Бухгалтерлік есеп және оның маңызы
Бухгалтерлік есеп және оның маңызы
1.1. Шаруашылық есеп туралы жалпы түсінік
Бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті оқуға кіріспес бұрын жалпылама түрде шаруашылық есеп түсінігімен танысып алуымыз қажет. Бұл бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін жақсы білуге, оны толығымен және тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрғандай, тағамға, киімге, түрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдың игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.
Шаруашылық есеп әр түрлі елде шаруашылық жүйесіне байланысты сан алуан сипатқа ие.
Есептің сипаты шаруашылықтың жүйесіне байланысты болғандықтан, халық шаруашылығы туралы кейбір жалпы үғымдармен алдын ала танысып алуымыз керек.
Халық шаруашылығының негізінде шаруашылықтың жүйесі және өндіріс құралдарына деген меншік үғымы жатыр.
Халық шаруашылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік сияқты салалардан тұрады.
Әрбір сала жеке шаруашылық кәсіпорындарынан түрады. Оларға зауыт, фабрика, кен орындары, шахталар, ауылшаруашылық, көлік, сауда және т.б. кәсіпорындары жатады. Әрбір кәсіпорын халық шаруашылығының бір бөлігі бола отырып, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес шаруашылық қызметті жүзеге асырады, яғни белгілі бір шаруашылық жұмысты жүзеге асырады. Мысалы, фабрикалар мен зауыттар өнеркәсіп өнімдерін өндіреді, ал сауда ұйымдары өнімдермен жабдықтайды және т.б.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорынның өз қарамағында қажетті шаруашылық құралдары болады. Оларға ғимарат, машиналар, материалдар, тауарлар, ақша қаражаттары және т.б. жатады.
Шаруашылық құралдарымен қоса еңбек шаруашылық қызметтің негізгі шарты болып табылады. Еңбек шығындары материалдық шығындарымен және өндіріс құралдарымен бірге өндірілетін өнімнің құнына кіреді, олардың заттық негізін құрайды.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері шаруашылық процестерінен тұрады, олар өз кезегінде жеке шаруашылық әрекеттеріне бөлінеді.Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорнына дайындау процесін құрайтын материалдарды сатып алу әрекеттері, өндіріс процесін құрайтын материалдардан өнімдер дайындау әрекеттері, сату процесінің құрамына кіретін өндірілген өнімдерді сату әрекеттері тән болып келеді.
Әрбір кәсіпорын шаруашылық қызметтерін бизнес-жоспарға сәйкес жүргізеді. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бағыты, мазмұны мен көлемі айқындалады.
Шаруашылық қызметінің нәтижесі - табыс, оның қайнар көзі - еңбек болып табылады.
Енді халық шаруашылығы туралы жалпы түсінігіміздің бар екенін пайдалана отырып, шаруашылық есептің мәнін қысқаша анықтай аламыз - ол не үшін қажет, қалай жүзеге асырылады және қандай анықтама беруге болады?
Шаруашылық қызметі басқару мен бақылауды қажет етеді. Шаруашылық жұмысты дұрыс жүргізу үшін, әрбір кәсіпорынға және бүкіл халық шаруашылығына бақылау мен басқаруды іске асыру үшін, әрдайым олардың жағдайы қалай екен және оларда қандай өзгерістер болып жатыр екен деген мәселелерден хабардар болуымыз керек.
Әрбір кәсіпорынның шаруашылық қызметі жайлы деректер қажет - оның құралдары мен қаражатының мөлшері мен құрамы қандай, ол өз жоспарын қалай орындайды, шаруашылық әрекеттерін қалай іске асырады және т.б. Сонымен қатар бүкіл халық шаруашылығының жағдайы мен дамуы жайлы да - жоспар қалай орындалып жатыр, халық шаруашылығының салалары қалай даму үстінде, республикамыздың қоғамдық байлығы мен қуаты қалай өсу үстінде деген сияқты мәселелерден түсінігіміз болуы қажет.Осындай мәліметтердің барлығы дерлік тек есептің көмегімен ғана алынатыны баршаға аян.Тиісінше, есеп басқару мен бақылау үшін қажет, кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері және халық шаруашылығының даму жағдайы туралы мәліметтер беру үшін керек.
Шаруашылық есептің жүзеге асырылуы кезекті екі процеске бөлінуі мүмкін:
1) Алғашқы мәліметтерді алу;
2) Осы алынған мәліметтерді өңдеу.
Алғашқы мәліметтерді алу әрекеттерді бақылау, өлшеу және тіркеудің көмегімен жүзеге асырылады.
Бақылаудың нәтижесінде әрекеттің сипаты мен мәні бекітіледі.
Белгілі бір сандық көрсеткіштермен өлшеудің нәтижесінде (санмен, өлшеумен, салмағымен, теңгемен және т.б.) әрекеттердің сандық бейнесі есептеліп анықталады.Әрекеттерді тіркеудің нәтижесінде әрекеттер олардың аяқталғанын, мазмұны мен сандық көрсетілуін растайтын құжаттарда бейнеленеді.
Есептік өңдеудің нәтижесінде жекелеген әрекеттер туралы әр түрлі мәліметтерден әрбір шаруашылық процесі және кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметі бойынша жинақталған жалпылама мәліметтер алынады.
Кәсіпорындардың көрсеткіштерін жинақтап, қорытындылай келе аудандар, салалар және барлық халық шаруашылығы бойынша жалпылама деректер аламыз.Бұл арада ескеретін бір жайт - есеп арқылы берілетін сандық көрсеткіштер келешекте арнайы оқып, меңгеруге және талдауға ұшырайды және олармен көрсетілетін әрекеттер мен процестерді сапалы бағалаудың негізі болып табылады.
Кейбір жағдайларда сандық көрсеткіштер сапалық көрсеткіштер де болып табылады. Мысалы, кірпіш зауыты қанша I және II сортты кірпіштер қанша өндіретіні және қанша өндіріс ақаулары болғаны жайлы мәліметтер бергенде, есеп тек сандық ғана емес, сонымен қатар өндірілген өнімдердің сапалық (жарамдылығы, сорттылығы) көрсеткіштерін де көрсетеді.Яғни, ол барлық сандық көрсеткіштерде көрсетілетін процестердің сапалық бағалануының да кейбір элементтерін көрсете алады. Сондықтан, есеп жалпы түрде шаруашылық қызметті сандық-сапалық көрсеткіштермен көрсетеді.
Сонымен, қорыта келгенде, шаруашылық есеп дегеніміз не деген сауалға мынадай қысқаша жауап беруге болады:
Шаруашылық есеп - кәсіпорындар мен халық шаруашылығының шаруашылық қызметтерін басқару және бақылау мақсатында сандық-сапалық көрсеткіштермен есептеу және көрсету.
1.2. Шаруашылық есептің пайда болуы және бухгалтерлік есептің дамуы
Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі,бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Шаруашылық есеп қоғамымызда аса қажеттіліктен барып пайда болды: шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуіне қол жеткізбей жүргізу мүмкін емес.
Шаруашылық туралы барлық деректерді бір адам ғана еркін меңгеріп алатын болған, бірақ бұл сол адамның жадына сақтау қабілетінің жоғары дәрежеде дамуынан емес, шаруашылықтың шағын және ол жайлы мәліметтердің аз болуынан ғана орын алған құбылыс.
Жазудың және арифметиканың дамуы есептің дамуына үлкен жол ашып берді, шаруашылық қызметі оның кеңінен таралуына ықпал етті.
Шаруашылық қызметтер фактілерін жаппай және жүйелі түрде қадағалау және көрсету қарапайым бухгалтерияны дүниеге әкелді.Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды - ақшалай бірліктермен жүргізді. Ретке келтірілген есеп тіркегіштері - кітаптар, "кіріс-шығыс", "инвентарь" сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.
Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.
Ең алғаш екі жақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары Италияда басылды. Екі жақты бухгалтерия жайлы жазған авторлар көпес Бенедитто Контрульи, және атақты итальян математигі Лука Пачоли болып табылады.Лука Пачолидің шығармашылығындағы ең басты мәселе болып екі жақты жазу туралы жазбасы саналады. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:
- Барлық дебеттік айналымдардың
сомасы сол шоттар жүйесіндегі
кредиттік айналымдардың
- Дебеттік қалдықтың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.
Постулаттарының мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындардың шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.
"Бухгалтер" термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрукесеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император I Максимилианның 1498ж. 13 ақпандағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын "кезбе жазушылар" жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн "бухгалтер" және "бухгалтерия" үғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бух-галтердің адамгершілік қасиеттеріне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:
I. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін;
II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;
III. XIX ғ. соңы -XX ғ. басы;
IV. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.
Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек, онда "есептеу" ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуан теориялары туындайды: Францияда - заңдық, Италияда -материалистік, Германияда - камералдық.
Үшінші кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің төртінші даму кезеңі сыртқы нарықтық орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.
Есептің ерекше маңыздылығын қуаттай отырып, 1946ж. бухгалтерлердің халықаралық конгресі француз оқымыстысы Ж.Б.Дюмарше ұсынған күннен, таразыдан және Бернулли қисығынан тұратын әрі "Ғылым, сенім, тәуелсіздік" ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын бекітті. Онда көрсетілген күн бухгалтерлік есептің шаруашылық қызметтің қаржысымен сәулеленіп тұрғанын, таразы - балансты, яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисыры бір кезде жасалған есеп мәңгі өмір сүреді деген мағыналарды білдіреді.
Қазіргі бухгалтерлік есептің мақсаты - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттармен белгілі бір пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік ақпараттар жалпыға бірдей сипаттағы негізгі басшылық қағидалардың базасында қалыптастырылып қабылданған. Бухгалтерлік есеп жүйесінің осындай мысалы ретінде бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын, сонымен қатар Европалық экономикалық қауымдастықтың бухгалтерлік есеп бойынша Директивасын алуға болады. "Бухгалтерлік есеп" ғылымында жинақталған көптеген құндылықтар объективті сипатқа ие және біздің өмірімізде толығымен пайдаланылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізеді.
1.3. Шаруашылық есепте қолданылатын есеп өлшегіштері
Шаруашылық есеппен бақыланатын барлық объектілер сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсетіледі. Шаруашылық есепте заттық, еңбек және ақшалай өлшегіштер пайдаланылады.
Заттай өлшегіштер есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін қолданылады. Мұндай өлшегіштер болып ұзындық өлшегіштері (метр, сантиметр), салмағы (килограмм, тонна), көлемі (литр, текше метр) және т.б. өлшегіштер жатады. Оларды таңдау есепке алынатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен, тоқыма фабрикасы шығарған өнімдерді өлшеу үшін метрлерді пайдаланады, ал металлургиялық зауыттарда тоннамен өлшенеді, дайындалатын ағаштарды текше метрмен және т.б. өлшейді.
Заттай өлшегіштер ең алдымен материалдық құндылықтардың санын есепке алу үшін қолданылады. Олардың меншікті сақтау ісінде алатын орны ерекше. Материалдық құндылықтарды әр түрлі сорттар, атаулары және т.б. бойынша есепке алу үшін олардың қолданылуы тек сандық көрсеткіштерді алуға ғана емес, сонымен қатар осы бағалықтардың сапалық сипаттамаларын да алуға мүмкіндік береді.
Заттық өлшегіштерді бір топтағы ұқсас заттарды қадағалау үшін ғана қолдануға болады. Әр түрлі заттардың заттық көрсеткіштерін қосуға болмайды. Мысалы, бидай мен шеге сияқты әр түрлі заттарды, олар тіпті бір өлшеммен - килограммен өлшенсе де, қосып есептеуге болмайды.Тиісінше, заттай өлшегіштердің көмегімен кәсіпорынның әр түрлі материалдық құндылықтарын сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіштерді алуға мүм-кіндік жоқ.
Еңбек өлшегіштері жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеуге арналған. Оларға жүмыс күндері, сағаттары мен минуттары жатады. Еңбек өлшегіштерінің көмегімен еңбек өнімділігінің көрсеткіштері анықталып, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің төлемақылары есептеледі, жұмысшылардың еңбек ету нормалары бекітіліп, бақылауға алынады.Еңбек өлшегіштерінің ерекше түрлерінің бірі - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын еңбек күні болып табылады. Еңбек күні - жұмысшылардың еңбек шығындарын есепке алушы, сонымен қатар әрбір жұмысшының ұйым табысындағы үлесін бекітуші. Ол тек ұйым еңбегінің түрлерін өлшеуге мүмкіндік беретін сан алуан жұмыстардағы еңбектердің санын ғана емес, сонымен бірге еңбек сапасын да көрсетеді.
Еңбек өлшегіштері көбінесе заттай өлшегіштермен бірге қолданылады. Мысалы, еңбек өнімділігінің сақталуына бақылау жасаған кезде жұмысшылардың қандай да бір өнім түрін өндіруге қанша уақыт жұмсағаны анықталады. Демек, еңбек өлшегіштері кез келген процестегі еңбек шығынының тиімділігін анықтауға мүмкіндік жасайды.
Заттай өлшегіштерге қарағанда еңбек өлшегіштері кейбір әр түрлі шамаларды салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте еңбек өлшегіштерінің өнім өндірісіне кеткен еңбек шығындарын анықтау үшін өнеркәсіп орындарында қолданылатын еңбек мөлшерлемесін есептеген кезде атқаратын рөлі ерекше.
Жұмыс уақыты әмбебап өлшем бірлігі ретінде қоғам дамуының екінші фазасында ғана еңбек шығынын тікелей есептеуде қолданылады. Қазіргі кезде өнім өндірісіне жұмсалатын еңбектің көпшілік бөлігі жанама түрде өзінің құны мен оның нысаны арқылы өлшенеді. Ол үшін бізде ақшалай өлшегіш қолданылады.
Ақшалай өлшегіш біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін қолданылады. Қазақстан Республикасында ақшалай өлшем бірлігі ретінде теңге және оның үлесі - тиын қолданылады. Ақшалай өлшегіштің көмегімен әр түрлі шаруашылық процестері туралы жалпылама көрсеткіштерді алуға болады.Мысалы, ақшалай өлшегіштің көмегімен кәсіпорын құралдарының жалпы көлемі есептеліп, оның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі (пайда немесе зиян) анықталады.
ҚР-да ақшалай өлшегіштің пайдаланылуы шаруашылық қызметінің барлық маңызды көрсеткіштері тек ақшалай нысанда ғана көрсетілуі қажетті қүн заңының қызмет етуімен түсіндіріледі.Ақшалай өлшегіш шаруашылықта өте үлкен рөл атқарады. Халық шаруашылығын жоспарлауда сан алуан жинақ көрсеткіштері пайдаланылатындықтан, онсыз жоспарлау мүмкін емес. Ол шаруашылық жұмыстың әр түрлі көрсеткіштерін есептеу үшін ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің несиелік және есеп айырысу байланыстарын көрсету үшін де қолданылады.
Ақшалай өлшегіштің көмегімен көсіпорынның және оның бөлімшелерінің тапсырмаларын орындау барысына бақылау жасалады. Соңында өндірістің маңызды сапалық көрсеткіші - өнімнің өзіндік құнын есептеуде ақшалай өлшегіш калькуляция - есептеме жасау үшін аса қажет.
Ақшалай өлшегіш есепте заттай және еңбек өлшегіштерімен бірге жиі қолданылады. Өйткені материалдық құндылықтардың ақшалай көрінісі олардың заттай өлшегіш түріндегі санын оның бағасына көбейткенге тең болады.Мысалы, ауырғандығын растайтын парақ бойынша жүмысшыға тиісті жәрдемақысының сомасы ауырған күндерінің (еңбек өлшегіші) санап орта күндік төлемақыға көбейту жолымен есептеледі.
Сонымен, қорыта келгенде, шаруашылық есеп әр түрлі есеп өлшегіштерін қолданады. Олардың әрқайсысы тиісті көрсеткіштерді есептеу үшін қажет. Әр түрлі өлшегіш түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты және кейбір кезде қандай да бір шаруашылық құбылыстары туралы толық сипаттама алу үшін бірге қолданылады. Әсіресе, ақшалай өлшегіштің жалпылама көрсеткіштерді алуға мүмкіндік беруде алатын рөлі зор.
1.4. Шаруашылық есептің түрлері
Шаруашылық есеп халық шаруашылығы жоспарының жалпы ел бойынша және әрбір кәсіпорын, ұйым және мекеме бойынша жеке-жеке орындалуын көрсетеді. Оның мәліметтері халық шаруашылығы салалары болып табылатын - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік жөне т.б. салалары қызметтерін сипаттайды; халық шаруашылығының және түрғылықты халықтың әр түрлі өнім жөніндегі қажеттіліктері қаншалықты қанағаттандырылып жатқанын көрсетеді; еліміздің жеке аймақтарының, облыстары мен аудандарының дамуын анықтайды.Осындай мәліметтердің барлығы шаруашылық есептің әр түрлі көрсеткіштерінің көмегімен алынады: жедел немесе оперативті, бухгалтерлік және статистикалық. Олардың әрқайсысының өзінің нақты объектілері, алдарына қойған мақсаттары мен ерекшеліктері бар.
Жедел немесе оперативтік есеп жеке шаруашылық әрекеттері мен процестеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен оларды қадағалау және бақылау жүйесі болып табылады. Осы есептің мәліметтерін алу және пайдалану жеделділігі оның ерекше бір белгісі болып танылады.
Жедел есеп көптеген сан алуан құбылыстарды және ең бастысы өндірістік-техникалық сипаттағы әр түрлі көрсеткіштерді қамтиды. Оның көмегімен өнім өндірісін орындау кезінде жоспардың орындалуы туралы, төлемақы қорының күнделікті шығындалуы туралы, жұмыс күші мен құрал-жабдықтардың жұмсалуы туралы, жабдықтаушылармен және сатып алушылармен жасалатын келісім-шарттардың қадағалануы және т.б. туралы деректерді толығымен алуға болады.
Жедел есеп заттай, еңбек және ақшалай өлшегіштерді пайдаланады. Алайда, ол көбінесе біртекті ұқсас әрекеттерді көрсетеді, сондықтан онда заттай және еңбек өлшегіштері жиі қолданылады.Бақылаудың жеделділігін қамтамасыз ету үшін шаруашылық әрекеттердің жүргізілу барысы туралы мәліметтерді жылдамырақ алу керек. Осыдан барып жедел есептің мәліметтері мүмкіндігінше ыңғайлырақ тіркеуге алынады. Оларды тікелей қадағалау жолымен алады (мысалы, болат балқытатын зауыттағы металды балқыту жолы туралы деректер). Қазіргі кезде бастапқы ақпараттарды алу үшін әр түрлі механикалық немесе автоматты түрде өлшейтін және тіркеуге алатын құралдар мен құрылғылар кеңінен қолданылады.
Жедел есеп мәліметтерінің кейбір кездерде тіркеуге алынбауы жиі кездеседі, олар тек ауызша ғана хабарланып, кейде арнайы жинақтар мен есептерде көрсетіледі.Осындай жедел есептің ұйымдастырылуы шаруа-шылық әрекеттердің жүргізілуіне басшылық жасауды қамтамасыз етуге және оларға тікелей жүзеге асырылу барысында араласуы қажет. Жедел есептің мәліметтерінен олар көрсетіліп бейнеленетін құбылыстардың нақты сипаттамаларын беруге арналмағандықтан тура нақтылықтардың керек еместігін байқауға болады. Алайда, олар жеткілікті түрде дүрыс болуы керек, өйткені олар бойынша шаруашылық процестердің орындалу барысына бақылау жасалуы тиіс.
Жедел есепті әр түрлі кәсіпорындардың қызметшілері жүргізеді.Оны цехтардың басшылары мен шеберлері, қойма меңгерушілері және т.б. жиі іске асырады. Жоспарлау бөлімінің экономистері жедел есептің көмегімен өндіріс жоспарының орындалу барысына қадағалауды жүзеге асырады. Қаржы бөлімінің қызметкерлері жедел есепті кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен есеп айырысуларының жағдайы әрі жүру барысы туралы мәліметтер алуда пайдаланады. Сату немесе жөнелту бөлімінде жедел есептің мәліметтері кәсіпорынның сату жоспары мен өнімдерін сату барысына бақылау жасау үшін қызмет етеді. Кадрлар бөлімінде жедел есеп кәсіпорынның жұмысшы күшімен, оның қозғалысымен, жұмысшылардың біліктіліктерінің артуына қадағалау жасау үшін қажет. Цехтардың, қоймалардың және басқа да бөлімшелердің жұмысшы-қызметкерлері жедел есептің көмегімен нақты шаруашылық учаске жоспарының орындалу барысы жайлы хабардар болады.
Жедел есептің жүргізілуі статистерге, табель толтырушыларға және бухгалтерлерге жүктеледі. Ал жедел есеппен арнайы айналысатын қызметкерлер болмайды.
Жедел есептің диспетчерлік жүмыста алатын орны ерекше, өйткені онда орындалатын әрекеттер мен процестердің жүру барысы туралы барынша жылдам мәліметтер алу талап етіледі. Ол бұл жерде арнайы кестелер, дабыл тақталар және т.б. жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Жедел есептің кейбір мәліметтері тікелей кәсіпорындарда ғана, сонымен қатар олардың жұмыстарына басшылық жасайтын органдарда да пайдаланылады. Мұндай мәліметтер жедел есеп беру құрамына еніп, жалпылама жасалады. Жедел есеп берудің көрсеткіштері жеке салалар және халық шаруашылығы көлеміне сәйкес процестердің жүру барысына қадағалау жасау үшін қызмет етеді. Жедел есеп берудің арқасында өнім өндірісі туралы, шикізатпен қамтамасыз етілу, егін егу және астық жинауды ұйымдастыру туралы мәліметтер алуға болады.
Жедел есепке алынатын мәліметтерге ғылыми өңдеудің қандай да бір арнайы әдістері қолданылмайды. Жедел есептің мәліметтерін ғылыми өңдеуге алу келешекте бухгалтерлік және статистикалық есептерде ғана жүргізіледі.
Статистикалық есеп (статистика) дегеніміз - жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі. Статистика жаппай қоғамдық құбылыстардың сандық жағын оның тікелей байланысты сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттейді, орын және уақыттың нақты бір жағдайында қоғамдық даму заңдылықтарының сандық бейнеленуін қарастырады. Ол өндірістік күш пен өндірістік қатынастарды ұштастырып қоғамдық өндірістің сандық жағын, сонымен қатар қоғамның мәдени және саяси өмірінің құбылыстарын зерттейді. Сонымен бірге статистика табиғи және техникалық факторлардың қоғамдық өмірмен тығыз байланыстылығын зерттейді.
Статистика барлық халық шаруашылығының даму процестерін, сонымен қатар кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде болып жататын әр түрлі жаппай құбылыстарға бақылау жасау үшін қолданылады. Статистиканың көмегімен көптеген сандық және сапалық көрсеткіштер есептеледі. Өнеркәсіпте оған, мысалы, өндіріс көлемінің көрсеткіштері, төлемақы динамикасы, жұмыс уақытының пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің деңгейі мен өсу қарқыны, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі және т.б. жатады. Бастапқы статистикалық бақылаудың мәліметтері халық шаруашылығының жеке салалары бойынша қорытындыланады және халық шаруашылығын жоспарлауда қолданылады.
Статистика өзі бір дербес ғылым ретінде шаруашылық қүбылыстарды ғана емес, сонымен қатар қоғам өмірінің басқа да жақтарын қамтиды. Сөйтіп, оның көмегімен тұрғылықты халықтың саны, тұрғылықты халықтың құрамы мен қозғалысы, халық өмірінің материалдық және мәдени деңгейі, оның қоғамдың өмірі жайлы көрсеткіштерді алуға болады.
Шаруашылық құбылыстар туралы мәліметтер статистика арқылы жедел және бухгалтерлік есептерден, сонымен қатар оның көмегімен кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде ұйымдастырылған бастапқы есептерден алынады. Қоғамдық өмірдің басқа жақтарының көрсеткіштері статистикалық бақылаудың тіркеулер, тексеру немесе арнайы тіркеу сияқты басты нысандарының негізінде есептеледі (мысалы, азаматтық хал актілерін тіркеу).
Статистикамен қамтылатын сан алуан қоғамдық құбылыстардың неғұрлым толық сипаттамасы үшін таңдау (жалпы емес) әдісі кеңінен қолданылады. Шаруашылық қызмет туралы статистикалық мәліметтерді алуды және өңдеуді айтарлықтай көлемде тиісті кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жүзеге асырады.
Кәсіпорындарда статистикалық мәліметтер алу үшін кей кездерде статистиктер болып табылатын қызметкерлерден статистикалық материалдарды жинау және өңдеу үшін арнайы статистикалық бөлімдер құрылады.
Көбінесе статистикалық көрсеткіштерді кәсіпорындардың басқа бөлімдері - жоспарлау, қаржылық, кадрлар бөлімі және тағы басқа, яғни осындай жұмыстарды статистиктер, экономистер немесе жедел жұмыс қызметкерлері алады, өңдейді.
Қоғамдық өмірдің басқа жақтарының көрсеткіштерін арнайы мемлекеттік статистикалық органдар - статистикалық басқармалар алып, өңдеуді жүзеге асырады.
Бастапқы материалдарды ғылыми өңдеу және алынған материалдар мен көрсеткіштерді талдау статистикада жинақтау жөне топтастыру, орта сандарын анықтау әдісі, салыстырмалы шамалар, индекстер, динамикалық өс-пелі қатарлар сияқты арнайы әдістер арқылы іс жүзіне асырылады.
Көрсеткіштерді есептеу үшін статистика шаруашы-лық есептің барлық есеп өлшегіштерін зерттелетін қүбы-лыстардың мазмүнына жөне алдарына қойылған мақсат-тарына байланысты заттай, еңбек және ақшалай өлше-гіштерін белгілі бір мөлшерде пайдаланады.
Кәсіпорындардың, үйымдар мен мекемелердің жүмы-сын сипаттайтын көрсеткіштерді келешекте статисти-калық жалпылау қажеттілігіне байланысты статистика өзі пайдаланатын шаруашылық есептің барлық түрле-рінің қүрылысына ықпал етеді. Жедел жөне бухгалтер-лік есептің көмегімен алынатын көрсеткіштердің халың шаруашылығының даму жоспарына бақылау жасау үшін статистикалың әдістермен өңделуі арнайы есеппен қүрылады.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - көсіпорындардың ша-руашылық қүралдары (мүліктері), міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық өрекеттерін жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі. Бухгалтерлік есептің есептің басқа түрлеріне ңарағанда айтарлықтай өзіндік ерекшеліктері бар, оның ішінде:
• Құжатпен негізделген есеп болып табылады;
• Көсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде болып жатқан барлың өзгерістерді уақыты бойынша үздіксіз (күнбе-күн) жөне толық ңамтуы (ешқандай бөгетсіз) болып табылады;
• Мәліметтерді өңдеудің өзіне ғана төн (бухгалтерлік шоттар, екі жаңты жазу, баланс және т.б.) ерекше өдістерін қолданады.

- Бухгалтерлік есепі ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есеп қағидалары
- Бухгалтерлік есеп негіздері
- Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі
- Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша оқу тәжірибесінің есебі
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Бухгалтерлік есеп әдістерін және есеп шоттар жоспарын жетілдіру
- Бухгалтерлік есеп-берушілік; құру және аудиттеу әдістемелілігі
- Бухгалтерлік есеп және ақпараттар жүйесі
- Бухгалтерлік есеп және ақпараттар жүйесі
- Бухгалтерлік есеп және бас есепшінің міндеттері
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау