Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары. 2

Бағалы қағаздар нарығының  мәні, функциялары және қатысушылары

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен  бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келгенрелдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;

ұлттық  және аймақтық (аумақтық) нарықтар;

нақты бағалы қағаз түрлерініғі, нарықтары (акция, облигация және т.б.);

мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;

алғашқы және туыңды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде  екі топқа бөлуге болады: жалпы  нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар  функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық - яғни,  нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дауталасты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдікттерін сақтандыратын функция.

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға  бөлінеді:

  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес негізде, яғңи айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тап-шылығын қаржыландыру.

Ал баға және қаржы төуекелдерін сақтандырушы функцияға  немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда  болғаннан кейін қолданысқа ене  бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп  көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда  болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан ері мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың  пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды  инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың ыарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлғерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бұгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше неғізгі топқа бөлуге болады.

1. Жоғары  имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі үлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты  әрдайым  қамтамасыз  ете  бермейді,  алайда олардың сенімділік деңғейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.

2. Қаржылық  институттар бағалы қағаздармен  операцияларды жүзеге асырады  (коммерциялық және инвестициялық  банктер, сақтандыру қоғамдары,  зейнетақы қорлары және т.б.  Олардың көбісі  әр түрлі инвесторлардың  (заңды және жеке тұлғалардың)  қаражатын біріктіреді және олардың  қаражатын табыс түсіретін бағалы  қағаздарға салудың мүмкіндіктерін  іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.

3. Жеке инвесторлар  - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік  бизнестегі шағын кәсіпорындардың  иелері.

4. Бағалы  қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:

  • заңды түлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктілік талабы. Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарытында клиенітермен жұмыс істеуге жіберіледі;
  • бағалы қағаздар нарығының  кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс - бұл оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;
  • қаржылық талап - бұл кәсіби қатысушының өзіндік капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капитал - бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал - заңды түлғаның құрылтайшыдарды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу деңгейін белгілейді.

Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған  инвестор өз активінің барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік  капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін  ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермеы және т.б. байланысты туындаған  проблемаларын өзі шешеді.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар  жатады:

1. Сауда алаңы:

  • биржалық. Бүгінгі таңда Казақстанда өз қызметін 1997 жылы бастаған қор биржасы (КАSE) ғана әрекет етеді;
  • биржадан тыс.

2. Сауда агенттері:

  • брокерлер - бұл клиент атынан және клиент есебінен операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
  • дилерлер - бұлар операцияны өз атынан және өз есебінен жүргізетін делдалдар.

Қазақстанда брокер-дилерлік кызмеітің жалпы  лицензиясы қандай да бір мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай  алатын адамды өз күшімен (дербес) тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал Қазақстанда брокер-дилерлік қызметпен тек заңды тұлғалар ғана айналыса алады.

3. Кор нарығының инфрақұрылымына  кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:

1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің және т.б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен құрылған, әрі 1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы бар. Қоғам ҚР «Акционерлік қоғам туралы» Заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында және 2002 жылдың 9 сәуірінде қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:

  • номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
  • эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдар бойынша құқықтарды ескеру және мәмілелерді тіркеу;
  • номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша   және оның табыс төлемі бойынша төлем агенттігінің функциясы;
  • қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
  • ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру, ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.

2) тіркеушілер - ҚР заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден еткен сәттен бастап, бір ай ішінде бағалы қағаздар үстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды қамтамасыз етуі керек.

Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік құқығын және мұдделерін қорғау мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін дербес жүргізетін бағалы қағаздармен, сондай-ақ АҚ-мен мәмшелерді тіркейтін бағалы қағаздар нарығының қатысушылары (тіркеушілер мен номинал ұстаушьшары) бағалы қағаздар құқығының бірінші тұлғадан екіншісіне өтуіне байланысты мәмілелерді орындаудың фактілерін бекітуге міндетті.

Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын  мәмілелерді және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша  функцияларды орындайды. Олардың иелік  ету құқығын растайды, клиенттерде  бағалы қагаздардың болуын және олармен  мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың  номинал ұстаушыларына берілгені  жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың  қызметі ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу. және қадағалау  жөніндегі агенттігі берген лицензияның  негізінде жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздармен  байланысты меншік иелерінің құқығын  жүзеге асыру үшін тіркеушілердің талап  етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы қағаз иелерінің  тізімін нақты бір күңде беруге міндетті. Номинал ұстаушыларға аталған  ақшратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді.

Тіркеушінің функциялық міндеттіемесі мыналарда:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік кұқығын тіркеу және аталған тіркеуді растайтын жазбаша немесе электрондық құжаттарды ресімдеу;
  • бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
  • тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз иелерінің кұқығын растау;
  • бағалы қағаздардың меншік құқығының өзгеру фактісін тізілімдегі тиісті жазуды өзгерту жолымен тіркеу;
  • дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығының ауыртпашылық түсірген фактісін тіркеу;
  • эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін және оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін бақылау;
  • құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздардың сертификаттарын сақтау, беру жөне өтеу;
  • корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
  • тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау, сондай-ақ дивидендтік есеп айырысу бойынша кеңес беру қызметін көрсетуге құқылы.

Тіркеуші  заңмен белгіленген жағдайларды  ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін  жүргізу бойьшша өз өкілеттілігін  басқа тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік құқығын тірқеушінің сатып алуға  құқығы болмайды;

3) клирингтік үйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;

4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жұргізетін; оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен акшаға байланысты олардың кұқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана кастодиан бола алады;

5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби  қатысушылары. Олардың  негізгі функциялары:

  • акшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
  • қаржылық кұралдармен орындалатын мәмілелердің есебін жүргізу;
  • өздеріне жүктелген қаржылық кұралдарды пайдалану, әрі оған иелік ету.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар  қолданылмайтын айырықша түрлеріне  мыналар жатады:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
  • депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана қатар қолданыла алады;
  • инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқару;
  • қор биржалары;
  • биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;

Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен қатар қолданыла алады.

Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің  міндетті шартына заңды түлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.

2004 жылы Қазақстан  Республикасы бағалы қағаздар  нарығындағы кәсіби қызметті  50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие болды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.

 

&&& 

            $$$002-006-099$3.2.6.3.Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі

Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі акша берудің екі негізгі тәсілін - несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналасқа шығаруды тандап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның өлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз - ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы - өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.

Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Эқономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар - бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі - оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).

Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (етеу, сату-сатып алу, эмитенпі қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.

Осылайша  бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс  әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз, берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласың - міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқық пен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісім-шартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды. Бұл бір жағынан қолайлы, екінші жағынан  трансакциялық шығындарды азайтады.

Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды;

  • экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т.б. ақшалай қаражатты (капиталды) қайта бөледі;
  • өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдымен, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға;
  • капиталдан табыс алуды жөне (немесе) капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.

 

Казақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі

 

Сипаттамасы

Бағалы қағаздың турлері

1

2

Эмитенті бойынша

  • мемлекеттік
  • корпорациялық
  • жекеменшіктік
  • шетелдік

Эмитент міндеттемелері бойынша

  • үлестік
  • борыштық
  • тауарды иелену құжаты

Айналыс аумақтары бойынша

  • аймақтық
  • ұлттық
  • халықаралық

Құқықты жүзеге асыратын формадары бойынша

  • атаулы ұсынбалы • ордерлік

Шығарылатын формалары бойынша

  • құжаттандырылған
  • құжаттандырыдмаған

Айналыс мерзімі бойынша

  • мерзімсіз
  • мерзімді
  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
  • орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары)

Базистік активі бойынша

  • негізгі
  • туынды

Табысты төдеу тәсілдері бойынша

  • ұдайы (жүйелі) төлеммен
  • бір жолғы төлеммен
  • тіркелген % мөлшерлемесімен
  • өзгермелі % молшерлемесімен

Табысты алу тәсілдері бойъшша

  • инвестициялық
  • нарықтық

Эмиссия тәсілдері бойынша

  • эмиссиялық
  • эмиссиялық емес

Валюта бойынша номинал

  • ұлттық валютаның номинал құнымен
  • шетелдік валютаның номинал құнымен
  • қос номиналмен
  • номиналсыз

Айналыс шарттары бойымша

  • қайтарымды
  • қайтарымсыз

 

Қазақстан Республикасында  қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:

Негізгі бағалы кағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, акшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға жәие т.б. бершғен мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз; базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базыстік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды. бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варрантар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.

Үлестік бағалы кағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын беісітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, иивестициялық пайлар жатады.

Борыштық  бағады қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың ұлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың  меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:

Атаулы  багалы қағаз - олардың барлық иелерін сәйкес-тендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Ордерлік  бағалы қағаздар - ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен бершеді. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.

Ұсынбалы  бағалы қағаз - осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліи берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.

Кұжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі.

Құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.

Нарықтык, бағалы қағаз - бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағалы қағаз - дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.

Қайтарылымды  бағалы қағаз - мерзімнен бұрын етелуі мүмкін.

Қайтарылымсыз - айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай  түрлері айналысқа түседі:

  • мемлекеітік бағалы қағаздар;
  • акциялар;
  • облигациялар;
  • коносаменттер;
  • ипотекалық куәліктер;
  • туынды бағалы қағаздар;
  • жай қоймалық куәліктер;
  • қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық  +  кеиілдікті куәлік);
  • ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
  • Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Бағалы қағаздардың  Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын  былайша көрсетуге болады:

 

 

 

 

. Қазақстан бағалы қағаздар  нарығының негізгі сегменттері

 

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқыгын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Акция - акционерлік  қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік  беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік  органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.

Акцияларды  былайша жіктеуге болады:

1. Акция бір  акционерден екіншісіне берілу  тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:

  • атаулы;
  • ұсынбалы.

Атаулы  акция - оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.

Ұсынбалы  акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.

2. Табысты  алу құқығына қарай:

  • жай;
  • артықшылықты.

Бұлардың  арасындағы негізгі айырмашылық  мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Коғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.

Өз кезегінде  артықшылықты акцияларды мыналарға  жіктеуге болады:

  • кумулятивті - егер дивидендтер уақтылы төленбесе, онда олар жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
  • қайтымды басқа акцияларға қарағанда олар өздеріне тән мерзімсіздік секілді өзгешелігіне қайшы келетін эмитенттермен өтелуі мүмкін;
  • айырбасталатвн - осы эмитенттің жай акцияларының белгілі бір көлеміне айырбасталуы мүмкін;
  • дауыс құқығы бар және ең аз шамадағы нақты дивидендтердің мөлшеріне ие акциялар;
  • дауыс құқығы болмайтын,  ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар; бұл арада олар дивидендтерге қатысты артықшылықты құқықтарға ие болады және оларға қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік тудыратын артықшылықты құқық беріледі. Егер дивиденд бұрынғы акция бойынша 3 айдың ішінде төленбесе, онда бұл акцияның иесіне АҚ-ны қайта кұруға және таратуға,  акционерлердің құқығын шектейтін Жарғыға өзгерістер енгізуте қатысты мәселелерді шешуде дауыс құқығы беріледі.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес акционерлік қоғам  құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Казақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтың, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация - бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік кұқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты  тарту үшін эмитент оны пайда  болған уақытынан бастап үшінші жылынан  кешіктірмей оларды толық төлеу  шартымен және жылдық баланстың осы  уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мелшерінен аспайтын сомада шығаруға құқылы.

Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары. 2