Экология Павлодара. 2
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Климаты
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 ӘС-тан 22,2ӘС-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41ӘС-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі
Жер бедері және гидрологиясы
Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке
бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін
Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-
Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа
қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс
бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір
де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік
жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша
айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз
айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін
жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км
болатын Ертіс – Қарағанды каналы Екібастұз қ
Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²). Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы
мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған.
Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны
арта береді. Жер асты суларының құрамы
әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты
сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы
шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне
3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын
жер асты суының 11 кен орны барланған.
Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін
6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының
негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы
4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келг
Пайдалы кендер
Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шик
Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар.Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар. Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді. Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады. Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды
Экология
Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.
Өнеркәсіп
Облыс экономикасы Қазан революциясына
дейін жергілікті шикізатты өңдеуге негізделген
шағын 242 диірмен (оның ішінде 4 су, 47 ат
күшімен істейтін және 191 жел диірмені)
мен тоң май, сабын және кірпіш зауыттарынан, Қалқаман мен Тоб
Павлодар облысы—Қазақстанның ірі индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің 70% қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады.
- Қара металлургия
Сала облыста Ақсу қаласындағы зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т.б.) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.
- Түсті металлургия
Өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді
өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық
кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін
байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің
алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан
Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн
тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және
пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий,
сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар
мен электр өнеркәсібі материалдарын
өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын
глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан
галлий мен пятиокись ванадия шығарылады.
Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа
ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия
мен АҚШ-қа экспортталады. Республикада
түсті металлургия кластерін құру мен
дамыту мақсатында облыста бастапқы алюминийді
өндіру үшін «Қазақстан электролизді
зауыты» АҚ салынып, іске қосылды. 2009 жылы
Павлодар алюминийі ресми түрде Лондон
металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық
электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық
стандартта екендігін дәлелдеді және
бастапқы алюминийді биржалық бағада
жеткізуге жол ашты. «Кастинг» ЖШС Павлодар
филиалы. Кәсіпорында болат дайындау мен
прокат, қайыс шарларын, өзектер мен арматураларды
өндіру игерілген. Мұнайгаз саласы үшін
болат жапсарсыз құбырларды үздіксіз-құю
өндірісін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Кастинг» ЖШС-нің дамуының негізгі бағыты
сорттық прокат, құрылыс арматуралары,
құбыр мен сымдар, сонымен қатар мұнайгаз
саласы үшін болат жапсарсыз құбырларын
өндіру болып табылады. Болатты үздіксіз
құю мен пластикалық деформациялау жаңа
технологиясы негізінде тау-металлургия
кешені үшін қайыс өнімдерін өндіру жалғастырылуда
Облыста алтын, күміс, мыс, цинк полиметаллдық
кен орындары бар. Бұл кен орындары «Майқайын
алтын» АҚ –мен өнделеді. Майқайын комбинатында
кен ошақтары мен байыту фабрикасы бар.
«Майқайналтын» АҚ мысты мыс концентратында,
цинкті цинк концентратында, алтыны бар
концентраттарды шығарады «Майкаин» кен
орны — кешенді алтын-барит-колчеданды-
- Машинажасау және металл өңдеу
Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы ауылшаруашылық машинажасау кәсіпорны — «Октябрь» зауыты (1942). Бұл техникалық құрал-жабдық шығаруға: жинау жұмыстары құралдарын механизациялау мен автоматизациялау (автомат-станоктар мен жартылай автоматтар, жинау конвейерлері, сынақ стендтері) мамандандырылған тәжірибелі-эксперименталды кәсіпорын болды. Бүгінде зауыт стандартты емес диірмен құрал-жабдығын, сауда құрал-жабдығын (стеллаждар), металлосайдингтер мен металлжабынғыштар, қол және электрлі стеллаждар шығарады. Перспективті мұнайгаз машинажасауды дамыту мақсатында «Құрал-жабдық зауыты» ЖШС-нда саңылауларды жөндеу мен апаттардың алдын-алу үшін қажет құрал-саймандар, бұрғы кілттеріне арналған қосалқы бөлшектер, жағалай бағандарға арналған жабдықтар, бұрғы сорғыштарына арналған қосалқы бөлшектер дайындалады. Мұнайгаз секторына жіберілетін өнімдердің номенклатурасы 60 атаудан тұрады. Зауытта сонымен қатар локомотив пен жүк вагондарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді өндіру де игерілген. «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-да көпірлі және айналма жүк көтергіштерін өндіру ұлғайып келеді. Кәсіпорында 55 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көтергіштерді жасау игерілген.
- Химиялық өнеркәсіп
Облыстың кәсіпорны мұнайды қайта өндеу кәсіпорнының қалдықтары негізінде жұмыс істейді, шикізат ТМД елдерінен, ең алдымен Ресейден әкелінеді. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы көп: полимер негізіндегі сыр мен лактар, майлау материалдары, антифриздар, пластмасса мен полиэтилен бұйымдары, хлор, каустикалық сода. «Реагент-Восток» ЖШС «Павлодар химиялық зауыты» АҚ –ның өндіріс қуаттылығының бөлігін бөлу жолымен 2002 жылдың маусым айында құрылған. Өндіріс қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна химимялық өнім. Өнімнің негізгі түрлері: натри-бутилды флотореагент, ДФБ присадкасы, «Дезостерил» дезинфекциялық құралы. Өнім Қазақстан мен Ресейдің тау-байыту комбинаттарына жіберіледі. Республикадағы негізгі пайдаланушылар —«Казцинк» АҚ, " «Казахмыс Корпорациясы» АҚ, "Техснаб «Майқайыналтын» ЖШС, шетелде —«Норильск-Никель» БРҰ.. «Каустик» АҚ Павлодар химиялық зауытының негізінде 2002 жылы тамыз айында құрылған. Қызметінің негізгі түрі – сұйық хлорды шағын ыдыста сақтау мен құю. Жолай келесі өнімдерді өндіреді: техникалық натрийдің гипохлориті, «Белизна» ағартқыш құралдары, газ тәрізді азот, оттегі, полиэтиленді ыдыс.
- Мұнайды қайта өңдеу өнеркәсібі
Облыста Республикадағы мұнай өнімін өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі— «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ қызмет етеді, ол Омбы арқылы Батыс Сібірден әкелінетін мұнаймен жұмыс істейді. Зауыт қуаттылығы — 7,5 млн тонна. Зауыт өнімі Павлодар облысы мен Қазақстанның өзге облыстарына таралады, Ресей мен Орта Азия елдеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің құрылымында жетекші орында моторлы отын (бензин) мен газойлдар тұр.
- Отын-энергетикалық кешен
1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір
өнеркәсібі бастама алды. Геологиялық
бағалаулар бойынша тас
- Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
Таралған пайдалы қазбалардың белсенді
игерілуі (күйдіргіш отқа төзімді балшықтар,
сәндік қаптағыш тастар, габбро, гранит,
мрамор және әк) құрылыс индустриясының өндірісін
ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі
кезде облыста құрылыс материалдары мен
заттарының құрамы ретінде пайдалануға
болатын өнеркәсіптің (қосалқы өнімдері
мен қалдықтары (қасиеті, агрегаттық жағдайы
және жойылу перспективасы жағынан әр
түрлі) көп. «Құрылыс материалдары зауыттарының
бірлестігі» ЖШС. 2003 жылдың қыркүйек айында
бұрынғы ЖБИ-4 негізінде силикатты кірпіш
өндіретін цех қалпына келтіріліп, іске
қосылды.Зауыттың жоспарлы қуаттылығы
— жылына 20 млн дана кірпіш.Силикатты
кірпішті өндіруге арналған шикізат әк
пен кварцті құм болып табылады. «Траст-Элстром»
ЖШС. Зауыт импортты алмастыру бағдарламасы
шеңберінде 2003 жылдың қараша айында іске
қосылды және қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының жиһаз индустриясы ағаш
жоңқалы материалды импорттауға бағытталған,
сондықтан да зауыт нарықты өз материалымен
қамтамасыз ету сұранысына ие. Кәсіпорын
Польша технологиясы бойынша көпқабатты,
жазық түрде сығымдалған ағаш жоңқалы
плиталарды шығарады. Аз уақыт қызмет
еткенінен қарамастан, «Траст-Элстром»
ЖШС «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсына,
«Промстройиндустрия-Астана-
- Жиһаз өнеркәсібі
Жиһаз өнеркәсібін Павлодар жиһаз фабрикасы, «Азимут» ЖШС фирмасы, «Heaven House» АҚ ЖШС Павлодар филиалы мен заманауи және сапалы материал пайдалана отырып ас үй, офистік, жұмсақ жиһаз шығаратын шағын бизнес субъектілері айқындайды. «Heaven House» АҚ. 1966 жылдан кәсіпорын «Арай» жиһаз фабрикасы ретінде қызмет етті, 1999 жылдан - «Павлодар-Пинскдрев», 2002 жылдан — «Асыл-Агаш-Павлодар» ЖШС. 2005 жылдың инаурызынан - «Heaven House» АҚ болды. 2005 жылы «Қазақстанның инвестициялық қоры» қаржыландыруымен офистік және тұрмыс жиһазын өндіруді дамыту бойынша жоба іске аса бастады. Инвестициялық қордың қатысу үлесі 650 млн теңгені (49 %) құрайды
Ауыл шаруашылық
Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.[3]
Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасаоынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.
Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт
бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа,
Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%.
Энергетика
Облыстың энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады:
- «Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ
Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ.жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен 6 турбиналар орнатылған.
- ТЭЦ-2 «Павлодарэнерго» АҚ
Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты— 110 МВт, жылу — 392 Гкал/сағ.
- ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ
Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты — 440 МВт, жылу — 808 Гкал/сағ.
- «AES Экибастуз» ЖШС
«AES Экибастуз» ЖШС — облыстың ең ірі электростанциясы, жұмыс істейтін блоктардың қуаты 2500 МВт құрайды.
- «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ
Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған.
- «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (Аксу электростанциясы)
Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт
7 энергоблоктар орнатылған. Облыста шығарылатын
электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан
анағұрлым жоғары. Павлодар облысының
электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің
шектес аймақтарына электр жеткізуші
болып табылады. Облыста электрберу желілері
бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды
іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан.
Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа
қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық
электр қуаты 6525 МВт бар 6 электростанциялары
жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық
электростанциялары негізгі отын ретінде
Екібастұз кен орнының КСНР-0.300. маркалы
тас көмірін пайдаланады. 220—500 кВ электр
қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды
Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің
аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс
аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-
Павлодар облысының өнеркәсібі: кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру
ХХ ғасырдың басында облыстың өнеркәсібі Қазақстанның барлық аймақтарындағыдай артта қалған, яғни қарапайым еңбек құралдарымен жабдықталған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар болатын. Ал, ауылшаруашылығы болса мал шаруашылдық өнімдерін қайта өңдеу салаларында ғана дамыды. Диірмен, дән үккіш, қасапханалар салынды. 1908 жылы 200 диірмен (су және жер диірмендері), бірнеше сыра кайнату, сабын шығару, тері зауыттары, ауылшаруашылығы құралдарын дайындайтын және жөндейтін шеберханалар, кірпіш зауыттары, электр станциялары, темекі фабрикасы жұмыс істеді. Қалада және уезде етік, баскиім тігетін, құмыра жасайтын шеберханалар, нан, шұжық шығаратын және смола қайнататын орындар болды.
Павлодар уезінің ең негізгі байлықтарының бірі -тұзды көлдер саналды. Олардың жалпы саны 40- тан асқан. Осыған орай ол кезде аймақта тұз өндірісі дамыды. Тұз өндіру 1922 жылы құрылған меклекеттік «Павлодарсоль» тресінің иелігіне қарады. 1927 жылы бұл трест 16 тұзды көлді біріктіріп, тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Сібірді ,Омбыдан Иркутскіге дейін тұзбен қамтамасыз етті. 1927 – 1928 жылдары «Павлодарсоль» тресі мен мемлекеттік диірмендерден басқа ірі өнеркәсіптің қатарына кірпіш, алебастр және сыра қайнату зауттары да қосылды. Мысалы, Павлодар кірпіш зауыты 1920 жылдан жұмыс істей бастаған. Мұнда 1926 – 1927 жылдары 600 мың күйдірілген кірпіш шығарылған. Ал, алебастр зауыты Ақтау қойнауындағы шикізатты пайдаланған. Алебастрдың негізгі батпақта болғандықтан оны өндіру өте қиынға соққан. Сондай – ақ, 1926 – 1927 жылдары сыра қайнататын зауыт 9250 шелек сыра өндірген. Ашытқыны да зауыттың өзі дайындаған.
Осы кездері тау- кен ісі де дами бастаған. Екібастұз бен Майкөбе көмірін өндіру сонау хх ғасырдың екінші жартысынан басталған. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Құлынды- Павлодар (1923 ж.) теміржолының салынуына және Ертіс өзенінде кеме қатынасының дамуына байланысты бұл аймақта шаруашылық тез, көтеріле бастады. 1938 жылы облыс орталығына айналған павлодар қаласы Ертіс кеме қатынасының және теміржол бойында орналасқандықтан Екібастұз, Орал, Сібірмен байланыс орнатты. Бұның өзі облыс және қалалар экономикасын одан әрі дамуына әсер етті. Осы кезден бастап облыс көлемінде ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырлана бастады.
1940 жылдың статистикалық көрсеткіштері бойынша Павлодар қаласында жыл сайын оларда жұмыс істейтін 904 адамы бар 85 кәсіпорын тіркелеген. Мысалы қуаттылығы 4549 кВт сегіз генератор жылына 819 мың кВт.с. электр қуатын өндірген. Соғыстан кейінгі жылдардан бастап, пайдалы шикізат көздерін барлау жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді. 1954 жылы Екібастұздан көпір өндіру жұмысы жаңғыртылды. Көпір өндіру және тың көтеру Павлодар- Еібастұз аймақтық - өнеркәсіп кешенінің құрылу себебі пайдалы экономикалық – географиялық орналасуына, өте бай табиған ресурстарына, көмір қорына, көлік жолдарының молдығына, Ертіс – Қарағанды каналының салынуына орай жүзеге асырылды.
Екібастұздың арзан көмірінің негізінде қуатты энергетикалық база мүмкіндік туды. Атап айтқанда : қара және түрлі – түсті металлургия, машина жасау, алюминий шығару, мұнай өндіру және химия салалары. Бұл салалар республикалық маңызы бар мамандандырылған өнеркәсіп түрлері болып саналады.
Айтар ойымыз орнықты, алған бағыт- бағдарымыздың дұрыс болуы үшін ең алдымен қысқаша болса да өзіміз зерттеу нысаны қылып алып отырған Павлодар облысының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына тоқталып өтелік.
Павлодар облысы 1938 жылдың 15-қаңтарында құрылған. Оның құрылуының негізі болып КСРО-ның «КСРО Конституциясының 22,23,26,28,29,49,70,77,78 және 83 баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және ВКП(б)-нің «Қазақ КСР-ның Батыс Қазақстан облысын-Батыс Қазақстан және Гурьев облысына, Оңтүстік Қазақстанды- Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысына, Шығыс Қазақстанды- Шығыс Қазақстан және Павлодар облысына бөлу туралы» қаулысының жобасы саналды. Көрсетілген заң 1938 жылдың 15-қаңтарында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында қабылданып, айтылған қаулының жобасы да сондай-ақ, 1938 жылдың 15- қаңтарында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында бекітілген болатын. Сондықтан, бұл күн Павлодар облысының құрылған күні болып саналады.
Қазақ КСР-і Орталық атқару комитеті Президиумының 1938 жылдың 4- ақпанында қабылдаған «Батыс Казақстан, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аудандық- әкімшілік территорияларын бөлу туралы» қаулысына сәйкес: Павлодар облысының құрамына Павлодар қаласы және Шығыс Қазақстан облысының келесі аудандарын: Павлодар, Каганович, Цюрупин, Ертіс, Үрлітүп, Максим Горький, Лозов, Бесқарағай және Қарағанды облысынан бөлінген Баянауылды (Қарағанды облысының Ворошилов ауданына өткен кейбір ауылдық советтерден басқа) берді. Павлодар облысының орталығы болып Павлодар қаласы бекітілді.
Ертістің Павлодарға қараған өңірі 1932 жылдан 1938 жылға дейін орталығы Семей қаласы болған Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Бірақ, экономиканың дамуына байланысты алыстағы Семейден әкімшілік басшылық жасау қиынға соқты. Сондықтан шаруашылық көлемінің ұлғаюына байланысты өз алдында бөлек әкімшілік басқару орталығын ұйымдастыру мәселесі туындап, жаңадан Павлодар облысы құрылды. 250 мыңға жуық тұрғыны бар жаңа облыстың аумағы 136,5 мың шаршы шақырымнан тұрады.
Ол жылдардың экономикасының негізін астық және мал шаруашылығына бағытталған ауыл шаруашылығы құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірушілері колхоздар мен совхоздар болды. 1938 жылы облыста 465 колхоз,24 совхоз және 22 МТС (машина- трактор станциялары) болды .

- Экология Павлодарской области
- Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
- «Экология» пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы
- «Экология» пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы
- Экология, понятие биогеоценоза
- Экология: организмы и среды их обитания, деятельность организмов, экологические факторы и ресурсы
- Экология Ордынского района
- Экология особей (аутэкология)
- Экология отдельных мини-округов
- Экология. Охрана окружающей среды
- Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі
- Экология Павлодара