Білім беру жүйесіндегі менеджмент
Батыс Қазақстан облысы гуманитарлық академиясы
Р е ф е р а т
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент»
Тексерген: Ахметов М.Ғ
Орындаған: Уразалина М.Е
Орал, 2014 жыл
- Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру
жүйесіндегі рөлі мен орны..........................
- Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі
Көзқарастар...................
- Жүйе және басқару.......................
.............................. ...........................13
- Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.............17
Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету...................25
- Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық
қатынастар....................
......32
.
- Қорытынды.....................
.............................. .............................. .............36
- Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны.
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа боып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, 20 ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан- жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20- ғасырдың басындағы Нью- Ланардегі Робер Оуеннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір бассшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңгғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми- әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредарик У. Тейлордың «Ғылыми басқакру қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынада йтоқтамға келеді: «дәстүрл әдістің орнына – ғылымо, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»
Кең мағынасыда алғанда,
басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы
өндірісті нысаналы түрде
- тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
- қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері
«Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.
«биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы- жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.
«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз»- шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объекті - әлеуметтік- экономикаық жүйелер, ал пәні өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің ( шамамен 1575-1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады.
Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді – олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.
Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің, рухани саласын басқару түрлеріне бөлінеді.
Әлеуметтік экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан, экономиканы басқару үздіксіз сипатталады.
Бұл жүйенің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:
- Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);
- Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).
Басқа да бірқатар анықтамалар бар.
Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анқтымасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.
Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатт іске асырумен байланысты.
Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрстеуд басқару буындарынан тұрады.
Бұл арада оларардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты обектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуі қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, басқарудың перспективалы
мақсаттарының бірі оны
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы.
«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.
Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен бір тұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп( белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.
Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы- басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады.
Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік – экономиклық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі – оның зерттейтін пәні- басқару қатынастары болуына байланысты.
Басқару қатынастары мынандай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден басқарушы және басқарылушы жүйелер арсындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:
а) басқару сатылары арасындабасқару аппаратының арасындағы қатынастар ( тік байланыстар);
ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасында. б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатнастар: мысалы министрліктің оспар- экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.
Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буныындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).
Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).
Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару; ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды: жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы, және аралас сондай- ақ, коллективтік және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.
Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.
Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.
Менеджмент дегенді негізінде өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнері.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар:
Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).
Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.
Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы – педагогикалық шеберлік.Зерттеулердің негізінде «педагогикалық шеберлік» түсінігіне біз келесі мағыналарды кіргіземіз:
- мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;
- оқушылардың назарын аудару және оқылатын материалмен қызықтырып әкету;
- оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу,сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;
- адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;
- ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;
- оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;
- өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;
- «еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен,сөйлеумен;
- Сын ойлай білу және айқын белсенді позициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін,сенімділікті және істі көрсете білу;
- өз сабақтарын түрлендіре білу.
ІІ. Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастар.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алыған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биолгиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамудағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
- білім берудің ізгілік сипатта болуы;
- біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
- білім берудің жалпыға бірдейлігі;
- білім берудің зиялылығы;
- білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
- білім берудің демократиялық сипатта болуы;
Білім берудцің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.
Педагогикалық жүйе және ғылыми басқару объектісі ретіндегі мектеп
Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары - әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Енді педагогикалық жүйенің сжүйе құраушы факторлары мәніне тоқталайық. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен әс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер – жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық, іс-әрекетке қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік –педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар, ал арнайы жағдайларға оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің туған жері, материялдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық үрдістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық климат, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық жүйенің уақытша сипаттамалары үш өзара байланысты кезеңдермен анықталады: бастапқы жалпы – 1-3 (4) сыныптар; негізгі жалпы – 4 (5) – 9 сыныптар; орта (толық) жалп білім беру – 10 (11) сыныптар. Жалпы білім берудің әрбір сатысы өзінің ерекше міндеттерін жүзеге асырады, бірақ жалпы мақсатқа – оқушы тұлғасын дамытуға – бағытталады.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға вожатыйлар, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Үшінші деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара ісерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық үдерісті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды.
Қазіргі заман
жағдайында жалпы білімдік
- дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;
- тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;
- оқушылардың қарым-қатынастары
жəне олардың мектептегі
- мектептің əкімшілік жүйесі: оқу
процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін
алып бару жүйешелерінен құралады.
Əкімшілік жүйенің
қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік,
материалды-техникалық жүйешелер мен
оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің
басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке
келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты
тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің
шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы
барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері
бір бағытта орындалып бару шартына байланысты.
Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл
кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық
жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін
танытады.
Басқаруға тəн
жəне бір сипат-бұл жұмысқа
баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы.
Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны
мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді,
себебі бұл істің қалаған сатысында қай
деңгейде болмасын, басқарушы адам өз
əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің
қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын
мойындауы тиіс.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару
қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады.
Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін
педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік
етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік
қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде
игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып
жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің,
мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне
жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті
əрқилы деңгейде бірдей тең басқару –
бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың
өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру
барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің
бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн
мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа
да күнделікті ықпал жасаушы мектептің
барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ,
мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне
мектеп директоры мен директордың оқу,
тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару
жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше
қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн
мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі.
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның
жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен,
мемлекеттік мекемелермен қатынастар
негізінде атқарылып барады.
Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз
байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы
бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан
тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып
барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті
түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл
да педагогикалық жүйелерді басқарудың
өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп
жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына
тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім
жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін
де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі
балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық
ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым
болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен
жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын
басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде
білікті, білімді болуы.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері
Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару
қызметтері белгілі принциптерге негізделіп
орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
- педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру
жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың,
мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының
өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына
жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір
алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына
байланысты жариялылықты қажет етеді;

- Білім беру жүйесіне түсінік
- Білім беру жүйесінің менеджерлердің еңбекті ұйымдастыру
- Білім беру құқығы: жалпы шолу
- Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
- Білім беру парадигмалары
- Білім беру порталы құру қағидалары
- Білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы функцианалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыру
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесі
- Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
- Білім беру жүйесіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық моделі
- Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар