Баяндама Жаңа акпарат технологиялары

Кіріспе

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік  бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті  бірқатар дамыған елдерде бұл  идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар  әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттындыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан  Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақдараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда  мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті — ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің ақпараттық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА  ҚОЛДАНУ

Информатика сабағындағы жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының техникалық базасы

Компьютер, телекоммуникациялық  және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қaзipгі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелерне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардын классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

    • дидактикалық бағыт;
    • бағдарламалық ұсыныс;
    • техникалық ұсыныс;
    • пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық  бағыт бойынша классификация. Бағдарламалық-ақпараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбіp әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп болу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің  артикулденетін бөлiмi - бұл үйренушілерге  ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.

Білімнің  артикулденбейтін бөлімі - интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған бөлімдер. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

-    компьютерлік оқулықтар;

-   оқытылатын мәліметтер қоры;

-  үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және бімнің артикулденбеген  бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлық деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

-  қолданбалы  бағдарламалар пакеті (ҚБП);

-  компьютерлік  тренажерлер (КТ);

-  зертханалық  практикумдер;

-  ойындардың  бағдарламалы;

- үйренушілерге  зерттеу кезінде оқытылатын пән  бойынша білім алуына   (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭУЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.

ЖАТ негізіндегі оқыту құралдарының жүйесі. Қазіргі кезде оқытудағы ЖАТ-ды қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын бөлуге болады:

  1. Оқу материалын баяндау кезіндегі көрнекілікті жоғарлату, кез келген объекттер мен процестерді модельдеу, білімді меңгергенін бағалау, оқу материалын жүйелеу үшін оқытудың дидактикалық құралы ретінде ақпараттық технологиялардың аппараты және бағдарламалық құралдарын пайдалану;
  2. Оқытудың әртүрлі формаларын іске асыру: жеке, коллективті, өзіндік, дистанциялық оқыту
  3. Қазірігі автоматталдырылған оқыту жүйелерін қолданып, оқытуды автоматтандыру;
  4. Koмьютepлiк оқыту бағдарламаларын ғылыми тұрғыдан дәлелденген сценарийлерді жасау, педагогикалық бағдарламалық құралдардың сапасын бағалау мен экспертиза жасау;
  5. Білім басқарудағы ақпараттық технологиялар құралдарын профессионалды қолдануға үйрету. (Басқарудың автоматты жүйелері, жұмыс орындарын автоматтандыру) ;
  6. Оқытудағы компьютерлік телекоммуникацияларды қолдану;
  7. Өз пәндік облысында ақпараттық технологияларды қолдану;
  8. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып локалды және глобалды ақпараттық ресурстарға қол жеткізу;
  9. Психологиялық-педагогикалық және  ғылымилық зерттеулерде     ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану.

Сабақ барысында  мультииедиялық технологияларды қолдану  ерекшеліктері

Мемлекеттік білім беру стандарты қазіргі заман оқушысына  үлкен талаптар қояды. Қысқа мерзім, үлкен көлемді ақпараттар және оқушының білімі мен білігіне үлкен талаптар – қазіргі білім беру процессінің шарттары осындай болып тұр. Мұндай жоғары сұраныстарды тек дәстүрлі оқыту әдістері мен педагогикалық құралдар технологиясына жүгіну арқылы толық қанағаттандыру мүмкін емес. Дамып келе жатқан жаңа ақпараттық технологияларға, әсіресе мультимедия-технологияларына сүйенген оқыту поцесін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қажет. Оқыту процесінде ақпаратты ұсыну тәсілдерін (дыбыс, видео, анимациялар, графиктер және т.б.) сабақ барысында қолдаудың дидактикалық мүмкіндіктерін сауатты қолана білу басты мақсат болып отыр.

Ақпараттық технологияларды  қолдану қазіргі уақытта оқытудың мазмұнына, формасына және әдістеріне едәуір өз ықпалын тигізуде. Қазіргі  оқушылар қазіргі заман ақпараттық технолгияларды (дербес компьютер, Интернет сервистері, электронды оқулытар және т.б.) белсенді түрде қолдануда, олар компьютерлік мәдениеттің аудио-видео өнімдері, компьютерлік ойындар мен тағы басқа элементтерінде тәрбиелеген.

Қазіргі заманның мультимедия  және гипермедия технологияларын информатика  сабағында қолдану оқытылып отырған бағдаламалық қамтамсыз етудің мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар видеосабақтар (мультимедиялық презентациялар) білім берудің тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі.

Білім берудегі мультимедиялық технологиялар

Мультиедиялық технологиялар  білім беру процессін толықтыра  отырып, оқыту ақпаратынын қабылдау процесінде білім алушының, яғни оқушының көптеген сезу компонентерін тару арқылы қабылдаған ақпараттың барлығын зердесінде сақтауды одан да тиімді етеді.

Қазіргі уақытта мультимедия-технологиялары – бұл білім беру процесін ақпараттандырудың  ең бір жарқын болашағы бар бағытарының  бірі. Қазіргі заман ақпараттық технологияларын  білім беру саласында сәтті түрде  қолана білудің бірден-бір тиімді жолдарының бағдарламалық және әдістемелік қаматамасыз етуді жоғарлатып, материалдық базаны толықтыру, сонымен қатар міндетті түрде ұстазадардың квалификациясын жоғарлату болып табылады. Мультимедия және гипермедия-технологиялар өз ішінде күшті оқыту ресурстарын интеграциялайды, олар ең алдымен ақпараттық және коммуникативтліктік компетенциялары туындайтын және қалыптасатын ортаны қамтамасыз ете алады. Мультимедия және телекоммуникациялық технологиялар жалпы білім беру ісіндегі бұрын шешім таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Мультимедия негізіндегі интерактивті технлогиялар Интернет-комуникациялар базасында, әлде интерактивті СD-курстары немесе мектептерде спутникті Интернетті қолдану арқылы ауыл мектепетрінің «артта қалушылық» проблемасын шешудің тиімді жолын ашты.

Мультимедиалық  технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программапық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық күжаттарды дайындау тәсілдері.

Гипермедия – бұл  мультимедиялық объектілердің арасында қатынауды қамтамасыз ететін сілтемелер арқылы біріккен компьютерлік файлдар.

Әрине мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет-технологиялар  назар аудартарлықтай, бірақ актуальды ақпаратты алу мүмкіндігінің артықшылығымен, барлық әлеммен дерлік сұхбаттасу мүмкіндігімен қамтамасыз еткенімен, оның да маңызды кемшіліктері артып жатыр: бұл нашар байланыс желілерінде үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс жасаудағы қиындықтары (ал бұндай аймақтар ҚР-ның шалғай аудандар мен ауылдық желерде көп) мен байланыс желісінсіз жұмыс істей алмау. Бұндай кемшіліктер CD ROM және DVD атты оптикалық компкт дискілерінің қолданылуымен жойылады. Қолда бар бағдарламалық қамсыздандырулар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар және кітаптар, сонымен қатар жеке бағдарламалар мұғалімге ілім беру барсын тиімді етуге көмектеседі. Мұғалімнің ақпаратты іздеу мен алудағы көмекшісі, сонымен қатар өз әріптестерімен байланысу құралы Интернет болып табылады.

Мультимедиялық  технологиялардың қолданылуы

Қазіргі уақытта мұғалімдер оқушылар бойында сабақ барсында оқуға деген қызығушылық деңгейінің төмендеуімен, өз бетінше жұмыс істеудеге  салғырттық, тіпті оқуға деген  қызығушылықтары болмаумен байланыста проблемаларға тап болуда. Балалардың оқуға деген қызығушылықтың жойылуының бірден-бір себептерінің бастысы, әсіресе, сабақтардың бірсарынды өтуі болып табылады. Күнделікті ұстаздың ізденіссіздігі сабақ беруде бірсарындыққа әкеп соғады, ал бұл бірқалыптылық өз кезегінде баланың бойындағы  қызығушылықтың жойылуына басты себеп болады. Сабақты ұйымдастыруға тек шығармашылық тұрғыдан келу, оның қайталанбастығы, мысалдардың, әдістердің және ұйымдастыру формаларының әр алуандығы ғана сабақтың тартымдылығын, оқушылардың қызығушылығын арттыра алады. Оқушының танымдық деңгейін арттырудың көптеген тәсілдері бар. Олардың бірі бұл оқушылардың танымдық деңгейін арттыру мен олардың зейінін аудартуға көмектесетін видеофильмдер мен мультимедия технологияларды қолдану.

Білім беру орындарында практикалық жұмыстарына қарқынды түрде ақпаратты экрандық түрде ұсынудың жаңа бастауларының енуі видеоәдісті бір бөлек оқыту әдісі ретінде ерекшелеп алуға мүмкіндік береді. Видеоәдісті білімді ұсыну үшін, бақылауды, тұрақтандыруды, қайталауды, жалпылауды ұйымдастырда қодануға болады, ол барлық дидактикалық функцияларды орындайды. Бұл әдіс ақпаратты көрнекі түрде қабылдау негізіне сүйенеді. Берілген әдістің оқыту және тәрбиелеу функциясы көрнекі сұлбалардың жоғары тиімділіктігіне негізделеді. Қөрнекі түрде ұсынылған ақпарат қабылдауға жеңіл және бала зердесінде жақсы, әрі жылдам сақталады.

Білім беру процесінде видеоәдісті қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:

  • Оқушыларға зерттелетін құбылыс және процесс туралы толық, әрі ақиқат ақпарат беру;
  • білім беру процесіндегі көрнкекіліктің маңыздылығын арттыру;
  • оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру;
  • мұғалімнің техникалық жұмысының білімді басқару мен коррекциялаумен байланысты бір бөлігінен босату;
  • тиімді кері байланысты орнықтыру;
  • толық, әрі жүйелі басқаруды, үлгірімді объективті түрде тіркеуді ұйымдастыру.

Видеоәдістің  көмегімен көптеген дидактикалық және тәрбилеу алғышарттары шешіледі. Ол мына жағдайларда әсіресе тиімді:

    1. жаңа материалды түсіндіруде;
    2. күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық моледьдердің әрекеттер принципінің динамикасын түсіндіруде;
    3. ауқымды жұмыстық процестерді бақылауда;
    4. видеоқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты күшейтуде;
    5. құрылғының ішкі бөлігінде іске асатын жасырын процестерді бақылауда;
    6. оқу-жаттығушылық және зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер қорын құруда;
    7. білім беру процесін рационализациялау, оның өнімділігін арттыру, ғылыми ақпартатты тасымалдау және қабылдаудың оптималды көлемін педагогикалық басқару сапасын арттыру жолымен қамтамасыздандыруда.

Берілген әдістің тиімділігі видеоұсынымның сапасы мен қоланылған техникалық құралға тура тәуелді болады. Видеоәдіс оқыту процесін ұйымдастыруына үлкен талаптар қояды, ол өзінің айқындығымен, ойластырылғандығымен және мақсаттығымен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті қолданушы ұстазадан зерттелетін проблема шеңберіне оқушыларды ендірудің, олардың әдекеттерін бағыттай отырып, жалпылама шешімдер алуының, жеке-дара көмек көрсетудің жоғары іскерлігін талап етіледі.

Заман талабына сай мультимедия-технологияларын  информатиканы оқытуда қолдану зерттеліп жатқан бағдарламалық қамсыздандырудың мүмкндіктерін көрнекі түрде беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар слайд-презентациялар оқытудың тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта ақпараттық технологияларды қолдану білім беру мазмұнына, формасы мен әдістеріне үлкен ықпалын тигізіп жатқан фактісін ешкім жоққа шығара алмайды. Мектептегі білім беруде мультимедиялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдей алды. Оқыту ақпараттарын интерактивтілікпен үйлестіре әр түрлі көркем ұсыну мүмкіндігімен қоса, мультимедия жаңа сапалы білім беру деңгейімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен бірге мултимедиялық ортаның визуальді ұйымдастырылуы да өзгере түседі. Үшдеңгейлі графиканы қолдану мүмкіндігі дәстүрлі кітап метафорасын жүзеге асыратын гипермәтінді беттерден тұратын электронды оқулықтардан «жаңа» әлем метафорасының негізінде ұйымдастырылған интерактивті білім беру ортасына көшу мүмкіндігін береді. Енді экран мониторы оқушы үшін жаңа үшдеңгейлі білім әлеміне терезе есебінде қабылданатын болады, ондағы нақты объектілердің сұлбалары виртуалды модельдермен қатар әрекет етеді. Оқушыларды оқытуда қазіргі заман ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары мыныалар: компьютерді заман талабына сай оқыту құралы есебінде пайдалану; компьютермен интерактивті сұхбатқа оқушылардың мұғаліммен әрекеттесуде мүшелік қосылу; ақпаратттық технологияларды қоладануда оқушылардың өзбетімен білім алу ролін арттыру. Білім беру процесін оптимизациялау қазіргі уақыт ақпараттық технологиялар шарттарында бағдарламалы-шығармашылық проектерін қолдануға негізделуі мүмкін.

Шығармашылық проектіні  құру дегеніміз оқушылардың жаңа, тиімді, бәсекеге қабілетті, адамның  ақпратқа деген қажетілігін қанағаттандыратын және сатып алушылар жағынан сұранысқа ие болатындай өзбетімен орындайтын жұмыс. Проектіні орындау танымдық және тәрбиелік функциялардың, шығармашылық мүмкіндіктерінің, логикалық ойлаудың артуына, политехникалық білім, білік пен дағдының тереңдетілуі мен пысықтауға өз ықпалын тигізеді. Оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптасытыру олардың бойында танымдық әрекетті дамыуға бағытталады. Бұған оқу материалын игерудегі мақсатын анықтау арқыла оқушылардың интеллектуалды активтілігін ұстап тұру және оқушыларды компьютердің интерактивті жүйелік ортасына енгізу; оқу мотивациясын оқытудың ішкі себептері мен бағалылығын анықтау арқылы жоғарылатыу; оқыту технологияларын қолану арқылы өзбетімен білім алу білігін дамыту  көмектеседі.

Қазіргі оқушыға білім  беруді ұйымдастырудың келесідегідей негізгі методикалық ерекшеліктерін ұсынуға болады:

  1. компьютерлік сыныптарда мультимедиялық презентация-ларды қолданумен өтілетін сабақтар мультимедиялық проекторларды, резиденттік анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, бағдарламалар жұмысының барысы кескінделген видеожазбаларды қолданумен өткізіледі;
  2. практикалық сабқтарда әр оқушыға жеке жұмыс жасйтын комьютер беріліп, оның сынып шифрі мен оқушының фамилиясы атымен аталатын өз бумасы болуы тиіс;
  3. мұғалім әр білім алушыға берілетін ақпаратты жақсы қабылдауға көмектесетін  жеке тұлғалық оқыту бағдарламалары мен көпдеңгейлі тапсырмалар (практикалық және лабораториялық жұмыстар) қорымен қамтамасыз ете алуы;
  4. берілетін білімнің көп бөлігін түрлі іскерлік ойындар көмегімен ұсыну өте тиімді; тапсырмалар есебінде өмірдегі мектеп бітіруші алдына қойылатын көпнұсқалы, әрі таңдауды қажет ететін  түрлі сауалдардарды алуға болады;
  5. проект құру әдісі қолдану шеңберіндегі берілетін бір үлкен көлемді тапсырма келесі бір практикалық жұмыстарда және графикалық-есептегіш жұмыстарында одан әрі толықтырыла, кеңейтіле түсіп, үлкен көлемді тәмамдалған жүйелі құрылымға айналуы тиіс;
  6. бағдарламалардың негізгі бөлімдерін зерттеудің параллелдік және негізделген мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс; бұл білім алушының курсты қабылдау барысында әр бөлім бойынша терең білім ала отырып, барлық талданған материалдыр бойынша жалпы тұтастығын сақтауға көмектеседі;
  7. танымның мақсаттығы, қабылдаудың жан-жақтығы сияқты «өткір» жүйелі-ақпараттық талдаудың өзара әрекеттесетін ұстанымдарына сүйену керек;
  8. білім беру барсында қолдануға болатын оқушылардың маңызды бағдарламаларды (құжаттар, кестелер, мәліеттер қоры) құруды қарастыруға негізделетін оқытудың проблемелық әдісін кеңінен қолдану керек.

Жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар

Мультимедиалық оқыту  презентацияларын дайындауда бір жағынан  оқыту курстарын құрудың жалпы  дидактикалық ұстанымдарын, экраннан және баспа негізінен ақпаратты  қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінің берілген талаптарын, эгрономикалық талаптарды қарастырып, келесі жағынан телекоммуникациялық желілердің бағдарламалылық құралдары мен қазіргі ақпараттық технологиялардың бізге ұсынатын мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет. Мультимедиялық технологияларың тиімділігі қолданылатын материалдарының (оқыту курстарының) сапасы мен осы процеске қатысатын мұғлімнің шеберлігіне байланысты.  Сондықтан мультимедиялық презентацияларды мазмұнды ұйымдастырылуы (презентацияны проектілеу және оны қолдану процесінде де) приоритетті болып табылады. Бұдан қазіргі мультимедиялық презентацияларды қолдану арқылы өтілетін сабақты ұйымдастырудың педагогикалық концептуальды ұсыныстардың маңыздылығы көрінеді.

Мультимедиялық  презентацияларды құру барысында келесі талаптарды есте ұстау қажет:

Мотивация. Мотивация – сабақтың ағымының басынан бастап, аяғына дейін ұсталатын оқытудың қажетті құраушысы. Оқушы алдына нақты анықталған мақсаттың қойылуының мәні зор. Егер қойылған мақсат оқушының дайындық деңгейіне сәйкес келмесе, мотивация тез төмендейді.

Оқыту мақсатын қою. Оқушы компьютерде жұмыс жасауының басынан бастап одан не талап етілетіндігі туралы хабардар болуы керек. Оқыту мақсаты сабақ барысында нақты, әрі айқын түрде берілуі тиіс.

Оқыту материалын қабылдауға сипаттама құру. Оқыту материалын қабылдауға сипаттама құру үшін оқулық комплекісіне енетін немесе мұғалімнің өзі даярдаған көмекші материалдар пайдалы болады.

Оқу материалын ұсыну. Оқу материалын ұсынудың стартегиясы оқыту барысында шешілетін есептерге байланысты таңдалады. Дисплей экранына берілетін кадрлерді көрекмдеу ең басты проблемалардың бірі.

Бағалау. Компьютерде жұмыс істеу барысында оқушы берілген оқыту материалымен қандай деңгейде жұмыс істеп жатқандықтар жөнінде білулері керек. «Оқушы-мұғалім-оқушы» коммуникациясын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мақсаттарда оқушыларды жұмысын проектіде немесе «бірлестікте оқыту», дискуссия түрінде ұйымдастыру ұсынынылады.

Мультимедиялық презентацияларды құруда тек классикалық дидактиканың ұстанымдарына ғана негізделуге болмайды, сонымен қатар компьютерлік мультимедиялық презентацияларды қоланудың спецификалық ұстанымдарын да ескеру керек.

Мультимедиялық  презетацияларды құрастырушы-ұстаздарға берілетін ұсыныстыр: 

  • әр материалды белгілі бір деңгейде жене аяқталған кішігірім бөліктерге бөліктеңіз;
  • әрбір деңгейде келесі материалдың бөлек бөліктеріне нұсқаңыз, үлкен үзілістерсіз оқушының қызығушылығын тудыратын, бірақ толық қанағаттандырмайтындай етіп бөлек мәліметтер ұсыныңыз;
  • келесі деңгейде жаңа материалды зерттеуде қайта алдындағысы қайталанатындай етіп  материалды ұйымдастырып, орналастыру керек.

Материал сізді қызықтыруы тиіс. Беделді ақпарат көзі, белгі  және концепцияларды қолдану ұсынылып отырған материалға деген үлкен  қызығушылықпен қарауды қамтамасыз етеді. Түрлі графика, анимация мен имитацияларды қолдану интерактивті курстардың тартымдылыған арттыра түеді.

Электрондық материалдарды  дайындауда мультимедия-технологияларын  қолдану өз заңдарын ұсынады және құру әдістері мен амалдарына нақты  талаптар қояды.

Мультимедиылық оқыту презентациялары мұғалімге материалды ыңғайлы, әрі көрнекі түрде оқушылар назарына ұсынуға көмектеседі. Қарапайым графкалық құралдардың өзін пайдалану өте тиімді болып табылады.

Шебер құрылған презентация  оқушының зейінінаудартуға және оқуға  деген қызығушылығын тудыруға жәрдемдеседі. Алайда спецэффектілермен байланысты презентациялардың сыртқы жағымен құмартуға болмайды. Егер сіз шамадан тыс құбылтатын болсаңыз, онда презентацияның жалпы тиімділігі төмендейді. Беріліп жатқан материал мен оны тартымды ететін эффектер арасында оқушылар қызығатындай және жалықтырмайтындай баланс табу керек. Бұл ереже барлық презентациялар үшін ақиқат, әсіресе оқыту презентациялары үшін.

Егер сіз мұғалім  болсаңыз, онда сіз оқушылар сізді  тыңдай отырып, сонымен қатар түсінулерін және де алған білімдерін практика барысында қолдана алатындай жағдайда болуын қалайсыз. Интерактивті мультимедиялық оқыту презентациялары – осы амалды іске асырудың бір тәсілдерінің бірі. Оқу процесінде мультимедиялық презентациялар мен практикалдағы зерттеуді шығармашылықпен ұштастыру көбіне тамаша нәтижелерге қол жеткізеді.

Презентациялар  типтері

  • Сценарилі. Оқу аудиториясына ақпаратты ұсынудың ең ыңғайлы түрі. Мұнай презентациямен берілген материал жақсы ұйымдастырылған және оның одан әрі тартымды бола түсу деңгейін жоғарлату үшін өзгертулер енгізу өте оңай.
  • Интерактивті. Мұндай презентациялар оқу материалын ұсыну мен материалды мазмұндайдың тереңдік деңгейін таңадау және де ақпаратты оқу аудиториясының қабылдауына қарай ақпаратты адаптациалау мүміндігін береді. Интерактивті презентациялардың көмегеімен әр оқушы өзбетімен пән туралы ақпаратпен танысуды жүзеге асыратын оқу материалдары бойынша индивидуальды «экскурсиялар» жасауына болады.
  • Өзібетімен орындалатын. Аяқталған ақпараттық өнімдер. Мұндай презентацияларды сайтқа немесе дискета, компакт-диск, видеокасетаға орналастыру арқылы сабақ барысында немесе үйде өзбетінше оқу үшін аудиторияға ұсынуға болады.
  • Оқыту презентациялары мұғалім мен білім алушыға оқу материалын ыңғайлы, әрі көрнекі түрде ұсынудағы таптырмас көмекші. Өте қарапайым графикалық эффектердің қолданылуының өзі өте тиімді болмақ.

Интерактивті презентация  – бұл  қажеттілік деңгейіне қарай  өз әрекеті арқылы адамға керекті  ақпаратты іздеп, табу мүмкіндігін  беретін компьютер мен адам арасындағы сұхбат. Қолданушы өзі үшін қай материалдің маңыздырағына қарай шешім қабылдап, экран бетінде таңдау жүргізеді, яғни қажетті объектіге тышқан нұсқағышын апарып, шерту арқылы немесе пернетақта пернесін басу арқылы интерактивті презентацияны басқарады. Компьютер сұраныс жасалған ақпаратты ұсыну арқылы жауап қайтарады.

Барлық интерактивті бағдарламалардың ортақ қасиеті  бар: олар оқиғалар арқылы басқарылады. Бұл дегеніміз қандайда бір оқиға  орындалса, мысалы, перненің басылуы  немесе нұсқағышты экран объектісіне позициялау, онда бағдарлама жауап ретінда сол оқиғаға сәйкес әрекет орындайды.

Қолданушы үшін интерактивті презентация – бұл перзентацияны  құрушының қарастырған деңгейіне  дейін ыңғайлы, әрі қызықты формада  қажетті ақпаратты іздестіру  жүзеге асатын мүмкіндік. Мысалы, қолданушы берілген тақырыпты зерттеуді экранда бейнеленген берілгенді оқып, ол туралы жалпы мағлұмат алып, сонан соң гипермәтіндік байланыста (асты сызылған немесе басқа түспен ерекшеленген сөз немесе сөйлем), батырма немесе пиктограммада шерту жүргізіп, берілген материалдың нақты сұрақтары бойынша толық ақпарат алады.

Сапалы интерактивті перзентацтияның белгісінің бірі –  бұл ондағы қолданушыны еліктіретін  және ұсынылып отырған материалға деген  қызығушыдлығын ұстап тұратын қасиеті. Жақсы ойластырылған презентациялардан қоланушының алдағы зерттеулерге деген қызығушылығын арттыратын күтпеушілік элементтерін табуға болады. Мультимудияның интерактивті құраладары ақпарат алушылар аудиториясын кеңейту және әр қолданушыға индивидуальды қатынауды жүзеге асыуды қамтамасыз етеді.

Сценарилі перезентацияларды  сабақ барсында қолдану

Мультимедиялық презентацияларды қолдану арқылы өте күрделі материалды түсіндірудің өзін еш қиындықсыз және қызығушылықпен ұғынуға болатындай етін оқушылар назарына ұсынуға болады.

Ұстаз материалды ұсыну  барысын басқаратын сценарилі мультимедиялық презентациялар – бұл мектептегі сабақта ақпраатты ұсынудың ең бір  тиімді түрі. Бұл методиканы оқытудың қай болмасын саласында қолдануға  болады.

Шебер дайындалған оқыту  мультимедиялық презентациясы білім алушыларға үлкен әсер етіп, қажетті нәтижелер алуға көмектеседі.

Мультимедиялық  презентацияның сценариін әзірлеу

Мультимедиялық презентацияға  сценарий схемасын құруда және мәтіндік көркемделуін ұйымдастыруда келесідегдей ұстанымдарды ұстану керек:

  • Презентация қысқа, қолжетерлік және компазициялық жағынан тұтас болуы қажет. Сценарилі презентацияның ұзақтығы 20-30 минуттан аспауы тиіс. Демонстрациялау үшін шамамен 20-25 слайд (бір слайдты көрсету 1 минуттай уақыт алады, бұған тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруге кететін уақытты қосыңыз) дайындалуы тиіс.   
  • Материалды баяндау барысында бірнеше негізгі түсініктерді ерекшелеп өту керек және демонстарациялау барысында оларға оралып отыру керек, бұл сұрақты жан-жақты қамтуға көмектеседі. Өз ойыңызды қайталаудан қорықпаңыз, егер сіз оның жақсы қабылдануын қаласаңыз.

Төменде берілген презентацияны  құру жоспары өз презентацияңызды құру кезінде пайдалы болады:

Мультимедиялық  презентациялардың келесідегідей  қасиетері болуы тиіс:

  • Презентация бойынша оңай қозғалуды қамтамасыз ететін ыңғайлы навигациялық жүйенің болуы;
  • Қазіргі заман компьютерлерінің мультимедиялық мүмкіндіктері мен Интернетті қолдану (қажеттілігіне қарай графикалық кірістірулер, анимациялар, дыбыстар);
  • Сабақты бірнеше кішігірім логикалық бөліктерге (слайдтарға) бөлу;
  • Презентацияның әр слайдының тақырыбы болады;
  • Әдебиеттерге, электорнды кітапханаларға және Интернет желісіндегі ақпаратқа сілтемелерінің болуы;
  • Жылдам жүктелгіштігі.

Мультимедиялық  презентацияларды құру барысында қажет:

  • сабақты кішігірім мағыналық бөліктерге – модульдерге бөлу. Әр слайдтың тақырыбы болуы тиіс.
  • әр модульге сәйкес бөлім тақырыбын, мәтінді, суреттерді, кестелерді, дыбыстық және видеоқатарды және т.б. білім алушыларға ұсыну және беру формаларын құру;
  • бөлімді зерттеу барысында оқушылардың танымдылық әрекетін моделдеу және оларды құруда нәтижелерді қолдану (слайдтар арасындағы белгілі бір реттілік анықталады);
  • білім мен білікті пысықтау тәсілдерін проектілеу және кері байланысты ұйымдасытру (тапсырмаларды, бақылау сұрақтарын, моделдеуге арналған тапсырмаларды, жауаптарды талдау әдістерін іріктеу, қате жауаптарға қарсы өз ойларын ортаға салу білігін қалыптастыру, көмек (help) құрастыру);
  • мәтінді , суретті, кестелерді, сызбаларды, видеоқатарларды құруды эгрономика талаптарына сай ету; эгрономиалық көзқарас жағынан әр сабақ үшін модульдердің компоновкасын қарастыру.

Әр модульге максималды түрде енеді:

Баяндама Жаңа акпарат технологиялары