Безгек ауруы
Мазмұны
- 1 Этиологиясы
- 2 Эпидемиологиясы
- 2.1 Ауыратындар
- 3 Патогенезі
- 4 Клиникасы
- 4.1 Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:
- 5 Асқынулар
- 6 Анализ жасау және емдеу жолдары
- 6.1 Емі
- 6.2 Аурудың соңы
- 6.3 Диспансеризация
- 7 Алдын алу жолдары
- 8 Пайдаланылған әдебиеттер
- 9 Дереккөздер
Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.
Электрондық микрографтағы плазмодиум
КСРО пошта маркасында малария бейнеленген, 1962 жыл
Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады.[1]
Этиологиясы
Қоздырғышы- Plasmodium тұқымдасының, Spjrjzela класының қарапайымдылары. Адамда плазмедийлардың 4 түрі ауруды тудырады:
- P.vivae- 3 күндік безгектің қоздырғышы
- P.falciparum- тропикалық безгектің қоздырғышы
- P.malariae- 4 күндік безгектің қоздырғышы
- P.elale- овале безгектің қоздырғышы
Плазмодийлардың биологиялық циклі 2 түрде өтеді:
- спорогония (жыныстық циклы) Anopheles тұқымдас масалардың организмінде өтеді.
- щизогония (жыныссыз цикл) адам организмінде
Масалар ауру адамды немесе тасымалдаушыларды шаққан кезде қанмен бірге маса организміне еркек және ұрғашы гематоциттер енеді. Спорогония 1 - 1-5 ай ішінде өтіп, спорозиттер қалыптасуымен аяқталады. Адам организміне спорозиттер инфекцияланған масаның сілекейімен де (шаққан кезде) щизогония 2 кезеңмен өтеді:
- бауыр клеткаларында – тінді щизогония
- эритроциттерде – эритроцитарлы щизогония
Тінді щизогония ұзақтығы:
- P.vivae- 6 тәулік
- P.falciparum- 8 тәулік
- P.malariae- 15 тәулік
- P.elale- 8 тәулік
Эритроцитарлы щизогония ұзақтығы: P.vivae- 48; P.falciparum- ; P.malariae- ; P.elale- ;
Эпидемиологиясы
Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы және Anopheles тұқымдас масалары. Инфекцияландыру уақыты:
- тропикалық безгекте – 1 жылға дейін
- 3 күндік және овале безгекте 1-2 жыл
- 4 күндік безгекте – көп жылдар (10 жылдан аса)
Тарау механизмі трансмиссивті. Таратушысы: Anopheles тұқымдасының масалары. Тарау жолдары – трансмиссивті (гемотрансфузиялық) сирек:
- трансплацентарлы
- босанған кезде
Ауыратындар
Эндемиялық ошақтарда көбінесе 2-5 жастағы балалар ауырады. Қабылдау мүмкіншілігі- жоғары. Иммунитет: тұрақты емес, түріне байланысты өте баяу түрде қалыптасады.
Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған.
Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Жаппай 42-72 сағат аралығында шығады. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі. Және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.
Патогенезі
Тінде шизогония безгектің барлық түрлерінде инкубациялық мерзімге сәйкес өтеді. Безгектің барлық клиникалық көріністері эритроцитарлы щизогонияға байланысты: инкубациялық мерзім аяғында эритроциттердің ішіне тінді меразоиттар енеді.
- эритроцитарлы шизогония басталады
Оның ұзақтығы:
- 3 күндік 48 сағат
- тропикалық – 48 сағат
- овале безгекте – 48 сағат
- 4 күндік безгекте – 72 сағат.
Нәтижесінде безгек пароксизмі
пайда болады. Безгек пароксизмі бұл
эритроцитарлы щизогония
- қанға биологиялық белсенді заттар шығады
- тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды
- қан сұйықтығы тінге шығып, ісіндіреді
- трембтар пайда болады
Анемия пайда болуындағы жағдайлар:
- паразитемияның деңгейі
- зақымдалған эритроциттердің саны
- аутоиммунды өзгерістер (гемолиз, әсіресе тропикалық безгекте)
Клиникасы
- Безгек үстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:
- Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырайды.
- Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күн бойы сақталады.
- Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.
- Әдетте адамда безгек кезінде әр 2—3 күн сайын қызу болады (безгектің түріне қарай), ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталайды. Ыстықтың түсуі мен кетерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.
- Созылмалы безгек көбіне талақтың үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.
- Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады. Бұл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба үстамасы естен тану үстамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады, демалысы жиілеп, тереңдейді. (Ескерту: Емшек сүтін ембеген балалар безгекпен тым жиі ауырады).
Безгектің 4 түрі бар:
- 3 күндік
- 4 күндік
- тропикалық
- овале безгегі
Безгек циклді түрде өтеді:
- продромальды кезең
- қыба кезеңі
- 2-лік латентті кезең
- ерте рецидивтер кезеңі
- кеш рецидивтер кезеңі
Ауырлығы бойынша безгек:
- жеңіл
- орташа ауырлықта
- ауыр түрде өтеді
Инкубациялық кезең:
- 3 күндік безгекте 10-11 күн
- овале безгекте 11-16 күн
- 4 күндік безгекте 21-24 күн
- тропикалық безгекте 9-16 күн
Продромальды кезең ұзақтығы 2-4 күн
- бас ауруы
- артралгия, миалгия
- әлсіздік
Қызба кезеңі ұзақтығы 3-5 күн.
- жоғары температура
- әлсіздік, бас ауруы
- миалгия, артралгия
- бел ауырсынуы
- гепатоспленомегалия
Безгек пароксизм кезеңі ұзақтығы 6-12 сағат Қызбалы ұстама 3 кезеңнен өтеді:
- қышу
- ыстықтау
- терлеу кезеңі
Жалпы белгілері:
- бас ауруы
- гепатоспленомегалия
- жоғары температура 39-40С
- бас айналу, құсу
- галлюцинация, қалтырау
- тахикардия
2-лік латентті кезең
- субфебрильді температура
- вегетативті бұзылыстар
Ерте рецидивтер кезеңі 2 апта немесе 3 айдан кейін пайда болады.
- бас ауруы
- миалгия
- қызба болмайды
- гепатоспленомегалия
Кеш рецидивтер 6 айдан кейін пайда болады. Клиникалық белгілер болады, кейде ауыр өтеді.
Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:
- Тропикалық безгек:
- ұстамалар көбінесе түске дейін басталады
- қалтырау кезеңі қысқалау және бәсеңдеу өтеді
- қызу кезеңі (температура 39-40С) 10-12 сағ-қа дейін
- терлеу кезеңі – шылқылдаған тер баспайды
- 3 күндік безгек:
- ұстамалар түстен кейін (14-15 сағ) туады
- қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағ-қа дейін
- терлеу кезеңі 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін өтіп, қатты тер шығумен сипатталады.
- Овале-безгек:
- ұстамалар көбінесе кешкілі уақытта немесе түнда басталады
- қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін болады
- қызу кезеңі 2-6 сағат
- генерализденген термен аяқталады
- 4 күндік безгек:
- ұстамалар көбінесе түскі уақытта болады
Асқынулар
- церебральды безгек
- гемоглобулинді қызба
- инфекция-токсикалық шок
Диф.диагностика:
- клиникалық көріністермен
- эпидемиологиялық мәліметтермен
- лабораторлы тексерумен
Анализ жасау және емдеу жолдары
Безгектің басты симптомдары.[2]
Безгектің әдеткі компьютерлік үлгісі
Емі
- Этиотропты:
- патогенетикалық
- симптоматикалық
- рецидивтерге қарсы
Этиотропты емді гематотропты препараттардан бастайды (хинин, артемицин, хлоронил, прогуанил, фансидар)
Аурудың соңы
- сауығу
- резидуальды өзгерістер қалыптасу
- өлім (көбінесе тропикалық безгекте)
Диспансеризация
Безгекпен ауырып болғандар және эндемиялық ошақтардан келген адамдарға 3 ай бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі.
- Егер сіз безгекпен ауырдым-ау деп сезіктенсеңіз немесе қызба ұстамасы жиі қайталай берсе, мүмкіндігінше қанды тексерту үшін емдеу мекемесіне барыңыз. Безгектің фальципарум деп аталатын аса қауіпті түрлері тараған жерде жедел түрде емдеуді бастаңыз.
- Егер сіз безгекпен ауыру деңгейі жоғары ауданда тұрсаңыз, кез келген ыстықтың себепсіз көтерілуіне безгектің белгісі ретінде қараңыз. Безгекке қарсы өзіңіз тұрған жерде жақсы ем болып жүрген дәрілерді қабылдаңыз.
- Егер дәрі ішкеннен кейін тәуірірек бола бастасаңыз, бірақ, қызба бірнеше күннен кейін қайталаса, онда, мүмкін, сізге дәріні алмастырып, басқасын ішуге тура келетін шығар. Бұл женінде жақын маңдағы емдеу мекемесінен кеңес алыңыз.
- Егер безгекпен ауыратын адам талып қала берсе немесе менингиттің басқа да белгілері байқалса, онда бұл адамда церебральды безгек болуы мүмкін Бірден безгекке қарсы дәрі шанышыңыз.
Алдын алу жолдары
Anopheles albimanus масасы адам қолын шағуда. Бұл маса безгек тасушы және маса дәрілері безгектен қорғанудың бірден бір шешімі.
Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс
- Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.
- Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды
- Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
- Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банк немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.
- Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.
- Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар
- Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу
- Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:
- безгек ұстамасының тоқтауына
- тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы
Жер бетінде безгек ауруы адамнан бұрын пайда болған. АҚШ-тың Орегон университетінің ғалымдары American Entomologist ғылыми басылымында осындай мәліметті жария етті. Зерттеушілер кәріптастарда (янтарь) сақталған ежелгі жәндіктерді сараптамадан өткізген. Соның нәтижесінде патогендердің кем дегенде 100 млн жыл бұрын пайда болғанына көз жетті. Безгек таратушы масалар жер бетінде адам пайда болмай тұрып-ақ ауру тарата алған. «Безгек паразиттері ғаламшарымыздың түрлі мекен етуші ағзаларының бірінен екіншісіне ауысып, тіршілік еткен. Бұған тасқа айналған жәндіктер ағзасынан табылған гендер дәлел. Демек, біз үшін безгекпен күресу қиынға соқпақ», – дейді ғалым Джордж Пойнар. Айта кетейік, малярия немесе безгек ауруы жылына миллионнан астам адамды өлтіретін қауіпті инфекция саналады.
Безгек бойынша эндемиялық елдерге баратын азаматтар үшін жадынама
Безгек - ауру адамнан сау адамға
масалардың шағуы арқылы берілетін
паразитарлық ауру, безгекті қарапайымдылардың
Plasmodium түрі тудырады: P. Falciparum, P. Vivax, P. Ovale
және P. мalariae Тропикалық елдерде P. Falciparum
кең таралған, науқасқа жедел медициналық
көмек көрсетілмеген жағдайда, безгек
өлімге әкеп соғуы мүмкін. ДДСҰ деректері
бойынша жыл сайын эндемиялық елдерде
аурудың 300 миллион жағдайы безгектен
туындайды және балалар өлімінің басты
себебі болып табылады.
Безгек қоздырғыштарын тасымалдаушы Anopheles
масалары. Сондықтан ауру таратудың кеңістігі
масалар шоғырланған жерлермен қатаң
шектелген. Безгектің белсенді ошақтары
ыстық және жылы тропикалық елдерде: Оңтүстік-Шығыс
Азия, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка,
ТМД - Әзірбайжан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстанда.
Сілекейінде безгек қоздырғыштары бар
масалар сау адамды шаққанда ауруды жұқтырады.
Масаға жұқпа көзі болып безгекпен ауырған
адам болып табылады. Науқастың қанымен
қоректенген маса безгек қоздырғыштарын
жұтады, соның салдарынан басқа адамға
таратады. Масаның ішіне паразиттердің
жыныссыз сатысы жойылып кетеді де, ал
жыныстық жасушалар яғни гаметоциттер
ұрықтанып өсіп дамиды, нәтижесінде безгекті
жұқтырған масаның сілекейінде спорозоиттар
пайда болады. Маса шаққанда сілекейімен
сау адамның организміне спорозоиттарды
жібереді. Спорозоиттер адамның бауыр
клеткаларына түседі, онда паразиттің
бұдан арғы даму процесі жүреді. Соңғы
сатыда паразиттің дамуы эритроциттерде
жүреді, нәтижесінде жыныстық жасушалар
пайда болады.
Безгекті жұқтырған науқас адамның эритроциттері
масаға жұқтыру көзі болып табылады. Безгек
қоздырғышымен залалданған қан масаның
ішіне түседі, онда паразит дамуының екінші
циклі басталады. Мұндай маса безгекті
тасымалдаушы болып табылады.
Безгекті патогенді қарапайымдыларға
жататын қоздырғыштардың 4 түрі туғызады.
Адам организмінде тропикалық безгек
үшін безгек қоздырғыштарының өмір сүру
уақыты емделмеген жағдайда 1,5 жылды және
безгек қоздырғыштарының басқа түрлері
үшін 3 жылдан артық уақытты құрайды.
Безгек мерзімділік ұстамамен, бауыр және
көк бауырдың үлкейуімен, қан аздылықпен,
ауру белгілерінің қайталанып отыруымен
сипатталады. Паразиттің түріне байланысты
аурудың жасырын мерзімі 8-30 күнді құрайды,
инкубациялық мерзімнің ұзақтығы 6 айдан
3 жылға дейін болуы мүмкін.
Безгекке тән белгілер: ұстамалы қызба,
қалтырау (2-3 күн), тоңу, дене қызуының жоғарлауы
және күрт төмендеуі, денені тер басу.
Қалтырау мен ұстамалы қызба-қызыл қан
түйіршіктерінің (эритроциттердің) бұзылуынан
паразитттердің тіршілік ету барысында
бөлінген уытты заттардың қанға түскендігін
көрсетеді. Безгек паразиттерінің(мерозоиттар)
Ұстамалы қызба безгектің түріне қарай
күн сайын немесе әр 2 -3 күн сайын қайталанып
отырады. Бірнеше аптадан кейін жоғарыда
аталған ауру белгілері өздігінен басылады
да, аурудың жасырын созылмалы түрі басталады.
Адам иммунитеті төмендеген кезде ауру
белгілері қайталануы мүмкін.
Безгек ауруларының ішінде тропикалық
безгек өте ауыр түрде өтеді, уақытында
ем қабылдамаса науқас адамның миына зақым
келіп, өлiп кетуі мүмкін. Безгектің осы
түрі кезінде науқастың дене қызуы (39-40°С)
көтеріледі, басы қатты ауырады, ұйқышылдық
басып, сандырақтайды, санасы шатасады.
Безгекті өздігінен
емдеуге болмайды. Аурудың клиникалық
белгілері болса немесе оған сезіктенген
жағдайда дереу дәрігерге қаралып, қанды
тексерту қажет.
Безгектiң алдын алу жолдарын
ең алдымен осы ауру кең тараған елдерге
баратын адамдар жақсы бiлуге тиiстi.
Безгек ауруынан оған қарсы
дәрі-дәрмектерді қабылдау және масалардың
шағуынан қорғану арқылы сақтануға болады.
Безгек ауруына қарсы вакцинаның
жоқ болуына байланысты, алдын алу мақсатында
тек химиялық препараттар қолданылады.
Безгекке қарсы күрестің барынша тиімді
түрі-науқасты және паразит тасымалдаушыны
ерте анықтау болып табылады. Сондықтан,
Қазақстанға қайтып келгеннен кейін тұрғылықты
жері бойынша учаскелік дәрігерге безгек
ауруы бойынша эндемиялық елден келгендігі
туралы хабарлап, дене қызуы көтерілген
жағдайда бірден емдеу алдын алу мекемелеріне
барып, қанды безгек ауруына тексерту
қажет.
Безгек ауруына эндемиялық елдерден тұрақты
тұру үшін көшіп келген азаматтар безгек
ауруына тексерілулері қажет. Безгек ауруы
кең тараған елдерге баратын барлық Қазақстан
Республикасының азаматтары осы елдерге
барар алдында міндетті түрде емдеуші
дәрігерініне қаралып, безгектің алдын
алу шараларымен танысуы және безгекке
қарсы қолданылатын химиялық препараттарды
қабылдау жөнінде кеңес алуы керек. Дәрінің
мөлшері мен қабылдау тәртібін дәрігер
анықтайды. Безгектің алдын алу үшін қолданылатын
дәрілерді эндемиялық елдерге баруға
бір апта қалғанда қабылдау керек.
Безгекке қарсы дәрілерді
ұдайы пайдалану арқылы ғана тропикалық
елде безгектен сақтануға болатынын естеріңізден
шығармаңыздар!
Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы-
масаны денеге жолатпау болып табылады.
Безгек масалары адамды түнгі уақытта
шағады, сондықтан қараңғы түскеннен кейін
үйге кіру қажет. Кеш уақытында денені
толық жауып тұратын киімдерді киіп, терінің
ашық қалған жерлеріне репелленттерді
жұқа етіп жағу керек.
Химиялық препараттар
арқылы безгектің алдын алу.
Көбінесе делагил препараты (хлорохин)
қолданылады, оны эндемиялық аумаққа баруға
бір апта қалғанда қабылдай бастайды.
Безгек ауруы кең тараған эндемиялық елде
болған кезде делагилді аптасына бір рет
қабылдайды. Тропикалық безгектің алдын
алу үшін аптасына бір рет мефлохинді(лариам)-
Алдын алу ережелерiн бұлжытпай
орындаған жағдайда ғана, өзіңді безгек
ауруын жұқтырудан сақтауға болатынын
естен шығармаңыз!
Пайдаланылған әдебиеттер
- Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.
ISBN 5-615-01453-9
- ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- ↑ WebMD > Malaria symptoms Last Updated: May 16, 2007.
- http://ru.wikipedia.org/wiki/М
алярия

- Безголовочный башенный кран КБ-586 производства ЛМЗ
- Безготівкові розрахунки
- Безготівкові розрахунки
- Безготівкові розрахунки в банках
- Безготівкові розрахунки: суть, значення, класифікація та принципи організації
- Безграничность потребностей и ограниченность ресурсов. Проблема экономического выбора
- Безграничность потребностей ограниченность ресурсов
- Безбумажный офис
- «Безвестные предки и именитые потомки»: родословное древо семьи Ломоносовых
- Безвизовый режим.Германия
- Безвідходні та маловідходні технології
- Безвозмездная передача основных средств
- Безвозмездные поступления в виде дотаций, их роль в формировании доходов бюджетов
- Безвозмездные поступления в виде дотаций, их роль в формировании доходов бюджетов