Бюджеттен тыс қорлар. 2

Жоспар.

   Кіріспе

  1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
  2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлардың қолдану ерекшеліктері.
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

    Қорытынды

   Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты  бөлігі болып табылады. Мемлекеттік  бюджеттің көлемі бойынша елдің  экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық  жағдайы туралы қортынды жасауға  болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі  көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми  трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік  несие – бұл мемлекет бюджетіне  ақша қаражаттарын толтырудың әдісі  болып табылады.

     Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын  мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл  қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі. 

     Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. 

     Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы  жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің  қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын  және заң жүзінде қалыптасуының  бекітілген көздері бар ақша ресурстарының  жиынтығы. Экономикалық категория ретінде  бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын  қайта бөлу және пайдалану жөніндегі  қатынастар болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні

   Еліміздің қаржы жүйесіндегі 90 жылдардың басындағы  реформаның жүзеге асырылуы бюджеттен  тыс қорлардың қалыптасуына жол  ашты. Оның ішінде әлеуметткі бюджеттен  тыс қорларды атап өтуге болады.

   Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы  жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің  қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын  және заң жүзінде қалыптасуының  бекітілген көздері бар ақша ресурстарының  жиынтығы. Экономикалық категория ретінде  бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын  қайта бөлу және пайдалану жөніндегі  қатынастар болып табылады. Бюджеттен  тыс қорлардың қалыптасу көздері:

      • Арнайы салықтар мен алымдар
      • Жергілікті және аудандық бюджетті қаржыландыруы
      • Арнайы зайымдар
      • Ерікті алымдар

     Бюджетен  тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік  бюджеттен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әр тараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

     Қызмет  ету уақыты бойынша арнайы қорлар тұрақты және уақытша арнай қорлар бөліп бөлінеді.

     Қатыстылығы бойынша бюджеттен тыс арнайы қорлар мемлекеттік, мемлекетаралық және жергілікті қорларға бөлінеді. Мемлекетаралық арнайы қорларға Халықаралық валюта қорын, Халықаралық даму және қайта  құру банкі жатады.

     Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы  ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары  республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамассыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс  қорлардың қолдану ерекшеліктері.

   Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары  Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан  қаражаттардың жұмсалуына бақылауды  қамтамасыз еткенде мемлекеттің  қаржылық ресурстарын оперативті басқару  мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан  болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге:

  • зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл);
  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл);
  • мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл);
  • әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады

    Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің құрылуы.

   1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан  Республикасынды зейнетақымен қамту»  Заңы жарық көрді.Ол өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді. Заң екі бөліктен тұрды: 

   1) Жинақтаушы;

   2) Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы).

   Социалистік елдер аясында бірінші рет  міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі  бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ  және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды.   Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі - 64,5млрд. теңгені   құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде  қол жеткізілді. Біз білетініміздей 2000 жыл «корпоративті бағалы қағаздар» жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік –құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн.  теңгені құрайтын болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамту» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген  сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады.  Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады.

   Жинақтаушы  зейнетақы қорлары:

   -    Ашық

   -    корпоративтік болуы мүмкін.

  1. . Ашық жинақтаушы  зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін  және тұратын  жеріне қарамастан  салымшылардан  зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
  2. Корпоративтік  ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары  және акционерлері  болып табылатын  бір немесе  бірнеше ашық  тұлғалардың алушы –қызметкерлері үшін құрылады.

   Жинақтаушы  зейнетақы қорлары акционерлік қоғам  нысанында құрылады. ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша , ол белгілеген  тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер  ашуға құқылы. 
 ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері –заңды  және жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

   ЖЗҚ–н мемлекеттік тіркеуді, сондай ақ олардың  құрылтай құжаттарына өзгерістер мен  тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты  болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділет органдары  жүзеге асырады.  
Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік - құқықтық актілерімен белгіленеді.

   ЖЗҚ-ның  атауында «Жинақтаушы зейнетақы  қоры» деген  сөздер болуы тиіс. ЖЗҚ-ның  өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «сақтық», «сақтандырушы» деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады. Жағылық капиталдың жүз проценті  ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда  ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады. 
Зейнетақы жарналарын тарту  және зейнетақы төлемдерін  жүзеге асыру жөніндегі  қызметті лицезиялауды ҚР-ынң заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган  лицензиялайды.

   ЖЗҚ-ның  жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін , оны қалыптастырудың тәртібі  мен құрамын уәкілетті орган белгілейді. 
ЖЗҚ-ның жрғылық капиталы ақшамен төленеді. Құрылтайшылар өз капиталы шегінде  жарғылық капиталға ақша салады, ЖЗҚ-ның акцияларын төлейді.

   ЖЗҚ-ның  комиссиялық сыйақалары:

  1. Инвестициялық табыстың 15 процентінен;
  2. Айына зейнетақы  активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.  

   Жинақтаушы  зейнетақы қорларының аудитін уәкілетті  органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргізеді. жыл қорытындысы  бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігігнің ажырамасбөлігі болып  табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы  туралы ауиторлық ұйымның аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттеің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік  және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның  әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны  атқарады: жинақтаушы және тұрақты.

   Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің  атқарылуы үрдісіне оған шикізат  секторы қйымдарынан (заңды тұлғалардан  Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:

  • корпоративті табыс салығы
  • қосымша құнға салық
  • үстеме пайда салығы, бонустар, роялти
  • ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.

   Қор келесі түсімдер арқылы құрылады.

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттеің жоспарланған түсімдерінің 10% көлеміндегі арнайы трансферттер
  2. Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер
  3. ҚР заңымен шектелмеген басқада кірістер мен түсімдер

   Қордың  қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:

  1. Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыл бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығының өтеу үшін
  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

    Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік  органдары жүзеге асырады. Қазастан Республикасының Президенті:

  1. ҚР ұлттық банктін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
  2. қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
  3. қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
  4. ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;
  5. қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

     Экономикалық  категория ретiнде мемлекеттiк  бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің  орталықтандырылғын қаражат қорын  құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны  ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында  мемлекет пен қоғамдық өндiрiске  басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан  ақша қатынастарын белгiлейдi.

     Бюджет  экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл  экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің  ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары  мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы  реттеу орталықтандырылған қаражат  қорының көлемiн белгiлеу, оны  құру, пайдалану формалыры мен  әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын  қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

     Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың  шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір  әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын  ұстауды және басқа шараларды  қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын  жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер  тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері  мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара  қарым-қатынастар пайда болады. Осы  элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың  қағидаттары, оның буындарының өзара  қатынастары мен байланысының ұйымдық  нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

     Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік  бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне  және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық. – Алматы, 2005
  2. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая летература, 2004 г.
  3. Өтебаев Б.С. мемлекеттік бюджет оқулық. Алматы Экономика 2006 ж
  4. История финансовой мысли и политики налогов – М: ИНФРАМ, 1996г.
  5. Сумарков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.:Финансы и статистика, 1996г.
Бюджеттен тыс қорлар. 2