БТА банкінің несиелік операциялары

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және Бизнес жоғары мектебі

Қаржы кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 

СӨЖ

Тақырыбы: «БТА банкінің несиелік операциялары» 
 
 
 
 
 
 
 

                                                               Орындаған: Ф09К3 Кожатаева Айгерим

                                        Қабылдаған: Ахметов Ә. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы,2011жылы 

БТА Банкінің тұтынушылық кредиттеу бағдарламалары – бұл Сіздің сұрақтарыңыздың қолайлы шешімі және халық тұтынатын тауарларды кредитке сатып алу, әр алуан қызметтер ақысын төлеу, тұрғын үйді, автомобильді және тағы басқаларды сатып алу үшін қажетті қаржыларды жедел ұсыну. Банк құжаттардың шағын топтамасын талап етеді, оларды қарастырған соң, әрбір клиенттік өтінім бойынша шешім қабылданады. 

БТА-ның тұтынушылық  кредиттері – бұл қолайлы құрал, оның көмегімен сіз өз арман-тілектеріңізді ұзақ жинаусыз жедел түрде жүзеге асыра аласыз. 

Қызмет  көрсету артықшылықтары 

— Қаржыландырудың  жоғары емес құны. Кешенді кредиттеудің әр алуан сұлбаларын пайдалана отырып, банк клиенттердің пайыздық шығындарын оңтайландыруға ықпал етеді.

— Пайыздық ставкаларды  төмендету мүмкіндігі. Кредиттік  операциялар бойынша ставкалары нарықтық коньюнктураның өзгерістеріне  сәйкес белгіленеді және түзетіледі және банктің клиентпен ынтымақтастығы масштабтарын ұлғайту шамасына қарай төмендетілуі мүмкін.

— Кредиттеу  мерзімін ұлғайту мүмкіндігі. Кредиттік  желі аясында жобаларды қаржыландыру төмен пайыздық ставкаларды қолданып қана қоймай, сонымен бірге кредиттеу мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

— Кредиттік  өтінімді жедел түрде қарастыру. Банк қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған барлық күш-жігерді жұмсайды, соның нәтижесінде жоба сараптамасы  жедел түрде жүзеге асырылады.

— Аймақтардағы қаржыландыру. Сіз біздің банктің  қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалана  аласыз. Банктің Қазақстан бойынша  аймақтық филиалдары мен бөлімшелерінің тармақталған желісі және шетелдерде бірқатар өкілдіктері бар.  

БТА кредиттеудің төмендегі түрлерін ұсынады: 

Ипотекалық  кредиттеу 

Ипотекалық кредиттеу – Сіздің отбасыңыздың ұйытқысы және сенімділігі! Бұл – элиталық түрғын үйді, екінші нарықта жылжымайтын мүлікті сатып алу, тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысу, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, табысты растаусыз кредит алу, талаптардың кең спектрін ұсыну мүмкіндігі. 

Өз үйіңіздің  болғанын армандайсыз Ба? Әлде үйіңізді күрделі жөндеуден өткізуді қалайсыз ба? Бірақ та қажетті соманы қайдан алатыныңызды білмейсіз. Оны шешудің жолы: БТА Банкі сіздің армандарыңызды шындыққа айналдырады және тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге арналған ипотекалық кредиттеудің бірегей бағдарламасының арқасында, сіздің жоспарларыңыздың жүзеге асуына көмектеседі*.

Кредиттеу бағдарламасы Тұрғын үйді сатып алуға Тұрғын үйді жөндеуге

Заем валютасы             теңге, АҚШ доллары

Пайыздық ставка             Кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін белгіленген

Заемның ең көп  сомасы Тұрғын үйдің бағаланған    Тұрғын үйдің бағаланған құнының            

                                               құнының 85%-на дейін 75%-на дейін

                                               теңге    АҚШ доллары теңге    АҚШ доллары

Кредиттеудің  ең көп мерзімі 

                                      20 жылға дейін Зейнеткерлік    20 жылға дейін 20 жылға дейін

                                                                       жасқа 

                                                                       жеткенге 

                                                                       дейін

                                                                      (мүмкін 65

                                                                       жасқа дейін) 

