Экономика в сфере торговли



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым: екінші

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

 

ЕҰ У ПОӘК

 

25-ден 124 бет,


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

Кафедра ЕСЕП, АУДИТ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

       (кафедра атауы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

SE 4313 Өнеркәсіп статистикасы

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ 050508   мамандығының(тарының)

               (мамандық атау және шифрі)                     студенттеріне арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана

2011

 

 

 

 

 

Оқу-әдістемелік кешен дайындаған                                аға оқытушы Жұматаева  Б.Ә.                           

 

Кафедрасы отырысында талқыланды              

Хаттама  №___                                                             «______»_________________2011ж.

Кафедра  меңгерушісі                                                               э.ғ.к., доцент  Сапарбаева С.С.

 

 

Әдістемелік комиссиямен мақұлданды             

Хаттама  №___                                                            «______»_________________2011ж.

Төраға                                                                                               э.ғ.к., доцент  Жұбаев С.Д.                                         

                                         

Кафедрада келісілді                                                       

Хаттама  №___                                                             «______»_________________2011ж.

Кафедра  меңгерушісі                                                                 э.ғ.к., доцент  Сапарбаева С.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

 

1. Силлабус              4

2. Глоссарий              8

3. Қысқаша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойына әдістемелік нұсқау              11

4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі              87

5. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен оларға, методикалық нұсқау              88

6. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар              99

7. Семинарлық және практикалық сабақтарды өткізу жоспары және дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар              101

8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар              107

9. Оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал…..............................................................124

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. СИЛЛАБУС

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша «Өнеркәсіп статистикасы» пәнінен

 

1) «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының аға оқытушы Жұматаева Бақытжамал Әшімқызы, сайт internet – bahyt_ [email protected]

Байланыс  телефон: 358129, ішкі 55-07(жұм.)

 

2) Пән аты: «Өнеркәсіп статистикасы» Курстын Коды 3-6021, 3- 6023 ОS 3220. Кредит саны 3.             

3) Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны:  5-семестр,  сабақ кестесіне сәйкес.

 

4) Перереквизиттер: пәнді тиімді меңгеру үшін келесі пәндерді білу міндетті: «Экономикалық теория негіздері», «Статистика», «Микроэкономика», «Макроэкономика».

 

Постреквизиттер: «Өнеркәсіп статистикасы» пәнін оқу келесі пәндерді меңгеруде қажетті болып   табылады: «Қаржылық талдау», «Кәсіпорын экономикасы», «Банктегі есеп және есептеме».

 

5) Оқу пәніне сипаттама:

  5.1. Оқу пәнінің бағыты.  Оқу пәні нарықтық экономика жағдайында қаржы саласында студенттердің теориялық әзірлігін қалыптастыруға, өнеркәсіп статистикасын тереңдетіп оқуға және аталған салада білімін жетілдіруге бағытталған

 

  5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. «Өнеркәсіп статистикасы» курсын оқытудың мақсаты өнеркәсіпте және оның басқа да салаларында өтетін қоғамдық процестерді талдау және өңдеуді жинақтаудың қазіргі кезеңдегі әдістерін игерген мамандарды даярлау болып табылады.

 

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- статистикалық көрсеткіштердің экономикалық мазмұнын зерделеп талдау;

- теориятық және тәжірибелік білімдерімен қалыптастыру;

- нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі өнеркәсіп қызметтерін  және материалдық өндірістің негізгі салаларын экономико - статистакалық  тұрғыдан  талдау жүргізулерін қалаптастыру;  

 

5.4    Оқу пәнінің  мазмұны: «Өнеркәсіп статистикасы» курсының мазмұны «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын студенттерге кәсіпорындардың статистикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптін дамуы туралы ақпараттарды талдау және өңдеуді жинақтау әдістерін игерулері қажет сондай-ақ  белгілі бір нәтижелер мен байланысты шығындарды анықтай білуі керек.

 

5.5    Оқу  пәнін  оқыту  жоспары:    

 

 

Апта-лар

 

Тақырыптар  аты

Сағаттар санымен оқытуды ұйымдастырудың формалары

БӨЖ үшін тапсырмалар

(СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ)  үшін тапсырмалар

 

1

Өнеркәсіп статистикасының пәні, әдістері және міндеттері

Шолу дәріс (2 сағат), белсенді семинар (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.          Өнеркәсіп статистикасының құрылымы және оны зерттеудің мәні.

2.          Өнеркәсіп статистикасының пәні және әдістемесі.

3.          Қазіргі кезеңдегі өнеркәсіп статистикасының міндеттері.

4.          Өнеркәсіптік өндіріс түсінігі

2

Өндіріс және өнім өндірісі статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.                 Өнеркәсіптік өнім түсінігі және оның дайын болу кезеңдері.

2.                 Өнеркәсіп өнімінің (заттай, шартты-заттай, құндық өлшем бірліктері) есебі және оны бағалау.

3.                 Өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің негізгі көрсеткіштері.

4.                 Өнім көлемі мен ассортименті бойынша жоспардың орындалу көрсеткіштері.

5.                 Өндіріс қарқындылығының көрсеткіштері.

3

Өнім сапасының және өнеркәсіптік кәсіпорын жұмысы сапасының статистикасы.

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.        Өнім сапасы және жұмыс сапасы статистикасының міндеттері.

2.        Өнім сапасы және жұмыс сапасының мәндері. Өнім сапасын өндірістік бағалау

3.        Өнім сапасының динамикасының сводтық сипаттамасы. «А.Я. Боярскийдің сапаның сводтық индексі».

4.        Өндірістегі ақауды статистикалық зерттеу.

4

Еңбек ресурстары және оларды қолдану статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.                 Еңбек ресурстары статистикасының міндеттері.

2.                 Кәсіпорын жұмысшылары санын және құрамын зерттеу.

3.                 Жұмыс күшінің қозғалысын статистикалық зерттеу.

4.                 Жұмыс уақытының есебі және оны қолданудың негізгі көрсеткіштері.

5.                 Еңбек ресурстары түсінігі. Жұмыспен қамтылған халық категориясын анықтау. Жұмыс уақытының балансы және оның негізгі көрсеткіштері.

5

Еңбек өнімділігінің статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.                   Қазіргі кезеңдегі өнім өнімділігін зерттеудің міндеттері.

2. Еңбек өнімділігінің тікелей және кері деңгейлері.

3. Еңбек өнімділігін өлшеудің заттай, еңбектік, құндық әдістері және оларды тәжірибеде қолдану.

3. Өндірудің орташа сағаттық, күндік, жылдық көрсеткіштері және олардың динамикасын талдау.

2.                     Еңбек өнімділігінің динамикасын факторлық талдауда индесктік әдісті қолдану.

6

Еңбекақы статикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.                 Нарықтық қатынастар шарттарында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбекақыны төлеу  міндеттері.

2.                 Төлеу қоры мен еңбекақы қоры түсініктері.

3.                 Өнеркәсіптік кәсіпорында еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйелері.

4.                 Еңбекақы деңгейінің көрсеткіштері.

5.                 Еңбекақы динамикасын талдаудағы индекстік талдау.

7

Негізгі қорлар статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.                 Негізгі қорлар статистикасының міндеттері.

2.                 Негізгі қорлар құрамы және жіктелуі.

3.                 Негізгі қорларды бағалау түрлері және амортизацияны есептеу әдістері.

4.                 Негізгі қорлардың нақты барын және жағдайын статистикалық зерттеу.

5.                 Негізгі қорлардың қозғалысын статистикалық зерттеу.

6.                 Негізгі қорларды қолдану тиімділігін статистикалық зерттеу.

7.                 Қорларды қолдану тиімділігіне қор қайтарымы мен қормен қамтамасыз етілудің әсерін факторлық талдау.

 

 

8

Энергетикалық құрылғылар статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.       Қазіргі кезеңдегі өнеркәсіптік кәсіпорындағы энергетикалық құрылғылар статистикасының мәні.

2.       Энергетикалық құрылғыларды жіктеу.

3.       Күштік құрылғы жұмысының уақыты мен өндірілген энергия коэффициенті.

4.       Энергетикалық құрылғыларды қолданудың экстенсивті, интенсивті және интегралды әдістері.

5.       Энергетикалық құрылғылар қуаттылығының негізгі көрсеткіштері.

9

Өндірістік құрылғылар статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.         Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылғылар статистикасының міндеттері.

2.         Өндірістік құрылғыларды жіктеу.

3.         Құрылғыларды  қолдану деңгейі көрсеткіштерін зерттеу.

4.         Кезең ішіндегі құрылғы бірлігінің жұмыс уақытының орташа саны динамикасыынң индекстік әдісі.

5.         Өндірістік құрылғыларды қолданудың  қуаттылығы бойынша көрсеткіштері.

10

Техникалық прогресс статис-тикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.       Техникалық прогресс статистикасы міндеттері.

2.       Электрлену көрсеткіштері.

3.       Механикаландыру көрсеткіштері.

4.       Өндірістік процесстердің автоматизациялану көрсеткіштері.

11

Айналым құралдары статис-тиасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.       Айналым құралдары статистиасы міндеттері.

2.       Айналым құралдарының мәні, олардың құрамы және құрылымы.

3.       Айналым құралдарын қолдану тиімділігінің көрсеткіштері.

4.       Айналым құралдары айналымының қарқындылығынан айналым құралдарын шығару сомасын есептеу

5.       Өндірістік айналым құралдары топтарын зерттеу.

12

Шикізат, материалдар және отын статистикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1.        Шикізат, материалдар және отын статистикасы міндеттері.

2.        Шикізаттар мен материалдар қозғалысының болуының көрсеткіштері.

3.        Шикізат пен материалдармен қамтамасыз етуді зерттеу.

4.        Шикізат пен материалдар шығындарының индексі

13

Өнімнің өзіндік құн статис-тикасы

Дәріс (2 сағат), практикалық сабақ (1 сағат), СОӨЖ (3 сағат), СӨЖ (3 сағат)

1. Қазіргі кезеңдегі өнімнің өзіндік құнын зерттеудің мәні жәен негізгі міндеттері.

2. Өзіндік құн түрлері. Өзіндік құнды статистикалық зерттеудің негізгі бағыттары.

3. Тауарлық өнімнің өзіндік құны динамикасын зерттеу.

4. Өнімнің өзіндік құнының азаюынан ақша құралдарын қайта есептеу (үнемдеу) көлемін анықтау

 

 

14-15

Қаржылық нәтижелер статистикасы

Дәріс (4 сағат), практикалық сабақ (2 сағат), СОӨЖ (6 сағат), СӨЖ (6 сағат)

1.                 Қаржылық нәтижелер статистикасы міндеттері.

2.                 Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері.

3.                 Факторлардың табыс сомасының өзгерісіне әсері.

4.                 Кәсіпорын рентабельділігі мен өнім рентабельділігі көрсеткіштерінің байланысы.

 

Барлығы:

Дәріс -30 сағат, Практикалық сабақ-15  сағат, СОӨЖ-45  сағат, СӨЖ-45  сағат

 

 

 

6)  Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

 

6.1 Негізгі әдебиет:

1.       Горемыкина Т.К. Статистика промышленности: Учебное пособие-М.:МГИУ, 1999г.

2.       Теория статистики: Учебник/ под ред. Р.А. Шмойловой.-2-е изд., доп. И перераб.-М.: Финансы и статистика, 1998 с. 7-40

3.       ҚР статистика туралы  Заңы, Астана 2001 ж.

4.       Статистика промышлености . Адамов В.Е. М:  Финансы и статистика 1987ж

5.       Статистика промышлености. Сивсов В.И. 1VL: Финансы и статистика 1981 ж.

6.       Сборник задачи по статистике промыщлености Адамов В.Е.М.: Финансы и статистика 1981 ж

7.       Микро экономика. Пиндайк Р., Рубинфельд Д.М.: Экономика. Дело 1992.

 

6.2. Қосымша әдебиет

1.       Голуб Л.А. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие для студ. Высш. Уч. Заведений. –М.: Гуманит.изд.центр.,2001, с.188-225

2.       Статистика: учебное пособие в схемах и таблицах / Н.М. Гореева, Л.Н. Демидова, Л.М. Клизогуб, С.А. Орехов; под общей редацией д-ра эон. наук, проф. С.А. Орехова.-М

3.       Харченко Л.И. и др. Статистика –М.: ИНФРА-М, 1997г.;

4.       Социаьно-экономическая статистика: Учебное пособие / А.М.Елемесова, К.К. Бельгибаева, Е.М. Кимков, Г.М. Молдаулова. – Алматы: Экономика.-1999, с. 149-183

5.  Қазақстаның аймақтық статистикалық жылнамасы

6.  Научно-информационный журнал «Экономика и статистика». Агенства по статисткати ежекварталный.

7. Научно-информационный журнал  «Вопросы по статистики» Статистика жөніндегі ҚР статистика агентігі. Ай сайын.

 

7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

 

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау жүргізу  СОӨЖ бойынша берілген тапсырмалардың орындау сапасына бақылау жасау, жазбаша сұрау арқылы екіаралық бақылау жүргізу көзделген. Қортынды бақылау ретінде емтихан қарастырылған.

Ағымдық бақылау- студенттерден дәріс сабағында өткен тақырыптар бойынша ауызша сұрау және теориялық материалдарды есеп шығару арқылы бекітіп отыру;

Аралық бакылауды – дәріс оқушы жазбаша түрде сұрау және есеп шығару арқылы қабылдайды.

Қортынды бақылау- жабық тестік сұрақтар арқылы оқу орнының басқармасы бекітіп енгізген нысанында қабылданады. Тестік сұрақтар төрт нысанынан және әр қайсысы қырық сұрақтан тұрады.

Нәтижелік баға төмендегі бағалар қортындысы ретінде жинақталады.

Аудиториялық дәріс кезіндегі ағымдағы бақылау          -20%

СӨЖ және СОӨЖ бақылау                                                -20%

Аралық бақылау:

Коллоквиум, ізденістер жұмысы                                         -10%

Сұраулар мен талқылаулар                                                   -10%

Қортынды бақылау                                                                - 40

   

 

8)  Оқу пәнінің саясаты

 

Талап етіледі: аудиториялық сабақтарға алдын-ала әзірлену, аудиториялық  сабақтарға міндетті түрде қатысу және дәптердегі дәрістерді жазып баруы шарт, СӨЖ арналған тапсырмаларын орындау, бақылаудың барлық түрлеріне қатысу. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсырмаған әрбір күні үшін рейтинг баллы 2 балға төмендетіледі. Сабақ уақытынды қосылған ұялы телефондар үшін -3 бал, сабақтан себепсіз қалғаны үшін – екі бал шегеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ГЛОССАРИЙ

 

Пәннің терминдік сөздерімен жұмыс жасау үшін жалпы әдістемелік

 

Статистикалық жинақтау – статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтықты ғылыми жүйеде қорытынды жасау жүйесі.

Статистикалық топтау – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өздеріне тән белгілеріне өзара ұқсастығы немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне сәйкес бір – бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу.

Статистикалық нақты шама – қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін , көлемін, аумағын, деңгеңңн, сипатын нақты сандық көрсеткіштер көрсетеді.

Табиғи өлшем бірлігі – қарастырылып отырған заттың табиғи физикалық қасиеттеріне байланысты салмақ, көлем сияқты мқлшерін айтады.

Еңбек өлшем бірлігі – адам/сағ., адам/күн,  адам/жыл.

Ақшалай өлшем бірлігі - өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін тиын мен теңге арқылы өлшеңді.

Орташа шама – біртектес жиынтық белгісінің бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктер орташа есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызатын жиынтығы.

Арифметикалық орташа шама – жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгінің жеке мәндерінің өосындысы болған жағдайда.

Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.

Мода - жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.

Медиана - статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.

Сатистикалық өзгерме – жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуімен болған сандық өзгерісті айтады.

Өзгерменің өрісі – статистикалық сандық қатарлардың негізгі кқрсеткіштерінің ішінде ең жай түрі, яғни белгінің бір – бірінен сандық шамамен өзгергенін көрсететін көрсеткіш.

Орташа шаршылық ауытқу (б) - шашыранды көрсеткіштерін түбірлеуді айтады.

Өсіңкілік қатарлар - статистикалық көрсеткіштердің уақытқа қарай өзгеруі.

Нақты шама - өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді.

Нақты өсім - өсіңкілік қатардың жай түрі, мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығында нақты өсу немесе келу жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін сепептеледі.

Өсу қарқыны – көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, осы екі уақыт көрсеткіштің бір – біріне қатысты.

Өсім қарқыны - өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді.

Статистикалық ішінара бақылау – жалпы жиынтық бірліктерінің зерттеуге кездеңсоқ немесе белгілі біл тәртеппен ғылыми негізде алдын – ала іріктеліп алынған кеңбір бөліктер.

Негізгі жиынтық – зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтықтарының барлығы.

Интерполяция - өсіңкілік қатардың ішінде берілмеген, яғни жетіспеңтін сандық   көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу.

Экстрополяция – белгілі бір уақыттағы өсіңкілік қатардың

көрсеткіштерін қолдана отырып келешекке болжам жасау, яғни осы уақыттан кеңінгі мерзімдік сандық мәндері жуық шамамен есептеп табу.

Индекс – көрсеткіш, белгі, түзім деген сөз.

Индекстік әдіс – бір – біріне тікелең қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрі.

Жеке индекстер – біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш  шамаларының қатынасы.

Жалпы индекстер – тікелең салыстыруға және қосіға келмеңтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі.

Корреляция – нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестілік болмауын айтады.

Функция – белгілі мәннің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір бөлігінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады.

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы беңнелеу және географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Нүктелі график – график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде берілген.

Сызықтық график – сызықтардың қолдануына байланысты болатын жолдардың қолдануына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б. түрінде беріледі.

Масштаб – графикте түсірілетін сандық шаманы өлшем бірлігіне ауыстыру.

Диаграмма – статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым – қатынас мөлшерін

көрнекті түрде көрсететін графикалық  сурет.

Халық – белгілі бір аймақта өмір сүретін адамдар жиынтығы.

Демография – халықтың тарихы, саяси – экономикалық, әлеуметтік, заңды, медициналық т.б. аспектілерінің дамуы.

Халық құрамы – қандай да бір белгілері бойынша халық құрайтын адамдардың      топқа бөлінуі.

Табиғи қозғалыс – халық санының туу мен өлуге байланысты өзгерісі.

Миграция – адамдардың территориялық орын ауыстыруы.

Еңбек ресурстары – экономикалық қызметтермен айналысатын халық.

Негізгі капитал - өндіріс процесіне көр өатысатын, шығарылатын өнімге өзінің құнын пайдаланған активтер жиынтығы.

Құндылықтар – көп уақыт аралығында пайдалануға болатын қымбат тауарлар.

Депозит – ұйымдарға берілген ақша құралы мен бағалы қағаздар, халықтығ банктегі жарнасы.

Амортизация – негізгі капиталдың біртіндеп тозу процесінің нәтижесінде оның құнын өндірілген өнімге тасымалдауы.

Баға – көп функционалдық экономикалық құбылыс,  ақшаны тауарға айырбастау эквиваленті.

 

 

 

3. ҚЫСҚАША ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ДӘРІС КУРСЫН ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

1 тақырып: « Өнеркәсіп статистикасының пәні, әдістері және міндеттері»

 

Сабақтың мақсаты: өнеркәсіп статистикасы ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу, пәннің әдістері мен пәні,  оқытудың объектісі, білімнің қайнар көздері не болып табылатынын анықтау, статистиканың даму тарихын және ғылымның негізделген мектептерін қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

1.  Өнеркәсіп статистикасының пәні, әдістері

2.  Қазіргі заманғы өнеркәсіп кәсіпорындары және оның құрылымы

3.  Өнеркәсіп кәсіпорынының құрылымы

Негізгі түсініктер: өнеркәсіп статистикасы, өнеркәсіп статистикасының пәні, өнеркәсіп статистикасының атқаратын қызметтері.

 

   1. Статистика- қоғамдық өмірдегі оның қатырсуымен болатын әртүрлілікті сандық тілмен көрсететін, ақпараттың негізгі қайнар көзі.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың дамуымен ақпараттық қорлардың  рөлі артуда,  олар нарық конъюнктурасын, ондағы нарық субъектілерінің шиленіскен қатынастарын  және оған әсер ететін алуан түрлі факторларын, сонымен қатар болжамдау және жалпылау бойынша зерттеу нәтижелерін микро және макродеңгейде бақылап отырады.

   Статистикалық ақпарат барлық деңгейдегі басқарулардағы маңызды ресурс болып табылады.

   Статистикалық ақпараттың негізгі қайнар көздері болып барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, кәсіпорын қандай да болмасын меншіктің ұйымдық-құқықтық формасына жататын жеке және заңды тұлғалардың міндетті статистикалық және бухгалтерлік есептілігі табылады.

   Осыған байланысты статистиканың  орталықтанған бірлік жүйесі  құрылған және қызмет жасайды,ол қоғамның қоғамдық-экономикалық өміріндегі процесстер мен құбылыстарды қамтиды.

   Өнеркәсіп статистикасын оқытудың объектісі болып халықтық шаруашылықтың негізгі әрі басты саласы-өнеркәсіп табылады.

   Өнеркәсіпте ғана барлық еңбек құралдары жасалады, яғни, тұтынылатын заттардың басым бөлігі. Өнеркәсіп дамуының деңгейі арқылы елдің индустриалдық басымдылығы, экономикалық потенциалы, сондай-ақ халықтың тұрмыстық жағдайы анықталады.

   Өнеркәсіп- материалдық өндірістің негізгі саласы болып табылады.  Ұжымдағы жұмысшылардың еңбегі табиғи ресурстарды өндіру және даярлауға, яғни адам еңбегі арқылы жасанды қайталанбайтын пайдалы қазба ресурстарын, сондай-ақ орман,ауылшаруашылық және балық шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, жабдықтарды жөндеуге, өнеркәсіптік сипаттағы әр түрлі жұмыстарды және қызметтерді өзіне  және келісімшарт бойынша өзге тарапқа орындауға  бағытталған.

   Өнеркәсіп статистикасы өзіне 2 түрлі түсінікті біріктіреді- зерттеу пәні бар ғылым саласы және   өнеркәсіпке қатысты статистикалық мәліметтерді талдау және өңдеудің шаруашылық тәжірибелерінің жиынытығы.

    Өнеркәсіп статистикасын оқытудың пәні болып қоғамдық сипаттағы процесстер мен құбылыстардың  тек сандық жағы емес, сондай-ақ  оның сапалық жағы, құбылыстар мен процесстер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктер, кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің көрсеткіштері, олардың даму заңы мен заңдылықтары табылады.

    Статистика ғылым ретінде статистикалық көрсеткіштерді жүзеге асырады және нарықтық экономикаға өтумен байланысты туындайтын  жаңа құбылыстар мен процесстерді қайта жасайды.

    Статистика шаруашылық тәжірибе ретінде   әр түрлі деңгейдегі халықтық-шаруашылықтық жоспарларды құру және бақылау үшін мемлекеттік және шаруашылықтық органдарды жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы жоспарлардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады, өндіріс тиімділігін жоғарылату үшін ішкі өндірістік резервтерді айқындайды.

   

Статистика әдістері. Пәнді оқыту статистикалық зерттеу әдістерінің жалпы принциптеріне негізделеді, яғин ол келесідей 3 статистикалық зерттеу этаптарына жіктеледі:

1.    Бақылау

2.    Жинақтау және топтау

3.  Сатистикалық көрсеткіштердің толық жүйесі көмегімен ғылыми қорытынды алу мақсатында өңделген мәліметтерді талдау.

Статистикалық әдіс- статистика өз зерттеулерін аталған әдіс –тәсілдер көмегімен жүргізу.

  

Статистика міндеттері.  Қазіргі заманғы статистиканың міндеттері елдің қоғамдық өміріндегі түпкілікті өзгерістермен анықталады.

    Біздің елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңартулар, нарықтық шаруашылықтық институттардың құрылуы, жаңа статистикалық көрсеткіштердің сапалы өңделуі,  жалпы заңдылықтарды оқытудың және қабылдаудың  әдіс-тәсілдерінің өңделуі, қалыптастырудың спецификалық ерекшеліктері және нарықтық экономиканың дамуы және оның көрсеткіштерін шетел көрсеткіштерімен салыстыру статистикалық әдістердің үнемі жүзеге асырылып отырылуымен көрінеді. Қазіргі кезде еліміздің қоғамдық өмірінде келесідей түпкілікті өзгерістер байқалады:

1.     демократизацияның дамуы

2.нарықтық қатынастарыдң дамуымен байланысты көпсалалы экономиканың қалыптасуы

3.  халықтық шаруашылықты  басқару процесстерін орталықтандыру

4.  басым экономикалық және құқықтық әдістермен халықтық шаруашылықты реттеуге өтуі

  2. 1991 жылы «Кәсіпорын және ондағы кәсіпкерлік қызмет туралы заң» жарыққа шықты, мұнда өнеркәсіптік кәсіпорын-өнімдерді өндіру үшін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және табыс алу мақсатында құрылған  өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерді орындауға бағытталған жеке шаруашылық субъектісі.

    Кәсіпорын өз қызметтерін жеке-дара жүзеге асырады,яғни, ол шығарылатын өнімдер мен табылатын табыстармен, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеумен басқарылып отырады. Ол өндірісті, ғылым мен техниканы, әлеуметтік сфераны дамыту, кәсіпорын жұмысшыларын материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ ақшалай резервтік  және басқа да қорларды құру секілді бірінші реттік қажеттіліктерге бағытталады.

Экономика в сфере торговли