Делфи және мәліметтер қоры

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

Б.А. Кабланбекова, Б.М. Кабланбеков

 

 

 

 

 

 

Delphi және мәліметтер  қоры

 

 

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы

2011

 

 

ОӘЖ 002 (075.8)

ҚБЖ  32.973я73

К 12 

 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әдістемелік кеңесімен

баспаға ұсынылған

№5 хаттама 22 маусым 2010 ж.

 

 

Пікір жазғандар:

 

Ахметжанов Б.К., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Тұрғанбаев Е.М., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Сыздыкпаева А.Р., техника ғылымдарының кандидаты

 

 

 

К 12 Кабланбекова Б.А., Кабланбеков Б.М. Delphi және мәліметтер қоры: Оқу құралы. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. - 145 б.

 

ISBN 978-601-80142-1-5

 

Оқу құралы информатика, ақпараттық жүйелер мамандықтарының мемлекеттік стандарты мен типтік бағдарламасына сәйкес жазылды.

Құралда Delphi7 ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері, ADO провайдерлері, Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру, серверлік мәліметтер қорын InterBase ортасында құру туралы қысқаша теориялық мағлұматтар және әртүрлі мысалдар мен олардың бағдарламалары келтірілген.

Жоғарғы оқу орындарының 5В011100-«Информатика», 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне курстық жұмыс, диплом жұмыстарын жазуда көмегін тигізетін қосымша құрал ретінде ұсынылады.

 

 

 

 

ОӘЖ 002 (075.8)

ҚБЖ  32.973я73

 

 

ISBN 978-601-80142-1-5

© Кабланбекова Б.А., Кабланбеков Б.М., 2011

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

3

1 Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер

4

1.1 Деректердің шамадан тыс қайталануы  және аномалиялар

4

1.2 Ақпараттық жүйелерді жобалау

6

2 Delphi ортасында мәліметтер қорына  рұқсат алу механизмдері

14

2.1 ADO провайдерлері

17

3 Мәліметтер қорын құру және басқару

20

3.1 Мәліметтер қоры кестелерін  құру және басқару

20

3.2 Мәліметтер қоры кестесімен  жұмыс

30

3.3 Клиенттік қосымшада жоғарғы  мәзір құру

36

3.4 Мемо-өрістер, бағандарды жөндеу  және деректерді іздеуді ұйымдастыру

40

3.5 Сұраныс құру

44

3.6 Есеп құру

52

4 Delphi7 ортасында локальды деректер  қорын қолданып ақпараттық жүйелер  құру

65

4.1 «Кадрлар бөлімі» ақпараттық  жүйесінің жобасы

65

4.2 Мәліметтер қоры өзгерісін журналға  тіркеу

89

5 Серверлік мәліметтер қоры және interbase серверімен танысу

95

5.1 INTERBASE локальды сервері

95

5.2 Индекс құру

99

    1. Delphi7 және мәліметтер қоры серверлері

100

5.4 Генераторлар мен триггерлер

106

Қортынды

109

Әдебиеттер тізімі

110

Қосымша А

111


 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Оқу құралы 5В011100-«Информатика» мамандығының студенттеріне жүргізілетін «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» және 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне жүргізілетін «Мәліметтер қоры жүйелері» пәндерінің негізінде жазылды. Оқу құралында «Мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер», «Delphi ортасында мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері», «Мәліметтер қорын құру және басқару», «Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып ақпараттық жүйелер құру», «Серверлік мәліметтер қоры және Interbase серверімен танысу» тақырыптары қарастырылып, әрбір тақырыпқа қысқаша теориялық мағлұматтар және оларға сәйкес мысалдар келтірілді. Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында мәліметтер қоры адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Сондықтан оқу құралында мәліметтер қоры сөзінің орнына деректер қоры сөзі де қолданылады. Delphi-дегі мәліметтер қоры – бұл ең дамыған механизм, мұнда мәліметтер қорының бағдарламасын жасауды қамтамасыз ететін кітапханасының күшті қоры құрылып, ол әмбебап интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер қоры деп бір немесе бірнеше компьютерден  қолдануға болатын ақпараттың электрондық жинақтамасын айтады.

Қазіргі қолданбалы программаларды дайындау технологияларының өте мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешілуге тиісті мәселелерді анықтау кезеңіне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса, соңында оны жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Егер программа құрылымы, жобасы дұрыс келістірілмеген болса, программаға жаңа функция енгізу немесе ондағы кемшіліктерді жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкін. Қолданбалы программаларды жобалаудың негізгі кезеңдері бар:

    1. Мәселенің қойылымы
    2. Мәселелердің шешілу тәртібін анықтау
    3. Алғашқы мәліметтерді таңдау
    4. Мәліметтер құрылымын анықтау
    5. Қолданбалы программа дайындау
    6. Программаның дұрыстығын бақылау, жетілдіру.

Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.

Оқу құралында келтірілген әр мысалдың Дельфи тілінде  жобалық пішіні жасалып, бағдарламалары құрылуы оның практикалық маңыздылығын арттырады деген ойдамыз.

1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

 

Мәліметтер қоры қандай да бір пәндік аумақ, яғни адам қызметінің аумағы туралы деректерден тұратын мәліметтерді сақтау және қолдану үшін құрылады. Мәліметтер қорының қосымшалары қандай да бір мәліметтер қорымен өзара байланысу үшін керек. Өзара байланыс деп мәліметтерді алу, оларды қолданушыға тиімді форматта көрсету, жөндеу, өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару сияқты процестерді айтады.

Мәліметтер қорын жобалау келесі пункттерден тұрады:

  1. Мәліметтер қорының ақпараттық қажеттілігін анықтау
  2. Мәліметтер қорында үлгілейтін шынайы әлемнің объектілерін – пәндік аумақты талдау. Бұл объектілерден мағыналарды құрастыру және олардың мінездемелерін беру. (мысалы, “деталь” мағынасының мінездемесі “атауы”, “түсі”, “салмағы” т.б.) және олардың тізімін құрастыру.
  3. Мағыналар мен мінездемелер арасында сәйкестік жасау – таңдалынған МҚБЖ-не негіздеп кестелер және олардың бағандары (атрибут-өріс) анықталуы керек. (Paradox, dBase, FoxPro, Access, Clipper, InterBase, Sybase, Informix, Oracle және т.б.).
  4. Әрбір объектіні ерекше-уникалды түрде анықтайтын атрибуттарды анықтау
  5. Мәліметтердің толықтылығын қамтамасыз ететін ережелерді құрастыру.
  6. Объектілер арасында байланыс орнату. Кестені қалыптандыру.
  7. Мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұрақтарды жоспарлау

Мәліметтер қорын құру кезінде басты назар аударатын нәрсе – ол құрылатын қордың қатынастарында қайталанулар санын азайту арқылы жобалауды дұрыс бастау. Егер жоба басынан бастап дұрыс жобаланса, онда оны әрі қарай дамытуға келгенде бөгеттер саны азаяды.

 

    1. Деректердің шамадан тыс қайталануы және аномалиялар

 

Деректердің шамалы (қарапайым) және шамадан тыс қайталануы болады. Қарапайым қайталану МҚ-н өңдеу кезінде бөгет жасамайды. Мысалы: ҚТ (Қызметкер және Телефон) деген қатынас бар болсын (1- кесте). Бір жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің телефондары бірдей болуы мүмкін.

 

1-кесте- Қызметкерлер және Телефон қатынасы

 

Қызметкер  есімі

Телефоны

Алия

525458

Ғалия

525458

Берік

525458

Серік

562651


 

Мұндағы 525458 нөмірінің бірнеше адам үшін қайталануы қарапайым қайталану болып табылады.

ҚТБ-қатынасы (Қызметкер, телефон, бөлме) бар болсын.

 

2-кесте- Қызметкер, телефон, бөлме қатынасы

 

Қызметкер  есімі

Бөлме

Телефоны

Алия

111

525458

Ғалия

111

525458

Берік

111

525458

Серік

112

562651


 

3-кесте - Қызметкер, телефон, бөлме қатынасы

Қызметкер  есімі

Бөлме

Телефоны

Алия

111

525458

Ғалия

-

-

Берік

-

-

Серік

112

562651


 

2-кестеде деректердің шамадан тыс қайталануы бар. Одан құтылу үшін 3-кестедегідей қор құрсақ «-» таңбасы пайда болады, ол да қайталанады, оған жадыдан орын бөлінеді және программалау кезінде  осы таңбаны ескеру туралы шарт болуы керек, сондықтан жұмыс күрделілене түседі. Одан құтылу үшін 4-5-кестелердегідей  ТБ(Телефон-Бөлме) және  ҚБ(Қызметкер-Бөлме) қатынастарын құру дұрыс.

 

4-кесте - Телефон-Бөлме қатынасы

Телефоны

Бөлме

525458

111

562651

112


 

5-кесте - Қызметкер-Бөлме қатынасы

Қызметкер  есімі

Бөлме

Алия

111

Ғалия

111

Берік

111

Серік

112


 

Әр бөлменің телефоны МҚ-на бөлек жазылады да басқа қатынасқа бөлмеде тұратындардың аты-жөні жазылады. Бұл қатынастың тиімділігі  мысалы: Ғалия жұмыстан шығып кетсе, ол туралы деректерді МҚ-нан өшірсек те, 111-ші бөлменің телефоны туралы дерек өшпейді. Мұндай процесті қатынастарды қалыптандыру дейді.

Деректердің шамадан тыс қайталануы картеждерді өңдеу кезінде қиындықтар туындатады, оларды қатынасты жаңалау аномалиясы дейді. Олар кейбір картеждерді өшіру, жаңадан толтыру, жөндеу кезінде бөгет жасайды.

Аномалия дегеніміз МҚ-да деректерді өңдеуді қиындататын, қайшылықтар туындадатын процестер.

Аномалияның 3 түрі болады:

  1. жөндеу
  2. өшіру
  3. жаңадан қосу

Жөндеу аномалиясында деректің бір мәнін жөндеу үшін барлық қатынас жазуларын тексеріп, оған байланыстыбасқа қатынастағы жазуларды өзгерту керек болады. Мысалы: 2-кестеде 111-бөлменің телефоны өзгерсе, осы таблицаның басқа жазуларын да қарап шығу керек, сосын осы бөлмеде тұратын бүкіл қызметкерлердің телефонын өзгерту керек.

Өшіру аномалиясы қатынастан қандай да бір деректі өшірген уақытта осы дерекке қатысы жоқ қажетті бір дерек өшіп қалатын жағдайда анықталады. Мысалы: Серік туралы деректі өшірсек, бөлменің нөмірі мен телефоны қоса өшіп қалады. Ал ол бөлмеде жалғыз тұратын болғандықтан ьөлменің бос екендігі, оның телефоны неше екендігі туралы дерек сақталмайды.

Жаңадан қосу аномалиясы қатынас толық толтырылғанға дейін жаңа деректерді осы қатынасқа енгізуге болмайды, әйтпесе жаңадан жазу қосу кезінде қатынасты тағы да тексеру керек. Мысалы: ҚТБ қатынасына жаңадан бөлменің нөмірі мен телефонды қосу мәнсіз, ол бөлмеде біреудің тұратыны белгісіз болса. Бұл қатынаста Қызметкердің аты-жөні кілттік атрибут болып отыр, оның мәні толмайынша кестеге жаңа жазу енгізу мүмкін емес.

 

    1. Ақпараттық жүйелерді жобалау

 

Ақпараттық жүйелерді үйренген кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше.  Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де құруға болады. Ақпараттық жүйені құрмас бұрын онда қолданылатын деректер қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс. Ақпараттық жүйені жобалау жалпы бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың негізгілері төменде келтірілген.

Концептуалдық жобалау -  программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау.

Логикалық жобалау - ER–диаграмма негізінде реляциялық жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау.

Физикалық жобалау -   мәліметтер қорын басқару жүйелері құралдарымен орындалады: мәліметтерді сипаттау тілі (МСТ), мәліметтерді манипуляциялау тілі (ММТ). Физикалық модельдеудің соңғы этабында ЭЕМ жадысында мәліметтер қоры файлдары және іздеу структурасы файлдары пайда болады. 

Пәндік аймақты модельдеу төмендегідей кезеңдерден тұрады:  инфологиялық модельді құрастыру, даталогиялық және физикалық жоспарлау, концептуальды жобалау. Инфологиялық модельді құрастыру кез келген ақпараттық жүйе саласымен байланысты. Пәндік аймақ дегеніміз сол еңбек саласындағы негізгі объектілер жиынтығы болып табылады. Жұмыс жасау аймағын модельдеу үрдісінде қарастырылып жатқан ақпараттық жүйедегі негізгі объектілер олардың қасиеттері және объектілер арасындағы байланыстар анықталады (1-сурет).

Ақпараттық жүйелерді жобалау жұмысы барысында құрылған инфологиялық модель негізінде даталогиялық модель құрылады.

Оның инфологиялық модельден айырмашылығы жүйедегі құбылыстар уақыт мерзімі бойынша нақтыланады. Әрі қарай физикалық модель жасалады. Бұл жұмыс кезеңінде ақпараттық жүйеде қолданылатын мәліметтер қандай құрылғыларда сақталып, қандай жадтың түрлерін талап ететіні анықталады.

 


 

 

 

 

 

 

 

1-cурет - Инфологиялық модельдің негізгі бөлшектері

 

Мәліметтер қорының концептуалды жобалануы.

Мәліметтер қорын жобалаудағы үрдістің бірінші фазасы кәсіпорынның талданатын бөлігі үшін   мәліметтердің концептуальді моделін құру болып табылады. Оның құрылуы нақты бір ретпен орындалады: бастапқыда мәліметтерді қолданушылардың ұсыныс моделі толық құрылады; содан соң олар мәліметтердің коңцептуальді моделіне интегралданады.

Осы орайда келесі мысалды қарастырайық. «ШҚМУ студенттері» мәліметтер қорын құру керек болсын.

1-кезең. Концептуальды  жобалау кезеңі.

Бұл кезең жалпы мәні бар, жауапты және программистен, мәліметтер қорын әрі қарай өңдейтін техникалық құралдардан тәуелсіз этап болып табылады. Мұнда талаптарға шолу және жалпы жобаны құрастыру жасалады, бұл кезеңде  кәсіпорынның немесе оның бір бөлігінің жоғары дәрежелі интегралданған негізі қарастырылады.

Бұл кезеңнің мақсаты: ақпараттық қажеттілік және қолданушының концептуальдық талаптарын талдау, жаңа мәліметтер қорында мүмкін болатын ақпараттарды өңдеу жұмыстарын анықтау, ақпараттық объектілерді және олардың арасындағы байланысты анықтау, заттық аумақтың инфологиялық моделін тұрғызу және талдау нәтижелерін құжаттандыру.

2-кезең.  Заттық  аумақтың сипаттамасы.

Мәліметтер қорын құрастырудың алдында заттық аумақты қарастырып аламыз. Мәліметтер қорын жобалау кезіндегі заттық аумақ (домен)– ШҚМУ. Ішкі жүйесі – студенттер мәліметтер қоры. Автоматизациялауға студенттер туралы деректерді топтастырып сақтау жұмысы жатады. Заттық аумақтың атрибуттар (өрістер) жиыны 6-кестеде келтірілген.

 

6-кесте-Заттық аумақтың атрибуттар жиыны

 

№

Атрибуттар атаулары

Идентификатор

1

2

3

1

Студенттердің аты-жөні

Fio

2

Туған датасы

data

3

Ұлты

Naz

4

Факультет

fakult

5

Мамандығы

Spez

6

Курс

Kurs

7

Топ

Group

8

Мекен-жайы

Adres

9

Келісім нөмірі (оқуға ақы төлеуге арналған)

N_dog

10

Ақы төлеу түрі

Forma_opl

11

Ақы сомасы

Summ

12

Жанұялық жағдайы

Sem_pol

13

Жеңілдіктер

Lgota

14

Жеңілдік түрі

Vid_lgot

15

Жатақхана

Obshag

16

Жатақханада тұру мерзімі

Srok_proj

17

Жатақханаға орналасу мерзімі

Data_viezda

18

Бөлме нөмірі

N_kom

19

Студенттік билет нөмірі

N_bilet


 

3-кезең. Заттық аумақтың мінездемесі.

Студенттерді тіркеу бөлімі ШҚМУ студенттері туралы деректерді сақтау және есеп жүргізу жұмысын атқарады. Әрбір оқуға түскен студентке қайталанбас нөмірі бар билет береді, ол нөмір тек қана бір студентті анықтайды. Студент оқуға түскенде оқуға ақы төлеу үшін келісім жасайды, келісімнің қайталанбас нөмірі болады, ол да тек бір студентті анықтайды. Сонымен қатар студенттерге ақы төлеу кезінде, жатақхана беру кезінде жеңілдіктер қарастырылады.

4-кезең. Заттық аумақтың шектеулері  және мүмкіндіктері.

Бұл заттық аумаққа қатысты келесі шектеулер мен мүмкіндіктер қолдануға болады:

1 Студенттік билеттің нөмірі 5 символдан  тұрады, онда топ коды және студенттің нөмірі көрсетіледі.

2 Ақы төлеу келісімінің нөмірі 5 символдан тұрады, онда мамандық атауының әрпі және келісімнің үштаңбалы нөмірі көрсетіледі.

3 Жеңілдіктер былай анықталады:

- алғашқы төленген ақы сомасы  ескеріледі

- жазғы және қысқы сессияның  қортындысы ескеріледі

- жанұялық жағдайы ескеріледі

4 Жатақхана тек қана басқа  қаладан келген студенттерге  беріледі және ескерерлік себептер  болса ғана.

5-кезең. Заттық  аумақтың ER-диаграммасын тұрғызу.

ER-диаграмманы тұрғызу үшін заттық  аумақтың объектілерін, атрибуттық  құрамын анықтау керек. Атрибуттар тізімі негізінде келесі (кестелер) мағыналар анықталады:

1 Студент (fio, data, naz, adres, N_blilet)

2 Мамандық (fakult, spez, kurs, group, N_bilet, N_dog)

3 Ақы (N_dog, forma_opl, summ, lgota, vid_lgot)

4 Жатақхана (N_bilet, obshag, srok_proj, data_viezda, N_kom)

Алынған мағыналық кестелер арасында келесі байланыстар болады:

студент ® оқиды®мамандық

мамандық® төленеді®ақы

жатақхана ® бөлінеді®студент

ER-диаграмма қортындысынан 2-суреттегі  сызбаны аламыз.

 

2–сурет-ER-диаграмма

 

6-кезең. Логикалық  жобалау кезеңі.

Бұл кезеңде қандай да бір таңдалынып алынған МҚБЖ құралымен өңделетін модель құрылады.

Деректер моделін таңдау.

Деректер моделі – деректер форматы және оларға қолдануға болатын амалдар құрамы.

Деректердің иерархиялық, желілік, реляциялық модельдері бар.

Кез келген модельде 3 негізгі компонент болады:

1 деректер структурасы – қолданушының көзқарасын сипаттайды.

2 деректер структурасына қолданылатын амалдар

3 толықтылықты шектеу – формальды түрде сипатталған деректер структурасы негізінде заттық аумақтың сәйкестігін қамтитын механизм

Бұл жобада деректердің реляциялық моделі қолданылады, себебі онда байланыс орнату және жаңа байланыстарды орындау, кез келген деңгейдегі деректерді қолдану кесте түрінде жеңіл орындалады.

Деректер структурасы.

Бұл модель негізінде қатынас ұғымы бар, ол деректерді модельдеу құралы ретінде қолданылады. Қатынасты таблица түрінде көрсетеді.

Кесте жолдары картеж деп аталады, ол бір объектіні сипаттайды, оның мазмұны кесте бағандарымен анықталады. Бағандар атаулары атрибуттар деп аталады. Мәні бірмәнді анықталатын атрибут кілттік деп аталады. Егер картеж бірнеше абрибуттар мәндерінің тіркесі арқылы анықталса, онда қатынас құрмалас кілтті деп аталады. Кілттердің біреуі әрқашан алғашқы және оның мәні жаңаланбайды, қалған кілттер мүмкін кілттер деп аталады. Кортеждер арасындағы ассоциацияны бейнелеу үшін кілттердің көшірмелері қолданылады.

Толықтылықты шектеу.

Мұнда 2 негізгі талап бар:

1 Сілтемелер толықтылығы – күрделі  объектілер реляциялық мәліметтер қорында (РМҚ) өзара байланысқан бірнеше қалыптандырылған қатынастар картеждері түрінде көрсетіледі. Бұл кезде анықталған қатынастар арасындағы байланыстар функционалды тәуелділік (ФТ) терминімен сипатталады. Әртүрлі қатынастардың картеждері арасындағы ФТ-ті бейнелеу үшін аналық (негізгі) қатынастың  алғашқы кілтін балалық (бағыныңқы) қатынасқа көшірмелеу қолданылады. Негізгі қатынас кілтінің көшірмесі болып табылатын атрибуттар сыртқы кілттер деп аталады. Сілтемелер толықтылығы келесіден тұрады: бағыныңқы қатынастағы әрбір кілттің әрбір мәні үшін негізгі қатынаста дәл сондай мәнмен алғашқы кілті бар картеж сәйкес келуі керек. 

2 Мазмұнды толықтылық – кез  келген қатынастың әрбір картежі  бұл қатынастың басқа картежінен  ерекше болуы керек, (яғни кез келген қатынаста алғашқы кілт болуы керек), егер бұл талап орындалмаса онда мәліметтер қорында бір объекті туралы қарама - қайшы деректер сақталуы мүмкін.

Берілген мәліметтер қорының ақпараттық объектілерін келесі сәйкес кілттері мен атрибуттары бар қатынастар түрінде қөрсетуге болады:

Студент қатынасы -   

N_bilet

fio

data

naz

adres

...  


 

Мамандық қатынасы-

spez

fakult

kurs

group

N_bilet

N_dog

...


Ақы қатынасы -

N_dog

Forma_opl

summ

lgota

Vid_lgot

Sem_pol


 

Жатақхана қатынасы

N_bilet

obshag

Srok_proj

Data_viezda

N_kom


 

Қатынастарды қалыптандыру.

Қалыптандыру деп қарастырылып отырған қатынаста қажет емес функционалдық тәуелділіктен (ФТ) құтылу үшін ұсақ қатынастарға бөлетін қадамды процесті айтады. ФТ ақпараттың атрибуттары арасындағы семантикалық байланысты анықтайды. ФТ ұғымы 2 немесе одан көп атрибуттарда қолданылады. Егер кез келген уақытта А атрибутының әрбір мәніне Б атрибутының 1 мәні сәйкес келсе, онда Б атрибуты А атрибутынан ФТ  немесе А атрибуты Б атрибутын функционалды анықтайды дейді.

Толық ФТ.

ФТ толық деп аталады, егер Б атрибуты кез келген А тура ішкі жиыннан  функционалды тәуелсіз болса, яғни А+С®Б ФТ болса және А®Б немесе  С®Б ФТ болмаса.

Транзитивті ФТ.

ФТ транзитивті деп аталады, егер А®С және С®Б ФТ бар С атрибуты бар болса, және ол мына С®А ФТ-ға сәйкес болса.

Екі немесе одан көп атрибуттар өзара байланыссыз болады, егер осы атрибуттардың бірде біреуі басқа атрибуттардан ФТ болмаса.

Қатынастың атрибуттар құрамы келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

1 атрибуттар арасында қажетсіз ФТ болмауы керек.

2 атрибуттарды топтау деректердің минималды қайталануын, олардың бөгетсіз жаңалануы мен өңделуін қамтамасыз етуі керек

Бұл талаптарды қанағаттандыру қатынасты қалыптандыруды білдіреді.

Ұсынылып отырған жобада қатынастар 3-ші қалыпты формада, себебі барлық кілттік емес атрибуттар алғашқы кілттен тәуелді, басқа ФТ жоқ.

Деректердің даталогиялық моделі.

Бұл кезеңде қатынастың атрибуттық құрамы толық ашылады (7-10 кестелер): деректер типі, ұзындығы тағайындалады.

Делфи және мәліметтер қоры