Экономикалық мәдениет түсініг. 2
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» мәліметтері
Виртуалдық лекциялық сабақтардың кестесі
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
1 |
1-ші дәріс. Қылмыстық іс қозғау сатыс |
2 |
2 |
2-ші дәріс. Қылмыстық іс қозғаудың заңдық негіздері |
2 |
3 |
3-ші дәріс. Алдын ала тергеу сатысы |
2 |
4 |
4-ші дәріс. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу әрекеттері |
2 |
5 |
5-ші дәріс. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. |
2 |
Барлығы |
10 |
1-ші дәріс. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ САТЫСЫ
1. Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы. Маңызы және міндеттері.
2. Қылмыстық іс қозғау сұрағын шешетін құзыретті органдар мен лауазымды адамдар.
3. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының қылмыс туралы түскен арыздар мен хабарлар бойынша атқаратын қызметтері. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу мен есепке алу тәртібі.
4. Қылмыстық іс қозғаудың негіздері, себептері және процессуалдық тәртібі. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды алдын ала тексеру тәртібі, тәсілі және мерзімі. Жеке және жеке-жариялы түрде ізге түсу мен айыптау істері бойынша қылмыстық жауапқа тарту ерекшелігі.
5. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту: негіздері және тәртібі. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар.
6. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды соттылығына немесе тергелуіне қарай беру.
7. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы процессуалдық бақылау, прокурорлық қадағалау және сот тексеру.
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
- қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
- қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;
- қылмыстық
іс қозғау рәсімінің өзін
Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" - қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жургізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:
-қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;
-қылмыстық іс қозғау секілді
бастапқы іс-әрекетсіз сотқа
-қылмыстық іс
қозғау сатысының болмауы
Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз — бұл қылмыстық процестің ең бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышартгың бар-жоғын анықтайды.
Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсумен бірдей емес. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы -бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.
Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.
Қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстық процестің дербес сатысы. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіңдік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:
- уәкілетті орган (лауазым
иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін
-қылмыстық
іс қозғау туралы шешім
-ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметтің барысында туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады; - уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегідұрыс ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.
Қылмыстық
іс қозғау сатыларының
-қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;
-осы қылмысты
тергеуге тиісті органды
-екінші мақсатпен өзара байланысты — осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.
Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетгі түрде жауап қайтаруын көздейді.
Қылмыстық
іс қозғау сатысының
Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша - қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойынша ақиқатгы анықтау мүмкін болмай қалады.
Сонымен қатар, А.П.Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезеңдерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар) бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.
Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлы адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге әкеп соқтыруы мүмкін.
Бұл позиция Д.Терентьевтің пікірімен сәйкес келеді, ол қылмыстық іс қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе,былай деп жазған:”Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыны басшылыққа алу міндетті емес”.
Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсіндірген М.С. Строгович былай деп жазады: ”Қылмыстық іс қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дәлелді жорамалдың болуы жеткілікті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтималдық дәрежесінен басталады”.
Жоғарыда баяндалған
қағидалар қылмыстық іс
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор жатады (ҚІЖК-нің 185-186-баптары). Аталған органдар мен лауазымды адамдардың бәрі өздерінің құзыреті шегінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.
Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу органдарына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесіне тергеу бөлімінің бастығынан басқа, қылмыстық іс қозғау құқығы бар барлық органдар мен тұлғалар кіреді. Бұл жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Алайда ол мүлде олай емес. ҚІЖК-нің 63-бабындағы 2-бөлігінің мазмүны бойынша тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға және алдын ала тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.
Сонымен, тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсу құқығы бар тергеуші ретінде түсіну қажет.
Мұндай ерекшеліктерді
ескерудің маңызы зор,өйткені
қылмыстық іс жүргізу құқығының
жалпы қисынына сүйенетін
Г.В. Дроздовтың атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс қозғау сатысының мазмұнына сондай-ақ заңды органдар мен лауазымды адамдардың мынадай әрекеттері кіреді: а) қылмыс туралы ақпаратты қабылдау, оны тиісінше ресімдеу және тіркеу; ә) бұл ақпаратты қарау және қажет болған жағдайларда қылмыстың болғаны жөніндегі нақты мағлұматтарды анықтау үшін тексеру жүргізу; б) заңға сәйкес іс жүргізуді бастау, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе тергеуге яки сот қарауына жататыны жөніндегі қылмысқа қатысты арызды (хабарламаны) жіберу туралы шешім қабылдау. Экстраполяциялық көзқарас аталған әрекеттерді — бұл өздерінің қылмыстық іс қозғау құқықтарын жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің, прокурордың біртұтас қызметін құрайтын өзіндік кезеңдер деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі (құқықтық жағдайы, құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы) әр түрлі болып келеді. Бұл олардың құзыретіндегі айырмашылықтар қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылданатын дербес іс жүргізу жағдайларын талап ететінін білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстың жасалғанын көрсететін белгілер тиісті негіздерді алғаш рет ашқан немесе көрген осы субъектілердің кез келгені үшін қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмайды.
Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетгі адамның құзыретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен адамдар құзыретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.
Қарастырып отырған сатыда прокурорға ең кең өкілеттіктер берілген. ҚІЖК-нің 62, 190, 192-баптарының 6, 7-бөліктерінің мағынасынан оның тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілетгігінің кеңдігі жария айыптауды ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке- жариялы айыптауды да қамтиды. Мұнда прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы:
- кез келген жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 62, 190-баптары);
- егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша (ҚЖК-нің 33-бабы);
-егер
қылмыстық әрекет дәрменсіз
-коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық әрекет бойынша (ҚР Қылмыстық кодесінің 228-232-бап-тары) мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммер- циялық немесе өзге ұйымдарға зиян келтірсе және басқа ұйым-дардың, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 35-бабы).
Прокурор
сотқа дейінгі әрекетке оқтын-
Өз құзыретінің көлемі бойынша қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі адам тергеуші болып саналады. Уәкілетті адамдардың бүл санатына ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі жатады (ҚІЖК-нің 64-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар тергеуші іс қозғауға құқылы қылмыстық істер көлемін тергеушінің қай ведомствоға қарайтынына және қылмыстық ізге түсу органдарында (прокурор мен прокуратура органдарынан басқа) тергелуіне қарай жіктеген.
Уәкілетті
органдар тергеу көлеміне
- ішкі істер органдарының тергеушілері Қылмыстық кодекстің
177-бабы бойынша;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері — Қылмыстық кодекстің 38-бабы бойынша;
- қаржы полициясының тергеушілері — Қылмыстық кодекстің 36-бабы
бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
- Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары бойынша балама тергеу көзделген, ол тұтас алғанда жоғарыда келтірілген көлемнің арақатынасына әсер етпейді.
Тергеушінің уәкілеттігін тергеумен өзара байланыста жіктеу дегеніміз жалпы ереже бойынша мынаны білдіреді:
- бұған дұрыс
негіз болған жағдайда
- егер қылмыстық әрекеттің
белгілері ол тергейтін
Қылмыстық
іс қозғау сатысындағы
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі субъект — бұл анықтаушы және анықтау органы (ҚІЖК-нің 186-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар бұлармен қоса, анықтау органының бастығына да осындай қүқық берген (ҚІЖК-нің 66-бабының 4-бөлігінің 4-тармағы). Нақты қылмыстық іс жүргізу шегінде анықтау органы бастығының өзіне бағынышты анықтаушыға қатысты іс жүргізу жағдайы тергеу бөлімі бастығының өзіне бағынышты тергеушіге қатысты жағдайына ұқсайды.
Анықтаушы,
анықтау бөлімінің бастығы,
Анықтаушының қылмыстық іс қозғау жөніндегі өз құқығын жүзеге асыру жағдайлары іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігі мен міндетті еместігіне қарай ерекшеленеді. Егер іс бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде талап етілмейтін болса, онда анықтаушы қылмыстық іс қозғайды, қаулыны анықтау органының бастығына бекіттіреді де, бұдан әрі тергеушінің сотқа дейінгі әрекеті секілді өз уәкілеттіктерін жүзеге асырады (ҚІЖК-нің 67-бабының 3-бөлігі). Егер іс бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу ісі жүргізілетін болса, онда анықтау органы бастығының тапсыруымен анықтаушы кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғауға уәкілетті болады. Басқа жағдайларда қылмыстьіқ іс қозғау туралы шешімді уәкілетті тергеуші қабылдайды.
Сот қылмыстық ізге түсу органы болмағандықтан, сотқа қылмыс туралы арыз немесе хабарлама түсетін жағдайларда заңда қылмыстық іс қозғаудың арнайы тәртібі көзделген. Сот мұндай хабарлама мен арыздардың бәрін прокурорға жолдайды, ал прокурор өз кезегінде қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдап, тиісті материалдарды (арыз, хабарлама, қаулы) тергелуге жолдайды. (Бұл тәртіптің жеке айыптау істерін қозғайтын жағдайларға қатысы жоқ). Сот хабарламаның, арыздың прокурорға жолданғаны жөнінде арыз берушіге хабарлайды. Сот тікелей істі (қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік) қарау барысында қылмыстардың белгілерін табатын жағдайларда прокурордың атына жеке қаулы шығарып, онда іс бойынша анықталған заңды бұзу фактілеріне, қылмыс жасауға итермелеген және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін себептер мен жағдайларға прокурордың назарын аударады. Прокурор қабылданған шаралар туралы,оның ішінде қылмыстық іс қозғау және оны тергеуге жолдау жөнінде жеке қаулы шығарған сотқа бір ай мерзім ішінде хабарлайды (ҚІЖК-нің 183, 387-баптары).
2-ші дәріс. Қылмыстық іс қозғаудың заңдық негіздері.
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау, сондай-ақ шешу — алдын ала тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау сатысындағы маңызды іс жүргізу міндеті.
Заң қылмыстық
іс қозғау туралы шешім
Қылмыстық іс қозғауға себеп — бұл тергеушіні, анықтаушыны, прокурорды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабардар етудің заңда қатаң белгіленген негізі, мұндай негіздер болған жағдайда аталған органдар қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарауға міндетті.
ҚР
ҚІЖК-нің 177-бабына сәйкес
- азаматтардың арыздары;
- кінәсын мойындап келу;
3) мемлекеттік
органның лауазымды адамының
немесе ұйымда
басқару функцияларын
атқарып отырған адамның хабарламасы;
4)бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5)лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға заңды органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары жазбаша түрде де немесе ауызша болуы мүмкін. Жазбаша арызды берген адам оған қол қоюы тиіс. Ауызша арыз хаттамаға түсіріледі де, оған арыз беруші және арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Ауызша арыздың хаттамасында хаттаманың қайда және қашан жасалғаны, арызды кімнің (қылмыстық ізге түсу органының лауазымды адамы) қабылдап алғаны, арыз беруші туралы толық мәліметтер (аты-жөні, туған жері мен жылы, тұрғылықты орны мен жұмысы, жеке басын куәландыратын қандай құжат көрсетілді, оны кім және қашан берген) көрсетілуі тиіс.
Арыз берушіге
көпе-көрінеу жалған сөз
Заңмен белгіленген осы міндетті рәсімді орындау кейін заңды түрде алынған шын мағлұматтарды қолға түсірудің кепілі болады, осындай мағлұматтардың негізінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін болады.
Қылмыс туралы ауызша хабарлама телефон арқылы да берілуі мүмкін. Ішкі істер органындағы кезекші мүндай арызды қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар журналына тіркейді, осыдан кейін ол тексеру шаралары барысында қолдау табатын болса, міндетті түрде жазбаша ресімделуі тиіс. Азаматтардың әрқашан тікелей ауызша немесе жазбаша арыз беру мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан олар мұндай жағдайларда бұл туралы өздеріне қолайлы әдіспен, яғни оны хат арқылы поштамен жолдай алады.
Әдебиетте "хат" термині арқылы кейде арызды немесе басқа өтініш түрлерін жөнелтудің техникалық әдісі ғана түсініледі.
А.Р. Михайленко "хат" дегеніміз - бұл ең алдымен сөзді қашықтыққа жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ оны қағазға түсіріп, уақыт кеңістігінде сақтауға мүмкіндік беретіндей етіп жазып алу деп анықтайды. Бұған қоса, қылмыс туралы арызды
хатпен ғана емес, бандероль, сәлемдеме жәшік және т.с.с. арқылы да жіберуге болады".
Қылмыс
туралы арызды немесе
Азаматтардың
жеке және жеке-жариялы
Алдын
ала тергеу органдарына
Біздің қоғамда "домалақ" арызға қашан да мүлде теріс пікір қалыптасқан. Солай бола тұрса да, заң шығарушылар мұндай арыздардың құқықтық табиғаты мен іс жүргізу салдарын айқындаған. "Домалақ" арыздар, егер оларда қылмыстың белгілерін көрсететін мағлұматтар жеткілікті болса, алдын ала, мұқият және жан-жақты тексергеннен кейін ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады. Бұл жағдайда алдын ала тергеу органының тікелей қылмыс белгілерін табуы себеп болады.
Кінәсын мойындап келу дегеніміз адамның өзі жасаған қылмысы туралы қылмыстық процесті жүргізетін органға берген ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша арызы. Кінәсын мойындап келу хаттама арқылы ресімделеді, онда жасалған мәлімдеме толығымен сипатгалады. Кінәсын мойындап келу хаттамасына кінәсын мойындап келген адам мен арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Бұл адам туралы әлі күдік тумаған немесе осы қылмысты жасағаны жөнінде оған айыптау тағылмаған уақыт ішінде істелуге тиіс уақыт аралығы кінәсын мойындап келуге тән ерекшелік болып табылады. Қылмыстық заң кінәсын мойындап келуді кінәлы адамның жауаптылығын жұмсартатын мән-жайлардың қатарына жатқызатындықтан, бұл ескерту аса мәнді болып есептеледі.
Кінәсын мойындап келу қылмысты ашуға септігін тигізуге тиіс, бірақ еш уақытта қылмысты тергеу барысында алыпсатарлық мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Кез келген себеп секілді, кінәсын мойындап келу де тексеруден өтуі тиіс, өйткені бұл жағдайда адам өзіне-өзі жала жабуы немесе оны қысым жасау салдарынан жазуы мүмкін. Егер өзінің арызында қылмысқа қатысушылар көрсетілетін болса, кінәсын мойындап келген арыз беруші көпе-көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы міндетті түрде хабарланып, ескертілуі тиіс.

- Экономикалық мәдениет түсініг
- Экономикалық мемлекеттік реттеу объектілері
- Экономикалық ой - пікірлер
- Экономикалық ой-пікірлердің дамуы
- Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы
- Экономикалық өсу
- Экономикалық өсу
- Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
- Экономикалық категориялар мен экологиялық заңдар
- Экономикалық қауіпсіздік
- Экономикалық қызмет
- Экономикалық қылмыс
- Экономикалық либерализм идеялары
- Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған