Дебиторлық борыш және онын түрлері
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4
Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
- Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қарыз
капиталының қозғалысын
несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға
төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең
алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының
айналымдық заңдылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді
қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне
енгізілген 4010 «Банк несиелері»,
4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері»,
4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті
шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн
Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді
ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
- Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».
1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».
1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».
1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».
1620 «Алдағы кезең шығындары».
1630 «Берілген аванстар».
Яғни
осы жоғарыда аталған баптар бойынша
кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа
заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ
сомалары дебиторлық борышы болып табылады.
1.1
Сатып алушылар мен
тапсырыс берушілер
борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 «Алынуға тиісті шоттар»
1210«Алынған вексельдер»
1210«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»
Бұлар
активті шот болып табылады. Сондықтан
да бұл шоттардың дебитінде
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығын бақылау шараларын жүргізілулері қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп,1320«Қосылған құн салығы»шоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған
тауарлар мен дайын өнімдер әр
түрлі себептермен кейін
Кейін
қайтарылған тауарларға жасалған сату
және баға шегерімдерінің сомасына
6030 «Сату шегерімі» немесе 6030
«Баға шегерімі» шоттардың
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.
1.2
Күмәнді дебиторлық
борыштар
Сатып
алушылар мен тапсырыс беруші заңды
және жеке тұлғалардың төлем
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
- Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);
- Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)
Бұндағы
бірінші аталған әдістің
Жоғарыда
аталған несиеге сатудан
Күмәнді қарыздарда бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
- Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
- Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;
1.3
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің
дебиторлық борыштарының
есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
- 1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»
- 1220 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»
- 1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» 1240 сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар көрініс табады.
«Шаруашылық серіктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және бріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) бірктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.
Меншіктің осы түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:
- Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
- Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуына:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 1220, 1230 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;
Кт:
3130 « Қосылған құн салығы шоты»
түріндегі корреспонденция
- Шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа;
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;
Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;
Кт:
1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» деп
Еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес,
тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың
дебиторлық борыштары олардан тауарлық-
Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты.
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Дт: 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» деп аталатын шот;
Кт:
1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» шоты түріндегі
бухгалтерлік жазуы жазылады.
1.4
Басқадай дебиторлық
борыштардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:
1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
1280 «Есептелген пайыздар».
1250
«Жұмысшылар мен басқадай
1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».

- Дебиторлық борыштар
- Дебиторлық борыштардың есебі
- Дебиторлық борыштар есебi, аудитi
- Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Деpжавне pегулювання мігpаційних пpоцесів
- Дебетовые платежные системы в Интернет
- Дебеторскяа задолженность
- Дебитометрия и расходометрия скважин
- Дебиторлық берешек
- Дебиторлық берешек
- Дебиторлық берешекті есепке алудың теориялық негіздері