Дебиторлық борыштардың есебі
Мазмұны:
I.Кіріспе
II. Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру
1.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштары
2. Күмәнді дебиторлық борыштар
3.Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы
4.Басқадай дебиторлық борыштар
5. Алдағы кезең шығындары
6.Берілген аванстар
III.Қорытынды
IV.Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе артық төлем жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиіс. Бұл кредиттік сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді. Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға (дебиторлық борыштың айналымы) шешім қабылдау үшін қарыздың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.
Қаржылық қорытынды есепте (бухгалтерлік баланста) дебиторлық борыштар өтелетін уақытына қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар деп екіге жіктеліп көрсетіледі.
Дебиторлық
борыштар дайын өнімдерді, материалдық
босалқыларды, артық негізгі құралдарды,
басқа да активтерді сатудан пайда
болады. Сатылған өнімдер, тауарлар және
көрсетілген қызметтер құны әрқашанда
кәәсіпорынның активті
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі « Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар :
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төлеген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді.
Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады, қорытынлылап айтқанда, «дебиторлық борыш» дегеніміз – бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:
- №7 журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
- №8 журнал-ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы, «Есептелген пайыздар», «Басқадай дебиторлық борыштар» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;
- №9 журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
- №10 журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының кредиті бойынша;
- №11журнал-ордер – «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы» шотының және «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және т.б.тіркелімдер қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.
Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады.
Дебиторлық
борыштар шоттарында есептелетін сомалардың
дұрыстығы мен олардың
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы;
- Күдікті қарыздар бойынша резервтер;
- Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы;
- Басқадай дебиторлық борыштар;
- Алдағы кезең шығыстары;
- Берілген аванстар.
Яғни
осы жоғарыда аталған баптар бойынша
кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа
заңды немесе жеке тұлғалардан алащақ
сомалары дебиторлық борыш болып
табылады.
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Мұнда келесідей шоттар қаралған:
- Алынуға тиісті шоттар;
- Алынған вексельдер;
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары.
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар щоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады.
«Сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің
борышы» шоттарына қатысты
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 80000 (сексен мың) ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Д-т: Сатылған
дайын өнімдердің өзіндік құны
К-т: Дайын
өнімдер
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға :
Д-т: Алынуға
тиісті борыштар шоты
Кт: Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Д-т: Алынуға
тиісті борыштар шоты
К-т: Қосылған
құн салығы сомасы
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Д-т: Ақшалар
шоты
К-т: Алынуға
тиісті борыштар шоты
Жоғарыдағы
екі жақты жазудан көріп
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша шот-фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында сатып алушылар бойынша (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады.
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал векесль бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Егер
вексель бойынша есеп айырысу
бір жыл мерзім ішінде жүргізілетін
болса, ремитент алынған вексельді баланстың
актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер
бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес
вексель беруші осы соманы өз балансының
қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі
берілген вексельдер бабында көрсетеді.
Бухгалтерлік есепте вексельдер сатылған,
вексельге айырбасталған тауарлар мен
қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай
баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің
ағымдағы (дисконтталған) құнымен есептелінеді.
| № | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
| 1 | Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы | 1210 |
6010 |
| 2 | Тиеп жіберілген тауарға, өнімге,көрсетілген қызметке есептелінген қосымша құн салық сомасы | 1210 |
3130 |
| 3 | Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан шегерілді | 3510 | 1210 |
| 4 | Сатып алушы және тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотынан келіп түскен сома | 1030 |
1210 |
| 5 | Сатып алушы және тапсырыс берушілердің борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді | 1010,1030 |
1210 |
| 6 | Сатылған (тиеп жіберілген) тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған вексель | 1130 |
1210 |
| 7 | Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі | 1030 |
1130 |
- Күмәнді дебиторлық борыштар
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігн анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.
Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арсындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарызларға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығаралып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, ода ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:
Д-т: Ақшалар шоты
К-т: Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордерде жүргізіледі.
Кез келген
кәсіпорындар мен ұйымдарды алып
қарасақ та олардың барлығы да
қай шоттардың өленбейтіндігін
алдын ала болжап білуі мүмкін
емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі
кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды
жабатын сомаларды анықтау
- Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
- Дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).
Жоғарыда аталған бірінші әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.
Ал екінші әдіс болса бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты – күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі.
Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
- Негізгі дебиторлық борышқа жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
- Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.
Күмәнді дебиторлық борыштар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
| № | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттеле-тін шот |
| 1 | Күмәнді қарыздарға резерв жасалды | 7210 | 1290 |
| 2 | Күмәнді қарыздар бойынша құрылған резерв сомасының есебінен дебиторлық борыш жабылды | 1010,1030 | 1290 |
| 3 | Жыл соңында күмәнді қарыздар бойынша құрылған резерв сомасының артығы есептен шығарылды | 7210 |
1290 |
| 4 | Сатып алушының
дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз
ретінде есептен шығарылып |
1010,1030 | 1290 |
| 5 | Сатып алушының
дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз
ретінде есептен шығарылып |
1010,1030 |
6280 |
- Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:
- «Еншілес серіктестіктердің борышы»;
- «Тәуелді серіктестіктердің борышы»;
- Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктерінің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.
Еншілес
серіктестік дегеніміз басқа (негізгі)
шаруашылық серіктестік, оның жарғылық
қорына үлесін қоса алатын серіктестік
болып табылады. Еншілес шаруашылық
серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық
серіктестігінің қарыздарына
«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет.
Ол үйлесімді
(пропорционалды) біріктіру үшін есеп
беретін пішімдердің біреуін
қолдану негізінде жүзеге асады.
Еншілес
серіктестіктердің
дебиторлық борыштарының
шоты бойынша жүргізілетін
операциялар
| № | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттеле-тін шот |
| 1 | Еншілес тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар,
негізгі құралдар, материалдық емес
активтер, материалдар, көрсетілетін қызметтер:
-өз бағасына -ҚҚС сомасына |
1220,1230 |
6010,6160 |
| 2 | Еншілес, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың берешек борыш |
1040 |
1220,1230 |
| 3 | Ай соңында
еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың берешек |
3300 | 1220,1230 |
| 4 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы. | 1220,1230 |
2410 |
| 5 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз сомасы. | 1270 |
6110 |
| 6 | Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы. | 1270 | 6110 |
| 7 | Акция дивидендіне есептелген пайыз сомасы | 1270 | 6110 |
| 8 | Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. | 1040 |
1270 |
- Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі:
- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»;
- «Есептелген пайыздар»;
- «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы»;
- «Өзге де дебиторлық борыштар».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.
«Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдарды, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген ҚҚС сомасы жайлы ақпараттарды жинауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы дп жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
«Есептелген
пайыздар» шотында ұйымның
«Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде қызметтегі іссапарлары үшін жіне басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкердерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.
- Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары) және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомалар;
- Есеп беруге
тиісті өздерінің борыштарын өтеген уақытта:
материалдық емес активтер,негізгі құралдар,инвестициялар,
материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты кредиттелінеді. - Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған қарыз сомаларының қайтырылуы субъектіге кіріске алады.
- Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына;
- Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға;
- Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға;
- Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына.

- Дебиторлық борыштар есебi, аудитi
- Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Дебиторская задолженность
- Дебеторскяа задолженность
- Дебитометрия и расходометрия скважин
- Дебиторлық берешек
- Дебиторлық берешек
- Дебиторлық берешекті есепке алудың теориялық негіздері
- Дебиторлық борыш және онын түрлері
- Дебиторлық борыштар