Бағалы кагаздар
Тақырыбы: “Бағалы қағаздар”
Жоспары
І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бағалы қағаздар нарығы
2. Бағалы қағаздардың түрлері
3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Менің рефератымның тақырыбы: «Бағалы қағаздар». Жалпы рефератым бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсам: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер. Негізгі бөлімде бірнеше тарау қарастырылған. Рефератымда бағалы қағаздар мен оның түрлері және облигациялардың түрлері, бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.
Рефератымның бірінші бөлімде мен бағалы қағаздар және олардың қаржы рыногындағы маңызды орын алатындығы, бағалы қағаздарға не жататындығы жайындағы мәселелерді қарастырамын.
Екінші бөлімде бағалы қағаздардың түрлері мен қызметі және барлық түрлеріне толықтай тоқталып, мағынасын ашып кеттім.
Соңғы үшінші бөлімде бағалы қағаздардың шығарылымы мен айналысы және оның эмиссиясы, бағалы қағаздардың айналысқа шығару эмиссиясы туралы мәселелерді қарастырамын.
Негізгі бөлім
1. Бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын рыноктың экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етеді. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғи ресурстар, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа жылжымайтын, жер, алтын, сақтық рыноктарымен етене байланысты.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыногтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Қаржы рыногында бағалы қағаздарының қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Ол құн құндылықтарының: корпоративтік бағалы қағаздардың - акциялармен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қор рыногын және мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кіріктіреді. «Қор рыногы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.
Функциялық тұрғыдан қаржы рыногы-бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің (уақытша бос ақша қаражатарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыногтық қатынастардың жүйесі. Бұл рыногтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыногтың қаржы құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді. Бағалы қағаздар-мүліктік құқықты немесе олардың иелерінің осындай құжаттар шығарған ұйымдарға қарыздың қатысын куәләндыратын ақшалай құжаттар болып табылады.
Бұл анықтамада мүліктік құқық бағалы қағаздарды кеңінен түсінуді қажет етеді:
- олардың иелерінің белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектінің капиталына қатысуын және бұл қатысудан табыстың бір бөлігін алуын растайтын құжаттар ретінде;
- оларды тұлғаланған мүліктік құқықтарды іске асыру және иеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын құжаттар ретінде; бұлай баяндауда «бағалы қағаздар» ұғымы бірқатар есеп айырысу-шаруашылық операцияларын: чектерді, коносаменттерді, варианттарды қамтиды.
- қағаз қатынастары мемлекеттік, сондай-ақ корпоративтік бағалы қағаздар ретінде де тұлғаланады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс. Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақытымен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рыногта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рыногта бағалы қағаздардың айналысы яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн-бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыногтық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы-мәмілелер сауда –саттық ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы-бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжатарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын фирмасы.
Бұдан басқа қаржы рыногтарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерий бойынша: ұлттық, халықаралық, өңірлік; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардық және т.б.
2. Бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттай құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлық бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лоторея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңға сәйкес Қазақстанда бір шығарылым шектерінде бір текті белгілер мен реквизиттерде ие болатын, осы шығармаға арналған бірыңғай шарттар негіздемесінде орналастырылатын және айналыстағы бағалы қағаздар –эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады, олар мемлекетік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар-бұл бір эмиссия шегіндегі біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізіндегі орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар.
Инвестициялық (капиталдық ) бағалы қағаздар-капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзапра шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар –бұл тауар немесе басқа рыногтарда ақшалай есеп – қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары 3 топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар бұл мемлекеттік ішкі борыштық болуының нысаны эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың олигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті борышқорлық міндеттемелер жатады.
Мемлекеттік емес бағалы
қағаздар корпоративтік және жекеше
қаржы институттарының
Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жәй акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда девиденттер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері-акционерлердің жай акциялардың меншік иелері-акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысынде белгіленіп алдын-ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде девиденттер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс. Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс-берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция-оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей-ақ бағалы қағаздар рыногында еркін сатып алуға-сатуға мүмкіндік береді.
Облигация-ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі.
Облигациялардың мынадый түрлері болады:
- агенттік облигация;
- ипотекалық облегация;
- қамтамасыз етілген облигация;
- ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;
- мемлекеттік емес облигациялар;
- кәсіпорындардың облигациялары;
- Агенттік облигация- қаржы агенттігі шығаратын облигация.
- Ипотекалық облигация - жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шарты мен шығарылатын,ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілмен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық акциясымен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облигация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.
- Қамтамасыз етілген облигация-эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілі мен кепілдік беру мен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.
- Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигациялардың банк мекемелер таратады пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.
- Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстары заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Бағалы қағаздар құрамында
мемлекет тарапынан, халықтан және заңи
тұлғалардан алынған қарыз
Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізінде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздың түрі,ол иелерінің ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.
Боналар-мемлекеттік қазынашылық,муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылар сатып алу және төлем құралдары ретінде пайдаланылатын борышқорлық міндеттемелер.
Бүгінде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары, қаржы министрлігінің бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ; МЕУКАМ, МАОКО және басқалар), муниципалдық бағалы қағаздар.
Ұлтттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 1 жылға дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады.Олар ақша-кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардың инвесторлар үшін тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕККАМ) сатып алу-сату операциясы болып табылады,ал МЕККАМ-ды сатып алу-сату келісімшарты мен рәсімделеді.Айналыс мерзімі -3,6,9,12 ай
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОКАМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады,республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста болады.Олардың айналыс мерзімі -1 жылдан жоғары, 5 жылға дейін қоса алғанда.
3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды,облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар, облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару эмиссия – бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне-инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың:
1. акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырылған кезде;
2. акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3. облигациялар және
басқа борыштық жолмен
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы рефератымды қорытындылай келе мен бағалы қағаздар мен оның түрлері және облигациялардың түрлері, бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырдым.
«Бағалы қағаздар» ұғымы бірқатар есеп айырысу-шаруашылық операцияларын: чектерді, коносаменттерді, варианттарды қамтиды. Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар.
Рефератымның бірінші
бөлімде мен бағалы қағаздар және
олардың қаржы рыногындағы
Екінші бөлімде
бағалы қағаздардың түрлері
Соңғы үшінші бөлімде бағалы қағаздардың шығарылымы мен айналысы және оның эмиссиясы, бағалы қағаздардың айналысқа шығару эмиссиясы туралы мәселелерді қарастырдым.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- «Қазақстан Республикасының Бюд
жет кодексі» Ресми газет №21,22 Алматы 2004ж.
- 2006 жылға арналған Республикалық б
юджет туралы Қазақстан Республ икасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Заңы .
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
- Р.Аимкулов, А.Оспанов «Мемлекеттік бюджет» дәріс конспектілері. Семей 2004 жыл .
- С.Әкімбеков, А. Баймұхаметова, У.Жанайдаров «Экономикалық теория» оқу құралы Астана 2002 жыл .
- Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М. Есқалиев, Е.Жатқанбаев, С.Досқалиев «Экономикалық теория негіздері» оқулық Алматы 1998 жыл .
- Н.Әпсәләмов, Қ.Исабеков, Ө.Сұлтанов «Экономикалық теория негіз- дері» оқу құралы Алматы 1998 жыл .
- Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001 жыл .
- Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2003 жыл .
Тақырыбы: “Инфляция және оның түрлері”
Орындаған:
Жоспары
І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Инфляция және оның түрлері
2. Инфляциялық факторлар
3. Инфляцияға қарсы шаралары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Менің рефератымның тақырыбы: «Инфляция және оның түрлері» болып табылады. Жалпы рефератым бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсам: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер. Негізгі бөлімде бірнеше тарау қарастырылған. Рефератымда инфляцияның бізге қайдан келгені, не мағына беретіндігі, инфляцияның түрлері, инфляция құбылысы қаржылық факторларға тәуелділігі, инфляциялық факторлар және инфляцияға қарсы шаралар туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.
Рефератымның мақсаты – инфляцияның мәні мен маңызын ашу, және оның негізгі түрлері, қағидаттары, бағыттары, факторлары мен инфляцияға қарсы шараларын таныстыру болып табылады.
Бірінші бөлімде мен инфляцияның тарихын шолып кетіп және де инфляция және оның түрлеріне толықтай мағынасын ашып жазамын.
Екінші бөлімде инфляциялық факторлар және әр факторларына тоқталып мағынасын ашып қарастырамын.
Соңғы үшінші бөлімде инфляцияға қарсы саясат шаралары жөнінде және әр саясатқа толық сипаттама беріп, мағынасын ашуға тырысамын
Негізгі бөлім
1. Инфляция және оның түрлері
«Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 ж.ж.) қағаз долларының («гринбергтердің») қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ, Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
- айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
- қолайсыз төлем балансы;
- үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
- инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
- мемлкеттік берешектің көлемі.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополиялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекет қаржысының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарынң өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көп факторлы үдеріс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі. Инфляциялық үдерістің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынадай критерийлер бойынша ажыратады:
Бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
- баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
- өршімелі – баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
- Әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
- Теңестірілген және теңестірілмеген инфляция;
Теңестірілген инфляция кезінде әр түрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңестірілмеген инфляция кезінде олардың бір-біріне арақатысы өн бойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;
Болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
- Күтілген және күтілмеген;
Шығу немесе пайда болу орнына қарай:
- Импортталған және экспортталған;
Сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі тұрпатй бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
2. Инфляциялық факторлар
Нарықтық экономика
кезінде қаржы инфляциялық
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуіне әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен салықтық түсімдер қажеттіліктен артта қалып қояды. Мұның өзі сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады. Бұл белгілі бір салық нысандары мен әдістеін қолдануды қажет етеді.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындарының неғұрлым өсуімен байланысты). Бұл инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымын реттеуді, мемлекеттік бюджет бюджет тапшылығын жабудың әдістерін қарастыруды қажет етеді.
Инфляция да қаржылық катынастарды өзгеріске ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салықтық түсімдерді арттырудың қажеттігін тудырады.

- Бағалы кағаздар нарығынын инфра кұрлымыбағалы кағаздар нарығынын инфра кұрлымы
- Бағалы қағаз
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Бағалы қағаздар
- Баға құрылымы
- Баға құрылымы. Бағаны тұрақтандырудың модельдері. Қазақстан Республикасының баға жүйесі
- Бағалау әдістері
- Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу
- Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу
- Бағалау объектісімен алынатын
- Бағалау туралы заң