Дипломатиялық хат-хабар жазысу
Дипломатиялық хат-хабар
жазысу – мемлекеттің сыртқы саяси
және дипломатиялық қызметінің негізгі
нысандарының бірі, мемлекеттер арасындағы
қарым-қатынастарды іске асыратын әртүрлі
ресми қатынас хаттары мен
дипломатиялық сипаттағы
Қазіргі заманның аса маңызды,
өзекті мәселелеріне қатысты мемлекеттердің
саяси ұстанымын айқындайтын
мемлекет қайраткерлерінің баяндамалары,
мәлімдемелері, жолдаулар, ноталар, меморандумдар,
мемлекет басшысының, үкіметтің ресми
жеделхаттарды сияқты дипломатиялық
құжаттар бүгінгі кезеңдегі ақпараттық
желісінде сыртқы саясат мәселесіне
қатысты құжаттар ретінде ерекше
орын алады. Жалпы дипломатиялық
құжаттарда қаралатын мәселелер
де алуан түрлі. Олар өзіндік нысанына
қарай мемлекеттердің тәуелсіздігін
мойындайтын және дипломатиялық
қатынастар орнату жөнінде ұсыныстар
түрінде, барлық халықтардың тағдырына
қатысты құжаттар болуы мүмкін. Дипломатиялық
құжаттарды дайындау сыртқы істер министрлігі
қызметінің маңызды бағыттарының бірі
болып табылады. Осы дипломатиялық
хат алмасудың қалыптасқан
Дипломатиялық тәжірибеде жиі пайдаланылатын дипломатиялық хат-хабар жазысу құжаттары:
- жеке ноталар;
- вербальды ноталар;
- жадынамалық жазбалар;
- меморандумдар;
- жартылай ресми сипаттағы жеке хаттар;
- жеке жолдаулар;
- жеделхаттар.
Дипломатиялық қызмет тәжірибесінде
дипломатиялық құжаттарды дұрыс
ресімдеуге үлкен мән беріледі. Аталмыш
дипломатиялық құжаттардың
Құрметтіліктің протоколдық
сөз орамдары жеке және вербальды
ноталарда, жеке жолдауларда, шабарманмен
жіберілетін жадынамалық
Жеке нота маңызды және қағидатты мәндегі мәселелер бойынша дайындалады немесе қандай да бір ірі оқиғалар жөніндегі ақпаратты мағынаға ие болады. Жеке ноталар ноталық бланкіде теріледі, яғни елдің мемлекеттік елтаңбасы басылған ерекше қағазда, елтаңбаның астында «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген жазу келеді.
Жеке нота құжатқа қол қоюшының атынан бірінші жақта ресімделеді және қаратпа сөзден басталады.
Жеке ноталарда кең етек алған құрметтіліктің протоколдық сөз орамдары «Құрметті Министр мырза», «Құрметті Елші мырза». Бұл қаратпа сөздер құжатты қабылдаушыны мәтіннің мазмұнына қайырымдылықпен қарауға шақырады.
Қаратпа сөздерден кейін құжатта мәтіннің мағыналы өзегі жазылады. Айтылатын ой толық жеткізілгеннен кейін автор «өзінің құрметтілігін растап» қорытынды қошеметтілікпен аяқтайды.
Жеке ноталар мәтінінің мазмұнына қарап оның қандай лепте жазылғандығын айқындауға болады, яғни аса жылы шыраймен бе, әлде қалыпты ғана жылылық па, жоқ салқын қандылық басым ба. Егер жеке нота «Министр мырза», «Елші мырза» сияқты қаратпа сөзбен басталып, «Құрметпен» деген қошеметпен ғана аяқталып жатса, бұл автордың нотаға байсалдылық сипатын беру ниетінен тууы ықтимал.
Жеке нотаны автор «Құрметті Министр мырза» деп бастап, «Шынайы құрметпен» деген қошеметтілікпен аяқтауы, бұл құжатта жылылық пен достық сипатты ерекше көрсетуге ұмтылуынан болуы мүмкін. Жеке ноталарда қошеметтіліктің басқа да түрлері кездеседі:
- сыртқы істер министріне немесе елшіге – Министр мырза, Елші мырза
- уәкілге, уақытша сенімді өкілге – Министр мырза, Сенімді өкіл мырза Сізге деген зор құрметімді қабыл алыңыз.
Жеке ноталардың қалыптасқан үлгілері:
Құрметті Министр мырза!
Менің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалуыма байланысты жолдаған шын жүректі құттықтауыңызға ризашылығымды білдіремін.
Еліңізге жасаған сапар
кезінде көрсеткен
Министр мырза, өзіңізге мықты денсаулық пен бақыт, бауырлас Пәкістан халқына амандық пен өркендеу тілеймін.
Шынайы құрметпен,
Жоғары мәртебелі
____________мырзаға
Пәкістан Ислам
Республикасының
Сыртқы істер министрі
Исламабад
Дипломатиялық өкілдің шет мемлекетте тіркелуін куәландыратын құжат – Сенім грамотасы деп аталынады. Қабылдайтын мемлекетке жолданған Сенім грамотасына дипломатиялық өкілді тағайындайтын мемлекеттің басшысы қол қояды және Сыртқы істер министрінің қолымен бекітіліп Елшілерге, уәкілдерге және арнаулы (төтенше) делегациялар басшыларына беріледі.
Сенім грамотасын тапсыру жөніндегі жеке ноталардың үлгісі:
Жоғары мәртебелі!
Халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту саясатына және Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық қатынастарды дамытуды көздей отырып, мен Шоқпытов Андар Мәулешұлын Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындауды мақұл көрдім.
А.М.Шоқпытов мырзаны осы Сенім грамотасымен тіркей отырып, ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ, оны ізгі ниетпен қабылдауыңызды, бұл кісі менің атымнан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан СІЗГЕ баяндағандарының бәріне қалтқысыз сенуіңізді өтінемін.
Н.Назарбаев
Сендіруші Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Астана 2006 жыл
Ал тіркеу грамотасы – дипломатиялық өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенім грамотасы, құжат. Сонымен бірге хабардар ету грамотасы – мемлекет басшысының қызметке сайланғандығы және қызметін бастағандығы жөнінде дипломатиялық қатынастағы басқа елдің басшысын хабардар ету жайындағы хаты. Құжатта негізінен осы елдер арасындағы қатынастар сипатталып, оның болашақта да нығая түсетіндігіне сенім білдіреді.
Дипломатиялық өкілді кері елге қайтаруға қатысты кері шақыру грамотасы жіберіледі. Бұл дипломатиялық өкілді жіберген мемлекет басшысының оны қызметінен босатуы жөніндегі ресми хаты. Кері шақыру грамотасының алғы сөзінде қысқаша түрде дипломатиялық өкілді кері шақыру себебі келтіріледі, сонымен бірге бұл дипломатиялық өкілдің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуына тигізген үлесі аталынады. Негізінен кері шақыру грамотасын жаңа тағайындалған өкіл сенім грамотасымен бірге қабылдаушы елдің басшысына тапсырады. Кейбір елде кері шақыру грамотасын босатылған дипломатиялық өкілдің өзі тапсырып кетуі мүмкін, жалпы бұл өте сирек кездеседі. Кері шақыру грамотасы да сенім грамотасы сияқты ресімделеді.
Дипломатиялық құжаттардағы қошеметтіліктің түрі өзаралық қағиданы ескеруі тиіс, әсіресе жауап түріндегі ноталарды дайындаған жағдайда. Қаратпа сөздердің түрлері сондай-ақ нақтылы жағдай мен жергілікті тәжірибеге де байланысты.
Құжатты дайындау барысында келесідей қаратпа сөздер болуы ықтимал:
министрге – Министр мырза, Жоғары мәртебелі; елшіге – Елші мырза, Жоғары мәртебелі;
уәкілге – Уәкіл мырза немесе Министр мырза;
«уақытша» анықтауышы қаратпа сөзде негізінен қолданылмайды.
Егер уақытша сенімді өкіл – уәкіл дәрежесіндегі кеңесші болатын болса, онда оған қаратпа сөз келесідей болуы мүмкін: «Министр мырза».
Жергілікті тәжірибеге қарай және өзаралық тәртіпке сай «мырза» сөзін толық жазуға болады. Жеке ноталарда қол қоюшының тегі мен лауазымы жазылмайды, мөр қойылмайды. Нотадағы парақ санына қарамастан, құжат жіберілетін мекен жай бірінші парақтың төменгі сол жақ бұрышына жазылады. Мекен жаймен қоса нота жіберілетін тұлғаның атағы да көрсетіледі:
Жоғары Мәртебелі
Атал Бихари Ваджпаи мырзаға
Үндістан Республикасының
Премьер-Министрі
Нью-Дели
Жеке нотада көрсетілген мекен жай сол күйінде нота салынатын конверттің сыртында да көрсетіледі. Халықаралық қатынастар жүйесінде дипломатиялық тәжірибе де күннен-күнге даму үстінде, өз кезегінде қалыптасқан түрден ауытқушылық та кездеседі.
Дипломатиялық хат алмасуда
консулдық қызметтерге қатысты
да бірқатар құжаттар дайындалады. Штаттағы,
кәсіпқой, штаттан тыс немесе құрметті
консулдарды тағайындауға, олардың
қызметін атқаруына байланысты келісім
алу негізінен дипломатиялық
хат-хабар жазысу арқылы жүзеге асады.
Штаттағы консул жіберген мемлекеттің
мемлекеттік қызметіндегі және сол
мемлекеттің азаматы болып
Консулдық патент – консулдық мекеме басшысы ретінде тағайындалу фактісін растайтын құжат. Ол дипломатиялық және басқа да жолдар арқылы консулдық орналасқан мемлекеттің үкіметіне жіберіледі. Консулдық патентте аталмыш адамның толық аты-жөні, азаматтығы, консулдық дәрежесі, сонымен қатар консулдықтың орналасқан жері мен консулдықтың аумағы көрсетіледі.
Консулдық патентті жіберген мемлекеттің басшысы, үкіметтің немесе сыртқы істер ведомствосының басшысы береді.
Консулдық құжаттарда консулдардың
қызмет ететін аумақ шеңбері немесе
елі, яғни консулдық округ айқындалынады.
Консулдық округ – консулдық
лауазымды адамның консулдық
міндеттерін атқару мақсатында келген
мемлекеттің (мемлекеттердің) аумағы.
Консулдық өңір мемлекеттер арасындағы
келісім бойынша консулдық
Консулдық өңір шегінде консул
өзіне жүктелген
Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде антигитлерлік топ
Бұл жолдаулар да жеке нотадағыдай протоколдық сөз орамдарына – қаратпа сөз бен қорытынды қошеметтілікке ие. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің үкімет басшыларына арналған жолдауының нысаны: «Құрметті Президент (Премьер-министр) мырза». Жолдаудың қорытынды қошеметтілігі келесідей болуы мүмкін: «Құрметпен» немесе «Шынайы құрметпен». Кейбір жағдайда құжат бағытталған тұлғаның толық дәрежесі мен атағы жазылғанда, мысалы, «Жоғары мәртебелі Франсуа Миттеран мырзаға, Француз Республикасының Президентіне», сондай-ақ мәтінге де қаратпа сөзді қосқан жөн. Яғни, «Құрметті Президент мырза», басқаша жағдайда – «Жоғары мәртебелі». Аталған құжаттар тобына сыртқы істер министрінің хаттарын да жатқызуға болады. Мұндай құжаттар көп жағдайда БҰҰ-мен және басқа да халықаралық ұйымдармен өзара қатынаста жиі қолданылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бас хатшы 2006 жылғы 22 тамыз
ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ,
Сізді және Сіздің еліңізді Семей ядролық сынақ алаңы жабылуының 15-жылдығына орай құттықтауыма рұқсат етіңіз.
Осынау маңызды
күнді атап өтерде біз әралуан
көңіл күйді бастан кешеміз. Бұл
күн әлемге ядролық қару мен оны
сынаудан туындайтын үрей мен қауіпті
ескертеді. Полигонды жабу туралы шешім
ядролық қатерді келмеске кетірудің
жарқын үлгісі және халықтың бейбітшілік
пен қарусыздануға ұмтылысын
паш етеді. Ядролық қаруға ие болудан
1991 жылы өз еркімен бас тарту және
сынақ полигонын жабу, БҰҰ-ның
осыдан алпыс жылдық уақыт бұрын
өзі құрылған сәтінен бастап қол
жеткізуге ұмтылып отырған
Семей сынақ полигоны жабылған 15 жылдан кейін, ядролық жарылыстардың салдарына ұшыраған тұрғындардың денсаулығын сауықтыру және аймақтың экологиялық жүйесін қалпына келтіру әлі де болса айрықша назар аударуды қажет етіп отырғаны маған мәлім.
