Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «
Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», видеотаспа және т.б
Өткізу әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері .
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Ұйымдастыру 3-4 мин
2. Негізгі кезең 21 мин
3. Қорытындылау 5 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт»тобын құрып, олардың міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьтердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.
2.Негізгі кезең.
Экологиялық экспресс ұйымдастыру.
1. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды. Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде Жерге іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өз ізін қалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айында ашылған «№ 2402 кіші планетаға» аты берілді. «Сәтбаев» планетасын әрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырып ол «Эксперт» тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.
2.Енді «Киностудио» аялдамасына келеді.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көру. (2-3 мин)
3. «Ой шақыру» аялдамасы.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді.
« Тіршілікті дұрыс иемденбеу неге әкелді?»
«Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап беріп,ой қозғайды.
4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.
«Арал тағдыры» бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер?
«Семей полигоны»
«Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.
«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені өз ойларын жетілдіріп аяқтауды және осы бағыт бойынша қандай ой түйгенін білу.
«Өнер» тобына өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды ұсынып, жасалған заттарын бейнелеп , себептері мен мақсаттарына көңіл бөліп сұрау.
«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептетіп, олардың қалай азайтуға болатын жолдарын сұрау, қандай ұсыныстары бар екенін біліп халыққа жарамдылығын көрсететіндей жаңалықтарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстарды шешім ретінде қабылдайтындығын білу.
5. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
«Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысы және аңыздар мен салт – дәстүрлеріне Наурыз мейрамын мысалға алғанын тыңдау.
Тыйым сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «құстың ұясын бұзба» , «табиғатты ластама» және тағы сол сияқты .
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың
да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі
талмас» , «Бақ өсіргеннің бағы жанады»,
«Тоғайды тұяқ тоздырады» , «Гүл өссе жердің көркі»,
«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтірер», «Бір тал кессең
, он тал ек» және тағы басқа мақалдарды
ұлттық тәрбиемен байланыстыру.
6. «Өнер» аялдамасы
«Өнер» тобына өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттар, яғни пакет, сынған ағаш, жануар терісі мен жүні , сарғайған-жыртылған жапырақтар қалың қағаз қораптар, пластмасса бөтелкелерден, жасаған ойыншықтарына баға беру . Олар не үшін ,қалай жасағанын,экологиялық бағытпен түсіндіреді.
Мұғалім елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына табиғатты қорғау туралы ( экологияны) жолдауына тоқталу.
«2006 жылы біздің экологиялық
заңнамаларымызды халықаралық
7. «Үнемшіл» аялдамасы
Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін жазып, көп қабатты және тұрғын үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептету және олардан қанша уақытта толық айырылып, шіру әдістерін есептеп, олардың қалдық заттарын азайту жолдарын сұрау. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу,оға қаншалықты қолдау таба алатындығына сенімділіктерін байқау.
Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз
Консерві банкалар
Полиэтилен
Пластмасса
Шыны
9. «Болашақ» аялдамасы
Эксперттерге сөз беру. Бүгінгі
тәрбие сағаты бойынша ой түйіндерін естіп.
Экология бойынша негізгі
10. «Қорықтар» аялдамасы
Мультимедия кешені арқылы
Қазақстан корықтары мен
3.Қорытынды.
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.
Экологиялық тәрбие
Экологиялық тәрбие.
Жоспар:
1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы
ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық
тәрбие.
1. Экология — 200 жылдық тарихы бар жас
ғылым. Экология терминін неміс биологы
Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная
история происхождения" атты кітабында
алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос"
деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын
білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша
экология - зоологияның бір тармағы, жанды
мақұлықтардың органикалық және анорганикалық
ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология
ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде
пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген
эволюция туралы ілімнің негізін салушы
ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы
бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы
тіршілік әрекетін және өзара қатынасын
зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология"
ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы
бар барлық ғылымның кешенді негізінде
тез дами бастаған салаға айналды. Экология
дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық
негізі.
Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының
болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан
жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық
талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс
орындары алаңдатып отыр.
Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға
жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады.
Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды
газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ
апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы
кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі
сулардың ластануы орын алады. Апаттық
жағдайлардың тууының негізгі себебі
- тасымалдау құбырларының коррозия процесіне
ұшырап, жарылуы (90,5 %).
Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан
аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен
теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер
астының тұщы су қоры мол екені анықталды.
Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы
әскери ядролық сынақ полигонын жабуды,
сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы
тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп,
осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын
жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды
ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр
аралығында "Нарын" қозғалысының
орталығы Орда ауданында болды.
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға
күкірттің қос тотығынан басқа азоттың
қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың
қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр"
деп аталатын жауын түсуіне себепші болады,
олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының
жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық
дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді.
Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар
мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы
мен Астрахань облыстың шекарасында орналасқан.
Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары
жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр"
белгілі Семей полигонынан асып түседі.
Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр
және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар
мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр,
жер ғаламшарларындағы климаттың жылына
бастауы жер биосферасындағы тіршілікке
тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда
болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М,
Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон
қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке
зиянды әсер етеді.
2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға
жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет
дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі
арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты
- жастардың экологиялық көзқарасын, санасын,
табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік,
қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие
арқылы адамның мәдениеттілік сезімі,
экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық
білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты
оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке
қосу;
• мектепте экологиялық білім және тәрбие
қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды
табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми
теориялық және тәжірибелік біліммен
қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен
байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің
барысында адам жерді пайдалану негіздерін,
топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды
суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды,
улы химиялық заттарды беру мөлшерінің
мерзімін технологиялық талаптарға спйкес
есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі
жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер
байлығын тиімді пайдалануы экологиялық
мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын
қалыптастырады.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық
тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие.
Экологиялық білімнің негізгі көздері:
химия, физика, биология, география, астроиомия
пәндері, олардың бағдарламаларындағы
оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп,
сыныптан және мектептен тыс экологиялық
жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды
үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің
міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын
ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы
алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады.
Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам,
т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану
жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы
оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын
қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері:
өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық
бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық
мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны,
газды, суды үнемді пайдалану. Орта және
жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде
экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті
әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай
табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми
білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі
керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде
ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын
бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін
өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман
шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады.
Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының
түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар
отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан
қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен
күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ,
т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін
алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен
айналысады. Тәжірибе жұмысы биология,
химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының
басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін
адамдармен күреседі, қорықтағы ережені
бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды,
минералдық тықайтқыштарды сақтау және
қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте
жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар:
кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық
білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы
оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы
жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске
асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін
өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға,
күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту,
зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне
үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың
орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен
ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық
штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.
Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды
білім және тәрбие процесінде пайдалану
мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық
шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне
байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа
жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі
нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның
эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға
бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік
қасиеттерін жетілдіреді.
Әдебиеттер:
1. Окружающая среда и мир на планете. -М.:
Наука, 1986.
2. Дотта Л. Планета земля в опасности. -
М.: Мир, 1988.
3. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая
гвардия, 1991.
4. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических
просчетов. М.:Мысль, 1991.
5. Данило Ж. Социальная экология. - Москва:
Просвещение, 1991.
6. Проблемы окружающей среды в деятельности
ООН. - М., 1984.
7. Экологическое образование школьников
во внеклассной работе. - М.: Просвещение,
1984.
8. Захлебный А.Н.. Экологическое образование
школьников. /Под ред. И.Д. Зверева, И.П.Суравечиной.
- М.: Педагогика, 1983.
9. Денисова Т.В.. Экологическое воспитание
в процессе трудовой подготовки школьников.
//Советская педагогика, №41985.
10. О.Косанов. Экология және адам экологиясы.
"Қазақстан мектебі", №31991.
11. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық
білім беру бағ-дарламасы. //Қазақстан
мектебі, №8 1993.
Экологиялық тәрбие
Кіріспе 3
1 Бастауыш сыныпта экологиялық
тәрбие беру негізінде
1.1 Бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие беру тарихына шолу және экологиялық тәрбиеге байланысты еңбектерге сипаттама
1.2 Бастауыш сыныптарда экологиялық білім беруге даярлау жүйесінің ерекшелігі, оқушыларға экологиялық тәлім-тәрбие берудің қазіргі мәселелері 28
2 Бастауыш сыныптарда
экологиялық тәрбие берудің
2.1 Бастауыш сыныптарда
экологиялық тәрбие берудің
2.2 Дүниетану пәні арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері 42
2.3 Бастауыш сыныптардағы экологиялық білім беру негіздері, эксперимент жұмысының нәтижелері 55
Қорытынды. 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 73
Қосымша материалдар 75
Сабақ және сабақтан тыс жұмыстар
Нақыл сөздер
Көрнекіліктер
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Респуб-ликасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996) , "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы"
(1997), "Қазақстан Республикасы
экологиялық білім мен тәрбие
берудің ұлттық стратегиясы" (1998),
"Экологиялық білім
1972 жылы Стокгольмде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратагиялық жоспарлары қабылданды.
Ел басы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" - деп аталатын еңбегінде: "... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн"- деп көрсетті. (1.2)
Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал, бастауыш сынып кезеңіндегі білім қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады.
Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.
“Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің,
Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас”, – деп классик жазушы Илияс Жансүгіров айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері баланың болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтуге жол ашады.
Баланы туған елге, жерге, халқына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге баулып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру – бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттің бірі. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, - демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.
Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын табиғат – баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шетел классик ағартушылары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоццидің еңбектері мен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық
кезеңнен тұрақты даму
Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова, Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов, Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина, К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн,
И.Кон, Е.Кудрявцева, В.Ясвин, Л.Божович,
М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, т.б. өз еңбектерінде
оқушылардың экологиялық ұғым-
Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе.
Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:
- оқушылардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
- табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы;
- табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
- табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;
Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық жұмыс тақырыбын "Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру" - деп атауға негіз болды.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.
Зерттеу пәні: Балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы дүниетанымын қалыптастыру үдерісі (процесі).
Зерттеудің мақсаты: Экологиялық тәрбие беру арқылы бастауыш сыныптағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеу.
Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныптағы балаларға берілетін экология жайындағы ұғым олардың жас ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады.
Зерттеу міндеттері:
· экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен мүмкіндіктерін ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
· Экологиялық сана экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымдарының мәнін нақтылап, табиғат арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың орнын анықтау;
· экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістерін іріктеу.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық ғылыми - әлістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, экологиялық тәрбие туралы заң, қаулы қаралып өткен жылдардағы табиғаттану материалдары орын алған «Дүниетану» оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарында табиғат жайында берілген білім мазмұны мен көлеміне талдау жасау, бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-кеңестер, әдістемелік сұхбат, сауалнама жүргізу, балалардың дүниетанымын қалыптастырудың кіші жастағы сынып оқушыларымен педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.
Зерттеу жаңалығы:
· Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негізделді.
· Экологиялық сана, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді.
· Бастауыш сынып балаларының дүниетанымын қалыптастырудың формалары жүйеленіп, тиімді әдістері іріктелді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
· Экологиялық сана, табиғат - оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми әдістемелік педагогикалық тұрғыдағы сипаттамасы.
· Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістері.
· Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар.
Зерттеудің тірек орындары: Астана қаласы, №37 қазақ орта мектебі. 4 «Б» - 4 «Е» сыныптар, 30,30. Салыстырмалы бықылауға 4«Б», 4«Е» сыныптары, 30, 30 оқушыдан қатысты.
Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.
Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң өзектiлiгi негізделіп, зерттеудің мақсаты, мiндеттерi, объектiсi, пәнi анықталды, зерттеу әдiстерi, зерттеудiң ғылыми болжамы ұсынылады, зерттеу кезеңдері, әдiснамалық негiзi, ғылыми жаңалығы сипатталады.
Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. атты бiрiншi бөлiмiнде проблеманың философия, психология, педагогика, экология саласында зерттеу деңгейi салыстырылып, бастауыш сыныптарда экологиялық тербие берудiң педагогикальқ шарттары, мазмұны баяндалып оқушыларға экологиялық, бiлiм мен тәрбие беру бағытында сұрыпталып, проблеманың бүгiнгi таңдағы жағдайы сипатталады.
Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мектептегі адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұны туралы қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастар талданады; оқушыға экологиялық тәрбие беру негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыруда Экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрылымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орны ашып көрсетіледі; оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі.
Бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудің негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың әдістемесі атты екiншi бөлiмiнде бастауыш 4-шi сыныптарда оқушыларға дүниетану пәнi мазмұндарына туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарын енгiзуде экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң формалары мен әдiс-тәсiлдерi айқындалып, оларды iс жүзiне асыруда тежiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi шығарылып, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi.
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудiң теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерiне негiзделген тұжырымдар мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi, зерттеу жұмыстары бойынша алынған тұжырымдар жасалады, осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізудің мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі.

- Экология Павлодара
- Экология Павлодара
- Экология Павлодарской области
- Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- «Экология» пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы
- Экология Омска
- Экология: организмы и среды их обитания, деятельность организмов, экологические факторы и ресурсы
- Экология: организмы и среды их обитания, деятельность организмов, экологические факторы и ресурсы
- Экология Ордынского района
- Экология особей (аутэкология)
- Экология отдельных мини-округов
- Экология. Охрана окружающей среды