Еңбек нарығы. 6
Кіріспе
Еңбек нарығы бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға миханизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің қимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы-бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшыкүші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер;жұмыс іздеуден бас тартқандар;жұмыс іздеуді бітіргендер;жұмыс тапқандаржәне т.б.Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме.
1.1 Еңбек нарығы және оның қызметтері
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
- әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
- еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;
- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:
- қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;
- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;
- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;
- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.
2.2 Еңбек нарығының үлгілері және оны сегметтеу
1) Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстық қисық сызығының еңкеюі теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік — еңбектің саны (Q), тік білік (Р) — жалақының ставкасы Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен және жиынтык экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық — мамандық құрылымымен, несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады. Сұраныс (ВБ) пен ұсыныстың (55) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-тендік дәрежесін (РЕ) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту байқалады: Qе — еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.
2)Жетілген бәсеке жағдайында жалақының тепе-теңджік дәрежеден ұзақ мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік дәрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе-теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы еңбекке сұра-ныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе-тендігімен және жалақының тепе-тендік дәрежесімен сипатталады.
3)Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын — моноп-сониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.
Дамыған елдердің көбінде заң жүзіңде жалақының минимумы белгіленген. Бұның мақсаты — кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау.
Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдык, жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы — бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне болсек, нақты жалақы шығады.
Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас абстракты еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген локалдық еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлімен, квалификациялық топтармен, жыныс-жастық, ұлттық және т.б. айырмашылыктармен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқу әсері арқасында пайда болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (сегменттерде) орын алады және олардың динамикасы ерекше болады.
Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық құрылымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне сұраныс өзгеріп тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның модернизациясы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық мамаңдықты жете игеруін тілейді.
Әрбір белгіленген мерзімде сұраныс пен квалификациясы жоғары жұмысшы күшінің арасында сәйкестік болмайды.
Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сегменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Біріншілік жұмыс орындарының бірінші сегментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білімі бар жұмыскерлер, әкімшілдік-басқару персоналы, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік- көмекші персонал, инженерлік-техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтың жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сегмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, қыз-мет көрсететін жұмыскерлер, қызметшілердің томенгі категориясы жатады.
Жекелеген аймактардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығының регионалдық сегментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, жұмысшы күшінің профессионалдық-
Жұмысшы күшінің құрылымы болмағанда бес сегменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, кадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық кайта құруға және қыскартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы — жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т.б.
Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.
Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.
3.3 Жұмысбастылық пен еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен әдістері
Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламаларын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Сондықтан еңбек нарығы өзіндігінен реттеле алмайды. Осы жағдайлар қазіргі кезде еңбек нарығында 3 субъект бар екендігін білдіреді: жалдамалы жұмыскерлер, жұмыс беруші фирмалар және мемлекет.
Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері өте көп. Олар елдегі нақты экономикалық жағдайға байланысты еңбек нарықтарында пайда болатын мәселенің күрделілігіне қарай анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданатын бағыттар мынадай:
1. Жаңа жұмыс орындарын құру.Ол әр түрлі жолдармен іске асырылады: болашағы бар және жоғары мультипликаторлық әсер беретін өндіріс салаларында жаңа тиімді жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерді ынталандыру; еңбекпен қамтамасыз ететін органдарды қаржыландыру және т.б.
2. Шағын бизнесті қолдау және дамыту. Жұмыс орындарының (жұмыспен қамтамсыз етудің) ең көп санын шағын кәсіпкерліктің дамуы қамтамасыз ететіні блгілі. Әсіресе жеке еңбек іскерлігі,кооперативтер құру, шаруа қожалықтары сияқты нысандарды дамытуда үлкен рөлі атқарады. Сондықа шағын бизнесті қодау негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Мәселен, көптеген дамыған елдерде жеке кәсіпорын ашамын деушілерге субсидиялар; жеңілдіктер мен арендаға гимараттар алу және лизинг негізінде техникамен қамтамассыз етуге көмектер беру қарастырылады.Кәсіпкерлікті белсенді қолдау саясаты нәтижесінде АҚШта шағын кәсіпорындар санының өсуі қарқынынан асып түскен.
3. Кадрларды кәсіптік дайында мег қайта дайындау ауқымының кеңейюі. Бұл екі мәселені бірдей шешуге мүкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын азайту және экономика өзгеріске толы жағдайында оның білім деңгейі мен тәжирбиесінің жоғарлауына мүмкіндік береді.
4.4 Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері.
Қазіргі ұлттық нарықтық экономикалық байланыс пен қатынастар ретінде сипаттауға болады. Атап айтсақ,мұнда, біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар өзара байланыстар анықталса, ол байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті объективті түрде алдын –ала анықтайды, үшінші бұл байланыстарда өзара бәсекелестік болады. Бұл аталғандар жалпы заңдылық. Нарықтық шаруашылықтың бір артықшылығы оның өзін-өзі реттеу механизмі бар. Нарықтың барлық түрлеріне осы қасиеттер тән.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан, оны: капитал, валюта, бағалы қағаздар, еңбек, ғылыми -техника, туындыларының ақпарат және т.б. нарық түрлеріне бөлуге болады.Бұл аталғандардың ішіндегі негізгілердің бірі-еңбек нарығының Қазақстандағы қазіргі жағдайы және оның өзіндік еркшеліктері жөнінде болмақ.
Еңбек нарығының басты тұлғасы жұмысшы күші. Біздің жүргізілген талдау щбъективті экономикалық түрде белгілі.
Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері.
2001 2002 2003 2004 2005 2006
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам 7479,1 7399,7 7657,3 7840,6 7901,7 7963,4
Экономикалық белсенділік % 70,2 70,1 70 69,9 69,4 69,6
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам 6698,8 6708,9 6985,2 7181,8 7261 7341,7
Жұмыспен қамтылу деңгейі,% 89,6 90,7 91,2 91,6 91,9 92,3
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам 3863,3 4030,2 4229,6 4469,9 4640,5 4811,1
Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, % 57,7 60,1 60,6 62,2 63,9 64,1
Өздігінше жұмыс істейтінде, мың адам 2835,5 2678,7 2755,6 2711,9 3620,4 2611,3
Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі % 42,3 39,9 39,4 37,8 36,1 35,6
Жұмыссыз халық, мың адам 780,3 690,7 672,1 658,8 640,7 622,6
Жұмыссыздық деңгейі,% 10,4 9,3 8,8 8,4 8,1 7,9
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам 3175,8 3155,3 3278,6 3383,4 3476,9 3570,5
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлығының деңгейі, % 29,8 29,9 30 30,1 30,6 30,7
Оның қатарына экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді. Ал жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғындары белсенділігін, өлшеу үшін белгіленге жастағы, бір мезгілде үш негізгі көрсеткішке жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмауы), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды. Осы негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып Қазақстан еңбек нарығындағы кейінгі бес жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштерді талдап көрелік (1 кесте). Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2005 жылы 7963,4 мың адам болды. Бұл көрсеткіш 2001 жылмен салыстырған 484,4 мың адамға көбейген. Жалпы бес жылмерзім ішінде тұрақты артып отырған. Мұның басты себепбінің бірі - қоғамдық өндірістің қарқын ала бастағаны.
Бұған байланысты жыл сайын халықтың жұмыссыздық деңгейі біртіндеп азая түсті. Бірақта әлі де жұмыссыздық деңгейі белгіленген жоспардан анағұрлым жоғары болып тұр. Сондықтан да республикада кіші және орта бинест барынша дамыту проблемасы кезектегі мыңызды мәселелердің бірі деп саналады.
Шағын бизнесті өндірістік, қаржылық-несиелік, ақпараттық және құқықтық қолдауға бағытталған кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасыеың шаралар кешенін жүзеге асыру Қарағанды облысында шағын бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштерін өсіре түсті. Бұл облыс бойынша шщағын бизнеспен айналысушылар саны 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 % -ға артып, 2006 жылдың қорытындысы бойынша 101,1 мың адамға жетті. Өндірілген өнім көлемінің өсу динамикасы 15,9 % -ға (78,9 млрд. теңге,) артты.
Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясында айқындалған, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы кәсіпорындарды кластерлік бастамаларды жүзеге асыруға көптеп тарту, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық және несиелік қолдаудыжетілдіру, әлеуметтік жауапты жетілдіру, әлеуметтік жауапты бизнесті қалыптастыру сияқты жылы өзшешімін таппақ.
Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру нәтижесінде әсіресе соңғы жылдарда еңбек нарығындағы көрсеткіштердің өзгеріі анық байқалды.
Кестеде көрсетілгендей негізіннен көптеген көрсеткіштерде оң өзгерістер орын алған, әсіресе жұмысқа түссе, ал жұмыссыздықпен жүрген халық саны жыл сайын азайған. Демек жаңа жұмыс орнының ашылуына байланысты жұмыскерлерді қайта оқыту, жаңа мамандыққа даярлау мәселелері өз шешімін таппақ.
Нарықтық экономикаға тән нәрсенің бірі – жұмыссыздықтың болуы. Сондықтан да басты міндет бұл көрсеткішті барынша азайта түсу. Бұл құбылыстың қайнар көзін білу үшін жұмыссыз халықты жынысы, жасы және тұратын жері бойынша бөліп талданды (3 кесте). 2005 жылы жұмыссыздар саны 610,7 мың адамға жетсе, жұмыссыздық деңгейі -8,1 % құралды. Жұмыссыздардың жалпы санында қалалық жерде 416,7 мың адам (жұмыссыздық деңгейі 9,0% ), ауылдық жерде – 224 мың адам (7,2%) тіркелді.
Жас құрылымы бойынша жұмыссыздар арасында ең көп үлес салмақты 25-54 жастағы жастар – 69,2%, ал 15-24 жастағылар -27,3 % алады. Жұмыссыздар санында 122,8 мың адамның (олардың жалпы санынан 18,8 %) жоғары білімі, 172,5 мың адамның (26,4 %) орта кәсіптік (арнаулы) білімі болады.
207,9 мың адам немесе олардың жалпы санынан 33,8% бір жылдан астам, тиісінше 106,7 мың адам немесе 17,4% 6 айдан 12 айға дейін, 153,9 мың жұмыссыз немесе 25% 6 айға дейін жұмыссыз болды.
Еңбек нарығындағы көрсеткіштердің өзгеруі
2001 2002 2003 2004 2005 2006
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық 105,2 98,9 103,5 102,4 100,7 101,1
Жұмыспен қамтылған халық 108,0 100,2 104,1 102,8 101,1 102,3
Жалдамалы қызметкерлер 110,2 104,3 104,9 105,7 103,8 104,1
Өздігінше жұмыс істейтіндер 105,2 94,2 102,9 98,4 96,6 93,8
Жұмыссыз халық 86,1 98,5 97,3 98 97,2 96,9
Экономикалық тұрғыдан енжар халық 86,9 99,4 103,9 103,2 102,7 103,1
2006 жылғы сәуірде 15 және одан жоғары экономикалық елсенді халық саны 7,7 млн. Адамды, экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 7,1 млн. Адамды, жұмыссыздар саны – 621,2 мың адамды (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір адамдар) құрады. Жұмыссыздық дейгейі 8,0 % қалыптасты. Осы жылдың бірінші тоқсанында Республика экономикасында 7,3 млн. Адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 63,2 %-ы. Жұмыспен қалалық жерде 4,1 млн. Адам жұмыспен қамтылды немесе 60,1 % ауылдық жерде тиісінше 3,2 млн. немесе 67,9%. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны 4,7 млн. адамға (барлық жұмыспен қамтылғандардың 64,7%), өз бетінше жұмыспен айналысқандар – 2,6 млн. адамға (35,3%) жетті. Жалдамалы қызметкерлердің басым бөлігі қалалық жерде жұмыспен қамтылды – олардың жалпы санынан 79,5% (3,3 млн. адам). Ауылда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен айналысатындар - 54,3% (1,7 млн. адам) құрайды. 2006 жылы сәуірдің соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 113,4 мың адамды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 7 % мың адамға немесе 6%- ға азаю. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан көбі әйелдер (73,3 мың адам), 47,3%-ы ауыл тұрғындары (53,6 мың). Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4 % (2005 жылдан сәуірінде -1,6%) болады. Нарықтық экономика жағдайында еңбек нарығындағы басты мәселелердің бірі жалдамалы қызметкерлер қаралып отырған мерзімде жалдамалы қызметкерлер саны 4,7 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 136 мың адамға (3%-ға) көп. Олардың санынан 80,8% мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда 12,3% - жеке тұлғаларда, 6,9% - шаруа (фермер) қожалықтарында жұмыс етеді. 2006 жылдың бірінші тоқсанында ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 млн. адам жұмыс істеді немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 56 %-ы, юұл өткен жылдан тиісті тоқсанындағыға қарағанда 120,7 мың адамға (4,8-ға) көп. Олардан 13,3 мың адам қоса атқарушылық жағдайларында, 16,4 мың адам – азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмысқа тартылды.
Қорытынды
Жалпы, адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапатталу ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындайды. Еңбек нарығы ғылыми шешімдерді, жаңалықтарды, өнер табыстарын, материалдық және рухани игілікке айналдыру үшін ұдайы жұмыспен қамтамасыз етеді. Еңбек нарығының басты міндеті және сипаттамасы:
кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі;
жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалдаушылардың көптігі;
еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ.
Еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуіне информациялық маңызы зор. Ғылыми-техникалық, экономикалық информациялар және болжауларды уақытты пайдалану және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
Жоспар
Кіріспе
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері
2.2 Еңбек нарығының үлгілері және оны сегменттеу
3.3 Жұмысбастылық пен еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен әдістері
4.4 Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері.
Қорытынды

- Еңбек нарығы және негізгі функциялары
- Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
- Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
- Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
- Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мәселелерін реттеу жолдары
- Еңбек Өнімділігі
- Еңбек Өнімділігі
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы