Бағалы қағаздар нарығы. 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы  көсалалы техника-экономикалық колледжі 
 
 
 
 

«Мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы»

тақырыбында оқу тәжірибесінің

ЕСЕБІ 
 
 

                                              Орындаған: Бахтиярова М.М

      Тексерген: Утеев Б.Ж 
 
 
 
 
 
 

Алматы 2010

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Мемлекеттік бағалы қағаздар туралы түсінік

1.1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикадағы рөлі, мәні

1.2. Мемелекеттік бағалы қағаздар функциялары

1.3. ҚР-дағы мемлекеттік  бағалы қағаздар түрлері, оларға  сипаттама

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы                     

2.1. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын реттеу

2.2. ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сараптама

2.3. Мемлекеттік бағалы қағаз шығарудың халықаралық тәжірибесі

2.4. «ҚР-ның бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары

3. Жалпы бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары

III. Қорытынды 
 
 
 

                          
 
 
 
 

Кіріспе

    Қазақстан Республикасында өзінің тәуелсіздігін алуына байланысты кез-келген мемлекеттегідей бағалы қағаздар пайда болды. Бұл негізінен алғанда жекешелендіру процесіне және т.б. толып жатқан факторларға байланысты еді. Өйткені, жалпы экономика тарихында, үлкен алып социалистік державаның күйреуі және одан босап шыққан мемлекеттердің бір саяси жүйеден мүлдем қарама-қарсы жүйеге өтуі көп кездесетін жайт емес.

    Бағалы  қағаздар нарығының ішінде өзіндік  ерекшеліктеріне ие мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы да біздің мемлекетте өз бастауын алды. Елдегі инфляция халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі жалпы  құлдырауы – бұл КСРО құрсауынан шыққан мемлекеттердің барлығының да өткізген жағдайы. Халықаралық тәжірибеде қабылданғандай мұндай жағдайда мемлекет қарыз алады. Ол қараздар бюджетті жабуға ішкі және сыртқы көздерден алынады. Осылайша қарыз алу барысында мемлекеттің қарыздық міндеттемелері пайда болады. Осыларды пайда болған бағалы қағаздар нарығының дамуы өзінің актуалдығын жойған жоқ. Менімше жойылмайды да, өйткені бұл жиналған қарызды қайтару, қайтадан керегіне алу бұлардың барлығы актуалды болып қала бермек.

    Ілияс Исаев, экономика ғылымының докторы: -- Мемлекеттік бағалы қағаздардың  бірнеше жақсы жақтары бар. Біріншіден, табысы аз болғанымен, тәуекелі төмен. Екіншіден, банк банкроттыққа ұшыраса да мемлекет ешқашан банкрот болмайды. Демек, депозитті салғандағыдай іштей үрейленіп жүрмейсіз. Бұл – тұрғындар үшін тиімді жақтары. Макроэкономикалық маңызы да бар. Аз да болса айналымда жүрген ақшаны инвестициялайтын бос инструмент. Инфляцияға тежеу салады. Мемлекеттік бюджеттің қосымша көзі. Дағдарыс жағдайында мемлекеттік бағалы қағаздар қажетті қаржы инструменті болып табылады. Бос ақшаны мобилизациялаудың қаржылық инструменті. Айналысқа қосымша жүрген ақшаларды есепке алуға жақсы. 
 
 
 
 

                                                                                                                                   3

«Қазақстан  Республикасының  бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары»

    Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес əзірленген Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан əрі - Бағдарлама) басты мақсаты  Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын  одан əрі дамыту, оны ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау жəне адал бəсекелестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда Бағдарламаның мақсаттарымен міндеттерін негізге ала отырып мынадай негізгі іс-шаралар жүзеге асырылды.

    1. Отандық инвесторларды  дамыту. Отандық инвесторларды дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамытуды жетілдіру жəне ынталандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, инвестициялық қорлардың активтерін сенiмгерлiк басқаруды құру, оларды есепке алу жəне сақтау, сондай-ақ олар шығарған бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жіберу жəне сатып алу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттеу мəселелерді қоса алғанда инвестициялық қорлар қызметін құқықтық қамтамасыз етудің мəселелері шешілді. Қажетті нормативтік құқықтық базасын жəне өзге жағдайларды құру инвестициялық қордың жоғары өсу қарқының қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен 01.01.05 жылы 2 инвестициялық пай қоры (ИПҚ) 389 млн.теңге активтер мөлшерімен қызмет етсе, 01.01.08 ж. жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногында 183 ИПҚ (активтер – 199 527 млн.теңге) жəне 40 акционерлік инвестициялық қорлар (113 400 млн.теңге) қызмет етуде.

    Инвестициялық қорлардың жəне олардың активтер санының өсуі ұжымдық инвестициялардың құралдарын жария етуін ғана емес, бірақ құралдарды оларды одан əрі инвестициялау мақсатында тартуға ниет білдіретін жаңа инвестициялық компаниялардың рынокқа шығуын куəландырады. Инвестициялық қорларын белсенді дамытуға тұрғындардың инвестициялық мəдениетін жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралары да ықпал етті. Атап айтқанда International Council of Securities Associations (ICSA) инвесторларды оқытудың ең үздік практикасының қағидаттарын енгізуге жəне пайдалануға жəрдемдесу шеңберінде Агенттік бағалы қағаздар рыногының негіздеріне инвесторларды оқытудың кеңейтілген бағдарламасы 2 жүзеге асырды жəне оны бұқаралық ақпарат құралдарында (баспа басылымдарында жариялау, тақырыптық теле- жəне радиохабарларда қатысу, шығарылымдар жəне басқалар) жариялады. Бұл мақсаттарда электронды технологиясының мүмкіндіктері пайдаланылды. Атап айтқанда Агенттіктің веб-сайтында «Қаржы сөздігі», «Эмитентке арналған жол көрсеткіші», «Қаржы сауаттылығының негіздері». Бағдарламаны іске асыру шеңберінде инвесторларды қорғау мəселелеріне əсіресе миноритарлық мəселелеріне ерекше назар аударылды. онымен 2007 жылы «Кейбір заңнамалық актiлерiне миноритарлық

                                                                                                                                       4

инвесторлардың  құқықтарын қорғау мəселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, онда атап айтқанда: - қор биржасының ресми  тізімінің ең жоғарғы санатының  бағалы қағаздарға жəне олардың эмитенттеріне, оның ішінде институционалды инвесторлар  не миноритарлық акционерлер арасындағы акциялардың айналысы бөлігінде  қосымша талаптар белгіленді. - «инсайдерлік ақпарат» жəне «инсайдер» деген түсініктер енгізілді, инсайдерлік мəмілелер  туралы ережелер реттелді; - акционерлік  қоғамдардың менеджментінің оның акционерлері алдындағы міндеттері анық айқындалды, сондай-ақ олардың орындалуына жауапкершілік  күшейтілді; - акционерлік қоғамдар туралы акционерлерді жəне инвесторларды  хабардар ету тəртібіне талаптар күшейді; - қаржы делдалдардың қызметтерінің  нəтижесінде ұшыраған шығындардан  инвесторларды қорғаудың жаңа жүйесі енгізілді.

    Ақпаратты алуға инвесторлардың құқығын қорғаудың  негізгі назары 2005 жылы қабылданған  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалықактілеріне бағалы қағаздар нарығы жəне акционерлік қоғамдар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында да алынып тасталды. Атап айтқанда осы заңмен бағалы қағаздар эмитенті лауазымды  адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi зиян келтірген, мүліктік пайда табу мақсатында бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мəліметтер беруіне  қылмыстық жауапкершілік көзделген.

    Елдің қаржы секторына халықты тарту  бойынша міндеттерді іске асыру  мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мəдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007- 2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау жөнінде шешімдер қабылдауына əсер етудің оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын анықтауды, Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауды, азаматтарға бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпарат берудің  жалпыға қол жетімді жүйесін құруды көздейді. 3 2007 жылдың соңында АӨҚО жобасы шеңберінде мамандарды даярлау жəне біліктілігін арттыру арқылы бағалы қағаздар рыногы үшін жоғары кəсіби кадрлардың жетіспеушілігі мəселелерін шешуге бағытталған «АӨҚО академиясы» қор рыногының институты бір жаңа институт пайда болды. Ең танымал білім беру орталығының оқытушылары оқытады.

    2. Эмитенттерді дамыту  жəне нығайту  Екінші басымдылық – эмитенттерді дамыту жəне институционалды нығайтудың негізгі механизмдерінің ретінде эмитенттер қызметінің айқындылығын арттыру, бағалы қағаздардың жаңа түрлерін шығару үшін мүмкіндіктерін кеңейту жəне бағалы қағаздар рыногын ырықтандыру бойынша шаралар анықталды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде эмитенттер қызметінің айқындылығын арттыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылды. Атап айтқанда бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушылары меншікті веб-сайттарда (болған кезде) ақпаратты ашып

                                                                                                                                       5

жариялауды  реттейтін нормативтік құқықтық актілер əзірленді жəне қабылданды. Бұдан басқа электронды нысанда  эмитенттерінің проспектілерін беруді жəне есеп беруді қамтамасыз етілді.

    Сонымен, Агенттіктің веб-сайтында «Эмитенттер  жəне эмиссиялық бағалы қағаздар» бөлігінде  акционерлік қоғамдарының аффилиирленген тұлғалар туралы мəліметтерді жариялайды. Заңнамалық деңгейде шетел ұйымдары арқылы жасырын номиналды ұстау  мүмкіндігі жойылды жəне номиналды  ұстауда тұрған өзі туралы ақпаратты  жарияламаған АҚ акциялары иелері қоғамды  басқару жөніндегі құқығы шектелді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы жəне акционерлік қоғамдар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бағалы қағаздар ұстаушылар – өз клиенттері туралы ақпаратты Орталық депозитарийге  жəне тіркеушіге ұсынуды номиналды  ұстаушының міндеттемесі белгіленді. Бұдан басқа осы заңнама актісімен  директорлар кеңесі құрамына «тəуелсіз  директорларды» міндетті қосу туралы талап енгізілді. Тəуелсіз директорлардың негізгі міндеті барлық акционерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ қоғам  қызметіне объективті бағалау жəне оны одан əрі дамыту үшін мүмкіндік  беретін шешімдер қабылдау болып  табылады.

    Заңнамалық  деңгейде біздің елімізге корпоративті одан əрі дамыту үшін «корпоративті  басқару кодексі» сияқты маңызды  түсінігі бекітілді. Корпоративті басқару  дегеніміз бұл бірінші кезекте  басқару органдары, директорлар  кеңесі жəне акционерлер арасындағы қатынастар жүйесін құру. Бағалы қағаздар эмитенттерін үйлестіру, бірлескен  міндеттерді шешу, эмитенттердің  мүддесін ұсыну жəне қорғау мақсатында үнемі қызмет ететін консультативтік-кеңес  беру органы – Эмитенттер кеңесі құрылды.

    Эмитенттер  кеңесі 2005 жылғы 21 ақпанда Корпоративті басқару кодексін қабылдады. Кодекс кəсіпорындарға жəне қаржы компанияларға  жəне 4 эмитенттердің нақты секторларына арналған типтік құжаты болып табылады. Осы Кодекстің негізінде қазақстандық компаниялар меншікті корпоративті басқару кодекстерін құру мүмкін. Кодекс барлық АҚ үшін негіз қалаушы  типті болу тиіс. Бұл ретте эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін эмитенттердің  Кодекс нормаларын сақтау туралы ақпаратты ашу бойынша талаптар белгіленді. Тəуелсіз директорлар институтын жəне корпоративті басқару институтын енгізу қаржы ұйымдарының айқындылығын арттыру жəне акционерлердің мүддесін қорғау ісінде маңызды қадам болып табылады. 2005 жылы қабылданған лицензиялау жəне шоғырландырылған қадағалау мəселелері бойынша заңнамалық актілердің ережелері қатары сондай-ақ меншікті акционерлік қоғамдардың олардың аффилиирленген тұлғалардың құрылымының айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Акционерлік қоғамдардың айқындылығын қамтамасыз ету жəне олардың акционерлерге жəне инвесторларға дұрыс экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін нақты қаржы жай-күйін көрсету акционерлік қоғамның МСФО көшуіне мүмкіндік туғызды.

    Атап  айтқанда Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп беру туралы» 

                                                                                                                                       6

Заңына  сəйкес акционерлік қоғамдарының 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап МСФО көшуі көзделді (қаржы ұйымдарының МСФО көшуі 01.01.03ж. бастап жүзеге асырылды). Бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамытуға, жаңа қаржы құралдарын енгізуді ынталандыруға, корпоративті бағалы қағаздарды шығару жəне айналысқа жіберу мəселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, институционалды инвесторлардың активтерін инвестициялау мүмкіндігін кеңейтуге жəне басқаларға бағытталған іс- шаралар жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған МБҚ рыногын дамыту бойынша іс-шаралар əр түрлі құралдарды шығаруға бағытталған (көлемі бойынша, мерзімі бойынша, өтеу шарты бойынша), оның ішінде бағалы қағаздар рыногында шаманы (benchmark) белгілеуге, орналастыру рəсімдерінің айқындылығын белгілеу, міндеттемелерді орындамау тəуекелін төмендету.

    Атап  айтқанда Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі 2005-2007жж. МБҚ шығарылымы 419 млрд.теңге сомасына жүзеге асырылды, оның ішінде мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазына міндеттемелері (МЕУЖКАМ) айналысқа жіберу 10-15 жыл мерзімімен – 137,5 млрд.теңге. МЕУЖКАМ орналастыру  жинақтаушы зейнетақы қорлар арасында жүзеге асырылады. Қаржы министрлігінің веб- сайтында мемлекеттік қазына міндеттемелерін  орналастырудың жылдық жоспары жарияланады. Республикада мемлекеттік емес бағалы қағаздарды дамыту мақсатында тиісті нормативтік базасы жетілдірілді. Атап айтқанда жоғарыда 5 көрсетілгендей секьюритилендіру, концессия, корпоративтік басқару  мəселелері бойынша нормативтік  құқықтық базасы қабылданды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңына коммерциялық қағаздар шығарылым тəртібін көздейтін тиісті түзетулер енгізілді. Бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушыларының тəуекелдерін хеджирлеуді ынталандыратын тиісті нормативтік құқықтық базасы дайындалды, қаржы құралдары бойынша хеджирлеу операциясын жүзеге асыратын тəртібі белгіленді, онда инвестициялық зейнетақы активтерін жүзеге асыру рұқсат етілді жəне хеджирлеу құралдарын пайдалану тізбесі мен шамасы көзделді. Тармақтық жəне валюталық тəуекелдерді хеджирлеу құралдарының рыногын дамыту сондай-ақ институционалдық инвесторлардың тəуекелдерін төмендетуге мүмкіндік туғызды. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында бағалы қағаздардың өтімділігін өсіру үшін, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тəн ықтимал ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға осы бағалы қағаздарды міндетті ұсыну бөлігінде осы бағалы қағаздарды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезінде бірдей шарттарын шет мемлекет аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жəне орналастыру тəртібі бойынша эмитенттерге қойылатын талаптар бөлігінде белгілейтін өзгерістер енгізілді.

    Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған  бағалы қағаздар рыногында сатып  алу үшін ұсынылуға тиіс акциялардың саны, орналастырылатын

                                                                                                                                       7

акциялардың жалпы санының 20% кем болуы тиіс. Мемлекеттік – жеке серіктестігінің  міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» Заңы қабылданды, сондай-ақ берілген кепілгерліктер шеңберінде мемлекет кепiлгерлiктерiнiң жəне мемлекеттік жауапкершілікті ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.

    Осы заңдарды қабылдау инвесторлардың Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту бойынша шығынды  жəне көп еңбекті жобаларда мемлекеттік  – жеке серіктестігі бағдарламасын  іске асыруында қатысу мүмкіндігін  тудырады. «Досжан темір жолы»  АҚ жəне «Батыс-транзит» АҚ мемлекеттік  кепілдеме шығарылған инфрақұрылымдық облигациялардың бірінші эмитенттері болды. Қазақстан үшін инвесторлардың əр түрлі санаттар тұтынушыларына байланысты тəуекелді бөлуімен құрылымдық негізде жаңа қаржыландыру нысанын дамыту үшін 2006 жылы «Секьюритилендіру туралы» Заң қабылданды жəне қажетті нормативтік құқықтық актілер əзірленді.

    Секьюритилендіру  түрінде қаржыландырудың құрылымдық нысаны қажетті капиталды экономиканың нақты секторына қамтамасыз ететін механизмі болып табылады. Бағалы қағаздар рыногында жаңа инвесторлар болып жылжымайтын мүлік қоры болып табылады, олардың пайда болуы 2006 жылы «Кейбір заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдің жалға берiлетiн секторын 6 дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңының қабылдауымен байланысты. Жылжымайтын мүлік қоры қызметiнiң айрықша түрі осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нəтижесінде алынған активтерді, мүлiктi жинақтау мен инвестициялау болып табылады. Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үйдің жалға берiлетiн секторын дамытуын көздейтін 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар рыногын дамытуында жағымды кезеңі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы рыногына ұлттық компаниясының бағалы қағаздарды шығару туралы шешім болып табылды.

    Бұл мақсатта «Қазақтелеком» АҚ жəне «Транстелеком» АҚ қор рыногында акциялар пакетін  іске асыруды көздейтін тиісті іс-шаралар  жоспары əзірленді («Қазақтелеком» АҚ акция пакетінің 4,6% жəне «Транстелеком» АҚ дауыс беруші акциялар 49%). Сонымен жоғарыда көрсетілген жоспарға сəйкес «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 0,9% Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліне іске асырылды. Акциялардың қалған бөлігі республика халқын тартуымен инвесторлар тобы арасында орналастырылды. Қазақстанның ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатуға ниет білдірген  эмитент – резидент еместерге талаптар белгілейтін қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге жəне олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптар бөлігінде нормативтік базасына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда эмитенттер резидент еместер кеңейту мақсатында Қазақстанның қарызға беру рыногына эмитенттер резидент еместерінің қол жеткізу мақсатында листингтің ең жоғары санаты бойынша

                                                                                                                                       8

сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізуіне  жататын шетел бағалы қағаздары  үшін белгілі рейтинг бағасының  болуына талаптар азайды. Туынды бағалы қағаздарды дамыту бойынша, оның ішінде борыштық міндеттемелерге құрылымдық жəне гибридті туынды құралдарының пайда болуын жəне тұруын ынталандыру бойынша іс-шаралар іске асырылды. Зейнетақы активтерін инвестициялау тəртібіне қойылатын талаптарды анықтау үшін рейтингтерді пайдаланудың спектрі кеңейтілді, сондай-ақ бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушысы ресми тізіміне енгізу. Салық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде елдің қор рыногын дамытуды ынталандыратын салық режимін құру бойынша іс- шаралар қабылданды.

    3. Бағалы қағаздар  рыногының инфрақұрылымын  дамыту. Бағдарламаны табысты іске асырудың ең маңызды құрамының бірі толық бағалы жəне тиімді қызмет ететін қор рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады. Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының негізгі институты болып оның техникалық инфрақұрылымының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін 7 «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, сондай-ақ брокерлер-дилерлерді, тіркеушілерді жəне банк- кастодиандарды қоса отырып рыноктың кəсіби қатысушылары.

    Сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында  зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылар, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар кəсіби қызметін жүзеге асырады. Бағдарламаның іс-əрекеті кезіңде бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциалдық нормативтері белгіленді.

    Бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жəне бағалы қағаздар рыногы кəсіби қатысушыларының бағдарламалық  қамтамасыз етуді сертификациялауға  талаптар əзірленді жəне енгізілді. БҚР кəсіби қатысушыларының қызметіне  мониторинг жүйесін жетілдіру, құжат айналымын жəне халықтың хабардар болуын арттыруды оңтайландыру мақсатында электрондық нысандарын енгізу жəне бағалы қағаздар жəне олардың эмитенттері туралы ақпаратты жалпы көпшілікке орталықтандырылған ашып жариялау мəселелері бойынша нормативтік құқықтық базасы қабылданды. Бағалы қағаздар рыногында халықтың жұмысына қажетті тиісті инфрақұрылым құрылды.

    Сонымен «Казпочта» АҚ БҚР кəсіби қатысушылары жəне олардың клиенттері арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау жəне тапсыру бойынша қызметтер көрсететін трансфер-агентті құру бойынша жобасы іске асырылды. Кеңейтілген филиалдық почта байланысы Қазақстанның барлық азаматтарына қор рыногына қол жетімділігін қамтамсыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензиясы сондай-ақ «C-n-D Express» АҚ жəне «ДОС Финанс» ЖШС бар. Бағдарламаны қолдану кезеңде «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қызметін жетілдіру бойынша кешенді іс

                                                                                                                              9

шаралары  жүзеге асырылды.Сонымен заңнамаға  енгізілген түзетулермен биржаны коммерциялау көзделді, сондай-ақ биржаның акцияларын сатып алу құқығы бар тұлғалардың тізбесі кеңейтілді.

    2007 жылғы 1 қазаңнан бастап KASE жаңа  индекс – KASE акциялар рыногының  индексін енгізді. Индекс өкілдік тізіміне олардың эмитенттерінің жəне еркін айналыстағы (free float) акциялар үлесін капиталдандыру деңгейін есептеген кезде енгізілген акциялар бағасының өзгеруін көрсетеді. Қазақстан рыногын өтімді бағалы қағаздармен толтыру мақсатында жоғары халықаралық рейтингі бар компаниялардың бағалы қағаздар эмиссиялары проспектілерінің ықшамдалған тіркеу тəртібі енгізілді.

    Бағалы  қағаздар рыногында лицензиялау  жүйесін жетілдіру жəне бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды аттестациялау шеңберінде уəкілетті  орган бағалы қағаздар рыногында  жұмыс істеу үшін 8 мамандарды даярлау  бойынша қызметін жүзеге асыруға  рұқсатын беру рəсімін жоюды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының қатысушылар  рыногында қызметті ырықтандыруға  бағытталған бір қатар талаптарын көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданды.Бағалы қағаздар рыногын дамытуында маңызды қадамы болып инвестициялық банкинг институтын енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына, Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресінде мəліметтеріне сəйкес оларды бағалы қағаздар рыногында қызметі шеңберінде («маржиналдық» мəмілелерді жүзеге асыру) жүзеге асырған жағдайда жекелеген банк операцияларының түрлерін брокер-дилер жүзеге асыралатыны көзделді.

    Ірі оқиға болып салық жеңілдіктері, лицензиялаудың қысқартылған рəсімі жəне арнайы сауда алаңына айналысқа  жіберуге қаржы құралдарының қол  жетімділігі түрінде экономикалық ынталандыруды құру арқылы резидент еместерді қоса отырып инвесторлар  мен эмитенттердің көп санын  белсенді тарту бойынша стратегиялық мемлекеттік жобасы ретінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын  құру болып табылды.

