Дәнекер тіні
Дәнекер тіндері мезенхимадан дамыған, құрамында көптеген жасуша аралық затымен (талшықты құрылымдары мен аморфты зат) жасушалардың дифферондар қатарынан тұратын ішкі ортаның гоместазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, механизімнің туындылары.
Адам денесі массасының 50 пайзынан астамы дәнекер тіндерінен тұрады. Дәнекер тіндері мүшелерінің стромасын, тіндер арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді. Дәнекер тінінің функционалды мінездемесі оның құрылымдағы күрделілігімен сипатталады.
Дәнекер тінінің қызметі. Ағзада дәнекер тіндері сан алкан ққызмет атқарады- трофикалық, қорғаныс, тіректік, пластикалық, морфегенетикалық. Трофикалық қызметке айналасында орналасқан құрылымдарды қоректік затпен қамтамасыз ете отырып, зат алмасу және ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын да сақтайды. Бұл қызметті атқарудағы ең маңызды құрылымы жасуша аралық заты. Дәнекер тінінің аралық заты арқылы су, тұздар, қоректік заттардың молекулалары тасымалданады. Сондықтан жасуша аралық зат интегративті – буферлі орта болып табылады. Қорғаныс қызметі - ағзаның механикалық әсерлерден қорғап(сүйек пен шеміршек тіні), мүшелерге сыртқы ортадан бөтен текті заттардың енуінен сақтап жасуша және гуморальді қызметке қатысады. Тіректік қызмет – пішіні құрап көптеген мүшелердің негізін түзеді. Бұл қызмет аталған тіннің коллаген және эластин талшықтарына тікелей байланысты. Жасушааралық заты қаншалықты тығыз болса, биомеханикалық қызметі соншалықты мықты болады. Пластикалық қызметі – тіршілік ету жағдайларға байланысты, сол ортаға бейімделуі немесе адаптация процесіне қатысып мүшелердің дефектісін жойып, регенерациялық қызмет атқарады. Морфологиялық қызметі – тіндердің комплексін қалыптсатыру, оның ішінде көптеген мүшелердің капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасы болып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішін береді.
Дәнекер тінінің жіктелуі. Жіктелуі жасуша мен жасуша аралық заттарының құрылымына, ондағы талшықтардың реттеліп орналасуына және бұларды желімдеп тұратын аморфты физико-химиялық қасиетіне байланысты жіктеледі. Дәнекер тіндері: меншікті дәнекер тіні және қаңқалық тіндер болып жіктеледі. Қаңқалық тіндерге шеміршек, (гиалинді , эластинді және талшықты) екі сүйек тіні(фиброзды-талшықты , қабыршақты) және бұлармен қоса тіс цементі мен дентин жатады.
Дәнекер тінінің гистогенезі. Дәнекер тінінің гистогенезі эмбриоенальды және постэмбриональды болып бөлінеді. Эмбриональды кезеңде дәнекер тінінің барлық түрлері мезенхимадан дамиды. Осы үдеріс түрлі ағзалар мен жүйелерде бірдей болмайды және де бұл эмбриогенездің түрлі кезеңдеріндегі физиологиялық елеулілігіне тәуелді болады.
Мезенхима дифференцировкасында өсіндіде және өсінді мүшесі сыртында топографиялық асинхроны байқалады. Тіннің қайта құрылуы эмбриогенез кезеңінде апоптоз жолымен және тіннің қайта пайда болуымен резорбианалады.
Постэмбриональды гистогенез қалыпты физиологиялық жағдайда өте баяу және ол тіннің гомеостазын сақтап , тіршілігін жойған жасушалардың орнын жас, аз маманданған жасушалардың дамуы жаңалануы арқылы жүзеге асып отырады
Меншікті дәнекер тіні
Борпылдақ дәнекер тіні ағзада көптеген мүшелер құрамында кездеседі , оның ішінде қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршап көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында жасущалар мен жасуша аралық заты бар.
Жасушалар
Негізгі жасушалары: фибробластар ( талшықтар түзуші жасушалар тобы),макрофагтар , тін базафильдері , адвентициальді жасушалар , май жасушалары , плазмациттер мен қаннан келген лейкоциттер , кейде пигментациттер кездеседі.
