Бақылау, өлшеу құралдарының сезгіштігі

1. Бақылау, өлшеу  құралдарының сезгіштігі

2. Өлшеу диапазоны

3. Тұтыну қуаты 

     Өлшеу  құралдары белгілі бір сипаттамалармен  анықталады, атап айтқанда , олар  сезгіштік, өлшеу диапазоны, тұтыну  қуаты. 

     Құралдың  сезгіштігі S  деп, өлшеу көрсеткішінің  орын ауыстыру өсімшесі ∆ а ның(мысалы, электротехникалық құралдың тілі) өлшенетін шаманың өсімшесіне қатынасын айтады( S =∆a/∆X). егер құралдың шкаласының бөліктері бірдей болса онда S= a/X. 

     Сезгіштіктің  кері шамасын құрал шкаласының  бөліну құны деп атайды(c=1/S). 

      Өлшеу диапазоны –  Х шамасының  өлшенетін мәнінің облысындағы  құралдың қателігі, дәлдік класына  жатқызылады  

      Тұтыну қуаты – құралдың қажетті  өлшеулерді жүргізі үшін  тұтынатын  қуаты. Тұтыну қуаты неғұрлым  аз болса, соғұрлым құралдың сапасы жоғары болады.  

  

№ 2 дәріс тақырыбы : .2ч 

Дәріс жоспары (2 сағ.) 

1. Түрлі шамаларды  өлшеуге арналған құралдар 

2. Өндірістік  және лабораториялық құрылғылар 

3. Аналогтық  және цифрлық құрылғылар 

Теплотехникалық құралдар қызметі, құрылымы және басқа да белгілері бойынша бірнеше топқа бөлінеді.  

Көп таралған топтарға мыналар жатады: 

Температураны өлшеуге арналған құралдар - термометр  және пирометрлер 

Қысымды өлшеу  үшін - манометрлер, вакуумметрлер, мановакуумметрлер, тягомерлер,  напоромерлер  және барометрлер қолданылады. 

Шығын мен мөлшерді өлшеуге расходомер, есептеуіш және таразылар; 

Сұйық пен қиыршық  деңгейін есептеу үшін деңгей өлшегіш  және деңгей Көрсеткіш; 

Газ құрамын  өлшеуге газоанализатор; 

Су және бу сапасын  өлшеуге кондуктометрлер және кислородомерлер  жатады. 

Аталған құралдарды қосымша басқаша да топтауға болады: 

Қызметі бойынша - өндірістік (техникалық), лабораториялық, үлгілік және эталондық; 

Көрсету сипаты бойынша - көрсеткіш, тіркегіш (өздігінен  жазатын және басып шығаратын), интеграциялағыш; 

Қолданыланатын  сигналдарының формасы бойынша - аналогтық және цифрлық; 

әсер ету принципі бойынша - механикалық, электрлік, сұйықтық, химиялық, радиоизотопты және т.б.; 

қолданылу сипаттамасы  бойынша - шұғыл, есептік, есептеуіштік; 

орны бойынша - сол орындық және көрсетулерін дистанциялық беру құралдары; 

жұмыс жағдайы  бойынша - стационар (щиттегі) және тасымалданатын; 

көлемі бойынша - ірі, шағын және миниатюрлы. 

Әр құрылғы  жоғарыда аталған топтың бірнешеуіне  жатуы мүмкін. Мысалға термометр өндірістік, өздігінен жазатын, электрлік және т.б. топтарға жатады. 

Өндірістік құрылғылар өлшеу құралдарының кең таралған түріне жатады. Олар практикалық мақсаттарға  қолданылады, құрылымы қарапайым және мықты болып келеді, жаңылыссыз жұмыс  істейді. Қолайсыз ортада (шаң, ылғал, вибрация т.б.) бұл құрылғылардың жұмыс дәлдігі қолайлы жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді. 

Өндірістік құрылғылардың  көрсетуі қашықтықтан да көрініп  тұрады. 

Лабораториялық  құрылғылар негізінен дәл өлшеулер үшін қолданылады. Оларды зерттеу және реттеу жұмыстары кезінде қолданады. Өлшеу дәлдігі жоғары болу үшін лабораториялық құрылғылар орындаулары аса дәл, схемалары толық жетілдірілген көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік беретін арнайы тетіктері бар болып шығарылады. Бұл құрылғыларды қолдану кезінде олардың көрсетулеріне тәжірибе немесе есептеу жолымен алынған түзетулер енгізіледі.  

Эталондық және үлгілік құрылғылар негізінен өлшеу  құралдарын тексеру үшін қолданылады. Эталондық деп бірлік өлшемдерді сақтау және оларды аса дәлдікпен көрсету үшін қолданылады. Эталондар біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Біріншіліктері барынша дәлірек, олар мемлекеттік эталон қызметін атқарады. Екіншілік эталондардың мәндері біріншіліктер негізінде жүргізіледі. Екіншілік эталондар өлшемдер мәнін біріншілік өлшемдер мен құрылғыларға беру үшін қолданылады.  

Үлгілік құрылғылар, бірліктердің дұрыс мәнін өлшеу  және градуирлеу арқылы эталондардан басқа құрылғыларға беру үшін қолданылады. Үлгілік құрылғылар төрт разрядты болады. Ол разрядтар ол құрылғылардың және өлшеу әдісінің дәлдігіне байланысты тағайындалады. Бірінші разрядты құрылғылар жұмысшы эталон арқылы, екінші разрядты бірінші разрядты арқылы арқылы, т.с.с тексеріледі. Біріншілік (мемлекеттік) және негізгі екіншілік эталондар метрологиялық институттарда жасалады және сақталады. Екіншілік эталондар мемстандарт институттарында, мекемелерінде қолданылуы мүмкін.  

Өлшегіш құрылғылар өлшенетін шаманың мәнін шкалада  бірден көрсетеді. Тіркегіш құрылғылар ол мәннің өзгерісін уақыт барысында жазып отырады. Ол диаграмма түрінде болуы мүмкін. Көрсетулерін цифрлық түрде де (баспа құралдар) шығаратын құралдар болады. 

Өздігінен жазатын  құрылғылар бір (бір нүктелік немесе бір каналдық) немесе бірнеше (көпнүктелік  немесе көпканалдық) шамаларды жазуы мүмкін. 

Интегралдық құрылғылар (есептеуіш немесе интегратор) өлшенетін  шаманың уақыттың кез-келген аралығындағы мәнін суммалау үшін қолданылалады.  

Өлшегіш құрылғылар біріккен, мысалға көрсеткіш және өздігінен жазғыш, көрсеткіш және интегралдағыш т. б. болуы мүмкін. 

Аналогтық құрылғылар өлшенетін шаманың мәнін үздіксіз функция түрінде береді. Оған мысалға  стрелкалық, көрсеткіш және өздігінен  жазатын құрылғылардың көпшілігі  жатады. 

Цифрлық құрылғыларда өлшенетін шама дискреттік сигнал түрінде  көрсетіледі. Бұндай құрылғыларға цифрлық, есептеу, басып шығаратын және көптеген интегралдаушы құрылғылар жатады.  

Есеп жүргізуге  арналған, техникалық есептеу жұмыстарына  және өзара есептесуге арналған құрылғылар өздігінен жазатын және интегралдайтын болуы мүмкін.  

Жергілікті құрылғылар өлшенетін жердің өзінде орнатылады. Олар көбіне жауаптылығы аса жоғары емес бақылаулар жүргізуге, агрегаттарды қосу және тоқтату кезіндегі өлшеулерге арналады. 

Көрсетулерін  басқару орталығына дистанциялық түрде  беретін құрылғылар негізгі өндірістік құрылғыларға жатады. Олардың беру қашықтығы 300-500 метр де болуы мүмкін. 

Өндірістік өлшегіш  құрылғылар негізінен стационар, яғни щитокқа, қабырғаға, бағандарға т.б. орнатылады. Басқа құралдардың басым бөлігі (лабораториялық, үлігілік т.б.) тасымалданатын түрге ие, яғни өлшеу кезінде столға, қабырғаға т. б. орнатылады. 

  

№ 3 дәріс тақырыбы: .2ч 

Дәріс жоспары (2 сағ.) 

1. Өлшегіш және  есептегіш құрылғылар 

2. Көрсеткіш  құрылғы 

3. Құрылғы сезімталдығы 

Өлшегіш құралдардың  негізгі тетігі болып өлшегіш және есептегіш құрылғылар табылады. Өлшегіш тетік физикалық шаманы өзінің сезгіш бөлігі арқылы өлшейді, қажет жағдайда оны күшейтеді. Өлшегіш құрылғының екінші бөлігі алынған мәнді көрсетеді, жазады, интегралдайды. 

Өлшегіш құралдар сан түрлі және өлшенетін шаманың тегіне (қысым, температура және т.б.) және құрылғының қызмет әдісіне (механикалық, электрлік және т.б.) байланысты болады. Көбіне құрылғы жылжымалы және жылжымайтын бөліктерден тұрады. Жылжымалы бөліктің қозғалысы өлшенетін шаманың сезімтал элементке әсерінен пайда болады.  

Есептегіш бөлік  құрылғының көрсету сипатына байланысты мынадай болып дайындалады: шкалалы  және нұсқағыш (көрсеткіш құрылғылар), жазғыш тетігі бар және диаграммалық қағазбен қамтамасыз етілген (өздігінен  жазатын құрылғылар), есептік құрылғылы (интегралдаушы құралдар). 

Көрсеткіш құрылғы  шкаласы көбіне жазық немесе цилиндрлік циферблатка таңбаланған тізбекті қатардан құралады. Циферблат деп  құрылғының бет жағы айтылады. Оған шкала, шартты таңбалар, анықтамалық жазбалар, өлшенетін шаманың сандық мәніне сәйкес келетін бөліктер салынады. 

Циферблатка сандар және таңбалар салу шкаланы градуирлеу деп аталады. Шкаланың шама бірлігін көрсететін көршілес екі таңбасының арасындағы айырма шкаланың бірлік бөліктері  деп аталады. 

Кез-келген құрылғының маңызды көрсеткішіне оның S сезімталдығы жатады. Ол - шығыстық сигнал өсімшесінің  кірістік сигнал өсімшесіне қатынасы болып табылады. Мысалға сырттан  түсірілетін кернеу ∆U-ға өзгерген кезде өлшегіш стрелкасы ∆L-ға жылжыса, онда сезімталдық  

S=∆L /∆U (5) түрінде  анықталады. 

  

№ 4дәріс тақырыбы: .2с 

Дәріс жоспары (2 сағ.) 

1. Электрлік  шамалар 

2. Электрлік  өлшеу әдістері 

3. Датчиктер  түрлері 

Қазіргі кезде  электрлік өлшеу әдістері кеңінен  қолданылады. Электрлік әдіспен  өлшеу арқылы дәлдік, сезімталдық жоғарылайды, алыстан өлшеуе мүмкіндік артады. Осындай артықшылықтардан қазір электрлік емес шамаларды электрлік әдіспен жанама түрде өлшейді. Оның мағынасы мынадай: өлшенетін электрлік емес шама арнайы құрылғы («датчик» деп аталатын) арқылы өзіне прпорционал электрлік шамаға түрлендіріледі. Құрылғының өлшейтіні де осы электрлік  шама. Осы әдіспен түрлі механикалық (орын ауыстыру, жылдамдық, тербеліс жиілігі), физикалық (температура, ысым, ылғалдылық), химиялық (зат концентрациясы, заттың химиялық құрамы және т.б.) шамалармен қатар тірі ағзаларда өтіп жататын процестердің өзі де өлшеді.  

Қарыштап даму сатысындағы автоматтық басқару  және реттеу әдістері де электрлік  шамаларды электрлік емеске айналдырып өлшеуді қажет етеді. Осындай құрылғыларға датчиктер жатады.  

  

Реостаттық датчиктер. Реостаттық датчиктер айнымалы кедергі  болып табылады. Оның бір (ортаңғы) контактісі жылжымалы, бақыланатын объекті  соған жалғанады. Объекті қозғалғанда  контакті бірге қозғалады. Қозғалысқа сәйкес а және б нүктелері арасындағы кедергі де өзгереді. 

1-сурет 

Өрмелі датчиктер. Сымдық спираль (мысалға константан немесе нихромнан дайындалған) детальдың  үстіне жапсырылған. Ол  деталь жазылып  немесе жиырылып тұрады. Сыналатын  үлгі созылғанда (немесе жиырылғанда) сымдық спираль да созылады (немесе жиырылады), оның ұзындығының, көлденең қимасының және меншікті кедергісінің  өзгеруіне байланысты омдық кедергісі де өзгереді.  

2-сурет 

Контактілік кедергі  датчиктері. Контактілік кедергі  датчиктері екі бет арасындағы, біреуінің екіншісіне қысым түсіруі нәтижесінде кедергінің өзгеруіне негізделген. Қысым үлкен болған сайын контактілік кедергі де артады. 

3-сурет 

Электродтық көмірден жасалған екі пластинаны тақалтып, қысқанда а және б нүктелері арасындағы кедергі де өзгереді. 

Датчик сезімталдығын  арттыру үшін екі емес, бірнеше  пластинаны пайдаланады. 

  

Электролиттік датчиктер. Электролиттік датчиктердің жұмыс негізіне келесі құбылыс жатады: электролитке батырылған екі пластина арасындағы кедергі электролит концентрациясынан тәуелді.  

4-сурет 

Контактілік датчиктер. Контактілік датчиктер механикалық  қозғалып бара жатқан дененің орнын  тіркеп отыруға арналған. Мысалға  стержень белгілі күйге жеткенде а және б контакілер арасы қысқа  тұйықталады, осы мезетті арнайы электрлік құрылғы тіркеп алады. 

5-сурет 

Индуктивтік датчиктер. Индуктивтік датчиктер индуктивтік  катушканың қасиетіне негіделген, оның ортасына орнатылған ферромагниттік өзекшені қозғалтқанда, катушканың кедергісі  өзгереді.  
 

  

6-сурет

   
 

Индуктивтік датчиктер түрлі механикалық қозғалыстарды, заттың өлшемін бақылау, т. б. мақсаттарда қолданылады.  

7-сурет 

Сыйымдылық датчиктер. Сыйымдылық датчиктер конденсатор  сыйымдылығының үш параметрге тәуелділігіне  негізделген: оның астарларының ауданы, олардың ара қашықтықтары және ол аралықтың немен толтырылғанына тәуелді. Өлшетін шаманың осы параметрлердің  қайсысына әсер ететініне байланысты, конденсаторлардың үш түрі болады, олар: а) астарларының ара қашықтықтығы өзгеретін, б) астарларының ауданы өзгеретін, в) астарлары аралығының диэлектрлік тұрақтысы өзгеретін конденсаторлар. 

8-сурет 

Сыйымдылық датчиктердің сезімталдығы аса үлкен, басқа датчиктердікінен жоғары.  

Сыйымдылық датчиктер  механикалық орын ауыстыруларды, қоспалар құрамын, сұйық деңгейін және т. б. анықтау үшін қолданылады.  

Пьезоэлектрлік  датчиктер. Пьезоэлектрлік датчиктер  кристалды механикалық деформациялағанда  оның ұштарына зарядтар жинақталуына негізделген. Пайда болатын зарядтар мөлшері серпімділік күшіне тәуелді, ал кристалдың жалпы бетінің ауданына қатысы жоқ.  

Фотоэлектрлік датчиктер. Фотоэлектрлік датчиктер  оған жарық түскенде параметрін өзгертетін құрылғыларды пайдаланады.  

Радиациялық датчиктер. Бұндай датчиктер гамма сәуле  шығарудың интенсивтілігін есептеуге  негізделген. Әрбір датчик радиоактив сәуле көзінен және ол сәулені қабылдаушыдан тұрады.   

9-сурет 

Суретте сұйықтықтың  деңгейінің сигнализаторы көрсетіледі. Ондағы 1 - радиоактивті сәуле көзі, 2 - қорғаныш экраны, 3 - радиоактив сәуле  қабылдаушы, 4 - өлшегіш құрылғы. 

Ыдыстағы сұйық деңгейі аб сызығынан төмен түскенде, З-қабылдағыш арқылы өтетін радиоактивті ағын, сұйық деңгейі аб деңгейден жоғары кездегі ағыннан жоғары. Егер ыдысты ондағы сұйық деңгейі аб сызықтан асқан кезде толтыруды жалғасытарсақ, онда қабылдағыш арқылы өтетін радиоактивті сәуленің қабылдағыш арқылы ағыны күрт төмендейді. 

  

№5 дәріс тақырыбы: .2с 

Дәріс жоспары (2 сағ.) 

1.  Механикалық  өлшеу құралдарының жұмыс принципі 

2. Бірінші және  екінші типті мембраналық манометрлер 

3. Шығынды өлшеу 

Механикалық өлшеу құралдары барлық көрсетулерін ондағы механикалық қозғалыстарға негіздейді. Яғни оның көрсету индикаторы механикалық ығысулар негізінде жұмыс істейді. 

Техникада механикалық  өлшеу құрылғыларына қысымды, шығынды, деңгейді өлшеу құралдары т.б. жатады.  

  

Бурдон түтікшесі 

Сұйықтағы қысым  барлық бағытта бірдей болады. Бүктелген  түтікте қысым ол түтікті жазуға ұмтылады. Егер ол түтік спираль  түрінде оралған болса, онда қысым  ол түтікті түзетуге күш салады. Егер түтіктің бір ұшы бекітілген, ал екінші ұшы еркін қозғала алатын болса, осы ұштың қозғалысы қысымға тура пропорционал болады. Сипатталған құрылғы Бурдон түтікшесі болып табылады. 

10-а суретте  С-түріндегі Бурдон түтікшесі  көрсетілген. Оның бекітілген  ұшына р қысым түсіріледі. Екінші  ұшы тісті механизмге бекітілген және оны қозғалысқа келтіреді. Бұл қозғалыс стрелканың айналмалы қозғалысына түрленеді. Стрелка 2700-қа дейін бұрыла алады.  

10-сурет 

Герметикалық  жүйе 

Бұндай манометр (11-сурет) коррозиялық ағынды ортадағы қысымды өлшеуге негізделген. Ағынды орта манометрге кіре алмайды. Ол тек коррозияға төзімді мембранаға оның астындағы камера арқылы әсер етеді. Мембранаға түсірілген қысым манометрге механикалық байланыс не оның ішіне құйылған сұйық арқылы беріледі. 

11-сурет 

Мембраналық манометр аса төмен қысымды өлшеуге негізделген. Ол өте жұқа металл мембранадан тұрады. Оның жұмысы қысым әсерінен мембрананың деформацияға ұшырауына негізделген. Мұндай манометрдің екі түрі бар. 

  

Бірінші типті  мембраналық манометр: 

Мембраның екі  ұшы қабы пластинаға бекітілген. Қысым осы пластина арқылы түседі. Мембрана қозғалысы стрелканы шкаланы бойлай қозғалтады немесе пневматикалық қысымы бар басқа сыртқы құрылғыны іске қосады (10-е сурет).  

  

Екінші типті  мембраналық манометр: 

Бұл манометрде мембрана қосарланып жасалған, яғни құрылғы екі мембранадан тұрады. Құрылғы бірінші типті мембраналық манометрдегідей, тек қозғалысын күшейту үшін, екінші мембрана қосылған (10-в сурет). Мұндай құрылғы капсула деп аталады, төмен қысымдарды өлшеуге негізделген.  

  

Сильфон 

Мұндай манометрде жұқа металлдан дайындалған сильфон  қолданылады (10-б сурет). Қысым түскен кезде сильфон іске қосылады, қысым  үлкейгенде сильфон жиырылады, ал қысым  азайғанда кеңиді. Осы қозғалыс нәтижесінде  стрелканы жылжытады. Жұмыс принципі бойынша сильфон мембраналық манометрге ұқсас, тек сезімталдығы жоғары, сол себепті қысымның аса аз өзгерістерін өлшеуге негізделген. 

  

Шығынды өлшеу 

Шығынды өлшеудің ең таралған әдісі - оның жолына бөгет  қою және осы бөгеттегі қысымның өзгерісін есептеу. Соңынан қысымның осы өсімшесіне сәйкес келетін ағын өлшеді. Қысымның бұл өзгерісі де механикалық болып табылады. Яғни ағыстың кеңдігі, көп бөлігінің бағыты өзгеріске ұшырайды. Бөгет металл пластина түрінде болады, ол фланцтар арасына бекітілген, қажет деңгейдегі қуысы болады (12-сурет).  

Ағынның үш түрлі  энергиясы болады: кинетикалық энергиясы, қысымының энергиясы, потенциалдық энергиясы.  

Сұйық горизонталь  түтікпен аққанда потенциалдық энергиясы  өзгермейді. Түтіктің көлденең қимасы тар жеріне келгенде сұйық ағынының жылдамдығы артады. Бұл кезде сұйықтың бірлік массасының кинетикалық энергиясы артады. Сырттан ешқандай энергия қосылмайтындықтан, кинетикалық энергияның артуы қысым энергиясының кемуі есебінен жүреді. Бөгеттен кейінгі қысымның энергиясы бөгетке дейінгі энергиядан аз. Қысымның осы екі мәнінің айырмашылығын (∆Р) құрылғыдағы манометр өлшеп алады. Бұл өзгеріс сұйықтың бөгет алдындағы жылдамдығына пропорционал. Құрылғы жүйесі жылдамдықтың осы мәнін және түтіктің көлденең қимасы ауданын пайдалана отырып, бірлік уақыттағы шығынды және ол арқылы белгілі уақыт ішіндегі ағыс шығынын есептейді.  

12-сурет 

Сұйық деңгейін механикалық есептегіш 

Сұйықтың ыдыстағы деңгейін, сол арқылы көлемін де қысым датчигі көмегімен анықтауға  болады. Ол датчик ыдыстың түбіне орнатылады. Бұл әдісті қолдану үшін ыдыс пішіндері, сондай-ақ қысым датчигінің калибровкасы мен шкалалары тығыздығы берілген белгілі сұйыққа сәйкес келуі керек. 

13-сурет 

Осы себепті, ыдыс орта кезіндегі қысым ол толық  кездегі қысымның жартысына тең  болады. Бұл пропорционалдылық сұйықтың басқа көлемдері үшін де сақталады. Мысалға егер толық ыдыста 600 л сұйық болатын болса және ол кезде құрылғы 1,5 кг/см2 қысым көрсететін болса, 1 кг/см2 қысым ыдыстың үштен екі бөлігі толған дегенді білдіреді (400 л). 

  

№6 дәріс тақырыбы: .2с 

Дәріс жоспары (2 сағ.) 

1. Электрлік  өлшеу құралдары туралы жалпы  түсінік 

2.  Магнитоэлектрлік  және электромагниттік өлшеу  құралдары 

3.  Электродинамикалық  өлшеу құралдары 

  

Электрлік өлшеу  құралдары ондағы қолданылатын кернеу мен токтарының мәндері бойынша аналогтық және цифрлық болып бөлінеді.  

Одан алынатын ақпараттың түріне, сипатына байланысты электрлік өлшеу құралдары көрсетуші, тіркеуші, өздігінен жазып шығаратын, басып шығаратын, интегралдаушы, суммалаушы болып бөлінеді. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны: көрсетуші құрылғылар. Себебі ол шаманы бірден, тікелей өлшеуге мүмкіндік береді. Құрылғылардың бұл тобы екі негізгі бөліктен тұрады: өлшегіш тізбек және өлшегіш механизм.  

Қарапайым амперметр, вольметрлердің өлшегіш тізбегі  өлшенетін тізбекке тікелей жалғанады.  

Өлшегіш механизм оған берілетін электр энергиясын механикалық  энергияға айналдыру үшін қолданылады. Ал механизмнің өзі құрылғының қозғалмалы бөлігін қозғалту, сол арқылы стрелканы  бұру үшін қолданылады. 

  

Магнитоэлектрлік жүйе құралдары 

Магнитоэлектрлік  өлшеу құралдары тұрақты магниттің  магнит өрісінің тогы бар жылжымалы  катушкамен әсерлесуіне негізделген. Механикалық қарсы әсер ету жүйесі бар мұндай құрылғы суретте көрсетілген. Құрылғының орнықты бөлігі – таға пішінді 3 магнит. Оның иілген ұштарының арасына қозғалмайтын 2 құрыш цилиндр пішінді өзек орнатылған. Ол сыртқы 3 магниттің иілген шеттерінің арасына біртекті радиал өріс тудыру үшін қолданылады. Бұл екі магнит арасында 1 ауа кеңістігі бар. 2 магнитті сырттай жіңішке өлшегіштен дайындалған 4 катушка оралған. Ол орамның ұштары 5 спираль серіппелердің бос екі ұшына жалғанған. Ал серіппелердің қалған екі ұшы суретте көрсетілгендей 001 осьтерге изолятор арқылы бекітіледі.  

14-сурет 

Серіппелердің қызметі - құрылғыда қарсы әсер моментін туғызу және құрылғы сыртқы тізбектен айрылған кезде стрелканы нольдік күйге түсіру. Серіппелердің бос ұштары сондай-ақ өлшенетін сыртқы тізбекке жалғанады. Серіппелер фосфорланған жезден дайындалады. Олардың қызметі - қарсы әсер ететін моментті тудыру және сыртқы желі айрылған кезде қозғалмалы жүйені бастапқы қалпына келтіру. 

4 катушка арқылы  ток өткенде оның маңында магнит  өрісі пайда болады да ол  тұрақты магниттің өрісімен әсерлесіп,  бұрылысқа келеді.  

Магнитоэлектрлік  құрылғылар 150-200 мА токқа есептелген, себебі үлкен токтарда спираль серіппелер жанып кетеді. Магнитоэлектрлік құрылғылардың өлшеу шегін кеңейту үшін, токты өлшейтін құрылғыға параллель шунт кедергі жалғайды. Мұндай кезде құрылғыға берілген токтың аз бөлігі ғана ол арқылы өтеді.  

Магнитоэлектрлік  құрылғылардың стрелкасының ауытқу бағыты өлшенетін токтың бағытынан  тәуелді. Сол себепті құрылғыны  айнымалы токқа қосқанда қозғалмалы катушкаға бағыты да мәні де тез  өзгеріп тұратын механикалық  күш әсер етіп тұрады. Ал оның орташа мәні нөлге тең болғандықтан, құрылғы стрелкасы ешқандай ауытқуды көрсетпейді. Сол себепті, құрылғы айнымалы токты көрсетуі үшін катушка тізбегіне айнымалы токты түзеткіш құрылғы орнатылған болуы керек.  

Магнитоэлектрлік  құрылғылардың артықшылығы мынадай: сезімталдығы жоғары, аз қуат тұтынады, өлшеу дәлдігі жоғары, сыртқы магнит өрісінен және температурадан аз тәуелді, шкаланың кеңдігінің біртектілігі, жылжымалы жүйенің тез қалпына келуі, үлкен өлшеу аралығы - (10-6-нен 50-ге дейін). 

Кемшіліктеріне мыналар жатады: сыртқы өлшеулердің тез өзгерісіне үлгермейді, айнымалы токты өлшеу үшін арнайы құрылғы керек. 

  

Электромагниттік  өлшеу құралдары 

Электромагниттік  өлшеу құрылғыларда қозғалмайтын 5 катушка қолданылады. Оның ортасында  ферромагниттік өзекше орналасқан. Катушка арқылы өлшенетін ток өткенде оның маңында магнит өрісі пайда болады. Катушкада жіңішке саңылау бар. Оған 2 жұқа қалақша ене алады. Ол қалақша магниттік жұқа құрыштан жасалған. Қалақша арқылы ұзын ось өтеді. Ол оське 1 стрелка және 6 спираль серіппе бекітілген. Оське сондай-ақ 4 поршені бар 3 дірілбасқыш та бекітілген. Дірілбасқыштың жұмысы - өлшеу мезетінде стрелка өзіне сәйкес мәнге бірден жеткенмен, сол қалыпқа бірден орнықпай, біраз дірілдеп тұрып қалуы мүмкін. Сол діріл 4 поршеньнің салмағы арқылы сол мезетте жоғалтылады. 

15-сурет 

Құрылғының осі  подшипниктерге бекітіледі. Катушка  орамдары арқылы өтетін І ток неғұрлым үлкен болса, оның қалақшаны тарту  күші деп көп, яғни стрелканың бұрылысы да жоғары болады. 

Катушкадағы ток  бағыты өзгергенде феррамагниттік өзектің магнит өрісінің полюстері де өзгереді. Нәтижесінде жылжымалы бөлікті айналысқа келтіретін магнит өрісінің бағыты өзгермейді. Осы себепті электромагниттік өлшеу құрылғылары тұрақты токты да, айнымалы токты да өлшеуге арналған.  

Бақылау, өлшеу құралдарының сезгіштігі