Еңбек нарығы. 3

Еңбек нарығы

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар  жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын  еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен  жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалифик- 

ацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.  

Бәсекелік еңбек нарығының классикалық  үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп  болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

 Икемді  нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс  берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара  әсерлерімен белгіленеді.

   Бәсекелік  еңбек  нарығында еңбекке сұраныстық қисық сызығының еңкеюі теріс бұрышты болады:  жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі.  Көлденең  білік — еңбектің саны (Q), тік білік  (Р) — жалақының  ставкасы  Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады. Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінін қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен және жиынтык экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық — мамандық құрылымымен, несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметгерімен қалыптасады. Сұраныс (ВБ) пен ұсыныстың (55) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-тендік дәрежесін (РЕ) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық жұмыспен қамту  байқалады:  Qе — еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.  

   Жетілген  бәсеке жағдайында жалақының тепе-теңджік  дәрежеден ұзақ мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік дәрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе-теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы еңбекке сұра-ныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе-тендігімен және жалақының тепе-тендік дәрежесімен сипатталады.

   Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын — моноп-сониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.

   Дамыған елдердің көбінде заң жүзіңде жалақының минимумы белгіленген. Бұның мақсаты — кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен  квалификациялы жұмыскерлердің  хал-жағдайын қолдау.

   Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдык, жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы — бұл тауарлардың  болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне болсек, нақты жалақы шығады.

   Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас абстракты еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген локалдық еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлімен, квалификациялық топтармен, жыныс-жастық, ұлттық және т.б. айырмашылыктармен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқу әсері арқасында пайда болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (сегменттерде) орын алады және олардың динамикасы ерекше болады.

   Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі  екі сегменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Біріншілік жұмыс орындарының бірінші сегментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білімі бар жұмыскерлер, әкімшілдік-басқару персоналы, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік- көмекші персонал, инженерлік-техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтың жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сегмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, қыз-мет көрсететін жұмыскерлер, қызметшілердің томенгі категориясы жатады.

   Жекелеген аймактардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығының регионалдық сегментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымы, ұлттық кұрам жатады.

   Жұмысшы күшінің құрылымы болмағанда бес  сегменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, кадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық кайта құруға және қыскартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы — жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т.б.

   Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.

   Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.

   Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

   Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

   Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Еңбек Өнімділігі

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Мында өту: шарлау, іздеу

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]

[2] Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. 
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт
мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек  шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді. 
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. 
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған
шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі. 
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. 
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (
еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды  еңбек шығындары

Бұның көп тараған  формалары:

  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
  • еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал  шығындар 

Материал  қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық  шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

  • ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
  • аралас бағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x) 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар; 
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және
өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
  • 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
  • 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
  • 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
  • 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.
Басқаруда еңбекпен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу
Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер  түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету
Адам факторы Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. 
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында,
шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. 
Біріншісі,
өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады. 
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне
демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. [3]

Қазақстан «Еңбек өнімділігі-2020» атты тағы бір бағдарлама қабылдады. Бірақ оның болашағы қалай болары белгісіз.

 
Қазақстандағы еңбек өнімділігі адам басына шаққанда орташа есеппен 30–40 мың  долларды құрайды. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 200 мың долларға тең келеді.  
 
Машина жасау өнеркәсібінде еңбек өнімділігі адам басына шаққанда 10–17 мың долларды құрайды, АҚШ-та ол адам басына есептегенде 90 мың доллар болады. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың көпшілігіне тиесілі негізгі қорлардың тозу дәрежесі – 60 пайыздан жоғары. Металлургия саласындағы тозу деңгейі – 58,4 пайыз, машина жасауда – 56,7, химия және фармацевтикада – 45,3, құрылыста 39 пайызды құрайды. 
 
ҰШАТЫН  ЖӘНЕ ЖҮЗЕТІН ҚҰРАЛДАР ДА ҚАМТЫЛҒАН 
 
Қазақстан биыл «Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасын қабылдады. Оны іске асыруға 34,9 миллиард теңге жұмсау қарастырылған. Құжаттың негізінде екі мақсат жатыр. 
 
Біріншісі – қолданыстағы басқару және өндіріс технологияларын жетілдіру, бұл жоғары білікті (соның ішінде шетелдік) мамандарды тарту және заманауи технологияларды енгізу негізінде іске асады. 
 
Екіншісі – технологияларды иемдену негізінде жұмыс жасап жатқан өндірістерді жаңарту (техникамен қайта жабдықтау) және олардың жаңа бәсекеге қабілеттілерін құру, ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру және білікті жобалаушы және инжинирингілік ұйымдарды тарту. 
 
«Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасына барлық салалардың өңдеуші кәсіпорындары қатысады. Оның үстіне шығаруға жоспарланған өнімдердің көлемді тізімі бар. Оған азық-түлік пен көпшілік қолданатын тауарлардан бастап ғарыштық ұшу аппараттары мен олардың бөлшектері, кеме, қайық пен жүзетін құрылымдарға дейін қамтылыпты. 
 
БӘСЕКЕСІЗ НӘТИЖЕ ЖОҚ 
 
Қазақстандағы еңбек өнімділігінің төмен болу себебін түсіну үшін статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне жүгінген жөн. 2011 жылдың қаңтар – шілде айлары бойынша тауар экспорты 49 963,8 миллион долларды құрады, ал импорт 21 525,8 миллион доллар болды. 
 

              Экспорт              Импорт
Тауар топтары миллион доллармен пайызбен миллион  доллармен пайызбен
Өсімдік текті және мал өнімдері, дайын  азық-түлік тауарлары 815,2 1,6 2 310,9 10,7
Минералды өнімдер 39 404,7 78,9 3 254,4 15,1
Химиялық  өнімдер және онымен байланысты өнеркәсіп  салаларының өнімдері 1 859,5 3,7 2 855,0 13,3
Металдар  және олардан жасалған бұйымдар 5 920,1 11,8 3 105,8 14,4
Машиналар, жабдықтар, көліктер, аспаптар және аппараттар 555,9 1,1 8 002,7 37,2
Басқа да тауарлар 1 408,4 2,9 1 997,0 9,3
Барлығы 49 963,8 100 21 525,8 100
 

  
Минералды ресурстар мен металдарды есептемесек, деректерге қарағанда, Қазақстан  экспорттаудан гөрі ел шетел өнімдерін  көбірек тұтынады. Өңдеуші өнеркәсіп  көп дәрежеде бәсеке жоқ ішкі нарықпен шектеледі, ал бұл еңбек өнімділігін арттыруға деген мүддені жоққа шығарады. 
 
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОСАЛ ТҰСЫ 
 
Биыл шілде айында Қазақстандағы өнеркәсіп дамуы институтының президенті Мейрам Қажыкен Bnews.kz сайтында «Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасын қаржыландыруға қатысты түсінік берді. «Бұл -инвесторлардың ақшасы емес, бюджеттің ақшасы. Сонымен бірге 15 миллиард теңге – «ҚДБ-Лизингтің» ақшасы» дейді Мейрам Қажыкен. 
 
«ҚДБ-Лизингтің» «Қазақстан Даму Банкі» компаниясының еншілес ұйымы ретінде «Самұрық-Қазына» қоры жүйесіне енетінін ескерсек, бұл да мемлекеттің қаражаты. Бірақ бұл қаражат та жеткіліксіз болып шықты. 
 
-...Көбірек, анағұрлым көп ақша керек. Жеті-сегіз есе, тіпті он есе көп керек болар, – дейді Мейрам Қажыкен. - Ақша бар, бірақ бюджет оны бөліп бере алмайды, оның үстіне модернизацияны қолдау бюджеттің қызметтік міндеті емес. Бұл - нарық институттарының міндеті, нарықтық инфрақұрылым құру керек деген сөз. 
 
Өкінішке қарай, ол «нарықтық инфрақұрылым» дегенді қалай түсінетінін анықтап жатпады. Ол экономиканың зор үлесін құрайтын жеке меншік құрылымдарды меңзеген көрінеді, алайда бұл құрылым бағдарламаның жүзеге асуына мүдделі болмай отыр. 
 
Сөзден іске көшу үшін мемлекеттің тап осы кезеңде бағдарлама қарқынын шапшаңдата алатын нарықтық (ең алдымен, салықтық) механизмдерді енгізуі қажет . 
 
ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
«Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасы модернизацияны лизинг көмегімен іске асыруды көздейді. Осы ретте бірден бірқатар сұрақ туындайды. Кім кейін құнын төлеп сатып алу құқын сақтай отырып, мүлікті жалға  береді? Кім бәсекелестерін өсіп-өнсін дейді? Потенциалды бәсекелесіне су жаңа технологиялар мен жабдықтарды кім бере салады? 
 
Қытай басқа жолды таңдады. Қытай бизнесі билікпен бірігіп, қиын-қыстау кезеңді бастан кешіп жатқан Еуропада агрессиялық саясат жүргізіп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде Қытай Еуропа Одағының экономикасына 40 миллиард доллардан аса инвестиция салды. Қытай Еуропаның жүзден аса кәсіпорнын тікелей және жанама түрде бақылап отыр. Бейжің сатып алған мүліктердің ішіндегі мәлім болғандарының қатарына «Вольво»; «Медион» неміс компаниясының 37 пайыздық акциясы; Manassen фирмасындағы үлестің 75 пайызы; «Юнайтед Бисквитс» ағылшын компаниясы кіреді. 
 
Қытай болашақта пайдаға жарайтынның бәрін сатып алды. Нәтижесінде не көріп отырмыз? Технологиялар мен жобалар шетелдік кәсіпорындардан біртіндеп Қытайға ағылып жатыр. Қытай олардан қазірдің өзінде тиісті пайда таба бастады. 
 
Қытай билігі өз кәсіпкерлерін ынталандырып жатыр, ал олар шетел кәсіпорындарын иемденуге ынталы әрі олардың акцияларын сатып алады. 
 
Ал Қазақстандағы ахуал қандай? Мұндағы билік те, ең бай қазақстандықтар да (мәселен, «Форбс» журналының тізіміне енген адамдар) көршілерінің тәжірибесінен үлгі алуға ұмтылар емес. Олар шикізат пен мол ақшаны сыртқа шығаруды артық көреді.