    4. Бағалы қағаздар  рыногын мемлекеттік  реттеуді жетілдіру. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу акционерлік қоғамдарды (АҚ) реттеу жəне БҚР кəсіби қатысушыларының қызметін реттеу бөлігінде басты бағыты бойынша. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралары жоғарыда айтылғандай негізінен кəсіби қатысушыларының қызметінің айқындылығын арттыруға, акционерлердің жəне клиенттердің құқықтарын қорғауға, қаржы ұйымдарын институционалды нығайтуға, құқықтық, салық жəне қор рыногын дамытуды ынталандыру үшін өзге жағдайлар жасауға бағытталған. Мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша қызметінің бір бағыты ӨРҰ қызметінің принциптерін жетілдіру болды. Қолданыстағы бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен сол бір түрін жүзеге асыратын немесе бағалы қағаздар рыногында кəсіби қызметін өзара түрін қосарлап атқаратын ұйымдарының өзін-өзі реттейтін ұйымды (ӨРҰ) құру мүмкіндігі көзделді жəне ӨРҰ құру жəне қызмет еті тəртібі белгіленді.

    Бұрын қолданыстағы заңнамасымен ӨРҰ-да мүшелігінің  болуы туралы

                                                                                                                                     10

талаптар  лицензия алу үшін міндетті шарт сияқты көзделді, бірақ оның салдарынан осы  талап рынок қатысушыларының  ұсынысы бойынша жойылды. Қазіргі уақытта өзін-өзі реттейтін ұйымының функцияларын міндеті қаржы рыногын дамыту мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеуіне қатысты заңнаманы жетілдіруге жəрдемдесу, сондай-ақ жалпы алғанда қаржы ұйымдарының мүддесін қорғау болып табылатын Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы орындайды. 9 Бұдан басқа KASE мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі адал бəсекелестікте негізделген сауда-саттықта қатысу принциптері мен ережелері белгіленетін, тыйым салынған іс-əрекеттер жəне оларды жасауға жауапкершілігі айтылатын қор биржасының барлық мүшелері сақтайтын KASE мүшелерінің Этика кодексі бекітілді. Сонымен қатар, 2005-2007 жылдар ішінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудің толық жүйесі құрылды, қажетті құқықтық, институционалды жəне техникалық инфрақұрылым қалыптасты.

    Қазіргі уақытта елдің қор рыногы экономиканың барлық секторларымен өзара байланысты. Бағдарламаны іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандыруға, оның өтімділігін арттыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар секторын сапалы жəне санды дамытуға мүмкіндік туғызды. Бағдарламаны қолданысқа енгізу нəтижесінде мыналар күтілуде: Ұйымдастырылған рыногының ресми тізімінің ішкі корпоративті облигацияларында капиталдандыру 2003 жылымен салыстырғанда 2007 жылы 2,5 есеге өсіп жəне 375 млрд.теңгеге жуық құрайды – нақты 01.01.08 жылға облигациялар бойынша KASE капиталдандыру 1 788,6 млрд.теңге құрады (11,9 есеге өсуі); мемлекеттік емес бағалы қағаздардың биржалық айналымы бұл кезеңде 2 еседен астам өседі жəне 300 млрд.теңгеге жуық құрайды – нақты 01.01.08 жылы осы көрсеткіш 1 920,1 млрд.теңге құрады (12,8 есеге өсуі); Бағдарламаны қолдану кезеңде ұйымдастырылған рыногының ресми тізімінің ішкі корпоративті облигациялар рыногын капиталдандырудың жалпы ішкі өнімге қатынасы үнемі өсіп тұрады жəне 2007 жылы 5% құрайды (2004 жыл басында 3,5% құрады)- облигациялар бойынша KASE капиталдандыру ЖІӨ-ге қатысы 01.01.08 жылы 14% құрады; Бағдарламаны қолдану кезеңде ұйымдастырылған рыногының ресми тізімінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын биржалық сауда көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 2007 жылы 4% дейін өседі (2004 жыл басында 2,9% құрады) – нақты осы қатынас 01.01.08 жылы 15% құрады. Қосымшада республиканың қор рыногының жекелеген көрсеткіштері келтірілген. Қор рыногының сандық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі ақпараты Агенттіктің сайтындағы (www. afn.kz) «Бағалы қағаздар рыногы» - «Ағымдағы жағдайы» бөлігінде орналасқан.