Бағалы қағаз нарығы
Кіріспе
Зерттеу
тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі
жаһандану кезінде қазіргі
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бастап қолданыла бастады. Сол кезеңдегі ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты, сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлерге ірі капитал сомасына деген қажеттілік туды. Оның үстіне теңізден шалғай нарық пен шикізат көзін игерумен байланысты орындалатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар – бағалаы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары бүгінгі күнге дейін Лондон мен Торронто биржаларында сатылуда. 15-17 ғасырларда Англиядағы акционерлік компаниялары, капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарга акциялар мен облигациялар жатады.
Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол, бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген.
Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасалған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл – бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ, бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, өйткені олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды зерттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды.
90-шы
жылдардың экономикалық
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса, қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып (акциялар, облигациялар), олардан түселтін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізі болып бөлінуі мен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді.
Курстық
жұмыстың мақсаты мен мінедеттері:
Курстық жұмыстың мақсаты бағалы
қағаздардың мәні және олардың түрлері,
бағалы қағаздардың әлеуметтік-
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Бағалы қағаздардың теориялық даму негіздері мен бағалы қағаздардың экономикалық мәні туралы оқып-білу;
- Бағалы қағаздардың түрлері мен атқаратын қызметтері туралы білімді толықтыру;
- Еліміздегі бағалы қағаздардың нарықтық экономика жағдайындағы дамуын талдау,
- Бағалы қағаздардың экономикалық қатынастарда қалыптасуы мен атқаратын қызметтерін айқындау;
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі даму проблемалары мен бағалы қағаздар нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары туралы оқып-білу.
1 Бағалы қағаздардың пайда болуы
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болу себептері
және оның құрылымы
Бағалы
қағаздар орта ғасырлардан бастап қолданыла
бастады. Сол кезеңдегі ұлы географиялық
жаңалықтардың ашылуымен
Ал алғаш рет бағалы қағаздар туралы 1882 жылы профессор Бруннер жазған болатын, ол оны жеке құқық туралы құжат ретінде көрсеткен.
Қазіргі заман әдебиеттерінің талдауы осы көзқарастардың сол ізбен келе жатқандығын растайды.
"Жалпы
экономикалық теория (политэкономия)"
оқулығында бағалы қағаздар
В.Д. Мельников, К.К. Ильясовта: "Бағалы қағаздар дегеніміз мүліктік құқықты куәландыратын немесе олардың иелерінің қарызға қатысын және бұндай кұжатты шығарған ұйьмдардың құқығын куәландыратын ақшалай құжат"-деп есептейді.[15, 304б]
Г.Т. Пазылхайырова: "Бағалы қағаздар ерекше категория ретінде, яғни тауар түрінде ішкі мәнімен және сыртқы көрінісі меншік құқын растайтын құжат ретінде анықталады".[11.54б]
Біздің көзқарасымызда бағалы қағаздар категория ретінде, былайша айтқанда тауар түрінде ішкі өз қасиетімен және сыртқы көрінісі меншік құқын анықтайтын жалған өзгеше тауар ретінде көрінеді.
Осыдан, біздің ойымызша, бағалы қағаздар әлеуметтік-экономикалық қатынастар үрдісінде (өндіруші мен тұтынушы арасындағы) және қаржы рыногында (эмитенттер мен инвесторлар арасында) айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін, сонымен бірге шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады.
Бағалы қағаздардың қызметінің негізін жалған капитал қозғалысы құрайды.
Жалпы алғанда жалған капитал қоғамдык қатынастарды көрсетеді, оның мәні осы қаржының кейбір бөлігін ұстауда несиелік капиталдың жекеленуінен және несиелік жүйені құрайтын арнайы институттардың құрылуынан пайда болған. Жалған капиталды нақтыдан бөлу капиталдың несиелік базасында жүзеге асырады, оның қорытындысында иеленушінің қолында меншік иесінің титулы қалады. Сол себептен, капиталдың заңды және экономикалық түрінің арасындагы үзіліс қалай толтырылса да, жалған капитал меншік түрінде көрінеді және де айналымға түсу қабілетін иеленеді.[10, 95б]
Негізінде бағалы қағаздардың рөлі мен мәнін былай анықтауға болады:
Біріншіден, экономикалық қатынастар құрылымының ажырамас бір бөлігі ретінде;
Екіншіден, инвестицияларды тартудағы тиімді механизм ретінде. қор активтерінің жоғарғы өтімділігін қамтуда капиталды экономиканың әрбір салалары мен шаруашылык субъектілерінің арасында тиімді бөлу;
Үшіншіден, рыноктық экономиканың барлық субъектілерінің жұмыстарын белсендіру негізінде, бірінші кезекте тұрғындардың, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсімді үлғайтуға ықпал етуі.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар капиталдық жэне ақшалық болып екі түрге бөлінеді. Капиталдық бағалы қағаздар капитал рыногында, ал ақшалық бағалы қағаздар ақша рыногында айналысқа түседі.
Бұл жіктеу жағдайын 1 сызбадан көруге болады.
Сызба
1- Бағалы қағаздарды жіктеу үлгісі
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздардың маңызды іс-әрекеттерінің мақсаты - бос ақша қаржысын инвестицияға салғысы келетіндермен және қаржыны қажет ететіндердің арасында катынас жүргізу жолы арқылы экономиканың әрбір саласына инвестицияны тарту механизмін іс жүзіне асыру болып табылады.
Бағалы кағаздарды тауарға жақындату үшін әсіресе инвестициялық тауарға жатқызу қажет. Өйткені бағалы қағаздар ерекше түрдегі тауар.
Тауар
мағынасын бәрі түсінеді, ол айырбас
құнын білдіреді, яғни, олардың тұтынушылық
құны нақты тұтынушылықты
Бұл мағынада тауар туралы жалпы түсінікпен инвестициялық тауар да түсінігі де сәйкес келеді. Бағалы қағаздар өзінен-өзі қандай да бір қажеттілікті канағаттандыра алмайды. Бағалы қағаздар заңдық мағынада бағасы өзінен өзі бола алмайтын ақшалық құжаттары болып табылады, кағаз тәрізді материалдық күйде; өздерінің табиғи қасиеттерінің күшімен, ал олардағы болатын құқық күшімен кейбір құндылықтарға жатады. Осыған сәйкес, бағалы қағаздардың тұтынушылық кұны олардың құрамында болатын табыс табу құқығына, меншікке бағаламында болады. Қағаздардың қабілеттілігі, кез келген басқа да қатынас объектілері тәрізді, тұтынушылықты және айырбас құнын алып жүрушілікте және осыған сәйкес оны қағаздың құндылығы деп атауға болады. Сол себептен, бағалы қағаздың ерекше өзгешеліктері бағалы қағаздардың тұтынушылық құны ондағы іске асқан құндылық құқығына тығыз байланыстылығында. Осылармен қатар барлық бағалы қағаздарға қатысты (акция, вексель, чек т.б) қағаздарды көрсету оған құқықтарды еңгізу үшін қажет. Сол себептен, багалы қагаздардың жалпы белгісі - оларда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру қажеттілігі болып табылады. Осы тектес анықтамалардың негізі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы Заңында (2003, 2 шілде) белгіленген.
Тауар
айырбастауға жататын нәрсе - бұл
бағалы қағаздардың және басқа да
айырбас нысандары болып табылатын
нәрселерге ортақ белгілері. Бірақ, жоғарыда
айтылып кеткендей, бағалы қағаздарды
ерекше түрдегі тауар ретінде айырып қарау
қажет. Бағалы қағаздар туралы оларды
тұтынылады деп карапайым тауар туралы
түсінікпен айтуға болмайды. Тұтынушылық
-тұтынушылықты қанағаттандырушылық ретінде
бағалы кағаздар бойынша табыс алуда болып
табылады, сонымен бірге бағалы қағаздың
құны тұтыну нәтижесінде қарапайым тауар
үшін өзіне тән сипатта азаймайды.
1.2
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және
түрлері
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізігі және туынды болып бөлінеді.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша қүқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куөліктер, жазылыс қүқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қагаздарга акциялар мен облигациялар жатады.
Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.
Сөйтіп, бағалы қағаздар — бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен саналуандығы.
Қазіргі
кезде Қазақстан
Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.
Акция — акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды баскаруға катысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Еңбек
ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының
қызметкерлері арасында таратылды және
оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер
болып табылды. Мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру бағдарламасын іске
асыру барысында қызметкерлердің акционерлік
кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын
еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары
шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа
түспейді: мұрағаттан басқа
қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе
қандай болса да сатуға құқығы болмады.
Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында
оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген
мерзім ішінде сатып ала алмайды.
Кәсіпорындардың
акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар
шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап
басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті
қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің
арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді
акциялар іс жүзінде облигациялар болып
табылады және меншіктің акционерлік
нысанының дамуына қарай акционерлік
қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы
мүмкін. Акция бөлінбейді.
Егер акция ортақ меншік құқығымен тұлғаға
тиеселі болса, олардың бәрі бір акционер
деп
және өзінің жалпы өкілі арқылы акция
куәландырылған құқықтарды пайдаланады.[17,
27б]
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері — акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс
Акциялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция — оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей - ақ бағалы қағаздар рыногында еркін сатып алу - сатуға мүмкіндік береді.
Облигация — ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны — облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай -ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бүл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арасындағы қарыз катынастарын растайды.
Облигациялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті каражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.
Облигациялардын мынандай түрлері болады:
агенттік облигация;
ипотекалык облигация; -
қамтамасыз етілген облигация;
ішкі
мемлекеттік және жергілікті қарыздардың
облигациялары;
мемлекеттік
емес облигациялар;
кәсіпорындардың
облигациялары.
Агенттік облигация
— қаржы агенттігі шығаратын облигация.
Ипотекалық облигация — жьлжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай - ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облгация жөне түрақты пайыз өкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.
Қамтамасыз етілген облигация — эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен жөне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.
Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады.[11, 421б]
Вексель - өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі — вексель пайда болады. Вексель - қарызды өтеудегі занды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз.
Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель беруші) сатушыға (вексель иемденуші) берген қарыз міндеттемесі. Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жежелдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да, сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Қолдану өрісіне қарай, немесе таратта болып екіге бөлінеді. Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайында және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық,қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді. Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділігі.Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі – акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцептті дегеніміз төлеушінің вексельді төлеуге берген клісімі. Қорыта айтқанда банктер, вексель бойынша неше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса , екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді. Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талап көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі – бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда , шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Әдетте, опцион компанияның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқын беретін бағалы қағаз. Опцион – заңды түрде бекітілген стандартты құжат.[6, 56б]
Опционның екі түрі кездеседі: сатып алушы опционы және сатушы опционы. Біріншісі – сатып алу шарты, онда опционның өзі сатып алынады. Екіншісі – сату шарты, ол бағалы қағазбен бірге сатылады.
Бағалы қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варрант. Варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының стаып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигацияларымен және артықышлықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан , бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант корпорацияның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп , өз алдына айналымға түседі.
Бағалы қағаздардың келесі тобына қаржы нарығы айналымындағы мемлекеттік институттар және банктердің міндеттемелері жатады.
Олар: қазыналық вексельдер - қаржы министрліктері шағыратын қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Депозиттік сертификат – ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз.
Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есеп иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығын. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Чектер бірнеше түрге бөлінеді:
- атаулы чектер. Оны чек беруші белгілі адамның аты-жөнін көрсетіп толтырады.
- Ордерлі чектер. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті басқа кісіге “индоссаментпен” беруге болды.
- Иесі ұсынушы чектер. Ол бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Чек айналымында көптеген мемлекетте, кейбір ұлттық заңдылықтар қолданылады. АҚШ- та және Ұлыбританияда, мысалы, чектік белгі қойылмайды.
1.3
Шетелдегі бағалы қағаздар айналысындағы
ерекшеліктер
1990-шы жылдардың басында АҚШ отбасыларының 40 пайызы акцияларға ие болды. Акциялардың немесе басқа да қаржылай активтердің құны өскен сайын инвесторлар баии түседі. Инвесторлар болашақта кәсіпорынның қаншалықты пайдалы болатынын ескере отырып, акцияларын күнделікті сауда-саттыққа салады, сонымен бірге , акциялардың бағасы корпорация басшыларына инвесторлардың қызығушылығы жайлы мәлімет береді.
Акция қорларының мыңдаған түрлері бар, бірақ ең танымал , таңдаулы , сауда-саттықты белсенді түрде жүргізетін корпорациялар тізімі әдетте Нью-Йорк қор биржасында NYSE сақталады. Мұнда акцияларды алмастыру 1792 жылы тіркелген болатын. 1998 – шы жылдардың аяғында NYSE -өз тізіміне әр түрдегі 3600 акцияларды енгізді. Акциялар мен құнды қағаздардың ең көп сатылатын жері NASDAG немесе құнды қағаз делдалдарының қауымдастығының автоматтық бағалау жүйесі. Мұнда акциялар алмасу биржадан тыс жүреді, қорлардың саны 5240 құрайды, оның нақтылы орналасқан жері жоқ, сауда негізінен радиоэлектронды байланыс жүйесі арқылы жүреді. Құнды қағаздар делдалдарының қауымдастыығ биржадан тыс құнды қағаз нарығын қадағалап, сауда-саттықты әділ жүргізбейтін және төлем қабілеті төмен компаниялар мен сауда агенттерін нарықтан аластата алады. Нарықта сатылатын көптеген акциялар кіші және өзгермелі компаниялардың иелігінде болғандықтан, сауда-саттықты осы компаниялар жүргізеді, сондықтан да NASDAG кез-келген үлкен қор биржасымен салыстырғанда тәуекелге толы болады. Алайда, бұл инвесторларға көп мүмкіндік береді. 1998 –шы жылдары жоғары технологиялармен айналысатын компаниялардың акциялары NASDAG арқылы сатылғанын айта кеткен жөн. Табыстар көп табылып , таңдау көп болғандықтан американдықтар нақтылы сомаларды 1980 жыл мен 1998 жылдар аралығында ашық қорларға көптеп салды. АҚШ – та 1998 жылдардың аяғында 5,4 триллион доллар қаржы ашық қорларда жинақталады, ал ашық қорлардың акцияларын ұстайтын отбасылардың саны 1999 жылы 6 пайыз болса, 1999 жылы 37 пайызға өсті.[8, 272б]
Инвесторлар болашақта татымды пайда таба алатын компанияларды көздейді, осындай компанияның құнды қағазын иемденгісі келетіндердің саны жоғары болғандықтан акция құны өсіп отырады. Инвесторлар акцияларды сатыр алу не болмаса сату жөніндегі шешімге келгенде ең алдымен компанияның жалпы іскерлік ахуалына , болашағына, қаржылық жағдайына және биржадағы акция бағасының тапан пайдасына қарағанда нормадан жоғары немесе төмен екендігіне назар аударады. Акция бағасының өзгеруіне жылдамдықтың да ықпалы мол. Бағаның өсуі сатып алушылар қатарын көбейтеді, ал сұранымның артуы, өз кзегінде бағаны өсіреді.
Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болды. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары , депозиттік облигациялары және т.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазір АҚШ – та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы қорлары облигациялары , оларға мысалы , Ақш – та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет ететін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздар , мысалы АҚШ – та және кейбір басқа елдерде тараған басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кезде барлық дамыған елдерде тараған басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

- Бағалы қағаз нарығының қатысушылары
- Бағамдық айырма
- Бағаналы жасушалар туралы түсінік
- Бағаналы жасушалар туралы түсінік
- Бағаналы клеткалар
- Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы
- Бағаналық жасушалар мен физикалық белсенді заттардың синтезі
- Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының түсінігі, мақсаты, міндеттері,функциялары және даму қезеңдері
- Бағалы қағаздар рыногы туралы
- Бағалы қағаздар түрлері