Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметі мен құрылымы
ЖОСПАРЫ:
1. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.
2.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.
3.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.
Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттік аумақтық органдары жүзеге асырады.
Қазакстанда жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Казақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.
ҚР жекешелендіру бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:
- жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды сату;
- орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
- жеке жобалар бойынша аса ірі көсіпорындарды жекешелендіру;
- ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторындағы жекешелендіру.
Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.
Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11 000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.
Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.
Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықгарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн аса купон кітапшалары таратылып, халықтың шамамен 90%-ы қамтылды. Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензияланған ЖИҚ қатыса алды .
Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖИҚ үшін купондық аукцион арқылы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке ең көп шамада 39%-ы қалуы тиіс болды.
1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды, онда номинал құны 1261,5 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.
Республика халқына берілген купондардың жалпы саны — 1,5 млрд, оның 1131,5 млн халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.
1996 жылдың басында
жекешелендірілген кәсіпорындар
Үшінші кезең — жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.
Мұндай тәсілдердің мақсаты — әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру көзделді.
Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.
Агросервис пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.
Қазақстан-2030 даму стратегиясында көзделген міндеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.
1999-2000 жылдарға
арналған меншікті
Кәсіпорындарды жекешелендіру олардың қызметіне оң әсерін тигізді. 15% жекешелендірілген нысан өкілдеріне сауалнама жүргізілді. Онда мына мәселелер қозғалды: жұмыс істеудің шарты мен әдістері, жұмыскерлердің материалдық өтемақысының деңгейі, басқару әдістері, салық салудың ережесі, үкімет органдарының араласуы және т.б. Сауалнаманың нәтижелері мыналарды көрсетіп берді:
- компаниялардағы жұмыспен қамтылудың көрсеткіші орта есеппен алғанда 20%-ға артқан;
- жаңа меншік иелерінің тарапынан қаржылық инвестицияның көлемі артқан;
- жекешелендірілген кәсіпорындардың пайда көлемі өскен;
- мемлекеттік сектормен салыстырғанда жеке сектордағы жұмыспен қамтылғандардың еңбекақы деңгейі жоғары;
- жекешелендірілген кәсіпорындар ұсынған тауарлардың ассортименті бай;
- баға деңгейі кеміген.
Қызмет көрсету саласының, атап айтқанда бухгалтерлік есептің, маркетингтің және жарнама ісінің дамуы мен клиенттерді қанағаттандыруда жоғары деңгейге жеткенін қоса ескергенде жекешелендіру процесінің басқа да маңызды нәтижелерін айта кетуге болады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесінде шетелдік инвесторларды толғандырған мәселелердің бірі - олардың құқықтық қамтамасыз етілуі болды. ҚР зандарына сәйкес шетелдік инвесторлардың құқығы отандық инвесторлардың құқығымен бірдей, олар өз мүдделерін сотта және басқа да кез келген құқық құралдарының көмегімен қорғай алды. 1995 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған «Шетелдік инвестицлялар туралы» Заң шетелдік инвесторларды ұлтшылдықтан, сондай-ақ саяси ахуал мен заң өзгерістерінен қорғайды, әрі зиян шеге қалған жағдайда (әрине, еліміздегі белгілі бір өзгерістердің салдарынан) оларға келген залалдың орнын толтыруға кепілдік береді. Аталған заңға сәйкес шетелдік инвесторлар халықаралық төрелік сотқа жүгіну арқылы өз мүдделерін қорғауға құқылы.
Қазақстан жекешелендіру процесінде ШАГО жобалары арқылы шетелдік сарапшылар мен кеңес берушілердің көмегін және шетелдік компаниялардың жәрдемін пайдаланды. Бұл шетелдік инвесторлар үшін процесті анық және түсінікті етті.
Жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі болып табылды. Акционерлік қоғамдардың құрылуы акциялардың шығарылуына жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда, тек алғашқы нарықта ғана сатылды, яғни олардың алғашқы орналасуы ғана болды. Акционерлік қоғамдардың ашылуы, акциялардың шығарылуы, ЖИҚ-тың құрылуы бүгінгі таңдағы Қазақстан бағалы қағаздар нарығын калыптастырған базис болды.
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалык қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
• алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
- мақсатты — нарықгық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
- ақпараттық — яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші — ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
• қайта бөліну;
• баға және қаржы тәуекелдіктерін
сақтандыратын функция.
Қайта бөліну функциясы қосалқы
үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта болу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан
өнімді формаға ауыстыру; - инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік. және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет;
- алғашқы және қайталамалы;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерлендірілген;
- кассалық және мерзімді нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметгің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін — арнайы мемлекеттік органдардың біліктілік куәлігі қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие болды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші денгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі ақша берудің екі негізгі тәсілін — несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналысқа шығаруды таңдап алу тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз — ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы — өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.
Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар — бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі — оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).
Бағалы қағаздар — бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі — оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б, жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.
Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласын — міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқықпен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісімшартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды.
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:
Негізгі бағалы қағаз — олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар. облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Үлестік бағалы қағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.
Борыштық бағалы қағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.
Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:
Атаулы бағалы қағаз — олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.
Ордерлік бағалы қағаздар — ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.
Ұсынбалы бағалы қағаз — осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.
Құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі. Құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.
Нарықтық бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.
Қайтарылымды бағалы қағаз — мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін.
Қайтарылымсыз — айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- акциялар;
- облигациялар;
- коносаменттер;
- ипотекалық куәліктер;
- туынды бағалы қағаздар;
- жай қоймалық куәліктер;
- қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кепілдікті куәлік);
- ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенітің бағалы қағазы;
- Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.
Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Акция — акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндеттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндетгемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.
Акцияларды былайша жіктеуге болады:
1. Акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:
- атаулы;
- ұсынбалы.
Атаулы акция — оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.
Ұсынбалы акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.
2. Табысты алу құқығына қарай:
- жай;
- артықшылықты.
Бұлардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Қоғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Қазақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадан дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.
Облигация — бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.
Қосымша қаражатты тарту үшін эмитепт оны пайда болған уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық төлеу шартымен және жылдық баланстың осы уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мөлшерінен аспайтын сомада шығаруға құқьілы.
Облигация — бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару — капитал қарызының бір формасы.
Мерзімді қарыздық міндеттеме
ретінде облигацияны өтеудің ке

- Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер
- Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
- Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
- Бағалы қағаздар нарығының түсінігі, мақсаты, міндеттері,функциялары және даму қезеңдері
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы