Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі- нарықта өзге өндірушілерге және ұқсас тауарларды өндірушілерге өзінің өнімімен немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен, сондай-ақ бизнесінің тиімділігімен төтеп беру.  Ол әдетте кәсіпорын мкамандарымен бағаланатын болса, бәсекелестік артықшылықтар кәсіпорынның ұсыныстарын оның бәсекелестерінің ұсыныстарымен салыстырып бағалайтын тұтынушылар есебінен жүзеге асады.  Яғни бәсекелестік артықшылықтар – бұл кәсіпорынның тұтынушыларға ұсына алатынөнімінің және қызметінің ерекше болуы.

Бәсекелік артықшылық – бұл бәсекелік күштерге төтеп  беруге және тұтынушыларды қызықтыруға  мүмкіндік беретін фирманың нарықтағы  орны. Бәсекелік артықшылықтың негізі ретінде кәсіпорынның бірегей активтері  немесе қызмет саласындағы біліктілігі қарастырылады. М.Портер бәсекелік артықшылықтарды келесідей кәсіпорындар иеленеді дейді:

  • неғұрлым жедел түрде мамандандырылған ресурстар мен дағдыларды жинауға мүмкіндік беретін елдерде қызмет атқаратын кәсіпорындар;
  • егер кәсіпорынның орналасу елінде тауарға және технологияға деген қажеттілік туралы анық және толық ақпарат болса;
  • егер әрдайым капитал салымдары болса;
  • егер иелердің, менеджерлердің, персоналдың мүдделері сай келсе.
  • Бәсекелестік ортаны талдау және кәсіпорынның бәсекелестік жағдайын анықтау бәсекелестік ортаның күрделілігін және динамизмін анықтауға мүмкіндік береді.  Мұндай талдаудың әмбебап әдісі ретінде М.Портердің 5 күші үлгісін және бәсекелестердің шығындарын талдауын қарастыруға болады: жаңа бәсекелес/р;саладағы бәсекелестер;субститут тауарды ұсынушы кәсіпорын/р;жабдықтаушылар әсері;тұтынушылар әсері.

Кәсіпорынның бәсекелік  қабілеті» деп – оның бәсекелес  кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:

– бір саланың бәсекелес  кәсіпорындары арасындағы тартыс;

– ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;

– салаға жаңа бәсекелестердің  ену қаупі;

– тасымалдаушылардың саудаласу  мүмкіндіктері;

– тұтынушылардың саудаласу  мүмкіндігі.

Бизнес-жоспардың  негізгі бөлімдерінің мазмұны мен  сипаттамасы. Бизнес-жоспар: мазмұны  ж/е әзірлеу тәртібі

«Бизнес»  сөзі  табыс әакелетін  кез-келген іс, қызмет. ЗЗЗБизнес-жоспар-бұл қандай да бир  комерциялық  жобаны  жүзеге асыру ж/е жаңа к/одарды құру үшін жүрзізуге қажетті іс әрекеттердің негізделуін білдіретін құжат. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады.Бизнес- жоспар жаңа ө/стік қуат құру арқылы ө/сті жаңарту ғылыми –техникалық қайта қамтамасыз ету негізінде жаңа өнімді шығаруды жүзеге асыру үшін сырттан қаржы көздерін тарту мен байланысты инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданады. Бизнес – жоспардын бөлімдері:1).Фирма мүмкіндіктері (резюме)2).Тауарлар  түрлері(қызмет көрсетушілер). 3)Тауар(қызмет өткізу нарығы )4).Өткізу нарығының бәсекелестері. 5).Маркетингтік жоспары. 6).Ө/стік жоспары.7).Ұйымдастырушылық  жоспар. 8).Заңдылық жоспар.9)Қаржылық жоспар10) Қаржыландыру стратегиясы.

