Экономикалық өсу. 3
Жоспар
І. Кіріспе
1. Экономикалық өсу
ІІ. Негізгі бөлім
1.Экономикалық өсудің негізгі типтері мен факторлары
2. Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі
3.Қазақстан 2020. Экономикалық өрлеу
ІІІ. Қорытынды
1.Экономиканың сапалық құрылымы
Кіріспе
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
- Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
- Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
- Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
- Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
- Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның бос уақытының көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күші және өндіріс қорларын дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда. Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы
өндірістің қайнар көзі қосымша құн
болып табылады, осы мақсатқа ол
күрделі қаржы ретінде
Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
капитал ресурстарына;
қолда бар технологияға.
Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өcyді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰT) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы нақты ЖҰӨ 210 млн. теңге кұраса, ал оның алдындағы жылы да — 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өciм 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда — 5% кұрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰО) бipaз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін түзе отырып, оның үрдісін ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: |
Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
|
|
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.
Өнеркәсібі
дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания,
Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.)
халықаралық экономикалық қатынастарды
дамыту жүзеге асуда. Осындай игі
істер АСЕАН елдерімен, әсіресе
– Индонезия, Малайзия, Сингапурмен
жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және
Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға:
Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз.
Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық
одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық
қатынаста болуы үлкен
Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.
Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.
Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.
Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы — өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.
Қазақстанның жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:
1. Теңге тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана төмендеді.
2. Инфляция
деңгейінің төмендеуіне
3. Өндірістің
құлдырауы тежеліп,
4. Экспорт
өнімдері тұрақты түрде
Солардың ішінде:
- Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Экспорттық
салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре
беру мен ынталандыру мақсатында
экспорттың салық салу жүйесінде
тұрақты түрде талдаулар жасап,
қажет болған жағдайда оларға өзгерістер
енгізу бүгінгі – күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар
саласындағы орнын
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономиканың
шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары
мен жаңа технологияларға деген
қажеттілік, инфрақұрылымның төмен
дәрежесі, Республиканың дамушы ел
екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің
өз экспортына қолайлы база жасау
бағытындағы іс-қимылдары
1997 жылдың
басында Мәскеуде
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру тетіктерін талдап оқытады.
Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық аймақтық шаруашылығының субьектілері.
Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері бар дербес құбылысқа айналдырады.
Халықаралық
экономикалық деңгейде оны жекелеген
елдер мен аймақтардың
Қазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық экономикалық қатынас негізінде дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.
Дүниежүзілік тәжірибе негізінде кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға әрдайым заңды мәртебе беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады. Сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- толық жауапкершілікті серіктестік (толық серіктестік), аралас жауапкершілікті (араласа серіктестік), шектеулі жауапкершілікті (шектеулі серіктестік);
- акционерлік қоғам;
- ашық және жабық типтері.
Орын алып келген
мынадай түсініктер: шағын кәсіпорын,
бірлескен кәсіпорын, “кооператив”,
бұлар шын мәнінде кәсіпорынның
заңды мәртебесін бейнелейді, оның
экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын
ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын
атауы мұнда жұмыс
Қазақстан 2020 жылы
Қазақстан 2020 жылы
әлемдік дағдарыстан біршама
қуатты және бәсекеге
2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының
шикізат емес секторына елеулі шетелдік
инвестиция тартуға мүмкіндік беретін
қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің
бәсекеге барынша қабілетті елу елінің
қатарында болады. Экономика келесі экономикалық
дағдарыстарға жақсырақ дайын болады.
Қазақстан шектес елдермен және басқа
да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық
байланыстарын нығайтады.
2020 жылға қарай ел әртараптандырылған
экономиканы дамыту үшін қажетті адами
ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер
мен экспорттаушыларға қызмет көрсету
үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны
қарқынды дамыту арқылы өзге әлеммен үзіліссіз
байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның
өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы
мен қызмет көрсету саласы тау-кен өнеркәсібімен
қатар лайықты орын алады. леуметтік салада
және қоршаған ортаны қорғау саласында
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы
нақты мәнде алғанда 2009 жылғы деңгейінің1
үштен бірінен жоғары өседі. Экономиканы
әртараптандыру жоспарларын табысты іске
асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу
салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға
қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен
жоғары немесе оларға тең болады.
Ойластырылған макроэкономикалық саясат
жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта
резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін қоспағанда)
үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің
жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік
және корпоративтік секторларының қысқа
мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан
төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері
ІЖӨ-нің кемінде 30 %-ын құрайды. Осы кезеңде
инфляция орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде
сақталып тұрады. Айырбас бағам саясаты
қазақстандық экономиканың ішкі және
сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін
қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс
деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға
төмендейді Халықтың әлеуметтік осал
топтарының өкілдері, мүмкіндігі шектеулі
адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің
барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің
қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Бала-бақшадан университетке дейін сапалы
білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді
болады, халық денсаулығының жағдайы айтарлықтай
жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері
әлемнің үздік стандарттарына сай болады.
Қазақстандықтар барынша саламатты өмір
салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен
алкогольді асыра пайдаланатындар саны
азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық
салаларында мемлекеттік тілді қолдану
дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді.
ртүрлі этностық топтар мен діни конфессия
өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік,
бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір
сүруін жалғастыратын болады.
Түйін
Экономиканың салалық құрылымы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндірістің жағдайымен сипатталатын, сапалы түрде шаруашылық жүргізуші бірліктердің бірыңғай топтарының жиынтығы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, салааралық байланыстарды жасаудың базалық салалары болып саналады.
Әлемдік нарық – ұлттық нарықтың, мемлекеттер арасындағы шекаралардың, сыртқы экономикалық қызметтердің, әлемдік бағалардың ықпал ететіндігімен ерекшеленеді. Әлемдік нарық пен сыртқы сауда тығыз байланысты.
Халықаралық валюта – несиелік қатынастар дербестікке ие бола отырып, экономика мен саясаттың дамуына ықпалын тигізеді және сонымен бір мезгілде олар бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Халықаралық валюта түріндегі барлық операциялар валюта бағамы негізінде жүзеге асырылады.
Экономикалық және басқа сипаттағы себептермен туындаған, еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге бір жылдан аса мерзімге қоныстану процесі жұмыс күштері көші – қоны болып табылады. Жұмыс күштерін орналастыру (МОТ) халықаралық көші-қоны жөніндегі ұйыммен реттеледі.
ҒТР –
дың дамуымен байланысты әрбір мемлекет
өнімдерді әлемдік өндіріс
Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің әлемдік нарығымен қатар әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі болып саналатын қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді. Тауарлардан қызметтердің өзгешілігі — өндіріле отырып бірден сатылумен байланысты, сондай-ақ сауда саласына қарағанда мемлекет арқылы көбірек қорғалған. Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету
Стратегиялық жоспар-2020-ны
іске асыру кезеңінде үдемелі
индустрияландыру жолымен
Экономиканың өнімділігін кешенді арттыруға
бағытталған елді индустрияландыру келесі
бағыттар бойынша іске асырылатын болады:
шикізат өндірістерінің кейіннен барынша
жоғары қайта бөлістерге өтуімен, дәстүрлі
салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен-металлургия
кешенін, атом және химиялық өнеркәсіпті
дамыту;
жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық
компаниялар мен мемлекеттің сұранысына
негізделген секторларды: мәшине жасауды,
құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсібін,
фармацевтиканы дамыту;
шикізат секторына байланысты емес және
көп жағдайда экспортқа бағытталған өндірістерді:
агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл өнеркәсіпті,
туризмді дамыту;
әлемдік экономикада кейінгі 15-20 жылда
басым рөл атқаратын "болашақ экономика"
секторларын: ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды, биотехнологияларды,
баламалы энергетиканы дамыту.
Қазақстанды индустрияландыру қолайлы
экономикалық ортаны қалыптастырумен
және табысты иңдустрияландыру қағидаттарын
сақтаумен бірге жүреді.
Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру
Қолайлы экономикалық
ортаға ұтымды
Экономиканы әртараптандыруды
қолдау үшін макроэкономикалық
басқару
Қазақстан шикізат
ресурстарын ірі экспорттаушы
ретінде шикізатты
Табиғи ресурстардан түскен пайданы тез
жұмсау валютаның айырбас бағамын жоғарылатады
және "экономиканың саудаласпайтын
салаларын" (қаржы секторы, жылжымайтын
мүлікпен операциялар және қызмет көрсету
саласы) дамытуға жетелейді. Қазақстанда
валюталық бағамды бақылаудың жоғалуынан
өз кезінде жанданған агроөнеркәсіптік
кешеннің және өңдеуші өнеркәсіптің іс
жүзінде жоғалуына тап болған ресурстарға
бай басқа елдердің тәжірибесі ескеріледі.
Осыны ескере отырып оның сақтандырушы
қызметінің күшейтілуімен Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорын қолдану тұжырымдамасы жетілдірілетін болады Экономиканы әртараптандырудың
стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай |
ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 13%-ды құрайды жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 45%-ды құрайды шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 50%-ын құрайды өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есеге ұлғаяды агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге ұлғаяды шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 15%-ға қысқарады ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25%-ға азаяды инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20%-ға дейін ұлғаяды |
2015 жылға қарай |
ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 12,5%-ды құрайды жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 40%-ды құрайды шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 43%-ын құрайды өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге ұлғаяды агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 8%-ға қысқарады ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 10%-ға азаяды инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10%-ға дейін ұлғаяды |

- Экономикалық өсу
- Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу
- Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу
- Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі
- Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту
- Экономикалық өсу және оның түрлері
- Экономикалық мәдениет түсініг
- Экономикалық мәдениет түсініг
- Экономикалық мемлекеттік реттеу объектілері
- Экономикалық ой - пікірлер
- Экономикалық ой-пікірлердің дамуы
- Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы
- Экономикалық өсу