Фибробластар - (латыннын фибро — талшық, гректің бластос — ұрық) жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды (коллаген мен эластин) , протеогликандарды және гликопротеиндерді синтездейді . мезенхимадан дамыған жасушаларда фибробластардың дифферон қатарын түзетін: бағаналы жасуша , жартылай бағаналы- жасуша ізашарлары , аз маманданған , маманданған фбробластар (пісіп жетілген) , фиброциты және де миофибробластар мен фиброкластар. Фибробластардың негізгі қызметі негізгі заты мен ондағы талшықтарды синтездеп , жараланған жерді қайта қалпына келтіре отырып , ағзаға келген бөтен заттарды қоршап , сыртына капсула түзеді. Морфологиялық жағынан дифферон қатарын аз маманданған фибробластардан бастауға болады.
Аз маманданған фибробластарда аздаған өсінділері бар , дөңгелек немесе сопақша келген ядросы мен шағын ғана ядрошығы анықталған. Цитоплазмасы базофильды , көптеген РНҚ- сы бар. Жасуша өлшемі 20-25 мкм нан аспайды .Цитоплазмасында біраз бос рибосомалар да бар. Эндоплазмалық торы мен митохондрия толық дамымаған. Бұл типтегі фибробластарда белок синтезі мен секреция әлі төмен , бірақ бұлар митоз жолымен белсенді түрде бөліну қасиетіне ие.
Пісіп жетілген фибробластар көлемі ірі болып келеді 40-50 мкм , өте белсенді түрде қызмет атқаратын жасушалар . цитоплазмасы базафильды боялған , жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар . гольджи комплексі , митохондриялары мен лизосомалары көп . Бұлар жасуша аралық заттардың синтезіне қатыса отырып , темір ионының , мыс , хром , аскарбин қышқылдарының биосинтезін реттеп , коллаген синтезіне қатысады. Цитоплазмасының шеткі аймағында қалыңдығы 5-6 нм болып келген микрофиломенттер мен белоктар актин мен миозин бар. Микрофиломенттер фибробластарға қозғалтқыштық қасиет береді , белоктар жиырылғыштық . Фибробластар қозғалған кезде олардың көлемі 10 рет үлкейеді .
Фиброциттер- фибробластардан дамыған дефинитивті (ең соңғы түрі) түрі.Пішіні жіпше тәрізді , ұзын өсінділі , аз ғана органеллалары бар , жасуша қосындысынан липидтер мен гликогеннен тұрады. Синтездік қызметі төмен.
Миофибробластар – фибробластарға ұқсас , коллаген белоктармен қоса жиырылғыш белоктар синтездейтін жасуша. Қызметі жағынан ет тінінің миоциттеріне ұқсас болңанымен айырмашылықтары да бар . Құрамында жақсы дамыған эндоплазмалық торы бар. Қызметі жарақаттану процесінде регенерациялық қабілеті арқылы жараны жазады. Мысалы: жатырдың ақауын тез қайта қалпына келтірді ( бала туғаннан кейін).
Фиброкластар фагоцитарлық қызметі өте жоғары мүшелердің инвалюциясы кезеңінде жасуша аралық затын сорады . Жүктіліктен кейін жатырдың қалпыны келуіне ықпал етеді.
Макрофагтар(makros-үлкен , ұзын , fagos-жоямын )- бұл өте ірі , гетерогенді арнайы қызмет атқаратын ағзадағы қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына жатады . Макрофагтардың бос , бекінген және көп ядролы түрлерін ажыратады . Бос макрофагтарға борпылдақ дәнекер тінінің гистиоциттері , серозды қабықтағы макрофагтар , өкпе макрофагтары жатса , ал бекінген макрофагтарға сүйек тініндегі , сүйек кемігіндегі , көк бауырдағы , лимфа түйіндеріндегі , эпидермистегі (Лангерганс жасушалары) плацентадағы макрофагтар жатады . Макрофагтардың келесі түріне күп ядролы ең ірі жасушалар –симпласт . Бұлар бір ядролы макрофагтардың бір –біріне қосылуынан пайда болады . Кейде эндоцитоз процессі арқылы түзіледі .
Макрофагтардың
Толық жасушалар немесе үлпалық базофильдер (гепариноциттер) адам мен сүтқоректілердің борпылдақ дәнекер үлпаларында, көмекей безінде, бауырында, алқым безіңде, жатыр қабырғасында, сүт бездерінде, асқорыту жолының кілегей асты қабатында, тілде , тимуста байқалады. Осы органдарда толық жасушалар үсақ кан мен лимфа тамырларын бойлай орналасады. Бұл жасушалар антигенге қарсы антидене гамма- глобулин белогын синтездейді . Толық клеткалардың цитоплазмасында түйіршіктер болады. Олардың қүрамында қан ұюына кедергі болатын мукополисахарид гепарин болатыны анықталған. Сонымен бірге гиалурон және хондриотин күкірт қышқылдары А және С түрі және физиологиялық активті заттар — гистамин мен серотонин болады. Үлпалар зақымдалған кезде гистамин бөлінеді. Ол тамырлардың кеңеюін, бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуын туғызады және асқазан сөлінің бөлінуіне себепші болады. Жалпы саны адамның физиологиялық көңіл күйіне байланысты.
