Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

 
 
 

      
 
 
 
 
 

  • Дебиторлық  борыштар есебін ұйымдастыру
  • Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
  • Күмәнді дебиторлық борыштар
  • Еншілес (тәуелді) серіктерлің дебиторлық борыштарының есебі
  • Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
  • Алдағы кезең шығындарының есебі
  • Берілген аванстар есебі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Дебиторлық  борыштар есебін ұйымдастыру

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары- Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынған) уақытына қарай алынуға тиісті дебитордық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі "Алынуға тиісті шоттар" бөлімінің шоттарында есептеледі.

    Есеп  беретін уақыттан кейін бір жыл  ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында  есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

    • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
    • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • негізгі ұғымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
    • ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
    • басқадай дебиторлық борыштар.

    Кәсіпорынның  балансындағы алынған вексель деп  аталатын бабындағы сома басқа заңды  немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептеледі. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл-иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

    Ұйыиның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің  қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталалды. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың  құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар Ұзақ мерзімді дебиторлық бұрыштар болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың  пайда болған  (есептелген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып  алушыларға баға жеңілдіктерін береді.  Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушгыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері термині мен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданады. өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердің ұйымдар сауда жеңілдігің тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдауының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

    Кейбір  жағдайларды сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен  сатылған тауарларды қайтаруға келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан  да кәсіпорын сатып алушы заңды  немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге (алынуға) тиісті табыстарының көлемін азайтындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

    Д-т: Баға шегерімі-шоты

    К-т: Алынуға тиісті борыштар-шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Егер  сатылған тауар ұйымға қайтарылған  болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеледі:

    Д-т: Сатылған тауарлардың қайтарлымы-шоты

    Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде  аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:

    Нөмірі 7 Журнал-ордер-"Жұмысшылар мен басқа  да тұлғалардың борышы"деп аталатын шотының кредиті бойынша:

    Нөмірі 8 Журнал-ордер-"Алынуға тиісті қосылған құн салығы,"Есептелген пайыздар","Басқадай дебиторлық борыштар"және "Берілген аванстар"деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

    Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме - "Берілген аванстар" шотының  дебиті бойынша;

    Нөмірі 10 Журнал-ордер - "Күдікті қарыздар бойынша резерв", "Алдағы кезең  шығындары" шоттарының несие бойынша;

    Нөмірі 11 Журнал-ордер - "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің  дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер  және басқадай дебиторлармен есеп айырысудвң есебі бойынша жоғарыда аталып өткен  тіркелімдерден басқа дебиторлық ьорыштардың  есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын тандау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін тандап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерде үнемі қатысатын, эпизоттық  болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілу қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат-әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

    Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

    "Сатып- алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы".

    "Күдікті  қарыздар бойынша  резервтер".

    "Еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің  дебиторлық борышы".

    "Басқадай  дебиторлық борышы".

    "Алдағы  кезең шығындары".

    "Берілген  аванстар".

    Яғни  осы жоғарыда аталған баптар бойынща  кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа  заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебитолық борыш болып  табылады. 

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

        «Алынуга  тиісті шоттар»,

        «Алынған векселъдер».

    «Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары».

    Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан  да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы занды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

    «Алынуға  тиісті шоттар» деп аталатын шотта  тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақытгарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында толу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік белімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе компаниялардың қаржылық жағдайларын білуге, сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы отеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

    «Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:

    Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).

        Сатылған  тауарлардың өзіндік құнына:

        Д-т: Сатылған дайын әнімдердің

        өзіндік құны 300000 тг.

        К-т: Дайын өнімдер 300000 тг.

        Сатылған  тауарлардан алынатын сомаға:

        Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг.

        К-т: Дайын өнімдерді сатудан алынатын

        табыс шоты 420000 тг.

        Сатылған  тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:

        Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 80000 тг.

        К-т: Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг.

        Сатылған  тауарлар үшін алынатын сома келіп  түскенде:

        Д-т: Ақшалар шоты 500000 тг.

        К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг.

    Жоғарыдағы  екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан (тиеп жіберген) тауарлары, атқарған жүмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған қүн салығы есептелгенде «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.

    Ал  сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың  пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар (шоттар)», «Алынған вексельдер», «Сатьш алушьшар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдарың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  материалдық емес активтер, негізгі  құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.

    Шетелдік  валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Бағамдық айырмашьшықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.

    Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың  сомаларына «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

    Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, «Сатьш алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебиттелініп, «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына «Сату шегерімі» немесе «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге (жұмыстар мен  қызметтерге) есептелінген қосылған құн салығы сомасы «Алынуға тиісті борыштар» «Алынған вексельдер», «Сатьш алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталады).

    Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы  тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақтальш, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар - шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтарі бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында (графасында) сатып алушьшар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатьш алушьшар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөліміне шоттарының кредиті бойьшша операциялардың есебі үшін №11 Журнал-ордер қолданылады.

      Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауарлардың сипатгамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітілген (фиксированный) болып көрсетілуі мүмкін.

    Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезіңде қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теңге кұныньщ (бағамының) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквивалентті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр тұрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген құніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе 100% сомасының төленгендігі тиімді болады.

    Тұрақсыз  баға келісімшартқа отыру барысында  тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.

    Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.

    Кейбір  жағдайларда жабдықтаушы сатып  алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

    Векселъ дегеніміз — оның иесінің белгіленген мерзім, яғш уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

     Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқын береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем  жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруш деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады: 
 
 
 

    Егер  вексель бойынша есеп айырысу  бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған  век сельді баланстың актив бөлімінің  өтімділігі жоғары активтер бабында  көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель  беруші осы сомаш өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі беріл ген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексел: қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдетте вексельде пайдаланылуы барысында бір немесе бірнеші міндетті орыңдайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:

  • дебиторлық қарыздың өтелу мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту;
  • шот-фактураға   немесе   басқа  да   құжаттарға   қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дэлелдеу;
  • пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
  • айналымға жіберілу мүмкіндігі.

    Бухгалтерлік  есепте вексельдер сатылған, вексельге  айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай баламасымен  немесе барлық ақшалай телемдердің  ағымдағы (дисконтталған) құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы дегеніміз бұл пайыз (процент) есептелінетін сома болып табылады. Ал вексель бойынша альшған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы больш есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетілген пайыз сомаларьш қоспағандағы вексель айналымы мерзімінің соңыңдағы төленуге тиісті ақшалардың сомасы больш табьшады.

    Жасалу  үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

    Жай вексель дегеніміз  төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат больш табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борьппкерлік міндетгеменің сомасы, төленетін мерзімі мен орны, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, борьппкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

    Айналым үдерісі кезінде вексель бір  адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жаз-басы вексельдің теріс  жағьшда немесе қосымша парағында  жазы-лады.

    Аударылмшіы вексель — (тратга) кредитордьщ (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни оның жәй вексельден ерекшелігі, аударлымалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға әмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.

    Вексельдерді  сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық  деп екіге бөлуге болады.

    Пайыздыц  векселъдердің  атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі.

    Пайызсыздыц векселъдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.

    Вексельдер  өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге белінеді.

    Коммерциялыц  векселъдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде ресімделеді.

    Қаржылық  векселъдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.

    Қазыналық векселъдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысті шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алгандағы бағасы бойынш банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.

        Вексельдер  эмитенттер бойынша:

        қазынашылық және жекеше.

        Төлем түрі бойынша:

        жай және аударылмалы.

        Төлем кепілдігінің барлығына қарай:

        қамтамасыз  етілген және қамтамасыз етілмеген.

        Төлеу тәртібі бойынша:

        мерзімділік вексель және ұсынушылық вексель болып  бөлінеді.

    Вексельдерді  толтыру мен ресімдеу белгіленген  ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба яғни вексель деген жазу жазьшып, оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі қажет. Аударылмалы вексельді трассат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігіңде болуы, тауарға төлем төлеу ушін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі (реквизиті) болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыруы қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

        Д-т: Алынған вексельдер шоты

        К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты

    Ал  вексель бойынша сатып алушылардың  борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп  түскен мерзімінде (пайызсыз):

        Д-т: Ақшалар шоты

    К-т: Алынған вексельдер шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Айта  кететін бір жағдай көптеген уақыттарда вексельде көрсетілген сома бойынша пайыз мөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге алты айға вексель алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетілген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептелінеді:

        500000+500000х5%х6/12=500000+12500=512500 теңге.

    Егер  осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген жағдайда алынуға тиісті жағдайда алынуға  тиісті сома мына санға тең болады:

        500000+500000х5%х9/12=500000+18750=518750 теңге.

    Жоғарыда  қарастырылған мысалымыз бойынша  бухгалтерлік жазуларымыз келесідей түрде жазылады: