Бәсекелестік – рынокты байытудың өркениетті жолы
Бәсекелестік –
рынокты байытудың өркениетті жолы
Әділ де өркениетті
бәсекелестік – қоғамның экономикалық
дамуын қамтамасыз ететін қозғаушы күш.
Әлем таныған реформатор, Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев ел болашағының баянды
әрі бай-қуатты болуы – экономикамыздың
да, адам капиталының да бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға тікелей байланысты екенін
үнемі атап көрсетіп келеді. Сондықтан
бәсекелестікті қорғау және дамыту Қазақстан
экономикасын өркендету жөніндегі
2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламаның
басым бағыты, түйінді темірқазығы
болып отыр. Міне, осы бастаманы
өрістету мақсатында елімізде Бәсекелестікті
қорғау агенттігі (монополияға қарсы
агенттік) құрылып, жаңа мемлекеттік
құрылымның жұмысын қалыптастыру және
басқару міндеті білікті
– Мәжит Төлеубекұлы,
республикамызда Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі және Бәсекелестікті
қорғау агенттігі, басқаша айтқанда,
Монополияға қарсы агенттік жұмыс
істейді. Осы екі мемлекеттік
құрылымның басты айырмашылығы неде?
– Бұл екі агенттіктің
өкілеттігі мен атқаратын міндеттерінің
ауқымы арнайы қабылданған заңдармен
нақты белгіленіп берілген, осы заңдарға
сәйкес бұл қос мемлекеттік органның
атқаратын жұмыс ауқымының ара
жігі жан-жақты айқындалған. Қазақстан
Республикасының Бәсекелестікті қорғау
агенттігі еліміздің «
Ал өз кезегінде
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Қазақстанның «Табиғи монополиялар
және реттелетін рынок туралы» заңына
сәйкес табиғи монополиялар саласындағы
және реттелетін рыноктағы реттеу қызметтерімен
айналысады. Осы заң шеңберінде ол
атқаратын тағы бір басты мәселе,
реттелетін рыноктағы бағаның қалыптасуын
мемлекеттік реттеу және бақылау
болып табылады. Сонымен бірге
бұл агенттік табиғи монополия субъектілерін
және реттелетін рыноктағы басым
жағдайларға ие болған субъектілердің
қызметін техникалық реттеу, баға мәселесіне
тұрақты түрде мониторинг жүргізу
міндеттерін жүзеге асырады.
Реттелетін рынок
дегеніміз – бұл тиісті заңнамаларға
сәйкес баға мәселесіне мемлекеттік
реттеу жүргізілетін тауар рыногы болып
табылады. Реттелетін рынок субъектілері
үшін баға мәселесіне мемлекеттік реттеу
жүргізу «Табиғи монополиялар және
реттелетін рынок туралы» заңмен
айқындалған. Реттелетін рынокқа темір
жол көлігін, электр энергетикалық
және жылу энергетикалық, мұнай және
газ өнімдері, мұнай тасымалдау,
азаматтық авиация, теңіз айлағының
қызметі, телекоммуникация және пошта
байланысы салаларындағы
Міне, осындай нақты
міндет бөлінісі экономиканы реттеудің
мемлекеттік жүйесінде
– Әділ бәсекелестікті
қорғау және дамыту Қазақстан экономикасын
дамытудың басты бағыттарының бірінен
саналады. Ал бәсекелестікті өрістету
ішкі рыногымызда тауар түрлерін
аттыруда, тауарлардың сапасын көтеруде,
бағаны ырықтандыруда қандай нақты
тиімділік берді?
– Бәсекелестік рынокқа
ықпал жасаудың өркениетті күрес
жолы болып табылады. Яғни, тауарлардың
және қызметтің бағасын арзандату,
олардың сапасын арттыру және
рынокты тиімді тауарлармен толықтыру
– бұл ұзақ мерзімде қалыптасатын
әділ де оңтайлы бәсекелестік қатынас.
Соңғы уақытта мемлекетіміздің
тарапынан бәсекеге қабілетті тауар
рыногын қалыптастыру
Соңғы уақытта монополияға
қарсы күрес органдары азық-
– 2009 жылдан бері «Бәсекелестік
туралы» Заң күшіне енді. Осы заң
кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып,
шағын және орта бизнес қауымдастығының
жұмысына игі ықпал тигізе алды ма?
– Сөзсіз. Ол сол
үшін де қабылданды ғой. Монополияға
қарсы күрес саласы экономикамыздың
дамуымен және қайта жаңғыруымен
бірге жетілдіріліп келеді. Республикамыздың
рыноктарындағы бәсекелестіктің дамуы
өз-өзінен болып жатқан шаруа емес,
бұл 2009 жылы түбегейлі жетілдірілген
монополияға қарсы жүргізіліп отырған
мақсатты мемлекеттік саясаттың
нәтижесі екендігі даусыз. Аталмыш
заңның жобасын қалыптастыруға еліміздің
қоғамдық ұйымдары және бизнес өкілдері
белсене араласты. Сондықтан да,
бұл заң еліміздегі бәсекелестікті
дамытудың тиімді құралына айналды.
Сонымен бірге заң шеңберінде кәсіпкерліктің
белсенділігін арттыру, шағын және
орта бизнес субъектілерін қолдаудың
маңызды тетіктері енгізілген. Менің
ойымша кәсіпкерлер үшін инвестициялық
тұрақтылықтың кепілі болып табылатын
ұзақ мерзімді инвестициялық немесе
концессиялық келісім-шарттарды қолдауға
арналған заң нормаларының маңызды
болып отырғандығы даусыз.
Сондай-ақ, аталмыш
заң мемлекеттік органдардың
кәсіпкерлік қызметке араласа беруіне
тосқауыл қойып, монополияға қарсы
органдардың кез келген тексеріс
жүргізуіне тыйым салды. Бұл органдар
тарапынан тексеріс жүргізу мәселесі
заңмен нақты айқындалып, монополияға
қарсы күрес заңдылықтары
– Жалпы, біздің елімізде
өркениетті, халықаралық стандарттарға
сай бәсекелестік бар деп айта
аласыз ба? Қазақстанның ішкі рыногы монополистік
топтардың қолында, әділ бәсекелестікке
жол бермейді деген пікір бар.
Оған қалай қарайсыз?
– Қалыптасқан объективті
жағдайларға байланысты бүгінде
кейбір экономика құраушы салалар
монополиялық болып қалуда. Оған темір
жол саласы, отын-энергетикалық кешені
және телекоммуникациялық жүйе кіреді.
Жалпы алғанда рынок
Біздің Конституциямызға
сәйкес монополиялық қызметке тыйым
салынбаған, тек оны жүргізуді
шектеу ғана қарастырылған. Мұндай шектеулер
рынокта басым және монополиялық
артықшылықтарға ие субъектілердің
ортақ іске кесірін тигізбеу жағдайын
реттейді. Ел Үкіметі соңғы уақытта
салаларды монополиядан арылту және
бәсекелестікті дамыту мәселелеріне ерекше
көңіл аударып келеді. Алайда, бүгінгі
таңда қалыптасқан ахуалды
– Еліміздің ішкі
азық-түлік рыногы импортқа тәуелді.
Бәсекелестікті дамытатын отандық
тауарлар қайда? Сауда және коммуналдық
салаларда заңдар тиімді жұмыс істемейді.
Тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы
тым жоғары, сапасы сын көтермейді…
– Елімізде әлеуметтік
маңызы бар азық-түлік тауарларының
бағасы Үкіметтің тұрақты бақылауында.
Агенттік өткен жылдан бастап азық-түлік
тауарлары бойынша арнайы құрылған
жұмыс тобына жетекшілік жасап келеді.
Бұл комиссия азық-түлік тауарларының
бағасын тұрақтандыру, оның тапшылығын
болдырмау мақсатында бірқатар ықпалды
шараларды жүзеге асырды. Сонымен
бірге бұл ретте жергілікті атқарушы
органдардың және өңірлік штабтардың
да азық-түлік тауарларының бағасын
тұрақтандыру мәселесіндегі жұмыстарын
атап өткен жөн.
Қазіргі таңда азық-түлік
өнімдерін сақтау инфрақұрылымдары
мен логистикалардың тапшы екендігі
жасырын емес. Бұл өз кезегінде
жиналған өнімнің сақталуын және
оны тұтынушыларға жеткізудің қиындықтарын
туғызады. Мамандандырылған мал сою
пункттерінің, көкөніс қоймаларының,
тауарларды сақтау және қайта өңдеу
орталықтарының жетімсіздігі ішкі рынокта
импорттық тауарлардың үстемдік
құруына әкеліп соқтырды. Әсіресе, бұл
жағдай маусымдық кезеңдерде шиеленісіп
кететіндігін тәжірибеден көріп
жүрміз.
Дегенмен, бұл мәселе
шешілу үстінде. Елімізде қолға алынған
үдемелі индустриялық-
Сараптаулар көрсетіп
отырғанындай, азық-түлік рыноктарындағы
бағаның күрт қымбаттауы әдетте жыл
басында және мерекелер қарсаңында
орын алатындығы дүркін-дүркін болып
тұратын құбылысқа айналды. Көп
ретте азық-түлік бағаларының
қымбаттауы табиғи монополия және реттелуші
рынок субъектілерінің өнімдері мен
қызметтері тарифінің көтерілуіне
де тәуелді болып келеді. Мәселен,
мұнай өнімдері және электр қуатының
тарифтері көтерілсе болғаны, бірқатар
тауарлардың өзіндік құны артып
шыға келеді. Бұл өз кезегінде инфляцияның
өсуіне әкеліп соқтырады. Мәселен, мұнай
өнімдерінің бағасын Ресей
– Мәжит Төлеубекұлы,
біздегі базарлар мен сауда орындары
делдалдардың қолында. Жалпы, біз қашан
осы делдалдар мен
– Біз экономика
бос кеңістікті көтере алмайды деген
экономикалық қарапайым қағиданы түсінуіміз
керек. Егер рынокта қалыптасқан
қандай да бір бос кеңістікті кәсіпкерлер
немесе мемлекеттік кәсіпорындар толтырмайтын
болса, оны сөзсіз алыпсатарлар мен
саудагерлер толтырады. Олар қалыптасқан
жағдайдан мүмкіндігінше
Жуырда Мемлекет
басшысы сауда қызметін реттеу жүйесін
барынша жетілдіруге
Енді рыноктағы
ахуалды жергілікті атқарушы органдар
зерттеп отыратын болады. Бағаның
белгілі бір өңірде не себептен қымбаттап
кеткені жергілікті органдарға барынша
түсінікті. Сондықтан, бұл жағдайға
бақылау жасау тетігі артады. Мәселен,
белгілі бір өңірде қант бағасы 40
пайызға өсіп кетті делік. Бұл
ақпарат дер кезінде жұмыс
тобына белгілі болады. Олар жергілікті
жердегі қалыптасқан жағдайға байланысты
бұл өңірде алдағы 90 күн ішінде қант
бағасын 220 теңгеден асырмау туралы
шұғыл шешім қабылдайды. Егер, белгілі
бір азық-түлік өнімі
Жоғарыда атап кеткенімдей,
біздің бірқатар рыноктарымызда бірнеше
баға көрсеткіштерін қолдану тәсілі
орын алған. Бұл жағдай да заңда ескерілген.
Егер, алыпсатарлар қосарланған бірнеше
баға көрсеткіштерін қолданатын болса,
олар әкімшілік жазаға тартылып, кінәлілерге
100 мың теңгеден 400 мың теңгеге
дейін айыппұл салынады. Бұл шара
араны ашылған алыпсатарлардың
тәбетін тежейді ғой деп
«Астық туралы»
заңға сәйкес облыс әкімдері мемлекет
қоры және мемлекеттік тұрақтандыру
қорындағы астықтан алынған ұн және
нан өнімдерінің шекті бағасын
бекіту өкілеттігіне ие болды. Қолда
бар деректер көрсетіп отырғанындай,
биылғы жылы елімізде ешқандай азық-түлік
тауарларының тапшылығы болмайды. 2010 жылы
агенттік тарапынан азық-түлік рыногының
289 субъектісінің қызметіне тексеріс жүргізілді.
Рыноктағы басымдық жағдайын пайдаланып,
жең ұшынан жалғасқан 64 субъектінің үстінен
әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде ұн
және нан бағасын негізсіз қымбаттатқан
25 делдал бар. Өсімдік майы, қарақұмық
және құс етін негізсіз қымбаттатуға жол
берген 39 субъектінің үстінен агенттік
әкімшілік іс қозғады. Сонымен бірге, қаржы
полициясы Батыс Қазақстан облысының
екі ұн шығаратын кәсіпорнының үстінен
қылмыстық іс қозғады.
Ішкі рыноктағы
азық-түлік бағасын
– Мәжит Төлеубекұлы,
агенттіктің алдағы қызметінің ауқымы
мен перспективалары туралы не айтар
едіңіз?
– Менің ойымша, агенттіктің
болашағы зор. Әлемнің барлық дамыған
елдері экономикадағы жоғары жетістіктерге
әділ бәсекелестікті дамыту нәтижесінде
қол жеткізді. Қазақстан да экономикалық
зор табыстарға осы өркениетті жолмен
жетуді мақсат етіп отыр. 2011 жылы агенттік
алдында бірқатар нормативтік мақсаттардағы
міндеттер тұр. Бұл бәсекелестіктің
бірыңғай үдерістері мен ережелері
туралы келісімдер жасау, мемлекеттік
монополия мәселелері бойынша заңнамалық
актілерге түзетулер енгізу жөніндегі
жұмысты аяқтау, сондай-ақ еліміздің
«Бәсекелестік туралы» заңына тиісті
өзгертулер мен толықтырулар енгізу
мәселелері болып табылады.
Біздің жұмысымыздағы
тағы бір маңызды бағыттарға жергілікті
атқарушы органдармен бірлесе отырып
өңірлік бәсекелестікті дамыту, бәсекелестікке
қабілетті орта қалыптастыру үшін өңірлердегі
тауар рыноктарының ахуалын зерттеу
жатады. Сонымен бірге, өздеріңізге
белгілі, агенттік еліміздегі тұтынушылар
құқығын қорғау саласындағы өкілетті
орган болып табылады. Осыған байланысты
тиісті мемлекеттік органдармен
бірлесе отырып тұтынушылар құқығының
барынша қорғалуын қамтамасыз ету
аясында бірқатар кешенді шараларды
жүзеге асырмақпыз. Негізінен, біздің
атқаратын міндеттеріміздің барлығы
дерлік отандық тұтынушылардың құқығын
қорғауға бағытталған. Мәселен, агенттік
Ресейдің федералдық агенттігімен бірлесе
отырып рынокта қалыптасқан
2011 жыл – барыс
бейнелі еліміздің

- Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері
- Бәсекелестік экономикалық өсудің факторы ретінде
- Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі
- Бәсекелік күрес
- Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
- Бәсеке – нарықтың негізгі элементі
- Бәсекенің тәжірбиесі мен теориясындағы бағаның рөлі
- Бәсеке және монополия
- Бәсеке және Монополия. Сұраныс пен ұсыныс
- Бәсеке күресі
- Бәсекелестік дегеніміз
- Бәсекелестік және монополия
- Бәсекелестік және монополия
- Бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру