Еңбек құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ

 

Тақырыбы: «Еңбек құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Ганиева Инара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы, 2013 жыл

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе;

 

 

ІІ. Негізгі бөлім:

 

1. Еңбек қызметі және еңбек қатынастары.

2. Еңбек және өндірістік қатынастары.

3. Әлеуметтік еңбек қатынастары. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек мәселелері.

4. Қазақстан Республикасының еңбек құқығының ұғымы және жалпы ұлттық құқық жүесінде алатын орны.

5. Еңбек құқығының түсінігі: еңбек құқық қатынастары,жұмыс берушімен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде жұмысты орындау кезінде жұмыскермен жұмыс беруші арасындағы еңбек келісімі, еңбек заңдарымен көзделген: әлеуметтік әріптестік келісімі, жеке және ұжымдық еңбек шарттары,еңбек немесе өндірістік қатынастарымен тығыз байланыстағы қатынастары.

 

 

ІІІ. Қорытынды;

 

 

ІV. Пайдаланылған әдебиетттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

  • жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
  • өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
  • еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек катынастары деп танылады.

 Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған тұлғалардың немесе өзге де жұмыс берушілерде (кооперативте, жеке тұлғаларда) жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты катынастар ғана енбек заңдарымен реттеледі.

 Жеке еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек кұкыктык

қатынастарын мердігерлік, тапсырма, кызмет көрсету және т.б, шарты бойынша ұйымдар үшін кандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніндегі баска қатынастардан ажырата білген жөн. Аталған шарттар негізінде еңбек қатынастары емес, азаматтық-құқықтық қатынастар пайда болады да, олар азаматтық заңдармен реттеледі. Еңбек қатынастары мен азаматтық-кұқықтық катынастардың аражігін айырудың практикалық маңызы бар. Өйткені, еңбек құқықтык карым-катынастарға түсуші кызметкерге еңбек заңдарында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі, еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңге жәрдемакы төленеді және т.б. Ал азаматтық-кұқықтық шарттар негізінде тек мүліктік, сондай-ақ мүліктік катынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар туындайды.

 Әрбір құқық катынастарында катынастың субъектілері деп аталатын катысушылары болалы. Еңбек кұкыктык катынастарынын субъектілері болып мыналар танылады: азаматтар, жүмыс берушілер, кәсіподактар, мемлекеттік органдар.

 Кұкық қатынастарына катысушылардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір кұкықтар мен міндеттер пайда болады.

 Олай болса еңбек катынастарын өзге құкықтық қатынастардан ажыратудың мынадай үш ерекше белгілері бар:

 1)олар жеке еңбек шарты негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болған қызметкердің кіруімен туындайды;

 2)еңбек катынастары бойынша қызметкер белгілі бір мамандық (кәсіп), біліктілік немесе кызмет бойынша жұмыс атқару міндетін өзіне алады, ал ұйым аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті еңбек жағдайларын жасау міндетін алады;

 3)еңбек катынастарының тараптары — қызметкерде, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ

 

Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқЕ. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Е. қ-ның жалпы бөлімін құрайды. Оған құқықтың осы саласының арқауы, әдістері мен жүйесі, оның бастаулары, сондай-ақ, Е. қ. ғылымының пәні мен методологиясы кіреді. Азаматтардың еңбегін пайдалану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастардың жекелеген топтарын реттейтін құқықтық нормалар Е. қ-ның ерекше бөлімін құрайды. Соған сәйкес Е. қ-ның жүйесінде құқықтық ин-ттар, яғни қоғамдық еңбек қатынастарының құрамдас бөлігін арқау ететін құқықтық нормалар жиынтығы ерекшеленеді. Ерекше бөлім Е. қ-ның мынадай негізгі ин-тарын: жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді, еңбек келісімшартын, жұмыс мезгілі мен демалыс уақытын, еңбекақыны, еңбек тәртібін, келісімшарт жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігін, еңбекті қорғауды, қызметкерлердің кәсіби білігін көтеруді, еңбек дауларын қамтиды. ылары мен заңды мүдделерін қорғаудың арнаулы процессуалдық пішімдерін, сондай-ақ, санкция қолдану реттерін қамтиды.[5]

Еңбек құқығының қайнар көздері бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік-құқықтық актілері. В.Н. Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады. Сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.

Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.

Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік орандардың құқықты қалыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік-құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар көздері түсінігінің формальді немесе заңды мағынасын байқаймыз.

Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзіретті органдарының еңбек және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу аласындағы құқық шығарушы қызметтің нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері – бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады және оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Еңбек туралы» заңы еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар көзі , ал ұйым басшысының жұмыстан босату туралы бұйрығы құқыққолдану актісі болып табылады.

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.

Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін: нарықтық экономикаға көшуге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелеген кәсіпорындардағы өндірістің жағдайына және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай, республикада қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің (жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы және басқалар.

Бұл субъективтік сипаттағы себептер: өндірістің ұйымдастырылуын, қызметкерлердің бірлесе еңбек ету мүддесін камтамасыз ететін әкімшілік-басқару аппаратындағы адамдардың қателіктері, біліксіздігі; кәсіпорындардың басшы құрамының еңбек заңы саласындағы құқықтық даярлығының жеткіліксіздігі; жалдамалы қызметкерлердің де құқықтық санасы онша жоғары бола бермей, өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкерлердің жұмыс берушіге негізсіз талаптар қоятындығы.

Еңбек дауларының жеке және ұжымдық, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері болады. Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.

Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдары) еңбек ұжымдарының (бөлімшелер ұжымдарының), өкілетті қызметкерлердің, өкілді орган мен жұмыс берушінін; немесе басқарудың салалық (салааралық) органдарының арасында еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарды колдану, қызметшілер үшін жаңа еңбек және тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу немесе қазіргілерін өзгерту жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және оларда көзделген шарттарды орындау мәселелері жөнінде туындайды.

Талап қоятын еңбек даулары еңбек туралы заңды, ұжымдьық шарттар мен өзге де еңбек туралы келісімдерді қолдану жөніндегі алауыздықтарды шешуге байланысты болады. Бұл жағдайда дауласушы қызметкер өзінің бұзылған құқығын тану немесе оны қалпына келтіру туралы талап қояды. Талаптық сипаты бар еңбек даулары көбінесе жеке адамдардың даулары болып келеді. Талап қоймайтын сипаттағы еңбек даулары жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдар) талап қоймаушылық сипатта болып келеді және айрықша тәртіппен қаралады (әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия). Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдар) шешудің негізгі қағидаттары мыналар:

  • тараптардың тең құқықтылығы;
  • дауды қарау рәсімінің келістірушілік-серіктестік сипаты;
  • әлеуметтік-еңбек қатынастарын қарайтын комиссияда тараптар өкілдерінің тең құқықтылығы;
  • қабылданған шешімдердің дауласушы жақтар үшін міндеттілік сипаты;
  • кабылданған шағымдану жөніндегі кассациялық инстанцияның болмауы.

Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімі бойынша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін. Талап коюшылық сипаты бар жеке еңбек дауларын шешудің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • а) еңбек дауының келістіру комиссиясында немесе сотта қаралуы мүмкін — бұл жалпы тәртіп. Бұл тәртіп дауды шешудің рәсімін бір жақтың қалауын қарайды. Екі жақтың келісіміне қол жеткен жағдайда еңбек дауын келістіру комиссиясының қарауы мүмкін. Еңбек дауының сот тәртібімен шешілуі бұған балама болып табылады.
  • ә) қызметкерлердің белгілі бір топтарының еңбек даулары белгіленген арнаулы іс жүргізу ережелері арқылы қаралатын айрықша тәртіп.

Екі жақтың келісімі бойынша еңбек даулары келістіру комиссиясында қаралуы мүмкін. Келістіру комиссиясы екі жақтың бірлескен шешіміне орай, жұмыс беруші мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен теңдік жағдайында құрылады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйымның басшысы тағайындайды және ол тиісті бұйрықпен бекітіледі. Қызметкерлердің өкілдері келістіру комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференцияда) сайланады. Келістіру комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.

Келістіру комиссиясы еңбек дауын қызметкердің арызы келіп түскен күннен бастап уш күн мерзім ішінде қарайды. Белгіленген мерзім арыз түскен күннің ертеңінен бастап есептеледі. Қызметкердің арызын қарау нәтижесі бойынша келістіру комиссиясы шешім қабылдайды және ол шағымданушыға беріледі. Шағымданушының талаптарын қанағаттандырған келістіру комиссиясыньщ шешімін қарсы жақ үш күн мерзім ішінде орындайды. Егер комиссияның шешімі қызметкердің талаптарын қанағаттандырмаса, онда еңбек дауы com тәртібімен қаралады. Аудандық (калалық) соттар қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін шағымдана алатын еңбек дауларын қарау жөніндегі дербес органдар болып табылады.[3]

Еңбек дауы жөніндегі келістіру комиссиясының шешімін қайта қарау өкілеттігі сотқа берілмеген.

Сотта тікелей көсіпорындар (ұйымдар) қызметкерлерінін; арызы бойынша келістіру комиссиясында алауыздықтар қаралмаған еңбек даулары, сондай-ақ шаруа қожалықтарында жеке еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдардың арыздары бойынша еңбек даулары қаралады. Соттар жұмыс берушінің қызметкерлердің кәсіпорынға (ұйымға) келтірген зияндарының орнын толтыру жөніндегі арызы бойынша дауларды қарауды тікелей өз іс жүргізуіне қабылдайды. Соттар сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдардың (заңды тұлғалар), шетелдер қатысатын ұйымдардың еңбектік құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптарды да қарайды.

Ұжымдық еңбек дауларын шешудін, сондай-ақ ереуілге шығу құқығын іске асырудың тәртібі мен әдістерін реттеудің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Заңында белгіленген. Еңбек ұжымының ұйымдардағы еңбек жағдайларымен еңбекке ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарттар мен өзге де келісімдерді жасасу, оларға өзгерістер енгізу және орындау мәселелері жөніндегі талаптары осы ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында (конференцияда) қалыптасады және ұжым мүшелерінің не конференция делегаттарының кепшілік дауысымен қабылданып, бекітіледі. Ұжымның талаптары жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Еңбек ұжымының мүдделерін олар өкілеттік берген өкілдер немесе орган қорғайды. Егер бұл керсетілген талаптарды бірнеше еңбек ұжымдары қоятын болса, онда олардың мүдделерін де ездері өкілеттік берген органдар қорғайды. Салалық немесе аумақтық кәсіподақ органдары өкілетті органдар міндетін атқара алады.

Жұмыс беруші, еңбек ұжымы қойған талаптарды оны алған күннен бастап уш күнтізбелік күннен кешіктірмей қарауға және даулы мәселелер бойынша келісімге келуге тырысуы керек, ал келісімге келе алмаған жағдайда — белгіленген мерзімде өзінің шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымына жеткізуге және дауды одан әрі қарау үшін қатысатын өз өкілдерінің құрамын көрсетуге міндетті. Екі және одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен не бірлескен талаптары жұмыс берушінің (кәсіпкерлер) тиісті органдарына жіберіледі, олар оны алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қарап, өз шешімдері жөнінде еңбек ұжымдарьшың біріккен өкілді органына хабарлауы тиіс.

Еңбек ұжымының талаптары келістіру рәсімі тәртібімен қаралады, яғни ұжымдық еңбек дауы кезектілік тәртібімен алдымен келістіру комиссиясында қаралады, келісімге келе алмаған жағдайда — еңбек сараптау комиссиясында қаралады. Еңбек туралы заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қолдану жөніндегі еңбек даулары (оларды орындамау не бұзу жөніндегі) тараптардың біреуі өкілінің арызы бойынша сотта қаралады. Ұжымдық еңбек дауын шешудің ең ақырғы шарасы ереуіл болып табылады. Ереуіл деп еңбек ұжымының жұмыс беруші мен ұжым арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру жолындағы күрес шаралары түсініледі. Ереуіл еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе жұмыс берушінің еңбек ұжымының талаптарын қанағаттандырған мерзіміне дейін жұмысты толықтай не ішінара тоқтатуы (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау). Ереуілге шығу жөніндегі шешім — еңбек дауын келістіру рәсімдерінің көмегімен шешуге мүмкін болмаған жағдайда қабылданады. Сонымен, еңбек даулары дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы бұрын реттелмеген еңбек дауларын шешу туралы заңды қолдану жеке еңбек және ұжымдық шарттар талаптарының орындалуы жөніндегі келіспеушіліктер.

Жеке еңбек даулары жұмыс берушіге өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру жөнінде талап коюшы жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Ұжымдық еңбек даулары өкілді орган қызметкерлері өкілеттік берген еңбек ұжымдары мен жұмыс беруші немесе басқарудың салалық (сала-аралық) органдары арасында еңбек туралы пайдаланылып жүрген заңды қолдану, қызметкерлердің қазіргі әлеуметтік-экономикалық еңбек және түрмыс жағдайларын өзгерту немесе жаңа жағдайлар жасау жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың шарттарын орындау жөніндегі мәселелер бойынша туындайды.

Еңбек дауларын тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарайтын белгіленген тәртібі болады. Еңбек дауларын қарайтын органдар — келістіру комиссиясы және сот

ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңының 97-бабына сәйкес Е. д. тараптардың келісімі бойынша не сот үкімімен шешілуі мүмкін. Тараптардың келісімімен Е. д-ларын қарайтын орган — келісім комиссиясы құрылады. Ол арыз берушінің өтінішін үш күн ішінде қарап, арнайы шешім қабылдайды. Келісім комиссиясының арызданушы талабын қанағаттандыру жөніндегі шешімін қарсы тарап үш күн ішінде орындауға тиіс. Еңбек қарым-қатынастарынан туындайтын талаптармен сотқа шағымданған қызметкер мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемл. баж бен іс қарауға байланысты төлемдер) төлеуден босатылады.

Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:

  • жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
  • түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
  • жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі

Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:

  • қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
  • еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
  • қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.

Өндірістік қатынастар — өндіріс, бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамның экономикалық құрылымы, заңи және саяси қондырма икемделетін және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық қатынастар; олар технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты туындайды, мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық еңбек бөлінісімен байланысты туындайды, Екінші жағы – өндірістік-экономикалық қатынастар; олар өндірістік-техникалық қатынастардан өзгеше түрде адамдардың өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын, яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары мағыналас ұғымдар[5]

Әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік бағдарланған мемлекет құру өндірістік демократия институттарының дамуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты мақаласында еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажеттігін атап өтті.

Еңбек дауларының негізгі себептері қатарында жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі мен дауларды және жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігін атауға болады. Жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі – олардың тиімді еңбекке деген ынтасын едәуір төмендетеді де бұл, сайып келгенде, адамдардың қызмет нәтижесіне немқұрайлығын тудырады. Қазіргі таңда қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастың мұндай моделі өзін өзі ақтамай отыр. Адам өзін қарапайым жалданушы ретінде сезінеді. Өндірістік қатынастарды демократияландыру Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрудағы ажыратылмас элемент болып табылады.

Өнімділіктің өсуін, демек, қазіргі заманғы экономиканың тұрақты дамуын еңбек қатынастарын демократияландырусыз көзге елестету мүмкін емес. Осындай үдеріс бүкіл әлем бойынша дерлік іске қосылды. Оның негізгі мәні – еңбек және капитал арасындағы қайшылықтарды жою. Ал бұл қайшылықтарды жұмысшылардың кәсіпорын капиталына қатысуын қамтамасыз ету арқылы жоюға болады.

Еңбек қатынастарын демократияландырудың алғашқы ізашары АҚШ болып табылады. 1974-1994 жылдар аралығында Америка Конгресі жұмысшылардың акционерлік меншігін дамыту жоспары негізінде жұмысшыларды акционерлік капиталдың иегерлеріне айналдыру үдерісін ынталандыратын 25 заңнамалық акт қабылдады. Өндіріс қатынастарын демократияландыру бағдарламасына қатысушы компаниялардың көбіне қабылданған заңнамалар бойынша салықтық жеңілдіктер берілген. Сөйтіп, жұмысшылар меншігі «Шеврон», «Проктел энд Гэмбл», «Крайслер», «Локхид» және басқа аса ірі компанияларға тарала бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша елде азаматтарға ірі ұлттық компаниялардың тең меншік иелері болуға мүмкіндік беретін «Халықтық ІРО» бағдарламасы іске қосылды. 2016 жылға дейін халыққа 10 компанияның акциялары ұсынылатын болады.

Алғашқы кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары сатылымға шығарылды. Акцияның бағасы 725 теңгені құрайды, бұл бұқара халық үшiн қолжетімді болып табылады. Қазіргі кезде «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде 26,5 мың қазақстандық брокер шоттарын ашты.

Акцияны иеленген қазақстандықтар ұлттық компанияларды басқаруға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналыстарында дауыс беруге қатысу мүмкіндігіне ие. «Халықтық ІРО» бағдарламасына «ҚазТрансОйл» компаниясы жұмысшыларының белсенді түрде қатысулары маңызды. Компания басшысы жұмысшыларын акцияларды сатып алуға жеңілдік, бонус, үстеме ақы беру арқылы ынталандыру туралы ойластыруы қажет. Осыған барлық ірі компания басшылары қызығушылық танытқаны жөн. Мұндай тәсіл жұмысшылардың кәсіпорынды басқаруға қатысуына мүмкіндік береді.

Мұндай кәсіпорындар халықтық кәсіпорындар деп аталады. Ондай кәсіпорындар АҚШ, Қытай, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Дания, Норвегия және құқықтық негіздерімен бірге шаруашылықты жүргізудің ұжымдық нысанын дамытудың арнайы бағдарламалары әрекет ететін басқа да елдерде құрылған.

АҚШ-та 11 млн. адам, яғни бүкіл жұмыс күшінің 10%-дан астамы өздері жұмыс істейтін компаниялардың меншік иелері болып табылады. Шамамен 10 мың компания өз акцияларын жұмысшыларына сатса, оның ішінде 1,5 мың жұмысшы акциялардың бақылау пакеттерін иеленген.

1998 жылдан бері Ресейде «Жұмысшылар акционерлік қоғамдарының (халықтық кәсіпорындар) құқықтық ережелерінің ерекшеліктері туралы» федералды заң қолданыста. Қазіргі кезде елде өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында 200-ге жуық халықтық кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Халықтық кәсіпорындарды ғылым өндірістік қатынастарды демократияландырудың құралы ретінде қарастырады. Өндірістік қатынастарды демократияландыру, жұмысшылар меншігін дамыту – әлемдегі елдердің көбінің маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттарының бірі, қоғам талап ететін әлеуметтік әдiлдiк жолы.

Жалпақ жұртқа жақсы танымал испандық «Мондрагон», британдық «Джон Льюис Партнершип» корпорациялары, сондай-ақ, Америка бизнесінің классикалық үлгілерінің бірі – «Линкольн Электрик» компанияларында кәсіподақтар, қызметкерлерге үстеме ақы төлеу және бонустар жоқ. Бірақ бұл компаниялар әрбір қызметкерге өмір бойғы жұмысқа орналастыруға кепілдік және компания акционері болуға мүмкіндік береді. Фирманың таза табысына жалақы көлемі тікелей тәуелді. Қызметкерлерді ынталандыруды көздеген бұл тәсіл халықтық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік туғызады.

Ресей заңнамасы бойынша халықтық кәсіпорын бас директорының еңбекақысының көлемі қарапайым жұмысшының еңбекақысының орташа көлемінен 10 еседен аспауы тиіс екендігі қызықтыратын жайт. Бұл, әдеттегі акционерлік қоғаммен салыстырғанда, табыстарды едәуір адал бөлуге деген ұмтылысты баса көрсетеді. Компанияның табысына деген жұмысшылар мүдделілігі алынған табыстардың қайта инвестициялануына, өндірісті басқарудың едәуір тиімділігіне ынталандырады және компанияның келешегін ойламайтын, акцияларды алып-сататын кездейсоқ тұлғалардың капиталға қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Халықтық кәсіпорындар әлеуметтік және зейнетақы қолдауына да мүдделі. Жұмысшылар зейнетақы жинақтары аналогиясы бойынша акцияларды сатудан түсетін қаржыны зейнеткерлікке шыққан кезде пайдалана алады. Қазақстан осы секілді бағдарламаларды зейнетақы жүйесi реформасы шеңберінде жете зерттесе жөн болар еді.

Осыдан шамалы уақыт бұрын Мәжілісте бәсекені дамыту мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда көбінесе тиімсіз және зиян шегуші 6 мыңға жуық мемлекеттік кәсіпорын жұмыс жасауда. Кейбір тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындар базасында халықтық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы жүздеген өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бар.

Еңбек қатынастарын демократияландырудағы маңызды рөлді кәсіподақтар атқаруы тиіс. Алайда, сөз іс жүзіндегі кәсіподақтар туралы болып отырған жоқ. Азаматтарға тек қана кәсіподақ жарналарын жинайтын, жұмыс берушілер мүдделеріне қарсы келе алмайтын құрылымдардың қажеті жоқ. Кәсіподақтар жалдамалы еңбек мүдделерін белсенді түрде қорғаулары тиіс. Әрбір жұмысшы кәсіподақтар қолдауын сезінулері қажет. Бұл ретте, ең бастысы, кәсіподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болулары керек. Бізде, кәсіподақтар көшбасшылары кәсіпорын басшысы тарапынан тағайындалады немесе тіптен кәсіподақтық және әкімшілік басқаруды қоса жүргізетіндігін жиі кездестіруге болады. Бұған жол беруге болмайды. Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ қозғалысын бұдан әрі дамыту үшін «Кәсіптік одақтар туралы» Заңды түбегейлі қайта қарастыру керек. Әлеуметтік әріптестік түсінігі ұжымдық шартты жасау мен орындау тетігін, жұмыс берушілермен кәсіподақтардың өзара қатынастарын, олардың өкілдігін кеңейтуді және т.б. заңнамалық актілермен бекітуді қажетсінеді.

Өндірістік қатынастарды демократияландыруға жұмысшылардың қатысуымен жүзеге асатын кеңесші органдар құру да игі септігін тигізе алады. Менеджменттің шетелдік тәжірибесі көрсеткендей, еңбекші елдің құқығын қорғауда кеңесші органдардың рөлі зор. Кеңесші органдар Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Жапония, Австралия және басқа да елдерде құрылуда.

Мәселен, Германияда кәсіпорын басшысы өндірістік кеңеспен айына кем дегенде бір рет кездеседі. Кездесуде кең ауқымды мәселелер талқыланады. Жұмыс беруші кадрлық саясатына қатысты қажетті шараларды қолдану жөнінде өндірістік кеңеспен міндетті түрде ақылдасады. Өндірістік кеңеске қызметкерді басшы лауазымға тағайындау туралы ақпарат ұсынылады. Өндірістік кеңес кәсіпорын басқармасы мен бақылау кеңесінде шешушi дауыс құқығына ие.

Бірқатар елдерде жұмысшы өкілдері өндірістік кеңестен басқа кеңесші дауыс құқығымен Директорлар кеңесіне қатысады. Осыған мысал ретінде Дания, Швеция, Норвегия және басқа да елдердегі кәсіпорындарды атап өтуге болады.

Еңбек ұжымы жоспар, кесте құру, өндірісті ұйымдастыру, оқыту, тәлімгерлік секілді әр түрлі ұйымдық мәселелерді шешетін өндірістік кеңестерді Қазақстанда да құруға болар еді.

Еңбек құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы