Еңбек құқығының пәні мен қызметі
КІРІСПЕ
I. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы ретінде «еңбек құқығы»
1.1. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы
1.2. Еңбек құқығы саласының жүйесі
II. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары
2.1. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне жер құқықтары, əкімшілік құқық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету құқықтары табылады. Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына жəне ұйымдастырылуына қатысты дау туған жағдайда осы даудың еңбек құқығының пəніне жататындығын немесе даудың өзге құқық салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін еңбек қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте зор, себебі, осындай талдаудың нəтижесінде тиісті құқықтық
салдар туындайды. Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты. Азаматтық заңдар қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақшалық жəне өзге де қатынастарды, еңбекпен жəне оның нəтижелерімен байланысты мүліктік қатынастарды реттейді. Яғни, азаматтық құқықтың пəніне белгілі бір жұмысты орындаумен немесе қызмет көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты, тапсырма, əдеби тапсырыс жəне т.б.) байланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар еңбек қатынастарына өте жақын жəне оларға ортақ сипаттар тəн: олар еңбекпен байланысты, еңбек шартына (келісіміне) негізделеді, ақылы сипатқа ие. Жеке меншіктің туындауына жəне өсуіне байланысты жұмыс істейтін тұлғалар еңбек қатынастарына жалданбалы қызметкер ретінде де,
өндірістің меншік иесі ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек жəне мүліктік қатынастарының белгілі бір деңгейде бірігуіне əкеледі.
1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі;
2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты жəне солардан
туындайтын өзге де қатынастар.
Егер еңбек құқығының пəні болып тірі еңбек барысындағы еңбек қатынастары табылса, азаматтық құқықтың пəні болып заттандырылған еңбек немесе еңбек өнімі, оның нəтижесі табылады.
Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы қатынастардан туындайтын жəне олармен тығыз байланысты қатынастарды да реттейді.
Еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастарды ажырату олардың мазмұнына қарай жүргізіледі.
I. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы ретінде «еңбек құқығы»
1.1. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы
Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» жəне «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы алғанда, құқық адамдардың əр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни, тəртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сəйкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Ал еңбек дегеніміз не? Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін,
басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге жəне т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы жəне тіпті санасыз ғұмырында адам əйтеуір бір нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нəрсені əкеліп береді, апарады, жылжытады жəне т.б. Адамның қолынан жасалған заттың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нəтижесінде дүниеге келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы жəне ерекше бөлімдер.
Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық жəне салалық тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің) еңбегін пайдалану жəне ұйымдастырудың жалпы мəселелерін реттейтін нормалар жатады.
Еңбек құқығы саласының ерекше бөлімі институттарға, яғни, еңбек құқығы қатынастарының туындау жəне жүзеге асырылу деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың топтарына сəйкес құрылады. Ерекше бөлім халықты жұмыспен қамтумен жəне жұмысқа орналастырумен басталады, одан кейін орталық институт – жеке еңбек шарты, оның туындауы, өзгеруі жəне тоқтатылуы, содан соң – жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты институты, жалақы институты, кепілдік жəне өтемақылық төлемдер институты, еңбек тəртібі институты жəне еңбекті қорғау институты орналасқан. Ал бұлардан кейін еңбек қатынастары тараптарының келтірген зияндары үшін материалдық жауапкершілік институты, еңбек даулары институты, еңбектегі қадағалау жəне т.б. институттары орын алған. Сала ретіндегі еңбек құқығының жүйесінен еңбек заңдарының жүйесін ажырата білген жөн. Олар мазмұн жəне нысан ретінде өзара байланыста болады. Еңбек заңдарының жүйесі нормативтік құқықтық актілерден, олардың преамбулаларынан, баптарынан, қорытынды ережелерінен жəне т.б. тұрады. Сол себепті, еңбек құқығының жүйесі еңбек заңдарынан көрініс табады, ал еңбек заңдары еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады деген тұжырымға келуге болады. қалыптасты. Бұған дейін əлеуметтік қорғау нормаларының басым көпшілігі еңбек құқығы саласына кіретін. Осылай, бұл екі құқық саласын тарихи түп-тамыр байланыстырады. Сонымен қатар, оларды құқықтық реттеудің пəні мен əдістерінің ортақ сипаттары
да байланыстырады. Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастары табылса, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы азаматта қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттігін уақытша не тұрақты жоғалтқан немесе зейнеткерлік жасына жеткен жағдайда, оларды материалдық қамтамасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Əдетте бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің мөлшері олардың еңбек қатынастары үрдісінде алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес есептеледі. Сонымен қатар бірқатар айырмашылықтар да бар. Оларды
мынадан байқауға болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек құқығын жүзеге асырады, ал əлеуметтік қорғау құқығының реттеу пəні болып материалдық қамтамасыз етуге қатысты құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары үрдісінде жалақы төлеу қызметкер жұмыс істейтін кəсіпорынның, ұйымның немесе мекеменің қорынан жүзеге асырылады. Ал əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы жəрдемақылар мен зейнетақыларды орталықтандырылған қорлардан төлеуді көздейді. Сонымен қатар, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығына еңбек құқығындағы
материалдық төлемдердің шарттық əдісі тəн емес. Құзыретті органдар қабылдаған құқық нормаларының негізінде азаматтар материалдық қамсыздандырылады, сондықтан мұндай шараларды өзгертуге жəне тараптардың келісімімен нақтылауға болмайды.
1.2. Еңбек құқығы саласының жүйесі.
Əрбір құқық саласының, соның ішінде, еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығы саласының жүйесі – бұл оның нормаларының құрылымы жəне орналасу тəртібі. Бұл кезектілік еңбек құқығы қатынастарының туындау, даму жəне тоқтатылу барысына қарай құрылады.
Еңбек құқығы қатынастары – бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелген еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбегін пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге нормалары үстемдікке ие болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабына сəйкес, бұл қатынастар еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына азаматтық заңдар қолданылады.
Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік қатынастарды реттейді, алайда, еңбек үрдісі кезіндегі қатынастарды реттемейді. Еңбек заңдары еңбек үрдісін реттейді жəне қызметкер үшін белгілі бір құқықтық режимді, құқықтық кепілдіктерді белгілейді.
Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек құқығына ұқсас сипаттары көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға еңбекті жəне қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек құқығы мен бұл құқық салаларының арасында бірқатар айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы дербес емес (жалданбалы) еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын реттейді. Жер жəне аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің қатарына жатпайтын кооператор-қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының қатарынан əкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін ұйымдастыру, кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылығының жəне мемлекеттік қызметшілердің құқық субъектілігі мəселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ жері көп. Кəсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек жəне əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңымен де, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен де реттеледі. Соған қарамастан, еңбек жəне əкімшілік құқықтарының өздеріне тəн айырмашылықтары да бар: олар реттеу пəні мен əдістеріне қатысты. Егер еңбек құқығы қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек үрдісіндегі қатынастарын реттесе, əкімшілік құқық тиісті лауазымды тұлғалардың құзыретіне қатысты, қызметке алу мен босатумен, тəртіптік жазалар тағайындаумен жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді.
Енді еңбек құқығының əлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен арақатынасын қарастырып өтелік. Əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дербес құрылым ретінде, құқық саласы ретінде салыстырмалы түрде жақында, өткен ғасырдың 60-70 жылдары Алайда, олардың қандай құқық саласына жататынын анықтайтын өздеріне тəн айырмашылықтары да бар. Бұл қандай айырмашылықтар екен?
Біріншіден, еңбек қатынастарының пəні жəне негізгі мазмұны болып еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық мердігерлік, тапсырма, əдеби тапсырыс шарттары бойынша) пəні болып еңбектің өнімі табылады. Екіншіден, қызметкер еңбек қатынастарында белгілі бір жұмысты (белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша) істеуге міндеттенеді. Үшіншіден, қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының режимін сақтауға, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағынуға
міндеттенеді.
Ал азаматтық қатынастарда аталған талаптарды орындау міндетті емес. Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына кірмейді, оған еңбек шарасын орындау, ұйымның жұмыс режимін сақтау, ішкі еңбек тəртібінің белгіленген ережелеріне бағыну қажеттігі таралмайды. Басқаша айтар болсақ, азаматтық қатынастарда кімнің, қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс істейтіні емес, мұнда белгілі бір жұмысты сапалы жəне уақтылы орындау маңызды болып табылады. Мысалы, қоршау жасаудың қажеттігі туды делік. Еңбек заңдарының нормаларына сəйкес шартқа тұрған қызметкер ғана осы жұмысты орындауы қажет. Сонымен қатар, ол еңбек тəртібін сақтай отырып, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағына отырып (белгілі бір ауысымда), белгілі бір ұжымда жұмысты орындауы қажет жəне еңбек нормасын күнделікті орындауы тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл жұмысты қызметкердің өзі немесе оның бригадасы не оның қызметкері не барлығы кезектесе отырып орындай алады. Олар күндіз немесе түнде, күн сайын не белгілі бір уақыт өткен сайын жұмыс істеуі мүмкін – бұлардың барлығы маңызды емес. Ең маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастарды ажырату олардың мазмұнына қарай жүргізіледі.
II. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары
2.1. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың əрқайсысы өз мақсаттарын көздейді . Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек
үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы. Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне жəне өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан
көрініс табады.
Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары деңгейіне жетуге, қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Еңбек құқығының функциялары – бұл еңбек құқығы нормаларының күшінің негізгі бағыттары. Оларға жоғарыда аталған реттеуші жəне қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының ерекше функцияларының қатарынан əлеуметтік, қорғаушы, шаруашылық-өндірістік, тəрбиелеу жəне өндірістік демократияны дамыту функцияларын атауға болады. Əлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына жəне еңбекті қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады. Бұл қатынастардың мазмұнын жай еңбектің өзі емес, белгілі бір мамандыққа жəне біліктілікке оқыту құрайды. Олардың мақсатты бағыттылығы өндірістегі кəсіби білім алу арқылы азаматтарды білікті қызметкерлер ретінде дайындауды қаматамасыз етуден көрініс табады. Кəсіби дайындыққа қатысты қатынастардың туындауы азаматтардың ұйыммен шарт жасасуымен байланысты. Бұл шарт арқылы тараптар өздеріне кəсіби білім алуға қатысты өзара міндеттемелерді қабылдайды. Кадрларды кəсіби дайындауға қатысты қатынастардың ұзақтығы белгілі бір мерзіммен шектеледі. Оқуды нəтижелі аяқтаған сайын азаматтар біліктілік емтихандарын тапсырады. Оларға тиісті мамандық пен біліктілік беріледі, бұдан соң жұмыс берушінің бұйрығымен немесе өкімімен олар дербес жұмысқа алынады жəне еңбек қатынастарының толық құқылы қатысушыларына айналады; жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар. Бұлар қызметкерлердің еңбек жағдайларын жəне еңбек заңдарының нормаларын белгілеу мəселелеріне қатысты реттелмеген келіспеушіліктерді еңбек дауларын қарайтын органдардың шешуімен байланысты туындайды.
Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған. Шаруашылық-өндірістік функция өндірістің тиімділігін, еңбектің өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды, еңбек тəртібін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тəрбиелеу функциясы еңбек тəртібін сақтауды талап етуден, материалдық жəне моральдық жауапкершілік мəселелерінен көрініс табады.
Бұл қатынастардың қатысушылары болып бір жағынан қызметкер – жұмыс беруші, еңбек ұжымы – жұмыс беруші табылса, екінші жағынан – еңбек дауларын қарау жөніндегі орган табылады. Бұл қатынастар іс жүргізушілік сипатқа ие, себебі олар еңбек дауын шешудің материалдық жағына емес, оны шешудің процедурасына қатысты болады. Аталған қатынастардың барлығы еңбек құқығының пəні болып табылады. Ал қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастары еңбек құқығының басты пəні бола отырып, өзімен тығыз байланысты өзге де қатынастардың туындауына əсер етеді. Бұл қатынастардың кейбіреулері еңбек қатынастарымен қатар туындап, тоқтатылады. Ал басқалары (мысалы, еңбек дауларына қатысты қатынастар) қызметкердің қызметі барысында туындамауы да мүмкін. Мұндай қатынастар (мысалы, еңбек
дауларына қатысты) қызметкердің жұмысы барысында туындамауы мүмкін жəне көп жағдайда туындамайды да. Олар тек көрнеу зиян тигізген жағдайда орын алады. Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пəнін қоғамдық қатынастардың екі тобы құрайды: қиындықтарға ұшыраған кезде олардың рөлі ерекше. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, жұмыс іздеуге қатысты жəрдемді көп жағдайда əйелдер, оқу мекемелерін жаңадан тəмамдаған жастар, жұмыстан қысқартылған қызметкерлер қажет етеді. Жалпы алғанда жұмысқа орналасуға қатысты қатынастар еңбек қатынастарының алдында жүреді. Бұл ретте жұмысқа орналастыру жөніндегі органдар кадрларды қажет ететін ұйымдар мен белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысқа орналасуды қалайтын азаматтардың арасында делдалдық функцияларды атқарады. Ең басты міндетті – жұмысқа орналастыруды – шешу үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік қызмет органдары аумақтардағы жəне нақты ұйымдардағы бос жұмыс орындары мен қызмет туралы мəліметтер жинағына ие болады; қадағалау жəне бақылау органдарының жұмыс берушімен еңбек заңдарын жəне еңбекті қорғауды сақтау мəселесіне қатысты қатынастары.
Бұл қатынастар құзыретті органдардың ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі заңшығарушылық жəне өзге де нормативтік актілердің жəне еңбек туралы заңдардың, қауіпсіздік техникасының жəне еңбектің өзге де қауіпсіз жағдайларының сақталуына қадағалау жасау қызметі барысында туындайды. Мысалы, мұндай органдардың қатарынан санитарлық эпидемиологиялық қызметті, өрт инспекциясын жəне т.б. атауға болады. Еңбек заңдарының сақталуына жалпы қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады. Еңбекті қорғауға жəне еңбек заңдарының сақталуына қадағалауды жүзеге асыру процесінде бұл органдар ұйымдармен, кəсіпорындармен құқықтық қатынастарға түседі. Бұл қатынастар өз бетімен пайда бола бермейді, олар еңбекті қорғау жəне қызметкерлердің құқықтарын қорғау қажеттігіне байланысты туындайды. Сондықтан, аталған қорғаушылық қатынастар қосымша санатқа жатады. Алайда, бұл қатынастар кəсіпорынның жұмысы басталмай тұрып та туындауы мүмкін (мысалы, ұйымды ұйымдастыру жəне қайта өңдеу кезеңінде еңбекті қорғауға алдын ала қадағалау жасау);
Өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті көтеруге қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың жеке, бригадалық немесе курстық
білім алу кезінде жұмыс мамандықтарын алуымен қатысты туындайды. Əдетте мұндай білім алмастан бұрын олар дербес жұмыс істеумен айналысады. алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек
үрдісіне қарағанда еңбектің нəтижесі маңыздырақ болады; қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы қатынастардан туындайтын жəне олармен тығыз байланысты қатынастарды да реттейді. Олар:
1. еңбек ұжымының жұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы еңбек-əлеуметтік сауалдар бойынша қатынастары. Олар негізінен өндірісті ұйымдастыру жəне ұжымды басқарумен байланысты, сонымен қатар, нақты ұйымдағы еңбек жағдайына, қызметкерлерге жағдай жасаудың материалдық-тұрмыстық жəне мəдени нысандарын жақсартуға, ұйымның қорын ұтымды пайдалануға, еңбекті нормалауға жəне қызметкерлердің ұжымдық жəне жеке мүдделерін көздейтін өзгеде мəселелерге байланысты болады. Бұл еңбек қатынастары жеке жəне ұжымдық еңбек шарттарының негізінде туындайды. Осы шараттар тараптардың арасында белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруға қатысты өзара міндеттемелерінің туындауына да негіз болып табылады. Бұл қатынастар еңбек құқығының басты пəні – еңбек қатынастарына қатысты қызметтік рөлді атқарады жəне еңбек қатынастарын ұйымдастыруға, оларды нақты бір қоғамдық ға бағытталған;
2. кəсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау, еңбекке ақы төлеу жəне əлеуметтік кепілдіктер мəселелері бойынша жұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы қатынастары;
3. азаматтарды жұмысқа орналастыруға жəне жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың өздерінің қабілетіне жəне кəсіби дайындығына сай жұмыс табу мақсатында, жеке мүдделері мен қоғамдық қажеттіктерді ескере отырып, мемлекеттік органдарға жүгінуімен қатысты туындайды.
Қазақстан Республикасында жұмысқа орналастыру жөніндегі органдар жүйесінің болуы азаматтардың еңбекке қатысты конституциялық
құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Əсіресе, азаматтар жұмыссыз қалған жағдайда жұмыс іздеуге немесе өздерінің жаңа мамандығы бойынша кəсіби дайындықтан өтуге қатысты міндеттемелер де тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар тəмамдалады;
ə) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;
б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. таңдай алады. Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дəлел ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын жəне жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді қызметке алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады;
в) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлескен қызметінің жағдайлары жəне тəртібі белгіленеді. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа мерзімді жалдау шарты бойынша адвокат, аспаз немесе құрылысшы жұмысқа тартылған кезде жұмысты орындаушының өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс уақытында əлде түнде жұмыс істей ме жəне осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мəселе – жұмыстың уақтылы жəне сапалы орындалуы;
г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты;
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады.
Еңбекпен байланысты өзге де қатынастарда жұмысты орындаушы штатқа Қарулы Күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық əскерде, ішкі жəне сыртқы барлауда əскери міндетін өткеру еңбек құқығының пəніне жатпайды, олар əкімшілік құқықтың пəнін құрайды. Аталған органдардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.
Сонымен, еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес адамның жəне азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының қатарына ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Əркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). ҚР «Еңбек туралы» заңында осы заңның «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын
еңбек қатынастарын реттейтіні» көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, əрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кəсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен
қалауына қарай кəсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдауміндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде жалақыны төлеп отыруға жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы бойынша:
1. Қазақстан
Республикасының еңбек
2. Қазақстан
Республикасы бекіткен

- Еңбек құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебелері
- Еңбек құқығының субьектілері
- Еңбек құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы
- Еңбек нарыfы социологиясы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек қорғау
- Еңбек қорғауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері
- Еңбек құқығы
- Еңбек құқығы
- Еңбек құқығы
- Еңбек құқығы
- Еңбек құқығының қайнар көздері