Дж.М Кейнс. 2
ЖҮТ №2
Курс: II
КЕЙНСИАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.Кейнсиандықтын пайда болуының тарихи жағдайы;
1.2.Дж. М. Кейнс – сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеудің макроэкономикалық теориясының негізін қалаушы;
1.3.Неокенсиандық және кейнсиандық дамуының екі үрдісі (тенденциясы);
1.4.Кейнсиандықтың
даму эволюциясы және посткейнсиандықтың
пайда болуы.
Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:
- ұлы оқымысты Дж.М. Кейнстің экономика теориясына сіңірген еңбегін;
- оның “Экономикалық сұраныс” ілімінің мазмұнын;
- шаруашылықты экономикалық реттеудегі мемлекеттің ролін;
- кейнсиандық және неокейнсиандық теориялардың мазмұнын;
- “неоклассикалық синтездің” мазмұнын;
- солшыл кейнсиандықтың дамуын;
- кәзіргі жағдайда кейнсиандықтың даму эволюциясын.
1. Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы.
1929-1933
жылдары болған экономикалық
дағдырыстан және одан кейін
ұзақ жылдарға созылған
Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды.
Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар арақатынасын талдаумен, “Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты.
Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында қабылданған, соғыстан кейінгі қаржы қатынастарының негізі және Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп болды. Оның бастамасы бойынша бір елдің тауарларын өткізуден түскен ақшаны, кез - келген басқа елдің тауарларын сатып алу үшін пайдалануды қамтамасыз ететін, мемлекетаралық клирынгелікті одақ құрылды. Бұл халықаралық квазивалюта құру идеясы, өзінің сыртқы тапшылығын жою үшін, одақтас - елдердің барлық Орталық банкілеріне есеп- шоттар ашуды қамтамасыз етті.
Дж. М. Кейнс теориясының мағынасы, дәстүрлі келістердің экономикалық даму процестерін жайғана қарастыру емес ол, агрегирленген (агрегированный) категориялар ретінде, нақты экономикалық дамудың өзара байланыстары мен функционалдарының тәуелділіктерін зерттеудің жалпы теориялық негіздерін қалап, олардың экономикалық даму тенденцияларына тиетін әсерін көрсетті.
Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.
Кейнс жаңа экономикалық категория – “инвестициялар мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.
Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар:
- қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдаудың негізгі өлшемінің екі бірлігі – ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру;
- экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық үлгілерін (модельдерін) енгізу.
- экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне келіп тоғысуы;
- экономикалық процесте ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде сезбейді;
- капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін көрсетеді.
1.2 Дж М. Кейнс – сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеудің макроэкономикалық
теориясының негізін қалаушы.
Жиынтық аграгирленген (бір тұтас көрсеткішке бірігу) экономикалық параметрлерді талдау негізінде, Кейнс экономикалық ғылымға жаңа ынталардың бастауын ұсынды. Сұранысты, ұсынысты, бағаны жекелеген фирмалармен тұтынушылардың деңгейінде, яғни микродеңгейінде қараған Маршаллмен салыстырғанда, Кейнс макроденгейінде функционалдық байланысты құру қажеттілігінің тұжырымдасын ұсынды. Ол бүкіл рыноктың өзара байланысты екендігін, сол себепті оларды біртұтас бөлінбейтін жүйе ретінде зертеудің қажеттігін көрсетіп берді.
Кейнс тағы да былай деді, сұраныс моделі өз - өзінен ұсыныстың соңынан жүрмейді. Сұраныс, табыстардың деңгейімен анықталып, табыстар динамикасынан артта қалып отырды. Егер сұраныс өндірілетін өнімнен (ұсыныстан) төмен болатын болса, онда өнімдердің бір бөлігі өткізілмей қалады. Ортақ өндіру төмендейді.
Неокласиктерден Кейнстің өзгешелігі, бағалардың нарықтық шаруашылықтарда икемді реттеуші болып саналмайтындығында, қайта олардың керітарпашыл (консервативный) болатындығын бекіту болып табылады. Рыноктағы жағдайды бағалар динамикасы бойынша емес, тауар қорларының болушылығы, тұтыну сұранысының динамикасы бойынша түсіндірді. Енбек рыногында бағалар (нақты еңбек ақы) жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын реттеуші рөлін мүлде нашар атқарады деді.
Кейнстің пікірі бойынша жинақтардың өсуі инвестициялардың өсуіне мүлде тең емес, тіпті белгілі бір жағдайларда, жинақтардың өсуі инвестициялардың көлемін көбейтуге емес, азайтуға әкелуі мүмкін. Осының нәтижесінде, рынок “автоматизмі”, А. Смиттін “көрінбейтін қолдың” жұмыс істемейтіндігін, тепе – теңдік қалпына келтірмейтіндігін анықтады. Осыдан шығарған оның басты тұжырымы: рыноктың негізгі параметрлері арасындағы сәйкестікке қол жеткізу үшін сыртқы факторлардың қатысуы яғни мемлекеттің араласуы қажет деді. Ол жұмыспен қамту мен өндірісті реттеудің жаңа теориясын жасады, мемлекеттік макрореттеудің көмегімен рыноктық механизімді түзеудің тәсілдерін болжап берді.
Ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың деңгейі өзара тәуелді өзгермелі екендігі Кейнстің ілімінен туындайды. Ұлттық табыстың өсуі жұмыспен қамтудың өсе түсуіне және керісінше әсерін тигізеді. Көзделгендей, ұлттық табыс тұтынушылықтың өсу факторы ретінде қатысады және өз кезегінде, ұлттық табыстың өсуі инвестицияларға тәуелді болады. Ол бүкіл тұтыну және инвестициялық шығындардың жиынып қалыптасуының бүкіл қоғамдық (жиынтық) сұраныс – тұтынуын және инвестициялық тауарларға сұраныстың дамуын анықтау әдістерін – жасады.
Кейнсиандық
теорияда “сұраныс тимділігі” деп
аталған тұтыну шығындары мен
инвестициялар саласы, маңызды орын
алады. Яғни ұлттық табыс өндіру динамикасы
мен жұмыспен қамту деңгейі, өз ресурстарын
өсіруді қамтамасыз етуші сұраныс
факторларымен анықталады. Тұтынудың,
инвестициялар мен мемлекеттік шығындардан
тұратын жиынтық сұраныстарын дамытып
және жетілдірілдіре отырып, тұтынушылық
бейімділігін, капитал жұмсаудаң күтілетің
кіріс келтірілушілікті, және өтімділікті
(ликвидтілікті) арттырады, бұл жайлар
1- үлгіден анық көрінеді.
1 үлгі
Дж. М. Кейнс жүйесіндегі негізгі байланыстар
Бұл кестеден мыналарды түсінуге болады, тұтыну мен табыстар арасындағы тәуелділіктен көрінетін психологиялық заң әрекет ете бастаған кездегі тұтынуға жұмсалатын шығындар тұтынушылық бейімділікпен (С/Ү) анықталады. Дегенмен, табыстың өсумен тұтынуға орташа бейімділігі тұтынуға деген (ΔС/ΔҮ) шекті бейімділіктің әсерінен төмен түседі.
Инвестициялық сұраныс деңгейі (I) капитал жұмсаунан (P’) күтілетін тиімділігі мен проценттік (пайыздық) ставка мөлшеріне (R) тәуелді болады. Проценттік ставка немесе процент нормасы (R) – бұл өтімділіктен ликвидтіктен айырылған үшін төлем.
Кейнс теориясының басты идеясы – жиынтық сұраныс көлемінің жеткіліксіз жағдайында, экономикаға мемлекет арқылы ықпал ету болып саналады. Сондықтан ол ұлттық табыспен, жинақтармен, инвестициялармен және жиынтық сұраныстармен арадағы экономикалық сәйкестіктерге қол жеткізу міндетін алға қойды.
Экономикалық тепе - теңдік - Кейнсше сұраныс пен қорланудың тепе - теңдігі мен белгіленеді. Қазіргі экономиканың басты кемшілігі ол сұраныстың тиімділігінің жетіспеушілігі деді, оның себебі, тұтынуды прогрессивті тежелеу, капиталдың тиімділігінің шектен тыс төмендеуі. Осындай жағдайда, Кейнстің ойынша, экономикалық дағдарыстан тек-қана мемлекеттің араласуы шығарады.
Атап айтқанда, мемлекеттің инвестицияға кең қатысу, әртүрлі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы (зауыттар салу, жол қатынасын жақсарту, жаңа экономикалық аудандарды игеру т.с.с), инвестициялардың формаларын бақылау, экономикалық жағынан аз қамтылған халық топтарын қорғау (зейнет ақыны көбейту, әлеуметтік төлемдер мен стипендияны молайту т.с.с) инвестицияның көбеюіне әсер етіп, халықтың сұраныс көрсеткішінің өсуіне жағдай жасайды.
Кейнстің ұсыныстарын іске асыру үшін ХХ ғ. 30- шы жылдары Англияда “Елді экономикалық дамытудың ұлттық кеңесі құрылды”. Мақсаты, экономикалық және әлеуметтік бағдарлама жасап, қандай өндіріс салалары мемлекеттік қолдауды керек етеді деген сұраққа жауап беру, 1944 жылы Англияда “Жұмыс пен қамту саясатының Ақ кітабы”- жарық көрді. Осы еңбек шығысы мен Батыс елдердің көп үкімет басшылары еңбекпен ұзақ, толық қамту үкіметтің міндеті деді. Мемлекеттің осындай бағытта іске араласуы экономиканың шынында дағдарыстан шығудың нағыз революциялық жолы еді.
Экономиканы
мемелкеттік реттеу құралына Кейнс
ивестицияны өсіру жолымен
Экономикалық теорияны дамытудағы Кейнс еңбектерінің үлесі:
- бағаны талдаудан нақты өнімді (продуктыны) практикалық талдауға көшу;
- өндіріс көлемімен табыс деңгейінің өзгеруіне қарағанда, пайыз нормасының, жинақтаумен инвестицияға әсерінің тіпті аздығынан пайыз нормасына жаңа көзқарас;
- инвенстиция мультиплиаторының идеялары;
- қазірғі капиталистік экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіндігін, әсіресе жұмыспен қамтудың жоқтық тезисін кіргізуі;
- тұтыну бейімділігінің түсінігін еңгізіп және өнімділікті (ликвидтілікті) қолдауы;
- экономикалық саясаттың революциялық мүмкіндігінің тууына себеп болыуы.
1.3 Неокенсиандық және кейнсиандық
дамудың екі үрдес.
Дж. М. Кейнстің “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясы” атты басты еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары мен саясый - экономикалық әдебиеттердін пайда болуына себеп болу мен қатар, сондай – ақ әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық ағындарды туғызды. Дж. М. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан соң бірнеше жылдан кейін, ең алғыр байқағыш экономистер, тек-қана бірнеше синтездік көзқарастарды пайдаланып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін табуға болатындығын түсіне бастады. Соғыстан кейінгі жылдары кейнсиандық бағытта біршама өзгерістер болды, яғни жаңа бағыт – неокейнсиандық жүйе қалыптасты.
Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің “Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып, шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.
Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің позицияларын неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті аналитикалық талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.
“Неоклассикалық синтезді құрушылар”, “Жалпы теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.
Бірінші себеп, соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік экономика (өсудің жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа қарсы күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға” қарағанда басқа проблемаларды тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.
“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі М. Блауг, Кейнстің “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем - Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге (моделге) жеңіл кірсе (встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.
Кейнстің дана маңызды тұжырымдамасын зерттеу процессінде оның кей бір бағыттарын аз мәнді деп умытылды, ал басқалары одан әріқарай дамыды. Әр түрлі коментаторлар өздерінің түсінігі бойынша оның ілімінің мәнін өздерінше, оны “неоклассикалық синтез” деп “неокенсиандық”, “ортодоксалды кейнсиандық”, яғний “хиксиандық” кейнсиандық немесе “заңсыз тұған” кейнсиандық деп атады.
Сонымен, неоклассикалық синтездің негізі:
- Самуэльсонның атымен байланысты, оның еңбегі “Экономикста” берілген қысқартылған немесе кесілген Кейнс үлгісі, ұлттық табысты анықтаудың принциптерін дәл және айқын түрде береді, сондықтан оны ортодоксалды кейнсиандықтар Кейнс тұжырымдамасының өзегі, негізідеп санайды.;
- Дж. Хикс ұсынып, кейінірек Э. Хансен жетілдірген ақша параметрлері үлгісі (модельге) Хикс – Хансенның “кірістер – шығыстар” схемасын (кестесін) туғызды. Бұл кесте Кейнс теориясын жалпы тепе – теңдік тұжырымдамасын жеке оқиға түрінде - білдіреді, сондықтан да “неоклассикалық синтездің” квитесенцнсі болып саналады;
- Толық жұмыспен қамтылушылыққа өздігінен қол жеткізудің мүмкін еместік себептерін көрсетіп, одан әрі қарай, неоклассикалық мектеп өзінің теориялық манызың сақтай отырып, В. Леонтьев айтқандай “кейнсиандық ұпайларға” қажетісінеді, ал капиталистік экономка – реттеудің кейнсиандық доктринасын іздейді.
- Жалпы, “неоклассикалық синтез” үш блоктан тұрады:
- Кейнстің қысқартылған (ықшамдалған) немесе кесілген үлгісінен;
- Хикс – Хансенің “кірістер - шығыстар” схемасынан (кестелігінен);
- Толық жұмыспен қамтылмаудың себептерін түсіндіруден;
Кейнстің
бірінші қысқртылған (ықшамдалған) үлгісіндегі
жиынтық сұраныс немесе жоспарланаған
шығындар (Е), тұтынуға (С), және инвестицияларға
(І) бөлінеді, ал жиынтық ұсыныс ұлттық
табыстың
(Ү) деңгейімен анықталады. Шартты тепе
– теңдік мына теңдеумен сипатталады:
Ү=E=C+I
Екінші блокта “кірістер – шығыстар” сызбасын (кестелерінің) авторлары инвестициялау тек, капиталдың шекті тиімділігі проценттік (пайыздың) мөлшерінен асып кеткенде ғана: І < І (R) мағынасы бар деп есептеді. Процентің (пайыздың) мөлшері неғұрлым төмен болса, соғұрлым басқадан тең жағдайларда қосымша капитал салымдарын жасау пайдалы, яғни керісінше.
Жалпы алғанда Хикс – Хансен сызбасын (кестесін) жасаумен неоклассикалық мектеп ертеден айналысып, жалпы экономикалық тепе – теңдік тұжырымдамасының көптеген үрлігін көрсетті, сондықтан да Кейнсиандық теория оған жекелеген жағдай құқығында кіреді.
Үшінші блок – белгілі бір деңгейден төмен түспетіндігіне қарамастан, еңбек ақының икемсіздігі толық жұмыспен қамтылмаушылық себептерін түсіндіреді. Бұл еңбек нарығындағы өздігінен реттеу механизмінің - әрекетіне тосқауыл қояды. Бағаның өсуімен ақшаға деген сұраныста өседі, демек, ликвидттен (өтімділіктен) айырылғаны үшін - төлем проценті көбейеді, соның салдарынаң инвестициялар қысқарады, ұлттық табыс пен жұмыспен қамтылушылық деңгейі төмендейді. Мұндай құбылыстардан “өтімділік қақпаны” туындайды.
“Өтімділік қақпан” – бұл,
процент нормасының ең төменгі
деңгейде болған кездегі,
Мұндай құбылыстар, өтімділіктен айырылу төлемнің аздығы, сондықтан, ақша көлемінің бүкіл өсімін неғұрлым ақшаға тиімді деген алыпсатарлық сұраныстарға жұмсалғаның пайдалағын түсіндіреді.
Кейнс теорияның бұл үш айрықша жағдайларының маңызы - олардың “ неоклассикалық синтезге” кіру жағдайлары. Шын мәнісінде экономика тепе – теңдікке икем, дегенмен үш ықтимал жағдайда өзін - өзі реттеу механизмі іске қосылмайды, толық жұмыспен қамтымаушылықпен және ресурстарды пайдасыз шығындаумен сипатталады.
Көптеген теориялық талқылауларың нәтижесінде, ғылыми еңбектердің әсерімен Кейнс теориясының неоклассикалық жүйеге сыйымдық проблемасы шын мәнісінде шешілді. Неоклассиктер микроэкономика теориясының басымдық жағдайларын сақтап қалды, ал кейнсиандықтар макроэкономиканың тәжиребелі рецептерінін, артықшылығын сақтады. Бірақ муқият қарағанда “синтезді” жақтаушылар, капиталистік экономиканың тұрақтылығы жайлы неоклассикалық синтезді кейнсиандық тұрақсыздық пен күресуді ұштастыра алмағанын, көруге болады. Ортодоксалды экономистер өз - өздерімен үнемі қайшылықа кіріп отырды: өз теорияларын микроэкономикалық бөлігін қорғай отырып кейнсиандық доктринаны жоққа шығарады және керісінше, мемлееттің экономикаға араласуы туралы айтқанда, неоклассикалық теорияның принциптерін тағы да жоққа шығарып отырды.
Осылай, “неоклассикалық синтез”- бағаның икемді еместігін Cамуэльсонның айтуынша “ірі корпорациялардың бағаға әкімшілік ететін олигополиялардың пайда болуымен” түсіндіреді. Бағаның икемсіздігі туралы тезис кейнсиандық бағдарламаның қажеттілігінің басты дәлелі. Бұл жағдайлар “баға белгілеудің неоклассикалық принциптерінің” әділеттілігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен микро - және макро – теориялар екеуі де бір экономиканы талдайды, сондықтан бағаны әкімшілікпен белгілеуі және жетілдірмеген бәсеке туралы пайымдаудың ешқандай мағынасы жоқ. Сондықтан экономикалық проблемаларға жаңа жол табушылықтарды іздестіру қажетті болды.
Құбылыстарға жаңа жол табушылық идеясын ағылшын экономисі Рой Харрод (1990 –1978 жж.) іске асырды. Оның монографиясы “Экономикалық динамика теориясы” (1948) Харродты әлемге аты белгілі оқымысты, соғыстан кейінгі кейнсиандықтардың көсемі, неокейнсиандық динамика теориясын жасаушысы етті. Харрод өзінің еңбектерінде ақша, банктер, халықаралық сауда, жетілдірілмеген бәсекелестік, шығындарының ауытқуы, сауда циклі және т.б. проблемаларды қарастырды.
Харродтың
методологиясы Кейнс
Харрод тәжиребелік бағдарламада шаруашылықтың екі тобын қарастырды: 1. қысқа мерзімдік жоспардағы антициклдік саясат; 2. жаппай жұмыссыздықты алдын – ала ескерту мақсатында – экономикалық даму қарқын ұзақ уақытқа ынтыландыру саясаты.
Неокейнсиандықтар Харродтың экономикалық динамика аясындағы еңбектерін, өсудің (Дж. Робинсон, Н. Калдора және басқалар), неғұрлым күрделі үлгілерінің тұтастай класын туғызған, пионерлік зерттеулер деп атады. А. Эйхердің айтуы бойынша Дж. Кейнстің “Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы” тұжырымдасын талдаған Харродтың зерттеуі, оны алға дамытуда алғашқы талпыныс болды.
Қазіргі кезенде экономикалық өсуді талдауда (Жапонияда, Оңтүстік Кореяға, Тайландта) Харродтың экономикалық категорияларын пайдалану, оның даму динамикасы мен теориясына тамаша нәтижелерін берді.
Оның
үлгілерін қазіргі кезеңде
Посткейнсиандық мектептер үшін Харродтың капитализм жағдайындағы экономикалық өсу “табиғи” берік еместігі мен ішкі тұрақсыздығы туралы негізгі тезисі айрықша маңызға ие. Харрод теоретиктігі мен ғана қызықты емес, ол сонымен бірге тарихшы – экономист, Дж. М. Кейнстің өмірлік қызметі мен негізгі еңбектерін зертеуші ретінде де ынталандырмай қоймайды.
Неоклассикалық
мектептің бұрынғы жақтасы, Гарвард
университетің болашақ
Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Тобин былай деді: “АҚШ – тың макроэкономикалық саясатын қайта бағдарлауда Хансендай маңызды роль атқарған, басқа американдық экономисті табу мүмкін емес».
Хансен 20 жыл бойы Гарвордта, жоғары әкімдер мен көрнекті ғалымдардың нағыз мектебі болған, аспиранттардың теориялық семинарын жүргізді. Семинарға болашақ Нобель сыйлығының лауреаттары Самуэльсон, Тобин, экономикалық динамика теоретиктері Е. Домар, Дж. Гэльбрейт қатысты. Осы семинарда П. Самуэльсон бірінші рет мультипликатор мен акселераторды біріктіру принципінің үлгісі (моделі) туралы баяндамамен, ал Домар өсудің новаторлық үлгілердің авторы ретінде қатысты.
“Америкалық Кейнс” – Хансен алтыдан аса монографиясында (“Салық саясаты және экономикалық циклдар”, “Ақша теориясы және қаржы саясаты” және т.б.) Кейнстің ілімімен байланысты жаңа теориялық доктринаны кеңінен танымал етті. Оның тілі – фактілердің, кескіндердің, кестелердің тілі болды, сол арқылы оқырмандарын қажетті қорытындылар жасай білуге үйретті. Хансеннің еңбегі арқасында, Кейнс отаны Ұлыбританиға қарағанда, АҚШ-ты “неғұрлым кейнсиандық елге” айналдырды деп тұжырымдайды . Ол Рузвельт өкіметінің аса көрнекті теоретигі болды, “Толық жұмыспен қамтылушлық күресін” басқарды, соның нәтижесінде “Жұмыспен қамту туралы акт” (1946) қабылданды, сөйтіп АҚШ үкіметі жұмыссыздықа қарсы күресті бірінші кезекті міндетке айналдырды. Жалпы былай деп айтуға болады, Д. Эйзенхауер, Дж. Кеннеди, Л. Джонсон сияқты АҚШ президенттері әкімшілігінің экономикалық саясаты – кейнсианды-хансендік болды.
Хансен кейнсиандықты аса ірі таратушысы ретінде “Кейнс бойынша жолсерік” (1953) еңбегінде “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясына” толық түсінік берді. Бірмезгілде, ол аса көрнекті теоретик - экономимст ретінде, белсенді макроэкономикалық саясатты жалғаушысы болып саналды.
Самуэльсон айтқандай, Хансен табыстарды анықтау теориясы мен тұтастай макроэкономикаға бірдей үлес қосты.
Кейнсиандық циклдің тұжырымдамасының авторы ретінде, оның “Экономикалық цикл және ұлттық табыс” (1957) атты іргелі монографиясы Э. Хансенге әлемдік атақ әкелді.
Хансен циклды патологиялық жағдай ретінде қарастыруға болмайды деді, ол қазіргі динамикалық экономикаға шын берілген деді. Циклдардың ноклассикалық теориясы осыдан мынадай тұжырым жасады: қаншалықты цикл капиталистік экономиканы іштей дамытушы болмасын, бірақ енді оны реттеу үшін бір ғана рыноктың “көрінбейтін қолы” жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттік саясаттың антициклдық бағдарламасы қажет деді.
Хансен құрған мемлекеттің экономикаға араласуының неокейнсиандық бағдарламасы меншікке тиіспей, тек қана айналым мен табыстарды бөлу алаңын қарады. Осыған дейінгі тәжиребелерді ескере отырып, Хансен өзінің антициклдық бағдарламасының үш бағытын берді:

- Дж.М Кейнс
- Дж. М. Кейнс и его концепция экономического развития. Методологические позиции Кейнса в сравнении с Маршаллом
- Дж.М. Кейнс и его теоретическая система
- Дж. М. Кейнс и его труд «Общая теория занятости, процента и денег
- Дж. М. Кейнс и его труд «Общая теория занятости, процента и денег
- Дж.М. Кейнс: новая теория для изменившегося мира
- Дж.М. Кейнс: теория эффективного спроса
- Джирофтская культура
- Джихад "Священная война"
- Дж. Локк и идея правового государства
- Дж. Локк и Ш. Монтескье о разделении властей
- Дж. Л. С. Шэкл: расчеты на будущее, время и решения
- Дж. М. Джуран - один из творцов "японского экономического чуда"
- Дж. Мілль – послідовник і популяризатор Д. Рікардо