Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
«Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі
- Бухгалтерлік есеп оның экономикадағы рөлі
- Бухгалтерлік есептегі құжаттау
- Бухгалтерлік есептегі нормативтік құжаттау
- Бухгалтерлік есептегі синтетикалық және аналитикалық шоттар
- Бухгалтерлік есептегі активтер
1.Бухгалтерлік есеп оның экономикадағы рөлі
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлі
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы
мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып
бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–
бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың
теориялық, әдістемелік және практикалық
негіздері. Қаржылық есеп– бұл шаруашылық
операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке
келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін
есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық
есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің
мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты
топтастырады (материалдық және материалдық
емес активтер, жалға алынған мүліктер,
қаржылай және заттай салынған жарна,
ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері
несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер,
ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген
табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің
деректерін шаруашылық жүргізуші субъект
ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен
сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі
және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар,
банктер, салық және қаржы ұйымдары).
2.Бухгалтерлік есептегі құжаттау
Бухгалтерлік құжат (латынша
documentum дәлелдеу,куәлік)дегеніміз-
Кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметі сан алуан және әр түрлі шаруашылық әрекеттерін орындау мен бірге жүреді. Өз кезегінде әрбір шаруашылық әрекеті міндетті түрде орындалған шаруашылық әрекетері немесе оларды орындауға құқық туралы алғашқы мәліметтері бар есеп құжаттарымен ресімделеді. Өндіріс және сату процестері,сонымен өатар кәсіпорынның өз ішіндегі және одан тыс жеке бөлімшелері мен әр түрлі қарылық,шаруашылық, есеп айырысу қатынастары есеп құжаттарының объектілері болып табылады.
Құжаттармен құжаттандыру, бір ізге салу, стандарттау және құжат айналымы сияқты ұғымдар тығыз байланысты.
Құжаттандыру - шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен рәсімдеу әдісі.Әекет есепте оны растайтын тиісті құжаттарсыз көрсетілуі мүмкін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытын ресімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.
Құжаттарды бір ізге салу- бұл меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді рәсімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Бір ізге салу құжаттарды ықшамдайды және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өндеуге дайындайды: бір реттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.
Құжаттарды стандарттау- бұл құжатттарды басу кезінде қағазды тимді пайдалануға мүмкіндік беретін бір типтік құжаттар бланкілерінің бірдей(стандартты) мөлшерлерін жасау. Сонымен стандарттау құжаттаардың бухгалтерлік өнделуін және олардың мұрағатта сақталуын жеңілдетеді.
- Құжаттарды неғұрлым тереңірек игеру және пайдалану үшін құжаттар бухгалтерлік есепте құжаттардың мақсатын сипаттайтын айтарлықтай мәнді белгілері бойынша былай жіктеледі:
- Мақсаты бойынша
- Құжаттар мақсаты бойнша үкімдік, растаушы, бухгалтерлік толтырылған және аралас болып бөлінеді.
- Құрылу тәртібі бойынша
- Құрылу тәртібі бойынша құжаттар алғашқы және біріктірілген болып бөлінеді.
- Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша
- Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша құжатар материалдық, ақшалай және есеп айырысу құжаттары болып табылады.
- Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша
- Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша құжатар бір реттік және жинақтау құжаттары болып бөлінеді.
- Толтыру орны бойынша
- Толтыру орны бойынша құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
- Толтыру әдісі бойынша
Толтыру әдісі бойынша құжаттарды қолмен жасалған және есептік техниканың көмегімен жасалған құжттарға жіктеуге болады.
Әрбір бухгалтерлік құжат онда
орындалған
Көптеген құжаттарда кездесетін негізгі үлгі болады,оның ішінде олар ақпараттары қағаз және электронды түрдегі құжаттарда міндетті болып табылатын деректемелер бар
Міндетті
реквизиттердің қатарына
- Құжаттардың атауы(талап, лимит-алу картасы, аванстық есеп және т.б.) және оның реттік нөмірі;
- Құжат жасалған кәсіпорынның атауы мен мекен-жайы;
- Осы құжатпен рәсімделген шаруашылық әрекетіне қатысушы тараптар;
- Құжатты жасау күні;
- Әрекеттің мазмұны мен оны орындау шарты, сонымен қатар оны орындауға негіздеме(келісім-шартқа сілтеме, наряд, бұйрық және т.б.)
- Әрекеттердің өлшем бірліктері,яғни оның ақшалай және заттай көрсеткіштерінің санмен көрсетілуі;
- Әрекетке және оның құжатта дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың қолтаңбасы.
Осы деректемелердің бірінің болмауы немесе дұрыс көрсетілмеуі есеп мәліметтерінің алғашқы көзі ретінде құжаттарды пайдалануды қиындатады, ал кейбір жағдайда құжатты оның күшінен айырады.
Міндетті деректемелерден басқа құжаттарда қосымша деректемелер де орын алуы мүмкін, олар әрекеттердің ерекшеліктеріне байланысты арнайы мәліметтерден түрады.
Құжатардың
құрылуынан немес басқа
Құжат айналымының негізгі кезеңдері болып мыналар табылады:
- Құжатты құру және рәсімдеу
- Құжатты есеп аппаратының(бухгалтерияның) қабылдауы;
- Құжаттың бухгалтерияның бөлімдері және жұмыс орындары бойынша қозғалысы,оның өңделуі және есеп жазбалары үшін пайдаланылуы;
- Құжаттың мұрағатқа тапсырылуы.
- Кез келген кәсіпорындағы құжат айналымын бас бухгалтер дайындайды, кәсіпорын басшысы бекітеді.
Онда міндеті түрде мыналарды қарастыру керек:
- Есеп берулер мен алғашқы құжаттардың атаулары;
- Құру уақыты;
- Құжаттарда жазбалар жүргізетін,қол қоятын тұлға:
- Бухгалтерияға құжаттарды тапсыру уақыты мен оған жауаптылар;
- Құжаттарды қабылдайтын,тексеретін,
өңдейтін және оның бухгалтерияда қалай пайдаланылатыны мен ағымдағы мұрағатта сақталуын бақылайтын тұлға
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітеді. Кесте немесе тәсім (схема) құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларды барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақтылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытты бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс ресімделуін тексеру керек. Ережеге сай ресімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған (толтырған) адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді.
Барлық орындалған есеп құжаттары мұрағатта сақталады. Мұрағатқа тапсыруға жататын құжаттар алдын ала іздегенде тезірек табылатын ыңғайлы жерлерде орналастырылады және ілініп қойылады немесе істер деп аталатын ерекше папкаларда түптелінеді. Құжаттардың істерде орналастырылуы олардың сипаты мен мақсатына байланысты мынандай белгілер бойынша жүргізіледі:
- Заттың белгісі бойынша(сұрақтар бойынша,әрекеттер бойынша,мысалы:кассалық
құжаттар,материалдық құжатар .келісім-шарттар,тапсырыстар,
сметалар және т.б.) - Корреспонденттік белгісі бойынша(яғни, осы құжаттарға қатысты кәсіпорындардың атаулары бойынша)
- Хронологиялық белгісі бойынша(айлар бойынша.айлар шегінде- күндер бойынша);
- Құжаттардың нөмірлері бойынша
Мұрағаттағы орналастыру техникасына қатысты екі негізгі әдіс бар:
- Көлденеңінен
- Тігінен сақтау.
Мұрағаттар материалдардың сақталу көлемі мен сипатына байланысты орталық немесе жалпы және жергілікті(қоласты, көмекші, ағымдағы)болып бөлінеді
Орталық мұрағатта аяқталған есепті кезеңдердің (өткен жылдардың) істері сақталады.
Жергілікі қоласты мұрағаттарда ағымдағы есепті кезеңнің(ағымдағы жылдың)аяқтаған әрекеттері бойынша істер сақталады.
3.Бухгалтерлік есептегі нормативтік құжаттау
Бухгалтерлік есепті жүргізу әр түрлі құзыретке ие тиісті нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік құжаттарды өздерінің бағытталуына және құзыретіне байланысты мынандай жүйеде көрсету міндетті болып табылады:
1-деңгей – заңдық: Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заң күші бар Заңы және басқа да заңдар;
2-деңгей – бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша стандарттар(ережелер);
3-деңгей – әдістемелік ұсыныстар(жарлықтар), нұсқаулықтар, қысқаша шолу, ҚР Қаржы министрлігінің және басқа да ведомоствалардың хаттары;
4-деңгей – кәсіпорынның
өзінің бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Заң бухгалтерлік есептің құқықтық негіздерін және оның мазмұнын, негізгі қағидаларын, ұйымастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен есп берудің құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндтті шаруашылық субъектілерінің құрамын анықтайды.
Есеп стандарты есеп тәртібін және белгілі бір объктілерді немесе олардың жиынтықтарын бағалауды бекітетін негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды. Есеп стандарттары бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңды нақтыандыруға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар салалық ерекшеліктеріне байланысты есеп стандарттарын нақтыландыруға арналған. Оларды ҚР Қаржы министрлігі және әр түрлі ведомоствалар дайындайды.
Кәсіпорынның өзінің жұмыс бабындағы құжаттарды ондағы есептің ұйымдастырылуы ерекшеліктері мен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Олардың ең негізгілері болып табылатындар:
- Есеп саясаты бойынша құжат;
- Басшы бекіткен алғашқы құжаттадың нысандары;
- Құжат айналымының кестесі;
- Басшы бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары;
- Басшы бекіткен ішкі есеп беру нысандары.
Көптеген ұйымдарда есеп саясаты туралы бұйрықпен ғана шектелетінін де ескеруіміз керек.
Есеп саясаты – бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларынна және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъктінің басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.
Шаруашылық әрекеттерді, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызметтің нәтижесін және т.б. бейнелеудің балама әдістерін жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатын құрудың базасы болып табылады.
Есеп саясатының құрылуы әрбір стандартта ұсынылатын бір әдәсті таңдаумен, бухгалтерлік есепті жүргізу әрі қаржылық есеп беруді ұсынудың негіздері ретінде қабылдаумен және олардың субъектінің қызмет жағдайларынан шыға отырып негізделуімен түсіндіріледі.
Есеп саясатын құру қаржылық есеп берудің дайындығына және ұсынылуына әсер ететін аса маңызды және жауапты рәсім болып табылады. Есеп саясатын құруға жаупкершілікті субъектінің басшысы өз міндтіне алады.
Қалған жұмыс бабындағы құжаттар не мүлдем болмайды, не оларды басшының өзі бекітеді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесін реттеуші, есептің негізгі қағидаллары мен жалпы ережелерін, субъектілер үшін ішкі бақылау мен сыртқы аудиттің талаптарын бекітетін негізгі нормативтік құжаттар мыналар болып табылады:
- «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы №2732 Заңы кейінгі өзгерістерімен және толтыруларымен;
- Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттары, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
- Әдістемелік ұсыныстар және оларға нұсқаулықтар;
- Субъектінің есеп саясаты.
- «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы 5 бөлімнен және 26 бптан тұрады.
1-бөлім. Жалпы ережелер. Бөлімде:заңның қызмет ету саласы; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінің мемлекеттік реттелуі; бухгалтерлік есеп стандарттары мен бухгалтерлік есеп шоттарының үлгіжоспары; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаттары мен қағидалары берілген.
2-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі. Бөлімде бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылауды ұйымдастырудың негізгі талаптары қарастырылған
3-бөлім. Қаржылық есептілік. Бұл бөлімде қаржылық есеп беруді элементтері, олардың бағалануы мен есебі қарастырылған. Қаржылық есеп беру түсінігі мен құрамы, консолидирленген қаржылық есеп беру; есептік кезең туралы түсінік; қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімдері.
4-бөлім.Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу. Бұл бөлімде бухгалтерлік есеп беру жүйесін реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес уәкілетті органдары қаралған, кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау жағдайлары және ішкі бақылау талаптары қарастырылған.
5-бөлім.Қорытынды ережелер. Бұл бөлімде «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершіліктер көрсетіледі.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары – жоғары кәсіби халықаралық ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы сипаттағы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны.Халықаралық есеп тәжірибесінде әр түрлі елдерде есепті зерттеумен, салыстырумен және жіктеумен, беру унификациясы бойынша дайындалымдар және ұсыныстармен айналысатын көптеген ұйымдар бар. Олардың ішінен атап көрсетуге болатындары:
-Халықаралық бухгалтерлік стандарттар комитеті;
-БҰҰ ;
-Экономикалық және әлеуметтік кеңес;
-Трансұлттық корпарациялар бойынша коммисия;
-Есеп пен есеп берудің
халықаралық стандарттары
-Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйым;
-Еуропалық Одақ(ЕО).
Есеп стандарттары үрдісіне ықпал етуші кәсіби бухгалтерлердің аймақтың ұйымдардына мыналар жатады:
-кәсіби бухгалтерліктің Еуропалық федерациясы;
-Америкалық бухгалтерлік асоциация;
-АСЕАН елі мүшелері бухгалтерлерінің федерациясы;
-Азия және Тынық мұхит
аймақтары бухгалтерлерінің
-Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес.
Америкалық ұйымдар :
-Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия;
-Қаржылық есеп стандарттары бойынша кеңес.
Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары ҚР-да да қолданылады.
4.Бухгалтерлік есептегі синтетикалық және аналитикалық шоттары
Есепшоттардың синтетикалық және аналитикалық болып бөлінуіне сәйкес бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық операцияларының қорытындыланған көрінісін беретін синтетикалық есепке және субъектінің шаруашылық қызметінің бүкіл бөліктерін немесе элементтерін толық көрсететін аналитикалық есепке бөлінеді.
Синтетикалық шоттар дегеніміз- есептелетің объекті бойынша жинақтап,ақшалай өлшеммен ақпарат беретін әдіс.
Аналитикалық шоттар дегеніміз– синтетикалық шоттарда көрсетілген ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар
Баланстың барлық статиялары синтетиткалық
шоттар болып саналады, ал аналитикалық
шоттар белгілі бір синтетикалық шотқа
ашылады. Осыған байланысты олар дербес
болмайды. Синтетикалық шоттарда жүргізілетің
есепті синтетикалық есеп деп атайды,
ал аналитикалық шоттарда жүргізілетің
есепті аналитикалық есеп деп атайды.
Синтетикалық есеп ақшалай
өлшемде жүргізіледі, ал аналитикалық
есеп ақшалай өлшеммен қатар натуралдық
және еңбек өлшемдерін де пайдаланады.
Синтетикалық және аналитикалық
есеп– бұл қатарлас жүретін есептің екі
түрі. Бұлардың әрқайсысы бухгалтерлік
есептің аяқталған ақпараттын тек мынадай
айырмашылық пен– синтетикалық есеп оны
қорытындыланған түрде, ал аналитикалық
есеп толық түрінде береді.
Аналитикалық есепжүргізу қажеттілігі
мынадан туындаған: синтетикалық есеп
казіргідей күрделі нарықтық шаруашылық
жағдайында субъект қызметіне барынша
толық бақылау жасауға сенімді түрде қамтамасыз
ете алмайды. Мысалы, материалдық құралдардың
(ресурстардың) жекелеген түрлерінің қозғалысына
қорытындыбақылау жасап, тіркеу жұмысы
әрбір нақты заттың қозғалысы мен жағдайы
туралы нақты деректерді қажет етеді
жәнет.б.
Жалпыға мәлім, шаруашылық
құралдарының (ресурстарының) әрбір түріні
ңондаған, жүздеген заттар түрлері болады.
Мысалы, материалдардың саны мен қозғалысы
есепке алынып отыратын «Материалдар»
синтетикалық есепшоты бойынша материалдардың
әрбір түріне аналитикалық есеп талап
етіледі, ал олардың саны субъекті де кейде
ондап, жүздеп өлшенеді.
Сонымен бірг екерісінше қажеттілікте
туып жатады– аналитикалық есепке қатарлас
синтетикалық есеп керекболады, өйткені
аналитикалық есеп шоттардың жүйесі өте
толық болып келеді де, объективті түрде
қорытындылауды қажетсінеді.
Синтетикалық және аналитикалық
есеп үшін ортақ нәрсе–олар бірімен өзара
байланысты және бір–бірін бақылап отырады.
Өзіне қосымша ған аалитикалық
есеп шоты бар синтетикалық есеп шотқа
жазылатын барлық жазулар бірдей уақытта
және қатарлас тиісті аналитикалық есеп
шоттарға да жазылады және керісінше,
бірдей уақытта және қатарлас синтетикалық
есеп шотқа жазу жазылмай тұрып аналитикалық
есеп шотқа бірде –бір жазу жасалынбау
керек.
Синтетикалық және аналитикалық
есеп шоттар арасындағы өзара байланыс
былайш көрінеді:
- Синтетикалық есеп шотқа түсірілетін әр бір жазу олар біріктіретін аналитикалық есеп шоттартұсына жүргізіледі (дебетке немесе кредитке);
- Синтетикалық есеп шотқа операция жалпы сомамен жазылады, ал аналитикалық есеп шотқа-тиісті жеке сомалармен жазылады, олар жиынтығында жалпы соманы құрайды;
- Синтетикалық есеп шоттың дебет бойынша айналымы дебеттер айналымдары қамтыған аналитикалық есеп шоттардың жалпы жиынтығына тең, ал шаруашылық есепшоттың кредит бойынша айналымы аналитикалық есеп шоттардың кредиттік айналымдарының жиынтығына тең;
- Синтетикалық есеп шот сальдосы олар қамтыған аналитикалық есеп шоттардың барлық сальдоларының жалпы жиынтығына тең;
Есептің қатарлас түрлерін жүргізу арқылы ағымдағы бүкіл есепке автоматы түрдегі бақылау жүзеге асырылады, яғни синтетикалық есептің жиынтық деректері аналитикалық есептің жиынтық деректерімен бақыланады және керісінше.
Синтетикалық шоттарда ұйымның мүліктері мен оның қозғалысы немесе қорлану көздері жайлы жинақтап қорытылған, жалпылама көрсеткіштер беріледі. Олар ақшалай түрде ғана көрсетіледі.
Аналитикалық шоттар ұйымдағы есептің тиісті объектілеріне түгелдей, толық сипаттама береді. Материалдық құндылықтарды көрсететін аналитикалық шоттар ақшалай түрде ғана емес, заттай түрінде де жүргізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарындағы жазбалар бір құжаттың негізінде ғана жасалады.
Синтетикалық шоттың дебеті және кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттардың жиынтық айналымының жалпы сомасына сәйкесінше тең болуы керек.
5.Бухгалтерлік есептегі активтер
Шаруашылық қызметтің жүзеге асыру үшін субьектіге активтер қажет,ал олар белгілі бір көздерден құралады. Бухгалтерлік есепке активтерді екі түрлі сипаттау қалыптасқан:
- Құрамы мен орналасуы бойынша, яғни ресурстар қосылған объекілер және олардың орны.
- Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері бойынша.
- Құрамы мен орналасу бойынша активтер екі категориялы:
- Ұзақ мерзімді
- Ағымды

- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау
- Бухгалтерлік есеп және оның маңызы
- Бухгалтерлік есепі ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есеп қағидалары
- Бухгалтерлік есеп негіздері
- Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі