Еңбек нарыfы социологиясы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Әлеуметтану
кафедрасы
СӨЖ
ЕҢБЕК
НАРЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Тексерген:
Авсыдыкова Қ.
Алматы
– 2012
ЖОСПАР
Кіріспе
Еңбек социологиясының зерттеу
нысаны ретіндегі еңбек
Адамның да, қоғамның да пайда болып, калыптасып, дамуы тек еңбекке байланысты екені баршаға аян. "Адамды адам еткен еңбек" - деп тегін айтылмаған. Еңбек дегеніміз - қызметтің тіршілік әрекетінің басты, шешуші, түбегейлі формасы. Оның барысында адам қажетін өтеуге керекті бүкіл заттар мен игіліктердің жиынтығы жасалады. Адам еңбегінің өнімі - адамды коршайтын екінші табиғат болып табылады. Яғни, адамдардың қолымен және ақылымен жасалған тұтастай бір жасанды әлем.
Еңбектің дәстүрлі анықтамасы К.Маркстің "Капиталында" берілген тұжырымға сай келеді, ол шынында да өз мәнін сақтап қалды, дегенмен кейбір қосымшалар да қажет. Маркс еңбекті былай деп анықтайды: "Еңбек дегеніміз - адам мен табиғат арасында іске асып отыратын процесс, оның барысында адам өзінің қоғамдық қызметі арқылы өзі мен табиғат арасындағы зат алмасуды ыңғайлап, реттеп, басқарып отырады. Табиғат затына ол өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өзінің өміріне жарайтын халге келтіру үшін ол өзінің бойында бар күштерді: қол, аяқ, бас, саусақтарын іске қосады."
Алайда, мұнда дене еңбегі анық
көрініп тұр. Адам мен табиғат
тікелей байланысты. Мәселен, жер
жыртып жүрген тракторшы жерге
(табиғатқа) сәйкес әрекет
"Дәрігер, мұғалім, жазушы, ғалым, т.б. ой еңбегі мамандарының еңбегі не болады?" - деген сұрақ туындайды. Міне, осы жерде Маркстің тұжырымы жарамсыз. Осы және басқа категориядағы мамандардың еңбегінде табиғатпен қарым-қатынас жоқ, есесіне басқа адамдармен, жалпы қоғаммен қатынас бар (мұғалімдер оқушылармен, дәрігерлер аурулармен, актер көрерменмен, саясат қоғаммен, т.б.).
Еңбектің негізгі категориялары
Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.
Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.
Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.
Еңбек социологиясы - социологияның басты бөлімі болып есептеледі. Онда бірқатар салалар бар: мамандық социологиясы, өндірістік ұжым социологиясы, жоспарлау социологиясы, индустриалдық социология. Бұлардың қатарына, сондай-ақ ауылшаруашылығы еңбегінің, ғылыми еңбектің және инженерлік еңбек социологиясын да жатқызуға болады. Еңбек социологиясы пайдаланатын негізгі категорияларға: еңбек мазмұны, еңбек сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ынталандыру, еңбек мотивациясы - ықыластану, еңбек құрылымы және түрлері, еңбекке қанағаттану жатады.
Енді бұларды жеке-жеке
Еңбек мазмұны - жұмыстың ішкі мән-мағынасын, түрін, еңбек операцияларын ұйымдастыру ретін білдіреді. Басқаша айтқанда, ол еңбектің әлеуметтік технологиялық жүйесі. Еңбек мазмұнын тікелей техникалық жарақтануға, сондай-ақ психологиялық процесте еңбек міңдеттерінің (функцияларының) бөлінуіне тәуелді.
Еңбек сипаты категориясы еңбеккерлердің нақты жұмыс түрімен (дене немесе ой, ауыл шаруашылық және өндірістік, ұйымдастырушылық пен орындаушылық, қарапайым және шығармашылық немесе күнделікті) шұғылдануын білдіреді. Еңбек сипаты мен мазмұны категориялары бір-бірімен байланысты. Бұл категориялар бір-бірін толықтырып отырады, себебі бір еңбектің әртүрлі жақтарын көрсетеді. Еңбек мазмұнын мұқият зерттеу, еңбек сипатын социологиялық түрде зерттеудің бастапқы нүктесі болып табылады.
"Еңбек мазмұны" ұғымына аты да, мағынасы да жақын ұғым - "еңбек мазмұндылығы" ұғымы.
Еңбек мазмұндылығы - еңбек мазмұны секілді еңбектің техникалық-функционалдық жағын білдірмейді, ол еңбектің интелектуалдық элементтерге толы болуын, оның әлеуметтік-психологиялық құрылымын көрсетеді.
Еңбек жағдайы - өндірістік процестің маңызды тарабы болып табылады. Оған өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және табиғи-жаратылыс сипаттағы факторлар жиынтығы кіреді. Олар бірінші кезекте адамның денсаулығына, жұмыс қабілетіне, оның еңбекке деген ықыласына әсер етеді.
Әлеуметтік-экономикалық
Ұйымдастырушылық-техникалық факторлар негізінен өндіргіш күштердің деңгейіне тәуелді, олар еңбек құралдарын, технологиялық процестерді, басқару формаларын қамтиды.
Табиғи-жаратылыс факторларына - географиялық орта, геологиялық шарттар, т.б. жатады. Олар бір жағынан өндірістік процес іске асырылатын тікелей ортаны құраса, кеңірек мағынада, бүкіл аталған факторлардың іске асырылу алаңы болып табылады.
Факторлармен қатар, еңбек
Еңбек жағдайлары тікелей
Қазақстанда өткен ғасырдың 90-шы
жылдарында өндірістің
Республикада ауыр және зиянды еңбек жағдайлары бар өңдіріс салалары басым болғандықтан (кен өндіру, металлургия, химия, т.б.), кәсіби ауру мен жарақат алу деңгейі өте жоғары. Оны азайту мен еңбекке қолайлы жағдайлар жасау, аса маңызды әрі көкейкесті мәселе. Әзірге "Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реформалау тұжырымдамасында" аталып өткендей, еңбек жағдайлары айтарлықтай түзеле қойған жоқ. Жергілікті жұмыс күшін еңбекке тартқан шетел және бірлескен өндіріс орындары да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарамай отыр. Өндірісте жылына 10 мыңнан астам қайғылы оқиғалар болып, олардың нәтижесінде 300-400 адам мезгілсіз қайтыс болуда.
Еңбек жағдайларын жақсарту
Еңбек жағдайлары және мазмұны
мен еңбекті ұйымдастыру
Еңбекті ұйымдастырудың негізгі жүйелері: ағымдық-конвейерлік (дәстүрлі) және қазіргі заманғы, соңғысында әлеуметтік-психологиялық және адам факторы есепке алынады да, еңбекті гуманизациялау әдістері белсенді пайдаланылады.
Еңбектің қолмен атқарылатын, механикаландырылған және автоматтандырылған түрлері белгілі. Еңбек түрлері, сондай-ақ, арнайы білімді және қазіргі құралдармен жұмыс істей білуді кажет етпейтін қарапаиым қол еңбегі мен ұзақ уақыт дайындықты, арнайы білімді, шеберлікті қажет ететін күрделі еңбек болып бөлінеді. Қарапайым еңбекте физикалық күшті пайдалану - ой күшін пайдаланудан басымырақ, ал күрделіде - керісінше, көбінесе олар еңбеккер жұмысында бірлесіп көрініс табады.
Механикалық еңбекте қол
Еңбекті қайта жарақтаудың
Келтірілген сипаттамаларды
Қол еңбегінің шығындарын азайтудың негізгі жолы - кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру, прогрессивті технологиялар мен машилаларды іске қосу.
Адам еңбегіне қандай
Еңбекке ықыластану (мотивация – француздың ықылас деген сөзіне, латынша mokere – қозғалысқа келтіру дегенге келеді) - белсенді еңбек әрекетіне іштей ұмтылу, субъектіні қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметке итермелеу; субъектінің белсенділігін тудырып, оның бағытын анықтайтын сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы. Мұнда ең бастысы - еңбеккердің өзін-өзі тануы.
Еңбек ықыласы - күрделі әлеуметтік-психологиялық процесс. Бұл біріншіден, кейбір жағдайларда мотивтер ықылас, ынта саналы түрде емес, аяқ астынан туындауымен түсіндіріледі; екіншіден, адам белсенділігінің себебі бір ғана қажеттілік емес, қажеттіліктер жиынтығында болуы мүмкін. Енді мынадай мысал келтірейік: инженер жұмыс орнын ауыстырсын, ғылыми-зерттеу институтынан заводқа ауыссын. Оған не түрткі болды, қандай мотив қозғау салды? Мұндай мотивтер бірнешеу болып шықты:
а) жоғарырақ жалақы алу
ә) жұмыс жағдайларына қанағаттанбау;
б) теориялық білімдерін
в) кәсіпорынның үйіне
Еңбек мотивациясында рухани және моральдық сипаттағы мотивтер маңызды орын алады. Бұл еңбек процесінде өз қабілеттерін неғұрлым толық іске асыруға ұмтылу, білімін, тәжірибесін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік алуға деген ұмтылыс болуы мүмкін. Екінші жағынан, еңбеккер үшін еңбек ұжымының алдында өзін мойындатудың да маңызы өте зор.
Еңбек қызметінің мотивтері
Сонымен, адамның еңбек
Еңбек социологиясының категориялары
Еңбек
социологиясының басты
Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбек
категориясы жұмысшылардың
Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.
Еңбекке қатынас (көзқарас) - бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Еңбектің ынталандыру жүйесі
Еңбек мотивациясы мен оны
ынталандыру жүйесі тығыз
Еңбекке ынталандыру (латынша stimulus - малды айдауға арналған ұшы үшкір таяқ) еңбекке деген ұмтылысқа материалдық және моральдық қошемет көрсету жүйесі. Жоғарыда айтылғандай, мотивтерден айырмашылығы, ынталандыру - еңбекке итермелеудің сыртқы факторлары. Олар адам әрекетіне жанама әсер ету формасына жатады, тікелей әсер етуден (бұйрық, тапсырма, т.б.) басқа түрде болады. Еңбек үшін жасалған сый ретінде қарастырылатын еңбек ынталандыруалары қай қажеттілікті өтейтіндігіне орай екі түрге бөлінеді: материалдық және рухани (моральдық деп те жиі атайды). Материалдық қажеттіліктердің көп бөлігі ақша түрінде көрініс беретіндіктен, жеке адамның материалдық қызығушылығы еңбеккерге ақшалай сый берілуімен іске асады. Материалдық ынталандырудың формалары, сондай-ақ сыйақы, бағалы сыйлық, ал кеңес дәуірінде бұл кезексіз пәтер беру, санаторийге жолдама беру, т.б. болатын. Қазіргі заманда бұл, кәсіпорынның бірнеше акциясын беру болуы мүмкін. Ынталандырудың материалдық деп аталуының себебі, оның заттық түрде болуы емес (ақша, сыйлық), материалдық қажеттіліктерді өтеуге арналуында екендігін есте ұстау қажет.
Рухани ынталандырулар, яғни рухани
қажеттіліктерді
Материалдық және моральдық
Еңбек қатынастарындағы, адам өміріндегі материалдық және моральдық факторлардың байланысы көптеген ТМД мемлекеттері бастан кешіріп отырған кезеңде тіпті жаңа қырынан ашылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын бізде орын алған кәсілорындар мен мекемелердегі жалақы төлеуді кешіктіру еңбеккерлер мен олардың отбасылары үшін материалдық қиындықтар туғызып қана қоймай, күшті деморализациялық әсер еткеніне де куәміз. Зерттеулерге сүйенсек, ең көп қолайсыздық сезінетіндер - негізгі асыраушы міндетін атқара алмай қалған отбасы иелері екен.
Сонымен қатар, соңғы кездері көрініс бере бастаған құбылысты атап өту керек: еңбеккерлердің еңбектегі жетістіктері бір мезгілде материалдық және моральдық жағынан да ынталандырыла бастады. Мәселен, құрметті атақ және оған қосымша белгілі бір мөлшерде ақша беріледі. Немесе былай: әртіске құрметті атақ беру - оның көрермен алдындағы "сұранысын" арттыруы мүмкін, ал ол материалдық жағынан да қанағаттандыруға жол ашады. Ынталандыру шаралары тек қана материалдық және моральдық қошемет емес, сонымен бірге белгілі бір еңбек жағдайларын жасау, ұжымда еңбеккерлерді кәсіби өсіру, т.б. болуы мүмкін.
Материалдық және моральдық ынталандыруларды шебер бірлестіре білу еңбек ұжымының әлеуметтік дамуын басқарудың маңызды құраушысы болып табылады.
Еңбекті ынталандыру жүйелері бөлек бір ғылымның - еңбек экономикасының зерттеу пәні. Социологиялық тұрғыдан бізді қызықтыратыны – ішкі (еңбек мотивациясы) және сыртқының (оны ынталандыру) қалай бірлесетіндігі, ынталандыруды пайдалану - еңбеккерлердің әлеуметтік қажеттіліктерін қаншалықты өтеуге бағытталғандығы. Бұл жүйелердің тиімділік дәрежесі, олардың осы талапты қаншалықты толық орындайтындығына тәуелді.
Мотивтер, ынталандырулар және басқа еңбек факторларына қатысты еңбекке қанағаттану ұғымы біріктіруші міндетін атқарушы болып табылады. Еңбекке қанағаттану (разылық) еңбеккердің сұраным, талап-талғамдары мен оның еңбек барысында орындалуы арасындағы білдіретін көңіл-күй көрінісі. Ол тұрақты, уақытша немесе жағдайға байланысты болуы мүмкін. Әлеуметтік-психологиялық категория ретінде еңбекке қанағаттану еңбеккердің еңбек мазмұнына, сипаты мен жағдайларына қоятын талаптарының және осы талаптардың орындалу мүмкіндігіне беретін субъективті бағасының тепе-теңдік (баланстық) күйі деп сипатталады. Жалпы еңбекке қанағаттану (жалпы қанағаттану) бар да, сонымен бірге, өндірістік процестің жекелеген элементтерімен қанағаттану бар. Мүндай элементтер мәселен, еңбек жағдайлары, оның ұйымдастырылуы, ұжымдағы көзқарас болуы мүмкін.
Еңбектің белгілі бір
Еңбекке қанағаттанбаудың екі түрі бар: уақытша (ситуациялық) және тұрақты (ситуациялық емес). Біріншісі - жұмыстағы белгілі бір қиыншылықтардан туындауы мүмкін (еңбек жағдайының нашарлауы, қақтығыстық жағдай, әділетсіз тәртіптік жаза, т.б.). Қанағаттанбаудың бұл түрі кәсіпорын көлемінде болады, оны әкімшілік, жұмыстағы әріптестер жұмсартып немесе толықтай жоя алады. Ситуациялық емес қанағаттанбаушылықтың ауқымы кеңірек: ол еңбеккердің жалпы қоғам құрылысына, оның заңдары мен тәртіптеріне қанағаттанбау мүмкіндігінің болуы. Қанағаттанбаудың бұл түрі тереңде жатыр және ол көп уақыт сақталады, оны жою үшін де ұзақ уақыт пен күш керек. Оған қоғамдағы, адамның пікірі бойынша, оң өзгерістер түрткі бола алады.
Еңбекке қанағаттану феноменін қай тұрғыдан карастыру керек - деген сұрақ туындайды. Жұмысқа разы болу жақсы ма, жаман ба? Жұмысқа қанағаттану күйін еңбеккердің қоғамдық мәні бар мүдделерімен салыстыра отырып бағалау қажет.
Қанағаттану - жанның белгілі
бір күйі ретінде моральдық-
Жоғарыда қарастырылған еңбек
социологиясының категориялары
бойынша осы саланың басты
мәселесі еңбеккердің еңбекке
деген қатынасы талданады.
Еңбеккердің еңбекке қатынасы - бірқатар объективті факторлармен анықталады, олардың ішіндегі ең маңыздылары: 1) еңбек нәтижесіне деген материалдық қызығушылық; 2) еңбек мазмұны; 3) еңбек жағдайлары. Субъективті факторлардан, еңбекке қанағаттанушылық пен ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды атау қажет.
Кеңес дәуірнде еңбекке деген
қатынас әлеуметтік-
Нарықтық қатынастарға көшу
Еңбеккерлердің еңбекке
