Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Пәні: Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет

Кафедра: Кәсіптік білім беру

 

 

 

Тақырыбы: Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның мәні

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қанзалов О.Б.

КЖжКББ 401топ

Қабылдаған: Асаубаева А.К.

 

 

 

 

 

Астана 2013ж

Мазмұны

 

    1. Кіріспе
      1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны

 

    1. Негізгі бөлім
      1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық  

тұрғыдан  дамуы

      1. Кәсіпкерліктің функциялары
      2. Кәсіпкерлік қызметтің субъектідері мен объектілері

 

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

1.1. Кәсіпкерліктің  мәні мен мазмұны

 

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, оаудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.

Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.

Fылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.

Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда таба- тын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясыөндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршалл мен жолын ұстанушылар кәсіп- кердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

Кәсіпкерлік туралы ерекше бағьггты ұстанған Иозеф Шумпе- тер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, о л адам- дар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіп- керлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағатгандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқы- ғына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық тұрғыдан дамуы

Төменде келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі көзқарастар тұргысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б.

 

1-кесте.  Кәсәпкерлік ұғымы бойынша әр түрлі көзқарастар

Мерзімі

Анықтама авторы

Анықтама мазмұны

1723

Коммер- цияның жалпыға ортақ сөздігі, Париж қ.

Кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемені өз мойнына алатын адам.

     

1725

Ричард Кан- тильон

Кәсіпкер - белгісіздік жағдайларында шешім қабылдайтын және өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің табысы - ол тәуекел үшін төлем.

1770

А. Тюрго

Кәсіпкердің тек қана белгілі бір ақ- параты ғана емес, сонымен қатар капиталы да болуы керек.

1776

Адам Смит

Кәсіпкер - кәсіпорын иесі және тәуе- келді коммерциялық идеяларды жү- зеге асырушы. Негізгі функциясы - күнделікті шаруашылық қызмет ба- рысында өндірісті ұйымдастыру мен басқару. *

1797

Карно Бодо

Кәсіпқер - атқарылыц жатқан іске жа- уапты тұлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын, бақылайтын, ұйым- дастыратьш және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдьщ деңгейі, яғни алуан түрлі ақпараттар мен білім иесі.

1830

Жан Батист Сей

Кәсіпкерлік - бұл нарықтық кеңістіктің аталған нүктесіндегі өндіріс фактор- ларының рационалды комбинациясы. Кәсіпкер - өндірістік бірлік аясын- да адамдарды ұйымдастыратын тұл- ға. Кәсіпкер өнім өндіру мен бөлу үрдісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін - өнім өңдірісі мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті құрайды.

1876

Фрэнсис Уокер

Кәсіпкер - өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында пайданы иеле- нетін тұлга.

1890

Альфред Маршалл

Әрбір қалаған адам кәсіпкер бола алмай- ды. Кәсіпкерлердің «табиғи» таңдауы Ч. Дарвин ашқан табиги таңдауға сәйкес жүргізіледі. 1

1910

Макс Вебер

Кәсіпкерлікқызмет-рационалдылықты жүзеге асыру. (Рационалдылық деп ол фу нкционалды тиімд і л ікті, салынған қаражаттары мен жұмсалған күштерді және т.б. пайдаланудан түскен макси- малды табысты түсінген). Кәсіпкерлік негізінде протестантизмнің рационал- ды этикасы жатыр, ал әлемтанушылық, тәрбиешілік кәсіпкердің қызметіне маңызды әсерін тигізеді.

1911

Иозеф Шумпетер

Кәсіпкерлікте ең бастысы - инно- вациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып танылмайды. Кәсіпкер ретінде, өндіріс фактор- ларының жаңа комбинацияларын жүзеге асыратын кез келген адам, акционерлік қоғамның қызметкері, мемлекеттік шенеунік және меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын менеджері бола алады. Бастысы «... басқалар жасайтын іспен айналыс- пау» және «...басқалар жасайтындай етіп жасамау». Кәсіпкерлік статус тұрақсыз, өйткені нарықтық экономика субъектісі тек жаңашылдық функ- цияларын жүзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал өз қызметінде күнделікті ұсақ-түйек жұмыспен айналысқан кезде осы статусынан ай- рылады.

1927

И.фон Тюнен

Кәсіпкер - ерекше қасиеттерді иеле- нуші (тәуекелге бара алатын, стан- дартты емес шешімдерді қабылдай алатын және өз іс-әрекеттеріне жау- ап бере алатын) және сондықтан да жоспарланбаған (күтпеген) табысқа үміткер. Кәсіпкер тәуекел үшін, соны- мен қатар кәсіпкерлік өнері үшін та- быс алуы керек. (Ескертетін жағдай, И. Тюнен кәсіпкердіСжаңашыл болуы міндетті емес деп санаған).

1936

Джон

Мейнард

Кейнс

Кәсіпкер - шаруашылық жүргізушінің өзіндік әлеуметтік-психологиялық типі, ол үшін ең бастысы «... тек қана Вебердің рационалды калькуляциясы немесе Шумпетердің жаңашылдығы емес, белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығы». Негізгі кәсіпкерлік қабілеттер: тұтыну мен жинақтауды сәйкестендіру, тәуекелге бару қабілеті, белсенділік рухы, болашаққа деген сенімділік және т.б. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мотивтері - жақсыға, тәуелсіздікке ұмтылыс, мұрагерлерге байлық қалдыру.

1961

Дэвид

Макклел- ланд

Кәсіпкер - шамаға қарай тәуекел ету жағдайларында әрекет ететін белсенді адам.

1964

Питер Друкер

Кәсіпкер - кез келген мүмкіндікті мак- сималды табыспен қолдана алатын адам.

1975

Альберт Шапиро

Кәсіпкер - ынталы, әлеуметтік- экономикалық механизмдерді ұйым- дастыратын, белгілі бір тәуекел жағдайларында қызмет ететін, мүмкін болатын сәтсіздік үшін толығымен жауапты болатын адам.

1980

Kaprt Веспер

Кәсіпкер - экономист, психолог, басқа кәсіпкерлер мен саясаткерлер көзқа- расында әр түрлі мәнісіне түсінік.

1983

Гиффорд Пиншо

Интрапренерлік - фирмаішілік кәсіп- керлік. Интрапренердің жаңа кәсіп- орынды құрайтын антрепренерден ерекшелігі, ол қолда бар кәсіпорын жагдайында жұмыс істейді.

1985

Роберт Хиз- рич

Кәсіпкерлік - құны бар жаңа бір нәрсені құру, ал кәсіпкер - осының барлығына уақыты мен бар күшін жұмсайтын, қаржылық, психологиялық немесе әлеуметтік тәуекелді өз мойнына ала- тын және соның арқасында сыйақы ретінде ақша мен қол жеткізгені нәтижесі үшін қанагатқа кенелетін адам.

1988

М. Алле

Кәсіпкер шаруашылық жүргізуді нарықтық ұйымдастыруда жетекші рөлді иемденетін адам.

1993

Т.Ю. Горько- ва

Кәсіпкер - бизнестегі жетекші  фигура, ол өз міндеті ретінде өндірістің барлық факторларын бірегей шаруашылық үрдіске біріктіруді мойнына  алады.


 

Әр түрлі көзқарастарды  талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет - бүл инновациялық тәуекелді тәсіл  негізінде, өндіріс факторла- рын  оңтайлы үйлестіру тұрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген тұжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. О л нарықты басқадардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қарағанда көп пайда табады. Со- нымен қатар, кәсіпкер ұнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған еаналы тұрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.

Кәсіпкерлік табыс деп  ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері немесе сыртқы жағдайларға байланысты ондіріс факторларын жаңа тұрғыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.

Кәсіпкерлік қызмет - белгілі  бір функцияларды жүзеге асы- румен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оныңмүщелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыра- тын ұдайы ондірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асы- ру үрдісі ретіндё сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызмет келесідей  жолдармен жүзеге асырылады: 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен; 2) продуценттен (ондірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.

Кәсіпкерлік қызмет - өзіндік  ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.

Кәсіпкерлік идея - қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалган мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анық- тау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәй- кестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.

Кәсіпкерлік әкономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыс- тыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті түрде болуымен сипатта- лады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу - бұл да инновациялық жағдайлар.

Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:

новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функ- циясы  ретінде;

кәсіпкерлік іс-әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеге асырушы механизм ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлгісінің нәтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:

    • кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капитал, қаржылық, ресурстық және материалдық қаражаттарынан пайда табу;
    • қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру;
    • өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақ- саттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:
    • жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;
    • ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақ- сарту;
    • ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын оңтай- ландыру;
    • қоғамның моральдық және әтикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек керсету.

Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операция- ны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойньіна жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік - бұл жаңа иде- яларды жүзеге асыру мақсатында қандай бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайда- ланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіцкерлік - бұД табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.

Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатта- лады: адам мүддесіне бағыттау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет керсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйластық ру- хын ұстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты әлеуметтік-экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - бұл өзіндік ынта-жігерге, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік ортаға негізделген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға бағытталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше тұрі.

Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын құру қажеттілігі болып табылады.

Мақсаттарға қол жеткізу  үшін кәсіпорынның ағымдык немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтін нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Ұйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен бағытын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның гиімді мінез-құлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.

Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт - шешімі кәсіпкердің инновацкялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші бағыт - шешімі жүзеге асырьщған немесе енді ғана жүзеге асы- рылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.

Мысалы, пайданың өсуіне қол  жеткізу үшін келесідей міндеттер кешенін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның тұрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; өнім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стра- тегияларды әзірлеу; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті тандау; ұйым өтімділігін арттыру; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру және т.б.

Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технология- ны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) әдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.

 

 

2.2. Кәсіпкерліктің функциялары

 

Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік - жалпы- экономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инно- вациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функцияларды атқарады.

Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіп- керлік ұйымдардың объективті рөліне негізделген.

Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруге бағытталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сұраныс пен үсыныс, бәсеке, құн және т.б.) жүйесінің әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функциясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шарттарының бірі. Соны- мен қатар, бұл фактор шаруашьілық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функциясының көрінісі ретінде анықталады.

Ресурстық" функция кәсіпқерліктің маңызды функция- сы болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы-ұдайы өндірістің қарқынына, сонЁімен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалдық және материалдық емес өндіріс фактор- ларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.

Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми- техникалық идеяларды, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс кұші мен ресурстарды ұштастыру жағдайында пайда- лануына байланысты болады. Алайда максималды табыстын (пайданың) соңынан түсу ; көбінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мұндай кәсіпкерлер оз қызметімен қоршаған ортаға және тұрғындарға зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дұрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші ролі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір-бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалыв еркіндіғі деңгейінен шығады.

Әлеуметтік функция әрбір қабілетті тұлғаның іс-әрекет жүргізуші ретінде, өзінің дара талантын және мүмкіндіктеріғ көрсетумен сипатталады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы белгілі бір іс бастауға қабілеті бар, өз бетінше шаруашылық- экономикалық қызметті жүргізуге, өз ісін ашып жұмыс жүргізе алатын, қойылған мақсатқа жете алатын адамдарды қалыптастыруда танылады. Бірақ та өз кезегінде, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан кәбіпкерлік кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне тәуелді жалдамалы қызметкерлер саны артуда.

Кәсіпкерлік кәсіпорындар тиімдірек қызмет еткен сайын, әр түрлі деңгейдегі бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюд- жеттен тыс әлеуметтік қорларға түсетін түсімдердің мөлшері көп болады. Кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындары санының көбеюін, жұмыссыздық деңгейінің томендеуін, жалдамалы қызметкерлердің өмірлік деңгейі мен әлеуметтік жағдайының артуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіп- керлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, күрделі құрылымдарды құруда, кәсіпорын стратегиясының өзгеруінде және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруда байқалады. Ұйымдастырушылық функция әсіресе шағын және орта бизнестің тез дамуына, сонымен қатар «ұжымдық» (желілік) кәсіпкерліктің дамуына ерекше әсер етеді.

Осылайша, кәсіпкерліктің мәні жоғарыда аталган оның бар- лық функцияларын кешенді қолданған жағдайда айқын көрінеді. Бұл жағдай қалыптасқан және дамыған кәсіпкерлікке тән. Сонымен қатар, кәсіпкерлік жұмыс субъектілерінің тиімді қызметімен қатар мемлекет тарапынан қолдауға да байланысты.

 

2.3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектідері мен объектілері

 

Кәсіпкерлік субъектілер азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар болып табылады.

Азаматтар занды тұлға құрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке тұлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақстан Республикасының әрекет ету- де қабілеттілігі бар кез келген азамат бола алады.

Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс імен бекітілген:

  • белгілі бір меншікті иелене алады, мұлікті мұрагерлікке алады және мүлікті мұрагерлікке қалдыра алады;
  • кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналыса алады;
  • өз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;
  • заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасай алады және міндеттемелерді орындауға қатыса алады;
  • тұрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;
  • ғылым, әде&иет және өнер туындыларының, сонымен қатар басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы құқығын иелене алады;
  • басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Осылайша, әрекет етуге қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен құқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.

Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мыса- лы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына томендегідей қызметпен айналысуға болмайды:

  • оз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
  • оз менщігінде кәсіпорынға ие болуға;
  • шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында оз бетінше немесе өкілдері арқылы оларға тиесілі болатын акциялармен, салым- дармен, пайлармен, үлестермен дауыс беруге;
  • шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарын- да белгілі бір лауазымға ие болуға.

Әрекет етуге қабілеттілігі бар деп танылған тұлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айна- лыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тұлғаларды өз бетінше немесе басқа азаматтармен және тұлгалармен біріге отырып құра алады. Заңды тұлга құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін азамат белгіленген тәртіп бойынша - дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау үшін - патент алуы керек.

Кәсіпкерлік нарықтық экономикада жалпыэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің айнымас бөлігі ретінде сипатталады.

Кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда кәсіп- керлік үрдістің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ, кәсіпкер - жалгыз субъект гана емес. Бұл категорияга тұтынушы (негізгі контрагент ретінде), мемлекет, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер мен бизнес жүйесіндегі әріптестер де жатқызылады.

Кәсіпкер мен тұтынушының өзара қарым-қатынастарында алгашқысы белсенді субъект категориясына, ал тұтынушы пассивті рөл атқарады.

Тұтынушы кәсіпкерлік үрдістің индикаторы рөлін орын- дайды. Оның себебі, кәсіпкер қызметінің нәтижесі, тек дайын өнімді сатып алатын нақты тұтынушының оң сараптамалық (әксперттік) багалауынан кейін гана жүзеге асырылады. Өз қызметін жоспарлау және ұйымдастыру барысында кәсіпкер тұтынушының коңіл-күйін, қалауларын, мүдделерін, күтетін нәтижелерін ескеруі керек.

Нарықтық жүйе қатынастары жағдайында кәсіпкер үшін тұтынушы мүдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мұндай жагдай кәсіпкер тұтынушының мүдделерін гана ескеріп қатаң түрде солармен жүруі керек дегенді білдірмейді. Тұтынушының өзі тұтынушы сұранысын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерін дамыту қажет. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып өзіндік тұтынушылар ортасын құру, түтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.

Егер қогамдық өндіріс тұргысынан қараганда белсенді субъект рөліне кәсіпкер шыгатын болса, кәсіпкерлік үрдіске деген көзқарас жағынан, оның мазмұны мен тишділігіне тұтынушы белсенді рөл атқарады, сондықтан да кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек.

Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің ролі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайга және мемлекеттің алдына қойылган мақсаттарға байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Осы тұргыдан алганда мемлекет:

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайсыз жагдайды қалып- тастыратын жагдайда, кәсіпкерліқ дамуының тежеуіші болуы мүмкін;
  • кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса ярне оның даму- ына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;
  • кәсіпкерліктің «жанданубіна» әкелетін, ;жаңа агенттерді кәсіпкерлік үрдіске* тартуға бағытталған шараларды тұрақты және белсенді іздеп, жүзеге асыратын жағдайда, кәсіпкерлік үрдісті жеделдетуші болады.

Кәсіпкерлік үрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функцияларды атқарады:

  • кәсіпкерлік жүйесінің кадрларын кәсіби тұргыдан даяр- лау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру;
  • іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан қолдау;
  • кәсіпкерлер үшін жобаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті қызметтерді корсете алатын кәсіпкерлік инфра- құрылымды құру функцияларын атқарады.

Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жүзеге аСырудың сапасы мен тиімділігі жалдамалы қызметкерге байланысты. Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мүдделері сәйкес болуы керек. Нәтижесін- де, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік төлемдер де жогары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мүддесіне тарту барысында қызметкер тек өзінің жеке нәтижелерімен қатар, ұжымдық қызмет нәтижелеріне де мүдделі болатын жагдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мұндай екі жақты мүддесін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталылыгын үйлестіре отырып жүргізуге болады.

Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болган, өндірістің жеткілікті түрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді. Нэтижесінде кез-келген кәсіпкер өзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жағдайда ғана ол біртұтас өндірістік үрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға боладьі. Игіліктер ретінде материалдық заттар мен объектілер (оларды материалдық игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тұлганың қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалдық емес игіліктер деп те атайды) айтуга болады.

Материалдық игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелеріне әсері арқылы байқа- лады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұргын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуга болады.

Адамдар өмір сұру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге болады:

  • табиги және адамдардың іс-әрекетімен өндірілген;
  • тұтынушылық және инвестициялық;
  • жеке және қогамдық;
  • ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше).

Табигаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл -

адамдардың өмір сұру жагдайларын қамтамасыз ететін табиги материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сұруі мүмкін емес. Бірақ, адам табигат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарга айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болгандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

Жеке, жанұялық, топтық, ассоциацияланган тұтынушыларга арналган табиги немесе өндірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларга тұрмыстық техника, жиџаз, киім, азық-түлік тагамдары және т.б. жатады.

Инвестициялық материалдық игіліктерге  басқа да мате- риалдық игіліктерді өндіру, қызмет керсету және жұмыстарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасы- малдау үшін қажетті автокөлік құралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанұялық тұрмыста қолданылатын - тұтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.

Материалдық игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қогамдық деп екі түрге бөлі- неді. Мысалы, жеңіл автомобиль - бұл жеке игілік. Ал азамат- тарды тасымалдауға арналған автопарктің көдіктері қогамдық игілік болып табылады.

Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп кёле жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техникалық ерекшеліктеріне, күрделілігіне байланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оңы өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туын- дайды.

Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалган жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.

Қызмет корсету аясы білім беру, медицина, спорт, мэдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру аяларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет корсету жүйесі басқа да са- лаларда (техникалық сервистік қызмет корсету, багдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.

Жұмыстарды орындау процедуралары кез келген объек- тілердің ідүрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жондеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.

Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге боліп көрсетуге болады. Еркін немесе үнемі қолжетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанагаттандыруга мүмкін болатын игіліктерді ай- тады. Оларга күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиги материалдық игіліктер (мысалы, ayа сияқты табиги игілік) жатады.

Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет