Бағалы қағаздар нарығы. 7
КІРІСПЕ
Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2008 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері қарастырылды.
Тақырыптың өзектілігі – Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу.
Қурстық жұмыстың мақсаты – Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Акционерлік капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.
1.Тарау. КАПИТАЛ ТҮСІНІГІ
- Акционерлік капиталдың мәні және қызметі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Олар мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы акционерлік капиталы болып саналады.
Акционерлік қоғам алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлердің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. [9;209б]
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезеңдерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп – әр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
"Капитал"
ұғымы жеке тұлғаның қолындағы
қорды тұтыну әрекеттерінен
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс бірнеше анықтама келтіреді:
1) капитал – жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты және қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады;
2) капитал дегеніміз – тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс;
3) капитал – еткен еңбекті қарағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал – тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлығының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал – баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға айналдыратын жағдай – оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып табылады. [11;23б]
"Капитал – ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", – деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
Кәсіпорынның мүлкінің құрамы. Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөліненді. [15;58б]
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсылырының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъекктісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады.Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланыстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құрылады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
- Акционерлік капиталдың жіктелуі
Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды. Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн. [4;58б]
Құрылтайшылардың
(қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды
нысанда салынатын салымдары
немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi
бойынша немесе барлық құрылтайшылардың
жалпы жиналысының шешiмi бойынша
мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда
бағаланады. Осындай салымдардың
құнының сомасы жиырма мың айлық
есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек,
бiрақ сол бағалауды тәуелсiз
эксперт қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта
тiркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары
Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай - ақ қатысушылар серіктестікке бір - бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Акционерлік
қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің
жарғылық капиталының қалыптасуында
ерекшеліктер бар.Толық серіктестіктің
жарғылық капиталы оның құрылтайшысын
анықтайды, алайда заң актісімен
белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден
кем болмауы керек, яғни жиырма бес
еселенген айлық есептік
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың
мөлшерін жүз айлық есептік
көрсеткіштен кем болмауы керек.
Жарғылық капиталға құрылтайшылардың
үлестері натуралдық және мүліктік құқық
түрінде ақшалай нысанда барлық
құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің
қатысушыларының жалпы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.
Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің
- кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
- сот шешімі бойынша.
- әр қаржылық жылдың соңында - қаржылық есеп беру бойынша.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:
- серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
- жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
- серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
- бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
- серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.
Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.
Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны - акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы. [8;45б]
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:
- акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.
- қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша сұрақтарды шешуге қатысады;
- артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.
Қоғамның
жарияланған жарғылық капиталы түгелдей
төленіп және орналастырылып біткен
соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі.
Жарияланған капитал мен
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Артықшылықты акциялар» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта жүргізіледі.
Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады. [9;210б]
Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.
Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып саналады. Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорын - шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады, бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.
Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады. [10;120б]
Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.
Коммерциялық емес ұйымдар - басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым.
Серіктестіктердегі капиталдың есебі.
Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы» баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету керек.
Салымдар есебі. Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім - шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек. [11;67б]
2010 жылы 1 шілдеде Ахметов Мади мен Балтабаев Жанибек өздерінің капиталдарын біріктіріп жауапкершілігі шектеулі серіктестік «КаzЖиһаз» ашпақшы болды. Ахметов 280 000 теңге ақша қаражатын және 370 000 теңгеге бағаланған жиһаз салды. Балтабаев 400 000 теңге ақша қаражатын және 200 000 теңгеге бағаланған құрал - жабдық салды.
1 шілде
Д 1010, 1040 Ақша қаражаты......................
2410 Жиһаз.........................
К 5020 Ахметовтың капиталы......................
Д 1010, 1040
Ақша қаражаты......................
2410 Құрал жабдық..................
К 5020 Балтабаев
капиталы......................
Серіктестік инвестициямен байланысты міндеттемелерді ала алады. Сөйтіп, Балтабаев қосымша жеті айдан кейін өзі қозғалатын арбаша, сомасы 450 000 теңге құрайтын салды. Бұл мүлікке қатысты кредиторлық қарыз серіктестікпен 370 000 теңге қабылданды. Бухгалтерлік жазу:
1 ақпан
Д 2410 Көлік
құралы........................
К 3310 Жеткізушілер
мен медігерлердің қысқа
К 5020 Балтабаев
капиталы......................
Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу.
Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу серіктестіктің келісім - шартында көрсетілген кез келген әдіспен жүргізіледі. Серіктестіктің пайдасы ереже бойынша үш бөлімге бөлінеді:
- әріптестер капиталдары (салынған капиталға пайыз ретінде қарастыруға болады)
- әріптестермен көрсетілген қызметтерге өтем (әріптестердің еңбекақылары ретінде қарастыруға болады)
- коммерциялық тәуекелден қосымша пайда.
Пайданы мұндай үш бөлімге бөлу әр әріптестің серіктестікке қанша салғанын көрсетуге мүмкіндік береді.
Пайданы бөлудің бірнеше әдістері бар:
- бекітілген пропорция бойынша
- салынған капиталдың ара салмағы бойынша
- жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар.
Табысты бөлудің әртүрлі нұсқауларын қарастырайық.
Бекітілген пропорция әдісі. Егер барлық әріптестердің салымдары бірдей көлемде болса, онда олар пайданың тең үлестерін алады. Бірдей салымдар әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Мысалға, барлық әріптестер бірдей капитал салулары мүмкін немесе біреуі қызметіне көп уақыт бөліп басқару бойынша көптеген мүмкіндіктерді иеленуі мүмкін, ал енді біреуі көп капитал салуы мүмкін. Егер әріптестер серіктестікке әртүрлі салым салса, онда пайданы бөлу де әртүлі жүргізіледі. [12;84б]
Ахметов пен Балтабаев өткен жылы 1 400 000 теңге пайда алды. Серіктестіктің келісім - шарты бойынша пайда мен зиянды бөлу 60% және 40% пропорция бойынша Ахметов пен Балтабаевқа тиесілі.
30 маусым 2008 жыл
Д 5410 Таза
пайда.........................
К 5020 Ахметовтың капиталы ( 1 400 000*60%) .......840 000
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*40%).......560 000
Салынған капиталдың ара салмағы әдісі. Ахметов пен Балтабаев 1 250 000 теңге капиталмен серіктестік құрды. Ахметов 650 000 теңге, Балтабаев 600 000 теңге салды. [12;58б]
Егер серіктестіктің қызметіне салынған капитал пайданың ең көп бөлігін берсе, онда пайда мен зиян салынған капиталға сәйкес бөлінеді.Бұл екі жақты талданады:
1. Әр
әріптестің салған капиталы
30 маусым 2008 жыл
Д 5410 Таза
пайда ..............................
К 5020 Ахметовтың
капиталы (1 400 000*65/125)............
К 5020 Балтабаевтың
капиталы (1 400 000*60/125)............
2. Осы шоттар бойынша орташа жылдық қалдықты қолдану негізінде:
Егер әріптестер жыл бойы олардың капиталдағы үлестері өзгеруі мүмкін деп санаса, онда пайда мен зиянды бөлу әр әріптестің капиталындағы үлесі орташа салмақтандырылған негізде жүргізіледі.
2011 жылы 1 қарашада Балтабаев 100 000 теңге, ал 2011 жылы 1 қаңтарда Ахметов 100 000 теңге алды. Сонымен қатар, 2011 жылы 1 қаңтарда Балтабаев қосымша 80 000 теңге салды. Орташа капиталдың жылға есебі:
Әріптес |
Кезең (ай,жыл) |
капитал |
Айлар саны |
Капитал*ай |
Орташа капитал |
Ахметов
Балтабаев
Капитал орташа жинағы |
07.01.12.01. 01.02.06.02.
07.01-10.01 11.01-01.02 02.02-06.02 |
650 000 550 000
600 000 500 000 580 000 |
6 6 12 4 3 5 12 |
3 900 000 3 300 000 7 200 000 2 400 000 1 500 000 2 900 000 6 800 000 |
600 000
566 670 1166670 |
Капиталдағы пайыздық қатынас:
Ахметов= 600 000/1 166 670=51,4% Балтабаев=566 670/ 1 166 670=48,6%
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза
пайда ..............................
К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000 * 0,514)...............719 600
К 5020 Балтабаевтың
капиталы (1 400 000*0,486).............
Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар әдісі.

- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметі мен құрылымы
- Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы