Денсаулық пен ауру туралы түсінік
Кіріспе
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.
Адамның денсаулығын сақтаудағ
Салауатты өмір салтын
Соңғы жылдарда,әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі,сондай-ақ ,Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты,және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес-адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние.Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында.Дені сау адам көңілді жүреді.
Дүние жүзілік медицина
Адамзат баласының тіршілік
өмірінде еңбір бағалы нәрсе,
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,Қазақстан республиксынның «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.
Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады.
Елімізде денсаулық сақтау
ісімен денсаулық сақтау
Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде,әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн.Орташ өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру,ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Шымкент қаласындағы басты денсаулық сақтау орталықтармен бірлесе жұмыс істеп «Гипокинезия- салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі» деген тақырыпты зерттеп,бұл аурудың қазіргі таңда қаншалықты күрделі мәселеге айналып отырғандығын және ағзаның вегетативті жүйесі,жүрек қан тамыр, тыныс жолдарына тигізетін зардабы,сонымен бірге гипокинезияға қарсы амалдар аурудың алдын алу жолдарын қарастыру,осыған байланысты халықтың да салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселері жөніндегі білімін арттырып,халық арасынды спорт пен дене шынықтыруды насихаттау болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі.Қазіргі жақандану кезінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі қоғам факторы және оны жандандыру,ел өмірінің барлық әлеуметтік жақтарын жаңарту жайында әлеуметтік мәселелер күрделеніп отыр.Ал нарықтық қатнасқа көшу мен экономикалық реформалау жаңа технологияның қарыштап дамуы елімізде өз әлеуметтік мәселені алып келді.Прогрестік жетістіктер, (компюьтер,автокөлік,ұялы сымтетік т.б)адамдарды артық қозғалыс пен ауыр жұмыстан көбірек босатқан сайын соғырлым қозғалыс белсенділігінің орнын толтыру тәуелдігі артып отыр.Мұндай жағдайда дене тәрбиесімен жалпы айналысудың маңызы зор.Дене тәрбиесімен айналысу әйелдер үшін маңыздылығы басым,себебі саналы және сапалы ұрпақтың болуы аналар денсаулығына байланыстыСоңғы кезде демографиялық келеңсіз құбылыстармен(бала туылудың кемуі,өмір сүрудің қысқаруы)бірге физиологиялық пісіп жетілмеу көп көрініс беріп тұр.Физиологиялық пісіп жетілмеу бұл дене сапалары мендағдылардың қалыпты дамымауы,семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының қисаюы жалпақ табандылық т.б.Бұл құбылыстар адам өмірінің соңына дейін теріс із қалдыруы мүмкін.Олар жасөспірімдік кезеңде жыныстық дамуды тежеп дене және ақыл-ой жұмыс қабілетін төмендетіп,ерте қартаюға әкеп соғады.
1.1 Денсаулық пен ауру туралы түсінік.
Денсаулық дегеніміз-ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазір-гі кезде денсаулықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.
1.Физикалық денсаулық-ағза
2.Соматикалық денсаулық-Ол
3.Психикалық денсаулық-ол
4.Рухани денсаулық-ол
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ,денсаулықты шартсыз түрде 100% етіп алсақ,оның 20% тектік факторларға,20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына,экологиялық факторлардың әсеріне,10%-денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр.Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса,және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса,онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз.Түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады.Өйткені сдам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы.Денсаулықтың 50%-ның жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғалымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр.
Дені сау деп-организмнің органдары мен жүйелерінің қызмет істеу қабілеті сыртқы ортаның жағдайымен толық сәйкес келуін және қандай да бір аурудың белгілері жоқ болуын айтады.Дені саулықтың негізгі белгісі,оның сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіштік қасиеті.Дені сау организм адамның ауыр психикалық және физикалық қажуын жеңе алады және сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделеді.Сондықтан оны қалыпты жағдайдан шығару оңайға түспейді.Денесі жаттықан адамдардың өзін-өзі қорғау,бейімделгіштік қасиеті өте жоғары дамыған.Бірақта организмнің өзін-өзі қалыпқа келтіру қасиеті шексіз емес.Ерте ме кеш пе ол қажиды,денені ауру жайлайды.Дені сау организмнің сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруіне өте жоғары дәрежедегі бейімделгіштігінің басты себебі,оның органдар ментканьдардағы тіршілік қызметін жедел реттеп отыруында.Тірі организм өте күрделі өзін-өзі басқаратын жүйе.Ол сыртқы ортаның тоқтаусыз өзгерістеріне сай өзін-өзі пайдалы тәртіпке түсіріп отырады.Сонымен қатар,денсаулықтың белгісі организмнің ішкі ортасының үнемі қалыпты жағдайда болуы.Оны гемеостазис деп атайды.Қалыпты жағдайда организм өзінің қызуын,қанның химиялық құрамын,қанның құрамындағы оттегінің көлемін т.б бір қалыпты ұстайды.Сыртқы ортанның қоздырғыштарының күшті әсерінен ішкі ортанның қалыпты жағдайы өзгеруі мүмкін.Сол кезде денеде ауру пайда болады.Денсаулық және қалыпты жағдай деген ұғымдардың арасында ешқандай да шек жоқ.Кейде дені сау деп ойлаған организмде аурудың ошағы болуы мүмкін мысалы (жұқпалы аурулардың жасырын басталатын кезеңі).Аурудың жасырын бастаған жағдайында адам организмі бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.Бұл спортшыларға тән қасиет.Олардың организміндегі өзін-өзі қалыпқа келтіретін механизм өте жоғары дәрежеде дамыған.Сондықтан ауру ұзақ уақыт жасырын жағдайда даиды және көңіл күйіне аса әсер ете қоймайды.Денсаулық пен аурудың арасында әртүрлі өтпелі жағдайлар бар.Денеде аурудың пайда болғандығы немесе жоқтығы туралы ұйғарымға келу үшін организмнің жекелеген қасиеттеріне жүгіну, жақсы шынығу дәрежесі және оны қоршаған ортаның жағдайын есепке алу керек.Организмге түсетін шамадан тыс күшті қоздырғыштардың әсерінен немесе жәй қоздырғыштарға бағытталған бейімделгіштік қасиетінің төмендеуінен адамда ауру пайда болады.Адам организміне тән морфологиялық және қызметтік қасиеттер өзгеріске ұшырайды да кесел басталады.
Аурудың басталуына байланысты
өзін-өзі реттеу қызметі
1.1 Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар.
Гипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді.Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының техникаландыруына, өзін-өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты,адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Дәл қазіргі таңдағы цивилизациялы қоғам дене еңбегін азайтуда орасан зор табыстарға ие болуда.Мұның өзі транспорттың дамуына,өндіріс процестері-нің автоматтандырылуына байланысты.Біздің елімізде сан мыңдаған миллиондаған адамдар жыл сайын лифтілері,кір-қоқыстарын сыртқа өзі тартып шығаратын құбырларды пайдалануда.Барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті өмір сүруде. Соңғы кездегі адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден-бір себебі осы гипокинезияға байланысты.Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру қозады.Мысалға,қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу,ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды.Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың,жүйелердің қызметі де баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды,ауру туады.
Адамдардың дене белсенділігіні
Дене белсенділігі жоғары
адамдарда бұл аурулар жоққа
тән.Осы бағытта көптеген
Екінші қауіпті фактор
Сонымен бірге гипокинезия холестеролдың,этирифицирленген полиенді май қышқылдары құрамының артуына,перекисті тотыққан осы қышқылдар өнімдерінің қан плазмасындағы липидтерде жинақталуына жағдай туғызады.Балалармен жасөспір-імдерде гипокинезия қалыпты кездегі жүрек соғуының жоғарлауына,тері асты майының қалыңдауына,дем шығару қарқынының артуына,қандағы холестерол құрамының көбеюіне әкеледі
Қозғалыс аппаратындағы
Гипокинезия буын жағдайына
да көп әсер етеді.Ұзақ
Қимыл-қозғалыс кемшілігінің
жоғарыда көрсеткендей,денеге
Гиподинамия (қимылдың кемдігі)
ең алдымен ми қыртысын
Орталық нерв жүйесінен
Сонымен жоғары нерв жүйесі
бір жағынан бұлшық ет,
Денсаулықтың кепілі,адамның еңбекке деген қабілеті,қандай жаста болса да,дамылсыз соғып тұрған жүрекке байланысты.Барлық қимыл-қозғалыс денеде өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы.Жүрек бұлшық еті ретпен жиырылып-жазылып,қанды қолқа тамырға итеріп шығарады,ол ары қарай тарамдалып,кішкене тамыршалар арқалы бүкіл денені жуып шығады.
Сол арқылы денедегі әрбір жасуша,ең шеткері орналасқан жүйелер,оттегі,су,тұз қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.Содан соң бұлшық ет босаңсыған шақта,керісінше көк тамыр арқылы көмірқышқылына және тағы басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді.
Қимылдың тапшылығы жүректің осылай өз ретімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.Жүрек бұлшық етттерінің жиырылу күші кеміп,денеге тарайтын қанның мөлшері төмендеп,қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады.Қимыл-қозғалысты аз мөлшерде қысқартқанның өзінде денеде айтарлықтай өзгерістер туады.Мәсе-лен,бұлшық еттің солуы,жүрек жиырылу күшінің кемуі,ішкі ағзалар қызметінің нашарлауы сияқты құбылыстар байқалады.
Қимылдың тапшылығынан басқа
да толып жатқан сырқаттарды
аңғаруға болады.Олар қазіргі
кезде жиі кездесіп жүрген
ғасыр ауруы деп аталатын
Үнемі қозғалмай бірқалыпты
сіресіп отырғаннан аталған
Кейде сол омыртқа аралық
шеміршек сыртқа теуіп шығып
кетеді.Мұның өзі жұлыннан
Дегенмен ол үшкір сүйек (остеофиттер)омыртқалардың тұрақтылығын біршама қалыптастырғанмен,сыртқы тепкен шеміршек сияқты нерв талшықтары мен қан тамырларын ығыстырып тастайды.Содан барып аурудың әр түрлі белгілері байқалады.Омыртқа жотасының ішінде ең үлкен салмақ мойын және бел омыртқаларға түседі.
Сонымен остеохондроз басқа
белгісіз себептермен бірге
Ең жиі кездесетін кемтарлық-
Жоғарыда айтылған ойыс пен
дөңестің және омыртқа аралық
шеміршектің нәтижесінде,
Омыртқа жотасының ретті
қызмет етуіне оны қоршаған
бұлшық ет үлкен әсер етеді.
Табан бұлшық етінің
Сонымен гиподинамия
1.2 Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық көріністері.
Семіздік дегеніміз-тері асты шеліне және басқа да организмдегі тіндерде майдың жиналуының нәтижесінде ден салмағының 20%-ке,немесе одан да көп артуын айтамыз.Экономикасы жақсы дамыған елдерде халықтың 20-30%-ы семіздікпен ауырады,сондық-тан бұл тек медициналық қана емес,әлеуметтік маңызы бар ауру түрі.
Ғалымдар адамның іс жүзінде
салмағы оның қалыпты
Этиология мен патогенезі.Адам қолданатын тағамның калория мөлшері организмнің энергетикалық жұмсауларынан артылған шақта,семіздік дамиды.Оның жиі кездесетін себептердің бірі-дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ қабылдау,негізгі тағам көлемін кешкі сағаттарда қабылдау) және физикалық жүктеменің азаюы.Тұқым қуалай отырып,семіздікке бейімділік беріледі.Зерт-теулер жүргізі отырып,анықталған себептер:егер ата-анасы арықтау болса,баласында 14%жағдайда;ал анасы мен әкесі де артық салмақты болғанда-80%жағдайда осы ауру дамиды.
Семіздіктің барлық түрінде май алмасуын реттейтін орталық механизмдер бұзылады.Гипоталамуста қанығу орталығы (вентромедиалды ядро)және тәбет орталығы орналасқан,олар тамақ қабылдауды өздігінен реттеп тұрады.Гипоталамустың қабынулық немесе жарақаттанулық зақымдануы осы орталықтарды қоздырады,
тәбетті ұлғайтады,ол гипоталамустық семіздікке әкеліп соқтырады.
Жіктелуі Семіздікті біріншілік деп бөлеміз,оған алиментарлық-конституционалдық семіздік жатады,бұл көбіне отбасылық көрініс.Семіздіктің екіншілік түріне гипоталамустық және эндокриндік семіздік жатады.Дене массасының артық мөлшеріне байлаысты семіздіктің 4 сатысын ажыратады.I сатысында-артық салмақ қалыптағыдан 20-29% артық ,II сатысында-30-49%,III сатысында-50-99%,IV сатысында-100% және одан да көп.Дененің дұрыс салмағын білу үшін арнайы кестелер қолданады немесе дене салмағының әріпсанын есептейді,ол үшін дененің салмағын(кг)бой-дың ұзындығына(м) бөліп,квадратын шығарады,қалыпты жағдайда ол 20,0-24,9 тең.
Клиникалық көріністер.Семіздіктің түріне байланысты,алинмен-тарлық дене бітімдік семіздіктің I-II сатысы кезінде науқастың шағымдары болмауы мүмкін.Ал III-IV сатысында физикалық күш түскенде ентігу,тез шаршау,жүрек соғу,жүрек тұсының ауыруымен
Аяқтардың ісінуі т.б шағымдар пайда болады.
Семіздіктің екіншілік
Эндокриндік семіздік басқа эндокриндік ауруларға серіктес болып келеді (гипотиреоз,климакс,бүйрек үсті бездерінің аурулары).Нау-қастарды қарап тексергенде,құрсақ пен санның ішкі жағындағы терісінде күңгірт қызыл түсті сызықшаларды байқауға болады.Семіз адамның іш пердесі жоғары орналасқандықтан,брон-хиттер мен пневмониялармен жиі ауырады.Өкпенің гиповентиля-циясы,бас миының гипоксиясы дамып,ол тыныс ырғағының ретсізденуімен және патологиялық ұйқышылдықпен көрінуі мүмкін (Пиквик синдромы).Семіз науқастардың артериялық қан қысымы жоғарлауға бейім.Қыжылдау,іштің кебуі сияқты шағымдары болады.Дене салмағы артық адамдарда шап және кіндік тұсында жарықтар жиі кездеседі.Әйел адамдардың етек кірі бұзылады,ер адамдардың жыныстық жігерлігі төмендеп,сүт бездері ұлғаяды.Семіз адамдарда қан қысымының көтерілуі 3-4 рет,жүрек ишемия ауруы 1,5-2 рет,веналардың варкиозы 2-3 рет,өт тас ауруы-6 рет жиілікпен кездеседі.20-25% науқастарда қантты диабет дамиды.
Дененің майлылығын қалыпты,
Сырттай бағалау арқылы дененің нормостениялық гипо және гиперстениялық түрлерін белгілейді.
Сонымен біз артық салмақ өзімізге көрік бермейтін аса қатерлі жүрек ауруларының,гипертонияның,қант диабетінің,қатерлі ісік ауруларының қуатты қоздырушысы екенін білеміз.Дүние жүзінде қезіргі кезде сауығу қозғалысы кең етек алды,соның ішінде адамдар бұл күндерді артық салмақ пен семіруге қарсы күрес жүргізуде.Шетелдік сақтық компанияларының статистикалық мәліметтеріне қарағанда,салмақ нормадан 20% артып кетсе,инфаркт пен миға қан құйылудан өлу қаупі 15-20%,диабеттен мерт болу қаупі 2-2,5 есе артады екен.Салмақтары нормадан 40% асып,семіріп кеткен адамдар арасында жүрек-қан тамыры аурулармен қайтыс болу 40-60%,рактан 5-15% көбейетін болып шықты.Бір сөзбен айтқанда,қарнымызға көз салатын мезгіл жетті,қарнымыз нормадан асып қанша жуандаса,өмір-жасымыздың сонша қысқарғандығы.Семірудің негізінде дәмдірек бір нәрсе жеуге құштарлық ,қанағат дегенді ұмыту,мешкейлік жатыр.Сол мешкейлік салдарынан біздің көпшілігіміз тамақты қажетті мөлшерден әлденеше есе көп ішеміз,жуан адамдардың арық ашаң адамдардан 10-12 жыл бұрын өлетіні ойымызға да келмейді.Тамақ ішуге өзімізге еркіндік берген кезде бір жапырақ нанның бізге 5-6 километр жерге жаяу жүріп баруға жететін энергия беретінін есімізде ұстаған жөн.
Тарихты да еске түсірген
жөн болар.Мысалы ертедегі
Біздің заманның тағы бір
қауіпті көрінісі-ол жастар
Қалай болса да,мейлі,
Семірудің негізінде не жатыр? Сөз жоқ, энергетикалық дисбаланс.

- Денсаулық психологиясы
- Денсаулық сақтаудағы классификация жүйесі және кодтау жүйесі
- Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен
- Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс
- Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс
- Денсаулық сақтау технологиясы
- Денсаулық – салауатты өмір кепілі
- Денікінський режим в Україні
- Дені саудың - жаны сау
- Денсаулық – адам өмірінің кепілі
- Денсаулық бұзатын факторлар
- Денсаулық, дене шынықтыру тәрбиесі
- Денсаулыққа байланысты өмір сапасы
- Денсаулыққа байланысты өмір сапасы