Нарықтық экономикада  фирманың бәсекелестерімен бірдей деңгейде болуы үшін, жаңа өзгерістерге бейімді  болуы үшін ж/е сыртқы жағдайлармен қоса ішкі жағдайларды да реттеу үшін бизнес-жоспардың болуы міндетті. Бизнес-жоспар арқылы фирманы жақсы басқарып, жетістікке жету үшін төмендегідей қарапайым шарттар орындалуы тиіс:

  • Әкімшілік (администрация) мен инвестор фирманың нарықтағы орнын анықтай алуы керек ж/е қаржылық жағдайларын да дұрыс бағалай білуі керек;
  • Фирманың менеджментін түсінетін мекемелер алдарындағы нақсы мақсаттарына жетуге ұмтылуы тиіс;
  • Мекеменің менджменті мен инвестор нарықтағы ж/е фирманың іші-сыртында болып жатқан жағдайлардың себептері мен мағыналарын біледі.

Бизнес-жоспарды жақсылап жасау мекеме басшысын немесе менеджерді дайындау үшін көмек болады. Егер сіз фирманың бизнес-жоспарын дұрыс әрі сауатты түрде жасай алатын болсаңыз, онда сіздің фирмаңыз табысты, тиімді ж/е басқаруға қолайлы түрде жұмыс жасайтын болады. Болашақта болуы мүмкін жағдайларға байланыс болжамдарды автоматты түрде жасап, тез арада тиісті шешімді қабылдайтындай деңгейге жетесіз.

Бизнес-жоспар дегеніміз бір мекеменің немесе фирманың қызмет өнімділігін анықтап, басқаратын негізгі тетіктік құрал. Бизнес-жоспар жасау фирманың бизнесін, қызметін дұрыс жолға қоюға ж/е басқару саласын сауатты басқару мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық  кәсіпкерліктің даму  перспективалары

Инновациялық кәсіпкерліктің негіздері Инновациялық кәсіпкерлік  – шындық пен мүмкін жағдайдың  аралығындағы үлеспеушіліктерді (мәселелерді) шешуімен байланысты, өнім мен қызмет түрінде жаңа ойды нарыққа дейін жеткізуге арналған, экономикалық пайда алуға бағытталған мақсатталған қызмет. Осы процесс Қазақстанның жағдайында екі жорамалмен түсіндіріледі. Бірінші жорамал  бойынша, осы процестің негізінде технологиялық қозғау салу жатыр, ал екінші бойынша — нарық сұранысын қысымы жатыр. Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді. Демек, кәсіпкерлік – экономикалық жүйесін қайта өндіру процесін ұйымдастыратын, оған жағдай жасайтын фактор. Инновациялық кәсіпкерлік қызметі – ертеде пайдаланбаған коммерциялы нәтижелі қорларды  өндіріске еліктіру арқасында ұлттық байлықтың көбеюін мойындайтын нарық экономикасы мен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы. Инновациялық қызмет кәсіпкерлік құрылымдардың әрекетінде өндіріс нәтижесін көтерудің негізгі факторы болып табылады. 
Инновациялық кәсіпкерлік ғылыми-техникалық және өндірістік салалар арасындағы (делдалдық) рөлдерді байланыстырып дамытуды көздейді. Инновациялық кәсіпкерліктің соңғы мақсаты жаңа дәуірдің бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімді сериялық өндіруді және әлемдік стандарттар деңгейіндегі жоғарғы сұранысты жылдам реттейтін кәсіпорындарды дамыту болып табылады.  
Инновацияны ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру Қазақстанда инновациялық қызметтің еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылуда.  
Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты. Дүниежүзілік тәжірибеде, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндіріс - тәжірибелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады. Бұл жерде мемлекеттік қаржы, коммерциялық банктер және венчурлі қорлар қаржылары шоғырланады. Әдетте ғылыми технопарктер мынадай жерлерде орналасады:  
- жоғары оқу орындары, университеттер мен институттар бар жерлерде;  
- өндіріс зоналарын, жер телімдерін, лабораторияларды жалға алуға мүмкіндік бар жерлерде;  
- мемлекет тарапынан қолдау мен салық жеңілдіктерін алуға мүмкіншілік бар жерлерде;  
- автокөлік, теміржол магистралдарына және шикізат көздеріне жақын жерлерде.  
Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғимаратты алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып, қызметін бастайды, инкубациялы период 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді.  
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды комплекс, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары, лабораториялар тұсында қалыптасады. Техноплис – жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылымы – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер. Ғылыми-технологиялық аймақ – ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған, территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.  
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетуіне қарағанда, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың басты бағыты. Сонымен қатар ғылыми-техникалық саясаттың басты бағыты – шағын инновациялық фирмалардың қызметін тікелей қаржыландыру.

Кәсіпкерлік қызметті тоқтату себептері, факторлары ж/е  шарттары

1.  Жеке кәсіпкерлік  субъектісі борышқордың сотқа  өтініші немесе кредитордың, ал  Қн Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады. 

Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімі Қн Республикасының  азаматтық  заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлға болып  табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін  қайта ұйымдастыру немесе тарату  жеке кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық  нысаны үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Дара кәсіпкердің  қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу  тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда  көзделген мән-жайлар туындаған  жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Дара кәсіпкердің қызметі  өзіндік кәсіпкерлік кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.

Бірлескен кәсіпкерлікті  тоқтату туралы шешім, егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс  берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.

4. Жеке кәсіпкердің  қызметі мынадай жағдайларда: 

1)  ол банкрот деп  танылған;

2) тіркеу кезінде жіберілген  жойылмайтын сипаттағы Қн Республикасының  заңнамасын бұзушылықтарға байланысты  дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған;

3) қызметін күнтізбелік  жыл ішінде Қн Республикасының   заңнамасын бірнеше рет немесе  өрескел бұза отырып жүзеге  асырған жағдайларда соттың шешімі  бойынша мәжбүрлеу тәртібімен  тоқтатылады.

5. Осы бапта көзделген  негіздемелерден басқа, дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:

1) өзіндік кәсіпкерлік  – дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз  деп танылған, қайтыс болды деп  жарияланған немесе ол қайтыс  болған жағдайда;

2) отбасылық кәсіпкерлік  ж/е жай серіктестік – егер  осы тармақтың        1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бірлескен кәсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады. 

6. Дара кәсіпкердің  қызметі оның (олардың) өтініші немесе соттың  заңды күшiне енген шешімі негізінде Мемлекеттік тіркелімнен осындай кәсіпкерді (кәсіпкерлерді) алып тастаған кезден бастап тоқтатылды деп есептеледі.

Мемлекеттік тіркелімнен  алып тастау дара кәсіпкерді мемлекеттік  тіркеу туралы куәлікті тіркеу органына бергеннен кейін жүргізіледі.

7. Белгіленген жағдайларда  тіркеусіз дара кәсіпкерлікті  жүзеге асыру кезінде оны тоқтату  ерікті сипатта болса - нақты  тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп  тоқтату кезінде тиісінше соттың  шешімі заңды күшіне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледі.

8. Орындалмаған міндеттемелері  жоқ шағын кәсіпкерлік субъектілері  үшін Қн Республикасының заңдарымен  ерікті таратудың оңайлатылған  тәртібі белгіленуі мүмкін.

К/оның маркетингтік қызметі: ұйымдастыру ж/е талдау әдістері

Маркетинг – тауарлар мен қызмет көрсетудегі тұт/дың сұранысын қанағаттандыру мақсатын көздейтін шар/қ қызметтің түрі. Маркетингтің негізі болып қажеттілік, мақсат, ынта ж/е сұраныс табылады. Олар тек коммерциялық болуы мүмкін емес. Одан басқа оларды сандық негізде көрсетуді қамтамасыз ету керек. Мысалы, жылдың аяғына дейін тауар үлесін 15 пайыздан 20 пайызға көтеру керек пе , әлде 20 пайыз пайда алу керек пе. Мақсатты неғұрлым әр жұмысшыға түсінікті қылып жеткізсе солғұрлым маркетинг қызметі көп пайда алып келеді. Маркетингте мақсат 5 топқа бірігеді: 1.Нарықтық(нарық үлесі, нарықты жаулау, тиімді нарықты анықтау); 2.Маркетингтік (фирманың имиджін құру, сату көлемі, пайда көлемі, бәсекелік күрес); 3.басқарушылық –құрылымдық (басқару құрылымын жақсарту); 4. қамтитын (баға саясаты, кешенді ынталандыру, тауардың тұтынушылық қасиеті, тауар қозғалысының параметрлері); 5. бақылау қызметі. Маркетингтің негізгі принциптері:1. тез нәтижелі ө/стік - өткізу к/о қызметіне емес, ұзақ мерзімді соңғы жетістіктерге бағыттау;2. Нарықты саралау - ө/стік - өткізу саясатын бағдарлау нұсқасын таңдау мақсатымен нарықтағы неғұрлым қолайлы жағдайды анықтаупроцесі; 3.Ө/стік кешеннің нарыққа бейімделуі, өмір сүретін немесе потенциалды сұранысқа өтімнің немесе ө/стің икемді әсер етуі;4.Инновация –тауардың жетілдіруі немесе жаңартылуы, оны жаңа технологияларды пайдалану арқылы өндіреді; 5. зерттеу, өндіру ж/е өткізу жігерінің меркетингтік қызметінің негізгі бағытында шоғырлануы сол к/оның пайдалылығын ж/е тұрақты дамуын анықтайды.6. маркетинг принципін жоспарлау бейімделуге кері әсерін тигізбейді. Маркетингтің негізгі функциялары:1. нарықты кешенді зерттеу;2. к/оның ө/стік-ресурстық ж/е өткізу мүмкіндігін талдау;3.маркетингтік бағдарламаларды құру;4. тауарлық, бағалық, өткізу саясатын жүзеге асыру;5.өткізуді ынталандыру ж/е сұранысты ұйымдастыру саясатын жүзеге асыру;6. маркетинг қызметін ұйымдастыру;7. маркетинг қызметін бағалау ж/е оның тиімділігін бағалау. Маркетингтің қолдану сферасы мен объектісіне байланысты түрлері: 1. Ішкі маркетинг - өнімді сыртқа шығару шартында қолданады. Ол сыртқы ел нарығын зерттейді. 2. Импорттық маркетинг – жоғары тиімділікті қамтамасыз ету жағдайында сыртқы ж/е ішкі нарықтық зерттеулерді қарастырады.4. Ғылыми техникалық маркетинг – ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін сатып алуда ж/е жүзеге асыруда пайдаланады.Мысалы, патент, лицензия, НОУ –ХАУ, әртүрлі әлеуметтік – э/қ бағдарламалар ж/е т.б.5. Тікелей инвестициялар маркетингі – к/оның инвестициялық қызметі мен өткізу қызметінің жағдайы , сонымен қатар сатуды ұйымдастырудың ерекшелігін терең зерттеуді ұсынады. 6. Халықаралық сыртқы э/қ маркетинг - әдетте ТҰК – мен қарастырылады. 7. Тауар мен қызмет көрсету түрлеріне байланысты маркетинг әртүрлі мамандандырылған к/оның кәсіпкерлік қызметімен қоса бөлек түрлерінің тиімділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайларын анықтайды.8. Коммерциялық емес қызмет сферасындағы маркетинг, бұл нақты тапсырма мен мақсатты көздейді. Нақты ұйым немесе бөлек тұлғаға қатысты жағымды қоғамдық пікірді туғызады. Тауарлы саясатқа байланысты маркетингтің 3 негізгі түрі бар:1. Дифференциялданбаған маркетинг-мұнда көлемді к/о өндіретін стандартты өнімдердің болуын қарастырады.2. Дифференциялданған маркетинг –нарықтық сегменттерге бөлінуін қарастырады. 3.Шоғырланған маркетинг – нарық сегментінің едәір бөлігін қарастырады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні мен  қажеттілігі. кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.

Қойылған мақсатты орындау  үшін Қазақстан Республикасының  индустриалды- инновациялық даму страегиясын  жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір  топ мекеме бар.

Қазақстандағы осындай  мекемелер қатарына :

• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;

• үкіметтік емес мекемелер ;

• коммер циялық мекемелер  кіреді .

Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық  құрылымы былай анықталады :

• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау;

• қаржылық қолдау ;

• ақпараттық - талдау жағынан  қолдау ;

• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы  қолдау ;

• материалды -техни калық  жағынан қолдау .

  • Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз. Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды. Кә/ті қолдау ретінде қарастыруға болады: жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын кәсіпкерлікті диверсификациялау мақсатында және жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескере отырып, экономиканың басым салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тікелей кредит беру;
  • қаржы лизингін дамыту;
  • микрокредиттік ұйымдардың тораптарын дамыту;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелері, кепілдік беру жүйесін дамыту;
  • Қордың жүзеге асырылып жатқан бағдарламалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық қызмет көрсету.

Кәсіпкерлік қызметтің  тиімділігін бағалау қағидалары мен әдістері. Қандай да болмасын қызметтің тиімділігін нәтиженің шығындарға қатынасы арқылы анықтау қалыпты. Кә/к қызмет әрқашан да мақсатқа жетуге бағытталады ж/е міндетті түрде нітижемен аяқталады(нітиже теріс болуы да мүмкін).Кә/к қызметтің тиімділігін анықтаудың қағидалары:1)мақсат пен соңғы нәтиженің байланысы.2)оңтайлықтың бірнеше критериілерінің болуы.3)нарықтық орынның тұрақтылығын сипаттайтын мақсаттарды таңдау;4)өнімнің өмірлік циклі мен кә/к қызмет көрсеткіш/ң байланысы.Кә/к қызметтің тиімділігін бағалау принцип/рі: идеологиялық – идея мен құндылықтар басқару объектісі ретінде қараст;интрапренерлік – кәсіпорын ішіндегі бірліктің орнатылуы;кешенділік – кәсіпорындағы барлық құрылымдардың қызметінің спецификасын есепке алу; үрдістік – кәсіпорын құрылымындағы үрдістер туралы нақты мәлімет алу; бағдарламалық -  инновация, инвестиция, өнд/с ж/е т.б. бағдарламаларды орындау нәт/де жалпы эк/қ әсер ж/е т.б.Кә/к қызмет көрс/н анықтау үшін әртүрлі әдіс/р қолд: өнд/с тиімділігі; еңбек өнімділігі;рентабельділік;өнд/к байланыс тиімділігі көрс/і; өнд/сті басқару тиімділігін көрсететін көрс/р жүйесі; кадр/ды басқару тиім/і көрс/рі. Кә/к қызметінің тиімділігін талдау оның экономикалық өсу резервтерін іздестіру мақсатында тиімділік көрсеткіштер жүйесін қолдану арқылы жүзеге асады.

Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін талдау көрсеткіштеріне  ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштері  және рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері  жатады.

Ұйымның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайда оның қаражаттарының айналымының жылдамдығымен сипатталады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражаттарын қаншалықты дәрежеде тиімді пайдаланатындығын және қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің қозғалысын және деңгейін зерттейді. Рентабельділік – бұл табыстың кәсіпорынның өз қызметін жүргізуіне кеткен ақшалай қаражаттарға, қызметке кеткен шығындарға, және т.б. қатынасы арқылы анықталатын көрсеткіш.Рентабельділік коэффициенттері (ақша қаражаттарының қалдығының рентабельділік коэффициенттері, түскен ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенттері, жұмсалған ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенттері).

Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы. Кәсіпкерлік  этикасы. Кә/к мәдениеті кә/к қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі б.т. Ол мәдениеттің жалпы түсінігіне негізделеді ж/е олмен тығыз байл. Кә/к мәдениет – бұл елдегі құқықтық нормаларға, іскерлік ортадағы дәстүрге, этикалық ережелерге сай кә/к қызмет субъекті/ң нақты, қалыптасқан принцип/ң, әдіс/ң кешені.Кә/к мәдениеті жалпы кә/к ұйым/ң, кә/рлер/ң, кә/к этика/ң, іскерлік этикет/ң ж/е т.б. элемент/ң түсінігі. Кә/к мәдениет келесі факторлармен анықт: кә/к қызмет пәні; кә/к қызметті ұйымд/у; мотивация; басқару мәдениеті: басқару стилі; іскерлік орта; құндылық/р тізімі,т.б. Кә/к этика – өркениетті кә/к/ң қалыптасуындағы күрделі мәселе. С/бі, жеке тұлға/ң қоршаған орта құбылыс/ры, адамгершілік, мейірімділік, моральдік қағидалар мен мінез-құлық нормаларына сай білімі мен тәжірибеисі. Кә/гі этикалық нормалар нарық қажет/рі мен нақты тұтынушылардың, мем/ң, қоғамның қажет/н қанағат/ға бағыт/н кә/к қызмет/ң іс жүзіне асырушы азамат/ң мінез-құлық белгі/ң жиынтығы. Кә/к этика, елдегі,әлемдегі,с.қ.,кәсіби этикада ж/е қандай да болмасын қызмет саласында қалыпт/н жалпы этикалық норма мен мінез-құлық ережелеріне негізделеді.

 

Кәсіпкерлік мәміле: мәні, негізгі түрлері ж/е  іске асыру тәртібі 

Кәсіпкерлік деп – меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмыс орындарға, қызмет көрсетуге) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табысты табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелі мен тәуекел етуімен ж/е мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік субъектісі:

  1. ҚР- ның ж/е басқа да елдердің азаматтары.
  2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар
  3. азаматтық бірлестіктер

Кәсіпкерліктің  негізгі түрлері:

1.Ө/стік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару; ақпараттарды өңдеу ж/е жинау; рухани құндылықтарды игеру; тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

Негізгі қолдану  өрістері: -ө/стік к/о ж/е мекемелер. -коммерциялық сауда мекемелері. -Тауар – қор биржалары. -Банктер мен халықтар

2.Коммерциялық кәсіпкерлік – тауар – ақша қатынастары мен сауда – айырбас операцияларынан тұрады.оның ө/стік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруді ө/стік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды. Басты мәселелері : нені сатып алу керек, нені сату керек, қайда сату керек.

3. Қаржылық кәсіпкерлік – сату – сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, венчур), яғни ақшаны тікелей ж/е қосымша нысанда сату жатады. Нақтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта ж/е құнды қағаздар бой көтерді оларға қатысушылар: коммерциялық банктер, қор биржалары, кейбір к/одары мен ұйымдары, кәсіпкерлер ж/е жеке тұлғалар.

4. Кеңес беру қызметі:-жалпы басмқару; - әкімшіліктік басқару; - қаржылық қолдау; - маркетинг; -ақпаратты технология; -арнайы қызметтер жатады.

Сонымен қатар халыққа  ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.

Ұйымдастыру нысандар:мемлекеттік к/о; серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас ж/е жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер); акционерлік қоғам бірлестіктер. Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі «серіктестік деп аталады.Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысу жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды:

Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері: -басқару істеріне қатысуға; -серіктестік қызметі жөнінде мағлұматтар алуға; - оның құжаттарымен танысуға; - несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге; - тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.Серіктестік шаруашылық иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:- негізгі ө/стік құрал – жабдықтар (ғимаратғ құрылыс, құрал - жабдықтар); - айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған ө/с, басқа да тауарлы – материалдық құндылықтар); - ақша қаражаты; -басқа да құндылықтар.

Серіктестің мүшелері: -құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге; -алдын – ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық ж/е уақытында төлеулеріне; - коммерциялық құпияларды сақтауға; - құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті

Толық серіктестік – келесі 2 негізгі белгімен ерекшеленеді:

1.Кәсіпкерлік қызмет  ж/е оған қатысушы серіктестіктің  қызметтері олардың өз қызметтері  болып саналады, ал оның міндеттері  бойынша кез – келген қатысушы  өзінің барлық мүлкімен жауап  береді.

2.Серіктестік жеке  сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атына мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді.

Аралас (командитті) серіктестік бір немесе бірнеше қатысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі бойынша шектеледі.Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастыққа қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады.

Командитті  серіктестік – жауапкершілігі шектеулі қоғам. Артықшылығы – салық төлеу тұрғысынан алғанда ол – серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алғанда ,жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Біздің елімізде командитті серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. М, әлеуметтік – э/қ маңызы бар бағдарламаны мақұлдайтын к/одар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ол к/о толық мүшелік құқымен кіреді. Бұл жағдайда:

    • біріншіден, к/одар банк несиесінің кепілі бола алады;
    • екіншіден, к/оның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік – алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің қоғамнаң міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.

Акционерлік қоғам– рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы мен өзіндік жарғысы бар бірлестік . Акционерлер болуға жеке адам джа, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәләндырған серіктестік келісімшарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды.Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінед, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек. Ашық акционерлік қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны к/одар да жеке адамдар да сатып ала алады. А. қ. Акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру есеп комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады.Сонымен қатар директорлар кеңесі ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жылға сайланады.

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері. Кә/к қызметті қаржыландыру көздері – кә/к қызметті ж.а/ға бағытталған қорлар. Кә/к қыз/ті қарж/у көз/рі 3 топқа бөлінеді:1) меншікті капитал;2) қарыз капиталы;3)акционерлік капитал. Қарыз капиталы ақшалай немесе материалды кредит алу нәтижесінде кәсіпкердің иелігіндегі ақшалай н/е материалдық қорлар. Акционерлік капитал – кәсіпорынның жай акцияларын сату нәт/де кәсіпкер иелігіндегі ақша қаражаттары. Венчурлік (тәуекел) капитал – бұл жаңа, дамушы немесе нарықтағы орны үшін күресуші кәсіпорындарды қаржыланыру үшін арналған инвестор капиталы. Ол жоғары тәуекелге ие. С.қ. к/о/ң қаржы ресурстары п.б./на байл. Бөлінеді: ішкі;сыртқы қаржыландыру. Ішкі: таза табыс,амортизациялық аударым, кредиторлық берешек, тұрақты пассивтер, алдағы шығындар мен төлемдер резерві, алдағы период табысы. Ішкі қаржыландыру ұйымның қаржылық-шар/қ қызметі нәт/де п.б/н қаржы ресурстарын қолдану.Сыртқы: жарғылық капитал,мемлекет құралдары,азаматтер құралдары,қаржылық-несиелік ұйым қорлары,қаржылық емес ұйым қорлары, мақсатты қаржыландыру. Сыртқы қаржыландыру кәсіпорынға сырттан түсетін қорлар.

Кәсіпкерлік қызметтегі кадр саясаты. Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз.

Оның негізгі бағыттары:

·        жұмыс күшінің саны мен сапасы, олардың негізгі және қосымша нысандары;

·        жұмыс күшін пайдалануды жетілдіру, бұл бағыттағы жұмыстардың жәйін талдау;

·        орын алған кемшіліктерді жоюды көздейтін шаралар қабылдау.

Кадрлық саясат – бұл  кәсіпорынның стратегиясына сай  еңбек ресурсын ететін ережелер мен  нормалар жүйесі. Кадрлық саясаттын қалыптасуының 2 негізін қарастыруға болады. 1-сі – ережелер мен нормалардың ұғыну деңгейіне байл.Ол негіз б/ша кадрлық саясат/ң келесі тип/рі қараст/ды: пассивті;реактивті;превентивті;активті. Пассивті – кадрлық жұмыс теріс нәтижелерді жоюға бағытталған. Реактивті – басшылық теріс әсер беретін жағдайларды бақылауға алып отырады, кадрлық жұмыс дамыған, бірақ персонал дамуының болжау бағдарламасы жоқ. Превентивтік – кадрлық жағдайдың болашақтағы күйі туралы бағдарламалар даярланған, бірақ кәсіпорынның оған әсер етуге құралдары жетіспейді. Активті – рационалды кадрлық саясат.2 -ші негіз ретінде кәсіпорынның сыртқы ортаға ашылу деңгейі қараст. Мұнда 2 саясат ұстануы мүмкін:ашық( кәсіпорын жұмысқа ашық түрде персонал алуға дайын) ж/е жабық (персоналды тек ұйым ішінде ғана алады).

Келісім шартты дайындауға қойылатын талаптар. Келісім  шарттың бөлімдерінің құрылымы мен  мазмұны. Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі. Ұжымдық келісім -шарт мазмұны бойынша білім ұйымдарын бірітуші түлектерді егер олардың біліктілік талаптары сәйкес келетін болса жұмысқа алу туралы мәселе қарастырылған .

Ұжымдық келісім -шарт мынадай  ережелерден тұрады :Оның қызмет мерзімі;Атқаруды бақылау тәртібі туралы;Келісім-шарт талаптарын орындамағанжа жауапқа  тартылу туралыКелісім-шартқа толықтырулар мен өзгертулер енгізу тәртібі туралы.

Ұжымдық келісім-шарт ережелері  заңнамамен бекітілген жұмысшылардың  хұқықтарын шектеп, еңбек жағдайын нашарлатып және кепілдікті бұза алмайды.

Ұжымдық келісім-шарттың қызмет аясы мен мерзімі

Ұжымдық келісім -шарт екіжақтың анықтаған мерзіміне бекітіледі .

Ұжымдық келісім -шарт қол  қойылған күннен бастап күшіне енеді , егер оның ережелерінде басқа жағдайлар  қарастырылмаса .

Ұжымдық келісім -шарт қол  қойғандар атынан жұмысшыларға таралады .

Ұжымдық келісім -шарт құрылымына өзертулер енгізіліп , ұйымның басқару органдарында өзгеріс болса да күшінде қалады .

Ұжымдық келісім -шарт ұйымның  қайта құрылуы кезеңінде өз қызметін атқара береді . Нәтижесінде бір  жақтың бастауымен ұжымдық келісім -шарт қайта қаралады .

Ұйым иесі мен мүлкінде ауысулар болса ұжымдық келісім -шарт үш айғңа дейін сақталады . Осы кезеңде екі жақ бақа келісім -шарт жасауға немесе толықтырып , күшінде  қалдыруға келіседі .

Ұйымның тарауында немесе оның күйреуінде ұжымдық келісім-шарт тарау мен күйреу туралы шешім қабылданғаннан бастап күшін жояды.

Ұжымдық келісім-шартты мерзімінде толықтыру мен өзгерту  екі жақтың келісімімен ұжымдық  келісім-шартта қарастырылған тәртіппен  жүзеге асырылады. Екіжақ өкілдері жұмысшыларды ұжымдық келісім-шартпен және оның орындалуымен таныстыруы тиіс.

Келісімшарт талаптары - шарттасушы тараптар келіскен және келісімшартта көрсетілген мәміленің тақырыбы, тауарлардың сипаттамасы, бағасы, міндеттемелердің атқарылу мерзімі, тіркелген талаптар, сондай-ақ, шарттасушы тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің өзі. Келісімшарт талаптары сондай-ақ, халықаралық және басқа келісімдермен және келісімшартта сілтеме жасалған ортақ талаптармен де айқындалуы мүмкін.

Кәсіпкерлік құпияны  қорғау бойынша іс-шаралар жүйесі.       Кәсіпкерлік құпия – кең түсінік, өйткені ол к/оның іскерлік репутациясын құрайтын, жариялануы кәсіпкерлік ұйымға э/қ ж/е моральды зиян тигізетін ақпараттарды мәліметтерден тұрады Кәсіпкерлік құпия негізі сақтандырылуы фирмаға жоспарлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ө/стік, техникалық, коммерциялық ж/е қызметтік құпиялардан тұратын интегрирленген жиынтығын құрайды.  .    

Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің  қалыптасуы.

        Қорғалуы тиіс мәліметтер тізімін  құрайтын мәліметтерді қалыптастыру  үшін келесідей мамандардан тұратын  топты құру қажет: қаржылық  сұрақтармен, нарық конъюнктурасы  мен бәсекелстер туралы сұрақтармен,  жоғары бәсекеқабілетті тауарлардың  жаңа түрлерін жасап шығарумен айналысатын басқа ұйымдармен айналысатын мамандар, заңгерлер ж/е т.б. Бұл жұмысқа басқа жақтан сарапшыларды тартуға болады, бірақ оларға кәсіпкерлік құпияны құрайтын нақты мәліметтерді айтудың қажеті жоқ.      

Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі