Еңбек нарығы. 7
Мазмұны:
Кіріспе ......................
І бөлім. Еңбек нарығы.
1.1 Еңбек
нарығы туралы түсінік.........
1.2 Еңбек
нарығының сигменті......................
1.3 Еңбек
нарығы – бұл бәсекелік нарық.........................
ІІ бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары.
2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар........
2.2 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік
ІІІ бөлім. Қазіргі
таңдағы Қазақстан
3.1 Еңбек биржасы және оның
қызыметтері...................
3.2 Жұмыспен қамту саясаты........
3.3 Қазақстанның жұмыспен
Қортынды......................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Менің жазып
отырған жұмысымның тақырыбы
«Еңбек нарығы және
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыссыздық. Жұмысымның мәні, түрлері және халықтың, аймақтың саясаты, себептері, шаралары және пайда болуын толық қамтиды.
Сонымен,
біздің қарқынды саяси
Еңбек
нарығында бірнеше
Қазіргі
жағдайда еңбекті еліміздің
І Бөлім. Еңбек нарығы
1.1 Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе – теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек
нарығының қызыметтері қоғам
Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлерідің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.
Еңбек нарығы бір сыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттін күшеюне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлуына, мамандықты ауыстыруға тағы басқа мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік
еңбек нарығының классикалық
Икемді
нарықтын механизімі баға арқылы
жүзеге асырылатын еңбек нарығы,
жетілген бәсекелік нарығы
болып сипатталады. Осындай
нарықта жекелеген жұмыс
берушілер, жекелеген жұмыскерлер
жалпы нарықтық ситуацияға
әсер ете алмайды: жалақының
тепе – теңдік ставкалары
жекелеген фирмалардың
1.2 Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сигменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Бірншілік жұмыс орындарының бірінші сигментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білім бар жұмыскерлер, әкімшілік – басқару персоналды, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік – көмекші персонал, инженерлік – техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтын жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сигмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, кызымет көрсететін жұмыскерлер, қызыметшілердің төменгі категориясы жатады.
Жекелеген
аймақтардағы жұмысшы
күшінің құрамымен
Жұмысшы күшінің құрлымы болмағанда бес сигменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, қадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық қайта құруға және қысқартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы-жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т.б.
1.4 Еңбек нарығы-бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдықфункционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификасия талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификатсиялы жұмыскерлер мен мамандар да бір- бірімен бәсекелік сайыста болады.
Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға миханизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің қимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек
нарығы-бұл өте икемді
құрылымдық-функционалдық
Сондықтан
еңбек нарығында белгілі
ағымдар қалыптасады: жұмысшыкүші
құрамынан шығушылар, жұмысшы
күші құрамына кірушілер;жұмыс
іздеуден бас тартқандар;жұмыс
іздеуді бітіргендер;жұмыс
тапқандаржәне т.б.Осы
ІІ Бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары
2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д . Гидлер, А.Лаффер, М Фелдстайн, Р.Холл тағы басқа жатады. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А.Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм. Еңбек бағасы ( жалақы дәрежесі ) жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің бағасы нарық конъюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы конъюнктураның нақты қажеттігіне сәйкес өсіп немесе төмендеп отырады. Жалақының өсуі немесе азаюы арқылы еңбекке сұраныс және ұсыныс реттеліп отырады. Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық бағаның төмендеуіне, яғни, жалақының төмендеуінің арқасында еңбек нарығында тепе – теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.
Кейнстік бағыт еңбек нарығын жұмысшы күшін қатал бақылап отыратын оқшау ( инерттік ) жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері – жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың дәрежесі, еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі, - еңбек нарығында белгіленбейді, олар тауарлар мен қызыметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстын көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығында тек жалақының дәрежесі және осыған тәуелді еңбек ұсынысының көлемі қалыптасады. Бірақ еңбек ұсынысы нақтты жұмыспен қамтуды қалыптастыруда жетекші рөл атқармайды, ол тек жалақының берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын мүмкүндігін сипаттайды. Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша - несиелік реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне жол ашылады.
Кейнстік
концепция бойынша, жұмыспен
қамтуға тек жиынтық
сұраныс әсер етпей қоймайды,
оған жалпы сұраныстың өсуінің
әр түрлі салалар арасындағы
бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың
құрлымы әсер етеді. Жұмыспен
қамтудың жеткілікті дәрежесінің
тиімді құралына мемлекеттің
инвестициялық іс - әрекеттерінің
молаюы, экономикалық дамудың
нақты жағдайларымен
Монетарлық мектептің ( М.Фридмен, Э.Фелпс және тағы басқа ) тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен қамтудың рационалды дәрежесін өзі белгілейтін, өзін - өзі үйлестіретін жүйе, бағалық механизм болып табылады. Осындай жүйеге мемлекеттің кірісуі нарықтық өзін - өзі реттейтін механизімін бұзады, ал мемлекеттің жиынтық сұранысқа ақша арқылы әсер етуі түбінде инфляциялық спиральдың шырқауына әкеліп соғады.
Монитаристердің болжауы бойынша, қандай уақытта болмасын, нақты жалақы ставкаларының құрылымдық тепе – теңдігімен үйлесімде бола алатын жұмыссыздықтың белгілі бір дәрежесі болады. Осы дәреже «жұмыссыздықтың табиғи нормасы» деп аталады. Бұл еңбек пен тауарлар нарығының нақты құрылымын – нарықтағы жетімсіз жағдайларды, сұраныс пен ұсыныстың схоластикалық ( кездейсоқ, ықтимал ) ауытқуларды, бос жұмыс орындары мен бар болып отырған жұмысшы күші туралы информациялардың құнын тағы басқа сипаттайды. Жұмыспен қамтудың өзінің табиғи дәрежесінен ауытқуы тек қысқа мерзімдік сипатта болады. Оның дәрежесі тепе – теңдік дәрежеден жоғары болса, инфляция үдей түседі, егер төмен болса – дефляция жанданады. Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты жұмыссыздық нормасының оның табиғи дәрежесінің ауытқумен, өндіріс көлемі және жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқулармен күресуге бағытталуы қажет. Еңбек нарығын теңестіру үшін монетаристер көбінесе ақша – несие саясатының құралдарын пайдаланған жөн деп тұжырымдайды.
Институционалдық – социологиялық мектеп – Т.Веблен, Дж.Данлоп, Дж.Гэлбрейт, Л.Ульман жұмыспен қамтудың мәселелерін әр қилы институционалдық реформалар арқылы шешуге болады деп тұжырымдайды. Еңбек нарығындағы мәселелердің шешілуін тек макроэкономикалық талдауға артуға болмайды. Осы мектептің өкілдері еңбек нарығындағы мәселелердің болуын жұмысшы күшінің құрылымындағы және оларға сәйкес келетін жалақының дәрежелеріндегі айырмашылықтардың әлеуметтік, профессионалдық, салалық, жыныстық пен жас жағынан, үлкен – кішілік, этникалық және тағы басқа ерекшеліктерімен дәлелдеуді жөн көреді.
2.2 Икемді ( жұмсақ ) нарық концепциясы - ( Р. Буае, Г.Стэндинг ). ХХ ғасырдың 70 – ші жылдардың аяғында батыстағы дамыған елдердің экономикасында құрылымдық қайта құру жүргенде пайда болып тараған. Бұл концепция бойынша, еңбек нарығын реттеудің қажеті жоқ, жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық, индивидуалданған және стандартты емес, жекелей ( толық емес ) жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау ( икемділеу ) формаларына көшу қажет. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта құруға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті.
Осыған жету жолдары:
* Жұмысқа жалдау ( босату ) мен жұмыс беру формаларын көбейту және икемді қылу;
* Жұмыс уақытын реттеу формаларының әр түрлерін пайдалану, нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлерін пайдалану;
* Жалақыны реттеудің икемді, өзгермелі түрлерін қолдану;
* Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын, жұмысшы күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағасын еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру.
Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қортындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр түрлерінің қалыптасуын талап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстардың жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.
Жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы ( М.Бейли, Д. Гордон, К. Азариадис ) неоклассикалық және кейнстік бағыттардың синтезіне негізделген концепция болып табылады. Осы авторлар, бір жағынан, кейнстік ақшалай жалақының қатал болу тезисін мақұлдап, еңбек нарығында үйлесімділігі баға арқылы емес, өндіріс және жұмыспен қамту көлемдеріндегі физикалық өзгерістер арқылы орнайды деп тұжырымдайды. Келесі жақтан, осы қаталдықтың өзін олар, өз мүддесіне сәйкес әрекет ететін индивидтердің оптималдықтандыратын тәртібімен байланыстырады.
Бұл
теорияның негізін
ІІІ Бөлім. Қазіргі
таңдағы Қазақстан
3.1 Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары ( тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі ) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО – да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызыметі жұмыс істей бастады.
Еңбексіз елге сыймас.
Еңбек
биржаларының негізгі атқаратын
қызыметтері мыналар: еңбек
нарығындағы сұраным мен
ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды
есепке алу және бос
жұмыс орындарын тіркеу;
жұмысын ауыстыруға және
жұмысқа тұруға тілек білдіретін
адамдарға ақпараттар беру;
Жұмыс іздеп жүрген кадрларды
оқыту мен қайта дайындауды
ұйымдастыру; жастар арасында
кәсіптік бағдар беру жұмысын
жүргізу; адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін делдалдық
қызымет көрсету және жұмыссыздыққа
байланысты жәрдемақы тағайындау.
Мемлекет кәсіпорындар мен
ұйымдардың мүдделерін есепке
ала отырып, биржалар арқылы
еңбек нарығына әсер етеді.
Еңбек биржасы беретін
жұмысқа жолдама кәсіпкерлер
Қазіргі
еңбек биржасында, жұмыс
күшіне сұраным мен ұсыным
туралы мағұлматтар банкісі
болуы қажет. Осы бағытта
өнеркәсібі дамыған Батыс
елдердің тәжірибесін қолдануға
болады. АҚШ – та, мысалы,
аймақты және жергілікті
деңгейде жұмыс күшінің
электронды банкілері құрылған.
Онда жұмысқа орналасқан
кезде жоғары сапалы консультациялық
көмек көрсетіледі. Нәтижесінде
барлық мамандық топтарындағы
жұмыссыздардың 40 проценті бір
айдың ішінде жұмысқа орналасады.
Сондай – ақ жұмыссыздарды
қаржыландырудың жаңа бағдарламасы
ендірілген. Әсіресе, Вашингтон
штатында федералдық үкімет
тиісті білім, жұмыс тәжірибесі
бар және өз ісінің маманы
болғысы келген 400 жұмыссыз
адамға белгілі бір уақытқа
дейін мүмкіндік беріп,
алдын – ала жәрдемақы
төлейді. Бұның өзі, олардың
жұмыс жобасының
3.2 Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілідікке жол береді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілетті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырады. Және де, бұл қадырлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын.
Оның
есесіне жұмыскерге, белгілі
бір жұмыс орнына ие
болуға нақты кепілдік берілетін
және оны жұмыстан шығару
іс жүзінде мүмкін болмайды.
Соның нәтижесінде жұмыс
күшіне деген сұраным еркіндігі
мен ұсыным еркіндігі қатаң
шектеледі. Мемлекет жұмыскерлердің
белсенділігі мен қозғалысына
қатаң бақылау жасап отырады,
Кадрларды
тұрақтандыруда «жас маман»
институты, белгілі бір кезеңде
мерзімдік шартқа қол қою
сияқты тікелей әдістер, тікелей
жұмыс уақыты өтелгеннен
кейін пәтер беруге уәде
ету, бір кәсіпорында істеген
үзіліссіз жұмыс стажын
жоғалту қатері сияқты жанама
әдістер де қолданылады. Өздерінің
қабілетін толығырақ көрсетуге
және лайықты өмір қалпын
қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін жұмыс істеу
ұмтылысы – қалада төлқұжат
тәртібі түрінде, елде керісінше
колхозшыларға төлқұжат бермеу,
жұмыстан шығуға кедергі
жасау, пәтер алу қиындықтары
сияқты әкімшілік механизімі
кедергілеріне тірелетін. Бір
орында ұзақ уақыт жұмыс
істеу экономикалық тұрғыдан
да және әлеуметтік тұрғыдан
да ынталандырылады. Соның
нәтижесінде еңбекті
Мысалы,
американдықтар еңбек ететін
өмір бойына, орта есеппен 7,5
рет жұмыс ауыстырады.
Жапонияда, бір бөлегі өмірлік
жалдаумен қамтылған
Қазіргі жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да оңдай дайындық деңгейін талап етпейтін қызыметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл
жағдайлар, қазірде нарықтық
экономикаға өту кезеңін
басынан кешіріп жатқан
біздің елімізге тән бола
бастады. Атап өту керек
– бұл процесс өте
шиеленісті жағдайда өтуде
мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің
нәтижесінде көп уклатты
экономика орнығуда, ал ол,
өз кезегінде мемлекеттік
секторда жұмыспен тұрақты
түрде қамтылған
3.3 Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының ( 17 миллион адам ) 55 процентін құрайды. Халық шаруашылығы қызыметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 прценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындарының әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасу өте баяу жүріп жатқандығын әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарын терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз ненің түсінеміз.
Еңбекпен
толық қамту дегеніміз,
ол халық шаруашылығы көлемінде
Осы
уақытқа дейін, біздің елде
жұмыссыздық жоқ және бұны
өз ұлы жетістік деп
есептелді. 1991 жылы еңбекпен
қамту қызыметіне жұмыс
іздеп жүрген 185 мың
адам өтініші білдіріп оны
75 мың еңбек биржасын
арқылы жұмысқа орналысты.
Сол жылы бірінші 4 мың
адам жұмыссыз деп тіркелді,
оның 75 проценті әйелдер
болды. Ал 1992 жылы ресми
түрде, 70,5 мың адам жұмыссыз
деп тіркелді. Олардың 54
прценті жұмыссыздық бойынша
Болжаммен үстіміздегі жылдын аяғында қарай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250 - 500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйрену қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткерлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизм оның хұқтық негізінің жасауды, әр түлі мамандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесінің қолданудың қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарының құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шаралардың жүзеге асыру қажет.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оның төлеу мерзімі: АҚШ-та 26-34 апта бойына жалақын 50 процентін кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; ( Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3 – 12 ай бойына жалақын 60 – 80 процентін; Францияда – 1 – 2,5 жыл бойына жалақын 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,5 фунд стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысына ұстауп қалу есебіне арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.

- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы және негізгі функциялары
- Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
- Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
- Еңбек құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебелері
- Еңбек құқығының субьектілері
- Еңбек құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы
- Еңбек нарыfы социологиясы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы