Бақылау және қабылдауға тірбиелеу
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Р е ф е р а т
Орал, 2011
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
§1. Қабылдау қасиеттері....................
§2. Байқау және байқағыштық...................
§3. Бақылау және қабылдауға
тірбиелеу.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Егер түйсік сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бейнеленуі болса,
қабылдау заттар мен құбылыстардың мида
тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдау алсақ, мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжрибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүнйені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Бұлардың екеуі де біздің санамызбан тәуелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің әсерленуімен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау – нақты затты немесе құбылысты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға белгілі мағнаға толы адамдар, заттар, құбылыстар әлемін келтіреміз және олардың бәрінің де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап, білеміз. Ал түйсік болса – қоршаған орта әсерінен болатын, бірақ толық жетілмеген, нақты заттық кейіпке келмеген жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл тұрғыдан түйсік пен қабылдау сананың екі әртүрлі формалары немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне ұқсамаған қатынастарын білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара бірлікте де, сондай –ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеудің сезімдік- қабылд ау деңгейін құрайды. Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы заттың түрі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың өзара байланысып жұмыс істеуінен болады. Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжрибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъекті өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерінайырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасйды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектінің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объекті неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді. Міне сондықтан да, қабылдау барысында іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Және бір, маңызды жағдаят: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жай деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы – тілмен тікелей байланысты. Адмдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мұнда топ адамға тән типтік өзгешеліктер де болады. Кейбір адамдар қабылдау кезінболады. Кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сыр, сырт көрнісінрнісіне көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағаннан жан-жақты түсіндіріп беуді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндаушы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады.
Қабылдау саласында
адамдар объективтік және
4
Қабылдау типтері
Қабылдаудың өмірге
өте икемді типі – анлиздік- синтездік
тип. Қабылдау саласындағы титік ерекшеліктер
бұл айтылғандармен ғана шектелмейді.
Сондай-ақ, бұлардың қай-қайсысы да тұрақты,
өзгермейтіні қажет емес. Тұрмыс, дағды-әдет,
іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамның
жас және дара ерекшеліктеріне т.б. белгілі
жағдайларда қабылдау саласындағы типтік
ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау
процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады.
қабылдаудың дамуында тілдің шығуының
маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің
аты- жөнін атап отыру – оның мағынасын
ұғынуға жәрдем етеді. Мағынасын ұғыну
арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір
тәжрибесі аз. Сондықтан, олар заттарды
көбінесе үстірт қабылдайды. Мәселен,
төрт-бес жастағы бөбектер кеңістік пен
уақытты, алыстық пен қашықтықты нашар
ажыратады. Екі-үш жастағылардың кейде
аспандағы ай мен күнді әпер деп шешесіне
маза бермейтіндігі де көпшілікке мәлім.
Бала ең алдымен өзінің қолы жететін, жақын
жердегі кеңістікті таниды.
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді, жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанмен, бүгін мен ертеңді, кешегі мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады. Олардың ұзақ мерзімді, келер шақ пен өткен шақты қабылдауды да өте мардымсыз. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық, бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
3.Таңдамалылығы
2. Мағыналылығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Кей кезде тәжрибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер «Дударай» операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.
Қабылдаудың тұтастық әлпеті
Бұл
ерекшелікте қабылдаудың
түрі – тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын.
Жалпылай
Даралап
3. Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің
ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдауды
Қабылдаудың таңдамалылығы
Объективтік
Субъекктивтік ерекшеліктеріне:
4. Қабылдаудың тұрақтылығы (
Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бідей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді. Қабылданудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы
адамның өткен тәжрибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция – сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге негізеді.
Қабылдаудың адамның
жалпы психикалық тұрмысы мен
өткен тәжрибесінің мазмұнына байланыстылығын аппе
Әрқашан
да қабылданатын затқа, не
Контраст
перспектива
Заттың жоғары жағын
түзу кесіндінің ығысу
қашықтық
Байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен объектіні әдейлеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілуі қажет. Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір объектіні бөліп алып қадағалаған дұрыс. Бұл – байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады. Адамның ақыл-ой әрекетінің дамуында заттар мен құбылыстарды тез байқай алу көп пайдасын тигізеді. Байқағыштық – кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық. Мәселен, бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың ұсақ- түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.
Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегжейін білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярланған тілейді. Сонымен қатар, жіті көру мен қалтықсыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына, алған тәлім- тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты. Осы айтылғанды да көптеген фактілер дәлелдейді. Мәселен, Австралияның абориген тайпасының балалры шөл даладағы мың сан «белгілерді» қатесіз «оқи» алады, құмға түскен ізге қарап, көптеген «құпия сырларды» ашады. Байқағыштық – өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық, әсіресе, ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын- жазушының өмірінде ерекше орын алады.
Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар – кеңістік пне уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Кеңістік нысандарын қабылдау – күрделі процесс. Дүнидегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан.
Монокулярлық - кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен көру
Бинокулярлық - көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіледі
Конвергенция - екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет ету
Дивергенция - алыстағы нәрселерге қарауда олардың екіге бөлініп кетуі
Аккомодация - көздердің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті
Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәлеленумен қатар дене қозғалысының жағдайында да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды.
Уақыт та- материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші. Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен оқиғалар көмескі болып қабылданады. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
10
Қабылдау
Ниеттелген
(ырықты)
Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесіндекөрінеді. Бақылау – бұл қабылдау объектісіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ назарда ұстап, зерттеп беру. Бақылау- адамның қоршаған дүниені сезімдік танудың белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекетретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрә түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді. Бақылау ісіне болған адам қатынасы үлкен мәнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында бақылағыштық қабілет дамиды, яғни адам бір көргенге көзге түспейтін заттың майда ерекшеліктерін байқауға үйренеді. Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмір мен қызметтің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тірбиелеп бару керек.
Қабылдау негізінде жатқан
Сонымен қабылдау сынды бейне түзуші күрделі процесс негізінде бір талдағыштың өзіндегі және талдағыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы біз тітіркендіргіштерді жете танып, күрделі тұтастық құраған зат қасиеттерінің өзара ықпалы әрекеттерін ескереміз.

- Бақылау жүргізу үшін негіздеме
- Бақылау жұмысы
- Бақылау, өлшеу құралдарының сезгіштігі
- Бақылау процесі
- Бақылау процесі
- Бақылау шараларын жоспарлау
- Бақылаушы жауынгер
- Бактерії в житті людини: хвороби
- Бактеріологічна (біологічна) зброя
- Бактероидтар туралы түсінік
- Бакунін Михайло Олександрович та його погляди
- Бақ – саябақ өнерінің даму тарихы
- БАҚ-тағы жарнама технологиясы
- Бақылаудың ұйымдастыру формалары