Мерзімінен бұрын  өтеу Шектеулерсіз және айыппұлдарсыз

Заемды қамтамасыз ету Сатып алынатын және             заемшыға/ортақ заемшыға,    

                                                қолда бар мүлік                 немесе үшінші тұлғаға (зат  

                                                                                                   кепілгеріне) тиесілі тұрғын үй 
 

Заемшының төлем  қабілеттілігін растау    толық/жанама

Қосымша артықшылықтар   Тұратын жеріне тәуелсіз,      банктегі ипотекалық кредит

                                               ҚР-ның кез келген                  бойынша кепілде тұрған тұрғын

                                               қаласында тұрғын үйді          үйді жөндеу үшін кредит алу                                                                                           сатып алу мүмкіндігі            мүмкіндігі 

Номиналды ставка  12,5% жоғары   13,5% жоғары

Тиімді ставка  12,69% жоғары   13,69% жоғары 
 

* Ипотекалық  кредиттеудің талаптары БТА Банкінің  ішкі құжаттарына сәйкес әрекет  етеді және банк тарапынан  бір жақты тәртіпте өзгертілуі мүмкін. 

Кредитті  қалай алуға болады 

1. Тұрғын үйді таңдау

2. Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттарды банкке ұсыну (төменнен қараңыз)

3. Егер банк сіздің өтініміңізді қолдаса, онда:

—  сатушыға бастапқы жарна сомасын беру керек (кредиттеу бағдарламасының талаптарына сәйкес)

—  сатушығы кредитті беру туралы хабарлама-хатты  беруі керек 

—  банк комиссияларын  төлеу керек

4. Банкпен банктік заем шартын және кепіл шартын жасау

5. Кепіл шартын мемлекеттік тіркеуші органда тіркеу және оны тиісті белгісімен банкке қайтару

6. Сақтандырудың барлық процедураларын жүзеге асыру

7. Банк кассасынан ақша алып, сатушымен есеп айырысу 

Кредиттік өтінімді қарастыру  үшін қажетті құжаттар* 

—  жеке куәліктің, СТТН-нің және ӘЖК-ның түпнұсқалары (көшірмелер үшін )**

—  неке туралы куәлік

—  жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы 6 ай бойынша  үзінді көшірмесі

—  азаматтарды  тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан  анықтама

—  тұрғын үйге құқық беруші құжаттардың көшірмелері 

«Любимая  кредиттік желісі» 

Өз уақытын  және жайлылықты бағалайтын банк клиенттері үшін БТА кредиттеудің арнайы «Любимая кредиттік желісі» жаңа бағдарламасын  ұсынады!

Кредиттік желіні аша отырып, Сіз бір реттік кредиттермен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтарға  ие боласыз. 

«Любимая кредиттік  желісі» – жылжымайтын мүлік  кепіліне кез келген мақсаттарға  тұтынушылық кредиттеудің сан түрлілігі. Бірақ та бір рет қана алынып, өтелетін қарапайым тұтынушылық  кредитпен салыстырғанда, «Любимая кредиттік желісі» револьверлі  қағида бойынша жұмыс істейді: заёмшыға ұзақ мерзімге кредиттік лимит белгіленеді, оның аясында кез келген соманы шексіз рет алуға және өтеуге болады.

 «Любимая  кредиттік желісінің» артықшылықтары

Ресімдеудің қолайлылығы 

Кредиттік желіні ашуға арналған құжаттарды бір рет қана ұсыну керек. Белгіленген лимит аясындағы барлық келесі транштар бірнеше күн ішінде қарапайым сұлба бойынша беріледі. Бұл ақшаны кез келген қолайлы уақытта алуға болады, бірақ та кредиттік желіге қол жеткізу кезеңі аяқталмаған болуы тиіс.

Жаңғыртылуы 

«Любимая кредиттік  желісінің» жаңғыртылуы – заемшының  өз тілегі бойынша таңдай алатын опцияларының бірі.

Жаңғыртылатын кредиттік желі мынаны түсіндіреді, яғни заемшының банкке төлеуі тиіс кредит бойынша сомалары бастапқы лимитті  қалпына келтіреді, және оларды қайта-қайта пайдалануға болады.

Жаңғыртылмайтын кредиттік желі бойынша бастапқы лимит әрбір жаңа транш сомасына азаяды.

Кредиттеудің  ұзақ мерзімі 

Кредиттік желі заемшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 12 айдан  басталатын мерзімге белгіленуі мүмкін. Бұл кредиттік ресурстарды сізге қаншалықты ұзақ қолайлы уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді.

Кредит мөлшері  кепілдің бағаланған құнымен ғана шектелген 

«Любимая кредиттік  желісі» аясында сіз ҚР аймағына, кредитті қамтамасыз ету түріне және заемшының санатына байланысты, кепілзаттың бағаланған құнының 75%-на дейінгі сомаға кредит ала аласыз. 

Автокредиттеу 

БТА Банкінен жаңа, жеңілдетілген ережелер бойынша  автокредит алыңыз!

15%-дан басталатын  бастапқы жарна, құжаттардың шағын  топтамасы, кредит бойынша үздік ставка, кредит мерзімі – 5 жылға дейін, айыппұлсыз кредитті мерзімінен бұрын өтеу, филиалдардың кең желісі және Сіздің жүргізушілік өтіліңізге ешқандай талаптарсыз – мұның барлығы БТА-ның автокредиттері. Біз өз клиенттерімізге үздік жағдайларды ұсынамыз, келіңіздер! 

Алыс шетел 

және ТМД 

елдерінде

шығарылған          Кредиттің      Бастапқы    Заемды              Сыйақының     Сыйақының                                                                                                                                                                                                                                                           

А санатындағы     мерзімі             жарна       ұйымдастыру    номиналды       жылдық                     

дилерлер                                                            үшін                     ставкасы         тиімді                                                                           

үшін жаңа                                                         комиссия                                      ставкасы

жеңіл

автокөлікті

сатып алуға 

кредиттер  

Алыс шетел  елдерінде шығарылған автокөлікті  сатып алуға кредиттер:

А

санатындағы    6 айдан 40     20%                    13% бастап         14.15% бастап

клиенттер         айға дейін

үшін

А

санатындағы    6 айдан 84    20%                  14% бастап         14.52% бастап

клиенттер         айға дейін 

үшін                                         2%

В, Д 

санатындағы   6 айдан 84    25%                  15% бастап         15.52% бастап

клиенттер         айға дейін

үшін (ИП1)  

С, Д 

санатындағы    6 айдан 60    40%                  15.5% бастап      16.25% бастап

клиенттер         айға дейін

үшін (ИП2,3)  

ТМД елдерінде  шығарылған автокөлікті сатып алуға кредиттер:

А

санатындағы                        25%                  14% бастап 15.15% бастап

клиенттер       

үшін  

В, Д 

санатындағы    6 айдан 40    30%    2%         16% бастап 17.14% бастап

клиенттер         айға дейін

үшін (ИП1)  

С, Д 

санатындағы                           45%                  16.5% бастап 17.64% бастап

клиенттер

үшін (ИП2,3) 

Қолданылған

жеңіл

автокөлікті

сатып алуға

кредиттер:

 - Оңтүстік

Корея, ТМД

(автокөліктің                                             Заемды             Сыйақының    Сыйақының

пайдаланылу      Кредитің    Бастапқы   ұйымдастыру   номиналды     жылдық

мерзімі 3             мерзімі       жарна         үшін                  ставкасы         тиімді

жылдан                                                      комиссия                                   ставкасы

аспайды);

- Германия,

Франция,

Италия,

Жапония,

АҚШ

(пайдаланылу

мерзімі 7

жылдан

аспайды)  

А

санатындағы

клиенттер                                 30%               16% бастап     17.27% бастап

үшін                6 айдан 36     2% 

В, Д                    айға дейін

санатындағы

клиенттер

үшін (ИП1)                             40%               17% бастап     18.26% бастап 
 

* кредит сомасынан 

Автокредиттеу шарттары бойынша  қосымша талаптар:  

1. Құны 10 000 АҚШ долларынан асатын (теңгедегі баламасы) жаңа автокөлікке мерзімі 36 айдан аспайтын кредитті ресімдеген жағдайда, бастапқы жарнаның мөлшері 5% азайтылуы мүмкін.

2. В санатындағы дилерде жаңа автокөлікке кредитті ресімдеген жағдайда, сыйақы ставкасы 0,5% ұлғайтылады.

3. Автокөлікті бастапқы нарықта сатып алған кезде (кредиттің ең көп сомасы бойынша шектеулер, сонымен қатар жаңа автокөлік үшін бастапқы жарнаны ұлғайту міндетті шарт):

АҚШ долларындағы немесе теңгедегі          1500 бастап 30     30 001 бастап   40 001 бастап

баламасындағы кредиттің ең көп сомасы     000 дейін            40 000 дейін  50 000 дейін

                                                                                                                                   40 001 бастап

                                                                                                                                   75 000 дейін*

БЖ сомасы бойынша  ұлғайту                 0%-ға            5%-ға              10%-ға 
 

* Банктің А  санатындағы серіктес автосалондарында  сатып алынатын жаңа автокөлік  үшін

4. Автокөлікті қайталама нарықта сатып алған кезде (бастапқы жарнаға байланысты кредиттің ең көп сомасы бойынша шектеулер):

АҚШ долларындағы немесе теңгедегі       1 500 бастап 20   20 001 бастап     25 001 бастап

баламасындағы кредиттің ең көп сомасы  000 дейін       25 000 дейін   30 000 дейін

БЖ базалық  мәндерден ұлғайту              0%-ға                   5%-ға            10%-ға 

5. Назар аударыңыз!  Автокөлікті қайталама нарықта сатып алған кезде автомобильдің сатып алынған құны көрсетілген сатып алу-сату шартын нотариалдық куәландыру талап етіледі, сатушының атынан сенімхат арқылы автокөлікті сатып алу-сату шартын жасауға тыйым салынады.  

Өтінімді алғаш  қарау үшін қажетті құжаттар топтамасы *:

—  жеке куәліктің  түпнұсқасы;

—  СТТН түпнұсқасы;

—  егер заемшы некеде болса, неке туралы куәлік және жұбайының жеке куәлігі және СТТН ұсынылады;

—  үй кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;

—  соңғы 6 (алты) бойынша жеке зейнетақы шотының күйі туралы Жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді (А және В санаттары үшін) 

Әмбебап факультет 

Өзіңіз армандаған білімді алғыңыз келеді ме? БТА  Банкі Сіздің тілектеріңізді жүзеге асыруға мүмкіндік береді! Сіз  «Әмбебап факультет» бағдарламасы арқылы «Бакалавр», «Маман» және «Магистр» бағдарламалары бойынша Қазақстанның және алыс шетелдің кез келген аттестацияланған ЖОО-да білім ала аласыз.

«Әмбебап факультет» - бұл БТА Банкінің және Қаржы  орталығының «Бакалавр» немесе «Магистр»  бағдарламалары бойынша Қазақстанның және алыс шетелдің колледждері мен ЖОО-да білім алуға кредиттерді ұсыну бойынша бірлескен бағдарламасы.  

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары  – бұл  негізгі борышты өтеудің ұзаққа созылған жеңілдікті кезеңі, ол білім  алу мерзімі плюс заемды ресімдеу сәтінен бастап алты ай, немесе 12 ай. Ол мынаны түсіндіреді, яғни осындай жеңілдікті кезеңде студент негізгі борышты өтемей, тек қана есептелген сыйақыны төлей алады. Банк арнайы түрде студенттің жұмыс табуы үшін жеңілдікті кезеңді ұсынады. 

Жедел желі 

БТА Банкі жедел  кредиттеудің әр түрлі бағдарламаларын  ұсынады, олар жаңа жиһазды немесе тұрмыстық  техниканы сатып алуға, ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты той-жиындарды және т.б. өткізуге мүмкіндік береді.  

«Экспресс линия» - кредиттеудің бір бағдарламасындағы үш артықшылық.

— бірінші артықшылығы:  

Сізге 3 айдан 5 жылға  дейінгі мерзімге кредит желісі ашылады 

— екінші артықшылығы:  

Экспресс линия» кредиттеу лимиті аясында кредиттің  әрекет ету кезеңінде де жаңғыртылатын кредит болып табылады

— үшінші артықшылығы:  

кепілзатты ұсыну  талап етілмейді 

«Экспресс зарплатная»  - бұл кредиттеу бағдарламасы БТА  Банкі арқылы жалақы алатын тұлғалар үшін әзірленген

— бұл бағдарламаның  негізгі артықшылығы - клиенттерді  жеңілдікті пайыздық ставкалар бойынша кредиттеу  

«Экспресс альтернативная» - бағдарламаның артықшылығы –  кредиттеу шарттарын таңдауға мүмкіндік  береді.

— осы кредиттеу  бағдарламасының негізгі артықшылығы - кредит бойынша клиентке ұсынылатын банктік шотты жүргізу комиссиясы бар төмендетілген пайыздық ставканың ұсынылуы  

«Пенсионный»  жедел кредиті  - кредиттеу бағдарламасы «Қамқор» карточкасы арқылы зейнетақы  төлемдерін алатын банк клиенттері үшін жасалған:

— бұл бағдарламаның  негізгі артықшылығы – зейнеткерге жеңілдікті жағдайда кредит рәсімдеу мүмкіндігі

Өзіңізге қолайлы  жедел кредиттеу бағдарламасын  таңдаңыз: 

1. «Жедел - Жалақылық» 

Бұл бағдарлама БТА Банкінің карточкалары бойынша  жалақы алатындар үшін арнайы әзірленген. Оның басты артықшылығына кредиттеудің жеңілдікті ставкалары жатады.  

Талаптарды ашып көрсету/жасыру 
 

2. «Жедел желі»  

Бұл бағдарлама жаңғыртылатын кредиттік желіні танытады, ол 3 айдан 5 жылға дейінгі  мерзімге ашылады. Құжаттарды бір рет  ресімдеп, белгіленген кредиттік  желі аясында жаңа транштарды шексіз рет өтей аласыз және игере аласыз.  

Шарттарды ашып көрсету/Жасыру 
 

3. «Жедел баламалы»  

Бұл бағдарламаның  талаптары несие шотын жүргізу  үшін комиссияны қолдана отырып. Кредиттеудің төмендетілген ставкасы бойынша  жедел кредитті ресімдеуге мүмкіндік береді. 

Талаптарды ашып көрсету/жасыру 
 

4. «Пенсионный»  жедел кредиті  

Бұл бағдарлама «Қамқор» карточкасы арқылы зейнеткерлік төлемдерді алушы клиенттерге арналған. Жеңілдікті пайыздық ставка, төмен  комиссиялар және «Қамқор» картасына  зейнетақыны есептеу кезінде кредитті автоматты түрде өтеу үнемдеп үйренгендер үшін де бұл бағдарламаны қол жетімді етеді.  

Шарттарды ашып көрсету/Жасыру

Кредитті қалай  алу керек

—  Банкке келіп, банк менеджерінен консультация алу;

—  Банкке қажетті  құжаттарды ұсыну (төменнен қараңыз);

—  Кредитті алуға сауалнама-өтінімді толтыру;

—  Кредитті беру туралы оң шешімді алған соң  – банктік заем шартын ресімдеу.

Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар*

— жеке куәліктің, СТТН-нің және ӘЖК-нің түпнұсқалары (көшірмелерін түсіру үшін)**;

— неке туралы куәлік;

— жинақтаушы зейнетақы  қорынан соңғы 6 ай бойынша үзінді көшірме;

— азаматтарды  тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан  анықтама;

БТА банкінің несиелік операциялары