорларды бағалаудың бірінші
сатысында мәселелер
- сәйкестендіру, яғни негізгі қорларды сипаттау;
- бағалау затын анықтау;
- бағалау күнін анықтау;
- бағалаудың мақсаты мен қызметтерін қалыптастыру; құн түрін анықтау;
- тапсырыс берушіні шектелген шарттармен және болжамдармен таныстыру.
Негізгі қорларды сәйкестендіру кезінде олардың атауы, негізгі қорларды жіктеушіге сәйкес коды, түгендеу нөмірі, орналасуы және басқа да реквизиттер мен техникалық сипаттамалары көрсетіледі.
Бағаланатын затты анықтау. Бұл негізгі қорлардарды бағалаудың ең маңызды кезеңі болады. Бағалануға барлық кешен немесе негізгі қорларға қандай да бір мүліктік құқықтар жататындығы анықталады.
Бағалау күнін анықтау. Мұнда қорды бағалау уақыты бекітіледі. Негізгі қорлар құны уақыт бойынша өзгеріп отырады. Уақыттың салыстырмалы қысқа аралықтарында бұл өзгерістер үлкен болуы мүмкін. Сондықтан бағалау күні бекітіледі.
Бағалау күні негізгі қорларды сату күні, оны қарау күні, мүліктік кешенді бөлумен байланысты соттық қарастырулар күні болуы мүмкін.
Бағалау мақсатын анықтау бағалау әдістемесін таңдауды шарттайды. Бағалау мақсатының дұрыс анықталмауы бағалаудың қате нәтижесіне әкелуі мүмкін. Бағалау мақсаты анықталуға тиісті құн түрін анықтайды. Бағалау мақсаты негізгі қорлардың нарықтық құнын, жою құнын, қалпына келтіру құнын анықтау болуы мүмкін.
Бағалау процесінде тапсырыс берушіні бағалау кезінде пайда болатын негізгі шектеулі шарттармен және болжамдармен таныстыру керек Шектеулі шарттар мен болжамдар бағалауды нақты жүзеге асыру үшін, тапсырыс беруші мен эксперт-бағалаушының мүдделерін қорғау үшін қалыптастырылады. Ол келесідей болады:
- есеп беруді дайындағанда болашақ табыстар мен амортизациялық аударымдар туралы болжамдық мәліметтер қолданылады;
- кәсіпорынның қаржылық және техника-экономикалық сипаттамасы;
- бухгалтерлік есеп берулер негізінде алынады және есептеледі. Оның шынайылығын арнайы аудиторлық тексеру және мүлікті түгендеу жүргізілмейді;
- есеп берудегі болжамдар ағымдағы нарықтық жағдайларға және сұраным мен ұсыным өзгерістеріне әсер ететін болжамдық факторларға негізделген;
- берілген бағалау тек бағалау күніне және есеп берудегі көрсетілген қызметтер үшін ғана жарамды;
- қорытынды мен есеп беру эксперт-бағалаушының ешқандай кепілдіксіз мүлікті кейін өткізу жағдайларына қатысты көзқарастарын білдіреді;
- тапсырушы бағалаушыны соңғы төрт жылдың баланстық есеп берулерін, әрекет нәтижелері туралы есеп берулерін қоса барлық қажетті ақпаратпен, келісім-шарт текстерімен, құрылтай құжаттарымен және басқа ақпаратпен қамтамасыз етеді.

- Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу
- Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу
- Бағалау объектісімен алынатын
- Бағалау туралы заң
- Бағалы кагаздар
- Бағалы кағаздар нарығынын инфра кұрлымыбағалы кағаздар нарығынын инфра кұрлымы
- Бағалы қағаз
- Баға дискриминациясы
- Баға қалыптастыру
- Баға құралуының теориялық аспектілері
- Баға құралуының теориялық аспектілері
- Баға құрамындағы салықтар
- Баға құрылымы
- Баға құрылымы. Бағаны тұрақтандырудың модельдері. Қазақстан Республикасының баға жүйесі