Денсаулық – адам өмірінің кепілі
Кіріспе
- Денсаулық – адам өмірінің кепілі
- ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Әлеуметтік саясаттың басты бағыты-денсаулық сақтау. Өмір сапасы және адамның жанжақты дамуы – бұл санаттар экономикалық өсу және қоғамның дамуы проблемаларының қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұндық сипаттамасын құрайды
Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық – техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі технологияларын еңгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін еңгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанныңденсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
Мәнжазбаны жазудағы негізгі мақсат: денсаулық сақтау саласындағы басқару әдістеріне түсінік бере отырып, олардың тиімділігін және ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштерін анықтап, Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау кезеңдеріне сипаттама беру.
Мәнжазбаның мақсатына орай оған келесідей міндеттер қойылады: денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру жолдарын қарастыру; қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ететін бағдарламаларға тоқталу;денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтап, оларға талдау жасау.
Мәнжазбаның
құрылымы келесідей
- Денсаулық – адам өмірінің кепілі
Денсаулық сақтау саласының қарқынды және сәтті дамуы –мемлекетіміздегі әлеуметтік – экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына тікелей байланысты. Мемлекет үшін халықтың денсаулығын сақтау.
Өмір сапасы адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін субъективті бағалау ретінде анықтала бастады. Өмір сапасы проблемаларына жаңа қызығушылық тоқтамаған экономикалық дағдарысқа және әлемде әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтардың ушығуына байланысты соңғы жылдары туындады, бұл негізінен әлем елдерінің көпшілігінде халықтың нақты табыстарының төмендеуінен, мүліктік сараланудың тереңдеуінен көрінді.
Өмір сапасын сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек.
Қазіргі заманғы экономикалық
сөздік«өмір сапасы» деген
Қазіргі таңда денсаулық сақтау ісін дамыту институционалдық қайта құрылу, кадр әлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне еніп отыр. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру басымдық ала бастады. Кәсіби менеджерлер институтын және қазіргі замаңғы басқару технологияларын қоса алғанд, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспаренттік нысандарын кезең кезеңімен еңгізу жалғасқан. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерін міндетті түрде оқытуды қамтитын, денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне ерекше назар аударылған.
Саланың экономикалық тиімділігін
бағалау жүйесін құру мақсатында
практикаға еңгізу үшін қазіргі заманғы
халықаралық әдіснамалық
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өзге де орталық жергілікті атқарушы органдар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
- Медициналық, фармацептикалық қызметті мемлекетік бақылау және мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялы қадағалау;
- Медициналық және фармацептикалық қызметті лицензиялау;
- Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
- Денсаулық сақтау саласындағы атестаттау;
- Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер өзгерістер енгізу;
- Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың техниканы регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттар талаптарыда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
- Дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
- ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштері
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты мақсаты қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет саласын дамыту деп атап көрсетті.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдықта нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.
Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасынының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.
2015 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық профилактикалық медицинаны күшейту мен денсаулық сақтаудың әлуметтік бағыттылығы болады.
Осы мақсатқа байланысты қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара байланыстың тиімділігі арттырылады, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.
Жоғарыда санамаланған шаралар ана, бала және жалпы өлімнің азаюына ықпал етеді. «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға қосу қолда бар төсек орнының қуатн орынды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақтағы модельдің негізі көп бейінді ауруханалар болып табылады. Дәрі-дәрмектің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында емделушілерге дәріхана мен дәрі-дәрмекті таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді реформалау жүргізіледі. Бұл шаралар амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге фармацевтикалық нарық субъектілерінің көп санын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен дәрі-дәрмек зарттарының халыққа нақты қол жетімділігін жақсартуға көмектеседі.
Тегін медициналық көмекиің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда.
Медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, әсіресе алыс және жолы қиын өңірлердегі ауыл тұрғындары үшін көлік медицинасы, оның ішінде санитарлық авиация дамытылатын болады.
Медициналық, фармацевтикалық білімді дамыту, медицинада инновациялық технологияларды дамыту мен енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Бағдарламада ведомствааралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық , құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.теңгені құрайды.
Жылдар бойынша |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Басқа көздер |
2011 ж. |
65 262,7 |
64 700,3 |
562,4 |
|
2012 ж. |
79 966,9 |
75 312,1 |
454,8 |
4 200 |
2013 ж. |
74 059,4 |
69 367,9 |
491,5 |
4 200 |
2014 ж. |
79 086,1 |
74 290,5 |
595,6 |
4200 |
2015 ж. |
81 983,8 |
72 926,0 |
657,8 |
8400 |
барлығы |
380 358,9 |
356 596,8 |
2 762,1 |
21 000 |
Өмір сапасын қарастыру тұрғысынан маңыздылығы жағынан бірінші баңдарлама сөзсіз ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған құжат – 2011 – 2015 жылдар аралығында іске асырылуы есептелген «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Осы бағдарламаның денсаулық
сақтаусаласындағы алдыңғы
Осы бағдарламаның сандық нысаналы индикаторларын қарастырамыз. Соңғыны іске асыру халықтың күтілетін өмірдің ұзақтығын 2013 жылға қарай 69,5 жасқа дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғайтуды көздейді. Бұл бағытта нәтиже айқын: егер 2010 жылдың нәтижелері бойынша көрсеткіш 68,4 жасты құраса, 2011 жылы – 69,0 болды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда жыныстар арасындағы көрсеткіштің айырмашылығы 2011 жылы 0,2 жасқа (2,4 ай) азайды.
Бағдарламаны құрастырушылар ана өлімінің төмендеуінің нысаналы көрсеткіштерін белгілеу кезінде сақ болды: 2013 жылға қарай 100 мың тірі туғандар 28,1 дейін, 2015 жылға қарай 24,5 дейін жеткізу жоспарланған болатын. Шын мәнінде бұдан бұрын қабылданған шаралар, сондай-ақ, өзге де факторлар бұл көрсеткішті күрт жақсартты және 2010 жылдың өзінде ол 100 мың тірі туғандарға 22,7, ал 2011 – 17,4 құрады, бұл ретте 2009 жылы өлім-жітім 36,8 болған еді.
Нәрестелер өлімінің төмендеуін 2013 жылға қарай 1000 тірі туғандарға 14,1 дейін, жылға қарай –12,3 дейін жеткізу жоспарланады. Іс жүзінде 2010 жылы көрсеткіш 1000 тірі туғандарға 16,54, ал 2011 – 14,84 құрады.
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2013 жылға қарай 1000 халыққа 8,14 дейін, 2015 жылға қарай –7,62 дейін төмендету жоспарланған. Шын мәнінде 2010 жылғы факт бойынша 1000 халыққа 8,9, 2011 – 8,7 өлім-жітім тіркелген.
Құрт ауруымен ауру ауруы 100 мың
халыққа 98,1 дейін, 2015 жылға қарай - 94,7
дейін төмендуге тиіс болатын. Іс
жүзінде бүгінде бұл
Осы мемлекеттік бағдарламаны орындау елдегі өмір сапасын арттыруға бағытталғаны анық. Бағдарламада белгінген нысаналы көрсеткіштер нақты деректермен салыстыру олардың жақсы орындалғанын көрсетеді. Бүгінде бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді, ал қалғандарының серпіні оптимизмге бағыттайды.
Халықтың күтіліп отырған
өмір сүру ұзақтығының ана өлім-жітімінің 100 мың
тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға
қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай нәресте өлім-жітімінің
1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге
дейін, 2015 жылға қарай жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі; 15-49 жас аралығындағы
жас тобында АИТВ |
Адам дамуының индексі (АДИ), кейбір индикаторлар-компоненттер саяси өзгеріске жауап ретінде бірден өзгермейтіндіктен, уақыттың қысқа кезеңі үшін адам дамуының прогресін бағалауға арналмаған. Орта білімнің жылдардың білім берудің орташа санымен және туған кездегі өмірдің орташа жыл санымен де сол сияқты. Бірақ АДИ прогресін ортамерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективаларда қайта қарау өте маңызды 1990 және 2010 жылдар кезеңі үшін Қазақстан АДИ жылына 0.650 дан бастап 0.714 дейін, 10 % немесе орташа алғанда 0.5% өсті.
Төмендегі кесте-1 бойынша Қазақстанның әрбір индикаторы бойынша прогресті көрсетеді. 1990 – 2010 ж.ж. туылған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін төмендеді, сол уақытта оқытудың орташа жыл саны 3 жылға артты және күтілетін оқыту жылдарының саны 3 ІЖӨ жылға ұлғайды. Жан басына шаққандағы Қазақстанның ІЖӨ 33% өсті.
1кесте
И Индикаторлардың жаңа компоненттері мен жаңа әдістемесінің формальды түрдегі уақыттық деректеріне арналған Қазақстан АДИ көрсеткіштерінің тенденциясы | |||||
Өмір сүрудің туу кезіндегі күтілетін орташа ұзақтығы |
Оқытудың күтілетін ұзақтығы (жыл) |
Оқытудың нақты саны |
Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ (ППС, АҚШ $ мен) |
ААДИ ин | |
1980 |
65.0 |
11.6 |
6.1 |
.. |
.. |
1985 |
66.9 |
12.6 |
7.0 |
.. |
.. |
1990 |
66.7 |
12.5 |
7.7 |
7,676 |
0.650 |
1995 |
63.9 |
12.1 |
8.8 |
4,837 |
0.620 |
2000 |
63.6 |
12.3 |
7.7 |
5,452 |
0.614 |
2005 |
64.8 |
14.9 |
10.1 |
8,479 |
0.696 |
2010 |
65.4 |
15.1 |
10.3 |
10,234 |
0.714 |
С : Өзге елдермен және аймақтармен салыстырғандағы 2010 жыл үшін Қазақстанның АДИ Индикаторлары | ||||||
АДИ индексі |
АДИ рейтингісі |
Туылған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы |
Оқытудың күтілетін жылдары саны |
Оқыту жылдарының орташа саны |
Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ (ППС $) | |
Қазақстан |
0.714 |
66 |
65.4 |
15.1 |
10.3 |
10,234 |
Украина |
0.710 |
69 |
68.6 |
14.6 |
11.3 |
6,535 |
РесейФедерация |
0.719 |
65 |
67.2 |
14.1 |
8.8 |
15,258 |
Шешен Республикасы |
0.841 |
28 |
76.9 |
15.2 |
12.3 |
22,678 |
Еуропа және Орталық Азия |
0.702 |
— |
70.4 |
13.9 |
9.4 |
12,555 |
АДИ жоғары деңгейі |
0.717 |
— |
72.6 |
13.8 |
8.3 |
12,286 |
2кесте
2010 жыл үшін Қазақстан АДИ -
0.714 – Еуропа және Орта Азия елдері үшін орташа көрсеткіштен төмен 0.
Басқа елдерге қатысты прогресті бағалау. Ұзақмерзімдік прогресті басқа көрші елдерге қатысты, географиялық орналасу деңгейі ретінде де, сол сияқты ИЧР деңгейі ретінде де бағалауға болады. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан, Албания және Болгария Еуропа және Орталық Азияда АДИ кестесінің көрші жолдар бойынша соңғысын иеленген болатын. Бірақ 1990 – 2010 жылдар кезеңі үшін АДИ елдер АДИ прогресіне түрлі жолдармен өтті
Өмір сапасын адамның еркін әл-ауқаты деңгейін және дәрежесін, әлеуметтік және рухани дамуын, сондай-ақ, оның тән саулығын жан жақты сипаттайтын интегралдық санат ретінде түсіндіруге болады. Оның құрылымдық құрамдауыштарының қатарынан мынадай негізгі құрамдауыштарды: халықтың денсаулық деңгейін және өмірінің ұзақтығын, халықтың өмір сүру деңгейін, халықтың өмір сипатын атап өтуге болады.
1-сурет. Өмір деңгейінің,
сипатының және сапасының
Бүгінде БҰҰ халықаралық статистикадағы өмір сапасы көрсеткіштері жүйесінің қолданыстағы нұсқасы 1978 жылы әзірленді және 11 негізгі көрсеткіштер топтарын қамтиды: [37]
- Халықтың туу, өлім-жітім және басқа да демографиялық сипаттамалары.
- Өмірдің санитарлық-гигиеналық шарттары.
- Азық-түлік тауарларын тұтыну.
- Тұрғын үй шарттары.
- Еңбек және жұмыспен қамтылу шарттары.
- Білім және мәдениет.
- Халықтың табыстары және шығындары.
- Өмір құны және тұтыну бағалары.
- Көлік құралдары.
- Демалысты ұйымдастыру.
- Әлеуметтік қамтамасыз ету. Адамның еркіндігі
Аталған көрсеткіштер топтарынан басқа БҰҰ статистикалық комиссиясы өмір сүру деңгейін бағалау үшін қажетті, бірақ БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша оның тікелей сипаттамалары болып табылмайтын бірқатар ақпараттық көрсеткіштерді қамтитын жалпы бөлімді бөліп көрсетті. Мұнда ұлттық табыс, халықтың жан басына жалпы ішкі өнім (ЖІӨ); әлеуметтік қызмет көрсету көлемі және түрлері; халықтың жеке тұтыну шығындары, олардың құрылымы және өсудің орташа жылдық коэффициенті, халықтың тығыздығы, халыққа көлік қызметін көрсету; байланыс құралдары, баспасөз жұмысы және т.б. енгізілген.
- Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
Денсаулық сақтау секторында бірқатар іргелі проблемалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуда қосымша салымдарды қажет етеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан, ол да қосымша шығыстарды қажет етеді. Негізгі проблемалар тек ресурсстардың жеткіліксіздігі ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігінің төмендігіне де байланысты болып отыр, яғни қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиімділігіне емес, желінің қуаттылығын ұстауға бағдарланған.
БМСК – ті қаржыландырудың тиімді тетіктері: ынталандыру төлемдеріне ққаржыландырудың болмауы (44%), нормативтік құқықтық базаны жетілдірмеу, заңды тетіктердің болмауы (25%), денсаулық сақтау менеджерлерінің нашар даярлау(6%) себептіжеткіліксіз пайдаланады.
Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларды бөлудің теңсіздігі өте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды.
Кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. Салаға жас мамандардың келуінің ұлғаюына қарамастан, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.
Медицина кадрларының
санаттылық деңгейінің жоғары болуына
(42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық
қызметтер сапасы тұтынушылар мен
жұмыс берушілерді
Денсаулық сақтау саласындағы ғылым саласы дүниежүзілік стандарттардан айтарлықтай артта қалып отыр, отандық ғылыми өнімнің бәсекелестікке қабілетсіздігі мен қажет етілмейтіндігі байқалады. Көрсетілген мәселені шешу үшін 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы іске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетілдіру іс-шаралары басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар зор дербестікке қол жеткізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауысты. Ғылыми-білім беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелді медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур университеттерінде ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқудан өтті. Халықаралық басылым беттерінде рецензияланған жарияланымдар көбейіп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі әзірленді.
Қабылданған шараларға қарамастан, кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілік деңгейі, БМСК көрсететін персоналдың тапшылығы, ірі қалалардағы медицина қызметкерлерінің аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсіптік медициналық білім алған медицина қызметкерлері санының теңсіздігі, жұмысқа деген уәждемелік ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғалудың жеткіліксіздігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық жетістіктердің жоқтығы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің негізгі проблемалары күйінде қалып отыр.
Аталған денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды шешу үшін мынадай бағыттар қарастырылған:
- Сектораралық және ведомствааралық өзара іс – қимылдың тиімділігін арттыруды, яғни азаматтардың денсаулығы соларға байланысты болатын құрылымдардың бірлескен жұмысын көздейді;
- Негізгі әлеуметтік елеулі аурулар (инфаркт, инсульт, қант диабеті, обыр, туберкулез, ЖИТС) бойынша профилактикалық іс – шараларды күшейтуді көздейді;
- Санитарлық – эпидемиологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі, атап айтқанда, суық тию аурулары мен өкпенің қабынуын туындататын инфекциялардан балаларды егу жүргізу жөніндегі шаралардан тұрады.
- Халық үшін дәрілік заттардың қол жетімділігі мен сапасын арттыру.
Қорытынды
Қорытындылай келе, жалпы халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргіілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалады.
Медициналқ ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең кезеңімен ауыстыру, басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай – ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік беретіні қарастырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретіне мыналарды беретіне атауға болады:
- денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басты бағыттары;
- денсаулық сақтау
саласын мемлекеттік
- денсаулық сақтау
обьектілерінің қалпына
- емдеу – диагностикалық
үдеріске жаңа медициналық
- ауылдық жерлердің
медициналық ұйымдарында
Өмір сапасын қарастыру тұрғысынан маңыздылығы жағынан бірінші баңдарлама сөзсіз ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған құжат – 2011 – 2015 жылдар аралығында іске асырылуы есептелген «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

- Денсаулық бұзатын факторлар
- Денсаулық, дене шынықтыру тәрбиесі
- Денсаулыққа байланысты өмір сапасы
- Денсаулыққа байланысты өмір сапасы
- Денсаулық пен ауру туралы түсінік
- Денсаулық психологиясы
- Денсаулық сақтаудағы классификация жүйесі және кодтау жүйесі
- Денис Аркадьевич Кауфман (Дзига Вертов)
- Денис Васильевич Давыдов
- Денис Давыдов и Партизанское движение
- Денис Иванович Фонвизин 1745-1792
- Денікін Антон Іванович
- Денікінський режим в Україні
- Дені саудың - жаны сау