Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасы
Қаратау технология, білім және бизнес колледжі
Цикл: «Арнай пәндер»
Мамандық: 0518002– «Есеп және аудит»
ОҚУ ТӘЖІРИБИЕСІ
БОЙЫНША
Бағасы ______________
Орындаған:
Тәжірибе жетекшісі:
Мөлшерлік бақылау:
Комиссия құрамы: Естемесова А.Е. ___________
Каратау 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Бухгалтерлік есеп
1.1. Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі.........................
1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру..........................
1.3. Қаржылық есеп шоттары және екі жақты жазу..........................
2. Ақша, қаржы, несие
2.1. Ақшаның маңызы мен қызметі. Ақша айналымы,ақша жүйесі..... 15
2.2. Қаржы және қаржы жүйесі........................
2.3. Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие....................... 29
3. Статистика.
3.1. Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері................
3.2. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері.......................
3.3. Статистикалық бақылау.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
«Есеп саясаты» термині ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі зақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты №1 «Есеп саясатының маңызын ашу» жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліетеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатыны болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісіне қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.
Есеп саясаты – деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.
Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже – нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.
Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.
Есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.
1.1 Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі
Бухгалтерлік есептің теориясы
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.
Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудін, элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: толассыздық, есептеу принципі, Үздіксіз қызмет ету принципі, екі жақгы жазу ақшалай елшеу принципі, құпиялылық принципі. Қаржылық және шаруашылық процестері. "Шаруашылық операциялары" жайлы түсінік.
Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрыльшы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік тендеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.
Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.). Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айңалым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.
Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын бағалануы мен жіктелінуі. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шотта-рына кешіру. Айналым ведомосты-бухгалтерлік іс-әрекеттердін бақылаушы құралы. Мерзімдік шоттардың жобылуы. Сынама (тексеру) балансы. Трансформациялық кестелерді құру кезеңдері. Қорытынды баланс.
Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.
Активтердің есебі
Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.
Дебиторлық борыштын танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық қорлардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойын-ша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы.
¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардың атқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы). Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс). Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.
Міндеттемелер мен капиталдың есебі
Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Ұйымның міндеттемелер бойынша әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуының түрлері. Міндеттемелерді есептеу. Бюджетпен есеп айырысу. Еңбекақы төлеу бойынша жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысудың есебі. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.
Капитал туралы түсінік. Теориялық негіздеме. Серіктестіктердің мәні. Жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы тәртібі мен ұйымдардың қызметінің түріне байланысты оның көлемі. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген кіріс және есепті кезеңнің шығыстары. Қаржылық есеп беруде ақпараттарды ашып көрсету.
Есеп беру, Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. Кіріс және шығыс туралы есеп берудің ұсынылуы. Бухгалтерлік балансты құру. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп берудің тікелей және жанама әдісі. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп беруді тікелей әдіспен даярлау. Меншікті капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беру. Қорытынды есептердің өзара байланыстылығы. Қаржылық есепті ашып көрсету.
1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру
Бухгалтерлік қызметтер қазіргі таңда көрсетіліп отырған қызметтер түрі тұрғысынан қарайтын болсақ ең тиімді ұсыныс болып табылады. Біз Шымкент қаласы аймағында сіздің ұйымыңыздың бухгалтерлік есебін жүргізу және бухгалтерлік сүйемелдеу бойынша қызметтерді ұсынамыз. Бухгалтерлік қызметтерді бөгде ұйымдардың көрсетуінің артықшылығы мынады - әркім өз ісімен кәсіби тұрғыда айналысады.
Біз бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингін ұсынамыз: сіз кәсіпорыныңызға бухгалтерлік қызмет көрсету қызметін біздің компанияға тапсырасыз. Табысты бизнесмендер түрлі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру үшін бірнеше заңды тұлғаларды құрған кезде немесе дара кәсіпкер үшін бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингі Шымкентте ерекше өзекті мәселе болып табылады және олардың бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру қажет болады, ал, бұл қосымша, тіпті кейді болмайтын шығындарға алып барады.
Бізбен сіздің ұйымыңызға бухгалтерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасып, сіз бас бухгалтердің жалақысына, оның жұмыс орнын ұйымдастыруға, бағдарламалық қамсыздандыруға және оған қызмет көрсетуге кететін қаражатты үнемдеп, есептілік туралы абыржымайтын боласыз.
Бухгалтерлік қызмет көрсете отырып, біз өз ісімізге жауап береміз, сапасына және коммерциялық ақпараттың құпиялылығына, есепті толассыз жүргізу, салық салуды кемелдендіруге, біздің жұмысымыздың нәтижелерінің сыртқы (мемлекеттік органдар, инвесторлар, кредиторлар және т.с.с.) және ішкі пайдаланушылар алдында сенімді және сақ болатындығына кепілдік береміз.
Кәсіби бухгалтерлік қызметтер сізге басқарушылық шешім қабылдау үшін өз ұйымыңыздың қаржылық ахуалы туралы шұғыл ақпарат алуға, қажет болған жағдайда – бухгалтерлік және салық есептері сұрақтары бойынша білікті көмек алуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік қызмет көрсету барысында біздің мамандарымыз сіздің бизнесіңізді дамыту үшін барлық жағдайларды жасауға тырысады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:
Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі
туралы Ереже
Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
Типтік шаруашылық шарттар альбомы
Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:
a) есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды
b) көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу
c) бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын
d) есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке
e) алынуында толық көрсетілуін
f) есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін
Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет
кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:
1) бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
2) жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну
3) ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
4) барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу
5) банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу
6) типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу
7) есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу
8) жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу
9) тіркелген активтерді есептеу
10) жалақыларды есептеу
11) ішкі қаржы есептерін жасау
12) барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын
жасау.
13) бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру.Оның мәні келесідей – толық немесе жарым жартылай берілген бастапқы құжаттар негізінде синтездік, аналитикалық және салық регистрларын, ұйым есептіліктерін қалпына келтіру. Ол бастапқы құжаттар ұйымның көшуі немесе бухгалтерлерді ауыстыруға байланысты, кәсіпорынның белгілі бір жұмыс кезеңінде есепті дұрыс жүргізбеуіне және т.с.с. байланысты жоғалуы мүмкін.
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру процедурасы қолда бар бастапқы құжаттар бойынша синтездік және аналитикалық бухгалтерлік және салық регистрларын, және сонымен қатар өткен уақыт кезеңдері бойынша ұйым есептілігін жандандыруға мүмкіндік береді. Салықты азайту схемаларын (сұлбаларын) пайдалана отырып барлық есеп регистрлары қалпына келтіріледі және жасалады, тоқсан және жылдық есептілігі түзіліп, салық инспекциясына тапсырылады, ары қарай бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар беріледі.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- алғашқы (бастапқы) — шаруашылық операциялары жасалған кезде тікелей рәсімделеді;
- жиынтық — алғашқы құжаттардың негізінде жасалады; олар барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
- ішкі — кәсіпорынның өзі жасайды;
- сыртқы — басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан түседі. Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
- типтік — халық шаруашылығының барлық салаларында, өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;
- арнайы — халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:
- құжаттың атауы (нысаны);
- жасаған күні;
- субъектінің атауы, яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын білдіреді;
- шаруашылық операциялардың мазмұны (ақшалай және заттай көрсетіледі).
- қызмет бабындағы тұлғаның атқаратын қызметі, яғни жасалған операцияға және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;
- жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негізгілері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).
Құжаттардағы жазулар, цифрлар барынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Кәсіпорын басшысы құжаттарға қол қоюға құқы бар тұлғаларды анықтайды. Электрондық қол қоюды пайдаланушы субъектілер электрондық қол қоюды пайдалануға қатысты құқын, бақылауға және тиісті сақтық шараларын белгілеуі тиіс.
Бухгалтерлік есепте алғашқы құжаттардың қозғалысы (жасау немесе басқа субъектілерден алу, есепке қабылдау, өңдеу, архивке беру сияқты құжат айналымын) кәсіпорын басшысы бекіткен графигімен белгіленеді (регламентацияланады).
Барлық бухгалтерлік құжаттар жазылған сәттен бастап, архивке (мұражайға) тапсырылған сәтке дейін белгілі бір есептік өңдеу кезеңдерінен (сатысынан) өтеді. Құжаттардың бұндай қозғалысы құжат айналымы деп аталады. Кез келген құжаттардың барлығы өзіне тән сатыдан өтуі тиіс: жасау, бухгалтерияға қабылдау (бұл жерде тексеру, таксировка және құжаттарды есептік өңдеулер жүзеге аасады), есеп регистрлеріне мәліметтерді жазу, ағымдағы архивке (мұражайға) беру.
Құжат айналымының басты мақсаты құжаттардың қозғалысын дұрыс ұйымдастыру болып табылады, демек ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бірде-бір қағидасы болып саналады. Құжат айналымын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: әрбір құжат түрі басы артық операциялар мен инстанцияларсыз ең қысқа жолмен қозғалыста болғаны жөн; құжаттар дайындалған және олардың бір инстанциядан екіншісіне өткен кезде, олардың нақты орындаушылары көрсетіледі; құжаттарды өңдеу мерзімі неғұрлым қысқа болғаны жөн.
Қазіргі таңда, бухгалтерлік есепті компьютеризациялаудың көмегімен ондағы құжат айналымын арттыру мүмкіндігі зор.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар есептік регистрлерге жазылғанға дейін бухгалтерлік өңдеуден етеді. Ол құжаттардың нысандарын және олардың реквизиттерін тексеруден (құжат белгісі бір нысанда жазылған ба, ондағы міндетті реквизиттер толтырылған ба және олар дұрыс толтырылған ба, лауазымды қызметкерлердің алдын ала қарастырылған қолдары қойылған ба), операциялардың мәнділігі бойынша тексеру (құжатта көрсетілген операциялардың көздеген мақсатқа сәйкестігі мен заңдылығы, оның мазмұны нормаларға, жоспарлы тапсырмаларға, сметаға және т.б. сәйкес келе ме) жүргізуден, таксировкадан, арифметикалық тексеруден (қорытындыларды есептеу, жеңілдіктер сомаларын айқындау және т.б.), құжаттардағы қателерді түзетуден, шоттардың корреспонденциясын және құжаттардағы шығындардың статьяларын бақылаудан тұрады.
Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз — арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. Құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін жөндеудің бірнеше әдісі бар.
Корректуралық (түзету) тәсілі — текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және оған осы құжатқа қол қойған тұлға қол қойып, жаңылысып кеткені туралы айтылады. Бірақ бұл тәсіл банкі мен касса құжаттарында пайдаланбайды.
"Қызыл жазу" тәсілін, шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді түзету үшін пайдаланады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен жазады. Нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады, демек қызылмен түскен жазулар шегеріледі. Содан кейін шоттар корреспонденциясының дұрыс жазулары жасалады, ол әдеттегі сиямен (жазумен) жазылады.
Қосымша жазу (проводка) әдісі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар корреспонденциясын әдеттегі сиямен (жазумен) жазу арқылы катені түзейді.
Ішінара қосымша тәсілі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде, қате сомасы көп болған жағдайда пайдаланады. Қатені қызыл жазудың көмегімен қалпына келтіреді, бірақ қызыл жазу қате сомамен дұрыс соманың арасындағы айырмасына ғана жазылады.
Есептік жазбалар үшін пайдаланған құжаттарды "Жабылды" деген мөртаңба қою арқылы жабады. Ақшалай құжаттарын "Алынды" немесе "Төленді" деген мөртаңбамен жабады.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеруден және корректировкадан өткеннен кейін, әдеттегідей, талдау және жинақтау есебін жүргізіп (ведомостілер, журнал-ордерлер) өзара үйлесімділігін сақтап, содан соң есептік регистрлерде топтастырылады.
Бірлі-жарым құжаттар ғана регистрлерде топтастырылмауы мүмкін. Белгілі бір есептік регистрлерге жататын, барлық құжаттар, жеке бумада (папкада) сақталуы тиіс, онда барлық қажет анықтамалық мағлұматтар көрсетіледі.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған барлық құжаттар, архивке (мұражайға) өткізіледі, онда ол есептік саясатта айтылған мерзімі бойынша сақталады.
Есептік регистрлер
Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды белгілі бір жүйелілігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.
Есептік регистрлер — есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік акпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.
Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі (сызба).
Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- хронологиялық — шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың кезектілігі бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және т.б.;
- жүйелі регистрлерінде — шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлері атауға болады;
- құрастырылмалы — бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бірмезгілді өзара үйлесім табатын регистрлер. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырылмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырылмалы регистрлер — есептік регистрлердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.

- Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп және бас есепшінің міндеттері
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау
- Бухгалтерлік есеп және оның маңызы
- Бухгалтерлік есепі ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есеп қағидалары
- Бухгалтерлік есеп негіздері