Бюджет тапшылыгы

ЖОСПАРЫ: 

     КІРІСПЕ 

     1. Мемлекеттік қаржы процесі

     1.1 Дефицит, сыртқы  және ішкі қарыз

1.2 Мемлекеттік қаржының  экономикадағы маңызы 

     2 Мемлекеттік бюджетті  теңестіру

     2.1. Мемлекеттік бюджет  дефициті мен профициті

     2.2. Мемлекеттік бюджет  дефицитін жабу  жолдары 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

      КІРІСПЕ 

     Бүгінгі таңда қазақстан  экономикасының жағдайы  елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып  отырған қазiргі  тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.

     Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк  қаржы нарығындағы  қолайлы конъюнктураға  байланысты республикалық  бюджетке табиғи ресурстарды  өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi. 
      Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн. Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра мемлекеттердiң тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн шикiзатқа бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн көрсетедi.

     Республикалық бюджеттің кірістері 2006 жылы 1 847,2 млрд. теңгені  құрады немесе «2006 жылға  арналған республикалық  бюджет туралы» Заңда  салынғаннан 9,8% жəне 2005 жылға қарағанда 7,2%-ға көп.

     Республикалық бюджетке салық түсімдері 6,8%, ресми трансферттердің түсімдері 26,4% ұлғайды. Салықтық емес түсімдер 2005 жылмен салыстырғанда 13,5%, негізгі капиталды сатудан түсімдер 5,2% азайды.

     Республикалық бюджеттің 1686,3 млрд. теңгеге жеткен өсуі 2005 жылмен салыстырғанда 9,7% құрады, бұл ретте ұлғаю борышқа қызмет көрсету жəне ресми трансферттер бойынша шығындарды қоспағанда шығынның барлық баптары бойынша байқалып отыр.

     Республикалық бюджет профицитпен  қалыптасты, оның мөлшері 54,7 млрд. теңгені құрады (2005 жылы да 46,7 млрд. теңге профицит байқалған болатын).

     Жергілікті  бюджеттер 2006 жылы 19,8 млрд. теңге профицитпен  орындалды (2005 жылы 39,4 млрд. теңге дефицитпен), бұл ретте кірістер 37,0%, шығындар 27,7%, таза бюджеттік  кредиттеу 47,2%, қаржы  активтерімен операциялар бойынша сальдо 6,3% ұлғайды. 
 
 
 

 

     

     1. Мемлекеттік қаржы процесі

     1.1 Дефицит, сыртқы  және ішкі қарыз 

     Кейнстің  тұрақсыздық теориясы мемлекеттің экономикалық саясат жүргізуін  анықтайды. Кейнстер көзқарасы бойынша  өнім шығындарының тапшылығы  жұмыссыздықтың үлғаюына әкеп соғады да, өнім шығындарының артып кетуі инфляцияға үшыратады. Сондықтан үкімет нақты бір экономикалық шыындар жиынтығын төмен кезінде азайтып, және керісінше, шығындар төмен болған сайын көбейтіп отыруы керек.

     Фискалдық саясат екі негізгі экономикалық ғылымдар қорытындылары негізінде орындалады:

  • Біріншіден, мемлекет шығындарының өсуі сқраныс жиынтығын арттырып, жұмысбастылық пен өнім шығарылу деңгейін арттырады.
  • Екіншіден, салық сомасының ұлғаюы жеке үй шаруашылығы күтілген кірістеін қысқартып, шығындарды қысқартады.

     Фискалдық саясат ұлттық экономикаға  жақсы да, жағымсыз да әсер етуі мүмкін. Егер үкімет бағалар  тұрақтылығын қалыптастыру және өнім шығару көлемін  оның потенциалды  деңгейіне жақындату  мақсатында фискалдық  немесе ақша саясаты шараларын қолданса, онда бұл тұрақтылық саясаты деп аталады.

     Бюджет  – шығындардың, сондай-ақ үкіметтің, компаниялардың, жеке адамдардың қаржылық жоспарларының нақты  сипатталуы десек, бюджет тапшылығы – мемлекет шығындары мөлшерінің мемлекеті кірістері мөлшерінен артуы болып табылады. Егер үкіметте бюджет тапшылығы орын алса, онда ол оның шығындаы кірістерінен көп екенін білдіреді.

     Мемлкеттік  бюджет – үкімет пен жеке меншік формалары  субъектілерінің  арасындағы экономикалық қатынасы. Толық теңестіріліген мемлекет бюджеті, яғни сальдосыз бюджет тек терия жүзінде ғана болуы мүмкін. Бірақ жоғарыда келтіргенімдей, бюджет дефициті әрқашан жағымсыз құбылыс бола бермейді.

     Дж. М. Кейнс экономикалық өсуді жетілдіру  және толық жұмысбастылықпен қамтамасыз ету үшін дефицитті қаржыландыру саясатын жүргізуді ұсынған болатын. Бюджет дефициті кенеттен болатын жағдайларға – соғыс, табиғи апаттар, т.б. жағдайларда болуы мүмкін.  Яғни әдеттегі қорлар жеткіліксіз болып, басқа қаржы көздерін өажет еткенде пайда болады. Мұндай жағдайда бюджет дефициті жағымсыз және қиын құбылыс. Снымен қаа бюджет децитінің қауіпті және аса күрдеі формасы бар: экономикадағы даңдарыс жағдайында, оның құлдырауы жәнеүкіметтің елдегі қаржылық жағдайды бақылап, реттеп отыра алмайтын жағдайдағы бюджет дефициті. Бұл жағдайда экономикалық жедел әрекеттер, іс-шарала, саяси шешімдер қабылдау қолға алынуы керек.

     Елдегі  инфляция деңгейіне  жуықтау келетін  бюджет тапшылығы  қалыпты бюджет тапшылығы  болып саналады.  Мұндай дефицит әдетте Орталық банк ұсынатын пайызсыз немесе төмен пайызды несиелер есебінен жабылады. Халықаралық стандарт бойынша бюджет тапшылығы ЖҰӨ-нің 2-3%-на сәйкес келуі керек.Мұндай дефицит мемлекеттік бағалы қағазда эмиссиясы және қаржы нарығындағы кірістер есебінен қаржыландырылып отырады. Мемлекеттің ішкі қарыздарын қаржыландыру көзін ішкі заимдар мен несиелер  құрайды.

     Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы қарыздардың  өсуіне байланысты бюджет дефицитінің қолайлы  және қолайсыз жақтары  дау болуда. Алайда мына 2 басым позицияны  нық басып айтуға болады:

     Біріншісі экономиканы толық  мағынада анықтай  алмауына негізделеді. Қарыздың болуы, сол  қарыздардың абсолютті  түрде өсуі келе жатқан экономикалық дүрбелең ретінде қабылданады.

     Екіншісі  толық талдауға негізделіп, бюджет дефицитінің  негізгі қолайлы  жақтарын алға тартады.

     Сонымен, ұлттық мемлекеттік  қарыз бюджет дефицитінен  құралады. Дефицитті  жабу мемлекеттің  ішкі қарызы мен сыртқы қарызының өзара  ықпалдасуымен сипатталады. Бір жағынан ұлттық қарыз мемлекет үшін пассив және мемлекет облигацияларын (мемлекеттің бағалы қағаздарын) ұстаушыларға актив болып табылады.

     Қарызды өтеу қажеттігі үкіметтің  ағымдағы бюджетті теңестіруіне немесе басқа да түрлі  қарыздарды өтеуге бағытталған  ақша қаражаттарын жұмсауға шектеу қойылады. Дегенмен қарызды (ішкі) өтеу процесінің көп бөлігі қайта бөлу формасымен, яғни салық төлеушілердің ақша құралдары мемлекеттің бағалы қағаздар ұстаушыларына өтуімен айқындалады. Қарызды өтеудің айтарлықтай альтернативті нақты құны болмаса да, ығыстыру әсерінің ықпалы зор. Қаржы нарығында бюджет дефицитін қаржыандыру есебінен кейбір жеке секторлар қаржыландырылмай қалады, инвестициялар төмендейді.

     Мемлекеттік басқару органдарының төлемдері мен  түсімдері кассалық әдіспен, яғни ақша құралдарының үздіксіз айналымымен  анықталады. Барлық деңгейде бюджет құрау барысында олардың төленбеген міндеттемелері бойынша қарыздары: төленбеген мемлекеттік тапсырыс; мемлекеттік қызметкерлерге жалақы бойынша қарызы, Зейнетақы қорына қарызы; Бюджет дефицитіне уақытында төленбеген дотациялар мен субсидиялар жатпайды, мысалы, көмір өндірісі және т.б.Төленбеген мемлекеттік міндеттемелер қарызды өтеу мерзімі тіркелген келісімшартты ресми міндеттемелер болып табылмайды және бюджет дефицитін арнайы қаржыландыруға жатпайды. Дегенмен экономиканың басқа секторлары жағынан олар мемлекеттік органдарды тікелей несиелеумен тең жағдайда болады және бюджет дефицитін қаржыландыру көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты мемлекет қаржысы тапшылығының альтернативті есебін жасау қажеттігі туады.

     Бюджет  дефициті кірістерден  шығыстардың арту күшінен пайда болатыны белгілі. Бюджет дефицитінің пайда болуы мен өсу факторы кіріс қоры немесе рационалды емес шығыстардың жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін.

     Егер  шығыстар мен таза несиелеу кірістер мен  алынатын трансферттерге қарағанда тез өсіп жатса, займдық қаражаттарға мұқтаждық та өседі. Бұл жағдайда шығарылған займдарды өтеу жаңасын, яғни мемлекеттік қарызды қайта қаржыландыру есебінен жүргізіледі.

     Мемлекеттік бюджет дефицитін  қаржыландыру сыртқы қарыз сияқты, мемлкеттің ішкі қарызы есебінен де орындалады. Елдің қаржы ресурстары, төлем балансы және экономикалық белсенділіктің өсу мөлшеріне ішкі және сыртқы қарыздың әсер етуі әр түрлі болады.

     Сыртқы  қарыз ақша қаражаттарының түсу кезінде елдің  қаржылық ресурстарының  жалпы көлемінің өсуіне әкеледі және мемлекеттің ұлттық өндіріс тауарлары мен қызметіне жиынтық сұранысын көбейтуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар шет мемлекеттердің, халықаралық қаржылық ұйымдардың және шетел банктерінің займдары мемлекеттің шетелден сатып алу, алынған несиелерді қайтару төлемдеріне қолданылуы мүмкін.

     Елдің ішкі қарызы экономиканың секторлары арасындағы елде бар ресурстарды  қайта бөлуді ғана білдіреді. Ішкі қарыздың экономикаға ықпалы мемлекет ақша қаражатының  займ сипатымен анықталады. Егер мемлекетпен тартылған несиелік ресурстар басқа мақсаттарға бағытталатын болса, онда мемлекттің қарыздануы экономиканың басқа секторлары шығыстарының көлемін азайтады және экономикаға жалпы сұранысты ұлғайтпайды. Жеке инвесторлар категориясында займ алу маңыздылығы несиегер типі бойынша қаржыландыру операцияларының классификациясына мұқтаждығымен анықталады.

     Экономикалық  өсуге мемлекеттік  займ әсер ету сипаты мына факторларға  тәуелді: бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұқсас мақсаттары мен үлгілерін  біріктіретін экономикалық әрекетіне. Егер займ алу банктерде жүзеге асатын болса, онда басқа секторлар шығындарын қысқартудан көрінеді. Экономикаға ішкі және сыртқы займдар әр қалай әсер етеді. Сондықтан ішкі және сыртқы қаржыландыру да шектеледі. Ішкі қаржыландыруда комерциялық банктерден, ақша – несие реттеу органдарынан және басқа да мемлекеттік басқару органдарынан, өнеркәсіптер мен үй шаруашылықтарынан алынатын займ құралдры болады. Ал сыртқы да – экономикалық өсу халықаралық ұйымдарынан, шет мемлекеттерден, шетел комерциялық банктері мен фирмаларынан алынатын займ.

     Қаржыландыру  көздерін бір топқа  біріктіру мақсатында несиегер типіне қарай  бюджет дефицитін  қаржыландыру классификциясы қолданылады және ол былайша жіктеледі:

  1. Жалпы қаржыландыру
  2. Ішкі қаржыландыру
    1. Ақша – несие реттеу органдарынан
    2. Комерциялық банктерден
    3. Мемлекеттік басқару секторының басқа бөліктерінен
    4. Басқа да қаржылық мекемелерден
    5. Қаржылық емес мемлекеттік өнеркәсіптерден
    6. Қаржылық емес жеке өнеркәсіптерден
    7. Үй шаруашылықтардан
    8. Басқа да ішкі қаржыландыру
  3. Сыртқы қаржыландыру
    1. Экономикалық өсу халықаралық ұйымдарынан
    2. Шет мемлекеттердің басқару органдарынан
    3. Шетел комерциялық банктерінен
    4. Шетел фирмаларынан (жеткізушілерден)
    5. Басқа да сыртқы займ

         4. Өтімділікті басқаруға  арналған қолма  – қол ақша  қаражаттары, депозиттер және бағалы қағаздар көлемі бойынша өзгерулер

     Осы классификацияны  қолданудың тәжірибелік  мүмкіндігі мемлекттік басқару органдарымен төленетін және алынатын соммалары туралы нақты деректерге, инвестор (несиегер) типін сипаттайтын  ақпараттарға тәуелді болып келеді.

     Бюджет  дефицитін қаржыландыру нәтижесінде өтелмеген  міндеттемелер қалыптасады. Олардың көлемі бюджет кезеңінде алынған  қарыз міндеттемелері мөлшерімен анықталады. Өтелмеген міндеттемелер  сомасы мемлекеттік  қарызды қалыптастырады.  
 

    1.2  Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы 

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік  қаржы ресурстарын  қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен  мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың  құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша  қарым-қатынасының  субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.Мемлекеттік  қаржылар үшін мемлекеттік  шығыстардың өсуінің  жалпы мемлекеттік  өнімнің өсуінен  жоғары болуы сипатты  болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады. 

Вагнер  заңы 3 факторлармен байланысты:

    1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;

    2)  техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;

    3  мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді. Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың әрқайсысы спецификалық орын алады.Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:

     1)  мемлекеттік бюджет;

    2    бюджеттік емес қорлар;

    3   мемлекеттік несие;

    4)  мемлекеттік қоғамның қаржылары.

Мемлекеттік басқару деңгейі  бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып  бөлінеді.Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.

Республикалық бюджеттің рөлі

Оның  қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.

Жергілікті  бюджет

     Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.

Бюджеттік емес қорлар

         Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

         Мемлекеттік несие

Мұнда қарым-қатынастар мекеменің  уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен  байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден  берілуі мемлекеттің  қажеттіліктерін  қамтамасыз ету үшін керек.

        Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік  қаржылардың негізін  құрайды. 

            Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:

  1) республикалық;

  2) жергілікті.

 

            Республикалық қазына жүйесі:

  1) республикалық бюджет қаражаттары;

  2  алтын валюта қорлары;

  3) тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);

  4) республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

 

Жергілікті  қазына жүйесі:

  1) жергілікті бюджет қаражаттары;

  2) коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Осыдан  барып мемлекеттік  қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік  қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

      2 Мемлекеттік бюджетті  теңестіру 

     2.1. Мемлекеттік бюджет  дефициті және  профициті 

     Әр  бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады.  Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -   профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады  немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды  пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

     Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі  деп елдің жалпы  ішкіөнімге қатысты 2-3℅  мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына,  нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

     Қазіргі кезде барлық елдерде  дерлік мемлекеттің  шығыстары оның кірістері  мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет ролінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппаратының  көлемінің  өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Соңғы көрсеткішті өнеркәсібі дамыған мемлекеттер мысалынан қарасақ, онда 1970 пен 1985 жылдар арасында ол былай өскен, процент есебімен. 
 

     2.1-кесте 

     Дамыған мемлекеттер      1970ж      1985ж
     АҚШ      0,3      4,1
     Жапония      0,9      3,1
     ФРГ      0,1      2,7
     Италия      5,1      12,0
 
 
 

     Мемлекеттік бюджеттердің  тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпымемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға жа қаражат керек.  Бюджеттік тапшылық мемлекеттік тапшылықтардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны  шектен тыс шығару;
  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

     Бюджет  тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

  1. Конверсия
  2. Қаржыландырудан несие беруге өту
  3. Зиянды кәсіпорындарға дотация беруді жою
  4. Мемлекетті  басқару шығынын азайту
  5. Салық салу жүйесін өзгерту
  6. Жергілікті бюджеттің ролін арттыру

    2.2. Мемлекеттік бюджет  дефицитін жабу  жолдары 

     Бюджет  тапшылығын жабатын  үш дәстүрлі амал бар:

  1. Мемлекеттік займ шығару;
  2. Салық салудың  қатаңдығы;
  3. Ақша өндірісі немесе «сеньораж» , яғни ақша басу.

     Қазіргі кезде «сеньораж» тиімсіз, ол инфляцияға әкеледі. Қазіргі  заманғы «сеньораж» коммерциялық банктің  резервін құрады, оны  Орталық Банк үйлестіреді  және бюджет тапшылығын жабуға қолданылады. Бірақ Орталық Банк саясаты ақша резервінің өсу шамасына бағытталған, бұл ақша оған коммерциялық банктен түседі, осы салдар олардың қаржылық жағдайын төмендетіп,мемлекет ішіндегі қаржы жүйесінің қайшылықтары пайда болдаы

     Тапшылықты  қаржыландыру – оны  жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

     Бюджет  тапшылығын қаржыландырудың  жолдары:

     1.  Ақша белгілерін  шығару. Бұл жол  теріс әлеуметтік  – экономикалық  салдарлары болатын  инфляцияға жеткізеді.  Өз кезегінде ақша  эмиссиясы айналысқа  ақша белгілерін  тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді

     2. Мемлекеттік қарыщдар. Бұл жағдайда қаржыландыруға  бос ақша қаражаттары  бар компаниялар,  банктер және т.б.  қатысады.

     3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік  валюта қоры, басқа  халықаралық қаржы  ұйымдары, үкіметтер,  банктер береді.

     4. Ұлттық байлықты  пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

     Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың  басты жолы мемлекеттік  несие. Мемлекеттік  несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор –  несие беруші ролін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.

Бюджет тапшылыгы