Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

Мазмұны

 

КІРІСПЕ

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

 

    1. Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары

2.1 Еңбек ақының формалары және жүйелері

 

2.3  Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі

 

         2.4 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды  жетілдіру

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық  экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі  кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы  мен дамуына  тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы  қатардағы орындардың бірін –  адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің  негізін  заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс  қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.

Еліміздегі  экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты еңбек ақы және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мен қорғау саласында  саясат та өзгеріске ұшырайды.  Бұл  саясатты жүзеге асырудың көптеген функцияларын мемлекет тікелей кәсіпорындарға артқан, яғни еңбек ақының формаларын, жүйелерін, мөлшерін кәсіпорындар өздері анықтайды.  Жұмысшылардың еңбек нәтижесін  ынталандыруға көп көңіл бөлінеді. «Еңбек ақы» түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар  әртүрлі премиялар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай  және натуралды түрдегі барлық ақы  түрлерін алып жатыр.

Еңбек ақы  мәселелері  тек экономикалық жағынан  ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикалық теорияда және іс жүзінде  ерекше орынға ие. Сол себепті бұл  дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде  өте актуальды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында  басты міндеттердің бірі – «жалақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан [1].

Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және кәсіпорын жұмысының нәтижесімен  анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық – құқықтық формалардың  жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі  мөлшері Қазақстан Республикасының  заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады.

Нарықтық  экономика жағдайына көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске  ұщырады. Қазақстан Республикасының 15.05.07  «Еңбек кодексі» заңына сәйкес,  мемлекет  кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне  араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының  мөлшерін, формаларын, жүйелерін  анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды[2]. Мемлекет тек халықты әлеуметтік қорғаумен айналысады. Мысалы, еңбек  ақының  ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын  мөлшерін бекітеді, Еңбек Кодексіне  сәйкес жұмысшыларды жұмысқа  қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді.  Сондықтан, кәсіпорындар еңбекті  және еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстарын өздері жүргізеді., бұл – олардан  белгілі бір білім мен іс –  тәжірибені талап етеді. Еңбек ақыны  ұйымдастыру және төлеу саясаты  кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне тікелей ықпалын тигізеді. Еңбек қатынастарының жарғылық заңды түріндегі реттеу, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек ақы төлеу облысында кәсіпорын компетенциясына кіретін еңбек ақы шарттары көрсетілген кәсіпорынның ұйымдық келісім шарты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.

 

Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардын қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.

Кәсіпорын жұмысшысының табысына өндіріс шығындарына  кіретін жалақы,  еңбек және әлеуметтік ақшалай төлемдер, пайдадан алынатын сыйақылар, сонымен қатар, кәсіпорын  мүлкіне қосқан үлесі мен акцияларына  алатын дивидендтер, заттай алатын өнімдер  және т.б. табыстар кіреді. Жалақы –  материалдық игіліктер мен  көрсетілетін қызметтерді тұтыну қорының бір  бөлігі болып табылады. Ол жұмысшыларға еңбектерінің саны мен сапасына және нәтижелілігіне байланысты төленеді.

Нарықтық  экономика жағдайында жалақының  мәні төмендегі аспектілерден құралады:

  • жалақы -  еңбек нарығындағы жұмыс  күшінің  бағасы;
  • жұмыс  күші  бағасының  материалдық, заттық көрінісі болып тұтыну заттарының бағалары (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары); олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді);
  • жалақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіне байланысты;
  • жалақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.

Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға  сәйкес жүргізіледі:

  • еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т.б. уақтылы төлеу);
  • өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін,жағдайын көтеру;
  • еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
  • жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан

ынталандыру;

  • еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсуіне қарағанда артық

болуы.

Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу  мөлшері барлық жағдайларда Казақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек.

 Еңбекке  ақы төлеуді құқықтық реттеу  екі әдіспен: орталықтанды-рылған  және жергілікті әдіспен жүзеге  асырылады.

Жалақыны  реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разряд аралық тарифтік коэффициенттерін , барлық қызметкерлердің еңбегіне  төлеудің «Бірыңғай тарифтік кестесін» , жалақы тарифтерін еңгізу арқылы жүргізіледі . Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен  қаржыландырылатын ұйымдар мен  кәсіпорындарда қолданылады .

Жалақыны номиналды, яғни жалақының ақшалай мөлшері және нақты жалақы, номиналды жалақыға қаншалықты тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға болатынын көрсететін жалақы де екіге бөледі:

                                               Ун 

Ур  =  ----------                                                   (1)

      Р 

Ур  - нақты (реальная)  жалақы;

Ун  - номиналды жалақы;

 Р  - тұтыну заттары мен көрсетілетін  қызметтер бағасының деңгейі.

Мұндағы нақты жалақы мөлшеріне сұраныс  пен ұсыныстың әсері үлкен  болады.

 

Кәсіпорындағы еңбекақының жалпы деңгейі төмендегі  негізгі факторларға байланысты:

  • кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның рентабельділік деңгейіне;
  • кәсіпорындардың кадр саясатына;
  • аймақтағы, облыстағы жұмыссыздық деңгейіне, қажетті мамандықтардағы жұмысшыларға;
  • кәсіподақ, бәсекелестер және мемлекеттің ықпалы;
  • кәсіпорынның қоғаммен байланыс саясаты.

Еңбекақы -  еңбек кілісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін  табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде  екі жақты сипатта болады, бір  жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс  шығыны болып табылады.

Жұмыс күшіне деген шығындар жалақымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын  шығындар қатарына сонымен қатар, жұмысшыларды әлеуміттік қорғау шығыстары, тұрғын ұймен  қамтамасыз ету  және әлеуметтік-тұрмыстық  қызмет көрсету шығындары. Еңбекақы,  кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен   ынталандыруды  қамтамасыз ететін маңызды құрал.

Еңбекақы қоры - қызметкерлердің  жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына  берілетін табыстың ақша түріндегі  бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден  тұрады.

 

Кәсіпорындарда  еңбекақыны  тиімді  ұйымдастыру  оның  жұмысшыла-

рының еңбек  нәтижелерін ынталандыруға, дайын  өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнімнің пайдасын және рентабельділігін көтеруге ықпалын тигізеді.

Еңбекақыны  тиімді ұйымдастырудың мақсаты –  кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы  нәтижелері мен жұмысшының еңбек  үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.

Кәсіпорындар  қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық – құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Бірақ, жұмысшылардың  жұмсаған еңбегі мен олардың санаттылық біліктілігін толық есепке алатындай  нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының  ең төменгі мөлшерін заңды түрде  белгілеу арқылы, кәсіпорынның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық  салу арқылы реттеп, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды  (солтүстіктік қосылымдар) бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді  еңбекақыны бекітеді. Еңбекақыны  ұйымдастыру  ұжымдық келісім-шарттар негізінде  құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте,  жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 – 3 жылға  жасалады. Келісім-шарттарда мынадай  сұрақтар реттеледі:  еңбекақының  мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері  және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне  байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының  ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін  қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық  сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.

Еңбекақы  мөлшерін анықтаушы элементтердің  бірі  - өмір сүру минимумы болып  табылады. Ол адамның денсаулығын  сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен  көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған  әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбек ақының ең төменгі  мөлшерін белгілеуге, жасына қарай  зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға  төленетін төлемақы мөлшері мен  білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының  ең төменгі  мөлшері бір айда қарапайым  жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай  төленетін еңбекақы, ол қарапайым  жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі  мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен  анықталады.

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың желтоқсанында  қабылданған  № 8 – IV «2009 жылға арналған республикалық бюджет» заңына сәйкес, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген:

  1. Жалақының  ең төменгі мөлшері  -  13470 тг.
  2. Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері  -  4 210 тг.
  3. Зейнетақының ең төменгі мөлшері   - 7 900 тг.
  4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемақылар мен басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен қатар, айыппұл санкцияларын қолдану үшін, салықтар мен басқа төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш  -  1 246 т.
  5. Базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін, өмір сүру минимумының мөлшері  -  13470 тг. 

Біздің   елімізде  еңбекақы  екі  түрлі  қызмет   атқарады:  бір   жағынан,

жұмысшылардың өмір деңгейін көтеретін табысының  басты қайнар көзі болса, екінші жағынан - өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық ынталандыруын қамтамасыз ететін басты тұтқа болып табылады.

Кесте 1.

Жалақының атқаратын қызметтері

 

Қызметтердің атауы

                     Қызметтердің мазмұны

 

   Ұдайы өндірістік

Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін  қамьамасыз ету, жұмыс күшінің ұдайы  өндірісіне ықпалын тигізетін еңбекақының  минималды деңгейін бекіту.

 

   Ынталандыру

Өндірістің дамуына ынтаны арттыру, жұмысшының қосқан еңбек үлесіне  сәйкес жалақы деңгейін қою.

 

  Өндірістік - есептік

Өнім бағасының құрылу үдерісінде тірі еңбектің қатысу өлшемін сипаттайды, оның жиынтық өндіріс шығындарындағы үлесін көрсетеді.

 

 

   Реттеушілік

Жұмысшының тауарлар мен қызметтерді, ал жұмыс берушілердің өндіріс құрал  – жабдықтарын сатып алу қабілетін  қалыптастырады, яғни тауар ұсынысы  мен сұранысы арасындағы пропорцияның қалыптасуына ықпал етеді.

 

   Әлеуметтік

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге  төлем қабілеті бар сұранысты  қалыптастырады. Әлеуметтік  әділеттілік  қағидасын жүзеге асыруға ықпал  етеді.

 

   Мотивациялық

Еңбекте шығармашылық пен моральдық-өнегелі  жағдайды дамытады, жұмысшының адамгершілік қасиетін және оның еңбек моралін  қалыптастырады.


 

Сонымен, жалақы экономикалық категория ретінде, жұмыс күшін ұдайы өндіру және еңбекті ынталандыру қызметтерін  аз орындай бастады. Еңбек ақыдағы  мұндай жағдай, қоғамның әлеуметтік жіктелуіне және әлеуметтік теңсіздікке алып келеді. Қазіргі уақытта  10 % ең жоғары табысты  және ең төменгі табысты топтардың  арасындағы айырмашылық 13 есеге жеткен. Бұл жағдайдан шығудың бірден –бір жолы – мемлекеттің реттеуші ролін күшейту, жалақының негізгі, ұдайы - өндірістік, ынталандыру және реттеуші қызметтерін қалпына келтіру.

 

2.2 Еңбек ақының формалары  мен  жүйелері.

 

Еңбек ақыны  дұрыс ұйымдастыру  өндірістік мәселелермен бірдей маңызды іс. Жалақыны ұйымдастырудың негізгі міндеті – еңбек ақыны  әрбір жұмысшының еңбек үлесімен байланысты етіп, жұмысшының жұмысқа  ынтасын арттыру болып табылады. Жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру:

  • кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысының формалары мен

жүйелерін анықтау;

  • кәсіпорын жұмысшылары мен мамандарының  жеке жетістіктеріне

төлемдер  төлеу критерийлерін жасау;

  • мамандар мен қызметкерлердің  лауазымдық жалақы жүйесін жасау.
  • қызметкерлерге сыйақы беру көрсеткіштері мен жүйесін негіздеу.

 Жалақы  формалары және жүйелері, 6 сүретке  сәйкес,  – сандық және сапалық  көрсеткіштер жиынтығымен анықталатын,  еңбек нәтижесін, жұмысшының еңбегінің  саны мен сапасының жалақы  мөлшеріне байланыстылығын орнату  тәсілі болып табылады.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі - жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы аракатынасты белгілеу жүйесі. Жалақының негізгі жүйелеріне — мерзімді және кесімді жүйе жатады. Өндірісте еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері белгіленуі мүмкін. Ақы төлеу еңбектің жеке және (немесе) ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.

 Жұмысшылардың  жалақы формалары мен жүйелері  еңбек өнімін бағалау тәсілін;  еңбекке еңбек ақы төлеу үшін  өлшем жүргізуді (жұмыс уақытымен,  шығарылған өніммен, жеке, ұжымдық  және соңғы нәтижемен); еңбек пен  еңбек ақы арасындағы функционалдық   басыбайлылық сипатын, еңбектің  сандық және сапалық нәтижелеріне  байланысты жалақының өзгеріс  пропорциясын анықтайды. 

Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарда еңбек  ақы төлеудің екі негізгі формасы  кең таралған. Олар: кесімді - өнімнің әрбір бірлігіне, немесе жасалған жұмыстың көлеміне байланысты төленетін жалақы; мерзімді – тариф жүйесінде көрсетілген календарлық емес, нормативтік жұмыс уақытына төленетін жалақы.

Бұл формалардың  қайсысын қолдану әр кәсіпорынның өзінің жұмыс жағдайына байланысты болады.

Кесімді жалақыны қолдану жағдайлары:

А) Жеке жұмысшының нақты еңбегіне тәуелді  жұмыстың сандық көрсеткіштерінің бар  болуы;

Б) Орындалған жұмыс көлемін дәл анықтау  мүмкіндігінің бар болуы;

В) Нақты  учаскедегі жұмысшылардың жұмыс  көлемін немесе шығаратын өнім көлемін  ұлғайту мүмкіндігінің бар болуы;

Г) Нақты  өндіріс учаскесінде жұмыс көлемін  немесе шығаратын өнім көлемін ұлғайту  қажеттілігінің бар болуы;

Д) Еңбекті  техникалық нормалау мүмкіндігінің  бар болуы.

Мерзімді жалақыны қолдану жағдайлары:

А) Өнім шығару көлемін арттыру мүмкіндігінің  болмауы;

Б) Өндіріс  үдерісі қатаң шектелген;

В) Жұмысшының атқаратын қызметі тек технологиялық  процесті бақылау ғана болғанда;

Г) Өндірістің конвейерлік және ағымдық типтері  қолданылғанда;   

                                    

2.3     Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі.

 

Еңбек ақы  мен еңбекті ынталандырудың прогрессивті жүйелері мен әлемдік тәжірибедегі негізгі тенденцияларын қарастырып көрейік.

Классикалық нарық елдері аталған (Франция, Германия, Швеция, Жапония және т.б.) шетел тәжірибелерінен  үйренетін нәрселер өте көп. Бұл  елдерде жалақыны реттеудің мынадай  негізгі формалары қолданылады:

    • мемлекеттік реттеу – жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу, салық саясаты;
    • жалпы ұлттық және сала деңгейіндегі ұжымдық келісімдік реттеу;

- үкімет, сала басшылары және кәсіподақ  – табыстарды индекса-циялаудың  жалпы тәртібі жайлы, жалақының  формалары мен жүйелері жайлы,  әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер  ( оның ішінде, жұмыссыздыққа төленетін  төлемақы да бар) жайлы келісім-шарт  жасасады;

    • фирмалық  ұжымдық  келісім – шарттар  –  фирмалардың тариф ставкалары мен жалақы мөлшерін анықтайды, пайдаға қатысу жүйесін бекітеді және т.б.
    • жұмыс күші  нарығы - орташа жалақы  деңгейін  және  т.б. анықтайды.

Жоғарыда  келтірілген формалардың бәрі бір-бірімен  тығыз байланысты, жалақыны реттеудің  бірыңғай механизмін құрайды, сонымен  қатар, бір-біріне  әсер етеді. Жапония, Франция және Швециядағы еңбек ақыны  ұйымдастырудың және реттеудің  нақты  құралдары мен ерекшеліктерін тереңірек  зерттеп көрейік.

Жапонияда еңбек нәтижесі негізінде төленетін  сыйақылар жүйесі, кәсіподақтың араласуымен  өзінің бастапқы маңызын жойды. Қазіргі  кезде сыйақының жылдық сомасы тек  төрт жалақы мөлшеріне тең.

Зейнеткерлікке  ерте шыққан жағдайда төленетін төлемақы 5 жылдық жалақының орнын толтыруы тиіс (55 пен 60 жастың аралығында зейнеткер  жасына жеткенше).

Сонымен, жалақы деңгейін анықтайтын басты критерий болып, біріншіден – жұмыс сапасы, ал әр жұмысқа күрделілігіне және оны орындауға қажетті біліктілікке қарай белгілі ранг беріледі. Екіншіден  – адамның іскерлік қабілетін  дамытатын, қызмет лауазымының өсуін  ынталандыратын жалақыны жүйелі түрде  өсіру; Бұл жағдаймен таныс әрбір  жұмысшы белгілі мақсатқа жету үшін барынша тырысады. Үшіншіден - әрбір жұмысшыны «нақты табыс» негізінде жеке бағалау жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйе әрбір жұмысшы еңбегін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Еңбек ақы  төлеудің бұл жүйесінің артықшылықтары -  еңбектің соңғы нәтижесі мен  жұмысшының жеке үлесінің арасындағы байланыс автоматты түрде шешімін  табады, жалақының ешқандай кедергісіз өсу болашағы көрініп тұрады, ол жұмысшыларды өндіріске жаңалықтар мен прогрессивті әдістерді ендіруге ынталандырады. Қазіргі кезде жалақыны жекелеу  (индивидуализация)  формасы  болп табылатын бонустар жүйесі кеңінен  тарай бастады.

Оның  ерекшелігі жұмысшының ерекше нәтижелеріне берілетін сый ақы негізгі  жалақыға қосылмайды. Бонустың бірнеше  артықшылықтары бар, олар: 

- мотивацияның  жоғары деңгейі, артта қалған  жұмысшылардың өздерін жоғары  еңбек өнімділігіне ұмтылдырады,  себебі нақты нәтижелер ғана  есепке алынады ;

- икемділік,  инфляция индексіне тәуелді емес, бонустар көлемінің өзгеруі, олар  таратылатын жұмысшылар санына  байланысты ;

- қолданыстағы  басқа сыйақы формаларымен бірге  қолданыла береді.

- топтың, бригадалардың, ұжымдардың жұмыс  нәтижелерін бағаулауда бонустарды  қолдану мүмкіндігі бар, ол  ұжымның ұйымдасуына ықпал етеді.

Бонустар  жүйесі әсіресе Францияда кең  тараған. Францияда еңбек қатынастарын реттеу саласы, ұжымдық келісім –  шарттар жасау өте жақсы дамыған. Бұл елде халықаралық еңбек ұйымының 175 конвенциясының 114 енгізілген (ратифицирована). Францияның еңбек заңламалары Батыс  Еуропа мемлекеттері заңламаларының ішіндегі ең озық, прогрессивті болып саналады.

Жалақыны  жекелей төлеудің (индивидуализация) кең таралуы мынадай жағдайларға  байланысты: жұмысшыларға қойылатын  талаптардың өзгеруі, біліктілік динамикасының  артуы, біліктілікті тұрақты көтеру қажеттілігі, мамандықтардың «өмірінің» қысқаруы, жұмыс орны үшін бәсекелестіктің  артуы. Мысалы, Францияда жалақыны тікелей  төлеу кәсіпорындардың 3% ғана қолданылады. Оны қолдануды арттыруға мына жағдайлар кедергі болады:

Біріншіден, бұл саясат экономикалық өсудің жай  болған кезеңінде, құлдырау кезеңінде, инфляция жағдайында іске асырыла алмайды, себебі, жалақы қорын өсіріп кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады.

Екіншіден, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жеткен жұмысшы болашақта сол деңгейді ұстап түруы күмән келтіреді, көрсеткіштері төмендеген жағдайда оған қойылған жеке төлеудегі жалақысы оның еңбек нәтижесімен сәйкес болмай қалады. Сондықтан, көптеген басқарушылар пайдаға қатысу жүйелерін пайдаланады, онда барлық жұмысшыларға бірдей мақсаттар  қойылады, ұжымдық рух күшейеді. Соған қарамастан, жалақыны жеке төлеу  жүйесі біртіндеп кәсіпорындарда ендірілуде, ал кейбір кәсіпорындар пайдаға қатысу  жүйелерін ендіруде.

Өнеркәсіп пен қызмет көрсету сферасында жалақы деңгейін анықтау жүйесі әлеуметтік-экономикалық дамудың «швед моделінде» ең күрделі  элементтердің бірі болып табылады.

Бұл  жүйенің негізі ұжымдық еңбек  келісімдерін жиі  қайта қарау  болып табылады. Мұнда жұмыс берушілер  мен кәсіподақ өкілдері жаңа келісім-шарттардың мазмұнын келісіп өзгертеді, оның ішінде жалақы мәселелері де қарастырылады.

50-жылдардың  басынан бастап Швеция кәсіподақтары   ұжымдық келісім-шарттарда ынтымақты  жалақы (солидарная зарплата)  саясатын  жүргізуде, ол мына қағидаларға  негізделген:  бірдей еңбекке  – бірдей жалақы;  жалақының  ең төменгі мөлшері мен ең  жоғары мөлшері арасындағы айырмашылықты  азайту.

 «Бірдей  еңбекке – бірдей жалақы»   қағидасы бойынша бүкіл халық  шаруашылығы көлемінде бірдей  біліктіліктегі, бірдей интенсивті  еңбекке бірдей тарифтік жағдай  жасау болып табылады. Оның теңестіруге  ешқандай қатысы жоқ. Бұл жүйеде  нақты еңбек нәтижелеріне байланысты  жалақыны дифференциациялауға ешқандай  шек қойылмаған.

Ынтымақты жалақы саясаты бірқатар мақсатты міндеттерді  шешуге бағытталған. Ең бастысы, нарықтық бәсекелестікпен бірге, ғылым мен  техниканың соңғы жетістіктерінің  негізінде өндірісті тұрақты  жаңартуды ынталандырады. Мұнда  «бірдей еңбекке – бірдей жалақы»  қағидасы сақталады, Швецияда қалыптасқан  дәстүр бойынша, бірдей біліктіліктегі бірдей жұмыстарды атқаратын әртүрлі  кәсіпорындардың жұмысшылары кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне қарамастан, бірдей жалақы алады. Егер, бір саладағы кәсіпорындардың  үшеуі – жоғары рентабельді, бесеуі – орта деңгейлі, ал екеуі - өзін-өзі  ақтамайтын болса, осы кәсіпорындардың  кез-келгенінің жұмысшылары бірдей еңбекке – бірдей жалақы алады, ол салалық келісім-шартта көрсетілген  орташа деңгейде болады.

Шет елдердің іс-тәжірибесінде қаржылық қатысу (финансовое участие) жүйелері кең таралған:

  1. көлемі кіші кәсіпорындарда жиі қолданылатын  -  табыстарды бөлу

жүйесі, ол кәсіпорында еңбек өнімділігінің  өсу нәтижесінде жұмысшыларға қосымша  табыс табуына мүмкіндік береді;

  1. Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінде пайдаға қатысу (участие в прибылях) жүйесі кең таралған. 60 – жылдары де Голль атап өткеніндей, «пайдаға қатысу – бұл капитализм мен социализм арасындағы үшінші жол». Пайдаға қатысуда кәсіпорынның жұмысы нәтижесі мен еңбек ақы төлеу бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мұнда қосымша төлемдер белгіленген жалақыға қосып төленеді. Пайдаға қатысудың  төмендегідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
    • жылына бір немесе екі рет нақты ақшамен төлеу;
    • кәсіпорынның есепшотында төлемдерді белгілі бір мерзімге дейін сақтау;
    • зейнеткерлікке шыққанша төлемдерді арнайы есепшоттарда сақтау.

Бұл жүйелермен төленетін сыйақылар  жеке  жұмысшының  жетістікте-рімен байланысты емес, ол фирма жұмысының жалпы нәтижесі негізінде төленеді. Мұндай төлем  жүйесі жұмысшылар мен кәсіпкерлер  арасында ортақ мүдденің пайда болуына  психологиялық әсерін тигізеді. Пайдаға  қатысу жүйесін АҚШ-тың ірі фирмаларының  - 10 % ,  ал Ұлыбританияның - 15  % - ы   пайдаланады. Батыс елдерінің біразында  пайдаға қатысу жүйесімен қатар, М.Вейцманның «қатысу экономикалары» (экономики участия) концепциясында қарастырылған, капиталға қатысу (участие  в капитале)  жүйесі де қолданылады.  Бұл идеяның мәні мынада: «қатысу» бүкіл халық шаруашылығына таратылады, еңбек мотивациясын арттырады,  конъюнктуралық тербелістерге қарсы жалақыны икемді реттеуге қол жеткізеді,  дағдарыстар  кезінде инфляция мен  жұмыссыздықтың өршуіне мүмкіндік бермейді. Бұл  мәселе нарық қаты-настарын орнатып  жатқан Қазақстан үшін де актуальды  болып табылады .

Қаржылық  қатысу жүйелері жұмысшылар мен кәсіпорынның ара қатынасын жақындатады, жұмыс  күшінің тұрақсыздығын жояды, жұмыстан себепсіз қалу жойылады, адам капиталына қосымша капитал жұмсауға мүмкіндік  береді. Бұл жүйелердің біздің еліміз үшін кемшілігі мынада, біздің даму жағдайымызда жеке жұмысшыға азғана қосымша табыс бере алады. Сондықтан, еңбек өнімділігінің артуына  айтарлықтай үлес қоса алмайды.

Келесі  кемшілігі – қаржылық тәуекелді (финансовый риск) кәсіпорын жұмысшысына  артып қояды, себебі жұмысшылар табысы экономикалық конъюктура  мен басқа  факторларға байланысты екендігі белгілі.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері