Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Жоспар:
I. Кіріспе:
ІI. Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар ерекшеліктері.
2.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар мақсаты оны жүйелеу.
2.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар.
2.3. Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.
2.4. Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.
III. Қорытынды.
IV. Тезаурус
V. Пайдаланылған әдебиеттер.
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар еркшеліктері.
1.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар
мақсаты оны жүйелеу.......................
1.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі
технологиялар.................
1.3. Педагогикалық технология
және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.................
1.4. Педагогикалық технологияның
негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін
дамыту........................
Қорытынды.....................
Тезаурус......................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы»
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтар ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын аныұтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша маңызды роль атқарады.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан – жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» делінгендей, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.
Әр
түрлі оқыту технологияларын
оқу мазмұны мен оқуышлардың
жас және психологиялық
«Технология»
ұғымы соңғы кездері
Технология – өнім алу үшін оған материалды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Технология
– бұл белгілі бір
Мектептің
дамуы, оның жұмысының жекелеген
жақтарындағы жетістіктер тек
инновациялық процесс ретінде
жүзеге асырылады, яғни
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама береді. Грек тілінен аударғанда тесһnе – шеберлік, іскерлік және логия – обьектінің жиынтығы. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы , модульдік технологиясы , топтық оқыту технологиясы т.б.
Білім
беру жүйесі – басқару
Технологияның анықтамаларды
1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістері мен үрдістердің жиынтығы, сондай – ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс – тәсілдері туралы білімдер жиынтығы. Осы анықтамалардан көрініп тұрғандай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріс пен тығыз байланысты қарастырылады.
Негізгі бөлім
- Білім беру жүйесіндегі технологияның мақсаты оны жүйелеу.
Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз – ілім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология
дегеніміз – тәжірибе жүзінде
орындалатын белгілі бір
ЮНЕСКО – ның бір құжатында технологияға мынадай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз – бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігін барған сайын жаһандана түсу процесінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл процестің, шын мәнінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын сый жағдайларға тап қылатын өте күрделі процесс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орныдарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау процесі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның ролі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталады.
Орын алған
дәл осындай келеңсіздік
1. Технология – ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі;
2. Технология – ол болашақ оқу процесінің жобасы.
Демек, педагогикалық технология – бір ретке келтірілетін білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал, біздің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда бұл мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметінің жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орныдаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс – шаралар жиынтығы.
Оқу процесін жобалаудың технологиялық шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу процесіндегі ролін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер туады. Ал бұл оқытушының жаңа ролі мен қызметі болып табылады.
Ғылымға мықтап енген «Педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі анықтама берілген:
Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының әдіс-тәсілдері, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық – педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачаев)
Алдын ала жобалаған оқу – тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы.(В.П.Беспалько)
Оқытушылар мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырған моделі(В.М.Монахов)
Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету ретімен жүйелі жиынтығы.(М.В.Кларин);
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негізі бар, бұл: «педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттердің, мазмұнының, формаларымен
әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғына оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды» (М.М.Жанпейісов).
Бүгінгі
таңда П.Ердиневтің
Педагогикалық
технологиялардың белгілері:
Осыған
сәйкес педагогикалық
Мақсаттылық белгісі – оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатындығын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамсыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдың барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметіне және оқушының өзін – өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.
Педагогикалық
технологияның келесі белгілер
тобы – оқытушы мен оқушы қызме
қызметі мен әрекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына т.б.) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады. Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Технология тұтас болуы қажет – бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес, яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.
Педагогикалық
технологияның келесі бір
Егер оны қолдануы әрбір оқушының ең жақсы даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын қамтамасыз етеді.
Егер оны қолдануы оқушы мен оқытушы ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «максимум» нәтижелер бере алса.
Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері – нәтижелігі және қолдануға жарамдылығы.
Бір технологияның екіншісінен айырмасы – оны қолданудың нәтижесінде оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.
1.2.Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,
И.Герберттің дәстүрлі объект – субьектілі педагогикасының орнына басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін – өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін – өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамытушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьекртілер оқушы ен оқытушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы
«Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
- Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- Өзіне және өзімен – өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі.
- Іс жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез – құлық әрекеттерінің жиынтығы;
- Айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін – өзі жете түсінуі;
- Қажеттілік жүйесі;
- Шығармашылқ мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- Сыртқы жағдайлар әсерінің жиынтығы және т.б» (Г.К.Селевко).
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылды.
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берген (В.П.Беспалько, В.М.Шепель, И.П.Волков, М.Чошанов, Г.К.Селевко, М.В.Кларин және т.б.). Барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттармен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды ».
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі өрлеуден тез арада арылуға қабілетті
және нақты тәжірибелік іс – әрекет істің де өзіндік даңғыл жол салуға, икемді
шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығымен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндетті. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғарғы оқу орындарын төмендегідей жұмыс атқаруы тиіс:
- Болашақ мұғалімдерді ақпараттық қоғам жағдайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
- Жаңа ақпараттық және телекомуникациялық технологиясындағы бейімділігін, білім берудің ғылыми – әдістемелік базасын жасау, білім саласы басқармасыныңжаңа формаларымен әдістемесін пайдалана отырып, жоғарғы білім беру жүйесіндегі жаңарту;
- Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғарғы білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
- Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесіндегі оқыту әдісін пайдалануға түбегейлі көшу;
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер болашақ мұғалімдердің инновациялық бағытқа бет бұрғандығында.
«Инновация» деген сөз латынның «новус» жаңалық және «ин» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңарту, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдіс мазмұнды дамытады.
Жаңаны
ұйымдастыруды қалыптастырады, анықтайды,
ол «жаңаша» деген жаңалық мазмұны, оны
енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын
қамтитын құбылыс жаңаша «Білім беру»
деп түсіндіріледі. Педагогика ғылымының
тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық
инновациялық ерте уақыттарда да болағанын
көрсеткен. Инновациялық термині ғылыми
айналымға тек ХІХ ғасырда антропология
және этнография арқылы дәстүр терминінің
антонимі ретінде кіреді. Білімнің жаңа
саласы инноватика, яғни әлеуметтік ұйымдағы
мақсатты өзгерістермен ғылымның пайда
болуы.
Бүгінгі таңда инновация ұғымының жалпылама ережесі жоқ.
«Инновация» терминін анықтағанда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, олардың ойынша «Инновация» педагогикалық категориясындағы жағдайды және ол мектептегі құбылыстың жаңалық жаңа бағадарламаны оқу жоспарын, әдіс-тәсілін, оқу және тәрбие жұмысына енгізу болып табылған Н.Нұрмағанбаев: «Инновация білімнің мазмұнында, әдістерінде, технологиялық оқу тәрбие жұмысының түрленуінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады» дейді автор сөзінің жіктемесінде. Инновацияны қайта жаңарту кеңістігі бірнеше түрге бөлінеді:
Жеке түрі: жеке – дара бір – бірімен байланыспаған.
Модульдік түрі: жеке – дара бір –бірімен байланысқан.
Жүйелі түрі: мектепті толық қамтитын.
Мадификациялық иннвация – бұл жолда бәрін де дамытушы, түрін өзгертумен айналысу.
Комбинаторлық
иннвация – бұрын
Родиалдық иннвация – білімге
мемлекеттік стандартты енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім
беруде мөлшерді, параметрлерді,
деңгейлік және сапалы
Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің жекелеген мұғалімдермен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Педагогикалық процесте иннлвациялық оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, т үрлері мен мақсаты мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызметін ұйымдастырудағы жаңалық енгізуді білдіреді. Соған сәйкес инноватика пәні, иннвациялық процестердің мазмұны мен миханизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келегн өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұлғасынан қарастырылуы тиіс. Осы процесті басқару мұғалімнің қызметінде әріптестердің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатына біраз шаралар жасалды.
Оларды иннвациялық процесс немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.
Инновациялық білім беру.
Жаңа енгізілген немесе
- Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу – оқындарының оқу – тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологияларын түбінен жаңартуды талап етуде;
- Білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндердің көлемі құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі, жаңа ұғымдық формалармен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде;
- Мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды игеру және қолдануға деген қатынасы сипаттарының өзгеруі;
- Оқу –тәрбие процесі мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімдердің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтік жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігінде болмады;
- Жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынсатарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орынының құрылуы нақты бәсекелестік ақуал туғызды.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан педагогикалық тәжірибе жинақталған бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдермен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану мен таңдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшілік болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Педагогикалық тәжірибеде обьективті және даралық құндылықтар бір- бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды.
Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:
1. оқытудың түсіндірмелері – көрнекі әдістері, яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсінідіреді. Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурция т.б жатады. Студенттердің қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.
2. репродуктивті әдіс (қайта жаңарту) – оқытушы студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады т.б.
Бұл екі әдістің де мәні – белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру процесі. Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:
- материалды оқып үйренудің орташа, жалпылама темпі;
- білім алушылар игеретін білімдердің көлемі де бірыңғай орташа;
- мұағлім арқылы-
мұағлім арқылы білімді дайны
күйінде алуы өз бетісен жұмыс
істеу дағдыларының
- білім алушының жаңа білімді игергендігі туралы мұғалімде еш ақпарат болмайды.
- зейінді төмендетуге әкеліп соғатынсөз әдістердің басым болуы;
- білім алушының жадына күш түсуі.
Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері)білім алушылар керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалды іздестіру, деррбес шешімдер қабылдау т.б). осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялар жасалып, мектеп тәжірибесінде енгізілуінде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.Беспалько. оның жеке аспектілері мен түрлеріне В.М.Монахов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков, И.П.Синновский, Г.А.Сонахова, т.б ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В.П.Беспалько «Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагоикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір – бірімен өзара байланыстағы әдіс – тәсілдер деп қарастырылды.
Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан – жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасалады.
Проблемалық оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
- Оқушының белсенділіктерін арттыру;
- Оқу материалында баланы қызықтыратындай сәселе туғызу;
- Оқу материалды баланы сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
- Оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы;
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы мынаны көздейді:
- Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
- Барлық баланы оқыту.
- Оқытуды жеделдету.
Үнемі қайталау ,міндетті кезеңдік бақылау, жоғарғы деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану, жеке бағдарлы қарым – қатынас, ықпал, ізгілік, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы, бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, біртіндеп оңайту әдістерін қолдану. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі, білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту, түсіндіруді қабылдау.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Білімді меңгеру тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды, грамматикалық ұғымдарды еске сақтау арқылы емес, оны оқулардың өзі логикалық талдаужасау отырып, орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асады. Қазақ тілі сабағында оқушылраға өздігінен орындауына берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттыруға, берілген тапсырмалар бойынша өз бетмен шешім қабылдауға талпындыратындай болуы тиіс.
Бағдарламалап оқытудың технологиясы. Ғылыми негізде түзелген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютер қатынасы арқылы орындалады. Яғни, баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатикамен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу.

- Білім беру жүйесіндегі менеджмент
- Білім беру жүйесіне түсінік
- Білім беру жүйесінің менеджерлердің еңбекті ұйымдастыру
- Білім беру құқығы: жалпы шолу
- Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
- Білім беру парадигмалары
- Білім беру порталы құру қағидалары
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
- Білім беру жүйесіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық моделі