Плазмалык жасушалар немесе плазмоциттер көмекей бездерінде, көк бауырда, лимфалық түйіндерінде, бауырда, ішектің кілегейлі кабатында, сілекей бездерінін стромасында т. б. органдарда болатын пішіні жүмыр немесе сопақша үсак клеткалар, ядросы жасушаның бір жағына ауыса орналасқан. Плазмоциттер организмнің иммундық жүйесінің маңызды компоненті антиденелерді бөледі.Бұлар В-лимфацитінен дамыған . Саны аллергия мен қабыну кезінде кобейеді.
Май жасушалары немесе адипоциттер ретикулалық клет-калар мен гистиоциттерден пайда болады. Май жасулары жиналып май тінін түзеді . Сүткоректілер мен адамның май үлпасы ақ және қоңыр май үлпалары болып бөлінеді. Трофикалық , энергия қоры болып , судың метобализміне қатысады.Цитоплазмасында біраз холестерин, фосфолипид , бос май қышқылдары бар. Майды Судан ІІІ пен бояса , жақсы көрініп қара түске боялады.Майдың ыдырауы гормондар мен ферменттерге байланысты. Липаза триглицерилді глицеин мен май қышқылына ыдыратады , Яғни олар қан құрфмындағы альбуминмен байланысып басқа тінге тасымаалданып қоректендіреді.
Адвентициальды жасушалар аз маманданған жасушалар . қан тамырларын қоршап , өткізгіштігін жақсартады . Цитоплазмасы аздаған базафильді , сопақша ядросы мен біраз органеллалары бар . Бұл жасушалар дифференцияланып фибробласт , миофибробласт және адипоцитке айнала алады.
Перициттер-бұл жасушалар қан капиллярларының құрамына кіреді.
Пигментациттер- бұл пигментті жасулар меланоциттер . Цитоплазмасында биологиялық активті заттар бар аминдер. Бұлар тін базафильдерімен бірге қан тамырларының тонусын реттеп отырады.
Аралық зат
Дәнекер тіндерінің аралық заты на талшықтар (эластин мен коллаген) мен негізгі заттан түрады. Негізгі зат жасушалар арасындағы кеңістікке қан плазмасынан , сонымен қатар осы жасушалардың бөлген секрецияларынан пайда болған құрылым. Адам ұрығының 1-2 айлық дамуында жасуша аралық зат қалыптаса бастайды. Ағзаның тіршілігінде бұл құрылым жаңарып отырады . Ал негізгі заттағы талшықты құрылымдары жасушалардың синтездеген талшықты белоктарынан пайда болады .Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпінділікті камтамасыз ететін қасиет береді.
Коллагендік талшықтар дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет беретін,әртүрлі бағытта немесе ретімен орналасқан.Қалыңдығы 1-3 мкм ал ұзындығы әртүрлі болып келген фибриллярлы белок –коллаген.Бұл белок фибробластың цитоплазмасындағы түйіршікті эндоплазмалық тордың рибосомаларында синтезделеді.Жалпы коллаген талшықтарының 14 түрі бар.Олар бір бірінен молекулярлы құрылымдар арқылы ерекшеленеді.Коллаген молекуласының ұзындығы 280нм ал ені 1.4 нм құрамында три плеті бар,үш полипептидтік-бұл молекулалық деңгейдегі түрі- проколлаген,жасуша аралық затқа синтезделенеді.Екінші деңгейдегі жоғары молекулалық сатыдағы түрі-бұл жасушадан тыс орналасқан коллаген талшықтары тропоколлаген.Құрамында протофибриллалары бар,қалыңдығы бес монометр болатын микрофибриллалар .Гликозамингликандардың қатысуымен үшінші түрі фибрилларлы деңгейдегі коллаген талшықтары қалыптасады.Бұлардың қалыңдығы 20-100нм төртінші сатыдағы талшықты түрі талшықтардың агрегациясынан қалыптасқан қалыідығы 1-10мкм,құрамында бірнеше фебриллалары бар құрылым.Коллаген талшықтарының бір турі ретикулярлы немесе преколлаген талшықтар Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы касиетіне қарай коллагендік деп атаған.
Эластин талшықтары (fibra elasticae) өте созылғыш, әрі майысқыш, бір-бірімен байланысып жатады (анастомоз), қалыңдығы – 1,2-1 мкм. Құрамында микрофибриллярлы, аморфты компоненті болатын құрылым.. Даму немесе қалыптасу деңгейлері: молекулярлы, жоғары молекулярлы, фибриллярлы және талшықты болып жіктеледі. Ең пісіп-жетілген эластин талшықтарының 90% аморфты компонентпен эластин белогынан (10%) тұрады.
ЭластиндІ талшықтар эластин
белогінен түзілген, физика-лық қасиетіне
қарай бүларды эластикалық
Аморфты немесе негізгі зат.
Дәнекер тіндерінің жасушаларымен талшықтары аморфты компо-нентінде жабысып орналасады. Бұл компонентті гель тәрізді, қоймалжың субстанция, интеграты – буферлі жүйе. Құрамында қан плазмасының белоктары, су, иондар, жасушалардың зат алмасу процесінен пайда болған өнімдер, протеогликандар болады. Аталған өнімдер үнемі қозғалып, жаңаланып тұрады. Аморфты заттың құрамында: гликоамингликандар (ГАГ), протеогликандар (ПГ), гепарин, гликопротеиндер (ГП), фибронектин, фибриллин, ламинин болатыны белгілі.
Протеогликандар- белокты көміртегі қослыстар.90-95 пайызы көміртегі болады.
Гликазамингликандар-
Гепарин-глюкороидты қышқыл мен
гликазамин,
Гликопротеин- олигисахаридит пен
белоктардың қосылыс,талшықтар
Фибриллин-микрофибрилалардың түзілуіне қатысады.Клеткааралық байланыстарды күшейтеді.
Ламинин-базофильді мембрананың компоненті
бір-бірімен дисульфатты
ТЫҒЫЗ ДӘНЕКЕР ҰЛПА
Тыгыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның кұрамында жасушалар мен аморфтық зат аз болады да, талшыктар басым келеді. Талшыктары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер ұлпа терінің негізін, сіңірді, шандырды, желкені қүрайды.
Дәнекер ұлпалық талшыктардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады: тығыз қалыптаспаған және тығыз калыптасқан дәнекер үлпаларын. Тығыз калыптаспаған дәнекер үлпасында клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі багыттарда жатады және олардын орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды.
5-сурет Адам терісінің тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы
Коллаген талшықтарының 1— ұзыннан және 2— көлденең кесіндісі; 3— борпылдақ дәнекер ұлпасы.
Тығыз калыптаскан дәнекер
үлпаларының талшықтар шоғырларына
үлпага әсер ететін механикалық
күштердің бағытына сәйкес
Дәнекер үлпасының бүл түрінде коллагендік талшықтармен бірге эластиндік талшықтардың кейбір саны кездеседі. Бүл үлпада клеткалар аз болады, олар негізінде фибробластлар, фиброциттер және борпылдақ дәнекер үлпасында байқалатын кейбір клеткаларда кездеседі. Тығыз дәнекер үлпасы сіңірді қүрайды (6-сурет).
Коллаген талшықтары бір-біріне параллель
және тығыз орналасады. Талшықтар
шоғырьшың арасында саңылаулар болады,
ондағы аморфты затта фиброциттер
жатады. Фиб-роциттер немесе сіңір клеткалары,
бірінші ретті коллаген талшықтар
шоғырының тізбектерінің
Перитенании менэндотенонии араларынан қан тамырлары мен нерв ұштары келеді , яғни қоректеніп , импульстер орталыққа барады .
Тығыз қалыптаскан серпілмелі дәнекер
ұлпасы адам мен сутқоректілерде
желке мен дыбыс тарамыстарын
құрайды. Бұл үлпанын құрылысы тығыз
қалыптасқан коллагендік
Оның клеткалық элементтері, көбінесе, фиброциттерден тұрады, бірақ борпылдақ калыптаспаған дәнекер үлпасына тән басқа клеткалар да кездеседі. Соңғылар қан тамырла-рын бойлай эластиңді талшықтардың арасында орналасады. Тығыз дәнекер ұлпасы түрлі эмбриондық бастамалардан дамиды: тығыз қалыптаспаған дәнекер үлпасы дерматом-ның мезенхимасынан, ал тығыз калыптасқан дәнекер ұлпа-сы склеротомнан пайда болады. Эмбриондық гистогенез процесі кезінде мезенхиманың клеткалары фибробластларға жіктеледі.
Фиброзды мембранаға фасция, апоневроз , диафрагмалар , мидың қатты қабығы , склера т.б жатады . Жасуща аралық затында коллагенмен қоса эластин талшықтары бар . Фибробластар мен фиброциттері ретімен орналасқан және қабаттасып үсті- үстіне .
Дәнекер тінінің арнайы қызмет атқаратын түрлері де бар . Олар : ретикулярлы тін , май тіні , кілегейлі тін .
Ретикулярлы тін
Ретикулярлы тін (textus reticularis) құрамында
ретикулярлы жасушасы-мен
Май тіні.
Май тіні (t. adiposus) – көптеген мүшелердің
құрамындағы май жасуша-
Адамда ақ май тіні тері астында, құрсақта, ішек пердесінде, май жасуша-лары май бөліктерінің арасында орналасады, бұлармен бірге фибробласттар, лимфоидты элементтер, тін базофильдері де болады. Май тіні қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршайды. Май тінінде өте белсенді түрде май қышқылының, көмірсулардың алмасуымен майдан көмірсулар түзіледі. Майдың ыдырауынан көп мөлшерде су мен энергия бөлінеді. Сондықтан май тіні макроэнергия синтезіне қатысып ағзада судың депосы да болып табылады. Адам ашыққан (голодания) кезде іш майын, тері астындағы және бүйрек майын жоғалтады. Осыдан май жасушалары ішіндегі май тал-шықтары жойылып, жасушалардың пішіні өзгереді.
Қоңыр май тіні – сәбилердің мойнында,
жауырын сүйектерінің маңын-да, төсінде,
тері астында кездеседі. Сәбидегі май
тіні жылуды сақтайды (теплорегуляция).
Жасушалары – адиноциттер. Бұлардың
цитоплазмасында көптеген ұсақ май
талшықтары болады. Митохондриялары
өте көп. Қоңыр май тінінің
ерекшелігі: құрамында темірі бар
пигмент – цитохром болады. Қышқылдану
қасиеті қоңыр май тінінің
ақ май тініне қарағанда бұл қасиеті
20 рет жоғары деп айтуға болады, осыған
байланысты сыртқы ортаның төменгі
температурасы кезінде бұл
Кілегейлі тін.
Кілегейлі тін (t. musosus) тек ұрықта кездеседі.
Классикалық объектісі болып
саналатын адам нәрестесінің кіндік
жібі (бауы). Кілегейлі тіннің жасушалық
элементтері гетерогенді, мезенхимадан
дамыған жасушалары: фибробасттар,
миофиброласттар, миоциттер. Бұлар
виментинді, десминді, актин мен
миозинді синтездейді. Кіндік жібінің
құрамында гиалурон қышқылы бар.
Кіндіктің құрамындағы
Қаңқа тіндері.
Қаңқа тіндеріне (textus sktletales) ағзада тіректік механикалық қызмет атқаратын, тығыз орналасқан жасуша аралық заты бар: шеміршек пен сүйек тіндері жатады. Бұл тіндер су мен тұздың алмасуына қатысады.
Шеміршек тіндері тыныс алу
жүйесінің мүшелерінде, буын беттерінде,
омыртқа аралық дискілерде кездеседі.
Шеміршектің құрамында
Жіктелуі. Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі. Мұндай жіктелуі шеміршектің құрылыс-қызметінің ерекшелігіне және құрамындағы талшықтарының қатынасына байланысты.
Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.
Шеміршек тіндерінің ұрықтық және постэмбриональді дамуы регенерациялық жолмен жүзеге асады. Шеміршек тінінің мезенхимадан даму барысында жасушалардың дифферон қатары бағаналы, жартылай бағаналы жасушалары мен ходробласттар, хондроциттер түзіледі.
Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінді,
ядросы мен цитоплазмасының қатынасы
өте жоғары, ядросындағы хроматині
диффузді орналасқан. Органеллалары
нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларында
бос рибосомалары мен түйіршікті
эндоплазмалы торларының мембраналары
біліне бастаған, жасушалардың пішіні
ұзынша созылыңқы болып келген, ядросы
мен цитоплазмасының қатынасы төмендеу.
Хондриобласттар (шеміршек – бастамасы)
– әлі жас, пішіні жалпақ, пролиферациялық
қасиетке ие, шеміршектің аралық затын
(протеогликандарды) синтездейді. Бұлар
фибробласттардың бір түрі болып
саналады. Цитоплазмасында жақсы
дамыған түйіршікті, түйіршіксіз
эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты
бар – жасуша. Цитоплазмасы базофильді
боялған, РНҚ-на өте бай. Хондробласт-тар
шеміршек тінінң өсуіне (аппозициянальді)
қатысады. Хондробласттар даму барысында
хондроциттерге айналады. Хондроциттер
– шеміршектің ең негізгі жасушалары.
Пішіні сопақша, көпбұрышты болып келген,
аралық заттан жекеленіп, кейде топтаса
да орналасады. Топтаса орналасқан
хондро-циттерді изогенді топтағы шеміршек
жасушаларына жатқызады. Бұлар бір
ғана хондроциттердің бөлінуінен пайда
болған «топ» болып табылады. Изогенді
топтағы хондроциттердің үш тобын
ажыратады. Бірінші топтағы
Хондроциттердің үшінші түрінің ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте төмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған және ретімен орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары болатын – жасушалар. Бұлар белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.
Гиалинді шеміршек тіні
Гиалинді шеміршек тіні
(textus cartilaginеus hyalinus), әйнек тәрізді
деп те аталатын (гр. hyalos –
әйнек) мөлдірлігі мен ақ-
Түрлі ағзалардың шеміршек
тіндерінің ұқсастықтары
Шеміршек қабы (perichondrium)
екі қабаттан:сыртқысы
Изогенді
топтағы жасушалардың сыртын
базофильді боялған аралық зат
қоршайды. Бұл белоктар мен
Гиалинді шеміршекте жасушааралық территориялық аймақты бөліп қарастырылады(сурет 99).
Территориялық аймаққа
Шеміршектің жасушааралық
затында негізгі рольді
Бірақ барлық
шеміршектер бірдей емес. Гиалинді
шеміршектің құрылымдық
Буын шеміршегінің беткі аймағында майда, жалпақтау келген, пішіні бойынша фиброциттерге ұқсас хондроциттерден тұрады.
Аралық аймағында
жасушалары ірілеу, дөңгелектелген
пішінді , активтілігі жоғары: құрамында
ірі митохонриялары, жақсы жетілген
түйіршікті эндоплазмалық торы ,
гольджи аппараты мен
Тереңгі немесе базальді
аймағы базофильді линиямен
қаңқа тінінің минерализациялануының локусы болып табылады. Буын шеміршегінің қоректенуі аздап қана осы қабатпен, тереңгі, жүргізіледі. Негізінен ол буын қуысындағы синовиальды сұйықтық арқылы қоректенеді.
Эластинді шеміршек тіні
Эластинді шеміршек тіні (textus cartilaginеus
hyalinеus elasticus) бұл шеміршек пішіні тегіс
емес, бүктеліп (изгиб) немесе иіліп
майысқан бөліктері бар мүшелерде:
құлақ жарғағы, көмекейдің мүйіз
және сына тәрізді шеміршегі түрінде
кездеседі. Гиалинді шеміршек тәрізді
мөлдір емес, сарғыш түсті. Түзілуіне
қарай гиалинді шеміршекке ұқсас.
Бұл шеміршекте перихондриймен қапталады.
Жасушалары изогенді топ құрайды
немесе капсулада жеке орналасады.
Эластинді шеміршектің
Талшықты шеміршек тіні
Талшықты шеміршек тіні
(textus cartilaginеus fibrosa ) – омыртқа аралық
дискіде, қозғалысы аз байламдарда,
талшықты дәнекер тінінің

- Дәрігерге дейінгі, алғашқы медициналық көмек
- Дәрігердік кәсіптік дефермациясы
- Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны
- Дәрігердің әріптесімен коммуникативті дағдылардын бағалау әдістері
- Дәрігердің басшылық қасиеттері және олардың кәсіптік қызметтегі алатын орны
- Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері
- Дәрігердің көшбасшылық қасиеттері және олардың кәсіби іс-әрекеттегі маңызы.
- Даша Севастопольская - легенда крымской войны
- Даша Севастопольская- легенда крымской войны
- Дашкова Екатерина Романовна
- Д.А.Энтин - основоположник российской военной стоматологии
- Дәлелдеу құқығының пәні және тәсілі
- Дәнді бұршақ дақылдары
- Дәнекер тін