БҰҰ Сіздің аландаушылығыңызға ортақтасады және тұрғындарды сауықтыруға, Семей аймағының экологиясы мен экономикалық дамуына бағытталған мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейтін Сіздің еліңіздің күш-жігерін қолдауды жақтайтынын қуаттайды.
Біз Сіздің еліңізбен ядролық қарудан азат бейбітшілікті құру ісіндегі тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.
Жоғары мәртебелі, менің зор ілтипатыма деген сенімімді қабыл алыңыз.
К.Аннан
Жоғары Мәртебелі
Нұрсұлтан Назарбаевқа
Қазақстан Республикасының Президенті
Астана
Дипломатиялық хат алмасудың жоғарыда аталған балық құжаттарына (жеке нота, жеке жолдау, хат) жіберуші жеке қолтаңбасын қояды.
Жеке жолдау елдің мемлекеттік елтаңбасы басылған қағазға жазылады. Парақтың жоғарғы оң жақ бұрышына қала атауы мен жіберілген күн, ай, жыл көрсетіледі. Жеке жолдау мәтіннің соңында жолдауды жіберушінің жеке қолтаңбасы қойылады (сиямен). Жіберушінің лауазымын, тегі жөнінде жазу міндетті емес. Жеке жолдауда да жеке нотадағыдай парақ санына қарамастан құжат жіберілген мекен жай бірінші парақтың төменгі сол жақ бұрышына жазылады. Мұнда құжат бағытталған тұлғаның аты-жөні, толық ресми лауазымы көрсетіледі.
Вербальды нота – қазіргі
кезеңде кеңінен таралған дипломатиялық
құжат болып табылады. Сыртқы істер
министрлігі мен дипломатиялық
өкілдіктер дипломатиялық хат алмасуды
негізінен вербальды нота арқылы
жүзеге асырады. Вербальды ноталар
көптеген мәселелерді қарастыру
мен шешу мақсатында қолданылады. Бұл
құжаттарда саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық
және басқа да екіжақты, сондай-ақ көпжақты
мәселелер қаралады. Вербальды ноталар
негізінде шетелге шығатын
Қорытынды қошеметтілікте мекеме атауы қысқаша түрде жазылады: «Министрлік осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Елшілікке өзінің зор ілтипатын білдіретіндігіне тағы да сендіреді».
Ноталардың мәтінінде мемлекеттің, дипломатиялық өкілдіктердің іс-әрекеттеріне наразылық білдірілген жағдайда құжатта қошеметтілік білдірілмейді. Өйткені құжатта қошеметтілік білдірілген жағдайда құжаттың наразылық білдіру сипаты әлсіреп, нотаның мәні төмендеп кететіні айқын.
Сонымен бірге вербальды ноталарда елдегі қазалы күн хабарланған болса немесе көңіл айтуға арналған жағдайда қошеметтілік қолданылмайды. Кейбір мемлекеттерде сыртқы істер мекемесі тарапынан дипломатиялық хат алмасуда қошеметтілік жазу тәжірибесі қаралмаған сәтте өзаралық қағидаға сай екінші тарап та қошеметтілікке көңіл бөлмейді. Жалпы қошеметтіліктің протоколдық сөз орамы өте кең. Бұл өз кезегінде өте қатаң кейіпті де немесе өте жылы қатынасты да көрсете алады. Алайда әрқашан есте сақтайтын жайт: ештеңе де дәл сыпайылық сияқты жоғары бағаланып және өте арзан тұрмайды.
Нотаның мәтінімен жұмыс
істеу барысында, мысалы, мазмұнына
қарай наразылық білдіруге
Вербальды нотаның мәтіні
үшінші жақта жазылады. Жеке ноталар
сияқты вербальды ноталар да елтаңбасы
бар жоғары сапалы қағаздарға теріледі.
Елтаңбасының астына «Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі» немесе мысалға,
«Ресей Федерациясындағы Қазақстан
Республикасының Елшілігі»
Осы мәтін конверт сыртында да болады. Халықаралық тәжірибеде қазіргі кезеңде дипломатиялық өкілдік басшысының вербальды нота мәтінінің соңында мөр басуымен қоса қол қоюы өте сирек кездеседі. Жалпы қол қойылған вербальды нотамен қол қойылмай тек мөр басылған вербальды нота арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Вербальды нотада құжаттың шығыс нөмірі, шартты белгісі (шифр) мысалы, №14/1 ДЕ немесе 27/СГП және т.б. парақтың жоғарғы сол жақ бұрышында елтаңбаның астында келеді. Нота мәтіннің астында қала атауы ен жіберілген күні жазылады.
Қосымша ешқандай индекстер қойылмайды. Қажет болған жағдайда хатталатын істе қалатын құжат көшірмесіне қойылады. Вербальді нотаға сыртқы істер министрлігінің немесе дипломатиялық өкілдіктің негізгі елтаңбалы мөрі басылады. Мөр мәтіннің соңында, құжат жіберілетін мерзім белгіленген тұсына басылады. Мөрдің дұрыс басылуына мұқият болған жөн, яғни мөрдегі елтаңбаның жан жағына ауытқымауын қадағалап тігінен қойылуына көңіл бөлу қажет.
Ал үкімет атынан дайындалатын
ноталарда негізінен
Барлық ноталар мәтін мазмұнына қарамастан ресми құжаттар болып табылады. Кез келген нота үкімет тарапынан шыққан құжат болып қаралады. Ноталар өзіне көңіл бөлуді талап етеді және құжатты қабылдаушы жақтың нотаға жауап жазуы күтіледі.
Дипломатиялық тәжірибеде бірнеше
мемлекеттер өкілдерінің
Ұжымдық нота ретінде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерінің нотасын жатқызуға болады, өйткені Одақтың төрағасы атынан салынған құжаттар (ноталар, ресми хаттар) қоғамдастыққа мүше елдерді де қамтиды. Сол себепті осындай тұрғыдан дайындалған құжаттар нақтылы жағдайға қатысты ұжымдық наразылық бой көрсету (демарш) ретінде де қабылдануы мүмкін. Дипломатиялық хат алмасуда қошеметтілікті ресімдеуді қажет етпейтін құжаттар да бар. Мұндай құжаттардың қатарына жадынамалық жазбаларды (aide-memoire), меморандумды жатқызуға болады.
Жалпы жадынамалық жазбалардың екі түрі кездеседі: қолма-қол берілетін жадынамалық жазбалар және шабарман арқылы жіберілетін жадынамалық жазбалар.
Жадынамалық жазбалар негізінен қолма қол тапсырылады, бұл сұхбат кезіндегі жасалынған мәлімдеменің немесе өтініштің мәнін немесе маңыздылығын атап өту мақсатында. Сонымен бірге бұл осы мәлімдеменің немесе сұхбаттың мәнін дұрыс қабылдау, істің тез арада алға жылжуын жеңілдету ниетінен де туындайды.
Жадынамалық жазбалар мәтіні «өтініш туындайды», «атап өтуге тура келеді», «хабарланады» деген сияқты сөз орамдары қолданылып болымсыз түрде дайындалады.
Қолма қол тапсырылатын жадынамалық жазбалар мәтіні елтаңбасы жоқ жай қағаздарға теріледі. Жіберілетін елдің мекен жайы мен шығу нөмірі көрсетілмейді, тек елді мекеннің атауы мен жіберілген күні ғана көрсетіледі: мысалы, «Астана қ., 2009 жылдың 10 шілдесі». Мәтіннің жоғарғы жағына «Жадынамалық жазба» деп жазылады.
Қазіргі кезде шабарман арқылы
жіберілетін жадынамалық
Меморандум – қандай да тараптың өз ұстанымын қорғау мақсатында екінші жақтың дәйектемесімен пікір таласқа түсетін дипломатиялық құжаты болып табылады. Мұнда талқыланған мәселенің нақтылы жақтары қарастырылып кейбір жеке астарларына сараптама жасау қамтылады, өз жағының көзқарасын қорғай алатын дәйектемелер беріледі, екінші жақтың ой-пікіріне күмән тудыруы мүмкін.
Меморандум жеке немесе вербальды нотаға қосымша түрінде болуы мүмкін, әлде, қолма қол берілетін немесе шабарман арқылы жіберілетін дербес құжат күйінде. Меморандумның нотаға қосымша құжат ретінде болуы нотаның өзіндегі мәтінді қысқартуға және сонымен бірге хат алмасуға себепші болған мәселеленің белгілі басымдық сипаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке нотаға қосымша ретінде меморандум елтаңбасы жоқ қағазда дайындалады, реттік сан, мөр, жіберілген мекен жайы мен күні қойылмайды.
Қолма қол тапсырылатын меморандум ноталық бланкіде теріледі, тек протоколдық сөз орамдары болмайды. Бұл құжатта мөр басылмайды, реттік сан қойылмайды, алайда жіберілген мекен жайы мен күні көрсетіледі.
Кейбір жағдайларда
Жеделхаттар. Бүгінгі мемлекеттер арасындағы өзаралық қарым-қатынастардағы дипломатиялық құжаттардың келесі түрі – жеделхаттар да кең етек алуда. Негізінен, жеделхат қашанда жауап беруді қажет етеді. Жеделхат мазмұны жағынан маңызды саяси мәнге ие. Мазмұны да әрқилы болып келеді: ұлттық мейрамдар, маңызды уақиғалар күнін атап өту, мерейтой күніне арнап, қайғылы жағдайға байланыст және т.б.
Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 16 шілдедегі №173 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколының 12 бөлімінің
2 тарауында Қазақстан
Жеделхат мазмұны ел ішіндегі жетекші баспасөз бетінде жариялануы да мүмкін. Мемлекет басшысының жаңадан тағайындалуына қатысты жедел түрде жеделхат жіберу – бұл халықаралық протоколдық тәжірибеде қалыптасқан құрметтіліктің ғана белгісі емес. Бұл сонымен бірге мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін сипаттайды, ынтымақтастықты дамыта түсуді жалғастыруды және байланысты кеңейтуді көрсетеді.
Жеделхаттар өзінің тартымдылығымен, саяси мәнділігімен ерекшеленеді.
Жартылай ресми сипаттағы жеке хаттар – ресми тұлғалармен жеке сипаттағы (шақырылғаны үшін алғыс айту, қолдау көрсету және т.б.) хат-хабар алысуына бағытталған дипломатиялық құжаттардың бір түрі болып табылады.
Таныс ресми тұлғалардан қандай да мәселеде қолдау қажет болған жағдайда жазылатын дипломатиялық құжат. Ресми хат алмасудың немесе келіссөздердің нысанына айналған мәселе бойынша автордың қызығушылық танытатынын атап өту мақсатында немесе мәселенің жедел шешілуіне өз ықпалын тигізуі көзделеді.
Мұндай жеке хаттар жай бір парақ қағазға (жарты парақ) кейбір сәтте жоғарғы сол жақ бұрышына автордың дәрежесі мен ата тегі көрсетілген арнайы бланкіге де жазылуы мүмкін.
Парақтың екінші жағы пайдаланылмайды.
Хатта қаратпа сөздер келесі үлгіде
жазылуы мүмкін: «Құрметті ..............
мырза!», «Жоғары Мәртебелі». Қорытынды
қошеметтіліктің болуы
Жіберілетін жақтың мекенжайы тек конверттің сыртына жазылады. Дипломатиялық хат алмасу құжаттары дипломатиялық қызметті күнделікті байланыстың көзі болып табылады. Жеке жолдаулар мен жеке хаттар ел басшыларының ел арасындағы өзара қарым-қатынасқа өздерінің тікелей араласуын аңғартады. Бұл қатынастың нығая түсуіне өзіндік зор үлес.

- Дипломатия Московского царства 13-17 вtrjd
- Дипломатия О. Кромвеля. Ирландская и Шотландская кампании
- Дипломатия периода государства Саманидов
- Дипломатия России Петровских времен
- Дипломатия Российской Империи в XVIII веке
- Дипломатия святого пристола
- Дипломатия Франции XII — XV в
- Дипломатия как наука и искусство
- Дипломатия как способ улаживания конфликтов и налаживания сотрудничества
- Дипломатия Киевской Руси
- Дипломатия Киевской Руси
- Дипломатия Киевской Руси
- Дипломатия Киевской Руси
- Дипломатия Киевской Руси