Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Бәсеке – нарықтық механизмінің  басты элементі

1.1 Бәсекенің теориялық мәні

1.2 Бәсеке және оның нарықтық  экономикадағы рөлі

1.3 Бәсекенің түрлері және әдістері

 

2 Жетілген және жетілмеген бәсеке  нарығының жұмыс істеу механизмі

2.1 Жетілген бәсекеде нарықтық  механизм

2.2 Жетілмеген бәсекеде нарықтық  құрылымының негізгі механизмі

 

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты.

Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді; ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикадық маңықы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.   

Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық – экономикалық деңгейімен, өндірістің шығындар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және саластырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өмір шендігі, оның тауарлар нарығында және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді. 
Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару негізгі мәселесі болып табылады.

Қазіргі кезде Казақстан Республикасы сапаның деңгейін көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасы да төмен болады. Казақстан Республикасы әлемдік сауда ұйымна кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса – ол бәсекеге түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер біздің елдің өнімін сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.           

 «Тек  бәсеке – қүрес бола отырып, тауар өнімінің сапасының деңгейі  көтеріледі, бұл экономикада өте  маңызды» – деген гипотиза  шығарып отырмын. Соны ашу үшін  кітаптармен газеттерді оқып, талдап  бұл жұмысты жаздым.

Бәсеке жағдайында кез – келген шаруашылық шаманың қызметі екі түрлі бақылауға ұшырайды. Бір жағынан ол фирманың шегіндегі ішкі тікелей бақылау болса, ал екінші жағынан нарықтығы бәсекелес фирмалар тарапынан болып, нарқтық қатынастардың түпкі нәтижелері негізінде айқындалатын жанама түрдегі сыртқы бақылау. Бақылаудың екінші формасы алдыңғысына қарағанда анағұрлым катаң, бірақ әділ болып келеді, яғни кез – келген шаруашылық шаманың қызметіне объективті түрдегі бағаны өзінің жеке мүдделеріне сай қандай да бір бәсекелес фирманың тауарына «ілтипат» қойған сатып алушының өзі береді.

Нарықтық бәсеке – экономикалық бақылаудың ең тиімді де арзан түрі, өйткені ол қоғамнан ең төменгі деңгейіндегі шығындарды талап етеді. Бақылаудың осындай түрі ең маңызды да динамикалы күш бола отырып, өндірушіні үнемі шығындары мен бағаларды төмендетуге, өтім көлемін арттыруға, тапсырыстар мен тұтынушы үшін сапаны жақсарту мақсатында жүргізіп отыратын күресі.

Курстық жұмыстың мақсаты. Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін зерттей отырып, тақырыпқа сай ашу, нарықтық бәсеке және оның түрлерін зерттеу.

 

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін анықтау;
  • Нарықтық экономикадағы бәсекенің түрлерін, мәнін және қазақстандағы бәсекенің қалыптасу және даму жағдайларын қарастыру т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
  2. 1.1. Бәсекенің теориялық мәні
  3.  

 Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі – оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлесеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалдық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.

Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұтымдардың бірі - бәсеке (латын сөзі конкурро-түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәскені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

Бәсеке – құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез – құлықтық ұғым. Оны мына кестеден байқаймыз. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез – құлық нарықта байқалып қалады. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің  нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірістегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның рыноктық қарқыны  басқа өндірушілермен тепе – тең болса. Монополизмге мынадай экономикалық қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагенттеріне, жалпы қоғамға жүктелуі мүмкін және олардың өзіне керекті тұтынысын жоққа шығарады.

Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі ерекше роль атқарады.

Бәсеке нарық субъектісінің тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өтем жүргізеді. Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда – саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады. [7; 105-109].

Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII – ші ғасырда XIX – шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалады. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінеді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967ж.ж.) болды.

Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: ″өнімді дифференциялау″ үшін. Ол былай деп жазған: «Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды» барлығында, қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұтылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстан экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауарды өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті. ″Көптеген ірі корпорациялар олтгополиялық нарық құрылымында әрекет етеді,″-деп 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер (1919ж.) мен Лестер Туроу (1938ж.) жазды. [7; 153].

«Олар нарықты бөледі және бір-бірімен жарнама, өнім жіктелуі, қызмет жасауды ұсыну т.б. арқылы бәсекелестікке түседі». Американ экономисі  Пол Самуэльсон былай деген: «Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды».

Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпарттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (Салымына) проценттік қарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын, сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қжетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассартимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.

Сонымен  бірге нарық механизмі мынадай қызметтер атқарады:

  • бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.

Біздің нарық терең монополияндырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелістер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

 

 

Кесте 1          Бәсекенің негізгі сипаттары.

Бәсекенің

негізгі сипаттары

Бәсеке сипаты бойынша нарықтың моделі

 

Жетілген (еркін және таза) бәсеке

Жетілмеген (еркін емес) бәсеке

Таза монополия

   

Монополиялық бәсеке

Олигополия

Бір ғана өндіруші

Тауар өндірушілердің саны

тауар өндірушілердің

көптігі

Тауар өндірушілердің көптігі

Тауар өндірушілер аса көп емес ірі тауар өндірушілер бар

Бір ғана өндіруші

Өнім сипаты

Бір текті өнім

Әр текті өнім

А. Бірнеше ірі фирмалар біртекті тауарлар өндіреді.

Б. Бірнеше ірі фирмалар дифферен

циаланған тауарлар өндіреді.

Біртекті өнім, өзін ауыстыратын ұқсас өнімнің болмауы.

Бір-бірімен жолығатын экономика сапасы

Ауыл шаруашылығы бидай, көкөніс, жеміс-жидек өндіру

Әртүрлі сауда киім, аяқ-киім, тағам өнім

Өнеркәсіп.

а)алюминий, болат балқыту, химиялық.

ә)автомобиль

Жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары телефон


 

 

 

 

1.2. Бәсеке және оның нарықтық  экономикадағы рөлі

 

Президент Н.Назарбаев 2004 жылы «Бәсекеге қабілетті қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауында: «Біздің келешегі бар барлық қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді айқындап алуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.

Қазақстанның мақсаты мен болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты. [1; 49 ].

Бизнес жүйесіндегі нарықтық бәсекеде кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық мәнін тереннен түсінуге «Қазақстан Республикасының шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы » туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.

2003 жылы  Қазақстан Республикасы индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы қабалданды. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикі заттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. [2; 105-109].

Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық – инновациялық саясатының басты нысаны болып табылады. 

 Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетіге бағытталған кешенін білдіреді.

Бәсекелстік – экономиканың тиімді дамуымен жұмыс істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдаумен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясатының негізгі міндеті – экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал еті тиіс.

Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу практикасның шектен тыс шоғырлануы мен өсуі проблемаларын шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары:

    1. монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, шарттарға кем қою шарттарын енгізу, басқа кәсіпорындардың тауар  және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, нарық субъектілері және олардың бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату нарық субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу жөніндегі монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектілерініне асыра сілтеуіне жол бермеу;
    2. бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге, нарықты аумақтық принципі бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің нарыққа қол жеткізуін шектеуге  немесе нарықтағы бәсекелестік субъектілер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тимы салу;
    3. мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір тобына тауар мен қызмет көрсетудің бірінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субъектілеріне нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу.

Өз уақытысында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі 3 факторы – табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болады.  Өндіріс пен техникалық прогресстің дамуы мен байланысты бәсекеге қабілеттілікті бірінші кезекте, жоғары деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай басталды. Сонымен қатар, өнімге деген бір сұраныс және қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, фирманың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке қажет. [2; 61-62 ].

Саланың бәсекеге қабілттілігі – нақты тұтынушылар тобының талаптарын қанағаттандыру үшін жоғары сапалы өнімді өндіру мен өткізуді  қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық  және ұйымдаструшылық жағдайдың болуымен сипатталады. Оған еңбек өнімділігі, шекті еңбек ақы, капитал сыйымдылығы, ғылым сыйымдылығы және өнімнің техникалық деңгейі, өнімді өндіру мен ұдайы өндірісін өз бетімен игеруде білім мен ғылыми ұстанымдар жиынтығы, ғылыми және жобалық – құрастырушылық даярлықтарын жүзеге асыру үшін технологиялық ұстанымдардың көлемі, экспорттық бағдар дәрежесі және саланың импортқа тәуелділігі, өнім бағасының серпіні саланың экспансиясы (оның өнімін шаруашылықтың басқа салаларында пайдалну дәрежесі) сияқты факторлар  әсер етеді. Салада бәсекеге қабілеттіліктің болуы ол бір елге айтарлықтай артықшылықтар беретін және белгілі бір салада бәсекелік артықшылығының көзі болып саналатын компанияның сол немесе басқа фирмалардың басқару тәжірибесі мен ұйымдастыру моделі аумағындағы едәуір  жетістіктерін біріктірудегі нәтижесі.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мына бірқатар факторларға байланысты:

  • кәсіпорын тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірілетін тауарлардың түрі;
  • нарық сыйымдылығы (жыл сайын сату мөлшері);
  • нарыққа кірудің жеңілдігі;
  • нарықтың біртектілігі;
  • осы нарықта істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік позиялары;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
  • өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

М.Портердің пікірінше «бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тек ресурстарды пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмңр сүрі деңгейінің өсімі ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты. Адам ресурсатырын  пайдаланудағы өнімділік олардың жалақысымен анықталады, ал капиталды пайдаланудағы өнімділікті анықтайтын табыс». [10; 22-23].

 

1.3. Бәсекенің түрлері және әдістері.

 

Бәсекеге қабілеттілік – бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиет. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттікке мынандай анықтама береді: өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестіктерінің тауардарымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі. Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:

    • таза бәсеке;
    • монополиялық бәсеке;
    • олигополиялық бәсеке ;
    • таза монополия.

Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізігі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталацық. [11; 42-44 ].

1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне қүсас (бір-бірін ауыстыра алатын) тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушыларды құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оныыы тастап кетуде сондай оңай. Мысалы, АҚШ-тағы ауылшаруашылығы өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған дәлел бола алады.

2. Монополистік (грекше ″монос″-жалғыз, ″палео″-сатамын) бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар бір-бірімен салалық қасиеттері сыртқы безендірілуі (сауда белгілері, сауда маркілері т.б.), сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы (ассортименті) бойынша ерекшеленеді. Сатып алушылар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ-киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын тұрады.

3. Олигополиялық (грекше ″олигос″-кқп емес, ″полео″-сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен меркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі – оның қатысушыларының бағаны өсірудің қзақ мерзімді тиімді нәтижесінде қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны төмендетіге мәжбүр етеді. Ологополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы, болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер, тұрмыстық приборлар жөні т.б.)

4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің дара үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын мейлінше шиелістіреді. Көп жағдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашаршылауы, сөйтіп тікелей зат айырбасының (натуральды айырбас, бартер) өріс алуына өкеліп соқтырады.

Монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялыққұрылымын жою (өте тығыз шоғырландырылған өндірісті бөлу, бәсекелі жаңа өндіріс салаларын жасау, кәсіпкерлікке кең жол ашу т.б.); заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жайт -  монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналмауы керек. Себебі, дамыған нарық қатынастрады жоқ кезде монополизмге қарсы күрес өкімшілдік - өміршілдік жүйенің сақталуына және күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай нарықты экономиканы дамыту мүмкін емес.

Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі (маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.

Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білеміз: бағалылық және бағалылық емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып. Тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жетілген және жетілмеген бәсеке нарғының жұмыс істеу механизі

2.1. Жетілген бәсекеде нарықтық  механизмі

 

Қазіргі экономикалық теорияда бәсекелестіктің ауқымына байланысты оның екі түрін ажырата: жегілген бәсеке және жетілмеген бәсеке.

Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын – бидай, көкөніс, жеміс – жидек және т.б.   

Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз – төмендегідей шаттар орындалатын нарық:

    1. нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз стаушылар саны өте кқп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары;
    2. әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
    3. баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
    4. жаңа фирмаладрдың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.

Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.

                                  

                                

                                                                         Q

Сурет 1. Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы

 

Ескерту. Аталған қисықты нарықтық сұраныс қисығымен шатастыруға болмайды.

Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі тұрақты РO бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR=PO. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім ( MR ) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген  РO бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.  

Жетілген бәсекенің негізгі шарттары: 1) кәсіпорын-сатушылардың өте көп болуы; 2) стандарттанған өнімдер. 3) сатушы бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, себебі әрбір фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді. Бәсекелі фирма нарықтық бағаны коя алмайды, бірақ оған икемделе алады. Сатушы мұнда - баға алушы болып шығады; 4) салаға еркін кіріп және одан еркін шығу; 5) ақпаратты еркін түрде алуға болады.

Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен рыноктағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәскекні – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Рынок жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII – ші ғасырда XIX – шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалады. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

Экономикалық әдебиеттерде нарықтық механизмнің мынадай анықтамасы жиі кездеседі: ″Нарықтық механизм – шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Онда жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасайды және экономиканың негізгі ұш мәселесін шешуді мақсат етеді:  нені өндіру керек ? қалай өндіру керек ? кімдер үшін  өндіру керек ?

Біздің пайымдауымызша, бұл анықтаманы былай айтуға да болады: нарықтық механизм – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмәі іжәне сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегіндей үш мәселені шешеді:  не өндіру керек ? қалай өндіру керек ? Бұл жерде басты мақсат – пайда болып табылады.

Нарықтық экономиканың жүмыс істеуінің негізгі құрылымдарына бәсекемен катар, баға, сұраныс пен ұсыныс кіреді.

Әр түрлі бәсеке жағдайында рынокта сұраныс пен ұсыныс өзара арақатынаста болады, соның нәтижесінде тепе-тендік жағдай қалыптасады және тепе-теңцік баға орнатылады. Бұл жағдай үнемі бұзылып оты-ратындықтан, жеке рынок тағы да тепе-тендікке ұмтыла-ды. Нарықтык механизм осылай жұмыс істеп, рынок автоматты түрде реттеліп отырады.

Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілеттілігі бар тқтыныс. Құндық тұрғыдан сұраныс осы тауарлардың сомасын құрайды. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынас болып, ол график немесе сұраным сызығы (қисығы) деп аталады.

Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі