Бюджет шығыстары. 2
Бюджеттік сыныптама
/ Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін
түсімнің және бюджеттен жұмсалатын
шығынның орталық атқарушы орган
бекітетін атқарымдық, идаралық және
экономикалық сипаттамалар бойынша
топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен
шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру
көздері заң жүзінде белгіленген бір текті
белгілер бойынша топтастырылады. [1]
Бюджеттің кірістері
мен шығыстарының егжей - тегжейлі тізбесі
мен топтамасы бюджеттік
Бюджеттік
үдеріс бірыңғай бюджеттік
Бюджеттік
сыныптама автоматтандыру
Қазақстанда
халықаралық стандарттарға
Бюджеттік түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейлердегі бюджеттік түсімдердің белгілі бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасыныңтоптамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалықбелгілері бойыншатоптастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды. Сыныптаманың бөлімшелері кірістерді олардың көздерін көптен-көп бөлшрггеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салықтық түсімдерде сынып салық тоб&н, кіші сынып салықтың түрін, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектін білдіреді. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлер бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының
функциялық сыныптамасына
Негізгі функциялық топтар бойынша шығыстар былай бөлінеді: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот қылмыстық-атқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, экономика салалары, борышқа қызмет көрсету, төменгі бюджеттерге трансферттер. Аталған деңгейлердің үйлесуі шығыстардың функциялық сыныптамасының кодын құрады.
Функциялық кіші топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функциялық топ ішінде нақтылайды. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін. Ведомстволық сыныптамсі бюджеттік бағдарламалардың, функциялық топтардың және бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшілері бойыншажасалынды, мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің кеңсесі, облыстардың және Алматы мен Астананың әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасынын басқа ведомстволары мен службалары.
Бюджет шығыстарының
экономикалық сыныптамасы
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауга, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орған. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бөлінеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджеттік қаражаттарды дербес пайдаланады.
Облыстық
бюджеттік бағдарламалардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттік бағдарламаларының
Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік орғанның стартегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Бюджеттік
бағдарламаларды олардың
Бюджеттік
бағдарлама бюджеттік кіші
Мазмұнына
қарай бюджеттік бағдарламалар:
Мемлекеттік
басқару деңгейіне қарай
Облыстық, республикапық маңызы бар қала, астана, аудандық (қапалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдын (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады. Бюджетгік бағдарламалар іске асыру тәсіліне қарай бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламиларга, белгілі бір және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінін бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларга бөлінеді. Бюджетгік бағдарламалар бір тұтас бюджеттік сынып таманың құрамында тиісті белгі(код) берілс отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныш тағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңи түлгаларга мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік
қызметтер қазақстан
Бюджеттік
бағдарламалардың тиімділігін
Орталық мемлекеттік
орғандарды және олардың
Бюджеттік
сыныптама автоматтандыру
Мемлекеттік бюджеттің (бюджеттік бағдарламалардың) шығыс бөлігінің ағымдағы шығыстар (бағдарламалар) бюджетіне және даму бюджетіне бөлінуінің мынадай әлеуметтік-экономикалық мағынасы бар. Ағымдағы бюджетте әлеуметтік қамсыздандырушылықтың қолданыстағы нормалары мен қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырландырылған. Ол бюджетте шоғырландырылатын ақша қорланымдары мен түсімдерінің өсуі есебінен толық баланстанылған. Даму бюджетіне ұлғаймалы ұдайы өндіріспен байланысты инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруга қаржы бөлу және басқа шығындар кіріктіріледі. Даму бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, жаңа әлеуметтік-экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығындар кіріктіріледі; даму бюджетінің құрамды бөліктерін талдау мемлекеттің жана қосымша шығыстарына негұрлым сындарлы және аңдап келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде мына кағидат дәйекті жүзеге асырылуы тиіс: қажеттіліктерді қатаң нақтылы алынатын, меншікті және қарыздық көздер шегінде қаржыландыру. Даму бюджетінің қарастырылған шығыстарының міндетті сипаты болмауы тиіс және оларды жоғары шек ретінде қарастыру керек, яғни егер бюджеттің атқарылуы барысында табыстар ала алмайтын болса, онда даму бюджетінің шығыстарын қысқартуга тура келеді.
Бюджеттік кодексте бюджеттік инвестициялар - бюджеттен ортақ қаржыландыру шарты мен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңи тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлгайту мемлекет активтерін күру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөліп қарастырылған. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру мемлекеттің заңи тұлгалардың жарғылық капитапына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік
инвестициялар бюджеттік
Инвестициялық
ұсыныстарды әзірлеуді
Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы орғандар іске асырады. Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды - донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына кайшы келмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникапық көмегін қолдану қарастырылған.
Гранттар берілу шарттары бойынша былай бөлінеді:
байланыстырылған гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе байланыстырылған грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыруды көздейтін грангтар;
байланыстырылмаған
гранттар қазақстан Республикасы Үкіметінің
грант берген донардан одан ары қарыз
алуын немесе республикалық және жергілікті
бюджеттерден ортақ қаржыландыру көзделмейтін
гранттар.
Байланыстырылған
гранттарды пайдалану жеке бюджеттік
бағдарлама бойынша көзделеді және
оны байланыстырылған грант туралы
келісімге және Қазақстан Республикасы
заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар
- гранттарды алушылар жүзеге асырады.
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Қаржы-экономика
сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым
министрлігінің Экономика институты,
"Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Бұл
— экономика бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы,
Уикипедияға көмектесе аласыз.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарынын құрамы мен құрылымы
Уикипедиядан
алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Түсімдер
мен шығыстардың құрамы мен
құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық
және тарихи жағдайларда
Бюджеттің
құрылымы бюджеттік сыныптама
негізінде құрылады және
кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
шығындар;
таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік
қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджеттерді бекіту
және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді
түзу осы көрсетілген құрылым бойынша
жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда,
республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі
республикалық бюджеттің мұнайға қатысты
емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер
мен Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде,
республикалық бюджеттік түсімдердің
сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық
бекітілмейді және талдамалық максаттарда
пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық
емес түсімдерден тәуелділігін төмендету
үшін экономиканың мұнайлық емес секторын
нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты
емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде
кеміті- луге тиіс. Қазақстан Республикасының
2008 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы
және кірістері мен шығыстарының құрылымы
мына мәліметтермен сипатталады (14.1 кесте).
(2009 жылғы бұл мәліметтерді қосымшадан
қараңыз).
Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық
активтерін сатудан түсетін түсімдер
— заңи тұлғалардың, соның ішінде
мемлекеттік меншіктегі халықаралық
ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі
мемлекеттік мекемелер мен
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Таза бюджеттік
кредиттеу бюджеттік
Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар:
қаржылық активтерді сатып алуды;
мемлекеттің қаржылық
активтерін сатудан түсетін түсімдерді
кіріктіреді.
Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.
Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.
Үкімет пен
жергілікті атқарушы
Үкімет резервінің
жалпы көлемі республикалық
Жергілікті атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.

- Бюджет шығыстары
- Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
- Бюджеты
- Бюджеты государственных внебюджетных фондов. Бюджетный процесс
- Бюджеты и этапы
- Бюджеты продаж
- Бюджеты субъектов Российской Федерации
- Бюджет у контексті світової фінансової думки
- Бюджет України
- Бюджет учета и отчетности
- Бюджет Франции
- Бюджет ФСС РФ
- Бюджет Челябинской области. Основные итоги и задачи бюджетной политики области
- Бюджет шығындары қайта қаралады