Еңбекақының экономикалық мәні. 2

    Мазмұны 

     КІРІСПЕ

     І. Негізгі бөлім

  1. Еңбекақының экономикалық мәні………………………………………..4

     2. Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру……5

     3. Еңбекақыны  жоспарлау және реттеу…………………………………...10

     4. Еңбекақының жүйелері және нышандары…………………………….12

     5. Қазақстан Республикасының “  Қазақстан Республикасындағы еңбек  туралы ” заңы……………………………………………………………………12

     ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...........15

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...16

 

КІРІСПЕ

    Мен рефератымның алғашқы сөздерін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі аса маңызды мәселелрді қозғайтын және экономикалық дамуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге жол ашатын Қазақстан халқына жолдауының сөздерінен бастауды жөн көрдім. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Қазақстанның әлеуметтік жағдайының, өмір сапасының артуы халықтың еңбекақысының мөлшеріне, олардың тұрмыстық жағдайына бірінші кезекте байланысты. Сондықтан да ел басымыз өз жолдауларында өзекті мәселелердің бірі ретінде жалақы көтеру саясатын қойып отыр.

    Жұмыстың  жалпы сипаттамасы. Рефераттың тақырыбы «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықтық  экономика жағдайларында оның ерекшеліктері». Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің  құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындарының бір бөлігі.

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарық процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда – еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы – жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының қандай болмасын, ол соның іс-әрекеті деп түсіндіріледі. Жалпы, кәсіпорынның стратегиялық мақсат, жоспарларын орындаудағы, табыс әкелуші негізгі көзі болып табылатын басты фактор – еңбек күші. Сондықтан да әрбір кәсіпорын өз қызметкерлері үшін кадр саясатын жүргізеді. Кадр саясатының басты мақсаттары болып та жұмысшы күшінің, яғни өз қызметшілерінің жағдайын жасау, бұл дегеніміз екі жаққа да тиімді еңбекақы ұйымдастыру. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Тақырыптың өзектілігі де осында жатыр.

    Мақсаты. Тақырыптың мақсаты – еңбекақы түсінігін, ұғымын аша отырып, оның түрлерін, негізгі  қағидаларын анықтай отырып, міндеттерін  аша кадр саясатын түсіну. Сонымен қатар, нарықтық экономика жағдайындағы қызмет ететін кәсіпорындардағы еңбекақы мәселелерін, ерекшеліктерін жіне маңыздылығын талдай отырып, Қазақстан Республикасының қызметкерлерінің еңбекақы жағдайына және жүргізіліп отырған кадр саясатына көңіл бөлу, Еңбек Кодексін талдай отырып, Қазақстан Республикасының осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары мен елбасы Жолдауларына тоқталып, жағдайды көрсету. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Еңбекақының экономикалық мәні
 

    Еңбекақы  жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің (тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта да естен шығаруға болмайды.

    Еңбекақы  бұл - мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері  үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар  төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты  жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.

    Батыстың  экономикасы дамыған елдерде  бұл ұғым "еңбекақы" және "ақшалай сыйақы" түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады.

    Ал  ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгіленеді.

    Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.  Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

    Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының  негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесінде адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.

    Осыдан  еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін, жақсартудан тұрады.

    Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып, саналады. Жұмыс беруші әсіресе бүйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

    Еңбекақы  кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды  ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. 
 
 

  1. Еңбекақы  төлеудің маңызы, түрлері  және оларды ұйымдастыру
 

    Еңбекақы  төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.

    Еңбекақы  төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен  шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын  толтыратын  өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне  тәуелді.

    Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.

    Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.

    Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.

    Еңбекақы  кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

    Еңбекақы  төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.

    Еңбекақы  төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

    Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

  • мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
  • еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
  • қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
  • сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

    Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • демалыс уақыттарына ақы төлеу;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
  • кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
  • жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

    Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.

    Жұмыстың  негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

    Кәсіпорындар  мен жұмыскерлер үшін жалақыны жүйелі түрде төлеу үлкен мәселеге айналып  отыр. Осы жағдайдың себептерін анықтап, бұл күрделіліктен шығудың мүмкін жолдарын қарастыру қажет, яғни еңбекақы төлеуді жетілдіру қазіргі уақытта  өткір мәселе болып отыр. Еңбекақы төлеуді, ұйымдастыру дегеніміз - кәсіпорынның жұмыскерлерінің еңбекақыларының түрлері мен жүйесін анықтау, кәсіпорынның жұмыскерлерімен мамандарының жеке жетістіктері үшін қосымша ақы анықтау және бөлу.

    Қазіргі еңбекақы жұмыскерлер табысының  негізгі бөлігін құраушы болғандықтан еңбекке ақы төлеу түрімен олардың еңбектерімен материалдық ынталандыру формасы болып табылады. Сондықтан жалақыны дұрыс ұйымдатыру еңбек өнімділігінің өсу қарқына әсер тигізеді. Табыстар мен жалақы облысында саясаттың үш түрі бар:

    1. Салықтар көмегімен құнсыздануға  бақылау жасау.

    2. Табыстарды мемлекеттік ережелер  негізінде реттеу.

    3. Жақты қатынас саясаты.

    Еңбекақы  төлеудің ақшалай және заттай нышандары  бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалану мүмкіндік беретін акшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.

    Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі  жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға  қаншалықты сәйкес келетіндігі. Еңбекақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік, беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.

    Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының  мөлшері ғана емес, сонымен қатар  оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші бола алады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналдық еңбекақының ара қатынасы арқылы анықталынады. Кәсіпорын қызметкерлерге еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.

    Еңбекақы  төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

    Өнеркәсіптің  көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне  тәуелді саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.

    Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының  жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік еңбек мөлшері.

     
     

    

    

    

      

    

      

    

    

      

    

    

    

    

    

    

    

    

    

    

    

    

      
 

    1-сурет.  Еңбекақының түрлері 

    Қазіргі кезде еңбекақының мерзімдік  сыйлық және  жай мерзімдік жүйелері кең тараған.

  • Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасының сағаттағы пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.
  • Мерзімдік сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді  асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады. Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.

    Еңбекақы  төлеудің  кесімді нышаны бірнеше  жүйелерге бөлінеді:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді сыйлықақы;
  • үдемелі кесімді;
  • жанама кесімді;
  • аккортық.

    Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке  ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатың жұмыстың  разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік  ставканы өндірім мөлшеріне бөлу арқылы табамыз. Жұмысшының  жалпы табысын уақыттың есептелінген кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы табамыз;

    Кесімді сыйлықақы төлеу жүйесі кезінде  жұмысшыға  тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстын алдын  ала белгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді;

    Үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесі норманы  орындағаны үшін, тікелей кесімді  бағаламалар төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс өндірулер кезінде  жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды.

    Еңбекақы  төлеудің кесімді түрін ұжымдық  түрде немесе әрбір нақты қызметкерге  жеке қолдануға  болады. Бірақ еңбекақы төлеудің  мердігерлік нышаны кең  таралған. Бұл еңбекақы төлеудің нышанының  маңызы мынада, яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері  жұмыстың қортындысын күтеді.

    Жанама  кесімді еңбекақы төлеу көбнесе  қосалқы және қызмет көрсететің  өндірістерді жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады.

    Аккорттық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған  нормалармен бағдарламаларды қосып,  барлық жұмыстың құның анықтаймыз.

    Еңбекақы  төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы  төлеудің негізгі  артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын  қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамассыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

    Еңбекақы  төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің  табыстары ұжым жұмысының соңғы  нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның  тапқан табысындағы  өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе  тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу денгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффицент  арқылы анықтаймыз.

    Еңбекақы  төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы  ұйымның тәжербиелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады. Осыған қарай  еңбекақы төлеудің тарифті және тарифсіз жүйесінің  элементтерінен құралған аралас жүйелер  қолданылады. 

    Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара  байланысты және өзара тәуелді элементтермен  анықталады:

  • тарифтік жүйе;
  • еңбекті нормалау;
  • еңбекақы төлеудің нышаны.

    Тарифтік  жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін норматифтердің жиынтығын көрсетеді.

    Тарифтік  жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
  • еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;
  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2-сурет.  Тарифтік жүйенің түрлері 

    Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

    Тарифтік  разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады.

    Тарифтік  мөлшерлеме – бұл  жұмыс уақытының  бірлігі үшін, (сағат, күн, ай) біліктіліктің  айқын күрделілігінде еңбек нормасын  орындаған қызметкердің еңбекақысының  белгіленген мөлшері.

    Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

    Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлеріне  еңбекақы төлеу 21 разрядты бірыңғай тарифтік тор мен әр разрядқа сәйкес тарифтік коэффициенттерарқылы жүргізіледі. 

Бірыңғай  тарифтік тордың разрядтары Тарифтік коэффициент

(1-разрядқа)

Бірыңғай  тарифтік тордың разрядтары Тарифтік  коэффициент 

(1-разрядқа)

1 1,0 11 2,05
2 1,07 12 2,20
3 1,15 13 2,37
4 1,24 14 2,55
5 1,33 15 2,74
6 1,43 16 2,95
7 1,54 17 3,17
8 1,66 18 3,41
9 1,78 19 3,67
10 1,91 20 3,94
    21 4,24
 

    1-кесте.  Бірыңғай тарифтік тор 

  1. Еңбекақыны  жоспарлау және реттеу
 

    Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған  еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.

    Еңбек қатнастарын реттеудің нормасы  болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім шарттың қағидасы табылуы керек.

    Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік  әлуметтік норматив тәрізді еңбекақының  ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлуметтік факторларға байланысты сараланады.

    Ең  төменгі еңбекақының экономикалық мағнасы өнімді еңбектегі және  жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қаблеттілігін қолдауды білдіреді.

    Еңбекшілер  табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірінғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.

    Осының  нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрятқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қаблеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.

    Еңбекақы  күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың  күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.

    Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:

  • кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының  нәтижесі;
  • кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі;
  • мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, облыстар, аймақтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
  • кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
  • байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.
Еңбекақының экономикалық мәні. 2